№53 (9647) 26 қараша



жүктеу 329.9 Kb.

бет1/4
Дата18.02.2017
өлшемі329.9 Kb.
  1   2   3   4

№53

(9647)

26 қараша

2014 жыл

e-mail:

janaarkagazeti@mail.

ru

Біз, бейбіт өмір,  тәуелсіз  мемлекеттің  тумаларымыз. Жарық  дүниеге

келгелі аста-төк  байлық  пен  бейбітшілік, ымырашылдықтың   куәсі

болып келеміз. Санамыздың өсуіне барлық  жағдайлар  жасалған.  Мек-

тепте  де  үйде де жаңа  технологияларды  пайдаланудамыз.  Заман

көшіне  ілесу  үшін  озық  мемлекеттерден  үлгі  алу  керек  болса   біз

сол  өркениеті мемлекеттердегі  жаңалықтарды  интернет  арқылы

танып білудеміз.  

Өнерлі өрендер еліміздің  түкпір-түкпірінде  өтіп  жатқан   байқауларға

қатысса,  үздік, озат  оқушыларымыз  әлемдік  жүйріктер  қатысатын

білім  бәсекелерінде  бақ  сынауда.  Бұл   біздің  мемлекетіміздің  жеті-

стігі.  Бөбектер, балалар,  оқушылар  заман  талабына  сай  заманауи

технологиялармен  жабдықталған,  мүмкіндігі  зор  балабақшалар  мен

мектептерде тәрбиеленуде.  

Міне,  осындай  салтанатына  сәні жарасқан,  ой-санамыздың   да-

муына үлкен  үлес  қосатын жақсы ғимараттар  мен  бағдарламалардың

жүзеге  асуына  ықпал  еткен  ел  ағасы  Нұрсұлтан  ата  екенін

мақтанышпен  айта  аламыз.  Біздің  жетістігіміз Елбасының  жемісі.

Арқамыздан  қағып,  маңдайымыздан  өбіп, жаңа  жетістіктерге  жетуге

ұмтылдырған,  қанаттандырған Елбасымыз  барда  тек  алға  самғай

бермекпіз. Рахмет Сізге,  Нұр аға!

Д.ТЕМІРҒАЛИ,

Н.Крупская атындағы орта мектептің 5-А сынып оқушысы 

Ел ағасы - Нұр аға!



РИЗАШЫЛЫҚ 

Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және

құжаттама басқармасының қолдауымен 2014 жылдың 13-14 қарашасында, қоғам және мемлекет қайраткері, жалынды жыршы,

ақын С.Сейфуллиннің туғанына 120 жыл толуына орай мемлекетаралық «Memory» жобасы шеңберінде «Сырлы Сәкен,

жырлы Сәкен» атты республикалық кітапханашылар конференциясын өткізген болатын.

Конференция барысында: пленарлық отырыс, жастар арасындағы «І Сәкен оқулары», Долинка кентіндегі саяси қуғын-сүргін

құрбандарын еске алу мұражайына, Теміртау қаласындағы Тұңғыш Президент тарихи-мәдени орталығына эксскурсия және

«Кәсіби кездесулер» тәжірибемен, ой-пікірмен алмасу, кәсіби мастер-класстар өткізілді. Конференцияға дауылпаз ақын

С.Сейфуллиннің тарихи тұлғасын ашу, асыл мұрасын дәріптеу мақсатында белгілі қарағандылық ақын-жазушылар, журна-

листер, қоғам және мәдениет қайраткерлері, Қазақстан Республикасы кітапханалары мен мұражай қызметкерлері, жоғары

оқу орындарының оқытушылары мен студенттері қатысты. 

Осы конференцияның бағытына өз үлестерін қосып, ат салысқандары үшін Жаңаарқа ауданының Құрметті азаматтары, зей-

неткер Шахизада Әбілдин мен Әліп Жайлыбайға, Жаңаарқа ауданы С.Сейфуллин атындағы орталықтандырылған кітапха-

налар жүйесінің жасөспірімдер филиалының меңгерушісі Сарқыт Шайхинаға, Жаңаарқа мәдени-сауық орталығының халық

шығармашылығы бөлімінің меңгерушісі Жалын Сыздықовқа алғысымызды білдіреміз. Сізге және жалпы Жаңаарқа ауданы

халқына аман-саулық тілейміз, еңбектеріңіз жемісті болып, аудандарыңыз көркейе берсін дейміз.



Г. БЕКБАЛАКОВА, директор

ҚҰРМЕТТІ ҒАБДРАХМАН ИГІЛІКҰЛЫ!

 ЕЛ МЕРЕЙІ-ЕЛБАСЫ

Елін сүйген, елі сүйген Елбасы!



ҚҰРМЕТТІ АУДАН

ТҰРҒЫНДАРЫ!

Сіздерді 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш

Президенті  күнімен-Ұлттық  мерекемен  шын  жүректен

құттықтаймыз!  Қазақстан  Республикасының  демократиялық,

құқықтық ел ретінде халықаралық қауымдастыққа танылуына,

әлеуметтік-экономикалық жағдайының қарқынды дамуына, алдағы

мақсаттарды еңсеруге қарай қарышты қадам басуға – еліміздегі

тұрақтылық пен саяси жүйенің беріктігі негіз қалап отыр.

Еліміз Тәуелсіздік алғалы өзінің саяси құрылымдарын, осының

ішінде Президент институтын бекітіп, елдің ішкі және сыртқы

саясатының бағыттарын айқындады.

Тәуелсіздік тұғырын берік етіп, халқымыздың әлеуетін арттыру

бағытында  еліміздің  Тұңғыш  Президенті,  Ұлт  көшбасшысы

Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев  жүргізіп  отырған  сарабдал,

салиқалы, көпвекторлы саясатының нәтижесінде әлемдік деңгейде

зор  жетістіктерге  қол  жеткізілді.  Елбасының  Еуразиялық

қауымдастық пен интеграциялық дамуды қарқынды жүргізу ба-

стамасы және көпұлтты мемлекетте дінаралық татулық пен ішкі

тұрақтылықты  қамтамасыз  ету  нұсқасын  бүгінгі  таңда  әлем

жұртшылығының мойындауы – Қазақстанның егеменді ел ре-

тінде кемелдене түскендігінің  айғағы болса керек.

Алдағы кезеңде қазақ елінің ұлылығын ұлықтап, мемлекетіміз-

дегі  тұрақтылық    пен  өзара  түсіністікті  нығайтуға  қосатын

үлестеріңіз қомақты бола берсін деген ниетпен, баршаңыздың

еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке ті-

лейміз.


Аудан әкімі                                                

Ғ.ОМАРОВ

Аудандық мәслихат хатшысы                                 М.ӘБДІШЕВ

№ р/с

Іс-шаралардың атауы

Өткізілу мерзімі және орны

1.

Тұңғыш Президент күніне арналған «Мәңгілік ел мұраты –



Елбасының игі ісі» атты мерекелік  шара:

2014  жылдың 27-қарашасы 11.00

мәдени-сауық орталығы

·Аудан әкімінің құттықтау сөзі, аймақтың дамуына үлес қосқан аза-

маттарды марапаттау рәсімі, мемлекеттік қызметке алғаш тұрған

мемлекеттік қызметшілердің салтанатты ант қабылдауы

· Мерекелік  концерт

·Ә.Әбішевтің «Сәкеннің аманаты» атты 2 бөлімді драмасы

18.00 мәдени-сауық орталығы

·«Жастар Елбасымен бірге!» тақырыбындағы флеш-моб

2014  жылдың 28-қарашасы 16.30

мәдени-сауық орталығы алдындағы алаң

· Футбол (2000-2001 ж.т.)

2014  жылдың 29 қарашасы 10.00

«Модуль» спорт кешені

·Тоғызқұмалақ

С.Сейфуллин ОМ-нің спорт залы

·Шахмат


Ю.Гагарин ОМ-нің акт залы

·Дойбы


О.Жұмабеков ОМ-нің спорт залы

· Кір тасын көтеру 

№132 ОМ-нің спорт залы

· Қол күресі

Н.К.Крупская ОМ-нің спорт залы

·  Футбол (2002-2003 ж.т.)

2014  жылдың 2014  жылдың 30 қарашасы

10.00 «Модуль» спорт кешені

· Ауыл шаруашылық жәрмеңкесі

2014  жылдың 1 желтоқсаны 11.00 

мәдени-сауық орталығы алдындағы алаң

· Мерекелік  концерт

·1-желтоқсан күні туған сәбилер мен олардың аналарына

сыйлықтар беру

15.00-16.00 аудандық орталық аурухана

·Үстел теннисі (ұлдар, қыздар)

2014  жылдың 1 желтоқсаны 10.00

·Қазақ күресі

балалар және жасөспірімдер спорт мектебі

·Бокс


·Футбол  (2004-2005 ж.т.)

2014  жылдың 1 желтоқсаны 10.00 

«Модуль» спорт кешені

·Футбол (1998-2000 ж.т.)

Өкінбеймін мен бүгін, өкінбеймін,

Жырыма нөсер болып төгілдеймін.

Ел бастаған жүректі өзім барда

Мен ешкімнен бүгінде сескенбеймін.

Жырымды мың құбылтып толғасам да,

Алланың бізге берген әміршісін.

Ала алмассың қанша келіп толассаңда,

Елім барда Елбасын қолдайтұғын.

Біздің ел-қазақ елі тек қана,

Көкте қыран болып самғай тұғын.

Көк байрақта бейнеленген қыран құстай,

Қазақ елім тек ғана қиялда ұшқай.

Ата-баба қалдырған аманатын,

Қорғай берсін,қорғай берсін жаңылыспай!



Д. ӘЛНҰР,

Н.К.Крупская атындағы орта мектебінің 9 а сынып оқушысы

ЕЛ БАСТАҒАН ЕРІМ БАРДА

Ұлтымыздың болашағының  жарқын  болуын  көздеген  Елбасының

сындарлы  саясатының  жемісін  қарапайым  халық  көруде.  Тәуелсіздік

алғалы  өткен жиырма  жылдан  артық   жылдардың  алдыңғы  жылдары-

мен  салыстырғанда бүгінгі  күніміз  тайға  таңба  басқандай  анық  әрі

айқын.  Алғашқы  жылдары қиналғанымыз  рас. Айқын  жол, алып  ба-

стамаларды ұсынған Елбасымыз қазақ елінің экономикасы мен  әлеуетінің

дамуына   бар  күш жігерін  сарп  етті.  Әлемді  қазақ  деген  ел  бар екенін

жер  бетіндегі  барлық  мемелекет  таныды.  Бұл  біздің  Елбасымыздың

көрегенділігінің  арқасы. Қазақ  елі  ішкі  және  сыртқы саясатты   ұстана

отырып, ұлттар  мен  ұлыстар  достығын  нығайта отырып,  бейбітшілік

пен  келісім  аясында   алға  қарышты  қадам  басуда.  

Елінің өркендеуін көздеген Елбасымыз жыл сайын жаңа  бағдарламалар

енгізіп,  сол арқылы халықтың  тұрмысының  түзелуін  қамтамасыз  етуде.

Біздің   ауданымызда  да  ауылдарымызда  да алға  ілгерлеушілік басым.

Ел  қамын  ойлаған  Елбасының  басым  бағыттарды  межелеген

бағдарламаларының  бірі   бұл  ауылдарда,   аудандарда жаңа бизнес ба-

стамаларына қолдау көрсету. Осы  бағдарламалар  аясында   ауылдарда

шаруа қожалықтары   іргесін  кеңге  салып,  асыл  тұқымды  мал  алып,

жем-шөп даярлайтын техникалар  алып,  шаруа  қожалықтар өркендеуде. 

Мен  де биыл  бизнесін  жаңадан  ашатын  кәсіпкерлерге  қаржылай

грантпен қолдау көрсету механизмі бойынша облыс әкімінің   грантының

иегері  атандым.  Ұсынылған  жоба  бойынша  полистерол  бетон  шығару

цехын  салуды  қолға  алмақпын.  Ауданымыз  жыл  сайын өркендеп келе

жатыр. Аудан халқының әл-ауқатының  жақсарғанын зәулім-зәулім  үй

салып,  ғимараттар  ашқанынан  ақ  білуге  болады.  Құрылыс  саласы

қарқынды  дамып  келе  жатқан  біздің  ауданға  біз шығарайын  деп

отырған полисерол бетоны өте  қажет. Жағымды жаңалықтарға толы әр

жылдағы  біздерге  көрсетілген  қамқорлық  пен  қолдау  ол  еліміздің

өркендеуінің  баспалдақтары. Сол баспалдақтардың  мықты  болуы біздің

бағдарлама    жеңілдіктерін  пайдаланып,  сапалы  әрі  тартымды    затты

өндіруімізден  тұратынын  ұмытпайық. Ел мерейін асқақтатуға  ат салы-

сып, көрегендік  танытып,  болашаққа  бастар нұрлы  жолды  айқындап

берген   Ел ағасы, Елбасына  ұзақ   ғұмыр  зор  денсаулық  тілеймін. Еліміз

аман  болып,  жаңа  биіктерді  бағындыра  берейік. 

Г. АМАНҚҰЛОВА

ЕЛ ҚАМЫН ЖЕГЕН ЕЛБАСЫ


26 қараша 2014 жыл

2

1 ЖЕЛТОҚСАН – ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ

Ел тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесі қарсаңында Қазақстан Парламентінің Сенаты «1

желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» мемлекеттік мерекесін

бекіткен заңын қабылдағаны баршаға мәлім. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Прези-

денті-Елбасы туралы» Конституциялық заңға және «Қазақстан Республикасының мемле-

кеттік наградалары туралы» Заңға өзгерістердің дәл осы күні қабылдануы жай ғана сәйкестік

емес.  Бұл – еліміздің жаңа тарихындағы ерекше күн. Нақтырақ айтсақ, жиырма жыл бұрын,

яғни 1991 жылғы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық сайлауда Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекет

басшысы болып сайланды. Сөйтіп, ғасырлар бойы халқымыздың асыл арманы болып келген

егемен Қазақстанды құру жөніндегі ата-бабаларымыздың тарихи аманаты орындалды. Бі-

рауыздан Мемлекет басшысы болып сайланған Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев

Қазақстанды жарқын болашаққа батыл бастады.  

Еліміздің жоғары заң шығарушы органы мұндай шешімді ең алдымен Қазақтан Республи-

касында 1991 жылғы 1- желтоқсанда өткен Тұңғыш Президент сайлауымен байланыстырғаны

белгілі. Қазақстан мемлекеттілігінің негізін қалаушы - еліміздің Тұңғыш Президенті Н. Ә.

Назарбаев халықты  жарқын істерге жұмылдыру, қоғамдағы татулық пен келісімді нығайту,

бүкіл халықаралық қоғамдастықтың ризашылығы мен құрметіне ие болған жаһандық және

өңірлік бейбіт бастамалардың авторы ретінде елдің сыртқы саяси бағытын дәл айқындау

ісіне орасан зор үлес қосты. Қазақ халқы еліміздің өтпелі кезеңіндегі қиындықтар мен

сынақтарды еңсеріп, саяси және әлеуметтік-экономикалық сілкіністерге ұшырамай, дербес

дамудың  ілгерілеу  мен  өркендеу  жолына  шығуына  Мемлекет  басшысының  ішкі  және

сыртқы саясаттағы көрегендігінің басты рөл атқарғанын жақсы біледі. Ел егемендігін ие-

ленген осы жиырма екі жылдан астам уақыт ішінде Қазақстан мемлекеттілігінің негізін

қалаушы Тұңғыш Президенттің басшылығымен жүргізілген сандаған экономикалық, саяси

және әлеуметтік реформалар елімізді жаңа ғасырдағы бәсекеге қабілетті экономикаға негіз

болатын айшықты табыстарға қол жеткізді.Нұрсұлтан Әбішұлы осы аз ғана уақыт ішінде

өзін  халықаралық  қоғамдастықтың  құрметін  туғызған  жаһандық  бастамалардың  иесі,

кемеңгер саясатшы ретінде әлемге мойындатты, елімізді өзгелер ішкі-сыртқы саясатымен

санасатындай биік абыройға жеткізді.

Міне, сондықтан да егемен Қазақстанның негізін қалап, оны бекітудегі тарихи миссия

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың еншісінде екенін негізге алған Қазақстан Пар-

ламенті  ел  тәуелсіздігінің  20  жылдық  мерекесі  қарсаңында  1-желтоқсанды  Қазақстан

Республикасының Тұңғыш Президенті күні – мемлекеттік мереке етіп бекітті. Бұл заңның

қабылдануымен  тәуелсіздіктің  іргетасын  қалап,  дербес  мемлекетімізді  құру  және

дамытудағы, әлемдік қоғамдастықтағы Қазақстанның беделін нығайтудағы Тұңғыш Прези-

дент Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи рөлі бекітілді. Сондықтанда, 1- желтоқсан – Қазақстан

Республикасының Тұңғыш Президенті күні – бүкіл халықтық мереке.



Д.ОМАРОВА,

Жаңаарқа ауданы прокурорының көмекшісі, 2-ші сыныпты заңгер

ХАЛЫҚТЫҚ МЕРЕКЕ

Елімізде бастау алған Тұңғыш Прези-

дент күні уақыт өткен сайын маңызы ар-

татын  халықтық  шараға  айналып

отырғаны  аян.  Бұл  жаңғырудың

жаңашылдықтың  белгісі  ғана  емес,

өткеннің  өнегесі,  ұлының  ұлағаты.  Осы

орайда О.Жұмабеков атындағы орта мекте-

бінде Тұңғыш Президент күніне арналған

апталық  өз  мәнінде  өтті.  Апталыққа

арналған салтанатты жиында мектеп ди-

ректоры Рахимов Рысқали құттықтау сөз

сөйлеп ашты. Еліміздің  тәуелсіздік  жылдарындағы жетістіктеріне тоқталып, келешегіміздің

кемелденуі жас ұрпақтың қолында екенін атап өтті. Тұңғыш Президент күні  мерекесіне

арналған іс-шаралар жоспары таныстырылды.Мектебімізде алғашқы шаралардың бірі болып

5-11 сынып оқушылар арасында «Жасасын Қазақстан, Елбасы бастаған», «Менің тағдырым

– менің Президентім» тақырыбында  шығармалар байқауы өткізіліп, үздік шығармалар

анықталды. 1-11 сыныптарда «Елбасы – ел тірегі, абыройы, айбаты»  атты тәрбие сағаттары

өз  мәнінде  өтілді.  Сонымен  қоса  мектеп  кітапханашылары  Б.Ибраева,  Э.Әкімованың

ұйымдастыруымен  «Жарқын тарих – жарқын тұлға» кітап көрмесі  өтсе, сурет пәнінің

мұғалімі  Б.Тынысбаева  4-5  сынып  оқушылары  арасында  «Менің  Отаным»  суретшілер

байқауын өткізіп, жеңімпаз суретшілер марапатталды. Бұл шарадан мектеп мұражайы  да

қалыс қалмады. Мектеп мұғалімі А. Рахымжанова 9 – сынып оқушыларымен  өткізген  «Елі

сүйген, елін сүйген Елбасы»  тақырыбында  ғылыми – конференциясы маңыздылығымен

ерекшеленді. Тұңғыш  Президент  күні мерекесін спорттық  шаралар жалғастырды.  Дене

шынықтыру пәні мұғалімдері  5-8 сыныптар, 9-11 сыныптар арасында  тоғызқұмалақ, шах-

мат, волейбол, баскетбол,  теннис  ойындарынан жарыстар өткізіп,  жеңіске  жеткен сынып-

тарды  марапаттады. Іс – шаралардың бірі «Елін сүйген  Ел аға, нұр сыйлаған халқына» атты

әдеби-музыкалық  кеш  апталықтың  көркін  қыздырды  десе  болады.  Кеште  Тұңғыш

Президенттің  өмірбаяны,  жанұясы  жайлы  бейне  көрсетілімдер  көрсетілді.  Оқушылар

шығармашылығынан  өлеңдер    оқылып,  әндер  орындалды.  Кеш  соңы  9-10  сынып  қыз

балаларының Тұңғыш Президент күніне арналып дайындалған флеш моб биімен әдемі

көрініс  тапты.  Қазақстан  Республикасының  Тұңғыш  Президенті  –  Ұлт  көшбасшысы

Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақ мемлекеттігін нығайтудағы тарихи рөлін айшықтап, ХХІ

ғасырдағы қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз ету, келер ұрпаққа дұрыс жол сілтеу мін-

детіміз екенін ұмытпайық! 



Д.С.БОРАМБАЕВА,

О.Жұмабеков атындағы орта  мектебі 

директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары 

ЕРЕН ЕЛБАСЫ – КЕМЕЛ КӨШБАСШЫ

Қазақстан Парламенті қабылдаған заңға сәйкес, 1- желтоқсан -

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні мемлекеттік

мереке ретінде  жалпы халықтық  деңгейде аталып өтілуі дәстүрге

айналды. 1-желтоқсан-Қазақстанның Тәуелсіздік тарихындағы ең

маңызды тарихи күндердің бірі. Өйткені, 1991 жылы, яғни осыдан

дәл 23 жыл бұрын  тәуелсіз Қазақстанның халқы ел тағдырын

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолына сеніп тапсырды. Ұлт

Косбасшысының кемел де сарабдал ішкі және сыртқы саясатының нәтижесінде Қазақстан

Республикасы айтарлықтай экономикалық өсуге, бүкіл әлемдік қоғамдастығының биік беде-

ліне ие болды. Бұл тарихи күнді Тұнғыш Президент  күні  жалпы ұлттық мереке ретінде

еліміздің  барлық   жерлерде көпшілік бұқаралық іс-шаралар өтіп, игі істер атқарылуда. Осы

айтулы мерекеге байланысты «Жаңаарқа-2006»  ЖШС ұжымыда 2014  жылды үлкен табы-

стармен аяқтап, аудан экономикасын дамытуға өз үлестерін қосуда.

Мемлекет  басшысы  Н.Ә.Назарбаев «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты жаңа Жолда-

уында еліміздің көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамыту және интеграциялаудың 2020

жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде индустриялық-инновациялық да-

мыту картасына кіретін жобаларды жүзеге асырып отырғанын атап өтті. Дәлірек айтқанда,

жергілікті  елді  мекендердегі  автокөлік  жолдарының  құрылысы,  оларды  қайта  салу  мен

күрделі  жөндеуден  өткізу,  сапасын  арттыру,  жаңаларын  халықаралық  талапқа  сай  салу

жөнінде  қадау-қадау  міндеттер  қойды.  Өйткені  автөколік  жолдары  экономика  үшін  де,

халқымыздың рухани-әлеуметтік дамуы үшін де ерекше маңызды сала. Автокөлік жолдары-

еліміздің көлік-коммуникациялық кешенінің маңызды буыны ретінде, экономикалық  өсу мен

тұрақтылықтың  шартына айналуда. Осы  орайда  Елбасымыздың  «Нұрлы жол-болашаққа

бастар жол»  атты жаңа Жолдауындағы: «Қазір де қайнаған тіршілік күре жолдардың бойында.

Жол-шын мәнінде өмірдің өзегі, бақуатты тірліктің қайнар көзі. Жолдар –Қазақстан  үшін

өмір желісі. Біздің кең байтақ жерімізде жолдар бойындағы әркезде де өмір пайда болған

және дамып отырған. Қазақстандықтар  салатын  жаңа магистральдар біздің экономикамыз

бен қоғамызды  жаңартады. Жүк тасымалы жеделдейді және ұлғаяды. Ел арқылы транзит

көлемі артады. Біздің азаматтарымыз заманауи және сапалы автомагистральдармен жүріп,

кез  келеген  өңірге  қауіпсіз  және  тез  арада  жететін  болады.  Әлеуметтік  инфрақұрылым

жақсарады, жаңа заманауи мектептер мен ауруханалар  жоғары  сапалы  қызметтер көрсетеді.

Нәтижесінде ол әрбір қазақстандықтың әл-ауқаты мен өмір сапасында көрініс табады»-деген

сөзі көңіл қуантады.

Инфрақұрылымды, әсіресе жергілікті маңыздағы жолдарды дамыту мақсатында, өңірлерді

2015  жылға  дейін дамыту стратегиясын жүзеге асыру  шеңберінде  Қарағанды облысының

автокөлік жолдарын дамытудың  бағдарламасы іске асырылуда. Аталмыш  бағдарламаның

мақсаты  автокөлік  жолдары  желісін жетілдіру, автотранспорттың жыл бойы тоқтаусыз және

қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету, жол үстіндегі құрылыстардың және жамылғысының

төзімді болуын және ұзаққа шыдауын сақтап қалу. Бағдарламада айқындалған шараларды

жүзеге асыру нәтижесінде  мемлекет  экономикасының дамуына үлес қосылып, оның макро

және  микроэкономикалық  көрсеткіштері жақсаруда.

Қазіргі  таңда  жол  қауіпсіздігін  сақтау  мақсатында  ауданымыз  бойынша  автокөлік

жолдарының сипаттамасы төмендегідей, атап айтқанда аудан  жолдарының  ұзындығы 989,3

шақырымды құрайды. Оның ішінде: 361 шақырым республикалық маңызы бар жолдар болса,

облыстық маңызы бар 421 шақырым, аудандық маңызы бар жолдарының ұзындығы 154,1

шақырым, Атасу кенті бойынша автокөлік жолдарының жалпы ұзындығы 53,2 шақырым.

Аудан әкімдігінің қолдауымен аудандық бюджеттен қомақты қаржы бөлініп, кент ішінің және

ауылдық жерлердегі жолдарға орташа және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жол

жөндеу жұмыстары уақытымен  жасалынып, бөлінген қаражат  толығымен игерілді. Оның

ішінде Атасу кентінің Байғозы батыр және Т.Игіліков көшелерінің 3 шақырым жолы орташа

жөндеуден,  Сәдуақасов  және  Ахметжанов  көшелерінің  1,203  шақырым  жолы  орташа

жөндеуден, сонымен қоса Қызылжар  кентінің  кіреберіс  жолдарының  0,9 шақырымына ор-

таша жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ынталы ауылы автокөлік жолының 13-27 шақырым

аралығының  14 шақырым  жолына  орташа  жөндеу жасалып және аудандық маңызы бар

жолдардың жалпы 154,1  шақырым  жолына ағымдық жөндеу жұмыстары, сонымен қоса

ауылдық маңызы бар жолдардың жалпы 13 шақырым жолына ағымдық  жөндеу жұмыстары

жасалып, күтіп ұсталуда. «Жаңаарқа -2006» ЖШС-те 50-ге тарта адам  жұмысқа тартылған.

Атап  айтқанда асфальт  зауыт операторлары- А.Рахимбеков, Н.Кичапин, А.Рыспеков, жүк

тиегіш көлік машинистері-Н.Өксікбаев, А.Мейрамбаев, К-700 трактор машинистері-Қ.Арша-

беков, С.Гура, МТЗ трактор машинистері-Ж.Құдабаев, М.Өзбеков, С.Төлеуов, Р.Шайдулов,

автогрейдер машинистері-В.Бормотов, Н.Шайдулов, жүк тиегіш, көлік жүргізушілері- В.Гри-

ценко, М.Мұқанов, А.Рахымжанов, А.Шайдулов, Б.Тілеубаев, Е.Аймаганбетов, жол құрылыс

инженерлері А.Назарбеков, Н.Беков, Т.Жуанышбаев, жол құрылыс шеберлері Д.Мақышев,

Н.Құсбеков, Д.Аханаев жұмыстарын жемісті атқаруда. 

Биылғы жылы аудандық мәслихаттың жанындағы «Нұр Отан» партиясының депутаттық

тобының  және өзім төрағалық ететін аудандық мәслихаттың  бюджет және аймықтық саясат

жөніндегі  бірлескен  отырысында  «Жаңаарқа  ауданы  бойынша    автокөлік  жолдарының

жағдайы және олардың болашақта дамуы туралы» мәселе қаралып, кеңінен талқыланып, осы

бағыттағы жұмыстарды одан әрі жақсарту жөнінде депутаттар тарапынан ұсыныстар ай-

тылды. Аудан бюджетінің кіріс және шығыс  бөліктерінің орындалысы, аудандық бюджеттен

қаржыландырылатын  ауданды дамыту жоспарлары  мен  бағдарламаларының  орындалуы

тұрақты комиссияның басты назарында болды. Осыған  байланысты  тұрақты  комиссияның

жұмыс  жоспарына  сәйкес  аудан  әкімдігінің  бөлімдерінің,  мекеме  және  кәсіпорын

басшыларының бюджет қаражатын игеру жөнінде есептері үнемі тыңдалуда. Жыл  ішінде

аудан  бюджетін  нақтылау  уақытында  Елбасымыздың дәстүрлі  жыл  сайынғы  Жолдауында

көрсетілген негізгі басымдықтар есепке алына отырып, ең  бастысы  әлеуметтік салаға, оның

ішінде білім беру, денсаулық сақтау, ауызсумен қамтамасыз ету, тұрғын үй құрылысы, зей-

неткерлер  мен  көп  балалы  аналардың, мүгедектердің  әлеуметтік жағдайларына   баса назар

аударылады. Жергілікті  мәслихат депутаттары партия тобы мүшелерінен бастап  біздер

халықтың  әлеуметтік  жағдайын  жақсартуға  қызмет  жасауының және әр  депутаттың  сайлау

алдындағы бағдарламасын мүлтіксіз орындаумыз  шарт. Сол  орайда    сайлау округімдегі

және  жұмыс  орнымда  азаматтарды  жеке  мәселелер  бойынша  қабылдып,  олардың

өтініштерінің шешулуіне көп назар аударамын. Биылғы жылы кесте бойынша қабылдауымда

30 адам болып, оларға өз тарапымнан әртүрлі көмектер алуына  ықпал жасадым. Әрбір ме-

рекелерде,тіпті кез келген  уақытта болмасын  әрдайым халыққа қолымнан келгенше қол

ұшын беремін. Оның ішінде  жол саласының жұмыскерлеріне ақшалай, материалдық тұрғыда

көмек  жасаймын. Жыл сайын ауданда өтетін көпшішілік мерекелік, спорттық іс-шараларға

демеушілік жасап, барынша өз үлесімді қосып отырамын. Жылда өз округімнің сайлаушы-

лармен кездесулерде айтылған  мәселелердің  күрделі  де маңызды дегендерін тиісті мекеме-

лер мен сала басшыларына, тұрақты комиисиялар мен сессияларға, аудан әкімдігіне  жеткізіп,

олардың  оң шешімдері табылуына ықпал етіп отырамын. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев

«Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты жаңа Жолдауында: 

«Мәңгілік Ел-бұл біздің жалпы ұлттық идеямыз мемлекетігіміздің тамыры сияқты көне та-

рихтан бастау алатынын көрсетеді. Жалпы ұлттық идеяны өміршең ететін -Елдің бірлігі. Ел

бірлігі-біздің барша табыстарымыздың кілті» -деп қадап  айтқаны белгілі. Осыған байланы-

сты халық қалаулылары жергілікті атқарушы органдармен іс-қимыл жұмыстарын бірлесе,

өзара тығыз байланыста әрекет етіп, аудан экономикасын өркендету арқылы халықтың әл-

ауқатын арттырып, Елбасының жаңа Жолдауындағы еліміздің өрлеуі мен жаңа белесіне

шығаратын келелі міндеттерді жоғарғы дәрежеде орындауға бағыттауы жолында аянбай еңбек

ету біздің басты міндетіміз .   



  1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал