№4(76)/2014 Серия экономика



жүктеу 5.04 Kb.

бет19/21
Дата08.01.2017
өлшемі5.04 Kb.
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

Ғалым өткен белестер 
Профессор Р.С.Каренов — 70 жаста 
Еліміздің  аса  көрнекті  экономист-ғалымы,  білім  беру  ісінің  білікті  ұйымдастырушысы, 
экономика ғылымдарының докторы, профессор, алдыңғыларға сыйлы іні, кейінгілерге қамқор ұстаз, 
адал аға, айнымас жолдас Рашит Саттарұлы Каренов бүгінде 70 жасқа толып отыр. Ол 1944 жылы 13 
қазанда Қарағанды қаласында дүниеге келген.  
«Қыран  баласы  қияға қарап  өседі»,  дейді кемеңгер  халқымыз.  Бала  күнінен  экономист  болуды 
армандаған Рашит əкесі Саттар, анасы Шарбанның тəрбиесін көріп өскен алты баланың үлкені. Орта 
мектепті  үздік  бітірген  Рашит 1962 жылы  Қарағанды  политехникалық  институтының  тау-кен 
факультетіне түсіп, студент атанды. Институт басшылығы ғылымға бейімділігімен, дарынымен көзге 
түскен Рашитты оқу орнын бітірісімен Мəскеудегі тау-кен институтының аспирантурасына жіберді. 
1970 жылы Мəскеуде кандидаттық диссертациясын қорғағаннан кейін Р.С. Каренов Қарағанды 
политехникалық  институтында  еңбек  жолын  ұстаздықтан  бастады. 1981–1991 жылдары  «Машина 
жасау экономикасы жəне оны ұйымдастыру» кафедрасының  меңгерушісі болды. 
Р.С.  Кареновтың 1992 жылы  Ресейдің  Санкт-Петербург  мемлекеттік  университетінде  қорғаған 
докторлық  диссертациясын  айрықша  сипаттап  жатудың  қажеті  жоқ  сияқты.  Өйткені  оның  аса 
күрделі,  аса  маңызды,  өмірдің  өзі  алға  тартқан  проблеманы  талдап  шыққан  ғылыми  жұмысының 
нəтижесі  екендігін  «Қор  қайтарымы  ілімі  жəне  өлшеу  əдістемесі,  талдау  жəне  болжау  (Қазақстан 
өнеркəсібі материалдарында)» деген тақырыбы-ақ айқын көрсетіп тұр. 
1994  жылы  Р.С. Каренов  сол  кездегі  Е.А. Бөкетов  атындағы  Қарағанды  мемлекеттік 
университетінің  ректоры  Жамбыл  Ақылбаевтың  шақыруымен  университеттің  экономика 
факультетіне маркетинг кафедрасының меңгерушілігіне қызметке келді. Міне, осы уақыттан бастап 
оның бар өмірі, ғалымдық қызметі мен ұстаздығы атақты университеттің тарихымен ұштасып жатыр. 
2002  жылы  маркетинг  кафедрасы  екіге  бөлініп,  Рашит  Саттарұлы  жаңа  менеджмент  кафедрасын 
ашуға кірісіп кетті. Ол жаңа кафедраның оқу-əдістемелік, лабораториялық базасын уақыт оздырмай 
қалыптастырып үлгерді. «Уақыт деген тұлпардай жүйрік», — деп толғанады Рекең мұндайда. 
Жылжып  өткен  жылдардың  бедерлері  шежіреге  пара-пар.  Əр  кезеңнің  өзіндік  айшықты  іздері 
бар.  Айталық,  еліміз  тəуелсіздік  алғаннан  бергі  тұста  бұрын  бірыңғай  орыс  тілінде  оқылатын 
дəрістерді  енді  ана  тілімізге  көшіру  жөніндегі  жұмыстар  қолға  алына  бастады.  Əсіресе  бұл 
экономика,  менеджмент  жəне  маркетинг  білім  беру  саласында  оңайға  соққан  жоқ.  Қазақ  тіліндегі 
оқулықтар  мен  əдістемелік  құралдардың  жетіспеушілігі,  тіпті  мүлдем  жоқтығы  үлкен  қолбайлау 
болды.  Р.Каренов  өз  кафедрасындағы  оқытушылармен  бірлесе  отырып,  осы  жұмысқа  көп  уақытын 
бөлді.  
Өмірінің  басты  мақсаты  ұлттық  рухты  жандандыру  деп  білетін  үлкен  жүректі  ғалым  елінің 
болашақ ғалымдарын даярлауда, олардың біліктілігін арттыру жолында зор еңбек етті. Оның тікелей 
жетекшілік жасауымен 45 кандидаттық, 2 докторлық диссертацияның қорғалуы — атақты ғалымның 
ғылым саласындағы адалдығы мен біліктілігі, табандылығы мен шыншылдығының нəтижесі. 
Рашит Саттарұлының өнімді ғылыми-шығармашылық қызметінің нəтижесінде көптеген ғылыми 
еңбектері  Қазақстанда,  шет  елдерде  жарық  көрді.  Ғалым  жоғары  оқу  орындарына  арналған 30 оқу 
құралдары  мен  оқулықтарының, 45 монографияның, 1000-нан  астам  мақалалардың  авторы.  Бір 
қызығы,  Рекең  тек  экономика  ғылымымен  ғана  айналысып  қоймай,  рухани  өмірге  де  белсене 
араласып  жүр.  Оның  этнограф,  əдебиетші,  журналист  ретіндегі  еңбектері  қазақ  тарихындағы  ойып 
орын  алған  кесек  соқталы  туындылар.  Бұл  баға  жетпес  асыл  қазыналар  бүгінде  жер-жерге  тарап, 
жұртшылық игілігіне айналды. 
«Адам — бір жұмбақ,  оны  да ойла»  деп  Абай  атамыз  айтқандай, жұмбақтың  шешуі  неғұрлым 
қиын болса, соғұрлым қызық.  
Бізге  Рашит  Саттарұлы  Каренов  сондай  күрмеуі  мол,  күрделі  жұмбақтай  болып  көрінеді.  Ең 
сезімтал,  аңғарымы  мол  деген  жанның  өзі  жалт-жұлт  етіп  алуан-алуан  шұғыла  шашатын  алмастың 
тек  бір  қырының  ғана  сəулесін  көріп  үлгереді  екен.  Сегіз  қырлы,  бір  сырлы  Рекеңнің  кім  қанша 
қырын танып, қай сырына қаныққандай?  
Қараңыздаршы, Рашит Саттарұлы алған асулар қандай: 
 1995 жылы Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі болып сайланды; 

С.С.Ыдырыс 
150 
Вестник Карагандинского университета 
 1997–2000  жылдары  Ғылым  мен  техниканың  дамуына  зор  үлес  қосқан  ғалымдар  мен 
мамандарға арналған ҚР Үкіметінің Мемлекеттік ғылыми стипендиясының иегері болды; 
 2007 жылы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» Мемлекеттік грантының иегері; 
 2008 жылы Өндірісті ұйымдастыру ғылымы мен практикасының Халықаралық академиясының 
академигі болып сайланды; 
 2013 жылы академик З.Алдамжар атындағы Қостанай əлеуметтік-техникалық университетінің 
Құрметті  профессоры  жəне  «Е.А.Бөкетов  атындағы  Қарағанды  мемлекеттік  университетінің 
еңбек сіңірген қызметкері» атақтар берілді; 
 2013–2014  жылдары  екінші  рет  Ғылым  мен  техниканың  дамуына  зор  үлес  қосқан  ғалымдар 
мен мамандарға арналған ҚР Үкіметінің Мемлекеттік ғылыми стипендиясының иегері болды... 
Екінің бірі бөлене қоймаған абырой, атақ осындай-ақ болсын! 
Көрнекті ғалымның жүріп өткен өнегелі ғұмырын, ізгілікті істерін бір мақалаға сыйғызу мүмкін 
емес. 
«Ойлаған  арманың  орындалса,  еліңе  қызмет  етсең,  бала-шағаң,  отбасың  аман  болса, 
ұрпақтарыңа  дұрыс  тəрбие  бере  алсаң — одан  артық  бақыт  жоқ.  Бұл  жағынан  өзімді  əлемдегі  ең 
бақытты адам деп санаймын», — дейді Рекең. 
Профессор Кареновтың қызметі туған халқының көз алдында өтіп жатыр. Кімге де болсын, ел 
сенімінен  артық  баға  жоқ.  Кареновқа  елі  кəміл  сенеді.  Ал  абзал  азамат  оны  еңбегінің  жанғаны  деп 
біледі. 
Рашит Саттарұлы өзінің бір əңгімесінде былай дегені есте қалыпты: «Мұртқа өкпелеп жүргенде 
сақал  шықты», — демекші, əне-міне  дегенше, жетіп  келген  кешегі алпысқа  аң-таң  болып жүргенде 
алдыма  жетпіс  те  көлденең  тұра  қалып,  амалсыз  жетінші  ондықтың  үзеңгісіне  аяқ  салдым.  Сірə, 
бұған  да  қуану  керек  шығар.  Өйткені,  жетпіс  рет  қар  басып,  жетпіс  рет  жаз  көріп,  осы  ғұмырға 
лайықты адам-пенденің еншісіне бөліп берілер қуаныштар мен жақсылықтардың дəмін таттым. «Бір 
күн өтсе, қуанба — өміріңнің саудасы», — деп отырушы еді баяғыда қариялар. 
Біз  күндер  емес,  айлардың,  жылдардың  тез  өткенін  тіледік,  əр  жылдың  көне  қоржынында 
біздерге арналған бір жақсылық жатқандай, сол жақсылыққа тезірек жетуге асықтық. Əлі де асығып 
келеміз.  Сол  жылдардың  жылт  еткен  бір  жақсылығына  қосып  қара  шаштарымызды  ақ  шашқа 
айырбастап  алып  қалып  жатқанымызды  байқамаппыз...  Бірақ,  несі  бар,  қара  шашымыз  ағарса, 
кемелденудің, ақыл тоқтатудың, əр нəрсенің парқы мен бəсін білер белеске көтерілгендіктің белгісі 
шығар». 
Сөйтіп,  ел  сенімін  жанына  ең  басты  серік  еткен  ғұлама  ғалым  Рашит  Саттарұлы  Каренов 70 
жасқа келді. Өткен өміріндегі тағдыр тосқан ауыртпалықтарды да, қабырға қайыстырар қайғыны да 
сан мəрте басынан өткерді профессор ағамыз. Жігерін жасытпай, қайратын қажытпай, қанына біткен 
қайсарлықпен  көтеріп  келеді  бəрін.  Таяу  арада  біз  қуанышты  хабардың  куəсі  болдық:  ғылым  мен 
білімде  жеткен  зор  табысы  үшін  Рашит  Саттарұлына  Қожа  Ахмет  Ясауи  атындағы  Халықаралық 
қазақ-түрік  университетінің  Құрметті  профессоры  академиялық  атағы  берілді  (Қожа  Ахмет  Ясауи 
атындағы ХҚТУ Сенатының 2014 жылғы 12 қыркүйектегі шешімі, № 1 хаттама). 
Мерейтой  құтты  болсын,  жетпісіңіздегі  жігеріңіз  жоғалмасын,  сексенде  де  сергек,  тоқсанда  да 
тегеурінді болыңыз, Реке! 
 
 
С.С.Ыдырыс, 
Қ.А.Ясави атындағы Халықаралық қазақ-түрік 
университетіндегі  экономика факультетінің деканы 
 
 
 
 
 

Серия «Экономика». № 4(76)/2014 
151 
АВТОРЛАР  ТУРАЛЫ  МƏЛІМЕТТЕР 
СВЕДЕНИЯ  ОБ  АВТОРАХ 
Аbаyеv, А.А. — Master, Senior lecturer of finance department of economic faculty, Ye.A.Buketov Kara-
ganda State University. 
Abilov, D.K. — Senior teacher of «Social work and social pedagogy» chair, Master of sciences
Yе.A.Buketov Karaganda State University. 
Akbayev, Ye.T. — Candidate of economic sciences, Associate professor of Finance department of economic 
faculty, Ye.A.Buketov Karaganda State University. 
Artakshinova, V.S. — Master of economic sciences, Senior teacher of the Finance Department, economic 
faculty, Ye.A.Buketov Karaganda State University. 
Bekseiyit, S. — Poet, Member of union of writers of Kazakhstan, Karaganda. 
Yergeneli, Aziz — Professor, Hacettepe University, Faculty of Economics and Business Administration, 
Department of Business Administration, Ankara, Turkey. 
Ydyrys, S.S. — Doctor of Economics, professor, Dean of economic faculty Kozha Ahmet Yassaui Interna-
tional Kazakh-Turkish University. 
Frederick, Herzberg — Honorary professor of Management at the University of Utah in Salt Lake City; 
Head of the department of psychology at Case Western Reserve University, Cleveland, USA. 
Iskendirova, S.K. — Candidate of economic sciences, Associate professor, Sh.Ualikhanov Kokshetau State 
University. 
Karenov, R.S. — Head of the «Management» chair, Doctor of economics, professor, Ye.A.Buketov Kara-
ganda State University. 
Karibayev, Ye.S. — candidatе of economic sciences, Associate professor of finance department of econom-
ic faculty, Ye.A.Buketov Karaganda State University. 
Kazbekov, T.B. — Senior lecturer of chair «Management» candidate of economic sciences, Ye.A.Buketov 
Karaganda State University. 
Kunanbayeva, D.A. — Kazakh Ablai khan university of international relations and world languages, Asso-
ciate professor of the Department of Economics and Management, Almaty. 
Mambetova, S.Sh. — Candidate of economic sciences, Associated professor of the Management Depart-
ment, Ye.A.Buketov Karaganda State University. 
Mamrayeva, D.G. — Candidate of economic sciences, Associated professor of the Marketing Department, 
Ye.A.Buketov Karaganda State University. 
Mussina, А.А. Doctor of economic sciences, Acting professor, Kazakh University of Economics, Finance 
and International Trade, Astana. 
Musina, A.G. — Master of economic sciences, Senior teacher of the «Accounting and audit», Yе.A.Buketov 
Karaganda State University. 
Rakhimova, G.A. — Candidate of economic sciences, Senior teacher, Sh.Ualikhanov Kokshetau State 
University. 
Rakhimova, S.A. — PhD student, F.M.Dostoevsky Omsk State University, Russia. 
Roman’ko, Ye.B. — Candidate of economic sciences, Associated professor of the Management Department, 
Yе.A.Buketov Karaganda State University. 

Сведения об авторах 
152 
Вестник Карагандинского университета 
Ryspaуev, A.B. — Student first-year master's in specialty 6M051100 – Marketing, Ye.A.Buketov Karagan-
da State University. 
Seiytkassimov, G.S. — Doctor of economic sciences, Academic of NAS RK, Acting professor, Kazakh 
University of Economics, Finance and International Trade, Astana. 
Syzdykova, E.Zh. — Head of «Accounting and audit» chair, Candidate of economic sciences, 
Yе.A.Buketov Karaganda State University. 
Tagayeva, V.Z. — Student first-year master's in specialty Finance, Ye.A.Buketov Karaganda State 
University. 
Tashenova, L.V. — Master of economic sciences, Senior teacher of the Marketing Department, 
Yе.A.Buketov Karaganda State University. 
Temirbekova,  Zh.A.  — Associate professor, Suleiyman Demirel University, Faculty of Economics and 
Administrative sciences, Department of Management and Marketing, Almaty. 
Tleuberdinova, A.T. — Head of marketing department, Doctor of economics, Professor, Ye.A.Buketov Ka-
raganda State University. 
Zhumasheva, A.B. — Master of economic sciences, senior teacher of the «EIB» Department, Ye.A.Buketov 
Karaganda State University. 
Shayekina, Zh.M. — Doctor of economic sciences, Professor of the Marketing Department, Yе.A.Buketov 
Karaganda State University. 
 

Серия «Экономика». № 4(76)/2014 
153 
2014 жылғы «Қарағанды университетінің хабаршысында»  
жарияланған мақалалардың көрсеткіші.  
«Экономика» сериясы 
 
 
 
№  
б. 
 
ƏЛЕМНІҢ  БƏСЕКЕҚАБІЛЕТТІ  30  ЕЛДЕР  ҚАТАРЫНА  ҚОСЫЛУ  ШЕҢБЕРІНДЕГІ   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ  АЙМАҚТАРЫ  МЕН  САЛАЛАРЫНЫҢ  ЭКОНОМИКАЛЫҚ   
ДАМУЫНЫҢ  МƏСЕЛЕЛЕРІ 
Аймағамбетов Е.Б., Асанова М.А. Тұрақты даму: миф əлде шынайылық пе? ..............................  

42 
Барабанер Ханон. Еуразия экономикалық клубы ғалымдардың бүкіл əлемге белгілі мəртебелі 
қоғамдастығы ретінде...................................................................................................................................  

17 
Есенгелдин  Б.С.,  Мырзатаева  Г.К.,  Нұрымова  И.Т.  Аймақтық  еңбек  нарығы  дамуының  əлеу-
меттік негіздері .............................................................................................................................................  

22 
Иманбекова  А.М.  Қазақстанның  көмір  өнеркəсібіндегі  еңбекті  қорғау  жəне  өнеркəсіп 
қауіпсіздігі саласындағы жарқын болашақтағы басымдылықтары .........................................................  

60 
Каренов Р.С. Менеджмент психологиясы — басқару қызметінің психологиялық ерекшелікте-
рін жəне менеджер жұмысының зандылықтарын зерттейтін ғылым бағыты 
......................................... 
 1 4 
Каренов Р.С. Отандық жəне шетелдік компанияларда жəне кəсіпорындарда қорларды басқару 
мəселелері ...................................................................................................................................................... 
 4 4 
Каренов  Р.С.  Теңдестірілген  көрсеткіштер  жүйесі — əлемдегі  тиімділіктің  өзекті 
көрсеткіштері бойынша басқарудың белгілі тұжырымдамасы 
................................................................ 
 2 5 
Каренов  Р.С.  Функционалдық-құндық  талдау  тəсілі  ұйымдық  өндірістік  міндеттерді  шешу 
жəне кəсіпорынды басқару жүйесін жетілдіру құралы ретінде 
................................................................ 
 3 5 
Кофтанюк  Н.В.  Жоғары  оқу  орындарының  тұрақты  дамуының  ұйымдастырушылық-
экономикалық тетігін құрастыру ................................................................................................................  

31 
Мамраева Г.Б., Рахимжанова К.К., Мұхтарова Т.М. Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйы-
мына кіру мəселесі ........................................................................................................................................  

35 
Нұрпейісов Б.Г. Əлемдегі жəне Қазақстандағы  бəсекені жəне оны анықтайтын факторларды 
зерттеу өзектілігі ...........................................................................................................................................  

29 
Притворова  Т.П.,  Қосдаулетова  Р.Е.  Шығыс  Қазақстандағы  агломерацияны  дамыту:  алғы-
шарттар мен өсу шарттары ..........................................................................................................................  

20 
Ранета Л.Ф., Қожабаева А.Р. ТМД-ның екі негізгі мемлекеттері Украина мен Қазақстанның 
экономикалық дамуын салғастырмалы талдау ..........................................................................................  

19 
Рахимбекова  А.Е.  Денсаулық  сақтау  саласының  экономикасы — Қазақстан  Республикасын-
дағы өмір сапасына əсер етудің негізгі бағыты .........................................................................................  

49 
Садуов А.Ж. Қазақстандағы туризмнің қазіргі заманғы жағдайын талдау ....................................  

46 
Сыздықова Э.Ж.,  Əбілов Д.К.  ЭКСПО-2017  халықаралық  арнайы  көрмесіне  дайындық: 
Қазақстан аймақтарының белсенді қатысуының нəтижелері ...................................................................  

32 
Тлеубердинова  А.Т.,  Аскеев  А.Г.  Қазақстан  Республикасының  туризм  экономикасын  дамыту 
үшін Еуразиялық экономикалық одақтың артықшылықтары мен кемшіліктерін талдау .....................  

28 
Тлеубердинова
 
А.Т., 
Брицкая 
Е.Б. 
«Электронды 
үкімет» 
жүйесі 
мемлекеттің 
бəсекеқабілеттілігін арттыру құралы ретінде ............................................................................................  

39 
Тлеубердинова А.Т.,  Рыспаев А.Б.  Бірыңғай  экономикалық  кеңістік  азық-түліктік  қауіпсіз-
дікті қамтамасыз ететін өзара байланыстың əлеуетті үлгісі ретінде .......................................................  

26 
Фрешли М., Хустьи Ж., Раффай З. Ауылдық туризмнің дамуы мəдениетті сақтаудың аспабы 
ретінде ............................................................................................................................................................  

18 
Шаекина Ж.М., Васляева Е.Ю. Қазақстанда саяхат индустриясының даму тенденциялары .......  

68 
Шаекина Ж.М.,  Мамраева Д.Ғ.,  Ташенова Л.В.  ЭКСПО-2017  тұрғысынан  алғандағы  Қазақ-
станда оқиғалық туризмнің дамуы ..............................................................................................................  

18 
Шаекина Ж.М., Оспанов Г.М. Қазақстанда халықаралық туризмнің дамуын талдау ...................  

23 
Яушев Р.А., Микляева Т.В. Қазақстан Республикасындағы туризм қатынасының даму үрдісі ....  

54 
 
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖƏНЕ ИНДУСТРИАЛДЫҚ САЯСАТТЫ  
ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТИІМДІЛІГІ 
Есенгелдин  Б.С.,  Мырзатаева  Г.Қ.,  Нұрымова  И.Т.  Аймақтық  еңбек  нарығы  дамуының 
əлеуметтік негіздері ......................................................................................................................................  

78 

Мақалалардың көрсеткіші 
154 
Вестник Карагандинского университета 
Ескендір  Н.Н.  Металлургия  өнеркəсібі  кəсіпорындарының  стратегиялық  мақсаттарына  жету 
үшін инновациялық стратегия құру басымдылықтары .............................................................................  

98 
Кенжебаева Ə.Ə. Инновация бəсекеқабілеттілікті арттыру факторы ретінде ...............................  

48 
Кочербаева  А.А.,  Джолдыбаева  А.Б.,  Əбілдина М.К.  Нарық  жағдайындағы  экономикалық 
өсудің гуманизациялық өндірістік факторлары ......................................................................................................  

41 
Қазбеков  Т.Б.,  Ахметова  А.С.  Индустриалды-инновациялық  вектор  Қазақстан  экономикасы 
дамуының басты бағдары ретінде ...............................................................................................................  

84 
Қазбеков Т.Б., Мусина А.Г. Кəсіпкерлікті инновациялық негізде дамытудың басты бағыттары .  

39 
Қалықов  А.К.  Қазақстан  экономикасында  инновациялық  қызметті  тежеуші  факторлар 
шеңберін талдау ............................................................................................................................................  

36 
Мамраева  Г.Б.,  Нұрғалиева  А.А.,  Мұхтарова  Т.М.  Еліміздегі  жұмыссыздық  мəселесін 
шешудің түрлі жолдары ...............................................................................................................................  

90 
Мишулина О.В., Горелова Н.С. Кəсіпорындағы өнім өндірісі тиімділігін жоғарлатудың негізгі 
бағыттары ......................................................................................................................................................  

59 
Омарова А.Т., Грело M.Ф. Қазақстанның инновациялық даму жағдайындағы қызметкерлерді 
басқару ...........................................................................................................................................................  

68 
Романько Е.Б., Мəмбетова С.Ш.
 
«Ұзақ толқындар» ілімі жəне ғылыми-техникалық прогресс ....  

46 
Татаркин А. Астана экономикалық форумы айрықша экономикалық құбылыс ретінде .............  

55 
Тё А.Л.  Қазіргі  таңдағы  инновациялық  қызметті  талдау — технология  трансферті  арқылы 
жетілдіру жолдары........................................................................................................................................  

54 
 
ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ МЕНЕДЖМЕНТ ЖƏНЕ МАРКЕТИНГТІҢ  
ӨЗЕКТІ МƏСЕЛЕЛЕРІ 
Абаев А.А. Бенчмаркетинг маркетингтік зерттеулер қызметі ретінде ............................................  

108 
Əбіл  Е.Қ.,  Аспанбетов  Д.А.  Қазақстанның  автожол  саласындағы  мемлекеттік-жеке 
серіктестік: ағымдағы мəселелер.................................................................................................................  

124 
Базарова С.Қ., Салауатова Д.М., Əбеуова А.Р.
. 
Банк саласында маркетинг қызметін жетілдіру .....  

132 
Богларка  Дора  Ковач,  Тибор  Гонда.  Паннония  аймағының  шарап  өндіру  аудандарындағы 
этнологиялық туризм ...................................................................................................................................  

80 
Джазықбаева Б.К.  Арнайы  əлеуметтік  қызметті  жеке  тұрғыдан  қарау  қызмет  көрсету 
сапасын басқару əдісі ретінде ......................................................................................................................  

83 
Ермекбаева М.К. Қазақстан жастарының көшбасшылық дағдысы дамуына ықпал етушi фак-
торлар .............................................................................................................................................................  

102 
Жұмашева А.Б.
 
Лизинг  машиналар  мен  құрал-жабдықтарға  арналған  инвестицияны  қаржы-
ландырудың қуатты құралы ретінде ...........................................................................................................  

79 
Каренов  Р.С.  Бенчмаркинг — басқарудың  озық  тəжірибесін  жөнелтуді  жəне  бейімдеуді 
формалауға мүмкіндік беретін басқару технологиясы ..............................................................................  

106 
Каренов Р.С.  Контроллинг — кəсіпорында  қойылған  мақсаттарға  жету  үшін  оның  қызмет 
бөлімдерінің күш-жігерін байланыстырушы басқару тұжырымдамасы .................................................  

63 
Каренов Р.С.  Леонтьев  үлгісі  негізіндегі  жоспарлау  міндеттері  жəне  салааралық 
теңгерілімнің экономикалық-математикалық үлгісін құру ......................................................................  

53 
Каренов Р.С. Салыстырмалы менеджмент — əр түрлі елдердің менеджменттерін салғастыру 
əдісі ................................................................................................................................................................  

74 
Кочербаева  А.А.,  Джолдыбаева  А.Б.,  Əбілдина  М.К.  Қазіргі  жағдайдағы  экономикалық 
өсудің гуманизациялық факторларының өзара байланысы ......................................................................  

117 
Қазбеков Т.Б. Басқарудағы ресми жəне ресми емес байланыс жүйелері .......................................  

89 
Қазбеков Т.Б. Басшы қызметіндегі психологиялық-басқарушылық мəселе ..................................  

75 
Құнанбаева Д.А.
 
Білім  беру  қызмет  нарығының  конъюнктурасына  қоршаған  маркетингтік 
ортадағы компоненттердің ықпалы ............................................................................................................  

85 
Құнанбаева Д.А. Жоғары оқу орындарында маркетинг қызметін ұйымдастыру жəне басқару ...  

100 
Мəмбетова С.Ш. Шығындарды бақылау жəне реттеу мақсатында оларды талдаудың əдісте-
мелік негіздері ...............................................................................................................................................  

86 
Нұрымжанов А.М.  Инвестициялық  жəне  жобалық  қызметті  басқару  (Ақмола  ОТД 
мысалында) ...................................................................................................................................................  

85 
Романько Е.Б., Мұсабекова А.О. Қазақстан Республикасында көліктік логистиканың дамуы ....  

142 
Фредерик Херцберг.
 
Еңбекке құлшынысты қалай ояту керек? .......................................................  

65 
Эргенели А.,  Темірбекова Ж.А.
 
Халықаралық  менеджментте  жаһандық  көшбасшылық 
концепциясы: мəдени құндылықтар арқылы көзқарас ..............................................................................  

73 
 

Мақалалардың көрсеткіші 
Серия «Экономика». № 4(76)/2014 
155 

1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал