№52 (1360) 1988 жылғы 30 шілдеден шығады аймақТЫҚ апталық газет



жүктеу 428.83 Kb.

бет1/4
Дата10.09.2017
өлшемі428.83 Kb.
  1   2   3   4

№52 (1360)

1988 жылғы 30 шілдеден шығады



АЙМАҚТЫҚ 

АПТАЛЫҚ  ГАЗЕТ

26 желтоқсан

жҰМа, 

2014 жыл


Қымбатты жерлестер!

Жаңа жыл! Жаңа күн! Жаңа өмір! 

Бұл  күн  болмыстағы  бояудың  барлығын  үміттен,  қуаныштан,  ма-

хаббаттан алып, айналаға нұр болып шашылып, әр шаңыраққа шуақ 

болып тарайды. Қай-қайсымыз болсақ та осы мерекелік кештен келесі 

Жаңа жылға дейін жүрегімізге есте қалатындай бір сезімді себелейміз, 

ол сезім бізді келесі жылға дейін үмітпен жетелеп отырады. 

Жаңа  жыл  әрбір  шаңыраққа  құт,  береке,  ырыс  алып  келсін!  Ескі 

Жылдың  қайғы-мұңын,  өкпе-наздың  барлығын  артқа  тастап,  Жаңа 

жылды көтеріңкі көңіл-күймен, таза, тың ойлармен қарсы алайық. Әр-

бір Жылдың өзіндік қуанышы, бақыты, сыйы болады. Жерлестер, біз 

де өкпе-назымызды, өкініш-мұңымызды, қиындық киліккен кезімізді бір 

сәт естен шығарып, ескі жылға қалдырып, Жаңа жыл табалдырығын 

махаббатпен,  мейіріммен  аттайық,  бізді  алда  тек  қана  қуаныш  пен 

бақыт күтіп тұр деп сенейік.

Төреқожа ТіЛЕМісов,

 «КәсіпҚазақмыс» салалық 

кәсіподағының төрағасы.

Ардақты 


әріптестер!

Өткен  2014    жыл  өндірістік 

бірлестікке  оңайға  түскен  жоқ. 

Алайда, осындай қиын кезең өзіңді 

барынша көрсетуге мүмкіндік ту-

дырады. Мен кәсіби шеберлігі мен 

өз  ісіне  жауапкершілікпен  қараға-

ны  үшін  «Жезқазғантүстімет» 

ӨБ 

еңбек 

ұжымына 

риза-

мын.  Сіздердің  арқаларыңыз- 

да 

біздің 

кәсіпорындарымыз 

тұрақты  өндірістік  нәтижелерге 

жетіп келеді.

Жылқы  жылын  «үздік»  деген 

бағамен  аяқтадық  —  жоспарды 

барлық  көрсеткіштер  бойынша 

мерзімінен  он  күн  бұрын  орын-

дадық.  Әсіресе,  Оңтүстік  және 

Шығыс 

Жезқазған 

кеніштері 

ұжымдарының  еңбегін  ерекше 

атап өткім келеді. Олар келешек-

те  де  еңбек  қарқынын  бәсеңдет-

пейді деп ойлаймын.

Біздің  алға  қойылған  міндет-

тер  келесі  жылы  да  мүлтіксіз 

орындалатындығына  сенімдіміз. 

Әрине,  өндірістік  жоспарларды 

орындау  көп  қажыр-қайратты 

талап етеді. Бірақ, біздің кез кел-

ген  табысымыз  бірлескен  екпінді 

еңбегіміз бен қауіпсіз жұмыс істе-

уге  ұмтылысымыздың  нәтижесі 

екендігін ұмытпауымыз керек.

Әріптестер, 

Сіздерді 

Жаңа 

жылмен 

құттықтай-

мын!  Сіздерге  жаңа  жетістік-

тер, 

жемісті 

және 

қауіпсіз  

жұмыс тілеймін! 

Амангелді МиниғұЛов,

«Жезқазғантүстімет» өндірістік 

бірлестігінің бас директоры.

ҚҰРМЕТТІ  ЖЕРЛЕСТЕР!



Сіздерді  Жаңа – 2015 жылмен   шын  жүректен құттықтай-

мын!  

Бұл    кезең  —  өткен  жылдың  келелі  істерін  қорытындылап, 

келешектің кемелді  істерін  жоспарлайтын шақ. «Өтер жылға 

өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп» дейді дана халқымыз.Олай бол-

са, өткенге риза  болып, Жаңа — 2015  жылға жаңа ниетпен, нық 

қадаммен  аттайық.

Биылғы жылы кенді өлкемізде де кемелді  істер, елеулі оқиға-

лар,  мерейлі  тойлар,  толағай  табыстарымыз    көп  болды.  Сол 

өркенді  істеріміз,  қаршынды  қадам,  баянды  бастамаларымыз 

Жаңа жылда  жалғасын тапсын.   Жаңа жыл — жаңа жоспарлар, 

алар асулар мен  шығар биіктердің бастауы  болсын. 

Бауыржан ШЫҢғЫсов,  

 «нұр отан» партиясы «Қазақмыс» корпорациясы»  

ЖШс жанындағы Қарағанды филиалы

 төрағасының бірінші орынбасары. 

Жуырда  Астана  қаласында  

Еуразиялық  Топтың  20  жыл-

дығы мен «Егемен Қазақстан» га-

зетінің 95 жылдық мерейтойына 

орайлас  Еуразиялық  Топ  (ERG) 

және  «Егемен  Қазақстан»  га-

зетінің  бірлесіп өткізген V рес- 

публикалық  «Алтын  қалам» 

шығармашылық 

байқауының  

қорытындысы жарияланды. 

Бұл байқау өндіріс тақырыбын-

да қалам тербейтін журналистер 

арасында өткізіледі.  

Байқау қорытындысы бойынша, 

«Мысты өңір» газетінің бөлім мең-

герушісі Әлібек Әбдіраш жүлделі 

екінші орынды жеңіп алып, арнайы 

дипломмен және 400 мың теңге ақ-

шалай сыйлықпен марапатталды. 

Біз әріптесімізді шығар-

машылық жеңісімен құттықтап, 

оған алдағы уақытта мықты ден-

саулық, шалқар шабыт, қарымды 



қалам  тілейміз!

Ардақты  

             әріптестер!

Қымбатты  

             жерлестер!

«Қазақмыс»  басшылығының  атынан  шын  жүректен  жолданған 

Жаңа жылдық құттықтауды қабыл алыңыздар! Сіздерге және от-

басыларыңызға  мықты  денсаулық,  ырыс-береке,  тыныштық  пен 

түсіністік тілеймін!

2014  жыл  «Қазақмыс»  Тобы  үшін  маңызды  жылдардың  бірі  бол-

ды, ол ең алдымен біздің есімізде елеулі оқиға — компанияның қай-

та құрылымдауымен есте қалатын болады. Жезқазған, Қарағанды 

және Балқаш өндірістік алаңдарындағы біздің қолданыстағы актив-

тер  барынша  дербестікке  ие  болды.  Ең  алдымен,  аймақтардағы 

біздің  өнеркәсіптік  нысандардың  ырғақты  жұмысы  үшін  жауапкер-

шілік ауқымы артты. Сондай-ақ, 2014 жыл Жезқазған мыс қорыту 

зауытының қайта қатарға қосылуымен де есте қалды. Қазір зауыт 

өзінің жоспарлы көрсеткіштеріне көтерілді, сонымен қатар метал-

лургия саласының мамандары біз үшін жаңа технология — гидроме-

таллургияны өндіріске енгізумен айналысуда.

Әлемнің металдар нарқындағы тұрақсыздыққа қарамастан, кен 

өндіру мен өңдеу көлемін кемітпей-ақ алға қойған мақсатты орын-

дауға  және  өндірістік  жоспарларды  жүзеге  асыруға  қол  жеткіздік. 

Ең бастысы, біз барлық жұмыс орындарын және компанияның қым-

бат  құндылығы  —  қызметкерлерді  сақтап  қалдық.    «Қазақмыс» 

геологиялық барлауға байланысты басталған жобаларды одан әрі 

жалғастырады, біз мыс алу көлемін қысқартпауды көздеп отырмыз, 

өндірістік қуаттарды тек қана арттырамыз. Алдымызға ауқымды 

міндеттер қойып, оны орындауға қол жеткіземіз.

Қызметкерлерінде  ынта  мен  ықылас  болмаған  жерде  компани-

яның барлық бастамасының тиімділігі шамалы болады. Жаңа жыл 

қарсаңында  өндірістік  табыстары  мен  жетістіктері,  компанияға 

адалдығы үшін мыс алыбының ұжымына алғысымды білдіремін!

Қымбатты жерлестер! Жаңа жылдарыңызбен!

Бақтияр ҚрЫҚПЫШЕв,

«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШс 

Бас директоры.

Жаңа жыл жақын қалды. Қазір жер-жерде балаларға арналған ертеңгіліктер өтуде. «Қазақмыс» корпорациясының 

Жезқазған  аймағындағы  қызметкерлері    мен  «Жезқазғантүстімет»  ӨБ  басқармасы  қызметкерлерінің  балаларына 

арналған Жаңа жылдық жасыл шырша мерекесі Жезқазған қаласындағы «Екі жұлдыз» мейрамханасында өтті. Бала-

лар Аяз Ата мен Қарша қызды қарсы алып, ертегі кейіпкерлерімен кездесті. Шыршаны айнала ән салып, би биледі.

Балаларға  осындай  қуаныш  сыйлаған  «КәсіпҚазақмыс»  кәсіподақ  ұйымына  ата-аналар  да,  балалар  да  шексіз  

алғыстарын білдірді.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!



2

ДҮРБІ


                                                                                                                                                                                                                                    26 ЖЕЛТОҚСАН  2014 жыл.

Еліміздің әлеуметтік-эконо-

микалық және мәдени да-

муына, халықтар арасындағы 

достық пен ынтымақтастықты 

нығайтуға елеулі үлес қосқан, 

белсенді қоғамдық қызмет 

атқарған солардың қатарында 

«Қазақмыстың» да лайықты 

өкілдері бар. Мәселен, ком-

пания президенті Владимир 

Ким бірінші дәрежелі «Барыс» 

орденімен марапатталды.

Облыс әкімі Нұрмұхамбет 

Әбдібеков Қарағандыдағы Кен-

шілер сарайында өткен салта-

натта мемлекеттік марапаттың 

бір бөлігін иелеріне табыс етті. 

«Қазақмыс» корпорациясының 

бас директоры Бақтияр Қрықпы-

шевтің омырауына «Құрмет» 

орденін қадады.

«Ерлігі үшін» медаліне — 

Балқаш мыс қорыту зауытының 

балқытушысы Саят Жұмабе-

ков, «Жезқазғантүстімет» ӨБ 

Оңтүстік Жезқазған кенішінің 

шпур бұрғылаушысы Дүйсен 

Отарбаев, Қазақстан Республи-

касының Құрмет грамотасына 

— «Қазақмыс» корпорациясы 

сервистік өндіріс кешенінің 

бас директоры Виталий Ако-

пов, «Жезқазғантүстімет» 

өндірістік бірлестігінің бас 

директоры Амангелді Ми-

ниғұлов, «Жезқазғантүстімет» 

ӨБ Оңтүстік Жезқазған кеніші 

жерасты рельстік көлік телімі ба-

стығының орынбасары Құсайын 

Өксікбаев ие  

болды.


Салтанатта қарағандылық 

артистер керемет концерт сый-

лады.

ҚАРАҒАНДЫ.



Суреттерді түсірген 

автор.

Владимир ОДИНЦОВ.

Елбасының Жарлығымен еліміздің Тәуелсіздік күні құрметіне біраз адам мем-

лекеттік марапатқа ие болғаны белгілі.

Кейінгі кезде дәстүрге 

айналған жұмысшы 

жиналыстары өткізу өзінің оң 

нәтижесін көрсетуде. Өйткені, 

осы жиналыстарда кеншілер 

мен басшылық арасында 

өндірістік, әлеуметтік, тұрмыстық 

жағдайларға байланысты 

ашық пікірлесу, кездескен 

проблемаларды ортаға салу 

қалыптасып келеді. Әрине, 

көп нәрсе қарапайым еңбек 

адамдарының қаншалықты 

белсенділік таныта білулеріне 

де байланысты болмақ. Егер 

олардың өздері ойындағасын 

бүгіп қалатын болса, нақтылы 

проблемалар жабық күйінде қала 

беретіндігі даусыз. 

Әрине, бас директор ең 

алдымен өткен жиналыстарда 

көтерілген мәселелердің қалайша 

шешім тапқанына назар аударды. 

Әрбір сұрақтың шешімі жеке-

жеке қаралды.  Жауап тиісті  

басшылардан  және сол сұрақты 

қойған жұмыскерлерден сұралды. 

Бұлай жасаудың да мәні жоқ 

емес екен. Өйткені, кейбір  

«шешімін тапқан» делінген 

мәселелердің нақты шындығы 

су бетіне қалқып шыға келді. 

Бұл 73-75 шахтаның әкімшілік - 

тұрмыстық кешеніне, асханасына 

қатысты мәселеден көрініп 

қалды. Аталмыш шахтаның,  

өкінішке орай, біз аты-жөнін 

нақтылап жазып үлгере 

алмай қалған жұмыскерінің 

жанайқайынан шахтадағы 

аталған мәселе әлі толық 

шешімін таппағаны айқындала 

түсті. 


Жұмысшы жиналыстарында 

бас директор  жұмысты 

ұйымдастырудың кейбір 

түстарын қайта қараудың 

пісіп -жетілгенін атап көрсетті. 

Мысалы, алдағы уақытта 

бұрғылаушылардың көмекшілері 

болмайды. Олардың орнын 

үйренушілер, орысшалап 

айтқанда,  «учениктер»  басатын 

болады. Бұл не деген сөз?

Олар алты ай мерзім ішінде 

бұрғылау ісіне машықтанады. 

Алты айдан кейін арнайы сынақ 

тапсырады. Егер сынақтан 

сәтті өтетін болса, тиісті разряд 

беріледі де жеке өз алдына 

бұрғылаушыға айналады. Егер 

сынақтан өте алмаса, амал 

жоқ, онымен қоштасуға тура 

келеді - деген бас директордың 

сөзінен кеніштерде кейінгі 

жылдары ұмыт бола бастаған 

тәлімгерлік мектебінің қайтадан 

жанданатындығын түсінгендей 

болдық. 


Жұмыскерлер тарапынан 

өндірістік арнайы киімдердің 

сапасына да, сондай-ақ, 

медициналық орталықтың 

жұмысына да көп сын айтылды. 

«Ютария» ЖШС өкілі айтылған 

сынмен келісетіндігін, қазір 

өндіріске жаңа маталардың 

алынып жатқанын, көп 

ұзамай кемшіліктердің  

жойылатындығына сендірді. 

Медициналық орталықтың 

жұмысына қатысты айтылған 

реніштер жұмыскерлердің басым 

бөлігінің  кепілді тегін ем алу 

шарттарын біле бермейтіндігін 

байқатты. «Емдеудің бәрі бірдей 

тегін болмайды. Еліміздің 

заңдарына байланысты 

Денсаулық сақтау министрлігі 

бекіткен нормалар бар. Біз 

соған сәйкес жұмыс істейміз» 

деді мұндай сауалдарға орай 

медорталық өкілдері. 

Жұмысшы жиналыстарының 

соңында Амангелді Мұхамет- 

қалиұлы кеншілер қауымын алда 

келе жатқан Жаңа жыл мере-

кесімен құттықтап, дендеріне 

— саулық, отбастарына — бақыт, 

еңбектеріне  — жаңа табыстар  

тіледі.


Абдолла ДАСТАНОВ,

           «Мысты өңір».

«Жезқазғантүстімет» ӨБ бас директоры А.Миниғұлов 

Солтүстік,  Шығыс,  Оңтүстік  кеніштерде  болып,  жұ-

мысшы жиналыстарын өткізді.

лайықты иелерін тапты



«Құрмет» орденін иеленген Бақтияр Қрықпышев.

Ол отбасындағы сегіз 

баланың кенжесі болып 

дүниеге келді. Әкесі Шаймен 

де, анасы Күлсін де қарапайым 

жандар болатын. Әкесі — 

соғыс, анасы — тыл ардагері. 

«1941-1945 жылдардағы Ұлы 

Отан соғысы жылдарындағы 

тылдағы жанқиярлық еңбегі 

үшін» медалін анасы сонау 

қырқыншы жылдардың 

соңында алған болатын. Шәкең 

ғұмыры соғыста болғанын 

пұлдап көрген емес. «Әке, 

соғыс ардагері ретінде өкімет 

белгілеген жеңілдіктеріңізді 

неге пайдаланбайсыз?» дейтін 

ұл-қыздарына «мен соғысқа 

кейін жеңілдік беріледі екен»  

деп барғаным жоқ» деген  келте 

жауап қайтаратын да, сөзді 

одан әрі созбайтын. Ал,Күлекең 

болса, өте намысқой, тез 

қимылдайтын, ісіне мығым жан 

еді. 


— Мен ата-анамның бізге 

берген тәлім-тәрбиесіне сондай 

тәнтімін.Өйткені, ол кісілерде 

«дүниені төңкеріп тастасаң да», 

дауыс көтеру деген болмайтын. 

Үнемі қазақы мақал-мәтелдеп 

отырып-ақ, бетіңнен ұятыңды 

шығаратын. Біреудің сыртынан 

сөз айтуға жандары қас бола-

тын – деген Алтын Шайменқызы  

ата-анасын еске ала отырып, 

мына бір оқиғаны еске алып 

өтті.

Алтынның институт бітіріп 



келген шағы еді. Аудандық 

оқу бөлімін өзінің жақын 

ағаларының бірі басқаратын.  

Жас кезі ғой, «алыс 

ауылдардың біріне жібермесе 

екен» деп ойлайтын. Әлгі кісінің 

алдына жақын құрбысымен 

бірге барған. Ол да бұларға 

жамағайын болып келетін. 

Ағаларының алдынан Алтын 

ауылдық мектепке баратын 

болып шықты да, ал, қасындағы 

құрбысы поселкенің өз басында 

қалатын болды.Сол жағдайды 

әкесіне: — Әке, көрдіңіз 

бе анау ініңіз мені ауылға 

жіберіп, өзінің апасының 

қызын осында алып қалды 

– деп жеткізген-тін. Сондағы 

әкесінің айтқан сөзін ешқашан 

ұмытқан емес.

— Қарағым, ағаның аты 

— аға.Ол қалай айтады, сен 

солай істеуге міндеттісің –деді.

Сөйтіп, әңгіме сонымен тәмәм 

болды. 


Жалпы, анасы да  үйдегі 

ұл-қыздар бір туысқандардың 

немесе көршілердің үйіне барып 

келген соң, сонда не болып 

жатқанын, кімнің не дегенін айта 

бастасаң: «Мен сені сонда әңгіме 

арқалып келуге жіберіп пе едім?» 

деп дереу тыйып тастайтын. 

Алтын Шайменова міне осындай 

тәрбие көріп өскен жан. 

Алматыдағы Қазақ 

мемлекеттік қыздар 

пединститутын бітірген соң, 

мамандығына сай мұғалім болып 

істеді. Қоғамдық жұмыстардың 

ортасында жанып жүретін оның 

іскерлігі мен ұйымдастырушылық 

қабілетін байқаған болса керек, 

мектептің оқу ісінің меңгерушісі, 

бастауыш партия ұйымының 

хатшысы Алтын Құсайынқызы  

марқұм мұны аяқ астынан партия 

қатарына қабылдаттырды.

Ол  «мен  партияға өту туралы 

өтінішті қолыма партбилет тиген 

соң жаздым» деп еске алады сол 

кезді.

Мектепте оқу ісінің 



меңгерушісі, аудандық партия 

комитетінде нұсқаушы, бөлім 

меңгерушісі болған А.Шайменова 

1990 жылы аудандық атқару 

комитеті төрағасының 

орынбасары қызметіне 

тағайындалды. 

— Бұл қызметтің міндеті – 

аудандағы әлеуметтік салаға 

басшылық жасау болатын. Сірә, 

менің осы салаға келуім сол 

кезден басталған болса керек 

– дейд Алтын Шайменқызы. 

Шынында да, ол  1993 жылдан 

бері  бұрынғы комбинаттың, 

кейінгі корпорацияның, қазіргі 

өндірістік бірлестіктің әлеуметік 

сала бөлімінде қызмет етіп 

келеді. Осы уақыттар ішінде 

бөлімнің атауы әртүрлі өзгерді, 

бірақ, қызметтің мәні өзгерген 

МЕРЕЙ


Абдолла НҰРТАУҰЛЫ.

Оны  корпорация  құрылымдарының,  әсіресе, 

«Жезқазғантүстімет»  өндірістік  бірлестігінің 

жасы  да,  жасамысы  да  жақсы  таниды,  біледі. 

Есімін  айтар  болсақ,  сіз  де  тани  кетерсіз.  Біз 

Алтын Шайменқызы туралы айтып отырмыз.

емес. Барлық мерекелік іс-

шаралардың орайын келтіретін 

де — осы бөлім. Жұмыс беруші 

мен жұмыскерлер арасында 

жасалған келісім-шарттың 

мүлтіксіз орындалысын 

қадағалап, бақылып отыру да 

негізгі міндет. Өндірістердегі 

әлеуметтік жағдайлар, 

асханалардағы ас-су 

сапасы, бәрі —  осы бөлімнің 

бақылауында. Соның бәріне 

үлгермесең тағы болмайды. 

Әрбір адамның көңіл-

күйіне,  қабағына қарау да 

керек. Алдыңа келген кісінің  

қабағындағы қырау ерімесе де, 

жүзіне қан жүгіргенін көрсең 

ғана бекер жұмыс істемегеніңді 

ұға қоясың.

— Адам өмірбақи үйрену 

үстінде болуы тиіс –деген бір 

данышпан. Меніңше, бұл дұрыс 

сөз. Өз басым біршама тәжіри-

белі маман болсам да, ешқа-

шан білмейтінімді сұраудан, 

үйренуден қымсынған емеспін. 

Білмегеніңді білуге ұмтылған-

ның несі сөкет? Сондықтан, 

жас мамандарға да үнемі 

осыны айтып отырамын. Қайбір 

жылдары корпорацияның Кеңсе 

бастығы болғанмын. Қаптаған, 

әрлі-берлі ағылған құжаттардың 

ордасы ғой Кеңсе деген. Ал, 

әрбір қағаздың да өз тәртібі 

болады. Содан шатаспау, 

жаңылыспау керек. Қыздарға 

осы жағына аса қатты мән беру-

ді талап ететінмін. Білмесеңдер 

сұраңдар деп отыратын едім.

Қазір сол кездегі жас мамандар 

әліге шейін алдымнан кесе өт-

пейді, «сізден үйренгеніміз көп»  

деп жатады.Мұндай жылы сөз 

естігенде әрине, іштей жаның 

жадырап сала береді –дейді 

Алтын Шайменқызы әңгіменің 

бір орайында өмірлік ұстаны-

мы, еңбекке көзқарасы жөнінде  

сырын ақтара отырып. 

Әлеуметтік саланың 

мойнына жүктелген міндет шаш 

етектен. Мұны жіліктеп жатудың 

да қажеті шамалы, өйткені, 

бұл онсыз да белгілі жәйт. Ал, 

ендеше  осы саланың ардагері 

Алтын Шайменқызының  халық 

үшін атқарған қызметін  өзіңіз-ақ 

бағамдай беріңіз.


3

ХАТТАР,  ХАТТАР...



                                                                                                                                                                                                                                         26 ЖЕЛТОҚСАН 2014 жыл

АЙТАЙЫН ДЕП, АЙТПАЙСЫҢ...

Өткен аптада да сөйттім. 

Бірақ, бұрын килосын бес жүз 

теңгеден алып жүрген саза-

ным алты жүз елу теңге бо-

лып кетіпті. «Неге қымбат?». 

«Солай!» дейді, сатып тұрған-

дар сазарып. «Мүмкін емес!» 

деймін, мен. «Бәрі мүмкін» 

дейді, «балықшылар».

Бұлай «саудаласуымның» 

сыры мынада. Мен сазанды 

үнемі осындағы бір қазақ, екі 

орыс келіншегінен 

ала-


мын. 

Бір-бірімізге жүз таныс 

болып қалған жайымыз бар. 

Жәй күндері де «Тұрар» 

базарының алдында балықта-

рын жәрмеңкедегі бағамен 

ұсынып, 3-4 кило алғандарға 

бағасын түсіріп беретінін 

айтып тұрғанын талай көрген-

мін. Тіпті қабыршағын аршып, 

дайындап қояды. 

Балық уылдырық шашатын 

кезде жәрмеңкеге «балықшы-

ларды» жолатпайды. Ал, 

мыналар «Тұрардың» алдын-

да жәшіктің үстіне түр-түрін 

жайып тастап, жайбарақат 

сатып тұра береді. Оларға 

тиым салып жатқан тірі жанды 

көрмедім. Соған қарағанда, 

бұл балығың да қаладағы бір 

мықтының немесе қалталы-

ның бизнесі ме деп қаласың. 

Бірақ, мынасына жол 

болсын?! Олай болса: «Жеті 

сайын арзан бағамен жәрмең-

ке ұйымдастырып жатырмыз» 

деп, жаһанға жар салудың 

қажеті қанша? Жәй күндері 

қабыршағы аршылған, көбірек 

алсаң арзанға түсетін ана-

уынан ала салмай, жәрмеңке 

жағалайтын  себебім — «све-

жий» сазан жеу. Байқаймын, 

бірте-бірте одан да қағылатын 

түрім бар. 

«Сендердің мына тірлік-

теріңді қала басшылары біле 

ме? Бақылайтын біреу-міреу 

бар ма?» деп, «суға кеткен, 

тал қармайдының» тірлігін 

жасап жатырмын. «Әрине, 

біледі!», «Бізді бәрі бақылай-

ды!» деп, жан-жақтан жамы-

рап қоя берді. «Онда қазір 

көреміз, әкімдікке хабарлай-

мын» дедім. «Маған десең, 

Назарбаевқа хабарла!» деді, 

біреуі айылын жимай. Міне, 

жәрмеңке ұйымдастырған-

да жеткен жеріміз! Тапқан 

тиын-тебендерінің адал- 

арамдығына Елбасының өзі 

төрелік айтсын деп тұр.

Әкімдікке телефон шал-

дым. Көп кешікпей қолында 

— қағазы, қасында қызы бар 

бір келіншек жетіп келді. Ауыл 

шаруашылығы бөлімінің 

адамдары 

екен. 

«Бұл не шу, не бо-



лып қалды?» деді. Мән-жайды 

айттық. Сол кезде «Маған де-

сең, Назарбаевқа хабарла!» 

деп, күшейіп тұрған келіншек: 

«Мынау өзіміз килосын алты 

жүз теңгеден алатын ірі сазан-

ды бес жүз теңгеден сұрап, 

бізді қинап тұр» деп, өзіме 

бәле салсын. 

«Мен ешуақытта ірі ба-

лық алған емеспін, жалған 

десеңдер өздерің айтыңдар. 

Бұл жолы да орташасын 

сұрадым» деп, амалсыздан 

ақталып жатырмын. «Ол бес 

жүз теңгеден» дейді, беті 

бүлік етпестен. «Мен «500 

теңге» деген баға көріп тұрған 

жоқпын!». Жазатыны қалта-

ларында дайын екен, короб-

каның бүйіріне «500» деген 

санды қондырды. 

Ауыл шаруашылығы 

бөлімінен келгендер ең бол-

маса: «Бағасын неге жазып 

қоймайсыңдар» деп, ескерту 

де жасамады. Қайта: «Бұлар 

қайсы бір жетіскеннен тұр 

дейсіз?!» деп, араағайындық 

жасап, өзімді мәмлеге шақы-

рды.

Мен амалсыздан олардан 



750 теңгеге үш балық алдым. 

Басқа балық сататындар жоқ. 

Демек, бәсеке де жоқ. 

«Тынышталдың ба?» деді, 

өзімді жалақор қылғысы 

келген келіншек ауыл шару-

ашылығының «араағайында-

ры» кеткен соң. 



Осыдан  кейін  жәрмең-

кедегілер 

желікпегенде 

қайтеді?  Әлде,  жергілікті 

биліктегілермен  «жемтігі» 

бір ме? 

Адам  әртүрлі  ойға  ке-

теді  екен.  Есебі  түгелдер 

өзгені қайдан елесін?!

СӘТБАЕВ.



  1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал