5 сынып. (Өзге ұлт өкілдеріне) Мәтінді оқып астындағы тест тапсырмаларын орындаңыз



жүктеу 22.63 Kb.
бет1/3
Дата09.11.2022
өлшемі22.63 Kb.
#23584
  1   2   3
Олимпиадалық тапсырмалар
кіші олимпиада

Олимпиадалық тапсырмалар.
5 сынып. (Өзге ұлт өкілдеріне)
1. Мәтінді оқып астындағы тест тапсырмаларын орындаңыз. (5 ұпай )
Арыстан мен түлкі (Ертегі)
Арыстан қартайып, аңдарды бұрынғысындай аулай алмайтын болды. Енді аңдарды амал-айламен аулағысы келді, өзі үңгірде жатты да:
-Аурумын, жүрүге әлім жоқ, - деп барлық аңдарға хабар таратты. Аңдар бір-бірлеп арыстанның халін білуге келе бастады. Арыстан олардың біреуін де қайтармады. Бәрі де арыстанға жем болды. Бір күні арыстанның халін білуге түлкі келді. Ол үңгірде алысырақ тұрды да:
-Халің қалай? – деп көңілін сұрады.
-Халім нашар, неге жақынырақ келмейсің? – деді арыстан. Түлкі:
-Мен саған жақын барар едім-ау, бірақ саған кірген із бар да, шыққан із жоқ, - деп жүгіріп кетіпті.
Оқылым.
Мәтінге байланысты тест тапсырмалары:
1. Мәтінде қандай антонимдер бар ?
А) арыстан, түлкі В) алысырақ, жақынырақ С) амал-айламен
Д) бастады, тараттым. Е) жүгіріп, кетіпті
2. Мәтінде түлкі қандай?
А) ақылды В) мақтаншақ С) әдемі Д) сабырлы Е) төзімді
3. Мәтінде кім қартайды?
А) түлкі В) аңдар С) арыстан Д) қасқыр Е) кірпі
4. Мәтіндегі «жануарлар» сөзінің синонимі.
А) үңгір В) хабар С) құстар Д) аңдар Е) арыстан
5. Арыстан барлық аңдарға қандай хабар таратты?
А) - Халің қалай?
В) - Мен саған жақын барар едім-ау, бірақ саған кірген із бар да, шыққан із жоқ.
С) -Халім нашар!
Д) -Неге жақынырақ келмейсің?
Е) – Аурумын, жүруге әлім жоқ...

Лексикалық-грамматикалық тапсырмалар. (15 сұрақ) 15 ұпай. 2- тапсырма.
1. Тәуелді септеуде тұрған сөзді табыңыз.
А) отбасың В) әкем С) көршімен Д) оқушылар Е) мейірім
2. Бітеу буынды сөздерді анықтаңыз.
А) достар, дәстүр В) әпке, арман С) әдепті, қонақ Д) қуаныш, төр Е) құпия, жағдай

жүктеу 22.63 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет