№5 (213) 17 наурыз 2015 жыл



жүктеу 0.53 Mb.

бет1/6
Дата24.02.2017
өлшемі0.53 Mb.
  1   2   3   4   5   6

№5 (213)

17  наурыз

2015 жыл

Ел ер


Ұлағаты мол –Ұлы мейрам

Жер-ана  бусанып,  бар  табиғат  тіршілікке  еніп, 

адамдар да, жан-жануарлар да бастарын көтеріп қыстан 

аман шыққандарын тойлап, жан-жақтарына қарап,  күннің 

нұрынан,  шуағынан  жылылық  сезініп  ерекше  бір  күйге 

енеді.Бұл  көктем  мерекелерінің    тоғысқан    махаббатқа 

толы  наурыз айының кереметі.

Наурыз 


айы-бұл 

халқымыздың 

ежелден  желісі  үзілмей  жеткен  көне  салт-дәстүрлері 

мен әдет ғұрыптары рухани, мәдени және адамгершілік 

дүниеміздегі 

қымбат 


қазыналарымыздың 

бірі. 


Маусымдық  мерекелерге  жалпы  халықтық  тойлар 

жыл  басы  тойы  -  Наурызды  тойлаймыз.  Осы  Наурызда 

өзіміздің  «қазақ»  екенімізді  сезінеміз.Балалар  осындай 

халықтың ұрпағы екендігін мақтанышпен  айтады. Өзіміздің 

қаймағы бұзылмаған ұлт екендігімізді  тек қана осы Наурыз 

айы келе бастағаннан-ақ сезе бастайтындаймыз.

 Яғни, салт - дәстүр дегеніміз - халықтың рухани өзегі, 

мәдениетінің  діңгегі,  тілінің  тірегі.  Олай  болса,  салт-

дәстүрімізді  білетін,  әдет-ғұрыптарымызды  құрметтейтін 

халықтың ұрпағы бола тұра  мен соған лайық тәрбие алғым 

келеді.Қоғам өзгерді,жаһандану деп өзінің тілін білмейтін 

балалар  көбейіп  жатыр.Тіл  білмеген  менің  құрбыларым 

салт-дәстүр  дегенді  қалай  дәріптесін,  –  деп  ойлаймын. 

Ата-аналарымызбен бірге бесікте жатып-ақ ана әлдиімен 

келетін барлық  ұлттық санамызды қалыптастыруда ата-

аналарымыз белсенділік танытса екен. 

Наурыз  мерекесі  ежелгі  заманнан  басталып 

қалыптасқан 

жыл 

бастау 


мейрамы.  Наурыз  мерекесі-

әжеміз  бесік  жырын  айтып, 

анамыз    тұсауымды  кесетін, 

әкеміз  атқа  шауып,  құрбы-

құрдастар  жымиып  алты  бақан 

тебетін,  іні-  сіңлілеріміз      ұлттық 

киімдерін киіп,«наурыз көже» ішіп, 

халық  бір-бірімен  мәз-мейрам 

болып    бар-мейірімдерімен  бір-

бірін құттықтайтын  киелі мереке.

Ендеше  Наурыз  мерекесі-  мен 

үшін де барша қазақ халқы үшін 

де  ұлттық  ерекшеліктерімен  құнды,  тәлім-тәрбиелі  ай 

екенін әр кез өз қатарластарыма осылайша насихаттағым 

келеді. 

Балмира МИФХАТОВА

№6 ЖОББМ-нің 5 «в» сынып оқушысы

Ақсай қаласы, Бөрлі ауданы

Наурызым-

мақтанышым!

«Ұлыстың  ұлы 

күні  –  Наурыз 

м е й р а м ы » 

қ а р с а ң ы н д а 

мектебімзде  «Қош 

келдің, әз-Наурыз» 

атты 


мереке 

оздырылды.  Бұл 

шара 

мектептің 



спорт  залында  барлық  сыныптардың  қатысуымен 

театрландырылған  көрініс  түрінде  өтті.  Қазақтың  ұлттық 

салт-дәстүрлері,  атап  айтсақ  «Бесікке  салу»,  «Тұсау 

кесу»,  «Құда  түсу»,  «Ұлттық  ойындар»,  «Ұйқыашар», 

«Селт  еткізер»    шынайы  түрде  көрсетілді.  Әр  сынып 

ұлттық тағамдардан дастархан жайып, келген қонақтарға, 

ата-аналарға, ұстаздарға дәм татқызды. 

Ауылдық  округі  бойынша  өткізілген  «Наурыз 

мейрамына»  арналған  шарада  да  мектеп  ұжымы  шет 

қалған  жоқ.  Жоспар  бойынша  әрбір  мекемеге  ұлттық 

салт-дәстүрден  көрініс  көрсету,  елімізде  достық  қарым-

қатынаста  тұрып  жатқан  әрбір  ұлттың  дастарханын 

дайындау  тапсырылған  еді,  мектеп  ұжымы  «Құда  түсу» 

салтын  және өзбек ұлтының дастарханын жайып, көрермен 

тарапынан зор ықыласқа ие болды. Сонымен бірге арнайы 

стенд-көрме  жасақталды.  Бұл  көрмеде  оқушылардың 

«Наурыз  мейрамына»  арнаған  қолөнер  туындылары 

қойылды. 

Мектеп 

ұстаздары Ж.Кұрмашев 



Ж. 

Т.Бекетаев, 

Г . Ж а м а н к ұ л о в , 

Қ . Т а б ы л д и е в а , 

А . К а д р а л и е в а , 

Л.Ескалиева 

наурыз 

мерекесінің 



мәдени 

шарасына 

белсене 

қатысты. 

Бір  сөзбен  айтқанда  тәуелсіздігіне  тәу  еткен  мереке 

ауылының кәрі-жасы «ұлағаты мол ұлы мейрамымыздың 

бергенінен берері мол болғай»,- деп тарқасты.

Анаргүл МЕҢДІҒАЛИЕВА,

Жалпы орта білім беретін Мереке

мектеп-балабақшасының 11-сынып оқушысы

Мереке ауылы,Тасқала ауданы

Міне, наурыз айы да келіп жетті.Бұл айда жаңа жылмен 

қатар    адам көңіліне жылулық  пен сұлулықтың да қатар  

енетіні сөзсіз.

Бірінші күнінің өзінде –ақ  табиғатта аса бір өзгешелік 

сезілмесе де,  жүздері әлдебір қуаныштан бал-бұл жанып 

тұрған  бүлдіршіндердің  «Ұстаз,  бүгін  көктемнің  алғашқы 

күні  ғой»    деген  қуанышты  үнін  естігенде  –ақ    осы  айда  

адам көңілін жібітіп, бойын сергітетін, жүрекке имандылық 

ұялататын тылсым құдірет бар ма деп  қаласың...

Шынында,  бұл  айда  бүлдіршіндер  көңіліне  қуаныш 

сыйлайтын мерекелер өте көп. Ұстаздық еткен 20 жылдың 

ішінде  осы  айдың    бір  күнін 

жайбарақат  өткізген  бір  де 

–бір  ұстазды  көрген  емеспін. 

Өйткені  алдағы  мерекелерді  

оқушылар мен ата-ана көңілінен 

шығатындай етіп  ұйымдастыру 

- әр ұстаз үшін үлкен сын.

8-  наурыз  -  Халықаралық  

Әйелдер  күні,  14-  наурыз 

–Көрісу күні, 22- наурыз – барша 

мұсылман  қауымының    Жаңа 

Жылы –  ерекше тәрбиелік мәні 

бар маңызды мерекелер.

Әсіресе, 

бастауыш 

сыныптарда      әзірлік    айдың  бірінші  күнінен  басталып 

кетеді.  Сүйікті  аналарына,  әпкелеріне,  қарындас-

сіңлілеріне  өз  қолдарымен  сыйлық  жасау  –  бастауыш 

сынып жасындағы балалар үшін  

ең  сүйікті  істерінің  бірі  болса, 

балаларының  өз  қолдарымен 

жасаған  сыйлықтары    әр  ана 

үшін  баға жетпес  байлықпен тең 

.Сонымен  қатар  әр  бүлдіршінге  

тақпақ жаттатып, ән айтқызу, би 

үйрету де – ұстаз міндеті.

Бұл  мерекені  абыроймен 

атқарған  әр  ұстаз  жаңа  жыл 

мерекесінің қамына кіріседі.

Осы  бір  мейрамдардың 

арасында      рухани  құндылығы 

мол    Көрісу    күні    де  аталып 

өтеді. 


Бұл  мерекенің    ұлттық 

дәстүрімізді дәріптеуде, ұрпақты 

ұлтжандылыққа,  имандылыққа  

тәрбиелеудегі    қырларын  ашу 

да  - ұстазға артылатын міндеттердің бірі. Осы күндері ата-

әжелеріне  басқа  да  жасы  үлкен    туысқандарына  барып 

көрісіп,  бата  алудың    маңызын  бүлдіршіндер  санасына 

ұялатуға тырысамын. 

Биыл    Қазақстан  халқы  Асамблеясының  20 

жылдығына  байланысты  мектебімізде  ұлттар  достығын 

дәріптейтін  ауқымды  шара  оздырылғалы  отыр.  Біздің 

сыныпқа Корей халқының салт- дәстүрін  көрсету  туралы 

тапсырма  берілді.  Бұл  тапсырманы  ойдағыдай  атқарып 

шығатынымызға    сенімдімін.  Өйткені  менің  кішкентай 

болса да , болашақтары зор 25  шәкіртім бар ғой! Жұмыла 

көтерген жүк қашан да жеңіл болады  емес пе?

Ендеше, бірлігімізді ту қылып, тыныштығымызды  жыр 

қылып,  ұлағатты  ісімізді  абыроймен  атқарып  жүрейік, 

әріптестер! Жаңа жылымыз,   бақытты жыл болсын!

Т.ӨТЕШЕВА

Казталов ОЖББМ-нің  

бастауыш сынып мұғалімі,  Казталов ауданы

Шұғыласы мол шуақты мереке



№5 (213)    17.03.2015 ж.

2

   Жақында №37 жалпы орта білім беретін мектебінде өсіп келе жатқан жас буынға өнер адамдарының талантын, 

дарынын паш ету,үлгі-өнеге тұту мақсатында жерлесіміз Ақжайықтың жас өрен жүйрігі, ақын, айтыс өнерінің ақтаңгері 

Талғат Мықиевпен қазақ тілі мен әдебиеті  пән  бірлестігі сыр-сұхбат  ұйымдастырып, бетпе-бет жүздесуде мектептің 

өнер-білімге құштар өрендері  ақынмен жақынырақ танысып, сыр бөлісті.

 Бүгінде   жастар арасындағы айтыс өнерінде де, жазба поэзияда да өзіне ғана тән ерекшеліктерін байқатып жүрген  

жас ақынның өмірі мен шығармашылығына 8 «в» сынып оқушысы Б.Жақсылықова презентация дайындап оқушыларға 

ақын өмірінен сыр шертсе, Н.Әди, Т.Жеңісова, Г.Гайсиева, 

Л.Дуйсекенова, А.Амангелдиева  сынды оқушылар ақынның 

«Жан  дауыс»,  «Қылшыққұм»  жинақтарынан  махаббат 

сезім,  ел  мен  жер  тақырыптарымен  қатар,  ақынның 

азаматтық  үнін  білдіретін  жыр  шумақтарын  мәнерлеп 

оқыды.  Мектебіміздегі  қазақ  поэзиясына,  қазақтың  қара 

өлеңіне  елең  етіп  жүрген,  ақындыққа  құштарлығы  бар 

шәкірттеріміз А.Шалабаев, Г.Насимуллина, Д.Науханова, 

Т.Жеңісова өздерінің қаламынан шыққан дүниелерін оқып 

ақынның    ақ  жолтай  тілек-батасын  алды.  Құқық  пәнінің  

мұғалімі  –А.Кенжегалиева  өзінің  төл  туындысы  «Қадыр 

ақын рухымен тілдесуін» оқыды. 

Шара 


барысында 

ақындық 


шабытымен, 

суырыпсалма  дарынымен  үлкенді-кішілі  айтыстарға 

қатысып,  өз  бағасын  алып  жүрген  айтыс  ақынының 

айтыстағы  бейнесінен  экранда  үзінділер  де  көрсетіліп, 

«Суырыпсалма  дарындылық,  яғни  айтыс  ақыны  болу 

үшін,  қарсыласыңызды  сүріндіру  үшін  айтыс  алдын  ала 

әзірлікті  қажет  ете  ме?»,«Ақындыққа,  айтыс  өнеріне 

баулыған  ұстазыңыз  барма,  жалпы  бұл  дарын  сізге  қайдан,  қалай  дарыды?»,  «Өнердегі  достарыңыз,  сырласыңыз 

кім?», «Арман-мақсатыңыз, алдағы жоспарыңыз қандай?» сынды сұрақтарға оқушылар жауап алып, ақыннан қонақкәде 

сұралып,  ақын  өзінің  айтыстағы  мақамымен  домбырасын  шертіп  «Мектепке  арнау»-ын  әзіл-шыны  аралас  өлеңмен 

өрілген жыр-шашуын  арнап, тыңдарман қошеметіне бөленді.

Шараны қорытындылаған бірлестік жетекшісі Есенова Бекзат Бақтығұлқызы, мектеп басшысы Мурадимова Тамара 

Мусақызы осындай әсерлі, тағлымды кездесу кештерінің өсіп келе жатқан жас буынға үлгі-өнеге боларлық тәлімі мол 

екенін айта келіп , ақынға поэзия әлемінде өзіндік өлең өрнегімен дараланып,шыңдала беруіне зор шығармашылық 

шабыт тілеп, алғысын білдірді. «Өнер алды-қызыл тіл» демекші, әдебиетті, өнерді сүйетін  балғын өрендер кеште дән 

риза болып,ақынды қаумалап, қолтаңба алып ,мәре-сәре болып  алған әсерлерін бір-біріне айтып шат-шадыман әсерге 

бөленді.

Ботакөз  ЖАСАНОВА

№37 жалпы орта білім беру мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

«ҮЗДІК СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІ 

АНЫҚТАЛДЫ»

 

Жалпы  орта  білім  беретін  Мереке  мектеп-балабақшасында  оқу 



жылының  екінші  тоқсаны  басында  сынып  жетекшілерінің  бір  жылғы  еңбегін 

саралап,  оларды  өз  дәрежесінде  марапаттап,  бағалау  үшін  «Үздік  сынып 

жетекшісі – 2015» байқауы ұйымдастырылды. Байқауға төрт сынып жетекшісі 

қатысты. Олар әрбір мектепішілік әдістемелік бірлестік мұғалімдері: 7-сынып 

жетекшісі  Гүлназ  Нагимова  /жаратылыстану-математикалық/,6-сынып 

жетекшісі  Аида  Өтепқалиева  /гуманитарлық/,  3-сынып  жетекшісі  Эльмира 

Валиева /бастауыш сыныптар/, шағын орталық тәрбиешісі Алтынай Малаева /

мектепке дейінгі ұйым/. 

Алдымен  қатысушыларға 

алдын  ала  байқаудың  мақсаты 

мен  міндеттері  таныстырылып, 

тапсырмалар берілді. Байқаудың 

шарты 

бойынша, 



сынып 

жетекшілеріне өздері жетекшілік 

ететін сыныптарда ашық тәрбие 

сағаттары 

мен 

ата-аналар 



жиналысын өткізу тапсырылды. 

Барлық 


ұйымдастыру 

жұмыстары  мектептің  қосымша 

білім  беретін  педагогы  Ж.Жұмагалиеваға  жүктелді.  Байқау  шарты  бойынша 

үміткерлер  алдымен    өздерін  өлең  жолдарымен  таныстырды.  Онан  кейін, 

«Сынып  жетекшісінің  өмірінен  бір  күн»  атты  слайд  көрсетіп,  өз  қолдарымен 

жасалған  бұйымдарды  көрерменге  ұсынып,  қазылар  алқасынан  қойылған 

тосын  сұрақтарға  да  жауап  берді.  Байқауға  қатысушы  сынып  жетекшілеріне 

өздері  жетекшілік  ететін  сынып  оқушылары  ән-жырдан  сыйлық  жасады. 

Балабақша  тәрбиеленушісі  Еламан  Әлішер  тақпақ  айтса,  3-сынып  оқушысы 

Жарқынай  Дюсенгалиева  «Ұстазыма»  өлеңін,  6-сынып  оқушысы  Бақытқали 

Аяжан «Сүйікті ұстазыма» атты арнауын, 7-сынып оқушысы Ілиясова Балсұлу 

мың  бұрала  «Қазақ  биін»  билеп  берді.  Сонымен  бірге  мектептің  саз  пәні 

мұғалімі  Е.Шайдуллин  ұстаздардың  әнұраны  «Ұстазым»  әнін  шырқап,  бір 

серпілтіп тастады.

Байқауға  қатысушы  сынып  жетекшілерінің  екі  тоқсан  арасында  атқарған 

жұмыстарын  әділқазы  мүшелері  сараптай  келе,  бас  жүлдені  Э.Валиева, 

І-орынды  А.Малаева,  ІІ-орынды  Г.Нагимова,  ІІІ-орынды  А.Өтепқалиевалар 

өзара бөлісіп, естелік сыйлықтармен, мадақтамалармен марапатталды.



Қуаныш МАЮКОВ,

ЖОББ Мереке мектеп-балабақшасы

директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

   Мереке ауылы,Тасқала ауданы

Отбасылар байқауы

Тайпақ ауылының «Балбұлақ» мектепке дейінгі ұйымының  ата – аналары 

арасында    қарым  –  қатынасты  нығайту,  балалардың  дене  мүшелерінің 

сұлулығын  қалыптастыру, 

қимыл 

– 

қозғалыс 



қабілеттерін 

дамыту, 


оларды 

жылдамдыққа, 

ептілікке, 

төзімділікке  

үйрету, қимылды ойындарға 

деген 


қызығушылығын 

арттыру 


мақсатында, 

«Балбөбек» 

тобының 

тәрбиешісі Алпаева Күлшат 

Т ө л е п б е р г е н қ ы з ы н ы ң 

ұ й ы м д а с т ы р у ы м е н  

«Отбасым 

менің 


– 

тірегім»  атты  алты  кезеңнен  тұратын  сайыс  өткізді.  Сайысқа:  Кубаевтар, 

Жаксимбетовтар,  Масеновтар  отбасылар  қатысты.  Спорттық  сайыс 

нәтижесінде І орынды Құбаевтар отбасы иеленді.

Осындай  тәрбиелік  мәні  зор,  балаларды  қызықтыра  алатын  шараларды 

мейрам  сайын  үнемі  өткізіп  отыратын,  жауапкершілігі  мол  Күлшат 

Төлепбергенқызының    тобында  балаларымыздың  тәрбиеленіп  отырғанына, 

ризашылығымызды ата – аналар атынан білдіремін.



 Райхан ЕСҚАБЫЛОВА,

 «Балбөбек» тобының ата –анасы  Тайпақ ауылы, Ақжайық ауданы



Ағымдағы ақпарат

2015 -  Года 

Ассамблеи 

народа 


Казахстана

По  всей  стране  стартуют 

мероприятия, 

посвященные 

открытию 

2015 


 

Года 



Ассамблеи народа Казахстана . В  школьной библиотеке №8  с учащимися 

6  «а»  класса  был  проведен  тематический  час    «Бірлік  –  береке  бастауы».  

Открыла  мероприятие  Менслу  Утепкалиевна    Арыкова      с  рассказами  об 

истории  деятельности  Ассамблея народа Казахстана. Вниманию учеников 

были  представлены  книжная  выставка,  обзор  выставки,  показ  слайдов  об 

Ассамблеи  народа  Казахстана.Украсило  мероприятие  выступление  детей 

разных  национальностей  хороводом    дружбы  ,  читали  стихи  о  дружбе,  о 

Казахстане, на казахском и  русском языках это:  Сятова Альфия, Мещерякова 

Валерия,  Мурзашев  Карим,  Левковский  Артем,  Джумагалиев  Айдар,  Адиев 

Бекнар,  Кеслер  Юлия.    В  конце  мероприятие  провели  мини  путешествие, 

было задание написать на стикерах. 

Мы живем в мире и согласии, помогаем друг другу, плодотворно трудимся 

на благо Отчизны. Единство и согласие – золотое достояние Казахстанцев. 

Глава государства Нурсултан Назарбаев отметил: « Каждый народ сам несет 

отвественность за сохранение мира в своей стране. 

А.БАЙЖАНОВА

 Зав филиала №16, г.Уральск

Бірлігі жарасқан  

біртұтас елміз

«Дамудың сыры – бірлікте, Табыстың сыры – тірлікте 

екенін баршаңыз білесіздер. Мұратқа жолын тапқан жетеді. 

Еңбегіміздің  жанбағы  біздің  ортақ  үйімізді  бейбітшіліктің 

бесігі етіп, барды бағалай білуімізге байланысты. Қазақты 

қасиетті  қара  шаңыраққа  баласақ,  еліміздегі  барша 

этностар  –  сол  шаңыраққа  шаншылған  уықтар»  -  деп 

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай елімізде 2015 жыл 

Ассамблия жылы  болып жарияланды.  Тайпақ ауылында  

осы  мерекенің  ашылуына  орай,әкімшілік  алдына  сахна 

қойылып,  аудан  әкімінің    орынбасары  Т.Шиниязов  ауыл 

тұрғындарын  осы  мерекемен  құттықтап,  ардагерлер 

кеңесінің төрағасы Г.Садиров Ұлттар достығы туын көтерді. 

Ауылдық  кітапхана  меңгерушісі  С.Тлекиева  мерекеге 

түсініктеме берді.

 

Осы 


шаралар 

легін  Тайпақ  мектеп  – 

гимназиясы - өзбек ұлтын,  

Қ.Байсықов  ЖОББМ-  і 

–  орыс  ұлтын,  Краснояр 

ЖОББМ-і украйна ұлтының 

ұлттық нақыштары көрсету 

арналған 

көрмелерімен 

ауыл  халқын  таң  тамаша 

етті.  Сол  ұлттың  биін, 

тағамдарынан  дәм  татқызып,  ұлттық  киімдері,  ұлттық 

нақыштары  сипаттап,өз  өнерлерін  ортаға  салды.  Көрме 

соңы ауыл өнерпаздарынан ұйымдастырылған мерекелік 

концертпен жалғасты.

Ақбөбек АПЫРОВА

Тайпақ мектеп – гимназиясы тәлімгері 

Тайпақ ауылы, Ақжайық ауданы

  Березов  мектеп-балабақша  кешенінде  8-наурыз 

Халықаралық  әйелдер  күніне  орай,  5  «А»  сынып 

жетекшісі    Д.Шоханова  «Өнерлі  қыз,  өнегелі  ана» 

тақырыбында  аналар  мен  қыздар  арасында  байқау 

өткізді.

Міне,  зымырап  тіршілікке  жан  бітірер,  жүрекке  шуақ 

ұялатар, сағындырған сұлу көқтем де келіп жетті. Күннің 

шуағы  шашылып,  табиғат  ана  жарқырап,  жүректерге 

қуаныш сезім ұялар, ең керемет мезгіл көктемнің алғашқы 

күндерінде  5  «А»  сынып  қыздары  мен  аналары  сынып 

жетекшісі  Д.Шоханованың  ұйымдастыруымен  «Өнерлі 

қыз, өнегелі ана» тақырыбында байқау өткізілді.

Байқаудың  мақсаты  –  оқушылардың  ой-өрісін,  тіл 

байлығын,  ойлау  қабілеттерін  дамыту.Ана  алдындағы 

парызы  мен  қарызы  туралы  түсінік  беру.  Балаларды 

анаға деген  сүйіспеншілікке баулу, ана еңбегін ардақтап, 

мейірімділікке, сый құрметке тәрбиелеу.

Бұл  шараға  А.Тажекенова  қызы  Айымгүлмен, 

С.Балмолдина  қызы  Аружанмен,  Г.Сахипкереева  қызы 

Риммамен,  Ә.  қызы  Мақпалмен  қатысты.  Арнайы 

әділқазылар А.Б Татжекенова оқу ісінің меңгерушісі, И.Ж 

Сугурбаева тәрбие ісінің меңгерушісі, мектеп психологы К.Е 

Джумагалиева әр сайысқа ұпайлар беріп отырды. Сайыста 

5  «А»  сынып  оқушылары  ана  тақырыбында  өлеңдерді 

мәнерлеп  оқып,  байқау  шымылдығын  ашты.Байқау    5 

сатыдан  тұрды:  «Сәлем  сөздің  атасы»,  «Салт-дәстүрді 

білесің бе?», «Өнерлі өрге жүзер», «Тапқыр болсаң, тауып 

көр», «Дәм думан». Аналар мен қыздар тапсырмаларды 

бірігіп  отырып,  өз  біліктерін  көрсетті.  Сонымен  қатар, 

көрермендерге  жұмбақтар  жасырылып,  мақалдың 

жалғасын тауып отырды.

Сайыс  соңында    1-орынды  А.Тажекенова  қызы 

Айымгүл, 2-орынды Ә.Ануарова қызы Мақпал, 3-орынды 

С.Балмолдина  мен  қызы  Аружан  және  Г.Сахипкереева 

мен қызы Римма алды.

Ф.ДЕМИСИНОВА

Березов мектеп-балабақша кешені 

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

ҰБТ-ға дайындық  жүйесін  

жетілдіру барысындағы 

аудандық семинар

Ақжайық аудандық әдістемелік кабинеті мен «Зерде» 

озат  тәжірибе алмасу мектебінің тыңдаушылары  бірлесе 

ұйымдастыруларымен  «Оқушылардың  жеке  тұлғалық 

және  шығармашылық  мүмкіндіктерінің  дамуына  тиімді 

жағдай  жасау  жолдарын  үйрету,    жаратылыстану-

математика  пәндерінен  оқушыларды  ҰБТ-ға  даярлауда 

мұғалімдердің  шығармашылық  әлеуетінің  артуына 

әдістемелік  көмек көрсету»  мақсатында  аудан орталығы 

Чапаев  ауылындағы  М.Әуезов  атындағы  №2  ОЖББМ-

нің  базасында  «Жаратылыстану-математика  пәндері 

бойынша облыстық олимпиадада және ҰБТ-де кездесетін 

күрделілігі  жоғары  сұрақтарды  талдау»  тақырыбында 

жаратылыстану  (биология,  химия,  география)  және 

математика-физика пәндерінен 11 сыныпқа сабақ беретін  

пән мұғалімдеріне арналған семинар-практикум өтті. 

Аталмыш семинар-практикум бірінші бөлімінде  «Зерде» 

озат  тәжірибе  алмасу  мектебінің  мақсаты  мен  жұмысы, 

аудандық  ҰБТ  байқау  сынақтарының  қорытындысы 

қаралды.Екінші    практикалық    бөлімде    «Олимпиадада 

және  ҰБТ-де    кездесетін  күрделілігі  жоғары  сұрақтарды 

және  есептерді  талдау»  тақырыбы  аясында  жүрді.  Пән 

мұғалімдері  секцияларға  бөлініп,  іс-тәжірибе  алмасып, 

талқылау жүргізіп, қызу жұмыстанды. Семинардың соңғы 

бөлімін  А.Кайсакова  мен  Г.Уразгалиева  «ҰБТ-ға  жүйелі 

дайындық-білім  сапасын  арттыру  негізі»  тақырыбында  

коучингімен аяқтады.

  Семинар    жұмысын    қорытындылған    мұғалімдер  

ұйымдастырушыларға 

ризашылықтыарын 

білдіріп,  

осындай    семинарларды    жиі  ұйымдастырылып  тұрса 

деген өтініштерін білдірді.



Б.ЕЛЕКЕШОВ

                                             А.БАЙМУХАНОВА

Ақжайық  аудандық білім беру бөлімінің әдіскерлері    

«Өнерлі қыз, өнегелі ана» - 

болашақтың биігі

Жас ақынмен кездесу 

                            балғындарды жігерлендірді



№5 (213)    17.03.2015 ж.

3

Ардагерлерді аялайық

АУЫЛЫМЫзДАҒЫ   АРДАгЕР

 

Биыл  Ұлы  Жеңіске  70  жыл.  Салқыны  сан  жылдарға  созылған  сол  бір  сұрапыл 



соғыстың  жаңғырығы  –  мәңгі  жадымызда.  Ел  шетіне  жау  тиген  шақта  қолына  қаруын 

алып,  қан  майданға  аяқ  басқан  жауынгерлер  қашан  да  құрметті.  От  кешіп,  оққа  кеудесін 

тосқан сол сарбаздардың ерліктері –бүгінгі бейбіт 

күннің  кепіліндей.  Қыршынынан  қиылып,  атақ-

даңқ  иелену  тұрмақ,  әлі  күнге  дейін  жерленген 

жерлері белгісіз жауынгерлер, туған жер топырағы 

бұйырмаған боздақтарымыз қаншама?...

 

Отан  -  өз  батырларымен  бай.  Отаннын 



қорғаушыларсыз, мемлекет жоқ. Батылдық, Отан 

сүйгіштік,  достық    -нағыз  батырдың  сапалары. 

Батырлар  болып  дүниеге  келмейді,  олар  болып 

қалыптасады. Халықта дана мақал-мәтел бар: «Ер 

жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі», «Ер барда – 

ел қор болмас» деген.

 

Ауылымыздың  құрметті  азаматы  Ұлы  Отан  соғысының  ардагері,  жерлесіміз 



-  Мәжит  Жаданов  атамызбен  Ұлы  жеңістің  70  жылдығына  орай,  құрбыларым  мен  барып 

жүздесіп сол бір ауыр жылдар жайында сыр шертуін сұраған едік. 

-  Атамыз  1942  жылы  Қызыл  туды  әскери  училищесінде  оқып  әскери  білім  алдым 

деп бастады әңгімесін.  1943 жылы сәуірде әскерге алынып бірден майданға кіріпті. «Екі 

жыл  бойына  талай  қанды  ұрыста  талай  қаруластарымнан  айырылдым.  Дәм-тұзымның 

таусылмағаны  болар,  бүгінгідей  сендердің  бақытты  ғұмырларыңды  көріп  отырғаным, 

аман  болыңдар,  Отаншыл  болыңдар,  айналайындарым»  –  деп,  көкірегінде  жатқан  ащы 

запранға толы сол бір сұрапыл жылдардың зұлматын жадымызда жаңғыртқысы келмегенін 

жанарынан байқап бізде қазбаламадық. 

 

Ауданымыздан  бес  мыңға  жуық  адам  сол  соғысқа  қатысса  соның  екі  мыңнан 



астамына жат жерден топырақ бұйырды. Бүгінде аз қалған ардагерлерімізді қалай мадақтасақ 

та жарасады. Ұрпағы барда ұмытылмайтын ардагерлерлерім,-  аман болыңыздаршы.




  1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал