5-модуль. Интернет-қызметтер Кіріспе



жүктеу 113.11 Kb.

Дата13.09.2017
өлшемі113.11 Kb.

5-модуль. Интернет-қызметтер 

 

Кіріспе 

 

 

59- сурет 



 

Интернет  –  əәлемге  хабар  тарату  мүмкіндігі,  ақпарат  тарату  механизмі 

жəәне  географиялық  орналасуына  қарамастан  қолданушылар  мен  олардың 

компьютерлерінің  бірге  жұмыс  жасауы  жəәне  өзара  əәрекеттесуіне  арналған 

құрал.  Интернет  -  ақпараттық  құрылымды  зерттеу  жəәне  құру  саласындағы 

ұмтылыстардың сəәтті мысалдарының бірі болып табылады.   

 

 

 



60 - сурет 

 

Пакеттік  коммутация  саласындағы  бірінші  ғылыми  зерттеулерден 



бастап  үкімет,  өндіріс  жəәне  ғылыми  мекемелер  бұл  жаңа  ғаламат 

технологияны  дамыту  жəәне  күшейту  саласына  серіктестік  танытып  отырды. 

Бұл заманауи Бүкілəәлемдік тордың пайда болуына əәкелді.  


 

61 - сурет 

 

Интернеттің  коммерциялануы  желінің  өзара  бəәсекелес  жекеменшік 



бөліктерінің  дамуына  ғана  емес,  Интернет  технологиясын  қолданатын 

коммерциялық өнімдердің пайда болуына алып келді.  

 

Интернет қызметтер туралы жалпы түсінік 

 

Компьютерлік  желілер  біздің  өмірімізді  жақсартуға  көптеген 



мүмкіндіктер  туғызды.  Интернет  инфрақұрылымының  дамуы  көптеген 

процедураларды  қолжетімді  етті  жəәне  айтарлықтай  жеңілдетті.  Келесі 

мысалдардан  компьютерлердің  инновациялық  қолданысы  біздің  білім  алу, 

хабар тарату жəәне бизнес жүргізу мүмкіндіктерімізді қалай кеңейтетінін көре 

аламыз.  

Бүгіндегі интернетте ең танымал қызметтер мыналар: 

•  Бүкілəәлемдік тор  

•   веб-форумдар 

•  Вики-жобалар 

•  ƏӘлеуметтік желілер 

•  Электрондық пошта мен тізімдер  

•  Жаңалықтар тобы  

•  Файл алмасу желілері  

•  Интернет-радио  

•  Интернет-теледидар 

•  Интернет-жарнама 

•  Интернет-банкинг 

•  Е-төлемдер 

•  Қашықтықтан басқару 

•  Қашықтықтан оқыту 



•  IP-телефония  

•  Мессенджерлер 

•  FTP-серверлер 

•  Іздеу жүйелері  

•  Көпқолданушылық ойындар  

•  Веб 2.0  

 

Интернеттің кейбір қызметтерін қолданудың мысалдары 

 

Бұл модульде келесі Интернет – қызметтерді толығырақ қарастырамыз 



жəәне оларды қолданудың мысалдарын келтіреміз:  

•  Қашықтықтан басқару 

•  Қашықтықтан оқыту  

•  Вики-жобалар 

•  Интернет-дүкендер жəәне интернет аукциондар 

•  Интернет-банкинг 

•  Интернет-жарнама 

•  Интернет-радио  

•  Интернет-теледидар  

 

Қашықтықтан басқару 

 

Қашықтықтан  басқару  –  ұйымнан  тыс  жерлерге  менеджменттің 



тұрақты  қызмет  түрлерін  жеткізу  тəәжірибесі.  Термин  мағынасы  бойынша 

«аутсорсинг» сөзіне жақын. 

Жақсы  мысалдардың  бірі  ретінде  «KEGOC»  компаниясын  айтуға 

болады. 


 

62 - сурет 

 

 Бұл мекеме Қазақстанда электр қуатын жеткізу жəәне диспетчерлендіру 



бойынша  монополист  болып  табылады.  «KEGOC»  АҚ-ң  құрылтайшысы  –  

Қазақстан  Республикасының  үкіметі.  Компанияның  мүліктік  кешеніне 



мемлекетаралық 

электр 


тасымалын, 

жалпы 


қолданыстық 

электр 


станцияларынан  қуат  тарату,  Ұлттық  электр  желісін  жəәне  жүйелік 

оператордың Ұлттық диспетчерлік орталығын құрайтын 110-нан 1150 кВ-қа 

дейінгі кернеудегі электр жеткізу желілері жəәне тіректік қосалқы станциялар 

кіреді.  Компанияның  тиімді  жұмыс  жасауын  қамтамасыз  етуде  аймақтық 

бөлімдерде  жоғарғы  санатты  мамандардың  жетіспеушілігі  басты  проблема 

болды. Ақпараттық технологиялар қызметі шешетін мəәселелер барлық жерде 

іс жүзінде бірдей болды: пайдаланушыларды қолдау, доменнің, электрондық 

поштаның  жұмыс  жасауын  қамтамасыз  ету  жəәне  т.б.  Бірақ  жергілікті 

жерлердегі мамандар пайда болған мəәселелерді көбінесе шеше алмайтын еді. 

Кейбір  жағдайларда  орталық  офистің  мамандары  сол  аймақтарға 

іссапарларға жіберілетін. Бұл мəәселені шешу үшін компания «Қашықтықтан 

басқару»  жүйесін  пайдаланды.  Бұл  өз  кезегінде  пайда  болған 

келеңсіздіктердің  көпшілігін  компанияның  бас  офисінде  шешуге  мүмкіндік 

берді.  


Қашықтықтан  басқару  технологиясын  басқарудың  тағы  бір  жақсы 

мысалы  «ақылды  үй»  концепциясы  болып  табылады,  мұндай  үйде  барлық 

құралдарды Интернет арқылы басқаруға болады. Басқа қалада немесе тіптен 

елде жүріп бұл технологияның көмегімен жай ғана батырманы басу арқылы 

кез келген қажетті жұмысты атқаруға болады.  

 

 



63 – сурет 

Қашықтықтан оқыту 

 

 



64 - сурет 

 

Қашықтықтан  оқыту  Интернет-қызметтің  ең  пайдалы  түрлерінің  бірі 



болып  табылады  жəәне  оқу  үрдісін  жалпыға  ортақ  қолжетімді  жəәне  түсінікті 

етуге мүмкіндік береді.  

Қашықтықтан  оқытуда    оқытушы  мен  оқушы  өзара  қашықтықтан 

əәрекеттеседі  жəәне  пəәннің  мақсаты,  мазмұны,  əәдістері,  ұйымдастыру 

формалары,  оқыту  құралдары  сияқты  оқу  процесіне  тəән  компоненттерінің 

барлығы    Интернет-технологияның  ерекше  құралдары  арқылы  көрсетіледі 

жəәне іске асырылады.  

Қашықтықтан оқыту келесідей мүмкіндіктер береді: 

•  Оқыту 

құнын 


төмендету 

(ғимарат 

жалдауға, 

оқушылардың 

да 

оқытушылардың да жұмыс орнына жетуіне шығын кетпейді жəәне т.б.); 



•  Адамдардың өте үлкен санын оқыту; 

•  Заманауи құралдарды, көлемді электронды кітапханаларды қолдану есебінен 

білім беру сапасын арттыру жəәне т.б. 

•  Білім  берудің  біртұтас  ортасын  қалыптастыру  (əәсіресе  корпоративті  оқыту 

үшін маңызды). 

Қашықтықтан оқытудың формалары: 

•   веб-сабақ 

—  қашықтықтан  өткізілетін  сабақтан,  конференциялар, 

семинарлар,  іскерлік  ойындар,  зертханалық  немесе  лабораториялық 

жұмыстар, жаттығу сабақтары жəәне телекоммуникация, Бүкілəәлемдік тордың 

басқа  мүмкіндіктерінің  көмегімен  өткізілетін  оқыту  сабақтарының  басқа 

формалары.  

Веб-сабақтар үшін арнайы  веб-форумдар қолданылады.  Веб-форумдар 

–  қолданушылардың  нақты  бір  тақырып  немесе  мəәселе  аясында  сəәйкес 

бағдарлама орнатылған белгілі бір  сайттың қабырғасында жазбалар қалдыру 

арқылы  жұмыс  жасау  формасы.    Веб-форумдар  оқушы  мен  мұғалімнің 

арасындағы  тынымсыз  еңбек  етіп,  үздіксіз  білім  алуға  мүмкіндік  беретін 

кеңістік. 


•  Телемəәслихат  —  жіберу  тізімдерінің  негізінде,  электронды  поштаны 

пайдалану  арқылы  жүргізіледі.  Білім  беру  телемəәслихаттарына  алға  қойған 

білім беру мақсатына жету маңызды болып табылады.  

•  Сонымен  қатар  қашықтықтан  оқытудың  оқыту  материалдары  почтамен 

жіберілетін түрлері бар.  

Мұндай  жүйе  «Табиғи  оқыту  үрдісі»  деп  аталатын  əәдіске  негізделген. 

Қашықтықтан  оқыту  –  қарапайым  жəәне  еркін  оқыту  жүйесі.  Аталған  жүйе 

бүгінде  Еуропа  елдерінің  тұрғындары  қосымша  білім  алу  үшін  қолданады, 

біздің  елімізде  де  соңғы  уақытта  оқу  жүйесіне  белсенді  түрде  енгізіліп 

жатыр.  Бұл  жүйеде  студент  берілген  жаттығу  тапсырмаларын  орындау 

нəәтижесінде орнықты дағдыларға төселеді.  

 

 



65 - сурет 

 

Білім  беру  үрдісіне  жоғарыда  аталған  қашықтықтан  оқыту  түрлерінің 



бірін  енгізген  отандық  оқу  орындарының  мысалы  ретінде  Халықаралық 

Ақпараттық технологиялар Университетін атауға болады. Бұл университеттің 

оқу үрдісіндегі халықаралық серіктестерінің бірі АҚШ-тағы Сarnegie Mellon 

университетінің бизнес-мектебі iCarnegie болып табылады. iCarnegie мектебі 

серіктестеріне  компьютерлік  ғылымдар  жəәне  бағдарлама  құру  саласында 

Карнеги  Меллон  университетінің  стандарттарына  сəәйкес  алдыңғы  біліммен 

қамтамасыз етеді. Сондықтан ХАТУ iCarnegie-мен келісім-шарт орнатты, бұл 

келісім бойынша iCarnegie  университет студенттері мен мамандарына кеңес 

беріп, олар үшін оқу жоспарын дайындайды.  

Университет  мамандары    iCarnegie    жүйесінде  орналасқан 

материалдарды өз бетімен меңгеріп, орындаған тапсырмаларын iCarnegie-дің 

басқа  елдердегі  инструкторларына  жүйеге  жүктеу арқылы  жіберіп  отырады. 

Олар  өз  кезегінде  жұмыстарды  тексеріп,  сəәйкесінше  бағалап,  жұмыстың 

бағасын жүйеге қойып отырады.  

Одан  соң  мамандар  өзі  оқыған  курстары  бойынша  студенттерге 

дəәстүрлі  түрде  сабақтар  жүргізеді.  Бірақ  тапсырмалар  беру  мен  бағалау 

жүйесі  бұрынғыша  жүйеде  жүргізіледі,  студенттер  үйінде  отырып-ақ 

тапсырманы ашып, орындап кез келген уақытта жібере алады.  



 

 

Вики-жобалар 

 

 

66- сурет 



 

Вики  (ағылшынша  wiki)  —  құрылымы  мен  мазмұнын  сайт  ұсынатын 

аспаптарды  қолданып,  қолданушылардың  өздері  өзгерте  алатын      веб-сайт.  

Мəәтінді  қалыптау  жəәне  мəәтінге  түрлі  объектілер  қосу,  вики-белгілеулерді 

қолдану  арқылы  жүзеге  асырылады.  Бұл  технология  негізінге  Википедия 

жəәне Викимедиа қорының басқа жобалары құрылған.  

Вики концепциясының мəәні келесідей: 

•  Вики  барлық  қолданушыларға  қарапайым    веб-браузерді  ешқандай 

кеңейтілімсіз пайдалана отырып, Вики-сайтта орналасқан кез келген парақты 

өзгертуді немесе жаңа парақ құруды ұсынады.  

•  Вики  басқа  парақтарға  интуитивті  сілтемелер  қоса  отырып  түрлі  парақтар 

арасындағы  байланысты  қамтамасыз  етеді.  Жəәне  сілтеме  көрсетілген 

парақтың бар-жоғын көрсетіп тұрады.  

•  Вики жол-жөнекей кездескен келушілерге арналған сайт болып табылмайды, 

керісінше,  сайттың  түрін  өзгертіп  жəәне  дамытып  отыру  үшін  келушілерді 

үздіксіз серіктестікке шақырады. 

Түрлі  тақырыптағы  Вики  парақтар  арасындағы  байланыс  вики  тілінде 

гиперсілтемелерді қосу мүмкіндігі болуы есебінен қамтамасыз етіледі.  

Википедия  – вики  технологиясына  негізделген  жалпыға  бірдей,    еркін 

таратылатын  энциклопедия;  əәлемдегі  ең  жиі  көрілетін    веб-сайттардың 

қатарына  кіреді.  «Тегін  контент»,  тегін  лицензиямен  таратылатын 

бағдарламалық  жабдық  құру  үшін  жобаларда  əәртүрлі  елдердің  еріктілері 

қатысады.  

Википедия  жетістігінен  шабыттанған  қатысушылар  ұқсас  принципте 

жұмыс  жасайтын  оқыту  жəәне  анықтамалық  мақсаттарда  пайдаланылатын 

басқа сайттар құруды ұсынды: 

Викисөздік — көптілді əәмбебап сөздік; 



Викидəәйексөздік — дəәйексөздер жинағы; 

Викитека — біртума мəәтіндердің кітапханасы; 

Викиоқулық — оқу əәдебиеті; 

Викиқойма — мультимедиалық файлдардың сақтайтын ортақ орын; 

Викитүрлер — биологиялық түрлердің таксономиясы бойынша сөздік; 

Викижаңалықтар — жаңалықтардың ашық агенттіктері.  

 

 

Интернет-дүкендер жəәне интернет-аукциондар 



 

Интернет-дүкендер мен интернет-аукциондар – интернет арқылы тауар 

немесе  қызмет  түрлерін  сататын  сайттар.  Интернет  желісінде  сатып  алуға 

тапсырыс рəәсімдеуге, төлем жəәне жеткізу түрлерін таңдауға мүмкіндік береді 

(Қосымша 3-модульдің «Сайттардың түрлері» деп аталатын бөлімінен қарай 

аласыз). 

 

Интернет-дүкендер 

Мысалы,  Қазақстандық  интернет  дүкен  «Flip.kz»  жиһаз,  балаларға 

арналған  тауарлар,  видео  ойындар  жəәне  тағы  басқалары  сияқты  түрлі 

бөлімдер  бойынша  жіктелген  тауарлардың  үлкен  ассортиментін  ұсынады. 

ƏӘрбір  тауардың  жанында  қысқаша  сипаттамасы,  суреті  жəәне  оның  бағасы 

орнатылады.  

Интернет дүкендер əәдетте келесі төлем формаларын ұсынады: 

•  Қолма-қол тауар ақысы тауарды алған кезде курьерге төленеді. 

•  Салынған  төлем  –  тауарды  алған  кезде  поштамен  төленеді.  Аталған  қызмет 

үшін  пошта  алушыдан  тауар  құнының  4-5%  пайызы  көлеміндегі  төлем 

алады.  

•  Төлеу карталары – төлеудің бұл түрін кез келген банк карталарының иелері,  

банктер  шығарған  электронды  төлем  карталарының  иелері  жүргізе  алады. 

Төлем  төлем  карталарын  авторизациялау  жүйесі  E-pay  арқылы  жүзеге 

асырылады.  

•  Банк арқылы аудару. 

•  Тауарлар  мен  қызметтер  үшін  қауіпсіз  жəәне  тез  төлеу  мүмкіндігін  беретін 

арнайы  жүйелер  арқылы.  Мысалы,  KZM  жүйесін  қолдану  арқылы.  Төлем 

жүргізу  үшін  жүйенің  тіркелген  қолданушысы  болу  керек  жəәне  виртуалды 

əәмияныңыз  болу  керек.  Жүйе  мен  оның  қызметтері  туралы  нақтырақ  мына 

сайттан білуге болады: http://www.kzm.kz 

Интернет  дүкендер  əәдетте  төменде  көрсетілгендей  жеткізудің  түрлі 

нұсқаларын ұсынады: 


•  Курьерлік жеткізу. 

•  Тапсырыстарды беру орындарынан алып кету. 

•  Пошта  арқылы  жеткізу  («ҚазПошта»,  Республикалық  арнайы  байланыс 

қызметі, DHL, «Пони Экспресс» жəәне көптеген басқа қызметтер). 

 

*Ескерту:  интернет  дүкендерден  тауарлар  сатып  алған  кезде  сенім 



тудыратын жəәне беделі жақсы сайттарды пайдаланған жөн.  

 

Интернет-аукциондар 

Интернет-аукцион  –  бұл  интернет  желісі  арқылы  жүзеге  асырылатын 

аукцион.  Қарапайым  аукционға  қарағанда  интернет-аукциондар  ара-

қашықтықта  жүргізіледі,  сондықтан  оған  қатысу  үшін  арнайы  жерге 

жиналудың  қажеті  жоқ,  ал  ұтыс  тігуді  интернет-сайт  немесе  аукционның 

компьютерлік  бағдарламасы  арқылы  жүзеге  асыруға  болады.  Кейбір 

аукциондарда  тауардың  алдын-ала  қойылған  сатушы  көрсеткен  минималды 

бағасы  болады.  Интернет-аукционның  аяқталу  уақытын,  қарапайым 

аукциондарға қарағанда, тауар иесі алдын ала бекітеді. 

ƏӘлемдегі  ең  үлкен  интернет-аукцион  Американдық  компанияның 

меншігіндегі E-Bay болып есептеледі, ол 1995 жылдан бері жұмыс жасайды 

жəәне  оның  айналымы  күніне  бірнеше  миллион  келісімді  құрайды.  Соңғы 

уақытта  электрондық  коммерцияда  қосымша  шешімдерді  қосу  тенденциясы 

байқалады.  Аукциондық  жүйелерге  төлеу  жүйелері  жəәне  қолданушыларды 

авторизациялау шешімі қосылды. 

Сонымен  қатар  интернетте  тұтынушыға  ұсынылатын  тауарларды 

бағалау үрдісі де жүріп отырады. Мысалы http://www.ebay.com/ тауарлардың 

сапасын  бағалау  жүйесін  ұсынады.  Тапсырыс  орындалып,  тауар  жеткізілген 

соң  сатушы  тауардың  сипаттамаға  сəәйкестігін  бес  балдық  жүйе  бойынша 

бағалай алады.  


 

67 – сурет.  Рейтингі жоғары сатушының мысалы 

 

Берілген баға сатушының рейтингін қалыптастыруға мүмкіндік береді. 



Рейтингі жоғары сатушылар тұтынушылардың сеніміне ие болады.  

 

 



E-төлемдер 

 

Интернет-төлем  —  қызметтер  мен  тауарлар  үшін  интернет  немесе 



мобильді  қосымшалар  арқылы  төлеу.  Интернет-төлемдерді  жүзеге  асыру 

түрлері  —  онлайн-банкинг,  банктік  карталар  көмегімен,  электрондық 

ақшалар арқылы, телефонның шотынан төлеу.  

Интернет  төлемдерді  қолданудың  мысалы    Қазақстандық  Qiwi  сайты 

болып табылады. 

 

68 - сурет 



 

Оған мына адрес арқылы болады: 

http://qiwi.kz/

. Бұл — Қазақстандағы 

ең  танымал  төлем  жүргізу  қызметі.  Оның  бүкіл  Қазақстан  бойынша  32 000 

терминалы, 400 провайдері жəәне жедел қолдау көрсету қызметі бар.  

 

QIWI-дің  көмегімен  400-ден  астам  провайдерлік  компанияның 



қызметтеріне төлем жүргізуге болады: мобильдік байланыстан бастап банктік 

кредиттерге  дейін,  сонымен  қатар  əәуе  жəәне  темір  жол  билеттерін  сатып 



алуға,  интернет  дүкендерден  сатып  алынған  тауарлар  үшін,  айыппұлдарды 

жəәне  тағы  басқаларды  төлеуге  болады.  QIWI  əәмиян  қызметтер  үшін  ұялы 

телефонның (Билайн, Kcell, Activ, neo (Теле 2), Pathword, Dalacom) шотынан 

жəәне  QIWI-де  тіркелген  кез  келген  банктің  картасынан  төлеу  мүмкіндігін 

береді.  

QIWI-дің  төлем  құралдарының  барлығы  аптасына  жеті  күн,  тəәулігіне 

жиырма  төрт  сағат  тəәртібінде  жұмыс  жасайды  жəәне  көп  жағдайларда  төлем 

провайдердің шотына нақты уақыт тəәртібінде түседі.  

 

 

Интернет-банкинг 



 

 

69 - сурет 



 

 

Банктік  қызмет  көрсетуде  Интернетті  клиенттерге  қашықтықтан 



қызмет  көрсету  каналы  ретінде  пайдалану  немесе  басқаша  айтқанда, 

интернет-банкинг  қаржылы  қызмет  көрсетудің  динамикалық  бағыттарының 

бірі  болып  табылады.  Интернет-банкинг  банк  қызметтерінің  кең  спектрі 

бойынша банктік шотты басқарудың негізі ретінде ғана емес, құнды қағаздар 

нарығында  қашықтықтан  жұмыс  жасау,  алыстан  сақтандыру  үшін  басқа 

қызметтер  үшін  қолданылады.  Себебі  ол  қаржылық  блоктың  барлық 

қатысушылары  тарапынан  есептер  жүргізуге  жəәне  оларды  бақылауға 

мүмкіндік береді.  

Интернет-банкинг қашықтықтан қызмет көрсету түрлерінің логикалық 

жалғасы болып табылады: 

•  PC banking – банк желісіне тікелей модемдік байланыс орнату арқылы жеке 

компьютер көмегімен шотқа қол жеткізуді жүзеге асыру; 

•  telephone banking – шоттарға телефон бойынша қызмет көрсету; 

•  video banking – клиенттің банк қызметкерімен интерактивті қатынасу жүйесі. 

Интернет-банкинг  жүйесінің  классикалық  нұсқасына  жеке  жəәне  заңды 

тұлғаларға банк офистерінде көрсетілетін қызметтердің толық жиыны кіреді. 

Интернет-банкинг жүйесі арқылы қолма-қол ақшасыз валюта сатып алу-сату 

операцияларын,    банкішілік  жəәне  банкаралық  төлемдер  жүргізуді,    өз 

шоттарына  қаржы  аударуды  жүзеге  асыра  алады  жəәне  кез  келген  уақыт 


аралығында  өз  есеп  шоты  бойынша  жүргізілген  операцияларды  бақылай 

алады.  


Қажет  болған  жағдайда  бұл  тізімді  кеңейтуге  болады.  Интернет-

банкинг жүйелерін қолданудың келесідей артықшылықтары бар: 

•  Банкке бару қажеттігінің болмауынан уақыт айтарлықтай үнемделеді; 

•  Клиент  тəәулігіне  24  сағат  бойы  өз  шотын  бақылай  алады  жəәне  қаржы 

нарықтарындағы өзгерістерге байланысты шұғыл шара қабылдай алады; 

•  Пластикалық карталармен жүргізілген операцияларды бақылай алады, себебі 

клиенттің  жүйеге  қол  жеткізуі  оның  орналасқан  жеріне  тəәуелді  емес  – 

Интернетке қосылу жеткілікті.  

Бұл  —  клиент  тарапынан  бақылауды  арттыруға  мүмкіндік  туғызады. 

Қаржылық  транзакциялардың  қауіпсіздігі  интернет-банкинг  жүйелерінде 

бағдарламалық-аппараттық  қорғаудың  заманауи  технологиялары  арқылы 

жүзеге  асырылады.  Оларды  жоғары  дəәрежеде  жүзеге  асырған  жағдайда 

қауіпсіздік  деңгейі  іс  жүзінде  операция  құпиялылығына    100%  кепілдік 

береді,  ол  өз  кезегінде  қаражаттың  қауіпсіздігін  қамтамасыз  етеді.  Бұл 

клиенттер  ғана  емес,  банктер  үшін  де  маңызды,  себебі  бұл  жерде  банктің 

қаражаты ғана емес беделі де тəәуекелге қойылады.  

 

 

Интернет-жарнама 



 

Интернет-жарнама  –  Интернет  желісінде  орналастырылған  жарнама; 

Интернет  желісінде  мекеменің  тауарлары  мен  қызметтерін  көпшілік 

клиенттерге көрсету. 

Жарнаманың түрлері: 

•  Медиа-жарнама  —  жарнама  алаңы  болып  табылатын  сайттарда  мəәтіндік-

графикалық  жарнама  материалдарын  орналастыру.  Көптеген  белгілері 

бойынша баспа БАҚ-дағы ұқсас. ƏӘдетте баннерлік жарнама түрінде беріледі.  

 

 

70 - сурет 



•  Контекстік  жарнама  —  графикалық  жарнаманы  контекстік  алаңдарда 

орналастыру.  Жарнама  материалдары  мен  оларға  сəәйкес  алаңдарды 

жарнамалық  сервистің  алгоритмі  анықтайды.  Контекстік  жарнаманың  түр 

тармағы  жоғарыда  көрсетілген  сəәйкестік  іздеу  сұрауымен  анықталатын 

«Іздеу жарнамасы» болып табылады.  

 

 



71 - сурет 

 

•  Геоконтекстік  жарнама  —  жарнамалық  хабарлама  қолданушыға  карта 



аумағын қарау кезінде сұрау мазмұнын ескере көрсетіледі. Мысалы қаланың 

нақты бір аймағындағы сəән салондарын қарап шығуға болады.  

 

 

72 - сурет 



 

•  Вирустық  жарнама  —  бұл  қолданушыдан  қолданушыға  қарау  үшін  өз 

еркімен  берілетін  «тегін»  жарнама.  Қолданушылардың  бір-біріне  жарнама 

жіберуінің  не  қажеті  бар?  Жайдан-жай.  Мақаламен  немесе  қызықты 



видеороликпен  бөлісу.  Жарнама  неғұрлым  тартымды  жəәне  ерекше  болса, 

оның  вирустық  əәсері  көбірек  болады.  Сол  себепті  де  халық  тұтынатын 

тауарлардың  ірі  өндірушілері  вирустық  жарнама  өндірісіне  үлкен  қаржы 

жұмсайды.  

•  Жазылушыларға  жөнелтімдер.  Мұндай  хаттарды  алушылар  хабарлама  алып 

отыруға өз қолдарымен жазылған жəәне олардың кез келген уақытта одан бас 

тартуға құқығы мен мүмкіндігі бар.  

•  Жеке  хаттар.  Электрондық  пошта  арқылы  жеке  хаттар  жөнелту  —  уақыт 

жəәне хатты адам басына телуді талап ететін директ-маркетинг құралы. Оның 

алдында  адрестер  жинау  жұмысы  жүргізіледі.  Екінші  жағынан  хаттар, 

жіберушінің  пікірі  бойынша,  ұсынылған  тауарға  немесе  қызметке 

қызығушылығы жоғары аудитория өкілдеріне ғана жеткізіледі.  

•  Электрондық  жарнама  тақтасы  —  мазмұны  бойынша  тұрмыстық  жарнама 

тақталарына  немесе  жарнама  газеттеріне  ұқсас  сайт.  Сапасы  бойынша 

олардан 

мазмұнының 

жедел 

жаңартылуы 



мен 

жалпыға 


ортақ 

қолжетімділігімен ерекшеленеді.  

«Электрондық 

жарнама 


тақталарының» 

жарқын 


мысалдары 

Қазақстандық  «Крыша.KZ»  жəәне  «Колеса.KZ»  сайттары  болып  табылады. 

«Крыша.KZ»  Қазақстан  аумағында  жалға  берілетін  немесе  сатуға  қойылған 

жылжымайтын  мүлік  туралы  ақпарат  береді,  сонымен  қатар  бір  аптаға 

дейінгі  мерзімге  тегін,  одан  көп  уақыт  аралығына  ақылы  түрде  өз 

жарнамаңызды  қоюға  болады.  Бұл  сайтты  риелторлық  агенттіктер  белсенді 

түрде  пайдаланады.  Жəәне  бұл  сайтта  жылжымайтын  мүлік  айналасындағы 

сұрақтар бойынша кеңес алуға болады.  

 

 

73 - сурет 



 

«Колеса.KZ»  сайты  автокөлік  немесе  оның  бөлшектерін  сату  немесе  сатып 

алу туралы жарнама орнатуға мүмкіндік береді.  

  


 

74 - сурет 

 

Жарнама  орнатудың  мұндай  əәдісі  қаржылық  шығындарды  азайтуға  жəәне 



уақыт  үнемдеуге  мүмкіндік  береді.  Оған  қоса  ақпаратқа  қолжетімділікті 

жеңілдетеді. 

 

 

 



 

Интернет Радио 

 

 



75 - сурет 

 

Интернет-радио  немесе    веб-радио  —  ағымдық  аудиомəәліметтерді 



Интернет желісі арқылы жіберетін технологиялар тобы.  

Жүйенің технологиялық негізінде үш элемент жатыр: 

•  Станция  —  аудио  ағымды  генерациялайды  (дыбыстық  файлдар  тізімінен 

немесе аудио картадан сандық түрге тікелей аудару арқылы, немесе желідегі 

бар ағымды көшіру арқылы) жəәне оны серверге жөнелтеді (станция бір ғана 

ағым құратындықтан минималды трафик тұтынады). 

•  Сервер  (ағынды  қайталаушы)  —  станциядан  ағымды  қабылдайды  да  оның 

көшірмелерін  серверге  қосылған  клиенттердің  барлығына  бағыттайды,  яғни 



мəәліметтер  репликаторы  болып  табылады.  (Сервер  тарифі  тыңдаушылар 

санына пропорционал). 

•  Клиент  —  аудиоағымды  серверден  қабылдайды  жəәне  оны  интернет-

радиостанцияның тыңдаушысы еститін аудиосигналға аударады 

 

*ƏӘдетте ойнатқышта станция мен ойналып жатқан композиция туралы 



ақпарат  көрсетілуі  үшін  дыбыстық  мəәліметтер  ағынына  қоса  мəәтіндік 

мəәліметтер де жөнелтіледі.  

 

 

Интернет теледидар 



 

 

76 - сурет 



 

Желіаралық  протокол  теледидары  (интернет-теледидар  немесе  on-line 

TV)  –  кеңжолақты  қосылуды  қолдану  көмегімен  телевизиялық  сигналды 

интернет арқылы жіберу жүйесі.  

Бүгінде интернет-теледидар дамудың жаңа сатысына шықты. Егер осы 

уақытқа дейін қарапайым адамға таңғажайып дүниедей көрініп келген болса, 

енді  оның  ауқымы  артып  келеді.  Қолданушыларға  осы  кезге  дейін  дəәстүрлі 

теледидарда  жүзеге  асыру  мүмкін  болмай  келген  телевизиялық  контентті 

қолдану мүмкіндіктерінің үлкен таңдауы беріледі.  

 

Интернет-теледидар  жүйесі  мыналарды  жүзеге  асыруға  мүмкіндік 



береді: 

•  ƏӘрбір қолданушының жазылу пакетін басқару 

•  Теледидар мазмұнын кез келген деңгейде қорғау 

•  Арналарды MPEG-2, MPEG-4 форматтарында трансляциялау 

•  Телевизиялық бағдарламаларды көрсету 

•  Телевизиялық бағдарламаларды тіркеу функциясы 

•  Өтіп кеткен телевизиялық бағдарламаларды іздеу 

•  Нақты уақыт тəәртібіндегі тоқтату функциясы 

•  Телеарналардың əәрбір қолданушыға арналған жеке пакеті 

 


Кеңінен танымал жобалардың бірі - Skype бағдарламасын жасаушылар 

құрған  бета-сынау  сатысындағы  Joost  болып  табылады.  Кескінді  радио 

немесе  кабельдік  желілер  арқылы  жеткізетін  қарапайым  теледидарға 

қарағанда  Joost  жобасында  хабар  тарату  пирингтік  технология  негізінде 

жүргізіледі. 

 

 



77 - сурет 

 

Кең  жолақты  қосылудың  арқасында  өнімнің  бета-нұсқасында  сапалы 



кескін  беретін  эфирлік,  кабельді  жəәне  жерсеріктік  телеарналардың 

бағдарламаларын  көруге  болады.  Joost  арналары  телебағдарламалар  тізімі 

мен видеофайлдардан тұратын плейлисттер ретінде берілген. Толық экранды 

интерфейс айтарлықтай қарапайым жəәне қолдануға ыңғайлы.  

Бірақ  сапалы  кескін  мен  қолданудың  қарапайымдығы  потенциалдың 

шегі  болып  табылмайды:  Joost-та  бағдарламаларды  пікірлермен  қарау 

мүмкіндігі  бар,  яғни  қолданушы  видеороликтерге  пікір  қоса  алады  жəәне 

басқалардың  пікірлерін  оқи  алады,  сонымен  қатар  бағдарламаларға 

рейтингтер іліп, оларға тегтер меншіктей алады.  

 

 

Қысқаша қорытынды 

 

Интернет  алғашында  көпшілікке  қолжетімді  болмаған  болса,  бүгінде 



адамдардың  барлығына  дерлік  қол  жетімді  деңгейде.  Сонымен  қатар 

Интернеттің  қолданылу  мақсаты  да  өзгерді.  Енді  ол  қарапайым  қатынас 

құралы  болып  қана  қоймай  көптеген  қызмет  түрлерін  ұсынады.  Мысалы 

Интернет  арқылы  тауарлар  сатып  алуға,  жаңа  адамдармен  танысуға, 

əәлеуметтік  желілер  мен  форумдардың  қызметтерін  қолдануға,  төлемдер 

жүргізуге,  интернет  банкинг  қызметтін  қолдануға,  тегін  білім  алуға  жəәне 

тағы басқа əәрекет түрлерін жүзеге асыруға болады.  



 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал