№4(76)/2014 Серия экономика



жүктеу 5.04 Kb.

бет5/21
Дата08.01.2017
өлшемі5.04 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

ЭКСПО-2017 Халықаралық арнайы көрмесіне дайындық: 
Қазақстан аймақтарының белсенді қатысуының алғашқы нəтижелері 
Мақалада ЭКСПО-2017 Халықаралық арнайы көрмесінің Астанада өткізілуінің өзектілігі мен маңызы, 
сонымен  қатар  оған  дайындық  мақсатында  Қазақстан  Республикасының  аймақтарында  өткізілген   
шаралар  жөніндегі  ақпараттар  келтірілген.  Мақала  мазмұнында  ЭКСПО-2017  арнайы  көрмесінің 
аймақтардың  əлеуметтік,  экономикалық  жəне  экологиялық  дамуындағы  маңызы  айтылды.  Авторлар 
арнайы  көрмені  өткізудің  басты  басымдығы  аймақтардың  тəжірибе  алмасу,  жаңа  технологиялар, 
жұмыс  орындары  мен  «жасыл  экономиканы»  жүзеге  асыруға  қолданатын  ғылыми  əлеуетінің 
анықталуы болып табылады деген ой айтты.  
 
Э.Ж.Сыздыкова, Д.К.Абилов  
Подготовка к Международной специализированной выставке ЭКСПО-2017: 
первые результаты активного участия регионов Казахстана 
В статье представлен материал об актуальности и значимости проведения Международной специали-
зированной  выставки  ЭКСПО-2017  в  Астане,  а  также  о  мероприятиях,  проводимых  в  регионах  Рес-
публики Казахстан, в целях подготовки к ней. Содержание статьи говорит о значении ЭКСПО-2017 в 
социальном, экономическом и экологическом развитии регионов. Отмечено, что г
лавным достоянием 
проведения Международной специализированной выставки  ЭКСПО-2017 в Астане для регионов яв-
ляются опыт, передовые технологии, рабочие места и научный потенциал для использования их в реа-
лизации «зеленой экономики».  
References 
1  Kazakhstanskaya рravda, 2012, December 15, р. 1. 
2  Kazakhstanskaya рravda, 2013, Juny 1, р. 1. 
3  Shabanova L.V., Yeskendirova G.A. Partnership Program «Green Bridge» as a tool for the transition to the «green» econ-
omy. — RSE «Informational-Analytical Center for Environmental Protection», Ministry of Environment of the Republic of Kazakh-
stan, [ER]. Access mode: http://www. G-global.kz. 
4  Nazarbayev N.A. Every region of Kazakhstan will benefit from holding of EXPO 2017 in Astana. Information Agency 
«Novosti-Kazakhstan», [ER]. Access mode: http://meta.kz 
5  The official website of Astana's bid for hosting EXPO-2017, [ER]. Access mode: http://www.expo2017astana.com 
6  Kazakhstanskaya рravda, 2013, December 7, р. 15. 
7  Kaukenova S. The improvement of legislation for the transition to the «green economy» is being discussed in Astana, [ER]. 
Access mode: BNews.kz. 
8  Kaukenova S. Wind power in Yereimentau will supply facilities of EXPO-2017, [ER]. Access mode: BNews.kz. 
9  Seksembayev S. National Chamber of Entrepreneurs will not allow discrimination against domestic companies in prepara-
tion for EXPO 2017, [ER]. Access mode: BNews.kz. 
10  Tokusheva A. About 20 thousand jobs will appear in Kazakhstan during the implementation of EXPO 2017, [ER]. Access 
mode: BNews.kz. 
11  Bondarev V.N. Rakhmetov told about the investment projects within EXPO-2017, [ER]. Access mode: BNews.kz. 
12  EXPO 2017: Jambul region is keeping pace with the times — Akim of the region Kanat Bozumbayev, [ER]. Access mode: 
http://oldexpo.ars-vision.co. 
13  Special tourist products will be developed in Mangistau region for EXPO-2017, [ER]. Access mode: BNews.kz. 
14  Rehearsal of EXPO-2017 will be held in the regions of Kazakhstan, [ER]. Access mode: http://tengrinews.kz. 
15  Order of the Prime Minister of the Republic of Kazakhstan dated July 31, 2013 № 120-p «On Approval of Media plan on 
covering events within EXPO-2017 in domestic and international markets for 2014». «Adilet» legal information system of normative 
legal acts of the Republic of Kazakhstan, [ER]. Access mode: http://adilet.zan.kz. 
16  Interfax-Kazakhstan, [ER]. Access mode: http://2010-2013.iwep.kz/. 
 
 
 
 
 
 
 

38 
Вестник Карагандинского университета 
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ  ИННОВАЦИЯЛЫҚ  ЖƏНЕ  ИНДУСТРИАЛДЫҚ  
САЯСАТТЫ  ЖҮЗЕГЕ  АСЫРУ  ТИІМДІЛІГІ  
ЭФФЕКТИВНОСТЬ  РЕАЛИЗАЦИИ  ИННОВАЦИОННОЙ  
И  ИНДУСТРИАЛЬНОЙ  ПОЛИТИКИ  В  КАЗАХСТАНЕ 
ƏОЖ  338.65.2 
Т.Б.Қазбеков, А.Г.Мусина  
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті 
(Е-mail: aselya_mus@mail.ru) 
Кəсіпкерлікті инновациялық негізде дамытудың басты бағыттары 
Мақалада  Қазақстан  Республикасында  кəсіпкерлікті  инновациялық  негізде  жүргізудің  ілімдік  жəне 
тəжірибелік  мəселелері  қарастырылған.  Кəсіпкерліктің  инновациялық  түрлері  ретінде  венчурлік, 
концессиялық, лизингтік жəне франчайзингтік бағыттары алынған. Қазақстандағы инновациялық кіші 
кəсіпкерлік  субъектілерінің  қызметін  қалыптастыру  мен  дамытуда    кедергі  болатын  факторлар 
талданған.  Инновациялық  кəсіпкерлік  субъектілерінің  дамуына  қол  жеткізу  үшін  қажетті  жағдайлар 
ұсынылған. Шағын жəне орта инновациялық кəсіпорын ғылыми ұйымдар аумағында құрылуы мүмкін 
екендігі дəлелденген. Еліміздегі кəсіпорындарының инновациялық белсенділігінің меншікті салмағы 
екшеліп сараланған. 
Кілт  сөздер:  кəсіпкерлік,  инновация,  инновациялық  негіз,  тəуекелділік,  концессия,  лизинг, 
франчайзинг, бағыттар, жетілдіру. 
 
Кəсіпкерлікті  инновациялық  негізде  дамытудың  басты  бағыттары  ретінде  венчурлік, 
концессиялық,  лизингтік  жəне  франчайзингтік  бизнестерді  қалыптастыру  жəне  дамыту  бойынша 
механизмдерді  жетілдіру  жолдары  ұсынылады.  Қазақстанның  алдында  нарық  субъектілерінің  өзара 
тауарлар мен қызметтерді өндірудегі бəсекелестікті қолдап жəне дамыту міндетімен қатар,  елімізде 
ғылыми сыйымды технологиялар саласындағы əлемдік бəсекелестіктің толыққанды қатысушыларына 
айналу үшін білім экономикасын дамытуға арналған іс-əрекеттерді жандандыру міндеті  тұр [1]. 
Қазіргі  күні  Қазақстандағы  инновациялық  кіші  кəсіпкерлік  субъектілерінің  қызметін 
қалыптастыру мен дамытуда  кедергі болатын факторлары келесідей [2]: 
 өз  қаржыларының  жетіспеушілігі  негізінде  инвестициялық  қорлар  арқылы  несиелерге  қол 
жеткізудің қиындығы; 
 инновациялық  кəсіпкерлік  қызметті  жүзеге  асыру  үшін  қажетті  сəйкес  инженерлік-
транспорттық  инфрақұрылыммен  қамтамасыз  етілген  өндірістік  қойма  орындарының 
жеткіліксіздігі; 
 инновациялық  кіші  кəсіпкерлік  субъектілерінің  қолданыстағы  заңдардағы  өзгертулер  туралы 
хабарсыздығы,  əкімшілік  кедергілер  жəне  кəсіпкерлік  қызметпен  айналысу  кезінде  билік 
органдарының нақты тəртіптерінің жоқтығы; 
 инновациялық  кіші  кəсіпорындардағы  жұмыскер  мамандықтарының  білікті  мамандарының 
жеткіліксіздігі.
 
Кіші  кəсіпкерлік  субъектілерінің  өңдеуші  өндірістерінің  ірі  жəне  орта 
ұйымдарымен  өзара  əрекеттесу  жəне  кооперациялануын  дамыту  туралы  мəселе  ерекше  зер 
салуды талап ету қажеттілігі. 
Сондықтан инновациялық кəсіпкерлік субъектілерінің дамуына қол жеткізу үшін мына мəселені 
шешу қажет: 
 

Кəсіпкерлікті инновациялық негізде… 
Серия «Экономика». № 4(76)/2014 
39 
 инновациялық кəсіпкерлік субъектілерін ақпараттық қолдау; 
 инновациялық кəсіпкерлік субъектілерін заңнамалық қолдау; 
 инновациялық кəсіпкерлік субъектілері алдында тұрған əкімшілік кедергілерді азайту.  
Бұл мақсатты орындау үшін мынадай шараларды қолдану болжамданады: 
 инновациялық  жеке  кəсіпкерлікті  қолдау  орталықтарын,  бизнес-инкубаторларын, 
технологиялық  парктер,  индустриялық  өңірлер  жəне  басқа  да  жеке  кəсіпкерлікті  дамыту 
объектілерін құру жəне дамыту;  
 инновациялық жеке кəсіпкерлік субъектілерінің қызметін оқу-əдістемелік, ғылыми-əдістемелік 
жəне ақпараттық қамтамасыз ету; 
 инновациялық шаруашылық етуші субъектілердің реттеуші жəне қадағалаушы қызметтермен 
жəне жергілікті билік органдарымен өзара əрекеттесу əдістерін жетілдіру; 
 тиімді бəсекеге қабілетті орта үшін жағдайлар жасау; 
 инновациялық кəсіпкерлік ахуалды жақсартуға жəрдемдесу, өңір экономикасына салымдардың 
тартымдылығын мақсатты жоғарылату.  
Ерекше  назар  инфрақұрылымдық  инвестициялық  жобалардың  əзірленуіндегі  өңірлік 
инвестициялық  бағдарламаларға  қарай  бағытталуына  бөлінеді.  Əрбір  облыс  əкімшілігі  ішкі  жəне 
сыртқы  инвесторлармен  жұмысты,  оларға  қажетті  жəне  толық  ақпарат  бере  отырып,  бюрократтық 
кедергілердің жойылуына көмектесе отырып, үйлестіреді жəне тəртіптендіреді. 
Шағын  инновациялық  кəсіпорындардың  қалыптасу  жолдары  əр  түрлі  болуы  мүмкін.  Көбіне, 
жаңа тауарлар, технологиялар немесе қызметтер жасап шығару туралы идеялар туындататын ғалым-
өнертапқыштар,  инженерлер  осындай  кəсіпорындарды  ұйымдастырудың  бастамашылары  болып 
табылады. Бұл адамдар,  əдетте, əр түрлі ведомстволар мен министрліктердің ғылыми ұйымдарында 
жұмыс  жасай  жүріп,  шығармашылық,  ғылыми  жəне  инженерлік  қызметтерде  бай  тəжірибе 
жинақтайды [3,4]. Олар  біраз  уақытқа  дейін  идеяларын  өздерінің  ғылыми  ұйымдарындағы 
зертханалар  мен  бөлімдерде  дəлелдеп  дамытады,  бірақ  əр  түрлі  субъективті  жəне  объективті 
себептерге байланысты идеяларды осы ұйымның аясында  дамыту мүмкін болмады.  
Бұл  идеяны  ары  қарай  дамытудың  ең  қарапайым  жолы — шағын  жəне  орта  кəсіпорынды 
ұйымдастыру.  Кейбір  елдерде  шағын  кəсіпорындар  құру  мəселесі  көп  шығын  мен  уақытты  қажет 
етпейді.  Шағын  жəне  орта  инновациялық  кəсіпорын  ғылыми  ұйымдар  аумағында  құрылуы  мүмкін. 
Жəне  де  шағын  кəсіпорынның  басшысы  аталмыш  ұйымның  қызметкері  болып  қалады,  ал 
инновациялық  идеяларды  дəлелдеу  жəне  дамыту  жөніндегі  жұмыстар  ғылыми  ұйымдардың 
жабдықтарымен  жүргізіледі.  Осындай  шағын  ұйымның  аясында  қол  жеткізілген  инновациялық 
жетістіктер  шағын  кəсіпорынға  да,  сондай-ақ  ғылыми  ұйымға  да  тиесілі  болуы  мүмкін.  Шағын 
кəсіпорындар инновациялық өнімдерді нарыққа жылжыту үшін делдал қызметін де атқарады [5].  
Университет  пен  колледждердегі,  мемлекеттік  ғылыми  орталықтардағы  көптеген  ғылыми 
ашылымдар  мен  өнертабыстар  АҚШ-та  шағын  инновациялық  кəсіпорындардың  құрылуына  түрткі 
болды.  Дəл  осы  ғылыми  ашылымдар  мен  өнертабыстардың  авторлары  ұсақ  кəсіпорындар  ашып, 
кəсіпкерлер ретінде көріне бастады. 
Шағын фирмалар, əдетте, кез келген жолмен нарыққа шығып, белгілі бір орын алуға тырысады. 
Ал  ірі  фирмалар  болса  кей  кезде  шығындарды  жаба  алмайтын  жеткіліксіз  мөлшерде  пайда  алудан 
қауіптеніп, өздерінің ғылыми бөлімшелерінде ойлап табылған өнертабыстарды игере алмай жатады.   
Шағын енгізуші фирмалар іргелі жəне қолданбалы зерттеулерді байланыстыратын тізбек болып 
табылады. Сондықтан көбіне оларды бұрындары  университеттерде немесе ірі зертханаларда жұмыс 
жасаған ғалымдар, сондай-ақ  ірі фирмаларды қызмет жасаған жəне өз идеяларын өз бетінше жүзеге 
асырғысы келетін инженерлер дəлелдеп шығарады. 
Батыстың көптеген ғалымдары жоғарғы технология жəне ҒЗТКЖ салаларында нақты көрінетін 
шағын  жəне  ірі  фирмалардың  ынтымақтастық  жасауын  қолдайды  жəне  мұндай  байланыстар  тек 
айқын ғана емес, сондай-ақ заң тұрғысынан ресімделген. Сонымен қатар шағын кəсіпорындар үшін 
қолжетімді  жəне  соңғыларына  ірі  корпорациялар  алдында  белгілі  бір  артықшылақтар  беретін 
зерттеулер түрі ерекшеленіп келеді.   
Нарықтық  экономикасы  қалыптасқан  елдерде  фирманың  көлемі  мен  инновациялық  қызметтің 
тиімділігі арасындағы өзара байланысты анықтау ғылыми-техникалық прогресті дамытудың маңызды 
проблемасы болып табылады.  

Т.Б.Қазбеков, А.Г.Мусина 
40 
Вестник Карагандинского университета 
Сол  немесе  басқа  жаңа  енгізулерді  игеруде  ғылыми-зерттеу  жəне  тəжірибелік-конструкторлық 
əзірлемелермен  айналысатын  орта  жəне  шағын  фирмалардың  тиімділігі,  ірі  ұйымдарға  қарағанда, 
айтарлықтай  жоғары  болады.  Себебі,  біріншісі  айтарлықтай  қаражат  пен  үлкен  ұжымды  қажет 
етпейді  жəне  мамандардың  шағын  тобы  күрделі  əрі  қымбат  зерттеу  жабдықтарысыз  жұмыс  жасай 
алады.   
Əсіресе  жоғары  оқу  орындарына,  ҒЗИ-ға  жəне  ғылымның  мемлекеттік  академиясы  құрған 
ғылыми  мекемелерге  интеллектуалдық  қызметтердің  нəтижелерін,  соның  ішінде  ЭЕМ-ге  арналған 
бағдарламаларды,  мəліметтер  базасын,  өнертабыстарды,  пайдалы  модельдерді,  өнеркəсіп  үлгілерін, 
іріктелген  жетістіктерді,  өндіріс  құпияларын  (ноу-хау)  тəжірибеде  қолдану  үшін  шаруашылық 
қоғамдарын құру құқығын беру ұсынылып отыр.  
Интеллектуалдық  қызметтің  нəтижелерін  пайдалану  құқығы,  жарғылық  капиталға  қосқан  үлес 
болып  табылады  жəне  лицензиялық  шарт  бойынша  енгізілген  мұндай  құқықты  ақшамен  бағалау 
шаруашылық қоғам құрылтайшыларының (қатысушыларының) шешімімен бір ауыздан бекітіледі. 
Инновациялық өндірістер құру, шағын жəне орта бизнесті дамыту жөніндегі ұсыныстар [6]
1. Шағын  жəне  орта  бизнестің  инновациялық  жобаларды  өнеркəсіп  саласына  енгізуінің  өз 
ерекшелігі  бар,  себебі  бұл  жерде  нақты  өнім — өнеркəсіп  үлгісі,  технологиялық    регламент, 
конструкторлық  құжаттама  болу  қажет.  Ал  бұл  айтарлықтай  қаражат  тартумен,  зертханалық 
жабдықтарды,  конструкторлық  құжаттамаларды  дайындауға  арналған  техникаларды  тартумен 
байланысты. 
2. Технопарктердің  көмегімен  зертханалық  жағдайларда  жекелеген  топтардың  жұмыспен  өтеуі 
немесе  инновациялық  өнімді  өндірудің  толық  технологиялық  тізбегі  жүргізілер  еді.  Жекелеген 
зерттеулер — тəжірибелік-өнеркəсіптік  тексерулерді  бейінді  ғылыми-зерттеу  ұйымдарының  сəйкес 
келетін  тəжірибелі  алаңшаларында  жүргізудің  мақсатқа  лайықтығын  ескеру  қажет  жəне  олардың 
мүмкіндіктері туралы мəліметтер технопарктерде болуы тиіс. Бірлескен қызмет туралы шарт болса, 
тамаша  болар  еді.  Бұл  жағдайда  технопарктер  осы  ұйымдармен  тəжірибелік-өнеркəсіптік  сынақтар 
өткізуге  тапсырыстарын  орналастырар  еді.  Бұл  жинақталған  шетелдік  тəжірибе — Outotec 
компаниясы (Финляндия). 
Айта  кететін  жайт,  жобалар  өздерінің  жаңашылдығына,  өткізімділігіне,  талап  етілмелігіне, 
шикізат  жəне  энергия  ресурстарымен  қамтамасыз  етілгендігіне  алдын  ала  технологиялық 
сараптамадан  өтуі  тиіс  əрі  сəйкес  келетін  инфрақұрылымы  болуы  жəне  қолдныстағы  өндірістерге 
бейімделе алуы қажет. 
3.  Мемлекеттік-жеке  серіктестік,  жаңа  ұйымдастырушылық  сызбаларды  қолдану  жəне  т.б. 
инновациялық шағын жəне орта бизнесті дамыта алатын құрал болуы тиіс.  
4.  Экономиканың  дəстүрлі  экспортқа  бағытталған  секторларында  жаңа  бизнестердің 
мультипликациясымен — орта  жəне  шағын  бизнеске  арналған  мүмкіндіктермен  бірге  ірі 
инвестициялық  жобаларды  жүзеге  асыру  болып  табылады.  Ол  үшін  зерттеулердің  прогрессивтілік, 
тиімділік,  экологиялық  тазалық,  өнімдерді  дайындаудың  саны  жəне  сапасы  бойынша  нормативтер 
мен  өндіріс  процесінің  технологиялық  режимдеріне  сəйкес  келуіне  технологиялық  сараптамалар 
жүргізіп,  жабдықтарды,  бейімдеулерді,  модельдерді,  аспаптарды  таңдау,  өндірістік  күштердің 
орналасу жəне т.б. дəйектілігін анықтау қажет.  
5.  Конкурстық  тапсырыстарды  іріктеу  барысында  ғылыми-техникалық,  экологиялық, 
техникалық  сараптамалар  жүргізу  жөніндегі  қолданыстағы  ережелерге  талдау  жасау,  нəтижелерін 
барлық қаржы институттары мойындайтын жобаларға кешенді сараптама жүргізу ережелерін əзірлеу. 
6.  Технологиялық сараптамалардың өлшемдерін регламенттеу. 
7.  Төменде  берілгендерді  қамтитын  шағын  инновациялық  кəсіпорындарды  қолдау 
(технологиялық алаңша) орталығын құру:  
 шағын  кəсіпорындарға  арналған  аталмыш  инновациялық  жобалардың  үнемі  жаңарып 
отыратын банктерін;  
 консалтинг қызметін; 
 бизнес-инкубаторды; 
 шағын инновациялық кəсіпорындарды қолдау үшін венчурлік қаржыландыру қорын. 
 

Серия «Экономика». № 4(76)/2014 
Қазақстандағы инновациял
 білікті  кадрлар  жəне  жұм
тұрғысынан дайындау жəне
оқыту; 
 инвестициялық үрдістерді 
біліктілігін  бекіту,  қоғам
шенеуніктердің қызметін р
Қазіргі  уақытта  ғылыми 
конструкторлық жəне техникалық
бар  химиялық  жəне  мұнай-хими
мұнай, газ, көмірді жəне басқаны 
өндірістер құрылыс жобалары дай
Ғылыми-техникалық  бағдар
сақтау,  ауыл  шаруашылығы,  өн
технологияларды  өңдеу  саласын
металлургияның кəсіпорындарын
Стратегияны іске асыру ЖІӨ
дан 50–52 
%-ға  дейінгі  мөлш
инновациялық қызметтің үлестік 
ЖІӨ  құрылымында  өңдеуші  өне
жылы 12–12,6 %-ға төмендеуін бə
45–46 %-ға дейін өседі деп қараст
 
Сурет. 2005–2013 жж.
Қазіргі  кезеңде  Қазақстанд
белсенділігінің  төмендеуін  көрем
мерзіміне  сəйкес  республикада 
жалпы респонденттік санының 3,
кəсіпорындарының  инновациялық
(Румыния — 28 %, Словения — 3
Аймақтық кескін бойынша и
белсенділік — 6,7 %, Қарағанды 
Ақмола облысы — 1,2 %, Алматы
Егер 2010 ж.  инновациялық
басты көлемі металлургия саласы
ал 01.01.2013 ж. мерзімінде өңдеу
 
0
1
2
3
4
5
2005
20
Кəсіпкерлікт
лық кəсіпкерлік ахуалын жақсарту үшін: 
мыс  күшін  дайындау  жүйесін  бекіту:  кадрла
е қайта дайындау, кіші бизнес жəне өзін жұмы
басқаруды ұйымдастыруды жақсарту: басқар
мдық  бақылау  үшін  биліктің  ашықтық 
еттеу деңгейін жоғарылату керек. 
сыйымды  өндірістер  қатарын  құру  м
қ құжаттама дайын елде отандық технологиял
иялық  өндірістерді  қалпына  келтіру  жəне  ке
қайта өңдеу бойынша кіші жəне орта тиімді ж
йындалуда [7]. 
ламаларды,  жоғары  тиімді  биотехнологияла
неркəсіп  үшін  биотехнологиялық  өнім  өнд
ндағы  қоршаған  ортаны  қорғау,  сонымен  қ
да жаңа технологиялық үрдістерді игеру басы
Ө құрылымында өнеркəсіптің үлестік салмағы
шерде  ұлғайтуға;  ЖІӨ  құрылымында  ғыл
салмағын 2010 жылғы 0,9 %-дан 2015 жылы 1
еркəсіп  үлесінің  төмендеу  қарқынын 2010 ж
əсеңдетуге, ал ауыл шаруашылығы өнімдерін 
тырылған (сур. қара). 
 Қазақстан Республикасы кəсіпорындарының инно
белсенділігінің меншікті салмағы 
да  инновацияларды  құру  жəне  енгізу  аясы
міз.  ҚР  Статистика  агенттігінің  бағалауы  бо
кəсіпорындардың  инновациялық  белсендігін
,9 % құрайды (10096 бірлік) (сур. қара). Салы
қ  белсендігі 13 % (2008 ж.),  ал  Шығыс  Еуро
2, Польша — 38 %). 
нновациялық дамуда көшбасында: Алматы қа
облысы — 6,2, Шығыс Қазақстан — 5,9 %. С
ы — 1,4, Маңғыстау — 1,4, Қостанай — 1,5, Қы
қ  қызметпен  айналысушы  кəсіпорындар  ар
ы болса (ҚР бойынша барлық инновациялық ө
у өнеркəсібі алда болды — 68,95 % (1-кесте). 
007
2010
2013
Инновациялар бой
белсенділік деңгей
ті инновациялық негізде… 
41 
арды  кəсіби  біліктілігі 
ыспен қамту саласында 
ру кадрларының кəсіби 
дəрежесін  көбейту, 
мақсатында  жобалық-
ларда қолдану негізінде 
еңейту,  сонымен  қатар 
жəне бəсекеге қабілетті 
арды  құру,  денсаулық 
дірісі,  теориялар  мен 
қатар  қара  жəне  түсті 
ымдық негізге ие. 
ын 2015 жылы 46,5 %-
лыми  жəне  ғылыми-
1,5–1,7 %-ға арттыруға; 
ылғы 13,3 %-дан 2015 
өңдеу үлесі 38,1 %-дан 
 
овациялық  
ында  кəсіпорындардың 
ойынша, 01.01.2013 ж. 
нің  меншікті  салмағы 
ыстырмалы түрде Ресей 
опада — 40 %-ға  дейін 
аласы — инновациялық 
Соңғы тізгін бойынша: 
ызылорда — 1,5 %. 
асында  өнім  өндіруде 
өнім өндірудің 84,4 %), 
йынша 
і, %

Т.Б.Қазбеков, А.Г.Мусина 
42 
Вестник Карагандинского университета 
1 - к е с т е  
ҚР салалары бойынша инновациялық өнім өндіру көлемі, млн тг 
 
ҚР экономика  
салалары 
Өнім өндіру көлемі 
(тауарлар, 
жұмыстар, 
қызметтер) 
Салалар өнімдерін 
өндірудегі меншікті 
салмақ, % 
Негізгі капиталдағы 
инвестициялар 
көлемі 
Өнім таралымындағы 
табыс (тауарлар, 
жұмыстар, қызметтер)
Барлығы 1006169,6 
100
170320,2
1493127,3
Ауыл шаруашылығы 2664,6 
0,26
399,3
3262,5
Тау-кен өндіру 
өнеркəсібі  
292194,5 29,04  60885,7  576784,5 
Өңдеу өнеркəсібі 693754,8 68,95
105306,9
897705,7
Құрылыс 17555,7 
1,75
3728,3
15374,5
Ескерту. ҚР Статистика агенттігінің мəліметтері бойынша авторлардың есептеуі. [ƏР]. Қол жетімділік тəртібі:
http://www.stat.kz 
 
Инновациялық  белсенділікті  шаруашылық  жүргізуші  субъектінің  динамикасы  мен  ағымдағы 
жағдайын  жəне  инновациялық  технологияларды  енгізу  деңгейін  көрсететін  кешенді  нəтиже  деп 
түсінуге болады (2-кесте). Кең мағынада — белгілі бір шаруашылық жүргізуші субъектіде инновация 
жасау  мен  енгізуде  пайда  болған  қаржы,  экономикалық,  саяси,  əлеуметтік  жəне  басқарушылық 
қатынастар  жүйесі.  Ал  ШОК  секторының  инновациялық  белсенділігі  дегеніміз  оның  дамуына 
қаржылық  салымдардың  перспективасын,  табыстылығын,  тиімділігін  жəне  тəуекелділігінің 
минимизациясы [8]. 
2 - к е с т е    
Инновациялық белсенділікті анықтайтын негізгі факторлар 
Мемлекеттің инновациялық белсенділігі: 
  əлеуметтік-саяси тұрақтылық; 
  ішкі 
нарықтықтың 
көлемі 
мен 
төлем 
қабілеттілігінің деңгейі; 
  несие-қаржы  жəне  банк  жүйесінің  қалыпта-
суының тұрақтылығы; 
  инфляция деңгейі; 
  экономикалық  сферадағы  жемқорлық  пен 
қоғамдағы қылмыс деңгейі; 
  инновациялық  қызметтің  құқықтық  қамтамасыз 
етілуінің деңгейі; 
  кəсіпкерлік  жəне  инвестициялық  қызметтің 
нормативтік базасының тұрақтылығы; 
  қор нарығының дамуы; 
  салық саясаты; 
  технологияның даму деңгейі  
Аймақтың инновациялық белсенділігі: 
  жағрафиялық орналасуы; 
  табиғи  ресурстармен  қамтамасыз  етілуі  жəне 
оларға қолжетімділік; 
  қоршаған ортаның жағдайы; 
  экономиканың құрылымдылық əртүрлілігі; 
  нарықтық  инфрақұрылымының  ахуалы  мен 
дамуы; 
  халықтың мəдениеті мен білімінің дамуы; 
  əлеуметтік-саяси тұрақтылық; 
  экономикалық тұрақтылық; 
  басқару органдарының кəсіпорындармен өзара іс-
əрекеті; 
  ақпараттық-коммуникациялық кеңістік; 
  нормативтік-құқықтық кеңістік 
Саланың инновациялық белсенділігі: 
  салалық нарықтың деңгейі; 
  азық-түлік  өнімдері  нарығының  монополиза-
циялану деңгейі; 
  бағаның икемділігі; 
  капиталға табыстылық нормасы; 
  саланың капитал сыйымдылығы; 
  салық ауыртпашылығының деңгейі; 
  бəсеке деңгейі; 
  саладағы əлеуметтік мəселелер; 
  стратегиялық  бірлестіктердің  қалыптасуы  жəне 
басқа  да  контрагенттермен  өзара  қатынастардың 
мүмкіндігі; 
  технология мен өндірістің күрделілік деңгейі; 
  инвестициялық  нарық  инфрақұрылымының  даму 
деңгейі; 
  саланың мемлекеттік реттеу деңгейі 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал