№5 (237) 05 наурыз 2016 жыл Әлемнің жарығын сыйладың сен маған !



жүктеу 468.44 Kb.

бет1/5
Дата07.09.2017
өлшемі468.44 Kb.
  1   2   3   4   5

№ 5 (237)

05  наурыз

2016 жыл

Әлемнің  жарығын  сыйладың  сен  маған !

АНАШЫМ


Ашқыздың өмір есігін

Мен үшін жақұт есімің.

Ұйқысы тыныш болсын,-деп

Тербеттің сәби бесігін.

Бауырға басып баласын

Кей кезде ұрысып аласың.

Өзіңсің менің қамқорым

Айналайын, анашым!

Аямай нұрын өзінің

Сарқылмай сақтап төзімін.

Қапалы етсем де қанша рет,

Сақталды ана сезімің.

Қанатымнан көп демедің

Болсын деп аман бөбегің.

Түн ұйқыңды төрт бөліп

Бесікке мені бөледің.

Періште жүрек жанбысың

Ұқтырдың тағдыр сан тұсың.

Жүрегі нәзік ұлы жан

Анашым шексіз алғысым.

Қамқорым өзің қорғаным

Күн нұрым менің, гүл бағым.

Ауырмай мәңгі анашым

Жанымда жүрсең болғаны.



АЯУЛЫМ АМАНБАЙ

А.Байтұрсынов атындағы 

№10 ЖОББМ-нің

4 «ғ» сынып оқушысы

Әлемдегі ең үлкен сый  

анамның күлкісі

Ана!  Сен  неткен  құдіреттісің.  Бақытымсың,  бағымсың.  Сен  әлемнің 

жарығысың,  сенің  махаббатың  шексіз.  Даналығың  мен  даралығыңа 

басымды иемін. Сәби кезімізде сүйкімді болсақ та, есейе келе еркелікпен, 

білместікпен  кейде  жаныңды  ауыртып  жатамыз.  Жүзіңді  мұң  басса  да 

айналып  келіп,  «ботам»  дейсің.  Сол  кезде  ет  жүрегім  езіліп  кетеді,  жан 

анашым.


Менің аяулы анашымның маған деген махаббаты, мейірімді жүзі мен ыстық ықыласынан 

ерекше  сезіліп  тұрады.  Тәңірімнің  маған  сыйға тартқан  басты үлкен  сыйы осы  деп  білемін. 

Өйткені,  әлемдегі  ең  үлкен  сый  –  анамның  күлкісі.  Төл  мерекеңмен,  АНАШЫМ!  Мен  саған 

мәңгі қарыздармын.



                     Кәусар САТҚАНОВА

№6ЖОББМ-нің 7 «в» сынып оқушысы

Ақсай қаласы, Бөрлі ауданы

  

 Құтты болсын, 

гүл мереке – көктемің!

Жылы  шырайлы  көктемнің  алғашқы  күндері  барша  адамзаттың  көңілін 

жадырата  келген  осы  мерекеде  сынып  жетекшім  – 

Жайхатова ӘДЕМІ Жұбанқызын, өзім оқитын №42 «Ақ 

ниет»  гимназиясының  2  «д»  сыныбының  қыздарын 

мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге 

сұлулық пен нәрлі күш-қуат тілеймін.

Көңілдеріңіз көктемдей көрікті болсын!

Сұлусыңдар күн нұрынан жаралған.

Шапақтарың бар әлемге таралған.

Гүлдеріне жазғы күнінің ұқсайсың

Орындалсын жүректегі бар арман!



САБИНА ИЗМАИЛ

№42 «Ақ ниет» гимназиясының 

2 «д» сынып оқушысы 

Біздің қыздар қызғалдақтай құлпырған

Мен М.Б.Ықсанов атындағы №36 мектептің 2 «а» сыныбында оқимын. Біздің сыныпта жиырма алты оқушы бар. 

17-сі ұл бала болса, 9-ы қыз бала. Сынып оқушылары тату, білімді, 

ұйымшыл.  Соның  ішінде  сыныптас  қыздарымыздың  бойынан 

барлық  жақсы  қасиеттерді  табуға  болады.  Атап  айтсам,  Айзере, 

Азиза  ақылды,  Зере  сабаққа  зерек,  Жанике  жан-жақты,  Кәусар, 

Камила  кішіпейіл,  Нұрсауле,  Наргиза  нәзік,  Мәдина  мәдениетті. 

Олар  сабаққа,  мектепте  болатын  іс-шараларға  белсене,  жақсы 

қатысады. Түрлі жарыстарға, олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындар алып жүр. 

Осындай білімді де өнерлі сыныптас қыздарымызды келе жатқан мейрамдарымен 

құттықтаймыз! Дендері сау, оқуда алда болып, тек биік белестерден көрінулеріне 

тілектеспін!

ӘДІЛ ТАЛҒАТОВ

М.Ықсанов атындағы 

№36 ОЖББМ-нің  2 «а» сынып оқушысы

Анашым

Анашым ортамызда жүрсең күліп,

Болады Алатаудай еңсем биік.

Мен сенің ақ сүтіңді өтермін бе,

Әлемнің жақсылығын берсем жиып.

Той-тойлар асқар таудай ағаларым,

Мерекең құтты болсын ана жаным.

Түн ұйқыңды төрт бөлдің бір мен үшін

Еңбегіңді бал тіліммен бағаладым.

Әділжан  ХАЙРЕДЕНОВ

А.Хұсайынов атындағы орта 

мектептің оқушысы

Казталов ауданы 



Ана – өмір шырағы

  Ананың  сүті  тәтті.  Ананың  құшағы  жылы.  Жүзі 

мейірімді.  Ол  өте  қасиетті  адам.  Өйткені,  өмірге  бала 

әкеледі,тәрбиелейді,  әлпештеп  өсіреді.  Сондықтан, 

ананы жақсы көрмейтін бала жоқ. Ана біздің бақытты өмір 

сүруімізді қалайды. Барлық бала анасымен бірге бақытты 

болғысы  келеді.    Ана  деген  үш-ақ  әріптен  тұратын  сөзде 

қаншама  қасиет,  құдірет,  сезім  жатыр  десеңші.  Адам 

баласы үшін ең аяулы, ең қастерлі, қадірлі сөз – АНА. Ана 

–  адамзат  мекен  ететін  жер  шарының  әр  түкпірінде,  әр 

үйінде, мейірім мен мерейдің, достықпен туыстықтың туын 

тіккен адам. Менің анама деген көңілім, мейірімім ұшаң теңіз. Қазақтың «адам 

бойындағы қандай да бір қасиет күннің нұрынан, ананың сүтінен жаралған» 

деген даналық сөзі бар. Әрбір ана «бала үйдің берекесі» дейді. Біздің жақсы 

адамзат боп өсетінімізге сенеді. Мен де ана алдындағы парызымды ақтауға 

тырысамын. Қазақта бір сөз бар: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаңда, 

қарызыңды өтей алмайсың» деген.

Әсия ХАЗИЕВА

Х.Есенжанов атындағы ЖОББМ-нің

7 «а» сынып оқушысы, Теректі ауданы

Менің аяулы анашым!

Мінекей, көктем де келді. Жер-ана бусанып жатыр. Осы 

бір  жаңарар  шақта  аналардың  мерекесі  тойланары  қандай 

жақсы.  Бұл  заңдылық.  Мен  өзіңмен  мақтанамын  анашым! 

Өзіңнің маған деген махабатың мен үшін шексіз. Менде сені 

аялаймын. Сен жоқ болсаң үйдің жылылығы да сезілмейді. 

Сенің жан жылуың бізді жылытады. Өмірге жетелейді. 

            Анашым!  Жүзің  жайнап  күліп  жүрші.  Мерекеңмен! 

Сіз  біздің  бар  бақытымыз  бен  байлығымызсыз.  Сен  аман 

бол  анашым!  Елім  тыныш  болып,  барлық  мендей  сәбилер 

аналарыңының  құшағында  алаңсыз  өссе,  біз  бақыттымыз.  

Мерекелеріңізбен,    адамзаттың  АНАЛАРЫ!  Күн  нұрындай 

күліп жүріңіздер әрқашан.



Ақбота МҰРАТҚАЛИЕВА 

А.Жұмағалиев атындағы ОМБК-нің

4-сынып оқушысы

Қоңыр ауылы, Сырым ауданы



Ана – өмір шуағы

  Қай  ана  да  өз  баласын  жанындай  жақсы  көреді.Мен  де  анамды  жақсы  көремін.  Аналарымыз 

өз баласы үшін түн ұйқысын төрт бөліп,ақ сүтімен бізді өсіреді. Мені де анам тәрбиелеп өсірді.Мен 

өз  анамның  алдындағы    борышымды    ақтаймын.Анамды  күн  сайын  қуантып  отыруға  тырысамын.

Менің анам ақылды, мейірімді, ақкөңіл және тәрбиелі жан.Әрбір бала өз ата-анасын сыйлау керек. 

Аналардың әрқашанда күліп жүруін қалаймын.Оларды ренжітпей,қуантып жүрейік.Анасы бар адамдар 

ешқашан қартаймайды.

ЕРНАР НАУРЫЗҒАЛИЕВ

Федоровка қазақ ЖОББМ-нің

4-сынып оқушысы, Теректі ауданы

НҰРИСЛАМ ТЫНЫшҚҰЛОВ 

Трекин ЖОББҚМ-нің 

1 «ә» сынып оқушысы 


№5 (237)    05.03.2016 ж.

2

А.Хұсайынов  атындағы  орта  мектепте  аудандық 

білім  беру  бөлімінің  бастауыш  сынып  әдіскері 

Ш.Темірғалиеваның 

басшылығымен 

және 


осы 

мектептің  бастауыш  сынып  бірлестігі  мұғалімдерінің 

ұйымдастыруымен  «Бастауыш  сыныпта  оқушылардың 

функционалдық 

сауаттылығын 

қалыптастыру» 

тақырыбында семинар оздырылды.

Оқу  үрдісінде  озық  педагогикалық  технология 

тәсілдерін  пайдалана  отырып,  нәтижеге  бағытталған 

сапалы білім беруде  бастауыш сыныпта оқушылардың 

функционалдық  сауаттылығын  қалыптастыруға  және 

дамытуға  жағдай  жасау»  мақсатын  көздеген  аймақтық 

семинарғаҚарасу  ЖОББМ-нен,  Көктерек  ЖОББМ-нен, 

Оразғали  бастауыш  мектебі  мен  Ащысай  бастауыш 

мектебінің ұстаздары мен жас мамандар қатысты.

  Алдымен  төртінші  сыныптағы  математика  пәні 

бойынша дүниетану пәнімен байланыстырыла өткізілген  

ашық  сабақта  сынып  жетекшісі  Гұмарова  Айымжан 

Сүйеуғалиқызы өзінің педагогикалық шеберлігін көрсетуге  

және оқушылардың қалыптасқан білім, білік, дағдыларын 

одан әрі ұштай түсуге тырысты. Сабақтың мазмұндылығы, 

сабаққа  қатысушы  оқушылар  мен  ұстаздардың  көңілін 

сергітіп, мектеп психологі Ажар Алмасқызының өткізген 

тренингтері  белсенділіктерін  арттырды.  Мектебіміздің  І 

санатты бастауыш сынып мұғалімі Жанна Тасқалиқызы 

өзінің  «Жаңа  технологияларды  пайдалана  отырып, 

оқушылардың  шығармашылық  қабілетін  дамыту» 

тақырыбындағы жұмысын ортаға салып,  әріптестерімен 

т ә ж і р и б е 

бөлісті.  Одан 

әрі 

Ащысай 


б а с т а у ы ш 

м е к т е б і н і ң 

ұ с т а з ы 

Г ү л д а р и я 

Тастимирова 

« О қ у ш ы 

сауаттылығын 

қалыптастыру»  тақырбындағы  баяндамасын  оқыса, 

Қарасу  орта  жалпы  білім  беретін  мектебінің  ұстазы, 

жас  маман  Айымгүл  Таушанова  «Бастауыш  сынып 

оқушыларының 

функционалдық 

сауаттылығын 

қалыптастыру 

жолдары» 

атты 


баяндамасымен 

әріптестерінің  әдістемелік  қоржындарының  толығуына 

үлес  қосты.  Көктерек  ЖОББМ-нің  бастауыш  сынып 

мұғалімі Гүлмайра Өтепқызы «Оқу сапасын арттырудағы 

критериалды  бағалаудың  маңызы»  тақырыбындағы 

Кембридж  бағдарламасының  әдістемесі  бойынша 

тәжірибесімен 

алмасты. 

Гүлмайра 

Өтепқызы 

ұйымдастырған  тренингке  де  ұстаздар  белсенділікпен 

қатысты.


Айымжан ҒҰМАРОВА

А.Хұсайынов атындағы ЖОББМ-нің

 бастауыш сынып мұғалімі

Жұлдыз ауылы,Казталов ауданы



Білім мен тәжірибе тоғысқан күн

Ағымдағы ақпарат

ҚАДЫР – БАЛАЛАР 

жүРЕгІНДЕ

        Жас  ұрпақты  ұлы  ақынның  ерең  еңбегі  мен  артына 

қалдырған мол мұрасын дәріптеу, туған елін, жерін қадірлеп, 

қастерлеуге  тәрбиелеу  мақсатында  аудандық  білім  беру 

бөлімінің әдістемелік кабинетінің жоспарына сай бастауыш 

сынып  оқушылар  арасында  аудандық  «Қадыр  оқулары» 

байқауы ұйымдастырылды.

     Оқушылардың көркем мәтінді шебер оқуына, дауыс 

мәнері және тіл тазалығына, есте сақтау қабілеттеріне, сахна 

әдебін сақтауына баса назар аударылды.Қазақ поэзиясына 

деген қызығушылықтары оқушылардың Қадыр Мырза Әлінің 

өлеңдерін мәнерлеп оқу кезінде көрініп-ақ тұр. Оқушылардың 

өте жақсы әзірлікпен, тың серпінмен келгені ұстаздары мен 

ата-аналардың еңбегі.

    Әділқазылар шешімі бойыншабас жүлдені А.Оразбаева 

атындағы  ЖББНМ-нің  3-сынып  оқушысы  Ақұштап 

Қуанышқалиева иеленсе,Т.Жароков атындағы ОМ-тен Ақерке 

Мақсот,  Қарақат  Төребайқызы,  Милана  Баймағанбетова, 

А.Оразбаева атындағы ЖББНМ-нен Гюзель Нигметова, №1 

ОЖББМ-тен  Ринат Меңешов,  Алинур  Алпамыс, Балғынбек 

Өктешов,  Дияра  Нұрышовалар  да  аранйы  жүлдемен 

марапатталды.  Байқау  Қадыр  ақынның  сөзіне  жазылған 

«Атамекен» әнімен  қорытындыланды. 

Толқын КИСЕКОВА

Аудандық білім беру бөлімінің 

әдістемелік кабинеті

бастауыш сыныптар бойынша әдіскері

Жәнібек ауданы

Тәуелсіз елдің ұландары

  Ә.Жангелдин  атындағы  орта  мектепте  1-10  сынып 

оқушылары арасында өзін - өзі тану пәні 

бойынша  «Тәуелсіз  елдің  ұланымын» 

тақырыбында 

эссе 


жазу 

сайысы 


оздырылды.

Оқушылар  Тәуелсіздігіміздің  оңай 

келмегендігін,  ата  –  бабаларымыздың 

ерлігіназ  уақытта    өз  жандарынан  өлең 

шумақтарын  жарыса  жазып,  өзара 

сынға түсті. Эссе жазу бағамы бойынша 

жүлделі  I  орынды  9-сынып  оқушысы 

Н.Ахметова, II орынды 6-сынып оқушысы 

М.Давлетов III орынды 2-сынып оқушысы 

Қ.Медхатов  иеленді.  Белсене  қатысқан  оқушылар  түрлі 

мадақтамалармен марапатталды. 

 Айгерім САПАРОВА

Ә.Жангелдин ЖОББМ-нің

Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі,Жаңақала ауданы

ДАРЫНДЫ ҰРПАҚ – ЕЛ БОЛАшАҒЫ  

Аудандық білім беру бөліміннің ұйымдастыруымен бастауыш сынып оқушыларының арасында аудандық «Озық 

ойлы дарындылар»  интеллекуалды олимпиадасы оздырылды.     

Олимпиада  бастауыш  мектеп  жасындағы  дарынды  балаларды  ерте  анықтау  және  психология-педагогикалық 

жетектеу, оқушылардың оқу-танымдық жұмысын ынталандыру, энциклопедиялық білімді насихаттау және бастауыш 

мектеп  жасындағы  оқушылардың  ғылыми,  жұмысқа  қызығушылығын  дамыту,  жетістікке  білім  арқылы  жету  және 

сауаттылықтың  абыройын  көтеру,  оқушылар  арасында  интеллектуалды  ойындарды,  сайыстарды,  жарыстарды, 

олимпиадаларды  кеңінен  тарату,  еліміздің  болашақ  интеллектуалды  элитасын  қалыптастыру,  нақты  ғылымдар, 

гуманитарлық ғылымдар және жазба жұмысы «Тәуелсіздік тұғырым», жаратылыстану ғылымдар, эрудиттер турнирі 

кезеңдері бойынша өтті. 

Бастауыш сыныптар арасындағы бұл білім сайысында оқушылардың дайындығы ізденістері ұстаздарды ғана емес, 

әділ қазылар алқасы мүшелерінде тәнті қылды. Жеті бағытта өткен білім бәсекесінде бастауыштың балғындары өз 

мектептерінен үздік шығып топқа түскендіктерін намысты қолдан бермейтіндіктерін дәлелдеп, нәтижесінде бас жүлдеге  

Ғ.Абдуллин атындағы ЖББОМ-тің 4-сынып оқушысы Жанна Жұбан, (мұғалімі А.Абдолова), І орын №1 ОЖББМ-тің 4 «в» 

сынып оқушысы  Денис Буланов (мұғалімі Н.Кушанова), ІІ орын ЖББ Т.Жароков атындағы ОМ-тің 4 «ә»сынып оқушысы 

Анар  Жүсіп  (мұғалімі  М.Ниқашева),  ІІІ  орын  Ұзынкөл  ОЖББМ-тің  4-сынып  оқушысы  Зәуреш  Сыдиховаларлардың 

(мұғалімі Р.Тулеуова) жұмыстары облысқа жолданса, қалған оқушылар пән бойынша аталымдарға  ие болды.                                                       

Лиза САПАРОВА

Х.Халиуллин атындағы ЖББОМ-нің

бастауыш сынып мұғалімі, Жәнібек ауданы

Ойлы болсаң 

озып көр 

Жақында  мектебімізде  5-сыныптар  арасында  оқушылардың 

ана  тіліне  деген  сүйіспеншілігін  арттыру,  тілді  құрметтеуге 

тәрбиелеу, озық ойлы тұлғаны қалыптастыру мақсатында «Ұшқыр 

ой мен шешен тіл» атты 

интеллектуалды  ойын 

сабағы  оздырылды. 

Бес 


айналымнан 

тұратын 


ойын 

сабағына  «Сұңқар», 

«Тұлпар»,  «Болашақ» 

командалары қатысты. 

Алдымен 

«Ұшқыр 


ой» 

айналымында 

оқушыларға 

қазақ 


тілі  пәнінен  сұрақтар 

қойылды. 

Екінші 

кезекте 


 

«Құпия 


сандық»  білім  сынағында  жұмбақ    жасырылып,  оқушылар 

жұмбақтың шешуін екі тілде (қазақша, орысша) айтулары керек 

болды. Үшінші  айналымындағы «Әріптер сайысында». Әріптер 

жазылған    бірнеше  қима  қағаздарының  бірін  таңдап,  қойылған 

сұраққа сол дыбысқа басталатын сөзбен жауап берді. Төртіншіде 

«Айшықты  сөздер»  айналымында  әр  топқа  бірнеше  тұрақты 

сөз  тіркестері  берілді.    Ойынның  соңғы  айналымы  «Талапкер» 

деп  аталды.  Оқушыларға    өлең  жолдары  беріліп,  көп  нүктенің 

орнына  сөздер  қойып,  өлең  құрастырған  оқушылар  бұл  білім 

сынынанда  сүрінбей  өтті.  Әділ  қазылар  сәйкесінше  топтарды 

мақтау қағаздарымен марапаттады.

Асхат жЕҢІСҰЛЫ

 № 1 ОЖББМ-нің мұғалімі, 

Жәнібек ауданы

Встреча  учеников 9-х классов СОШ №45  со студентами  

Профориентационная    работа  в  школе  на  современном  этапе  должна  обеспечить  взаимодействие 

школы,  семьи,  учреждений  профессионального  образовании,  промышленных  предприятий,  общественных 

организаций.

        В течение этого учебного года с  учащимися 9 –классов  СОШ №45 проводились  профессиональные  

консультации,    как  классными  руководителями,  так  и  психологом  школы  —  оказание  помощи  учащимся  в 

профессиональном самоопределении с целью принятия осознанного решения о выборе профессионального 

пути  с  учетом  его  психологических  особенностей 

и  возможностей.  Это  проведение  анкетирования, 

тестирования  с дальнейшей диагностикой.

                Одной  из  форм  взаимодействия    школы  и 

учреждений  профессионального  образования  являются 

встречи  представителей  профессиональных    учебных 

заведений  с учащимися школ.

11  декабря  2015  г.  Студенты  Высшей  технической 

школа  города  Уральска,а    в  прошлом  выпускники  нашей 

школы Тулегенов Айдар и Прудникова Лариса во главе с 

заместителем  директора по воспитательной работе Келбетова Э.С. с радостью откликнулись посетить свою 

родную школу. Тулегенов А.учится на 4 курсе по специальности «Радиотехника и связь», Прудникова Л. На 2 

курсе  по специальности «Вычислительная техника и программное обеспечение». 

            В ходе  встречи  они поделились своими  достижениями  за время учебы, показали  видеоролики 

с    конкурсов  и  олимпиад,  в  которых  они  участвовали,  давали  советы,  отвечали  на  вопросы  учащихся  9-х  

классов.Келбетова Э.С. сообщила, что  единственная в  Западно-Казахстанском  регионе  Высшая техническая 

школа  оказывает  услуги  в  сфере  технического,  профессионального  образования,  осуществляя  подготовку 

специалистов  с  образованием  на  базе  9  и  11  классов  средней  школы.Список  специальностей  насчитывает 

более 17 наименований. И все они востребованы на рынке труда.

           Учащиеся 9 «в» класса провели со студентами  небольшую  пресс-конференцию, на которой Ларисе 

и Айдару необходимо было аргументировано ответить на вопросы,  связанные с  выбором  своей профессии. 

Примерные вопросы «журналистов» были такие: какие качества характера и способности  необходимы для 

выбранной вами  профессии, пользуется ли спросом эта профессия на рынке труда, полезна ли эта профессия 

для общества, где ты будешь работать  после  получения диплома  т.д. Ребята с удовольствие  отвечали на 

вопросы девятиклассников.Встречи  такого рода помогают учащимся 9-х классов, которые  решили продолжить 

свое обучение  в колледжах, лицеях, сделать свой правильный выбор.



С.ЧЕСНОКОВА

СОШ№45 классный руководитель 9 «в» класса



№5 (237)    05.03.2016 ж.

3

«МҰҚАҒАЛИ – МӘҢгІЛІК ҒҰМЫР»

Ақиық  ақын,  Қазақ  поэзиясының 

Хантәңірі  атанған  Мұқағали  Мақатаевтың 

туғанына 

85 

жыл 


толуына 

орай  


Бөрлі  ауданының  Орталық  балалар 

кітапханасының 

ұйымдастыруымен  

«Мұқағали  –  мәңгілік  ғұмыр»  атты  

поэзия  кеші    өтті.Шара  барысында  

Ақынның  өмірбаяны    оқылып,    слайд 

турінде  бейнебаяндары  тамашаланды.

Кітапханамыздың    оқырмандары  Жакиев 

Ернар,  Жакашева  Мөлдір,  Сапарова 

Асем, Бисенова Аяулым, Баянова Назым, 

Танебергенова Ақбота, Жолдығали Ерназ, 

ақынның  «Ей, өлең», «Поэзия», «Шеше, сен бақыттысың», «Қара өлең», «Арыз жазып 

кетейін»  т.б  өлеңдерін  нақышына  келтіріп  оқып  берсе,  поэзияны  жанындай  жақсы 

көретін  3-сынып  оқушысы  Мақсот  Ислам  «Отан»  өлеңін  мәнерлеп  оқып,    шараға 

қатысушылардың  патриоттық  сезімдерін  оятты.Сонымен  қатар,    ақынның  алтын 

қордан алынған  «Пай-пай өмір», «Есіңе мені алғайсың» атты өлеңдері  де өз даусында 

тыңдалды. Шараға сай жасақталған «Мұқағали – ғажайып біртұтас әлем» атты кітап 

көрмесіне  библиографиялық  шолу  жасалып,  оқырмандар    ақынның  кітаптарымен 

жақынырақ танысты.

Айнұр шАРИПОВА

Орталық балалар кітапханасының кітапханашысы 

Бөрлі ауданы  

Қазақ поэзиясының 

Хан Тәңірі

Қазақтың  лирик  ақыны,  мұзбалақ  ақын,  өз  заманында  лайық 

бағасын  ала  алмаса  да  өзінен  кейінгілер  үшін  мәртебесі  биік, 

ақиық  ақын.  Жырларын  іздеп  жүріп  оқитын  оқырманы  бар  ақын 

шығармалары  әдебиетіміздің  мұрасы.Шара  мақсаты  ақын 

Мұқағали Мақатаевтың 

өмір 

жолымен, 



шығармашылығымен 

таныстыру, 

туған 

жерді  сүюге,  ақын 



жырларынан 

үлгі 


алуға,  оқушылардың 

с ө й л е у , о й л а у 

мәдениетін 

дамыту, 


эстетикалық  талғамы 

оқырман тәрбиелеу.  

№3 кітапхана филиалы  №12 мектептің 8 «а» сынып жетекшісімен 

бірлесе  ақынның    мерейтойына  орай,  «Қазақ  поэзиясының  Хан 

Тәңірі» портреттік кеш өткізді. Мақатаев өмірі туралы  слайд арқылы 

оның  творчествосымен  де  толықтай  танысуға  мүмкіндік  алды. 

Ақынның поэзиясынан өлеңдер оқылып, ақын өлеңдеріне жазылған 

әндер  айтылып,  қазақтың  ұлттық  «Қаражорға»  биі  де  биленді. 

Ақынның 1973 жылы жазылған «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан 

қойылған көрініс көрермендерге ерекше әсер етті.



 Д.НИҒМИТУЛИНОВА

№3 кітапхана филиалының кітапханашысы

 Орал қаласы

Қазақ  жырының  қара  бурасы  атанған  Мұқағали 

Мақатаевтың  өмірі  мен  шығармашылығы  туралы 

деректер  келтіріп,  ақын  өлеңдерінің  мазмұнын 

ұғындыру,  жатқа  оқыту.  Ақынның  шығармашылық 

дүниесімен  таныстыра  отырып,  ақиық  ақын 

Мұқағалиды шексіз сүюге, жас буынды поэзия нәрімен 

сусындату, ақын өлеңдеріне деген сүйспеншіліктерін 

ояту мақсатында Шежін балалар  кітапханадасында 

мәдениет  үйінің  қызметкерлерімен  бірлесе  отырып,   

ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 85 жыл 

толуына  арналған   



«Аманат  бір  өзіңе  жырым  – 

Сырым»  атты  әдеби-

сазды сағат өткізілді. 

Шара    барысында 

ақынның  өмір  жолы, 

ш ы ғ а р м а ш ы л ы ғ ы 

б е й н е с л а й д , 

б е й н е р о л и к 

арқылы 


оқырман 

назарына 

ұсынылды. 

Ақынның 


 

«Бүгін 


менің  туған  күнім»,  Қайран  қара  сазым-ай! 

  «Отан»,  «Әкеме»,  «Пай,пай,  өмір!»,  «Құт  мекені», 

«Ғашықпын»,  «Дос»  атты  өлеңдерін    орта  буын 

оқушылары  жатқа  оқып,  ақынның  сөзіне  жазылған  

«Үш  бақытым»,  «Сәби  болғым  келеді»,  «Есіңе  мені 

алғайсың»,  «Бақыт  деген»,  «Күрең  күз»  әндері 

орындалды.  Бейнеслайд  арқылы  ақынның  ерте 

дүниеден  озған  қызы  Майгүлге  арнап  жазған  өлеңі, 

«Аққулар  ұйықтағанда»  поэмасы  оқырмандардың 

жүрегін  тебірентіп,  ақынға  деген  сүйіспеншілігін 

арттыра  түсті. Шараға «Өнеге» әжелер ансамблінің 

мүшесі  Кадралиева  Нұрзия  апай  және  6-9  сынып 

оқушылары  сынып  жетекшілерімен  бірге  қатысып, 

ардагер  ұстаз  Сара  Ержанова  ұйымдастырылған 

шараға  ризашылығын  білдіріп,  жастарды  ақын 

жырларынан  үлгі  алуға,  поэзияны  сүйе  отырып, 

сұлулықпен  махаббатты  тануға,  адамгершілік  пен 

мейірімділік  қасиеттерін  өз  бойларына  сіңіре  білуге   

шақырды.  Оқырман  назарына  «Жырлайды  жүрек» 

атты кітап көрмесі ұсынылды.




  1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал