№5 (151 ) мамыр 2015 май



жүктеу 483.94 Kb.

бет1/5
Дата23.05.2017
өлшемі483.94 Kb.
  1   2   3   4   5

 

 

№5 



(151



МАМЫР 

2015 

МАЙ 

 

С самого утра в доме царила веселая музыка и хорошее настроение. Воспитатели групп 



приготовили  для  своих  воспитанников  сюрпризы.  На  торжественной  линейке  сотрудники  и 

администрация  детского  дома  поздравили  детей  с  этим  замечательным  праздником.  Детей 

поздравили представители «Forte» bank-а, которые подарили пакет спутникового телевидения 

«Отау-ТВ»,  компания  «BI-group»  подарила  для  малышей  детскую  площадку,  служащие 

центральной  мечети  привезли  цветной  принтер  для  детей.  Двадцать  воспитанников  дома 

«Үміт» побывали на открытии областного драматического театра и стали первыми зрителями 

спектакля «Два друга». 

Дети  подготовили  праздничный  концерт  «Мы  дети  –  цветы  жизни».  Подвижные  игры, 

конкурс  рисунков  на  асфальте,  веселые  песни  и  танцы  подарили  детям  незабываемое 

впечатление. 

День был насыщен, дети получили огромное удовольствие. Пусть наши дети всегда будут 

счастливы и их лица озаряет веселый смех. 



Пресс-служба  

управления образования ВКО 

Воспитанники детского дома «Үміт» отпраздновали 

международный день защиты детей. 

 

К 



онференция    аталған  тақырыпты  ҚР 

Президентінің «Нұрлы жол – болашаққа бастар 

жол»  Қазақстан  халқына  Жолдауынан  туын-

дайтын  мәселелері  және    ҚР  білім  беруді    да-

мытудың  2011-2020  жылдарға  арналған 

мемлекеттік  бағ-дарламасы  мен  «Өрлеу» 

БАҰО»  АҚ  2012-2016  жылдарға  бекітілген 

Операциялық жоспарына сәйкес қарастырды. 

Конференция  жұмысына  «Өрлеу»  БАҰО» 

Акционерлік қоғамының басқарма төрағасының 

бірінші  орынбасары,  педагогика  ғылымдары-

ның  докторы,  профессор  Жауымбай 

Амантүрлеуұлы  Қараев;  Қазақстан  Американ-

дық  Еркін  Университетінің  президенті,  ҚР  ҰБА 

академигі Ережеп Мәмбетқазиев; Д. Серикбаев 

атындағы  ШҚМТУ  ректоры,  ф-м-ғ.д.,  про-

фессор,  академик  ҚР  ҰБ  Академигі  Шаймар-

данов  Жасулан  Кудайбергенұлы;  ШҚО  білім 

беру  басқармасының  басшысы  Асқар  Қисаұлы 

Нұрғазиев; Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ тесті-

леу  орталығының  директоры  Бағлан  Қапаұлы 

Данияров; п.ғ.д. профессор Ұлттық ақпараттан-

дыру  орталығы  -  Нұрғалиева  Гүл  Құмашқызы;  

«Өрлеу» БАҰО» АҚ облыстық филиалдарының 

директорлары  –  Муканова  С.Д.,    Мурзали- 

нова  А.Ж.,  облыстық  филиалдардың  про-

фессорлық  оқытушылар  құрамының  өкілдері  -  

Ауталипова  Б.Ж.;  Изтелова  З.С.;  Дүйсе- 

баева М.Ж. және ҚР  БжҒ министрлігінің аймақ-

та орналасқан білім мекемелерінің басшылары, 

білім  беру  ұйымдарының  педагогтері  мен 

әдіскерлері,  мемлекеттік  атқарушы  органдар, 

қоғамдық  ұйымдардың  өкілдері,  журналистер 

қатысты. 

Конференция  жұмысы  алдында  «ӨРЛЕУ» 

БАҰО»  АҚ  филиалы  ШҚО    бойынша  педагоги-

калық  қызметкерлердің  біліктілігін  арттыру 

институты басып шығарған  ҚР еңбегін сіңірген 

мұғалімі,  «Құрмет»  орденінің  иегері,  КСРО  

Мемлекеттік  сыйлығының  лауреаты,  ҚР  білім 

беру ісінің құрметті қызметкері, Республиканың 

«Ең  үздік»  ұстазы,  Білім  беру  жүйесінің басшы 

және  ғылыми-педагогикалық  кадрлары 

біліктілігін  арттыратын  республикалық  инсти-

тутының,  С.Аманжолов  атындағы  ШҚМУ-дың,  

 

Семей  Мемлекеттік  педагогикалық  институты-



ның  құрметті  профессоры,  Республикалық 

ғылыми-әдістемелік атаулы зертхана жетекшісі, 

«Ы.Алтынсарин»  төсбелгісінің  иегері  Қанипа 

Омарғалиқызы Бітібаеваның «Әдебиетті оқытудың 

инновациялық  әдістемесі,  технологиясы»  

3  томдық  әдістемелік  кітабының  тұсаукесер 

рәсімі салтанатты түрде  өтті.   

Конференция  2012-2016  жылдарға  бекі-

тілген  Ұлттық  жоспар  іс-әрекеттері  аясында 

білім  саласын  модернизациялаудың  басты  ба-

ғыты  болып  есептелетін  оқушылардың    функ-

ционалдық сауаттылығын қалыптастыру  техно-

логияларының  тиімділігін  және  қолданыстағы 

педагогикалық  технологиялардың  тиімділігін 

қарастырды.  Инновациялық  алаңдарда  функ-

ционалдық сауаттылық модельдері  көрсетілді. 

Педагогтердің алқалы жиыны талқыланған 

мәселе бойынша тиісті ұсынымдар қабылдады.  



 

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы   

ШҚО ПҚ БАИ  баспасөз орталығы 

2015  жылғы  15  мамырда  «ӨРЛЕУ»  БАҰО»  АҚ  филиалы  ШҚО    бойынша  педагогикалық 

қызметкерлердің  біліктілігін  арттыру  институты  «Педагогикалық  технологиялар  – 

оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  дамытуға  бағытталған  оқыту  мен  тәрбиелеу 

әдіс-тәсілдерінің  тиімді  жүйесі»  тақырыбына  РЕСПУБЛИКАЛЫҚ  ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ  

КОНФЕРЕНЦИЯ өткізді. 

1  Маусым  балаларды  қорғау  күніне 

орай,  «Облыстық  спортта  дарынды  бала-

ларға  арналған  мектеп-интернаттың»  оқу-

шылары  Шығыс  Қазақстан  облысы  білім 

басқармасының  «Дамуында  мүмкіндігі  шек-

теулі  балаларға  арналған  білім  беру-

тәрбиелеу  орталығы»  мекемесінде  тәрби-

еленуші  мүмкіндігі  шектеулі  балалар  мен 

жетім балаларды  мерекемен құттықтады.  

Облыс орталығында жаңадан салынып, 

2015  жылдың  қаңтарында  пайдалануға 

берілген  «Спортта  дарынды  балаларға 

арналған  мектеп-интернатта»  спортсмен 

балалар, спорттың әр түрлерінен облыстық, 

республикалық,  халықаралық  спорт    жеңім-

паздары  білім  алуда.  Аталған  мектептің 

оқушылары  жас  бүлдіршіндерді  мереке-

лерімен  құттықтап,  оларға  мықты,  дені  сау 

нағыз  спортсмен  болуға,  спорт  жетістік-

терімен  қуанта беруге тілек білдірді.  

Білім  беру-тәрбиелеу  орталығының 

тәрбиеленушілері  қонақтарға  мерекелік  

концерт  қойып,  естелік  сыйлықтар  тапсыр-

ды.  Балалардың  кездесуі  жылы,  мейірімді 

жағдайда өтті. 

Балаларды қорғау күні - жас спортсмен-

дер үшін тәрбиелік мәні зор іс-шара болды.  



 

Облыстық білім басқармасының 

баспасөз орталығы 

Бүкіл әлемде 1-ші маусым Балаларды қорғау күні ретінде аталып өтіледі.  

Сондықтан да ол халықаралық мейрамдардың бірі саналады. Оны өткізу жөнін-

де шешім 1949 жылдың қараша айында Парижде  Халықаралық демократиялық 

әйелдер федерациясының  арнайы сессиясында қабылданды. 

 

Ц 



ель  семинаров  –  создание  условий  для  обмена  опытом  по  вопросам  применения 

формативного  оценивания  и  обеспечения  эффективной  обратной  связи  на  уроке  и  условий 

для  методического  совершенствования,  повышения  профессионального  развития  учителя 

через  инновационные  педагогические  идеи  в  рассматриваемых  вопросах,  также 

распространение  опыта  сертифицированных  учителей,  оказание  им  поддержки,  на  основе 

взаимного сотрудничества. 

Тренеры  ЦУП  Симбаева  С.О.  и  Камзина  А.Н.  выступили  по  темам  «Важность  обратной 

связи в создании среды успешного обучения» и «Оценивание – мерило учебных достижений 

учащихся». Тренер  ЦУП  Омарбекова  М.К.  совместно  с  учителями  Уланского района  провела 

коучинг по теме «Оценивание для обучения – инструмент улучшения качества обучения». 

В рамках рассматриваемой проблемы, прошли открытые уроки учителей Тарбагатайского 

района  Г.  Чумаевой  по  биологии  и  З.  Ажахметовой  по  литературному  чтению.  Учителя 

Зайсанского  района  Г.  Кайнулдина,  Ж.  Вахитова,  А.  Байбазарова,  А.  Сағдолдина, 

К.  Бакытбекова,  С.  Даулетбекова,  Ш.  Ажыбаева,  учителя  СШ  имени  Болганбаева 

Кокпектинского района А. Кожахметова  и А. Татманова показали мастер-классы. 

В  целях  распространения  передового  опыта,  обмена  идеями,  учителя  СШ  имени 

Марсекова Уланского района М. Джайдакбаева и К. Ильясова провели семинар-практикум по 

теме:  «Применение  метода  Lesson  Study  для  определения  результатов  обучения  и 

преподавания». 

На  диалоговой  площадке  «Применение  формативного  оценивания  в  соответствии  с 

возрастными  особенностями  учащихся:  практика  и  проблемы»  учителя  обменялись  опытом, 

обсудили проблемы и определили пути их решения. 



 

Ж. КУРМАНОВА, руководитель ЦУП  

ФАО «НЦПК «Өрлеу»  ИПК ПР по ВКО 

В мае состоялся цикл выездных семинаров в районах области:  

в Тарбагатайском, Зайсанском, Кокпектинском. Семинары рассмотрели актуальные темы:  

«Применение формативного оценивания в соответствии с возрастными  

особенностями учащихся»,  «Удовлетворение потребностей ученика через  

обеспечение эффективной обратной связи: методика и практика». 

Конференция барысында  

п.ғ.д., профессор Ж.А. Қараев,  

ШҚО біліктілікті арттыру институтының 

директоры, п.ғ.к. С.З. Байхонова,  

институт тренерлері пікір алмасты 



№5 

(151) 

 мамыр 

2015 

май 

 

 



Дана  халқымыз:  «Білім  – 

инемен  құдық  қазғандай»  – 

деп  тегін  айтпаса  керек. 

Мектеп  қабырғасында  көп 

жылдық  еңбек  тәжірибесі 

бар  мұғалім  немесе  жас 

маман,  қазіргі  мектептегі 

оқулық  ақпаратымен  шекте-

ліп  қалмай,  әр  уақытта  ізде-

ніс үстінде болулары керек. 

 

Е 

лімізде  білім  беруді  дамытудың  2011-2020 



жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасы 

жүзеге  асуда.  Бұл  бағдарламаның  негізгі  бағыты 

ойлы, өнерлі, білімді тұлғаларды қалыптастыру. 

Осы  мақсатта  «Өрлеу»  филиалы  Кембридж 

жобасының  бағдарламасы  бойынша,  3-ші  (негізгі) 

дәрежелі  деңгейдегі,  педагог  қызметкерлерінің 

біліктілігін  арттыратын,  үш  айлық  курсты  оқитын 

мұғалімдер  үшін  маңызы  зор.  Өйткені,  мұнда 

батыстық білім беру жүйелері бойынша оқытылады. 

Қазіргі  мектептер  дайын  білім  беруге  негіз-

делген яғни, «дәстүрлі» стильде оқытуда. Ал үшінші 

(негізгі) деңгей сындарлы (конструктивті) теориялық 

оқытуға  негізделген.  Яғни,  бұл  дайын  білім  беру 

емес,  мұнда  оқушылардың  өздерінің  ізденісі,  қабі-

леттерін  дамытуы  және  жаңа  идеялар  құра  білуі 

маңызды рөл атқарады. 

Оқуға  арналған  негізгі  материалдар  «Курсалды 

тапсырмаларды  орындауға  арналған  нұсқаулық», 

«Мұғалімге  арналған  нұсқаулық»  және  «Мектептегі 

тәжірибе  кезінде  орындауға  арналған  тапсыр-

малар»  болып  табылады.  Сабақтарда  қарастыры-

латын  негізгі  материал,  ол  «Мұғалімге  арналған 

нұсқаулық».  Мұнда  сабақта  қолданылатын  негізгі 

мазмұны жеке жеті модуль түрінде берілген. Сабақ 

кезінде  осы  жеті  модульге  жеке-жеке  тоқталып, 

қарастырылып,  талданып  және  оны  сабақта  қалай 

қолдану  керектігі  жайлы  айтылды.  Яғни,  оқыту  мен 

тиімді оқыту жайлы маңызды ақпараттар алдық. 

Бірнеше  ауыл,  аудандардан  келген  мұғалімдер 

және  қала  мектептерінен  арнайы  курсқа  келген 

мұғалімдер  сабақ  кезінде  өз  ой-пікірлерімен  бөлі-

седі.  Тренер  сабақты  қызықты,  сапалы,  мазмұнды 

өткізу  үшін  әртүрлі  әдіс-тәсілдерді  қолданды.  Оқып 

жүрген  мұғалімдер  сабақтан  алған  білімдерін, 

мектептегі  білімдерімен  ұштастырып,  мысалдар 

келтіріп,  өзара  пікір  таласқа  түседі.  Мұнда  мұға-

лімдер өздерін оқушы ретінде сезініп, ойларын және 

сабақта  алған  білімдерін  ашық  айтады.  Әр  сабақ 

сайын  мұғалімдер  топтарға  бөлініп,  постер  құрас-

тырып  оны  қорғап,  бағалап,  өзін-өзі  бағалап  және 

тренинг өткізіліп отырды. 

Өз мамандығым бойынша маған жеті модульдің 

ішінен «Талантты және дарынды балаларды оқыту» 

модулі  ұнады.  Өйткені  бұл  модульді  мен  өз  саба-

ғымда қолдануға қолайлы. Өйткені дене шынықтыру 

сабағында  басты  мақсат  білім  беру,  тәрбиелеу 

және  салауатты  өмір  салтын  қалыптастыру  болса, 

осы  талантты  және  дарынды  балалармен  жұмыс 

негізгі  болып  табылады.  Мектептегі  талантты  және 

дарынды  балаларды,  яғни  спорттан  хабары  бар 

оқушыларды  әртүрлі  спорт  үйірмелеріне  тарту. 

Мұнда  оқушы  және  оның  ата-анасымен  қарым-

қатынас  жасап,  мектеп  әкімшілігімен  бірге  жұмыс 

атқару  болып  табылады.  Мен  осы  оқудан  өз 

мамандығым  бойынша  сабақта  қолдануға  болатын 

әртүрлі  әдіс-тәсілдерді  білдім.  Білім  алып,  ойға 

түйіп,  білгеніміз  көп,  алайда  білмейтініміз  одан  да 

көп.  Ендігі  мақсат,  осыдан  алған  білімді  мектепте 

тәжірибе  жүзінде  тиімді  пайдаланып,  оқушылар 

санасына  сіңіру.  Яғни  оқушыларға  қазіргі  заман 

талабына сай білім беру. 

Бүгінгі  оқушы  –  ертеңгі  маман.  Ол  қандай 

мамандықты  таңдайды,  оның  болашағы  қандай, 

қандай  қызықты  да  пайдалы  жақтары  бар  екеніне 

көз  жүгіртіп,  ой  түюі,  ол  әрбір  мұғалімнің  ой-

мақсаты.  Оқушының  оқуға  деген  қызығушылығын, 

ғылыми  ойлау  және  шығармашылық  қабілетін 

арттыруда  мұғалімнің  атқаратын  жұмысының 

маңызы  зор.  Себебі,  мұғалім  –  бала  болашағының 

жол  ашары.  Білімге  деген  құштарлық,  бақылауға 

тырысушылық,  әлемдік  жаңалықтарға  талпыну 

балаға  тән  қасиеттер,  қабілеттер.  Талабы  таудай, 

ізденімпаз  жастарымыз  көбейіп,  алдағы  уақытта 

халық  игілігіне  үлес  қосып  жатса,  ұлтымыздың 

мақтанышы, еліміздің абыройы артар еді. 

 

Е. МУСАКАНОВ,  



№22 орта мектептің 

дене шынықтыру мұғалімі, 

Семей қаласы 

«Ер  Төстік»  балабақшасының  тәр-

биешілері аз уақыт аралығында өздерін 

сан  қырынан  көрсете  білді.  1-мамыр 

халықтар  бірлігі  мерекесінде  ұлттық 

құндылықтарымызды  сақтап,  халықтар 

ынтымақтастығын  дәріптесе,    9-мамыр  

Ұлы  жеңістің  70  жылдық  мерейтойын 

аудан көлемінде жоғары деңгейде атап 

өтіп, көпшілік көңілінен шықты. 

Өз  кезегінде  Халықаралық  бала-

ларды  қорғау  күніне  арналған  «Бар 

жақсылық - балаларға» тақырыбындағы 

мерекелік  қойылым  бүлдіршіндерге 

мерекелік  көңіл-күй  сыйлады.  Бала-

ларды  қорғау  күні  -  бұл  ашық  аспан, 

күлімдеген  күн,  баланың  тәтті  ұйқысы,  

ата-ананың  арқасында  бақытты  күн 

кешу. Елбасы «Нұрлы жол – болашаққа 

бастар жол» Жолдауының даму бағыты 

жастардың  болашаққа  деген  сенімін 

айқындап,  қажырлы  еңбек  ете  отырып, 

келешекті  кемел  ету  жолында  жастар-

дың  үлесі  зор  екендігін  баса  айтты. 

«Білімді  ұрпақ  –  жарқын  болашақтың 

кепілі».  Бүгінгі  күні  бүлдіршіндеріміздің  жүзі 

жарқын,  болашағы  айқын  болуы  Елбасының 

сындарлы  саясатының  арқасында  деп 

білеміз. 

Мерекелік  қойылымның  шымылдығын  

ашып, шұғылалы шуағын шаша келген «Күн» 

сәулесі  күніміз  шуақты,  болашағымыз  нұрлы 

болсын!  -  дей  отырып,  «Әрқашан  күн  сөнбе-

сін!» әнін бүлдіршіндермен бірге шырқады. 

«Ертегілер  елінен»  келген  кейіпкерлер 

адасып  қалған  аюға  күн  сәулесі  балабақша 

тәрбиененушілерінің  өте  ақылды,  әрі  қамқор 

екенін  айта  отырып,  біздің  балалар 

болашаққа  зор  сеніммен  қарайды,  сені 

жалғыз  қалдырмайды,  деген  ниетпен  ойынға 

шақырды.  «Ақбота»  тобының  тәрбиеле-

нушілері  Ақат  Ақылжан  мен  Каниева 

Ақжанның орындауларында «Бала тілегі» әні 

шырқалды. Сол кезде ысқырып көңілді көңіл-

күймен келген «Сайқымазақ», «Кім жылдам?» 

ойыны  арқылы  бүлдіршіндердің  жылдам-

дығын анықтаса, Спанч Боб  «Дәлдеп 

көр»,  Микки  Маус  «Батпақтар  арасы-

нан сүрінбей өт»,  Шрек «Бояулар сыр 

шертеді» тақырыбында сурет сайысы 

ұйымдастырылды. 

       Әрбір  ойын  соңында  тек  қана 

бірлік,  татулық,  достық  жеңіске  жетіп 

отырды.  «Үздік»  деп  танылған  бүл-

діршіндерге  сыйлықтар  таратылды. 

Балабақшадағы  балалардың  ағыл-

шын тілінен алған білімдерін байқауға 

Англиядан ағылшын «Ханшайымына» 

балалар  ағылшын  тілінде  «Бой 

сергіту»  сәттерін  көрсетті.  Соңында, 

барлық  балалар  «Жаяу»  әнімен 

ертегілер  кейіпкерлерін  ортаға  алып, 

мерекені  қыздыра  түсті.  Ал  ертегі 

кейіпкерлерін  сомдаған  балабақша 

психологы  Г.Далекина,  қазақ  тілі 

мұғалімі  Н.Жұмабекова,  «Балапан» 

тобының  тәрбиешілері    А.Жума-

кунова,  А.Калиланова,    Д.Жакиянова  

сапары  әрі  қарай  жалғасатын  бол-

ғандықтан,  балалармен  қимай  қош-

тасты. Осындай жүйелі жүргізілген жұмыстар 

өз жемісін берері сөзсіз. 



 

Г. ЖАКАШЕВА, 

«Ер Төстік» балабақшасының  әдіскері, 

Үржар ауданы 

Б

АЛАБАҚША

 - 

БАЛА

 

ТӘРБИЕСІНІҢ

 

АЛҒАШҚЫ

 

БАСПАЛДАҒЫ

. Б

АЛАБАҚША

 

ЖАС

 

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ

 

ҚАРАЙ

 

ҚҰРДАС

 

БҮЛДІРШІНДЕРДІ

  

ТОПТАСТЫРАДЫ

. О

СЫ

 

ТОП

 

БАЛАНЫҢ

 

ДАМУ

 

ОРТАСЫНА

 

АЙНАЛАДЫ



О

СЫ

 

ОРАЙДА

 

БАЛАБАҚША

 

ТӘРБИЕШІЛЕРІНІҢ

 

ЕҢБЕГІ

 

ЕРЕКШЕ

.  Ә

РБІР

 

БАЛАНЫҢ

 

ЖАН

 

ДҮНИЕСІН

 

ТҮСІНЕ

 

БІЛІП



СОЛ

 

БАЛАНЫҢ

 

ТІЛІНДЕ

 

СӨЙЛЕУ

 

ҚАЖЫРЛЫ

 

ЕҢБЕКТІ

 

ҚАЖЕТ

 

ЕТЕДІ

М 

ұғалімнің  рухани  қасиеттеріне 



қойылатын  талаптар  оқу-тәрбие  жұмысының 

табиғатына  сай  күн  сайын  жаңарып,  жаңа 

сипатқа  ие  болуда.  Мұның  өзі  қоғамның  

үздіксіз  дамуынан,  ғылым  мен  техниканың 

өркендеуінен  туып  отыр,  яғни  -  заман  

талабы.  

Білімдар  мұғалімнің  сөйлеу  техникасы 

мен адамды түсіне білуі, басқа адамды елітіп 

әкетуі  басым  болады.  Педагогикалық  әдеп  - 

мұғалімнің кәсіптік санасы және кәсіптік ерек-

шелік  белгісі.  Болашақ  ұстаздар  да,  жас 

ұстаздар  да,  тәжірбиелі  ұстаздр  да  өз  ісінің 

әрбір  қыр-сырын  жетік  игеру  жолында 

кәсіптік  сапаларды  толық  меңгерсе,  бүгінгі 

қоғамымызды  байытатын,  дамытатын, 

жаңартатын адам, тәрбиелеуге мол мүмкіндік 

ашылылатыны күмәнсіз. 

Педагог  -  әрқашанда  өзін  қоғам  талабы-

на  сай  үздіксіз  тәрбиелеп  отыратын,  оқушы-

лармен  қарым-қатынасқа  тез  түсе  білетін, 

ұйымдастырушылық  қабілеті  бар,  өз  пәнін 

жетік  білетін  әрі  уағыздаушы,  таланты  мен 

тәжірибесі  тоғысқан,  өзінің  қоғамдағы  саяси   

өмірге белсенді араласып, өз елі мен жеріне  

деген  сүйіспеншілігі  негізінде  оқушыларға 

үлгі болу керек. 

Қазіргі  кезде  ғылым  мен  техниканың 

даму  деңгейі  әрбір  адамға  сапалы  және 

терең  білімінің,  іскерліктің  болуын  қамтиды. 

Шығармашыл  ұстаз күнделікті  әрбір  сабағын  

түрлендіріп  өткізуге  тырысады.  Оқушының 

білімін  көтерудің  басты  шарты  -  оның  пәнге 

деген  қызығушылығын  арттыру.  Пәнге  деген 

қызығушылығы  және  пәннің  қажеттігін  түсін-

ген  болса  ғана,  бала  оған  көңіл  қойып 

тыңдап,  тереңдете  оқып  үйрене  бастайды. 

Пәнге  қызыққан  оқушының  ойлау  бел-

сенділігін  арттырып,  білімге  қызығушылығын 

тудырғанда ғана ұстаз мақсатқа жетеді. 

 

Арнайы  зерттеулер  нәтижесінде  оқушы-



лардың  танымдық  белсенділігі    игеретін 

білімнің  сапасына  тікелей  әсер  ететінін 

анықтап отыр. Мысалы, өздігінен оқу немесе 

дәріс  тыңдау  барысында  ақпаратты  ұзақ 

уақыт  есте  сақтаудың  көрсеткіші  10%-дан 

аспаса,  әртүрлі  танымдық  ойындар  мен 

белсенді  оқыту  әдістерін  пайдалану  бары-

сында ол көрсеткіш 90%-ға дейін жетеді екен. 

Бұл  «жағада  тұрып  жүзуді  үйрену  мүмкін 

еместігін» дәлелдейді. 

Шығыс  даналығы:  «Естігенің  естен 

шықса,  көрген  қалар  көңілінде,  бір  нәрсені 

жасап,  ұқсаң,  ұмытылмас  өміріңде»,  -  дейді. 

Қазіргі  ғылыми  зерттеулер  бұл  даналықтың 

астарында  терең  мағына  жатқандығын 

байқатады.  Орыс  ғалымы  Л.Фридманның 

айтуынша, бала білім игеру барысында төрт 

түрлі позицияда болады екен: 

1. Тыңдау арқылы дайын білімді алу. 

2. Өздігінен жаңалық ашу. 

3. Түрлі әсерді сезіну. 

4. Бұйым немесе өнім жасау. 

Осы  позициялардың  соңғы  үшеуі  ғана 

шын  мәнінде  өнімді  оқуға  жағдай  жасайды. 

Сондықтан сабақты жоспарлау мен ұйымдас-

тыруда  оның  өнімділігін  арттыратын  оқытудың 

белсенді әдіс-тәсілдері  мен танымдық  ойын-

дарды тиімді пайдаланудың маңызы зор. 

Орыс академигі В.Беспальконың айтуын-

ша,  игеру  деңгейі  70%-ға  жетпеген  білім, 

біртіндеп  кеми  береді  екен,  тек  70%-дан 

асқан  кезде  ғана  оны  өздігінен  толықтыру  

мүмкіндігі пайда болады екен. Ал ғалымдар-

дың    зерттеулері  оқыту  барысында  балалар 

өздері  талқылау  жасап,  алған  білімін  өзгеге 

үйреткенде ғана бұл деңгейден асуға болады 

екен.  Сабақ  өнімділігіне  әсер  ететін  негізгі 

факторлар  ішінде  мұғалімнің  ұйымдасты-

рушылық  рөлінің  жоғары  екендігіне  баса 

назар аударды: 

1) Игеруге бөлінген уақыт - 16%   

2) Оқу материалы көлемі - 24%. 

3) Оқушыларының білім деңгейі - 28%   

4) Ұйымдастырушылық әрекеттер - 32%. 

Қорыту  мақсаттары  Американ  ғалымы 

Б.Блумның  ойынша,  оқушылардың  оқу  мақ-

саттары арқылы берілсе дұрыс болады және  

6 сатыдан тұрады: 

1. Білу. 

2. Түсіну. 

3. Қолдану.  

4. Талдау.  

5. Жинақтау(синтез).  

6. Бағалау. 

Мұғалім шеберлігі - жоғары білімді сапа-

лар  жиынтығы,  әрі  ұдайы  жетіліп  отыратын 

тәрбиелеу мен оқыту өнері.  Мұғалім  – бала 

бойына  білім  нәрін  себетін  басты  тұлға.  

Яғни, балаларды тәрбиелеуде тиімді жағдай-

лар  жасау  көбіне  мұғалімге  тікелей  байла-

нысты.    «Кембридж    бағдарламасы»  бойын-

ша білімдерін жетілдірген «Дарынды балала-

рға  арналған  «Восток»  ДОҒЗАО    мектеп-

кешені  ұжымы  ұстаздары  өз  тәжірибелерін 

облыс көлемінде таратуда. 

Қорыта  келгенде,  жаңа  заман  мұғалім-

дері    барлық  талаптарға  сай,  өз  білімдерін 

көтеруге  қабілетті,  ғылыми  ізденіс  жұмыста-

рын  жүргізе  алатын  жан-жақты  тұлға  болуы 

қажет. 



  1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал