№5-6 (91-92) наурыз 2016 жыл Газет 2001 жылдың наурыз айынан бастап шығады Р



жүктеу 367.3 Kb.

бет1/4
Дата15.01.2017
өлшемі367.3 Kb.
  1   2   3   4

№5-6 (91-92) наурыз 2016 жыл

Газет 2001 жылдың наурыз айынан бастап шығады

Р

, МƏДЕНИ, ƏДЕБИ-

ЕСПУБЛИКАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ

ТАНЫМДЫҚ БАСЫЛЫМ

КӨЗ


Көз - көңілдің айнасы

Қызылорда қаласындағы орталық

алаңда Наурыз мерекесінің негізгі

шаралары өткізіліп, оған облыс əкімі

Қырымбек Көшербаев қатысты.

Орталық алаңға тігілген 20-ға жуық

киіз үйде салт-дəстүр жаңғыртылып,

қолөнер шеберлерінің көрмелері

ұйымдастырылды. Жастар жағы қыз

бен жігіт айтысын жасап, жарапазан

айтса, жергілікті өнерпаздар сахналық

көрініс арқылы жаңа жылдың

басталғанын айшықтайтын көріністер

көрсетті. Сыр жұртшылығы жетi түрлi

дəмнен жасалған наурыз көжеден дəм

татты. Төс қағыстырып, амандық

с ұ р а с т ы . А л а ң ғ а ке л ге н қ а л а

тұрғындары мен қонақтары қазақша

күрес, арқан тарту, асық жəне жамбы

ату, гір тасын көтеру, қол күрес секілді

жарыстарға белсене қатысып, тігілген

жүлделерді ұтып алды.

Ө ң і р б а с ш ы с ы ж и ы л ғ а н

жұртшылықты Əз-Наурыз мерекесімен

құттықтап, жылы лебізін білдірді.

- Күн мен түн теңесетін, өмірдің

жылы лебі есетін, дүние ерекше

өзгеретін, Жер ана өзгеше күйге енетін,

ырыс пен берекенің, ризық пен

несібенің бастауындай болған Əз

Наурыз құтты болсын. Бүгінде Наурыз

көп ұлтты халқымыздың сүйікті мей-

рамына айналып, бірлік пен ынтымақ-

тың, саяситұрақтылықтың нығаюының

негізі болды. Өткен жылға өкпе жоқ,

келер күннен үміт көп. Дегенмен, был-

тырғы жыл облыс үшін табысты жыл

болды. Сыр диқандары екі жыл қатары-

нан рекордтық көрсеткіште өнім жина-

ды. Экономиканың əр саласында өсім

бар. Күні кеше «Нұр Отан» партиясы-

ның XVI съезінде Елбасы Қазақстан-

ның даму көрсеткішін бір ғана Қы-

зылорда облысының жетістіктерінен

қарап бағалауға болады деді. Бұл біздің

аймақ үшін берілген үлкен баға,- дей

келе, облыс əкімі əрбір шаңыраққа

береке мен молшылық тіледі.



«Көз» ақпарат

ÆÛË ÁÀÑÛ – ÍÀÓÐÛÇ ҚҰÒÒÛ ÁÎËÑÛÍ!

Қûðûìáåê Êөøåðáàåâ қûçûëîðäàëûқòàðäû

Íàóðûç ìåðåêåñіìåí құòòûқòàäû



Наурыз — қазақтың ұлттық

мейрамы, төл мерекесі. Дəл қазір

жердің тоңы жібіп, сай-саланы су

алып, күннің көзі ерекше нұрға

бөленген. Ал мейрам жайында

айтылған пікірлер мен аңыздар көп.

Бұл жөнінде Алаш арыстары да

қалам тербеген.

Қожа, молдалар е скі əдетті

қалдырамыз деп, Құрбан, Ораза

айттарын Ұлыс күні дегізіп, Ұлысты –

Наурыз дегізген. Жыл басының аты

Ұлыс екенінің дəлелі мынау: «Ұлыс күні

қазан толса, ол жылы ақ мол болар. Ұлы

кісіден бата алса, сонда олжалы болар»

деген – тіпті ескі мақал.

Шəкəрім Құдайбердіұлы

Қайда атақты, асқан бай бар болса,

Наурызнаманы сол байға қылдырады

екен. Үйсін Төле билердің заманында

Наурызнаманың қадір-құны астан,

тойдан ілгері болады екен.



Мəшһүр Жүсіп Көпейұлы

«Наурыз – қазақша жыл басы.

Бұрынғы кезде һəр елде наурыз туғанда

мейрам қылып бас асып, қазан-қазан

көже істеп, ауылдан-ауылға, үйден-үйге

жүріп, кəрі-жас, қатын-қалаш бəрі де мəз

болып, көрісіп, араласып қалушы еді.

Бұл кезде ол ғұрып қазақ арасында

қалып бара жатқан секілді, құтты

наурыздың қай айда, қай күні болуы

хақында һəр түрлі сөйленеді. Біреулер

наурыз марттың бірінде, екіншілері

тоғызында келеді деседі, һəр жұрттың

белгілі күнде жаңа жылы туады. Ескі

жыл бітіп, жаңа жыл басталғанда: «Жаңа

жыл қайырлы болсын! Жаңа бақыт кəсіп

болсын!» деп құттықтасады, ол күнді

мейрам қылып шаттықпен өткізеді».



Ахмет Байтұрсынұлы

Міржақып Дулатов «Орыста мейрам

көп, қазақта айран көп» деген мəтелді

тілге тиек ете келе былай деп жазады:

«Мұсылман жұрттарына ортақ, жылына

екі рет келетін Ораза, Құрбан айттарын

есепке алмағанда, бізде жалғыз мейрам

бар, ол – Наурыз.

Қыс бойы ақ кебінін жамылып, өлім

төсегінде жатқан табиғаттың, жанды-

жансыздың тірілуі кімнің болса да,

көңіліне шаттық беретіні анық болса,

тіршілік жағынан қыстың өтуіне,

жаздың жетуіне қазақтан артық тілектес,

қазақтан артық қуанатын ел жоқ деуге

саяды.


Міржақып Дулатов

Жаңа жыл күні қазақ күн райына

қарай алдағы жазды рақатты, рақатсыз

болады деп болжау жасайды. Қар тез

кете ме, жаз жылдам бола ма деп болжам

жасайды. Қазақтың Жаңа жылы –

жазғытұры күн мен түннің теңелген (22

наурызда) күні болады. Жаңа жылдың

ертеңіне жарық, жылы, күн қараңғы,

суық түннен ұзара бастайды...



Мағжан Жұмабаев

Ол күнде Наурыз бір жазғытұрым

мейрамы болып, Наурызнама қыламыз

деп тамаша қылады екен. Сол күнін

«Ұлыстың ұлы күні» дейді екен.

Абай Құнанбаев

Жеткен кезде Наурызымыз жапан

біткен жаңғырар,

Тұман орап тау басын, аспан үрпі

салбырар.

Жансыздарға жан бітіп, əуен билеп

маңды бір,

Жер көгеріп, шөп қаулап, мерейін

бір қандырар.

Күнге тосып арқасын жан-жануар

албырар,

Аунап-қунап барлығы жерге түсін

қалдырар...

Мақтымқұлы

Қàçàқ çèÿëûëàðûíûң Íàóðûç æàéëû àéòқàíäàðû



2

№5-6 (91-92) наурыз 2016 жыл

КӨЗ


Облыс əкімі Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысын талқылаған

селекторлық мəжіліс өтті.

Мəжілісті ашқан аймақ басшысы өткен жылдардың ауа райымен салыстырғанда биыл көктем ерте түскенін, соған

байланысты дала жұмыстары мерзімінен бұрын басталып кеткенін атап өтті. «Көктемгі дала жұмыстарын өз

деңгейінде атқаруға бөгет болар мəселелер де жоқ емес. Біріншіден, биылдан бастап, əр гектарға төленетін субсидия

тоқтатылуына байланысты көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыруда кейбір қиындықтар туындауда. Осындай

жағдай орын алуы мүмкін екені ескеріліп, бюджеттен «Байқоңыр» ƏКК арқылы 575 млн теңге қаржы бөлінді. Оның 75

млн-сы сорт жаңалау мақсатында Краснодар өлкесіне күріштің «Элита» тұқымын сатып алуға бөлінсе, 500 млн теңге

көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыруға жұмсалады. Бұдан басқа жетіспейтін қаражатты «Аграрлық несие

корпорациясы» арқылы 5 млрд теңгеге дейін біздің облысқа несие ретінде бөлінуіне келісім жасалды. Сондықтан аудан

əкімдері қаржыландыруды қажет ететін шаруашылықтарды корпорацияға қарасты несие серіктестіктеріне мүше

ретінде кіргізіп, көктемгі дала жұмыстарын несиелендіруді ұйымдастыруы қажет. Екіншіден, күннің ерте жылып

кетуіне байланысты дарияның жоғарғы ағысында орналасқан мемлекеттердің шаруалары көктемгі дала жұмыстарына

ерте кірісіп, «Шардара» су қоймасына түсетін су көлемі күрт азайып отыр. Оның үстiне биыл «Шардара» су қоймасына

жəне «Көксарай» су реттегішіне жиналатын болжамды су көлемі орындалмайтын қаупі бар. «Сол себепті биылғы

жылы лимитті қатаң сақтап, егінді келісілген сызбаға сəйкес орналастыруымыз қажет, деді облыс басшысы. Əсіресе,

Қармақшы жəне Қазалы аудандарында су жеткізу мəселесі күрделене түсуі мүмкін. Сонымен қатар, «Шиелі» үрмелі су

тоспасын егін науқанына дейін қамтамасыз ете алмасақ, проблемалар туындауы мүмкін. Аудан əкімдері мен

шаруашылық басшылары олардың алдын алуы тиіс».

Осыдан соң облыстық ауылшаруашылық басқармасының басшысы Бақыт Жаханов көктемгі дала жұмыстарына

дайындық барысы жайлы хабарлады. Ол бекітілген сызбаға сəйкес, үстіміздегі жылы облыс бойынша 162,6 мың (2015

жылы 163,8 мың) гектарға егiс егу межеленіп отырғанын атап өтті. Оның ішінде дəндi дақылдар 81,4 мың га, мал

азықтық дақылдар 59,1 мың га, картоп, көкөнiс, бақша 16,7 мың га, майлы дақылдар 5,4 мың гектарды құрауы тиіс.

Негізгі дақыл күрiштің көлемі 76,3 мың гектарды (2015 жылмен салыстырғанда 7,6 мың гектарға аз) құрайды.

Ауылшаруашылық дақылдарының көлемін əртараптандыру мақсатында өткен жылмен салыстырғанда күздік

бидай 500 гектарға артық егілсе, жаздық бидай 1053 гектарға, картоп, көкөніс, бақша дақылдары 1344 гектарға артық

егіледі деп межеленуде. Облыста егін егу жұмыстары ерте басталды. Бүгінге 1187 га жаздық бидай, 1293 га мақсары

дақылдары егілді. 2810 га ескі жоңышқа тырмаланып отыр. Үстіміздегі жылы егілетін ерте егіс үшін 552 тонна жаздық

бидай,191 тонна жоңышқа жəне 134 тонна мақсары тұқымдары дайындалды.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қолында көктемгі дала жұмыстарына қатысатын 1815 трактор, 475

соқа, 245 тұқым сепкіш, 365 автомашина жəне 905 трактор тіркемесі бар. Аталған техника саны көктемгі дала

жұмыстарын жүргізіп, межеленген егіс көлемін белгіленген мерзімде егіп, аяқтауға толық жетеді. Бекітілген егіс

көлеміне сəйкес 2016 жылдың көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге қажет 14 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны

бөлініп отыр.

Судың аз болуын ескере отырып, аудандар шұғыл түрде тиісті шаралар қабылдап, каналдарды тазарту, насостарды

жөндеу, қажет насостармен қамтамасыз етуді қолға алуы қажет.

Басқарма басшысы аудандар бойынша барлық қажет қаржы көлемі 13 738,5 млн теңгені құрайтынына назар

аударды. Осы көлемнің 3 768,2 млн теңгесі шаруашылықтардың өз қаржысы, 3 477 млн теңгесі инвесторлардың, 1

287,5 млн теңгесі «Агрохолдинг Байқоңыр» ЖШС, 270 млн теңгесі басқа да көздердің үлесінде болып отыр.

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыруға облысқа 5 млрд теңге несие

бөлінген. Үстіміздегі жылдың қаңтар-ақпан айларында несие серіктестіктеріне мүше ретінде 49 шаруашылық

кіргізілді. Бүгінгі таңда 31 шаруашылықтан 21465 гектар күріш егісіне 607,2 млн теңгеге көктемгі дала жұмыстарын

қаржыландыруға сұраныс түсіп отыр.

Мəжілісте «Қазсушар» РМК өңірлік филиалының директоры Болат Арыстанбаев Жаңақорған жəне Шиелі

ауданындағы үрмелі су тоспаларын жөндеу жұмыстары жайлы баяндады. Облыс басшысы көктемгі егіске жөндеу

жұмыстарын аяқтау қажеттігін баса айтты.

Мұнан соң аудан əкімдері жəне Қызылорда қаласы əкімінің орынбасары Асылбек Шəменов егін егу науқанын

ойдағыдай атқару мақсатында жасалып жатқан жұмыстар жайлы айтып өтті.

Мəжілісті қорытқан облыс əкімі су тапшылығын болдырмау мақсатында орынбасары Серік Қожаниязовқа

комитет, министрлік, Үкімет арқылы көршілес мемлекеттермен тиісті жұмыстар жүргізуді тапсырды. Қырымбек

Елеуұлы биыл Тəуелсіздігіміздің 25 жылдығы, сонымен қатар, ақ күріштің атасы, даңғайыр диқан, «Дала академигі»

Ыбырай Жақаевтың 125 жылдығы аталып өтетініне тоқталды. Соған байланысты жыл сайын өткізілетін күріш

егістігін бастау 23 сəуір күні Шиелі ауданында аталып өтетін болады. Жыл бойы ауыл шаруашылығы саласында

атқарылатын жұмыстар Ы.Жақаевтың мерейтойымен орайластырылады. Аймақ басшысы мерейтойды күз айында өз

деңгейінде атап өту үшін Шиелі ауданы мен Қызылорда қаласы əкімдіктеріне тиісті жұмыстарды ұйымдастыру

жөнінде тапсырмалар берді. Мерейтойлы жылы жоғары көрсеткіштерге қол жеткізу үшін əкімдерге, басқарма

басшыларына көктемгі дала жұмыстарына жоспарланған жұмыстарды күнделікті бақылауға алып, пысықтап отыруды

жəне апта сайын баяндап отыруды тапсырды.



Ыдырыс ТƏЖІҰЛЫ.

Арал ауданында Қарашалаң балық сервистік-

дайындау орталығы жұмысын бастады.Зауыттың

жылдық балық өңдеу қуаттылығы 3000 тоннаға

есептелген. Мұнда 50-ден астам жергілікті тұрғын

тұрақты жұмыспен қамтылған.

Зауыттың жұмысымен облыс əкімі Қырымбек

Көшербаев танысып, балықшылармен кездесті. Бұл

туралы облыстық əкімдіктің баспасөз қызметі

хабарлады.

Жалпы Қызылорда облысында жылдық

қуаттылығы 11 мың тонна болатын 8 балық өңдеу

зауыты жұмыс істейді. Бұл 300-ден астам адамды

тұрақты жұмыспен қамтуға мүмкіндік беруде.

Цехтың материалдық техникалық базасы -

тоңазытылған балықты 300 тоннаға дейін сақтай алады.

Ал, балықты тез қатыратын мұздатқыш құрылғысы

тəулігіне 50 тоннаға дейін қабылдайды. Айта кетейік,

сервистік кешен құрылысы жеке құрылтайшылардың

қаржысы есебінен салынған.

- Соңғы жылдары облыстағы балық шаруашылығы

тез дамып, аймақ экономикасының салмақты бөлігіне

айналып келеді. Өткен 3 жылда балық аулау 2 мың

тоннаға немесе 30 пайызға көбейді. Бұл Кіші Арал

жобасының алғашқы кезеңі сəтті аяқталуымен тығыз

байланысты. Енді біз балықты тек аулап қана қоймай

оны өңдеуді дамытуымыз қажет. Соның нəтижесінде

сыртқы нарыққа тек өңделген өнім шығаратын

боламыз, - деді облыс əкімі Қырымбек Көшербаев.

Өткен жылдың өзінде облыста 8,4 мың тонна балық

ауланды. Соңғы екі жылда балық өнімдерінің экспорты

45 пайызға, оның ішінде Евроодақ елдеріне - 2 есеге

өсті. 2015 жылы құны 4,6 млн. АҚШ долларын

құрайтын 867 тонна балық Европа елдеріне жəне құны

202 мың АҚШ доллары болатын 920 тонна өнім Ресейге

жөнелтілген.



«Көз» ақпарат

ÊӨÊÒÅÌÍІҢ ӘÐ ÊҮÍІ ÆÛËҒÀ ÀÇÛҚ

Қызылорда қаласындағы №101 орта мектепте орналасқан

№263 сайлау учаскесі ашыла салысымен сайлаушылар

белсенділігі бірден байқалды. Сайлау комиссиясының хатшысы

Гүлнұр Едігееваның айтуынша, сайлау учаскесінде 1854

сайлаушы тіркелген. Азанғы сағат 9-ға дейін электораттың 30

пайыздайы таңдауларын жасап үлгерді.

Сағат тілі 10-ға жақындағанда халықтың белсенділігі

жоғарылап, келушілер кезекке тұрып, дауыс берді. Осы сайлау

учаскесіне облыс əкімі Қырымбек Көшербаев келіп, өз таңдауын

жасады.


Сайлаушылар қатарынан Ильиндер отбасының мүшелерін

жолықтырып, ел өміріндегі маңызды оқиға туралы пікірін білген

едік.

– Əрбір қазақстандық сайлауға қатысып, өз таңдауын



жасауы керек деп ойлаймын. Біздің отбасы мұндай маңызды

науқаннан қалыс қалып көрген жоқ. Өйткені тəуелсіз еліміздің

ертеңі, балаларымыздың болашағы біз қабылдаған шешімдерге

байланысты, – деді екі дүркін Олимпиада чемпионы Илья

Ильиннің ағасы Алексей.

Сонымен бірге біз əңгімеге тартқан Ақнұр Қалымова

сайлауға алғаш рет қатысуда. Ол кəмелет жасына жеткен азамат

ретінде маңызды қадам жасайтынын айтты. Ақнұрдың құрбы-

достары да дауыс беруге түгел қатысуға ниет танытыпты.

–Құрбыларыммен хабарласқанымда, барлығы да өз сайлау

учаскелерінде екендерін айтты. Бүгін əлеуметтік желілерге дауыс

берген сəтіміз бейнеленген суреттерді салуды жөн деп таптық. Ел

болашағына қатысты үлкен науқанға қатысу арқылы ұлы істерге

біздің де үлес қоса алатынымызды сезіндік, – деді ол.

Мемлекетіміз үшін маңызды саясинауқанға аймақ

тұрғындары белсенділік танытты. Өңіріміздегі "Құрылыс жəне

бизнес” колледжінде орналасқан №207 қалалық сайлау

учаскесінде де тұрғындардың дауыс беру қарқыны жоғары

болды. Таңғы сағат жетіден бастап сайлаушылар дауыс беруді

бастап кетті. Жұртшылықпен бірге қала əкімі Нұрлыбек Нəлібаев

та өз таңдауын жасады.

Аталған сайлау учаскесіне 2151 сайлаушы тіркелсе, оның

барлығы да белсенділік танытуда. Арасында алғаш рет сайлауға

қатысып отырғандары да бар. Сайлаушылардың ең жасы 18 жаста

болса, үлкені 77 жаста. Сондай-ақ, үйден дауыс беретін

сайлаушылардың саны 30-ға жеткен. Сайлау учаскесінің

төрағасы Орынбай Қуанышбаев дауыс берудің қарқынды жүріп

жатқанын атап өтті.

Наурыз мерекесімен қатар келген бұл науқанды ол

жақсылыққа балап отыр. Ерте келіп бірінші дауыс берген Нина

Сергейқызы мен алғаш дауыс беруші Мадина Жомартқа оқу

орнының қолөнершілері əзірлеген жиһаздар сыйға тартылды.



***

Қала тұрғындары мен қоғам қайраткерлері, түрлі салада

қызмет етіп жүрген азаматтар Парламент Мəжілісі мен

мəслихаттар депутаттары сайлауына біркісідей қатысып,

дауыстарын берді. Олар өздері дауыс беруге тиісті сайлау

учаскелеріне ерте келушілер қатарынан табылды. Мəселен,

қаладағы №198 мектепте орналасқан №206 сайлау учаскесіне

тұрғындар таңғы жетіден бастап келе бастады. Ең алдымен 70

жастағы Асылбек Ақболаев та алғашқылардың бірі болып дауыс

берді. Жалпы мұнда сайлаушылардың саны 1970 адамды

құраған. Сайлау учаскесінің төрайымы Анжелика Садықбекова:

– Бүгінгі дауыс беру барысында сайлаушылар

белсенділігінің деңгейі өте жоғары болды. Кəмелет жасына

толып, саясинауқанға тұңғыш рет қатысып жатқандарға

мамандарымыз сайлау заңдылықтарын түсіндірді. Сағат 10-ға

дейін сайлаушылардың 30 пайызы өз таңдауын жасап үлгерді. Ал

денсаулығына байланысты 21 адамның үйіне қызметкерлеріміз

барып, дауыс беру жүргізілді, – дейді.

Сондай-ақ, №206 сайлау учаскесіне қоғам қайраткері

Алмагүл Божанова келіп, дауыс берді.

– Бізде маңызды оқиға болып жатыр. Себебі еліміздің заң

шығарушы органы Парламент мəжілісі мен мəслихат

депутаттарының сайлауы өтті. Түптеп келгенде, осы арқылы өз

болашағымыз бен тұрақтылығымызды басты орынға қойып,

елдігімізді бекіте түсеміз, –деді.

Сайлау барысында бірінші болып алғашқы бес дауыс

берушіге сый-сияпат көрсетілді.

***


Еліміз үшін маңызды саясинауқанға аймақ тұрғындары

бірауыздан қатысты. Тіпті перзентханада жатқан аналар да өз

таңдауларын жасап үлгерді. Таңғы сағат жетіден басталған

жабық сайлау учаскесіндегі қарбалас сағат 10-ға дейін аяқталып

үлгерді. Түнде ота жасатқан əйелдер де бұл саясишарадан тыс

қалмауды ұйғарыпты. Арасында алғаш рет сайлауға қатысып

отырғандары да бар. Соның бірі – Назерке Тəңірбергенова.

Тұңғышын бауырына басқан келіншек жақында ғана он тоғызға

толыпты. Наурыз мерекесімен қатар келген мұндай

жаңалықтарды ол жақсылыққа балап отыр.

– Перзентханада жатып таңдау жасау өмірімдегі ұмытылмас

сəт болды. Бұл менің азаматтық міндетім деп білемін. Алғаш рет

қатысып отырғандықтан аздап қобалжыдым. Дегенмен,

еліміздің, балаларымыздың болашағы үшін ойланып шешімімді

қабылдадым. Қасымда жатқан өзге аналар да оның жүгін сезініп,

өз шешімдерін жасады, – дейді ол.

Ал қалалық перзентханадағы №214 жабық сайлау

учаскесінің төрағасы Олег Ким сайлауға мұндағы қатысуға тиіс

132 сайлаушының барлығы келгендігін мəлімдеді.

Бақылаушылар да ешқандай заңбұзушылықтың болмағандығын,

барлық талаптардың сақталғандығын жеткізді. Осылайша,

болашақ ел тұтқасын ұстар азаматтарды дүниеге əкелген

аналарымыз бүгінгінің қалаулыларын таңдады.

«Көз» ақпарат

Àðàëäà áàëûқ çàóûòû àøûëäû

ÑÛÐ ÑÀÉËÀÓØÛËÀÐÛ ӨÇ ÒÀҢÄÀÓÛÍ ÆÀÑÀÄÛ


3

№5-6 (91-92) наурыз 2016 жыл

КӨЗ


Сыр еліне ғана емес, республикаға белгілі

қаламгер Сарбұлақ Ибрашұлы көркемсөзде

артына сол мұра қалдырды. Үлкен өнердегі

əріптесі əрі жұбайы маған «Көз» газетін көзі

тірісінде аманат етіп берген еді. Тағдырға,

Алланың əміріне амал жоқ, Сəкең өмірден ерте

өтті, мезгілсіз кетті. Көңіл жұбанатын бір ғана жай

– артында мол руханимұра қалды. Өмірде ең

басты нəрсе – аманат, соған адал болу үшін қаржы,

ұйымдастыру, басқа да қиындықтарға қарамастан

2009 жылдан бастап «Көз» газетін шығарып

келемін, амандық болса бұл игі іс жалғасын

табатын болады. Газеттің əрбір санында Сарбұлақ

Ибаршұлының өлеңдері мен прозалық

шығармаларын, сара сөздерін беріп тұратын

боламыз. Халқы барда ақын өлмейді.



Анархан Тоңболатқызы

Ассалаумағалейкум, Жарық күн!

Қазақ деген қайтпас қайсар Халықпын.

Зымиян замандардан аман өткен

Жарып шығып тар құрсағын тарихтың.

Аман шыққан алыппын

Сен аман бол, шуақ шашқан жарық күн!

***

Бұл өмірде жақсы да бар, жаман бар,

Жамандарың қуыс кеуде надандар.

Жақсыларым елдің қамын ойлайтын

Солар нағыз от жүректі адамдар!

Мен білмеймін алда қандай заман бар,

Кезің келді ойға салып алаңдар.

Абайлаңдар, асыл текті адамдар,

Төрге шығып кетпесінші жамандар!

Аймалап самал желдің түңгі лебі,

Көңілде не жатқанын кім біледі?

Көңілдің көк дөненін сүңгіледі.

Төгіліп аспандағы ай сəулесі,

Шашылған самаладай үлбіреді.



ШАЛ БОЛДЫҚ БАЛА ЕДІК КЕШЕ ЖҮРГЕН

Уақыттың ілесіп жетегіне,

Келіп қаппын алпыстың жетеуіне.

Қамсыз-мұңсыз жүретін қайран жастық,

Қалып қойды Қаратау етегінде.

Жүзге дейін жол ұзақ жетемін бе,

Жетемін бе, жоқ əлде кетемін бе?

Кім бар жеткен Құдайдың есебіне,

Өлсем болды өзімнің төсегімде.

ОБЛЫС ƏКІМІ ҚЫРЫМБЕК

КӨШЕРБАЕВҚА

Сырбаз мінез Сыр əкімі Қырымбек,

Жаны жайсаң, жүреді ылғикүлімдеп,

Сырға келіп талай істі тындырды,

Ел айтады «Елге қамқор ұлым» деп.

Алты алашқа аты шыққан дүрілдеп,

Тектілердің тұлғасы сен Қырымбек.

Елі үшін от пен суға түсетін,

Жарқырай бер, Қырымбегім, күнім боп!

МҰСТАФА ШОҚАЙҰЛЫ

Мұстафа Шоқайұлы данышпаным,

Қаймықпай қиянатпен алысқаным.

Шет жерде жетпіс жылдай шеттеп жүріп,

Халқыңмен құтты болсын табысқаның.

Мұстафа, ардақтым-ай, арысым-ай,

Қазақтың ары менен намысындай.

Көсемі көк түріктің қайран баба,

Сағынып қалыппыз-ау дауысыңды-ай.

Шоқ басып, шындық үшін шырылдаған,

Мұстафа – ұлы туым жығылмаған.

Таймаған мақсатынан, құбылмаған,

Ұмытпас еңбегіңді ұлы далаң!

Мұстафа, кемел ойлы кемеңгерім,

Елім деп еңіреген өрен едің.

Азат ел туын тіккен Түркістанды,

Шіркін-ай, қайта оралып көрер ме едің?!

Мұстафа қазағымның қыраны еді,

Аңсаған азаттықты ұланы еді.

Азат ел, азат дала, қуан енді,

Қуан енді, айналайын Тұран елі.



Сарбұлақ ИБРАШҰЛЫ.

ЖҮРЕКТЕРДЕ СӨНБЕСІН САМАЛА-НҰР

ÑÅÍ ÀÌÀÍ ÁÎË, ÆÀÐÛҚ ÊҮÍ

Құдайға шүкір, Сыр өлкесі арғы-бергі

тарихымызда шығармашылықпен айналысатын

талантты ақын жазушылардан, жыршылардан,

журналистерден кеңде емес. «Сыр – алаштың анасы»

деген қанатты сөздің кеңінен таралуына аталған

саланың көрнекті өкілдерінің өмір жолы, халыққа

еткен еңбегі, қайраткерлігі, азаматтығы себеп болса

керек. Солардың бірі өзінің қысқа өмірінде артына

өшпестей із қалдырған журналист Сарбұлақ

Ыбрашұлы еді.

С.Ыбрашұлы журналистика саласында 1980

жылдан бері еңбек еткен, КСРО Журналистер

одағының мүшесі. 1996 жылдан “Сырдария”

газетінің, 1997 жылдан “Тіршілік”, “Күн мен Түн”,

2003 жылдан “Самала”, 2010 жылдан “Сыр сəулеті”,

“Сыр спорты”, “Көз” газеттерінің құрылтайшысы əрі

редакторы болды.

Егемен ел аталғаннан кейінгі жылдарда көптеген

тəуелсіз басылымдар жарыққа шыға бастады.

Солардың ішінде бірегейі «Самала» газеті болатын.

Газеттің бірінші нөмірі 2003 жылы 500 ғана

тиражбен шықты. Жыл өткен сайын газеттің

оқырмандары көбейіп, 4000 данаға жетті. Газеттің

шығуын халық асыға күтетін. Себебі, газет

шындықты жазды, сол кезеңдерде орын алған

əділетсіздіктермен батыл күресті, жазықсыз зəбір

көргендерге болысты. Қарапайым халық пен билік

арасындағы көпір бола білді. Қолында билігі бар

лауазымды тұлғалардың əділетсіздігін, зорлығын

газет бетінде батыл көрсетіп отырды. Мұның соңы

кейбір жылдары газетті тұншықтыруға, қудалауға,

жабуға дейін əкеліп жүрді. Бірақ, С.Ыбрашұлы бұған

м о й ы ғ а н жо қ . Қ а й т а ш и р ы ғ ы п , ө з і н і ң

қайс арлығымен, дəлелді сөздерімен сот

орындарының өзімен соттасуға дейін барып, жеңіске

жетіп отырды. Осындай оқиғалардан кейін газеттің

беделі артып, лауазымды тұлғалардың газеттегі

көтерілген сынимақалаларға жауап беруге мəжбүр

болғандарын талай рет көзбен көрдік.

Сарбұлақтың ерекше бір қасиеті - ойы ұшқыр,

қаламы жүйрік қаламгер еді. Журналистігімен қоса

бірнеше кітаптардың авторы. Қазақстан

Республикасы Журналистер одағының мүшесі. 2006

жылы “Қарт Қаратау, тіл қатшы!”, “Мақпал түндер

музасы-ай!”, 2014 жылы “Махаббат құрмалдығы”

атты кітаптары жарық көрген. “Қызғаныш

тауқыметі” кітабы Сыр елі жазушыларының 2009

жылы шыққан 200 томдығына енді. “Мұстафа

Шоқай” монографиясының авторы.

“Азия” тобы орындап жүрген, ұлы жерлесіміз

Мұстафа Шоқайға арналған керемет əннің сөзін

жазған Сарбұлақ Ыбрашұлы екендігін көпшілік біле

бермейді. Əн алғаш орындалғанда, оған таныстары

телефон шалып, құттықтап жатты. “Мұстафа

Шоқай” монографиялық кітабынан алынған өлең

жолдарына əн жазылып, оның “Азия” тобының

керемет орындап жүргенін сол таныстарынан естіді.

Кейін “Азия” тобының жігіттері Қызылордаға

келгенде Сарбұлақты концертіне арнайы шақырып,

құрметтеген көрінеді. Осы əн мазмұн жағынан жас

ұ р п а қ т ы п ат р и от т ы қ қ а , ұ л т ж а н д ы л ы қ қ а

тəрбиелейтіні ақиқат. Өкінішке орай, осы тамаша

əннің теледидардан, радиодан берілуі өте сирек. Бұл

өлкеміздегі мəдениет, білім, баспасөз саласын

басқарып отырған азаматтардың ойланатын мəселесі

болуы керек.

Сарбұлақ Ыбрашұлы 2015 жылдың қаңтар

айында кенеттен өмірден озды. Артында газеттің

қалың оқырманы қалды. Өзімен бірге газет те өмір

сүруін тоқтатты. Өкініштісі, Сарбұлақтың «Самала»

газетінің əлі де қоғамға беретіні көп еді. Газет енді

тарихтың қойнауына кетті. Иə, келер ұрпақ бір

кездері бұл газетті тарих қойнауынан іздеп тауып,

талантты журналист Сарбұлақ Ыбрашұлының

қоғамға, халыққа еткен еңбегін еске алатынына

сеніміміз мол.

Жаның жəннатта болсын, Сарбұлақ інім!



  1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал