5 Көзіқарақты оқырман білуі тиіс, жақында Тілдерді дамыту мен қолданудың



жүктеу 0.93 Mb.

бет1/10
Дата13.01.2017
өлшемі0.93 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

www.anatili.kz

e-mail: anatili_gazetі@mail.ru

www.twitter.com/anatilikz

www.facebook.com/anatilikaz

№15 (1273) 

16 – 22 сәуір

2015 жыл


Сөзi жоғалған 

жұрттың 

өзi де жоғалады

1990 жылғы 

наурыздың 22-сiнен 

бастап шығады

5

Көзіқарақты оқырман білуі 

тиіс, жақында Тілдерді 

дамыту мен қолданудың 

2011-2020 жылдарға 

арналған Мемлекеттік 

бағдарлама аясында ғылым 

мен техниканың, өндіріс пен 

мәдениеттің барлық салаларын 

қамтыған 30 томдық 

терминологиялық сөздік жарық 

көрді.

Бұл сөздіктің мұның алдындағы 

сөздіктерден ерекшелігі – салт-

дәстүрімізге, мәдениетімізге, 

тұрмыс-тіршілігімізге 

қатысты, өзге тілдерде мүлдем 

кездеспейтін көптеген термин-

сөздердің жүйеленіп берілуі.

Елімізде осындай көлемді 

еңбек алғаш рет іске асырылды 

деп айтуымызға болады. 

Салыстырмалы түрде айтар 

болсақ, ТМД-ның бірде-бір 

елінде мұндай ғылыми салалық 

терминологиялық сөздіктер 

топтамасы дайындалған емес.

Газетіміздің бесінші бетінде 

осы сөздіктер топтамасын 

дайындау жобасының ғылыми 

жетекшісі, академик Асқарбек 

Құсайыновтың мақаласы 

жоғарыдағыдай тақырыппен 

оқырман назарына ұсынылып 

отыр.

9-бет

12-бет

5-бет

тіл ғұмыры – ұлт ғұмыры



Айтылмай 

жүрген бір ән...  

Тасбауыр

Құндылықтары-

мыздың қадірін 

біліп жүрміз бе?

құ рылды. Бүгінгі таңда елімізде 8 мыңға 

жуық орта мектеп болса, оның 5 мыңға 

жуығы мемлекеттік тілде, 1 жарым 

мыңы орыс тілінде, 2 мыңға жуығы 

аралас орта білім беретін оқу орында-

ры. Сондай-ақ отандық телеарналарда 

мемлекеттік тілдің 50 пайыздық үлесі 

қатаң ескерілуі керек. Қазіргі таңда 

елімізде үштұғырлық тіл саясаты қолға 

алынды. Егер біздің азаматтарымыз үш 

тілде еркін сөйлейтін болса, онда біз 

дамыған, бәсекеге қабілетті мемлекет 

болатынымыз анық, – деді Бердібек 

Сапарбаев.

Елімізде 27 мектеп өзбек тілінде, 5 

мектеп ұйғыр тілінде оқытады. 5 тілде 

театрлар жұмыс істесе, 5 тілде газеттер 

шығарылады.

Тілдерді дамыту мақсатында тек 

өткен жылдың өзінде мемлекеттен 7 

миллиард теңге бөлініпті. 

Мәдениет және спорт министрі 

Арыстан Мұхамедиұлы мемлекеттік 

тілдегі құжат айналымы 88 пайызға 

жеткенін, бірақ оның аударма 

арқылы ғана осындай деңгейде 

екенін тілге  тиек етті. Сонымен қатар  

мемлекеттік тіл орталықтарының 

сапалық деңгейінің төмендігін, олар-

да оқытуды әдістемелік бір ізге түсіру 

қажеттігін, нормативтік, құқықтық 

актілерді реттеуді және басқа да 

өзекті жайттарды атап өтті. Одан 

кейін сөз алған халық қалаулылары 

да тіл туралы тағылымды ойларын 

білдірсе, осы саланың лауазымды 

тұлғалары өздерінің атқарып отырған 

жұмыстары жайлы айтып берді. 

Әсіресе, жиналған қауымға «Егемен 

Қазақстан» АҚ-ның президенті Са-

уытбек Абдрахмановтың сөзі ерекше 

әсер етті.

– Бүгінгі таңда біздің қазақ 

тілінің өзіндік әуен ырғағының 

бұзылып бара жатқандығы мені 

қатты алаңдатады. Соңғы10-15 жыл 

ішін де алдымен телеарналар ба-

стап, оны кө рер мен қауым қостап, 

Кеңес барысында «Тілдердің үш-

тұ ғыр лығы», Тіл дерді дамыту мен қол-

дану дың 2011-2020 жыл дарға арналған 

мемлекеттік бағдарламаның  жүзеге 

асырылуы, еліміздегі Тілдерді оқыту 

орталықтарының атқарып отырған 

жұмыс тарының нәтижелері сарапқа 

салынды. Аталмыш жиынға Премьер-

ми нистрдің орынбасары Бердібек 

 Сапар баев  төрағалық  жасады. 

– Адам баласы үшін тілдің орны 

бәрінен бөлек. Тіл – достықтың, 

бей бітшіліктің, болашақтың кепілі. 

Әрбір мемлекет басты рухани байлық 

ретінде тілді да мытуға айрықша маңыз 

береді. Біздің елімізде тіл мәселесінің 

қалай шешіліп жатқандығын бәріңіз 

білесіздер. 1998 жылы ҚР «Тіл туралы» 

Заңы қабылданды. Сол заң аясында 

бірқатар жұмыстар атқарылды. Әр 

аймақта Тілдерді дамыту басқармасы 

Тіл – татулық тірегі

үлкен дерт келді. Ол дерт тің аты 

– орфография. Әлемде барлық 

халық орфографиялық заңдылыққа 

сүйеніп жазады, сөй  лейді. Ал бізде 

осы талап мүлде еске  рілмей барады. 

Сондықтан  қазақ тілінің орфо гра-

фия лық сөздігін қайта бастырып, 

көп данамен шығарып, міндетті 

түрде  телеарналарға  тарат  пасақ, 

олардан талап етпесек, таяудағы 

20-30 жылдың ішінде жазу бойын-

ша сөйлейтін халыққа айналуымыз 

кәдік, – деді белгілі қаламгер.

Айта кету керек, Тілдерді дамыту 

мен қолданудың 2011-2020 жылдарға 

арналған мемлекеттік бағдарламасы 

негізінде балалар әдебиеті, сөздік, 

оқу-әдістемелік құралдар, әлемдік 

классикалық шығармалар, таным-

дық энциклопедиялық анықта-

малар шығарылып, ұлттық мәдени 

о р т а л ы қ   т а р д ы ң   ж е к с е н б і л і к 

мектептері арқылы басқа ұлт өкіл-

дерінің тілдерін дамытуға қолдау 

көрсетіліп келеді. 



(Жалғасы 3-бетте)

«Ана тіліне» жазылыңыз, ағайын!

қазақ хандығына – 550 жыл

Бет қатталып жатқанда:

Баспасөз – 2015

 Астана қалалық Тілдерді да-

мыту басқармасы Б.Момышұлы 

ескерткішінің алдындағы алаңда 

Жеңістің 70 жылдығына арналған 

«Намыс тұғыры» атты тағылымды 

іс-шара өткізді. 

 Алматыдағы  Офицерлер 

үйінде Медеу ауданының әкімі 

Алмасбек Макежанов Ұлы 

Жеңістің 70 жыл дығына орай 

ауданның 150 ардагеріне мерей-

той медальдарын табыс етті.  

 ҚР Ұлттық кітапханасында 

«Парасат» жастар клубы әдеби 

кешінің ашылу рәсімі өтті.

 Павлодарда мектеп оқу-

шы ла ры  арасында  Ә.Бектұров 

атын дағы  химия пәнінен ха-

лықаралық олимпиада басталды.

 Орал қаласындағы Жастар 

шы ғармашылығы  орталығында 

Ұлы Отан соғысында ерлікпен 

қаза тапқан ақын Абдолла Жұма-

ғалиевтің 100 жылдығына орай 

«Қа һар ман  ақын  Абдол-

ла» атты еске алу кеші 

өткізілді.

БұланТы 


шайқасы

Бұл азаттық жолындағы 

Отан соғысы болатын

Қ

А

зПО

ш

ТА

Индекс


мерзімі

алматы


аймақ/қала

аудан/ауыл



Жеке жазылушылар үшін

65367

6 ай


1384, 32

1480, 20


1556, 64

12 ай


2768, 64

2960, 40


3113, 28

Мекемелер мен ұйымдар үшін

15367

6 ай


2649, 12

2745, 00


2821, 44

12 ай


5298, 24

5490, 00


5642, 88

Байқау


алқалы жИын

Ұлы Жеңіске арналады

 Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі 

Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойына орай журналис-

тер арасында «Жеңіс жаршысы» республикалық шығар-

машылық байқауын жариялады. 

Шығармашылық байқаудың негізгі мақсаты – 1941-1945 

жылдардағы Ұлы Отан соғысының тарихы, қазақстандық 

сарбаздар, офицерлер және тыл еңбеккерлерінің Ұлы 

Отан соғысындағы Жеңіске қосқан үлесі, ерлігі мен 

қаһармандығы туралы жас буын өкілдері арасында 

отансүйгіштік қасиеттерді насихаттау.  Жеңімпаздар 

«Баспасөздегі жарияланған үздік мақала», «Интернет 

басылымда жариялаған үздік материал», «Үздік телехабар», 

«Үздік радиохабар», «Үздік фотоочерк» атты бес аталым 

бойынша марапатталады. 

6-7

Қазақтың жеріне, қазақтың даласына қызыға да, 

қызғана да қарамайтын сырт көз кемде-кем бо-

лар. Ұшқан құстың қанаты, жүгірген аңның аяғы 

талатын ұлан-ғайыр аумақты бүгінгі ұрпақтың 

қолына жеткізу қайбір жеңіл болып еді. Олай 

болса туған жердің әрбір пұшпағы үшін жан 

беріп, жан алысқан бабалар ерлігін әрдайым да 

еске алып, кейінгі толқынға аманаттап отыру – 

парыз.

Ұлтымыз үшін ауыр сын болған, ұлт тарихында 

мәңгілікке қалуға тиіс айтулы оқиғалардың бірі – 

Бұланты шайқасы.

Астанадағы ұлттық мұражайда «Тіл – татулық тірегі!» атты республикалық 

кеңес болып өтті. Кеңес жұмысына Парламент депутаттары, облыстардағы 

Тілдерді дамыту орталықтарының өкілдері, мемлекеттік мекемелер мен ұлттық 

компаниялардағы тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары, зиялы қауым 

өкілдері қатысты.

даналық мәйегі

ТОқсан Бидің 

жұБаТуы


Ел ішінде белгілі де беделді Жап-

пас деген қарияның жалғыз баласы 

ержеткен шағында кенеттен қайтыс 

болып, қатты күй зеледі. Сенім 

артқан сүйеніші, көрер қызығы, 

бар алданышынан айырылған 

Жаппасқа бұл қаза қатты бата-

ды. Қарт жағдайы күннен-күнге 

төмендеп, төсек тартып қалады. 

Осы жайды естіген, жастайынан 

Жаппасты сыйлап өскен Тоқсан би 

көңіл сұрауға арнайы келеді.

Тоқсан би Жаппастың үйінің 

босағасын аттай бере ағылтып қоя 

береді:

– Ей, Жаппас, көтер беліңді, 



жылатпа еліңді, 

Қас нардың қабырғасынан қолы 

сөгілсе де елемес, 

Тағдырдың ісіне көнбейтін 

пасық адам сен емес. 

Өткен қайтып келмейді, өшкен 

қайтып жанбайды, 

– дейді.


Бидің аңқылдаған көңіліне, 

жарқылдаған асыл сөзіне елең ет-

кен Жаппас жайлап басын көтереді. 

Сөз арасында ол Тоқсан биге:

– Бұл қайғым қайтсем қала-

ды? – деп сауал тастайды. Сонда 

Тоқсан би:

– Ей, Жаппас, бұл қайғың, 

Келелі бидің кеңесінде қалады. 

Биік таудың төбесінде қалады. 

Өзен-судың көбесінде қалады. 

Қыран құстың қияғында 

қалады. 

Жүйрік аттың тұяғында қалады. 

Ұлы дүбір той-ойында қалады. 

Осы айтқанды орындамасаң, 

Өле-өлгенше өзіңнің мойныңда 

қалады, – деп жауап беріпті.



(«Ел аузынан», Алматы, 

«Жазушы» 1989)

тіл қазынасына қосылған сүбелі үлес

30 ТОМДыҚ ТЕРМиНОлОГиялыҚ СөзДіК –

3

№15 (1273) 

16 – 22 сәуір

2015 жыл


АНА ТІЛІ

2

№15 (1273) 



16 – 22 сәуір

2015 жыл


АНА ТІЛІ

«жеңіске 

құрмеТ!»

Шара


ты. Өзінің сенімді адамына айналған Ораз 

Мұхаммедке орыс патшасы Қасымов қаласын 

айналасындағы аймақтарымен қоса сыйлап, 

оның өзін осында хан тағына отырғызды. 

1600 жылдың 23-мамырында болған бұл оқиға 

Қадырғали Жалайырдың «Джами ат-таварих» 

(«Жылнамалар жинағы») атты еңбегінде 

тәптіштеп баяндалған. Онда мынадай жолдар 

бар:«...ұлығы мен кішісі, орыс пен татарлар 

баршасы сонда жиналды. Шайх-Али ханның 

салдырған тас мешітінің ішінде молда, даныш-

мандар, хафиздар, бектер, мырзалар, барлық 

ислам дініндегілер барлығы мешіт ішіне 

жиналып, келісіп, құтты алтын тақты әкеліп 

мешіт ішіне құрды... Ескі жұрттың жәдігері 

Буляк-Саийд хұтбу қайырды. Қасындағы 

төртеуі жоғары мәртебелі ханды төрт жағынан 

алтын тақтың үстіне көтерді. Жиырма жа-

сында ұлы мәртебелі Ораз Мұхаммед хан 

хандыққа отырды...». Хан тағына отырған 

Ораз Мұхаммед енді Мәскеуде өтетін ресми 

мемлекеттік жиындарға қатысуға міндетті 

болды. Ол  сондықтан да Мәскеу мен Қасымов 

қаласы арасын жол қылды. Мәскеудің оның 

алдына қойған басты міндеті орыс жерін 

Қырым хандығынан қорғау болды. Алай-

да көп кешікпей Ресейдегі саяси жағдай  

тұрақсыз сипат алды. Алғаш Лжедмитрий 

атанған біреу өзін орыс патшасы деп жария-

ласа, көп кешікпей тағы бір ІІ Лжедмитрий 

атанған біреу өзінің орыс патшасы екендігін 

мәлімдеді. Жат жерге хандық құрып отырған 

Ораз Мұхаммедті діні, ділі басқа, түркітілдес 

мұсылман елдеріне жаулық көзқарас ұстанып 

отырған орыс елінің тағдыры толғандыра 

қойған жоқ. Ол сондықтан да ІІ Лжедми-

трий Тушиноға келгенде 1606 жылы өзінің 

хандығындағы халқымен жалған патшаның 

жағына шықты. Алайда ол, жалған патшаның 

сеніміне бәрібір кіре алмады. Одан әрқашан 

күдіктенумен болған жалған патша аңға 

шыққанда ебін тауып, Ораз Мұхаммедті 

серіктерімен қапыда өлтірді. Бұл кезде оның 

жасы  небәрі 38-ге қараған еді. «Жазмыш-

тан озмыш жоқ» деген осы болар. Жасаған 

иемнің шешіміне ренжіп болмас. Оған жат 

жердің топырағы бұйырды. Шалғайда шалқып 

хандық құрған есіл ер – қазақ сұлтаны Ораз 

Мұхаммедтің денесі бүгінде, өзі билік жасаған  

Қасымов қаласында жатыр.



Талас ОмарбекОв, 

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Орталық 

азиядағы дәстүрлі өркениеттерді зерттеу 

орталығының директоры, профессор, 

ҰҒа Құрметті академигі

 «Хабар» агентігінің қызметкерлері 

«Жеңіске құрмет» акциясы аясында 

арнайы қорға бір күндік еңбекақысын 

а у д а р д ы .   Ж и н а л ғ а н   қ а р а ж а т қ а 

Қазақстанда тұрып жатқан ардагер-

лерге сыйлықтар сатып алынды. Бұл 

басқа да ұйымдарға үлгі болатын 

өнегелі іс.

Сыйлықтар әрбір ардагердің 

қалауы бойынша алынды. Олардың 

арасында  теледидар,  тоңазыт қыш тар, 

сонымен қатар Атырау қаласының 

ардагерлері мен тыл жұмыскерлері 

хорының өтінішімен сатып алынған 

Тула қаласында шығарылатын баян 

да бар.   

Қазақстан Республикасы Ұлттық 

музейі «Сталинградтық шайқас» 

музей-қорығы, ресейлік әскери-

тарихи  қоғамның  волго град тық 

бөлімімен бірлесе «Қаһарман да-

рымыздың даңқы мәңгі арта берсін! 

Бұл – өлгендерге керек емес! Бұл 

– тірілерге керек!» көрмесін өт-

кізеді. ҚР Мәдениет және спорт 

министірлігі, РФ Мәдениет ми-

нистірлігі және «Хабар» агенттігі 

қол дауымен өтетін шара Ұлттық 

музейдің «Ғасырлар қойнауынан 

сыр шерткен Қазақстан» жобасы ау-

қымында ұйымдастырылған. 

«Көрмеге ҚР Ұлттық мұрағаты, 

РФ Қорғаныс министрлігінің Ор-

талық мұрағаты ұсынған құжаттар, 

«Хабар» агенттігі мұра ғатынан бей-

нематериалдар қо йылады. Қонақтар 

бұрын көрсе тілмеген сирек кездесетін 

экспонаттарды, суреттерді және құ-

жаттарды тамашалай алады» дейді 

Ұлттық музей басшысы Д.Мыңбай.    

Көрме Ұлттық музейде биылғы 

4-мамырда сағат 16.00-де ашылады. 

рүстем НҰраЛИН

***


Еліміз тәуелсіздік алған жылдар-

дан бері қарқынды жұмыс істеп, энер-

гетика саласының жетекшісі атанған  

компаниялардың бірі «Тоталь» компаниясы. 

Жуырда Мемлекет басшысы аталмыш ком-

паниямен ынтымақтастық арттыру мәселесін 

талқылау үшін  «Тоталь» компаниясының 

президенті Патрик Пуяннені қабылдады. 

Кездесу барысында алдағы кезеңге арналған 

жоспарлар талқыланды. Елбасы «То-

таль» компаниясы елімізде 1993 жылдан 

бастап жұмыс істейтініне, ірі жобаларды 

жүзеге асыруға қатысып келе жатқанына 

тоқталды. «Алдымызда зор міндеттер 

тұр, соның бастыларының бірі Қашаған 

кенішін және компания жұмыс істейтін 

басқа да блоктарды игеру болып отыр. 

Қазақстанда «Тоталь» компаниясының 

қатысуымен Дәнекерлеу институты жұмыс 

істейді, күн энергетикасы саласындағы жо-

балар жүзеге асырылуда. Біз достық қарым-

қатынастар мен барлық бағыттар бойынша 

ынтымақтастық дәстүрін жалғастыратын 

боламыз» деді Нұрсұлтан Назарбаев. «То-

таль» компаниясының президенті шетелдік 

инвесторлар үшін қолайлы аухалдың 

сақталуының маңыздылығын айта келіп, 

ынтымақтастық бұдан әрі дами береді деп 

үміттенетінін білдірді.

***


Қазақстан мен Иран ортақ тарихы мен 

мәдениеті бар достас мемлекеттер екені 

баршаға аян.  Сондықтан екі ел арасындағы 

Ораз мұхаммед хан



Қазақ сұлтандарының арасында жат жерде орыс патшасына бағынышты аймақта хандық 

құрған тарихи тұлға бар. Ол Ондан сұлтанның ұлы Ораз Мұхаммед. Оның ататегі былай та-

ратылады: Орыс хан, одан Құйыршық хан, одан Барақ хан, одан Жәнібек хан, одан Жәдік 

хан, одан шығай хан, одан  Ондан сұлтан. яғни Ораз Мұхаммед Керей мен бірге Қазақ 

хандығының негізін қалаған әз Жәнібек ханның тікелей ұрпағы. Ол Ондан сұлтанның 

алғашқы әйелі Алтын ханымнан туған. Оның әкесі Онан сұлтан құралайды көзге ата-

тын мергендігімен және қарсы келген дұшпанды шыдатпас қайраттылығымен және 

ержүректігімен ерекше көзге түскен еді. Төрелер тарихында Онданның батырлығы оның ше-

бер ұйымдастырушылық қасиетімен де ерекшеленді. 

Қазақстан Республикасы Ұлттық 

музейінде «Хабар» агенттігі Ұлы 

Жеңістің 70 жылдығына орай 

ұйымдастырылған «Жеңіске құрмет!» 

атты республикалық ақциясының 

басталуы туралы салтанатты түрде  

жариялады. Жиынға Астана қаласы 

бойынша Ұлы Отан соғысының 

ардагерлері, мемлекеттік органдардың 

және БАҚ өкілдері, ҚР Қорғаныс 

министрлігінің әскери оркестрі және 

«Жас Ұлан» әскери мектебінің курсант-

тары қатысты. Салтанатты жиынды 

мерекелік құттықтау сөзімен «Хабар» 

агенттігі»  АҚ-ның Басқарма төрағасы 

Айдос Үкібаев және Ұлттық музейдің 

директоры Дархан Мыңбай ашты. 

Осы аптада Елбасы Нұрсұлтан 

Назарбаев саяси-экономикалық 

маңызы зор бірқатар кездесулер 

өткізді. 

Оның Ақ Орданы билеген арғы атасы Орыс 

хан Шыңғыс бабасының жолын ұстанып, 

шайқастарға қызыл ту желбіретіп шығатын 

еді. Ал Ондан болса қызыл ту астынан шығып, 

өзінің дербестігін айқындап, ұрыстарға ақ 

ту көтеріп шығатын болды. Осыдан соң Он-

даннан тараған төрелер өздерінің бабасының 

рәсімін ұстанып, жауға шапқанда әрқашан 

да шаңқан ақ ту көтеріп шығатын болды. Ал 

Шыңғыстан келе жатқан қызыл ту да әрине, 

мұндайда назардан тыс қала қойған жоқ. Оған 

Орыс ханның кейінгі ұрпағы, Тәуекел ханның 

інісі Есім хан ие болды. Бұл кезінде Қаз дауыс-

ты Қазыбек: «Тұтас билікке Төле би жеткен, 

Тұтас хандыққа Есім хан жеткен, Бұл екеуіне 

кім жеткен» деп бағалаған Еңсегей бойлы 

ер Есім туралы.  Дегенмен, ақ тудың астына 

шығуының өзі Онданның өзіндік ұстанымын 

аңғартады. Алайда тіл-көз сұқтанды ма, оның 

өмірі қысқа болды. Қаптаған қалың қалмаққа 

қарсы Шығай ханның жер қайысқан қолын 

бастап шыққан ол, қапыда, отызға жаңа 

толған шағында қаза тауып, соңына жоқтап 

егілген елін қалдырып, үлкен құрметпен Қожа 

Ахмед Ясауидің жанына жерленді.  Оның ұлы 

Ораз Мұхаммед  бабасы Шығай хан қайтыс 

болғанда небәрі сегіз жаста болса, ал әкесі 

Ондан сұлтан о дүниелік болғанда  13 жаста 

ғана еді. Осыдан соң ол, біраз уақыт ағасы 

Тәуекел сұлтанның қамқорлығында болды. 

1583 жылы Бұқар билеушісі Абдолладан қол 

үзіп қазақ даласына кеткен, және осыдан соң 

көп кешікпей-ақ хан тағына отырған Тәуекел 

бабасы Қасымның кезіндегі мемлекет аумағын 

қалпына келтіру мақсатымен ноғайларға 

және қалмақтарға өзінің жақын бауырларын 

билеуші етіп тағайындады. Міне, осы кезде 

башқұрт жерімен шектесіп жатқан байырғы 

қазақ руларының аймағын өзіне қарату үшін 

сонда біраз нөкерлерімен Ораз Мұхаммед 

жөнелтілді. Оның мақсаты шайбандық Көшім 

хан әулетінен Сібір жеріндегі билікті тартып 

алу еді. Осында келген соң Ораз Мұхаммед 

Көшімнің бақталасы Бекболатұлы Сайд Ах-

медпен тіл табысып, бірікті. Алайда бұлардың 

бірлескен әрекеті ұзаққа бара қоймады. 1588 

жылы аң аулап жүргенде Сайд Ахмед пен 

Ораз Мұхаммед өздерінің нөкерлерімен бірге 

орыс жасақтарының қолына түсіп қалды. 

Тұтқындардың кімдер екендігін анықтау 

барысында орыстардың жасағын басқарушы 

воевода Д.Чулков Ораз Мұхаммедтің қазақ 

ханы Тәуекелдің жақын бауыры екендігін 

білді. Осыдан соң орыстар сұлтанды өзінің 

серіктерімен бірге Мәскеудегі орыс патша-

сына жөнелтті. Сұлтан нөкерлерінің ара-

сында кейінгі тарихымызға құнды деректер 

қалдырған Қадырғали Жалайыр бабамыз да 

бар еді. Жалайырлар о бастан-ақ Шыңғыс 

ханға құл болған дәстүрді жалғастырып, Ораз 

Мұхаммедтің ата-бабаларына да адал қызмет 

жасап келе жатқан еді. Сондықтан да Ораз 

Мұхаммед қайда барса да бір топ жалайырдың 

игі жақсылары онымен бірге болды. Тәуекел 

ханның тапсырмасымен Ораз Мұхаммедті 

исбай маңғыттардың басшысы Саманай бек, 

біраз арғын руларын басқарған Шыш бек, 

қыпшақтарды билеуші Тоқай бек қолдап, 

оған ілесіп Мәскеуге дейін барды. Орыс пат-

шасы Федор Иванович арнайы шақырсаң 

келе қоймайтын шалғайдағы қазақ ханының 

бауырын қуана қарсы алып, оны өзіне жақын 

тартты. Өздерінің оңтүстігінде Қырым, 

Қазан, Астрахан хандықтарының және Ноғай 

ордасының арақатынастарындағы күрделі 

ахуалға мазасызданған орыс патшасы Ораз 

Мұхаммедтің мұсылман ұлыстарымен қарым-

қатынаста бетке ұстар көрнекті тұлға екендігін 

түсінді. Түркілерді түркілерге, мұсылмандарды 

мұсылмандарға арандату орыс патшаларының 

байырғы әдеті еді. Осындай мақсатты көздеген 

орыс патшасы Ораз Мұхаммедті өз қол 

астындағы мұсылман жасақтарына қолбасшы 

етіп, оны сыннан өткізіп алу үшін алғаш, 

1590 жылы шведтерге қарсы соғысқа салды. 

Ұрыстарда ержүректігімен ерекше көзге түскен 

Ораз Мұхаммед және оның серіктері көп 

кешікпей-ақ патшаның сенімді адамдарының 

біріне айналды. Осы жағдайдан хабардар 

болған Тәуекел хан Мәскеуге өзінің елшісі Құл 

Мұхаммедті аттандырды. Оның басты мақсаты 

екеу еді. Алғашқысы, Ораз Мұхаммедті елге 

қайтару; екіншісі, орыс патшасымен келіссөз 

жүргізу барысында қазақтардың атажауы 

Бұқар ханы Абдоллаға қарсы күреске аса 

қажет орыстардың от қаруына (мылтыққа) қол 

жеткізу болатын. Алайда орыс патшасы  текті 

жерден шыққан, қазақ хандарының ұрпағы 

Ораз Мұхаммедтен айырылғысы келмеді. 

«Айырылысатын дос қимасыңды сұрайды» 

демекші ол, Ораз Мұхаммедтің орнына 

Тәуекел ханның ұлын кепілдікке сұрады. Осы-

лайша орыс патшасымен Тәуекелдің елшісінің 

арасындағы келіссөз нәтижесіз аяқталды. Ал 

Ораз Мұхаммед болса, туған елден жырақта 

аманат ретінде қалып қойды. Бірақ ол, орыс 

ақсүйектері қатарында болып, 1597 жылы 

орыс патшасының Рим императорының 

елшісін салтанатпен қабылдау рәсіміне 

қатысты. Ал келесі жылы орыстарға қайта 

патша болып бекіген Борис Годуновтың 

ұсынысымен орыстардың Қырым хандығына 

қарсы қанды жорығында белсенділік таныт-




  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал