51 күн қалды Жастар қалашығы



жүктеу 0.96 Mb.

бет1/10
Дата10.06.2017
өлшемі0.96 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

www.z-taraz.kz

 №16 (1356) 19 сәуір

 

2017 жыл, сәрсенбі



Әлем көз тіккен «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне волонтерлық 

қызмет ету үшін өңірімізден 75 ерікті мамыр айының соңында Астана 

қаласына аттанады.   

51 күн қалды

Жастар қалашығы 

 

„



Көне шаһар күн санап көркейіп, сәт сайын жаңарып, жасарып келеді. Енді облыс орталығы 

гүлзарларымен көздің жауын алардай құлпырып, көкпен таласқан зәулім ғимараттарымен көріктене 

түседі. Автобекет аумағынан бой көтеретін 14-ші шағын ауданның жобасымен танысқан облыс әкімі Кәрім 

Нәсбекұлы бұл аудан «Жастар қалашығы» болатындығына сенім білдірді. 

 

3-бет

құрметті Жамбыл облысының тұрғындары мен қонақтары!

«ЭксПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне билеттерді тараз 

қаласындағы ресми туроператорлар мен «қазпочта» ақ-ның барлық бөлімшелерінен сатып   

алуға болатындығын хабарлаймыз.

    турпакеттер туралы толық ақпаратты төменде көрсетілген облыстық туроператорлардан 

алуға болады:

1. «Baiterek Travel Center» Жшс – тараз қ., «достық» алаңы, «нұр Отан» партиясының ЖОФ 

ғимараты, тел.: 8 (7262) 45-17-26, 8 701 555 90 51;                          

2. «тараз-профсоюз турист» Жшс – тараз қ., сәтбаев көшесі, 9 «а», тел.: 8 (7262) 42-50-50, 

8701 629 88 56;

3. «Жамбыл сервис» Жшс – тараз қ., Жамбыл даңғылы, 123, тел.: 8 (7262) 34-42-43,              

8 777 745 54 52;

4. «Золотой караван» Жшс – тараз қ., М.Х.дулати көшесі, 111 «а», тел.: 8 (7262) 56-83-77,                           

8 777 667 44 47;    

5. «Отырар Travel» Жшс – тараз қ., абай даңғылы, 129 үй, тел.: 8 (7262) 45-66-56,                       

факс: 8 (7262) 43-55-67.

6. «қазпочта» ақ-ы бөлімшелерінде, тел.: 96-34-32, 46-13-95, 45-21-35, 52-65-89, 31-03-44, 

54-27-21.

тараЗ қалалық 

МәслиХаты 

деПутаттарының қала 

тұрғындарына

үндеуі

  

Құрметті тараздықтар!

Біздің сүйікті қаламыздың 

таза, әдемі болуы өзіміздің 

қолымызда. Алдағы 21-22 сәуір 

күні Сіздерді қала сенбілігіне 

шақырамыз. 

Барлығымыз бірлесе отырып

қаланы гүлденген, таза қалаға 

айналдырайық! 

Осы істен шет қалмаңыздар!

 

„



23 сәуір – 

Бүкіләлемдік кітап және 

авторлық құқық күні. 

Бұл күн 1995 жылдың 23 

сәуірінен бастап аталып 

келеді. Кітап – өмір 

бұлағы, білімнің қайнар 

көзі. Әрбір жанның ой-

өрісі, білім деңгейі кітап 

оқыған сайын дамып

қиялы да шарықтай 

түсетіні тағы анық. 

Өзінің берген ақылына 

ақы сұрамайтын осы бір 

құнды қазына арқылы 

білімге жол ашып, жарқын 

болашаққа ой салып, 

рухани және материалдық 

құндылықтарға қол 

жеткізе аламыз.  

 

10-бет

Ал бүгінде Жамбыл 

облыстық мемлекеттік 

кітапханалар торабын-

да 288 кітапхана бар. 

Мұндағы кітап қоры – 

3445409. 

 Әдебиетте шекара жоқ. 

Қай елде, мейлі, қай тілде 

болсын, білімнің нәрі ақ 

қағазға төгілген ақылдың 

кеніне тәуелді. Кез келген 

көзі ашық, көкірегі ояу 

ұлттың ұрпағы өмірінің 

шамшырағын кітаппен 

ашса, жарығы өз жүрегіне 

түсері сөзсіз!

Ал сіз рухани 

қазынаңызды байытуда 

қандай кітап оқып жүрсіз?



құрМетті тараЗ 

қаласының тұрғындары!

2017 жылдың                                

1 наурызынан бастап                  

Тараз қаласы аумағында 

көріктендіру, көгеріштендіру 

және санитарлық тазалық 

жөніндегі көктемгі екі айлық 

жарияланды. Меншік ныса-

нына қарамастан, барлық 

кәсіпорындар, ұйымдардың 

еңбек ұжымдарын, көп 

қабатты, сондай-ақ жеке 

тұрғын үй секторындағы 

барлық қала тұрғындарын 

қаланың санитарлық тазалық 

жұмыстарына белсене 

қатысуын сұраймыз.

    


 Тараз қаласының әкімдігі

Тың бағыт.   суретті түсірген н.тұрғынбек.

 

„

М.Х.дулати 



атындағы тарМу-

дың мәжіліс 

залында қр 

Президенті 

н.ә.назарбаевтың 

«егемен қазақстан» 

газетінде 

жарық көрген 

бағдарламалық 

мақаласын 

талқылауға 

арналған «рухани 

жаңғыру – 

мемлекеттің тірегі, 

халықтың жігері» 

атты облыстық 

форум өтті.

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ

Жамбыл  облыстық  мәслихатының                 

депутаты  Мейрамбек  Төлепбергеннің 

төрағалығымен  өткен  шараға  облыс  әкімі 

Кәрім Көкрекбаев пен орынбасарлары, ау-

дан  әкімдері,  басқарма  басшылары,  зиялы 

қауым өкілдері, ғалымдар, педагог мамандар, 

үкіметтік емес ұйым өкілдері мен белсенді                                                                                                                        

жастар  қатысты.  Жиында  Мейрамбек 

Мылтықбайұлы  Мемлекет  басшысының 

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты 

мақаласы халқымыздың рухани даму жолы 

деген  бағаға  ие  әрі  саяси  құжат  болып 

табылатындығын атап өтті. Ондағы басты идея 

болашақ пен өткенді үйлесімді сабақтастыра 

білуінде жатқандығын тілге тиек етті. 

–  Қазақстан  қоғамының  идеологиялық 

жұмысының өзегі – қоғамдық сананы өзгерту. 

Үлкен мәдени кодты сақтау баса айтылды. 

Мәдени код дегеніміз – діл, жады және діни 

болмыс. Сондай-ақ Елбасының мақаласында 

рухани жаңғыру мәселесі мен көпшілік күткен 

бетбұрысты  байқаймыз.  Ата-бабамыздан 

ғасырлар  бойы  мирас  болып  келе  жатқан 

ізгі қасиеттерді қайта түлету тәуелсіздіктің 

күн  тәртібінде  тұр,  –  деген  Мейрамбек 

Төлепберген  форумның  мақсаты  рухани 

жаңғырудың  басты  бағыт-бағдары  туралы 

ой  қосу  және  ортақ  міндеттерді  қоғамдық 

талқылау екендігін жеткізді. 

Бұдан  кейін  аймақ  басшысы  Кәрім 

Көкрекбаев еліміздің бас газетінде жарияланған 

Елбасының  мақаласы  мемлекеттік  және 

ұлттық идеологиямыздың сапалы дамуына 

тың серпін беріп отырғанын атап өтті. Рухани 

өрлеу қоғамға аса қажет және дамуымыздың 

ең басты тұғырларының бірі екенін айтқан ол 

барлық дүние сана-сезімнен бастау алатынын 

сөз етті. Ал рухани жаңару, түптеп келгенде, 

«Мәңгілік  Ел»  идеясының  өмірде  өшпес 

отының бірі, «Мәдени мұра», «Халық – тарих 

толқынында» бағдарламалары пісіліп-жетіліп, 

түйсігімізді түбегейлі түлетіп, қазақстандық 

қадір-қасиетті  жарқын  болашаққа  ұлт 

ретінде ұлықтап жеткізетін ұстаным екенін 

жиналғандардың қаперіне салды. Елбасының 

бұл мақаласында аталған бағдарламалар ая-

сында мақсатты жұмыстарды күшейту қажет 

деп атап өткенін жеткізді. 

– «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында 

облысымызда жүздеген клубтар мен мәдениет 

үйлері, кітапханалар мен мұражайлар күрделі 

жөндеуден өткізіліп, халық игілігіне берілді. 

Ал «Халық – тарих толқынында» бағдарламасы 

шеңберінде өткен тарихымыздың ұлы жолда-

ры мен Алаш арыстарының елі мен ұлтына 

сіңірген еңбектері паш еткен кітаптар мен 

ғылыми  еңбектер,  деректі  және  көркем 

фильмдер  түсірілді.  Осы  жоба  аясында 

елімізде  Қазақ  хандығының  550  жылдық 

торқалы  тойы  ұйымдастырылды.  Оның 

ішінде Елбасының қатысуымен бұл тарихи 

және ұлттық маңызы зор Қазақ хандығының 

салтанатты  шарасы  2000  жылдан  астам 

тарихы бар Тараз топырағында өтіп, Керей 

мен Жәнібекке тұлғасы биік ескерткіш киелі 

Әулиеата  жерінен  бой  көтерді.  Нұрсұлтан 

Әбішұлы  рухани  жаңғырудың  ең  басты 

шарты – ұлттық кодыңды сақтай білуді баса 

айтты.  Арыдағы  тіршілік  тегімізді  былай 

қойғанда, Қазақ хандығының 550 жылдығы 

тарихымызда ұлттық код. Ұлттық санамыздың 

қанат жайып отыруына оның тікелей ықпалы 

аз болған жоқ. Алайда оның жаңа дәуірдің 

сұранымдарына сай келе қоймайтын тұстары 

да  бар.  Соларды  мүлде  ысырып  тастап, 

сананың түрлі полюстерімен үйлесімге лайық 

жаңа құндылықтармен жарыстыра алу кезегі 

келіп жетті. Әрине, дүниеде бәрі өзгереді. 

Ал халықтың атадан балаға қанмен тараған 

ұлттық  салт-дәстүрдің  келер  күндерде  де 

негізгі діңі сақталып қала береді. Елбасы-

мыз осыны айтты, – деді Кәрім Нәсбекұлы. 

Елбасы аталған бағдарламалық мақаласында 

ел  ішінде  ұлттық  салт-дәстүрлеріміз  бен 

тілімізді,  өнеріміз  бен  әдебиетіміз  сынды 

ұлттық  рухтарымыздың  бойымызда  мәңгі 

сақталуына  ерекше  басымдықтар  беріп, 

ағылшын  тілін  үйренудің  маңыздылығын 

ерекше атап өткенін алға тартты. Сонымен 

қатар латын әліпбиіне көшу, қоғамдық және 

гуманитарлық ғылымдарды жетілдіру, туған 

елге – Қазақстанға деген патриоттық сезімді 

қалыптастыру  бағытында  атқарылатын  іс-

шараларды мемлекеттің міндеті ретінде ұсыну 

Елбасының  ұлт  көсемі  екендігін  тағы  бір 

мәрте байқатқанын жеткізді.

– Мақаладағы ең үлкен мәселе – қазақ тілін 

біртіндеп  латын  әліпбиіне  көшіру.  Елбасы 

2012  жылы  жариялаған  «Қазақстан-2050» 

Стратегиясында 2025 жылдан бастап латын 

 

„

тараз 



инновациялық-

гуманитарлық 

университетінде 

студент жастар 

мен жастар 

ұйымдарының 

көшбасшылары 

кездесті.

Бас

мақалаға 

үн қосты

Арайлым 

БАҚЫТЖАНҚЫЗЫ

Облыс әкімдігі жастар саяса-

ты мәселелері басқармасының 

ұйымдастыруымен  өткен 

шараның  басты  мақсаты  –                                           

Е л б а с ы   Жо л д ау ы н д а ғ ы 

жү кт ел ген  міндет т ерді, 

конституциялық реформаларды 

және «Болашаққа бағдар: руха-

ни жаңғыру» атты Нұрсұлтан 

Назарбаевтың бағдарламалық 

мақаласын түсіндіру. Кездесуде 

облыс әкімдігі жастар саясаты 

мәселелері басқармасының бас-

шысы Мәди Мәтен хабарлама 

жасады. 


– Барлықтарыңыз білетіндей, 

Елбасы жыл басында халыққа 

арнаған Жолдауында бірқатар 

басымдықтарды  айқындап 

берді.  Ол  бойынша  бүгінде 

түрлі  шаралар  атқарылып, 

жұмыстар  жүргізілуде.  Ұлт 

көшбасшысының  күні  кеше 

жарыққа шыққан мақаласында 

да түйткілді мәселелер айтыл-

ды.  Қазіргі  таңда  жеке  адам 

ғана емес, тұтас халықтың өзі 

бәсекелестік қабілетін арттырса 

ғана табысқа жетуге мүмкіндік 

алады.  Бәсекелестік  қабілет 

дегеніміз – ұлттың аймақтық не-

месе жаһандық нарықта бағасы, 

я  болмаса  сапасы  жөнінен 

өзгелерден  ұтымды  дүние 

ұсына алуы. Бұл материалдық 

өнім ғана емес, сонымен бірге 

білім, қызмет, зияткерлік өнім 

немесе сапалы еңбек ресурста-

ры болуы мүмкін. Сондықтан 

әрбіріміз сол арқылы тұтас ұлт 

ретінде ХХІ ғасырға лайықты 

қасиеттерге  ие  болуымыз                   

керек, – деді басқарма басшысы.

Жиында  «Қазақстанның 

болашағы  үшін!»  студенттер 

мен жастардың Тараз бірлестігі» 

қоғамдық бірлестігінің төрағасы 

Ғабиден  Исатай,  Жамбыл 

облыстық «Қоғамдық бақылау 

және  мониторинг  орталығы» 

қоғамдық қорының атқарушы 

директоры Серікбол Берікқожа 

да  өз  ойларын  ортаға  салып, 

жастармен  ашық-жарқын 

әңгіме  өрбітті.  Кездесуде  

Елбасының Қазақстан халқына 

Жолдауындағы басым бағыттар 

мен  міндеттерді  жүзеге  асы-

ру  жолдары  және  атқарылуы 

тиіс  жұмыстар  турасында 

да  сөз  қозғалып,  түсіндіру 

жұмыстары жүргізілді. Сондай-

ақ  Елбасының  мақаласында 

айқындалған  міндеттерді  жа-

стар арасында кеңінен түсіндіру, 

жастарға оның маңыздылығын 

жеткізу және көрсетілген негізгі 

мақсаттар  мен  міндеттерді 

жүзеге асыру жолдары туралы 

да жиында сөз болды.

Жаңғырудың 

Жаңа ЖОлы

ҚАлА-ҚАрБАлАС

2

//   «ЖАМБыл - ТАрАз»  //  №16 (1356), 19 Сәуір  2017 Жыл  //



әліпбиіне көшуге кірісетінімізді айтқан бола-

тын. Бұл бүкіл қазақ зиялыларының көңілінен 

шыққан  еді.  Міне,  енді  бұл  мақаласында 

сол  армандарға  жету  жолдарын  айқын 

көрсетіп  берді.  Жалпы  латын  әліпбиіне 

өтуден  сескенудің  еш  қажеті  жоқ.  Бүгінгі 

жастарымыз ағылшын және неміс тілдерін 

игеруде осы латын әріптерімен тығыз жұмыс 

жасап жүр.  Және оларға бұл ерекшеліктердің 

латын  әріптерін  тез  арада  игерулеріне 

толық мүмкіндіктердің бар екенін лингвист 

ғалымдар да ашық айтып отыр. Әрине, бұл 

үшін  өтпелі кезең қажет болады және тиісті 

қиындықтар туындайды. Бұл мақсатта Елба-

сы 2017 жылдың аяғына дейін ғалымдардың 

көмегімен, барша қоғам өкілдерімен ақылдаса 

отырып, қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы 

бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдауды, 

көшірудің  нақты  ке сте сін  жасауды                                                                                           

тапсырды,  –  деді  аймақ  басшысы.  Осы-

лай  деген  облыс  әкімі  Кәрім  Көкрекбаев 

қоғамдық  сананы  жаңғырту  заман  талабы 

және өркениетті елдер қатарына қосылу үшін 

де маңызды екенін тілге тиек етіп, мақаланың 

мақсаты қоғамға рухани серпіліс беріп, оны 

заман көшіне ілестіру болып отырғанын қадап 

айтты. 

Мұнан соң М.Х.Дулати атындағы ТарМУ 



ректоры,  педагогика  ғылымдарының  док-

торы,  профессор  Махметғали  Сарыбеков 

сөз тізгіндеп, рухани жаңғырудың ғылыми 

негіздеріне тоқталды. Ол сөзінде соңғы жыл-

дары елімізде «Мәдени мұра» бағдарламасы 

аясында  тарихи-мәдени  ескерткіштер  мен 

нысандар  жан-жақты  зерттелгенін  және                                                                                                     

«Халық – тарих толқынында» бағдарламасы 

бойынша  әлемнің  архивтерінен  төл 

тарихымызға қатысты ақпараттар бір жүйеге 

келтірілгенін  мәлім  етті.  Сондай-ақ  осы 

жұмыстар бір арнада тоғысып,  «Мәңгілік Ел – 

гуманитарлық платформа» атты жаңа ғылыми 

бағдарлама іске асатындығын жеткізді. Бұл 

бағдарлама  жақында  ғана  қаралып,  2017-

2019 жылдарға жоспарланып отыр екен. Ал 

оның  іске  асырылуына  мемлекеттік  бюд-

жеттен 3 млрд теңге бөлу де жоспарланып-

ты.  Бағдарлама  ҚХА  жанындағы  ғылыми-

сараптамалық  топтардың,  гуманитарлық 

бағыттағы ғылыми-зерттеу институттарының, 

жоғары  оқу  орындарының  жетекші 

қазақстандық сараптамалық орталықтарының 

қатысуымен әзірленгенін айтқан университет 

ректоры оның мақсаттарын кеңінен түсіндірді. 

Елбасының мақаласында ұсынылып отырған 

жобалар  аталған  бағдарламаның  ішінен 

шығып отырғанын жеткізді. 

Ф о р у м д а   Т а р М П И   р е к т о р ы                                                        

Дария  Қожамжарова,  жазушы-драматург 

Елен  Әлімжан,  ҚР  Халық  әртісі  Мәкен                                       

Рахымжанова Елбасының мақаласында қазіргі 

Қазақстанның басты рухани құндылықтары 

көрініс  тапқанын  тілге  тиек  етіп,  ондағы 

мақсат-міндеттерді  бірлесіп  орындауға 

шақырды.  Жастардың  атынан  сөз  алған 

М.Х.Дулати  атындағы  ТарМУ  студенті 

Сағи  Алтынкөп  бағдарламалық  мақаланы 

қолдайтындығын білдірді.  


 

„

қала әкімдігінің мәжіліс залында алтыншы 



шақырылған тараз қалалық мәслихатының 

кезектен тыс он тоғызыншы сессиясы өтті. 

күн тәртібінде бірнеше тақырып қаралып, 

сессия жұмысына депутат Марат Мырзахметов 

төрағалық етті.

Өзгерістер енгізілді

//   «ЖАМБыл - ТАрАз»  //  №16 (1356), 19 Сәуір  2017 Жыл  //

3

ҚАлА-ҚАрБАлАС



 

„

Облыс әкімі кәрім көкрекбаев автобекет аумағынан 



бой көтеретін 14-ші шағын ауданның құрылыс 

жобасымен танысты.

Жастар қалашығы

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ

 «Қоғамдық келісім» мекемесінде аймақ 

басшысын жаңа шағын ауданның макетімен 

Ұлттық құрылыс саласы қауымдастығының 

төрағасы Мұхит Әзербаев таныстырды. Ав-

тобекет жанынан бой көтеретін ауданның 

жалпы  аумағы  100  гектарды  құрайды 

екен. Ол шағын ауданның 355 мың шаршы 

метрлік бөлігіне көп қабатты тұрғын үйлер 

салынатын  болады.  Ондағы  пәтерлердің 

жалпы саны 5 мың 460-ты құрайды. 16 мың 

тұрғынға шақталған ауданда 250 орындық 

3 балабақша мен 1200 оқушыға арналған 

2  орта  мектеп,  спорттық,  медициналық, 

балаларды сауықтыру кешендері мен за-

манауи  сауда  нысандары  бой  көтермек. 

Мұхит Бақытұлы аталған шағын ауданға 

Абай  көшесі  арқылы  баруға  да  болаты-

нын  айтады.  Оның  сөзінше,  Сыпатай 

батыр  көшесімен  шектесіп  жатқан  Абай 

көшесінің  құрылысы  жалғастырылып, 

көлденең  жатқан  темір  жолды  қиып 

өту  арқылы  шағын  ауданның  арасымен                       

Алматы-Ташкент  бағытындағы  үлкен 

жолға  қосылады  екен.  Аталған  көшенің 

бойына  алдағы  уақытта  тұрғын  үйлер       

салынатын көрінеді. 

– Таныстырылып отырған жоба алғаш 

2013  жылы  қаралған  болатын.  Осыған 

дейін  жоба  бірнеше  рет  егжей-тегжейлі 

нақтыланып,  көптеген  өзгерістер 

енгізілді. Шағын аудан Алматы-Ташкент 

бағытындағы  Тараз  қаласына  кіреберіс 

тұсынан  салынады.  Бұл  жаңа  шағын  ау-

дан әрі қаланың кіреберісі болғандықтан, 

жобада  көп  ерекшеліктерге  мән  беріліп 

отыр. Айта кетер бір өзгешелік, салынатын 

тұрғын үй, кинотеатр, мейрамханалар мен 

қонақ үйлер, сауда, спорттық-медициналық, 

сауықтыру  кешендері  секілді  кез  келген 

әлеуметтік нысан заманауи сәулеттік үлгіде 

тұрғызылатын болады. Аталған аумақта, 

сондай-ақ мұз алаңы, саябақтар да орна-

ластырылады. Шағын аудан арқылы өтетін 

Абай  көшесі  мен  Жамбыл  даңғылының 

қиылысынан көрікті алаң ашылады. Жалпы 

мұнда барлығы 49 көп пәтерлі тұрғын үй 

салынады. Оның ішінде 27-сі – 5,  16-сы – 

9, алтауы – 12 қабатты тұрғын үй, – дейді 

Мұхит Әзербаев. 

Кәрім  Нәсбекұлы  аталған  шағын 

ауданның құрылыс жобасымен танысқаннан 

кейін,  онда  негізінен  жастар  тұратынын 

тілге  тиек  етіп,  ол  шағын  ауданды                                              

«Жастар қалашығы» деп атауды ұсынды. 

Сонымен  қатар  қалашыққа  көрік  қосу 

үшін саябақтардан бөлек, өзге де жерлерге 

субұрқақтар орнату, сауда үйлерін үлкен 

көшенің  бойына  емес,  мейлінше  тұрғын 

үйлерге  жақын  орналастыру  керектігін 

жеткізіп, жобаға осы мәселелерге қатысты 

бірқатар түзетулер енгізуді тапсырды.



Эльмира БАЙНАЗАРОВА

Сондай-ақ сессияға Тараз қаласы әкімінің орынбасары Мақсат 

Ахаев, Тараз қалалық мәслихатының хатшысы Батырбек Құлекеев 

қатысып отырды. Алдымен  2017-2019 жылдарға арналған қалалық 

бюджетке өзгерістер енгізу жайы сөз болды. Ағымдағы жылдың 

3 сәуірінде Жамбыл облыстық мәслихатының сессиясында Тараз 

қаласының бюджетіне жалпы сомасы 1 млрд 580 млн 731 мың теңге 

нысаналы трансферттер қаралып, дамуға арналған трансферттерге                                                                                                                               

1 млрд 476 млн 503 мың теңге және нысаналы ағымдағы трансферттер-

Жаңа қала.   суреттерді түсірген а.қартабай.



тағайындау

2017 жылғы 17 сәуірдегі Тараз 

қаласы әкімінің  №111-ө өкімімен 

ЖИНАҚБАЕВА 

МУБАРАк 

ҚАСЫМҚЫЗЫ 

Тараз қаласы әкімдігінің 

білім бөлімінің басшысы лауазымына 

тағайындалды.

Жинақбаева Мубарак Қасымқызы 1965 жылы 

7 сәуірде Шу қаласында дүниеге келген. Ұлты – 

қазақ, білімі – жоғары.

Жамбыл  

педагогикалық  ин-

ститутын  1993  жылы 

«Қазақ мектептеріндегі 

орыс тілі мен әдебиеті 

пәнінің мұғалімі» және 

М.Х.Дулати  атындағы                                                                                                         

Тараз  мемлекеттік 

университетін  2016 

жылы «Қызмет көрсету 

саласының бакалавры» 

мамандықтары бойынша 

бітірген. 

Алғашқы  еңбек  жолын  1982  жылы  Шу 

қаласында  «НОД  АҚБ»  №1  асханасында  ІІІ 

дәрежелі кондитер болып бастаған.

1983-1986 жылдары – Шу қаласында ВЛКСМ 

есеп секторында статист;

1986-1987 жылдары – Шу қаласында «Сала-

мат» кинотеатрында методист;

1987-1994 жылдары – Шу қаласында  №24 

ОКТУ комсомол комитетінің хатшысы, мұғалімі;

1994-1996 жылдары – Шу қаласы әкімдігінің 

аппаратында І дәрежелі маманы;

1996-1999  жылдары  –  Шу  қаласы  әкімі 

аппаратының әлеуметтік сала және ішкі саясат 

бөлімінің бас маманы;

1999-2002  жылдары – Шу қалалық аумағы 

әкімі аппаратының бөлім меңгерушісі;

2002-2005  жылдары  –  Шу  қаласында 

Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің ди-

ректоры;


2005-2008 жылдары – Шу қаласында Төле би 

атындағы орта мектептің директоры;

2008-2008  жылдары  –  Тараз  қаласы  әкімі 

аппаратының инспекторы, кеңесшісі;

2008-2014 жылдары – Тараз қаласы әкімдігінің 

мәдениет  және  тілдерді  дамыту  бөлімінің 

бастығы;

2014 жылдан бүгінгі күнге дейін Жамбыл 

облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және 

құжаттама басқармасы басшысының орынбасары 

қызметтерін абыроймен атқарған.



  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал