Амантай қажы ТОЙШЫБАЙҰЛЫ.
Павлодар облысының Әділет департаментінде
2014 жылғы 27 қарашада мемлекеттік тіркеу нөмірі № 4201 болып тіркелді
Лебяжі ауданының Лебяжі ауылдық округі әкімінің
ШЕШІМІ
Аққу ауылы № 2 2014 жылғы 19 қараша
Лебяжі ауылдық округі Аққу ауылының Амангелді көшесінде
шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режимін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан
Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі
«Ветеринария туралы» Заңының 10-1-бабына сәйкес, Лебяжі ауданының
мемлекеттік ветеринариялық бас инспекторының ұсынысы негізінде, Лебяжі
ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Жануарлардың құтыру ауруының анықталуына байланысты Лебяжі ауылдық
округінің Аққу ауылындағы Амангелді көшесінде шектеу іс- шараларын енгізе
отырып, ветеринариялық режим белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн
өткен соң қолданысқа енеді.
Ауылдық округ әкімі Е. Балтабаев
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық
бақылау және қадағалау Комитетінің Лебяжі аудандық аумақтық
инспекциясының басшысы Г. Сагалов
2014 жылғы «19» қараша
Жаны жайсаң жан еді
Сағаттың шықылдығы емес ермек,
Һәмишә өмір өтпек ол білдірмек.
Бір минут бір адамның өміріне ұқсас,
Өтті, өлді тағдыр жоқ қайта келмек – дей отыра бала кезімнен
жанарынан күлкі кетпей, көршілес, туыстас ағайындай араласып
жүрген, өзінің ақылымен, адамгершілік қасиетімен адамды жақын
тарта білген, жарқын жүзді атамыздан, мына өмірдің өткелдерінен
өтеміздеп жүріп, қас – қағым сәтте Әлібек Зиядаұлы Оспанов есімді
нардай азаматтан айрылып қалдық. Кеше ғана қасымызда жүрген,
қөзінің тірісінде үнемі үлгі – өнеге бола білген, ағайын - туыс, бала –
шаға, дос – жаранға көмегін аямай, ақыл кеңестерін дариядай ағызып,
мол теңізге құя білген жаны жайсаң азамат еді. Өмірден өткеніне қырық
күн өтсе де, бала – шағасының, көзі тірісінде қоян – қолтық араласқан
адамдардың жүрегінде мәңгіге орын алатыны сөзсіз. Атамыздың
жатқан жері жарық болсын. Кейінгі толқын інілердің тілектері қабыл
болып, періштелердің құлағына шалынсын.
Ибадулин Абай.
06.12.2014ж. № 48 /7724/
А ќ ќ у ‰ н і
8
Редактор
А.Қ.БИЖАНОВА.
Лебяжі ауданының әкімдігі.
Меншік иесі: “Лебяжі ауданы әкімдігінің “Аққу үні” - “Вести Акку” Лебяжі аудандық
газетінің редакциясы” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Газет Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат министрлігінде 2011
жылғы 1 желтоқсанда тіркеліп, тіркеу туралы №12152-Г куәлігі берілген.
Мекен-жайымыз:
Павлодар обл., Лебяжі ауда-
ны, Аққу ауылы, Амангелді
көшесі,69/2.
е mail: Akku_yni @ mail.ru
Газеттің нөмірі «Аққу үнінің»
компьютер орталығында
теріліп, беттелді.
Басылым Павлодардың «ДОМ ПЕЧАТИ» ЖШС баспаханасында
басылады, Павлодар қаласы, Ленин көшесі, 143 үй.
Газеттің сапалы басылуына баспахана жауап береді.
Телефоны: 61-80-31. Хаттар, қолжазбалар, фотографиялар мен
суреттер рецензияланбайды және қайтарылмайды. Редакция
оқырмандардан түскен барлық хаттарға тегіс жауап беруді
міндетіне алмайды. Жарнамалық материалдардың мазмұнына
жарнама берушілер жауап береді, автордың пікірлері редакция
ұстанған көзқарасқа сәйкес келмеуі мүмкін.
Тапсырыс: 729 Таралымы:1157 дана.
Қ ұ р ы л т а й ш ы л а р :
Телефонымыз: 21-0-82.
Газет аптасына бір
рет қазақ тілінде әр
сенбіде шығады.
Баспа индексі: 67361
«Ұлағатты ұстаз,
ақын әрі журналист»
Жұмабай
Қабдылшәріпұлы
Әміренов
Семей
педагогикалық институтының филология факультетін
бітірген. Ол өлеңдерін, әңгімелерін мектеп қабырғасында
оқып жүргенде жаза бастаған. Шығармалары аудандық
«Ленин жолы» «Аққу үні», облыстық «Сарыарқа
самалы», республикалық «Қазақстан мұғалімі»,
«Қазақстан әдебиеті» газет басылымдарында
жариялануда. Өзі тұрып жатқан Шабар ауылында көп
жылдар бойы ұстаз қызметін атқарған азамат.
Ж.Қ. Әміренов Қазақстан Журналистер Одағының
мүшесі. Ұстаздық пен шығармашылық еңбектері
бағаланып, көптеген марапаттарға ие болды. Атап айтсақ
«Тың және тыңайған жерлерді игеру», «Еңбек ардагері»,
медальдарының иегері, сондай – ақ Қазақстан ВЛКСМ
Орталық Комитетінің Құрмет грамотасымен және алғыс
хаттарымен марапатталды.
Оның «Тоқбай әнші» туралы зерттеу мақаласы 2002
жылы «Киелі жандар және ұрпақтары» деген кітапта
жарияланған. Сол сияқты «Абай ескерткішін көргенде»,
«Ел сенімін ақтайды» және тағы басқа өлеңдері
«Лебяжі Қиық Аққу келбеті», «Емші жазбалары» деген
кітаптарда жарық көрді.
Туған ауданым ғой менің Лебяжім
Арнау өлеңді жазамын еппенен,
Кінә қойма, халқым, сиясы кеппеген.
Туған ауданым ғой – менің Лебяжім,
Жасымнан өмірім сенсің, - деп келем.
Әуел бастан аталдың «Қиық» деліп,
Деген қарттар: «Қиықтан шай ішелік».
Шежірең бұрыннан – ақ таныс маған,
Сәлем берем, басымды иіп келіп.
Тұрады өзіңде көп ұлт өкілдері,
Қосылған бір арнаға пәк тілегі.
«Ауданым – туған жерім» деп.
Соғады лүпілдеп ыстық жүрегі.
Ертістің жағасына орнатылған,
Бауырластар зираты – мәйіттері.
Азамат соғысында құрбан болған,
Бостандық өмірдің бар шәйіттері.
Жаумен айқасып ерлік көрсеткен,
Жерлес батыр Әбілқайыр Баймолдин.
Тылда еңбек үлгісін көрсеткен,
Стахановшыдай ержүрек Қаймолдин.
Аманжол Шамкенов жерлес ақыным,
Туыс боп кеткен Әз-аға жақыным.
Сондықтан мен дағы жаза аламын,
Жастарға арнап дастан мен нақылын.
Белгілі ғалым Бекмұрат Уақатов,
Ғалыммен сырласқан талай түн қатып,
Өзі өлсе де, мұра қып кейінге,
Бүгін бізбен жүр үндесіп, тіл қатып.
Туған аудан қайда жүрсем сен деймін,
Сенсіз бақыт бар дегенге сенбеймін.
Сенің қоңыр топырағыңды бір уыс,
Жат елдің алтынына де бермеймін.
75жылда менің де еңсем биік,
Өзіңнен отау құрдым еншім тиіп.
Болмасын енді әлемде алапат,
Көрмесін аудан халққы қайғы – күйік.
75 жыл! Құтты болсын мерейтойың,
Бүгінде арым таза, асқақ ойым.
Дабысым кетті өзіңнен шарықтап,
Туған ауданымды, қарт Ертіс бойын!
Жұмабай Әміренов,
Шабар ауылы.
Газетке жазылушылар санаты
Кезең
Жазылу
бағасы
Газет индексі
Ұйымдар, мекемелер,
кәсіпорындар үшін
1 айға
262 тг.
67362
3 айға
786 тг.
жарты жылдыққа
1572 тг.
1 жылға
3144 тг.
Тұрғындар үшін
1 айға
187 тг.
67361
3 айға
561 тг.
жарты жылдыққа
1122 тг.
1 жылға
2244 тг.
Қ ұ р м е т т і о қ ы р м а н ! А у д а н д ы қ
«Аққу үні» -
Вести Акку»
газетіне 2015 жылға
жазылу жүргізілуде
Мемлекеттік сатып алу туралы
заңнаманы түсіндіру бойынша семинар өтті
2014 жылғы 20 қарашада
аудандық әкімдіктің мәжіліс
залында аудандық әкімдік «Нұр
Отан» партиясының аудандық
филиалымен және мемлекеттік
қызметшілерді қайта даярлау
және біліктілігін арттырудың
аймақтық орталығымен бірлесіп,
ұйымдастырған
Мемлекеттік
сатып алу туралы заңнаманы
түсіндіру бойынша семинар болып
өтті. Аталған семинарға ауылдық
округ
әкімдері,
мемлекеттік
мекемелердің
басышалыр
мен
есепшілері
қатысты.
Семинарды
аудан
әкімінің
әлеуметтік мәселелер жөніндегі
орынбасары Алма Жантемірқызы
Қасымова ашты. Семинардың
лекторы ретінде мемлекеттік
қызметшілерді қайта даярлау және
біліктілігін арттырудың аймақтық
орталығының оқытушысы Жанат
Иннокентиевич
Кабдрахманов
сөз сөйледі, ол Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2007
жылғы
27
желтоқсандағы
«Мемлекеттік сатып алуды жүзеге
асыру ережесін бекіту туралы»
№1301 қаулысын, Қазақстан
Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 15 мамырдағы
«Электрондық мемлекеттік сатып
алуды жүргізу қағидаларын бекіту
туралы» № 623 қаулысын және
Қазақстан
Республикасының
2003 жылғы 7 қаңтардағы
«Электрондық
құжат
және
электрондық цифрлық қолтаңба
туралы» № 370 Заңын түсіндірді.
Семинар аяқталған кезде оның
қатысушыларына
электронды
нұсқада мемлекеттік сатып алу
саласында әдістемелік ұсынымдар
таратылды.
Лебяжі ауданы әкімі
аппаратының
мемлекеттік-құқықтық бөлімі.
Павлодар облысы Әділет департаментінде 2014 жылғы 21 қарашада
4172 нөмірі арқылы тіркелді
Лебяжі аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
(V сайланған XXХVІІІ (кезектен тыс) сессиясы)
Аққу ауылы № 3/38 2014 жылғы 03 қараша
Лебяжі аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 28 сәуірдегі
«Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер
мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшерлерін
белгілеу туралы» № 1/31 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан
Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 21
мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж
азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту
туралы» № 504 Қаулысына сәйкес, Лебяжі ауданының мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Лебяжі аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 28 сәуірдегі «Алушылардың жекелеген
санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшерлерін
белгілеу туралы» № 1/31 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу
тізілімінде № 3781 тіркелген, 2014 жылғы 06 мамырдағы «Аққу үні»-«Вести Акку» № 18
газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
1 – тармағының он жетінші абзацындағы «Халықаралық мүгедектер күніне
орай» сөздері «Қазақстан Республикасының Мүгедектер күніне орай» сөздерімен
ауыстырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала және
мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы
Қ. Жиеналин
Аудандық мәслихат хатшысы
Қ. Әлтаев
«КЕЛІСІЛДІ»
Павлодар облысының әкімінің міндетін атқарушы
______________Д. Тұрғанов
2014 жылғы 7 қараша
Ақ халаттыларға алғыс білдіреміз!
Мен зейнеткер көп балалы анамын. Соңғы кезде денсаулығым сыр беріп, көбірек
дәрігерлердің көмегіне жүгінетін болып жүрмін. Сондықтан да аудандық ауруханаға
жиі барып тұрамын. Бауыр етім немерелерімді де апарып кезекті бақылаудан өткізіп,
екпе салдырып тұрамын.
Аурухана жұмысы ретті, жақсы жолға қойылған. Дәрігерлер мен медбикелердің
өз жұмыстарына жауапкершілікпен қарап, әрбір сырқатқа жәрдем көрсетуге әзір
тұратыны байқалады. Жақында ұлым ауырып ауруханаға барды. Ұлыма жедел
жәрдем көрсетіліп, дер кезінде операция жасалып, сырқатынан айықты. Осы кезде
іскерлігімен көрінген хирург дәрігер Р.Тукинов, медбикелер З.Нурғалиева және Роза
Қайсарқызына алғысымыз шексіз. Отбасымыз атынан ақ халатты абзал жандарға
ризашылығымызды білдіреміз.
Ж.Тынымхан,
Аққу ауылының тұрғыны.
Құрметті Үміт Шаймарданқызы!
Қызмет деген бір белестен өтіп,
құрметті демалыс деген кезеңге
жеттіңіз! Қуанышыңыз ұзағынан
болсын! Ағайын-туыстың құрметіне,
қосағыңыздың үлдесі мен бүлдесіне,
немере мен шөберелердің шу-
күлкісіне,
ұл-қыздарыңыздың
жеңісті шақтарын көрген шаттықтың
бақытты сәттеріне бөленген әдемі
ғұмыр кешіңіз!
Бүгінгі туған күніңізбен құттықтай
отырып, отбасыңызға бақыт, өзіңізге
мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, барлық
істеріңізге табыс тілейміз.
Ізігі
тілекпен:
Лебяжі
аудандық
қазынашылық
басқармасының ұжымы.