№4(76)/2014 Серия экономика



жүктеу 5.04 Kb.

бет18/21
Дата08.01.2017
өлшемі5.04 Kb.
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

Қазақстанның өңдеуші өнеркəсібі кəсіпорындарындағы  
инновациялық үдерістерді басқару жолдары 
Мақалада  Қазақстан  өндірісінің  инновациялық  дамуын  анықтайтын  əдістеме  ұсынылған. 
Мезодеңгейге бөлу арқылы басқару көрсетілген. Технологиялық дəрежесі бойынша мезодеңгей жəне 
мезодеңгейдің  астында  экономикалық  қызметтің  түрлері  анықталған.  Өңдеу  өнеркəсібінің 
кұрылымдық талдауы жасалған. Инновациялық өнімнің жалпы көлемдегі орта-төмен технологиялық, 
төмен  технологиялык,  орта-жоғары  технологиялық  жəне  жоғары  технологиялық  үлесі  саналып 
бағаланған.  Инновациялық  кызметінің  шоғырлануы  айқындалған.  Инновациялық  кызметінің 
концентрациясы орта-жоғары жəне жоғары технологиялық өндірістің түрлерінде жоғары, сондықтан 
оларды  дамыту  кажет.  Осы  əдістемені  пайдалана  отырып,  тар  орындарды,  ынталандыру  мен 
стимулдарға  қарсыларды,  инновациялық  үрдіске  енуді  айқындауға  жəне  жоғарыда  айтылған 
өндірістің түрлерін дамытып, инновациялық үрдісті басқаруға болады. 
 

С.А.Рахимова 
142 
Вестник Карагандинского университета 
S.A.Rakhimova 
The Waysof managing innovation processes on manufacturing  
enterprises of Kazakhstan 
In this article methodology for determining the innovative development of the industry of Kazakhstan was 
proposed. Management through the allocation of mesoobjects was proposed. We identified mesolevel accord-
ing its technological level and sub-mesolevel — subtypes of economical activity. The analysis of the structure 
of the structure of the manufacturing industry was presented. We calculated and presented the share of medi-
um-low-tech, low-tech, medium-high and high-tech types of industries of the total volume of innovative 
products. The concentration of the innovate activity was identified. We concluded that the concentration of 
innovation is higher in medium-high-tech and high-tech kinds of industries that is necessary to develop. In a 
behavioral aspect also it is need to stimulate these types. On the basis ot this methodology, we can identify 
problem points, as well as stimulus, anti-stimulus, input into the innovation process and we can manage the in-
novation process, namely developing the types of productions, which were dascribed above. 
 
 
References 
1  Economic Commission for Europe. Innovation Performance Review of Kazakhstan, New York and Geneva, 2012, 174 р. 
2  Agency on Statistics. Data book «Science and Innovation Kazakhstan 2008–2012», Astana, 2013, 88 р. 
 
 
 
 
 
 
 

Серия «Экономика». № 4(76)/2014 
143 
МЕРЕЙТОЙ ИЕСІ 
ЮБИЛЕЙНЫЕ ДАТЫ 
Атына ісі сай hарон ар-Рашит 
Рашит  Саттарұлы  Кареновты  облыс  жұртшылығы  жақсы  біледі.  Белгілі  экономист-ғалым, 
экономика  ғылымдарының  докторы,  профессор,  Халықаралық  ақпараттандыру  академиясының 
академигі. Қатарынан екі мəрте Қарағанды облыстық өкілетті органның депутаты болып сайланып, 
сайлаушыларының аманатын абыроймен орындаған абзал азамат.  
Ғұлама  ғалымның  шығармашылық  өсу  жолы,  оның  экономикалық  ғылымдар  мəселелерімен 
қатар  əдебиет,  тарих,  этнография,  экология  мəселелерінің  барлығымен  бірдей  асқан 
қызығушылықпен айналысатыны сан қырлы ірі тұлға екендігін танытады. 
Əсіресе  əмбебап  жанның 1989–1994 жж.  Қарағанды  облыстық  халық  депутаттары  Кеңесінің 
депутаты жəне 1999–2003 жж. Қарағанды облыстық Мəслихатының депутаты ретіндегі тындырымды 
қоғамдық қызметі жұртшылықтың көз алдында өтті. 
Əр алуан жандардың əр кезде айтқан пікірлерін жинақтай айтсақ, Рашит Саттарұлы Каренов — 
Қазақстанның экономика ғылымдарының көрнекті өкілі, қоғам қайраткері, қарымды қаламгер. Оның 
шығармашылық  еңбектері,  ғылыми-ұйымдастырушылық,  əдеби  жəне  қоғамдық  қызметі  республика 
жұртшылығына ғана емес, одан тыс жерлерде де кеңінен танымал. Оған көздеген бағытынан таймас 
табандылық,  ғылымның  келелі  мəселелерін  зерттеуде  аса  қажет  ізденгіштік  қасиет  тəн.  Оның 
бойынан ымыраға келуді жақтыра қоймайтын қатаңдық пен байсалдылықты қатар байқауға болады. 
Ең алдымен өзіне өзі қатаң талап қоятын, ол шəкірттеріне де жоғары талап қоя біледі.  
Қажет болғанда, беделді тұлғалармен де айтыса алатын, бірбеткей шенеуніктерді «орнына қоя» 
алатын  батыл  адам.  Содан  да  болар,  Рекеңнің  өмірінде  шиеленісті  жағдайлар  көптеп  кездеседі. 
Қарсыластары  мен  жаулары  да  жоқ  емес.  Алайда  диалектикалық  заңға  сəйкес  революциялық 
өзгерістерге əкелетін нағыз ғылым осындай ірі кесек тұлғалардың болуын талап етеді.  
Шығармашылық жолындағы ұйқысыз түндер бекерге кеткен жоқ. Баспадан шығып зиялы қауым 
мен  қалың  жұртшылық  оқыған  көптеген  іргелі  ғылыми  монографиялар  мен  оқулықтар,  əдеби 
кітаптар  мен  зерттеу  мақалалар — соның  айғағы.  Бір  жарым  мыңнан  астам  ғылыми  жəне  əдеби-
публицистикалық еңбектер, оның ішінде 75 ғылыми жəне əдеби-публицистикалық кітаптар, тарихи-
танымдық жинақтар, оқулықтар мен оқу құралдары өз алдына, 18 ғылыми-əдеби кітаптарды дүниеге 
келтіру əлеуетті қаламгерге ғана тиесілі үлес.  
Бүгінде  Рекең  кадрлар  мен  студент  жастарды  тəрбиелеуге  жəне  даярлауға  көп  күш  жұмсап 
жатқандығы да үлкен əңгімеге арқау боларлық. Ол 1994 жылдан бері Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-
дің маркетинг (2002 жылдан — менеджмент) кафедрасының меңгерушісі. Оның жетекшілік етуімен 
экономика  ғылымдарының 30-ға  жуық  кандидаты  мен  докторы  даярланды.  Ұлағатты  ұстаздың 
сарқылмас  күш-жігері  мен  жетекшілігі  арқасында  Орталық  Қазақстанда  менеджерлер  мен 
маркетологтардың зиялы қауымға кеңінен танымал ғылыми мектебі қалыптасты. 
Рəшит Саттарұлы қырық жылдай экономика ғылымдарының мəселелерімен айналысуда. Үлкен 
өмір жолынан өтті. Тағдыр оған қиын, бірақ толыққанды бақытты өмір сыйлады. Оның замандастары 
мен  шəкірттері,  ғалымдар  мен  журналистер,  жазушылар  мен  əдебиеттанушылар  асқан  таланты  мен 
табандылығы арқасында алашта ат оздырған шығармашыл жанның сом тұлғасы мен кесек бейнесін 
жеріне жеткізе айтар еді. 
«...  Рекеңнің  жеке  өміріне  жəне  еңбектеріне  тəн  бір  ерекшелікті  атап  көрсету  парыз, — деп 
жазады қарт ұстаз М. Кенжебаев. — Ол оның қандай мəселе туралы айтса да, əділдікке, шындыққа 
бой  ұратындығы,  өткінші  көңіл-күйдің  əсерімен  ақиқаттан  ауытқып  кетпейтіндігі,  бір  сөзбен 

С.Бексейіт  
144 
Вестник Карагандинского университета 
айтқанда,  адалдығы, «тура  айтып  туғаныма  жақпадым»  дегендей  мінезі  оны  кедергіге  ұшыратып 
отырса да, сол қасиет түптің түбінде оның жүзін, жарқын бейнесін айқындап келеді». 
Белгілі  журналист,  эссеист  Төлеубай  Мансұр: «Өз  басым  оны  əуелде  білікті  ғалым  ретінде 
таныдым. Кеңес Одағы күйреп, бозторғай басына, тұрымтай тұсына тоз-тоз болып кеткен тұста қалай 
қарай  қадам  басарымызды  білмей  əжептəуір  абдырап  қалғанымыз  рас  қой.  Көсегемізді  көгертетін 
жол нарық қатынасына апаратын соқпақ екен. Ал нарық халықты қарық қыла ма? Оның не гəп екенін 
мына аңтарылып қалған ағайындарға кім түсіндіріп бергендей? 
Міне,  тап  осы  тұста  экономист-ғалымдар  суырылып,  ел  алдына  шықты.  Əрине,  бəрі  бірдей 
шығуға тəуекел ете алмады. Жүзден біреу, мыңнан оны дегендей, өзінің білімі мен білігіне сенімді 
ғалымдар ғана тəуекелге бел буды. Осы кезде қарағандылық экономист-ғалымдардың арасында жарқ 
етіп,  көзге  көрінгендері  Рашит  Каренов  пен  Талғатбек  Əбдіразақов  еді.  Олар  радио  мен  теледидар 
жəне  газет  арқылы  абдырап  қалған  халыққа  нарық  қатынасының  күнгейі  мен  көлеңкесін  жіпке 
тізгендей  етіп  баяндап  берді.  Мұнымен  қоса  облыс  экономикасын  нарық  қатынасына  орай  жаңаға 
құру ісіне бел шеше араласып та кетті», — деп, риясыз көңілмен сүйсіне жазыпты. 
«Рашит  Саттарұлы  дарынды  публицист  те.  Оның  газет-журналдарда  жарияланып  жүрген  сан 
алуан  тақырыптағы  мақалаларында  публицистикалық  терең  толғаныс,  көтеріңкі  пафос  жатады, — 
деп  жазады  М.  Кенжебаев. — Орыс,  қазақ  тілінде  қалам  тербеп,  өзінің  ойын  ғана  емес,  көркемдік 
түсінігі мен сезімін жеткізе білген ғалымның «Жұлдыз», «Простор», «Мысль» журналдарында жəне 
басқа  да  ондаған  мерзімді  баспасөзде  жарияланған  көркем  суреттемелері  мен  публицистикалары 
қуатты дарынның бір қырын дамытады… Оның еңбектерінде, ғылыми жəне əдеби очерктерінде пуб-
лицистерге тəн алғыр ой, логика басым болып отырады» («Орталық Қазақстан», 25.07.95 ж.).». 
Академик Рашит Кареновтың «Абай дара қазақта, Абай — дана», «Ұлан даланың ұлы суреткері» 
(Мұхтар  Əуезов  туралы), «Дəуірдің  дарабоз  перзенті» (Қаныш  Сəтпаев  туралы), «Ғылымға  даңғыл 
жол  салған» (Кəрім  Мыңбаев  туралы), «Қалдырған  ізің  мəңгілік» (Евней  Бөкетов  туралы),  орысша 
жазылған «Личность планетарного масштаба» (Əлихан Бөкейханов туралы) мақалаларын тебіренбей 
оқу мүмкін емес. 
Оның  əрбір  мақаласын  «ғылым  турасындағы  тоғышарлық  сенімге  ерер  болсақ,  ғалымдар 
қайдағы бір піл сүйегінен қашалған зəулім мұнарада марғау тіршілік кешетін көңілсіз де сұрқай пен-
делер іспеттес əсер ететін сыңайлы. Ал 1999 жылғы 12 сəуірде туғанына 100 жыл толған академик 
Қ.И.Сəтпаевтың тағдыры осы тақылеттес тұжырымдаманы түбегейлі түрде теріске шығарады» (73-б.), 
«Рас,  Евней  Арыстанұлының  ғылымға  қосқан  үлесі  өз  бағасын  толық  алып  отырған  жоқ.  Өйткені 
ғалым  жолы да, ақын  жолы  да  көбіне  тақтайдай бола  бермейтіні белгілі. Тасы  өрге  домалап,  атағы 
шығып, жұртшылық аузына қарап келе жатқан ірі оқымысты, дарынды əдебиетші-сыншы, аударма-
шы, публицист Е.А.Бөкетовты көре алмай етектен тартқан, аяқтан шалған сұмдықтар болмай қалған 
жоқ. Бірақ бір ғажабы — ол қысымның қандайын көрсе де өз ісінен қол үзбеді» (94-б.) деп келетін 
тосын штрихтармен бастауы оқырманды əрі қарай еріксіз жетелеп отырады, «тағы да не айтар екен?» 
деп елең қақтырады. 
Қазіргі заманның өнер адамдарының арасында ғасырлардың мынандай сипаттамасы орын алған 
екен: «XVIII ғасыр — «Ол  данышпан», XIX ғасыр — «Сен  данышпансың», XX ғасыр — «Мен  да-
нышпанмын!».  Міне, осы сыры мен сипаты əрқилы болса да, ұрпақтар сабақтастығын жіті сақтаған 
үш ғасырдың мəнді-мағыналы жұлдызды сəттерін екі тілде жазылған отыз шақты мақалалар жинағы 
молынан қамтыған. 
Ел тарихын əйгілі тұлғалар арқылы тану мүмкіндігі – тəуелсіздік жемістерінің бірі. Заманында 
халқымыздың бақытына туған ұлы тұлғалардың бірі – Байдалы би Бекшеұлы. «Тура биде туған жоқ, 
туғанды биде иман жоқ» деп халық айтқандай, əділдігімен қара қылды қақ жарған Байдалы бидің ел 
арасындағы  қадір-қасиеті  хан  мен  сұлтаннан  кем  болмаған.  Қаламгер  Каренов  ірі  тұлғаның  сол 
бірегей қасиетін «Əрі көсем, əрі шешен Байдалы би» кітапшасында жеріне жеткізе баяндаған. 
Сондай-ақ автордың «Қазақтың үш ұлы көсемі» атты ғылыми-зерттеу еңбегінде тəуелсіз хандық 
туын  тік  ұстаған,  өз  заманының  дана  мемлекет  қайраткері,  сұңғыла  дипломаты  Абылай  ханның 
бейнесі  жан-жақты  көрініс  тапқан.  Осыған  қоса  елім  деп  еңіреген,  халқым  деп  қайысқан  Кенесары 
ханның  жəне  Наурызбай  сұлтанның  өмірлері,  батырлықтары  сипатталған.  Хан  Кененің  əлі  де 
кеңейтіп көрсетілмеген  саясатшылдығына,  дипломатиялық  өнеріне, қолбасшылық  қасиетіне  ерекше 
көңіл бөлінген. Сонымен қатар Алаш көсемі Əлихан Бөкейханның өмірі мен қызметі, оның алғашқы 
Қазақ  автономиясының  тұңғыш  та  жалғыз  басшысы  болғаны,  сол  лауазыммен  тарихта  қалғаны 
баяндалған. 

Атына ісі сай hарон… 
Серия «Экономика». № 4(76)/2014 
145 
Филология ғылымының кандидаты Ж.Жарылғапов  «Руханият əлеміне қосылған қомақты үлес» 
мақаласында («Орталық  Қазақстан» 06.11.2002 ж.): «… үстіміздегі  жылы  ғалым  қаламынан  туған 
«Əрі  көсем,  əрі  шешен  Байдалы  би» (Қарағанды:  Болашақ-баспа, 2002) жəне  «Қазақтың  үш  ұлы 
көсемі» (Қарағанды:  ҚарМУ  баспасы, 2002) атты  екі  көлемді  дүниесі  «ұлттық  рух», «бай  тарих», 
«мақсат-мүдде»  ұғымдары  төңірегінде  ұлттық  сананың  сілкінісіне  өзек  болды  десек,  артық 
айтқандық болмас», — деп жазады.  
Рецензент  автордың  алғашқы  кітабында XVIII ғасырдағы  қазақ  тарихында  айрықша  орны  бар 
Байдалы би Бекшеұлының өмірбаяны, қоғамда алатын рөлі туралы ұтымды баяндағанын тап басып 
айтқан. 
Жалпы  алғанда  Рекеңнің  қос  кітабы  өзара  жүйелілікке  бағынған  əр  кезеңді  қамтыса  да  негізгі 
арқауы  бір  проблема  төңірегінде  түйіскен  дүниелер  екені  анық. XVIII ғасырдағы  Абылай,  ХІХ 
ғасырдағы Кенесары, ХХ ғасырдағы Əлихан Бөкейханов ұлттық тарихта айрықша орны бар тұлғалар 
ғана  емес,  сонымен  қатар  ұлттық  тарихты  əлемге  паш  еткен  танымал  жандар.  Осынау  үш  тарихи 
тұлғаның  қоғамдық-тарихи,  саяси-əлеуметтік  зерттеуге  арқау  болуы  автордың  екінші  кітабында 
көрініс тапқан. Тарихтың небір бұрылыс сəттерінде саяси сахнаға шыққан осынау əйгілі тұлғалар ту-
расында олардың ғұмыры, өмір жолы хақында ғана зерттеу жүргізіп қоймай, автор олардың адамдық, 
азаматтық,  дарындылық  болмыс-бітіміне  айрықша  назар  аударып,  əр  тарихи  тұлғаны  олар  ғұмыр 
кешкен  қоғамдық-əлеуметтік,  тарихи, саяси жағдайлармен  тығыз  бірлікте, органикалық  байланыста 
алып қарастырады. 
Абылай хан мен Байдалы би, Кенесары хан мен Əлихандар автордың еңбегінде жалаң ғана баян-
далып  қоймай,  олардың  төңірегіндегі  айтулы  тұлғалармен  қоса  бейнеленген.  Осының  нəтижесінде 
тарих тек болған оқиғалардың хронологиялық шежіресіне ғана айналып қоймай, оның аясында ғұмыр 
кешкен  небір  айтулы  жандардың  ғұмырбаянымен,  ел-жұрты  алдында  сіңірген  еңбегімен 
айшықталған. 
«Рəшит Саттарұлының еңбектері өзінің ойлылығымен дараланады. Ғылыми-көпшілік сипатында 
жарық көрген бұл қос еңбектің жұртшылыққа ұсынар тағылымы да осында», — дейді əдебиеттанушы 
ғалым. 
Елбасымыз  Н.Ə.Назарбаев: «ХVIII  ғасырда қазақ сахарасында  жасындай  жарқылдаған  Абылай 
армандап өткен, мұңды шерге толы ХІХ ғасырда Кенесары қарумен күрескен, жаппай қырып-жоюға 
қарсы бас көтерген Бөкейхан межелеп кеткен асыл мұраттар өлген жоқ — соның бəрі 1991 жылы 16 
желтоқсанда  жүзеге  асты», — деген  еді.  Міне,  биыл  тəуелсіздігіміздің  жиырма  үшінші  жылында 
тағдырдың осы сирек сыбағасын барша халқымыз пайдаланып, игілігін көруде. Соның бір сипаты — 
өткенімізге үңіліп, тарихымызды танып, болашағымызды бағдарлау. 
Заманымыздың ұлы жазушысы, көзі тірі классик Мұхтар Мағауин кезінде тəуелсіздігіміздің он 
бірінші  жылының  өзінде  қырғыз  ағайындардың  көңіліне  келеді  деп  Кенесарының  мерейтойын 
асқақтатып өткізе алмағанымызды, өзбек ағайындардың көңіліне келеді деп шекарадағы түйткілдерді 
батып  айтпайтындығымызды  қынжыла  айтты,  ашына  айтты.  Шынында  да,  бұл  не  қылған  көңіл 
жықпастық, не қылған жалпақ шешейлік?! 
Зəузаттық  жадымыздан  жаңылу — кезіндегі  отарлаушы  елдің  де,  сол  зорлықшыл  елге 
жандайшап  болған  жұрттардың  да  бүгінгі  билік  басындағы  сайқал  саясат  ұстанатын  ұрпақтарына 
тиімді. Тарихи жады жоқ халықты билеп-төстеу де, алдап-арбау да оңай. 
Əзірейіл келіп 
Алсын, мейлі, жанымды, 
Күнімді үптеп, 
Атырмасын таңымды — 
Ұлтым — қазақ екендігін жасырман, 
Жасыра алман — 
Руымды, қанымды… — 
деп,  азуын  айға  білеген  айтулы  ақындарымыздың  бірі  Иран-Ғайып  айтқандай,  айдың,  күннің 
аманында қара басып не ғылыпты, құдай жадымыздан жаңылдырмасын деңіз. 
«Аз и Я» — 
Азия деп 
оқталып, 
жаңылдым ба? 
Жатпаймын мен ақталып… 

С.Бексейіт  
146 
Вестник Карагандинского университета 
Танып-біліп өзімізді өзгеден, 
Көшеміз біз өзімізді бетке алып, — 
деп,  Олжас  абызша  өзімізді  өзіміз  танудан,  өзімізді  өзіміз  іздеуден  танбаймыз.  Сырттағы 
жауларымыз да, іштегі кірме дұшпандарымыз да ұлардай шулай берсін, қанымызды да, жанымызды 
да жасыра алмаймыз. 
Кезінде Мопассан Флобер туралы айта келіп: «Жазушы ғалым болу керек» дегендейін, шынында 
да Рашит Каренов академик ғалым ғана емес, сонымен бірге қарымды қаламгер де. Екі тілде бірдей 
жазады.  Оның  ізденіске  толы  ойлы  мақалалары  облыстық,  республикалық  басылымдарда  үздіксіз 
жарияланып жатады. 
Шежіре…  осы  бір  жалғыз  сөздің  аясында  көп  мағына  бар.  Ел  мен  жердің,  халық  пен 
қаһарманның  сырты  нұрлы,  іші  сырлы  шежіресін  жасауға  бүгінде  ғалымның  да,  жазушының  да, 
журналистің де, қалың көпшіліктің де атсалысқаны белгілі. Халқымыздың асыл мұрасы, ұланғайыр 
тарихының  куəгері — ру  шежіресі  соңғы  жылдары  рухани  өмірімізге  қайтып  оралды.  Көптен  бері 
ұлттық  басылымдарда  бірталай  шежіре  нұсқалары  мен  зерттеу  мақалалары  жарияланып,  ара-тұра 
қызу пікірталастар да болып өтті. Шежіренің тарихи пайда болуы жəне даму жолдары туралы да аз 
жазылған жоқ. Əр ру-тайпаның шежіре кітаптары да бірінен соң бірі шығып жатыр. 
Біле білген жанға шежіре дегеніміз — халықтың қымбат қазынасы. Халық барда шежіре де бар. 
Түптеп  келгенде,  шежіре — қазақ  халқының  бірлігі  мен  ішінара  ынтымағын  қалыптастырудың 
идеологиялық құралы ретінде пайдаланылып келгені айдан анық. Мұны ел билеген озық ойлы хандар 
мен билер жақсы түсінді. 
Тарихыңды,  тегіңді  білмеу — білімсіздіктің  үлкені.  Кешегісіз  бүгіннің,  бүгінгісіз  болашақтың 
жоқтығы  аксиома  болса да,  осы  жерде  қайталап  айтудың  реті  келіп  тұрғаны  анық.  Əрі-беріден  соң 
ата-бабамыздан  «Жеті  атасын  білмеген  жетесіздіктің  белгісі»  деген  əлгіден  де  қаттырақ  айтылған, 
тіпті сақты сындырып, сүйекке таңба салатын сөз қалған.  
Академик ғалым, қарымды қаламгер Рашит Каренов Қазақстан-Ресей университеті баспасынан 
биыл,  яки 2014 жылы,  жарық  көрген,  ширек  ғасыр  бойғы  маңдай  тер,  табан  ақысының  қомақты 
жемісі — «Үш  жүздің  шежіресі  жəне  Арғын-Алтай  тайпасының  Қареке-Мұрат  рулары: 
энциклопедиялық  анықтамалық»  атты  екі  томдық  тарихи-генеалогиялық  зерттеуінде  халқымыздың 
дəстүрлі  шежірешілдігіне  құнды  дерек  көзі  ретінде  мəн  беріп,  əрісі  үш  жүздің,  берісі  Арғын 
тайпасының шығу тегі мен қалыптасу тарихын зерттеген, оның ішінде бұрын аз зерделенген Қареке-
Мұрат руларының шежіресін таратқан. 
Жалпы көлемі 1362 беттен тұратын, яки 85,13 баспа табақ, бұл қос томдық халық ішінен шыққан 
көнекөз  шежіреші  қарттардың  айтқандарынан  жəне  үш  жүздің  таралымы  туралы  баспалардан 
шығарылған, шашырап жүрген кітаптардан (еңбектерден) алынып жинақталып, бір жүйеге келтіріліп, 
ата тегін білгісі келген оқырмандарға ұсынылып отыр. Осы еңбекте тарихи-этнографиялық, мəдени-
əдеби айғақтар, тектік-генетикалық қасиеттер көрініс тапқан. 
Арғын-Алтай  тайпасына  жататын  Қареке-Мұрат  руларының  шежіресі — ұлт  тарихы  мен 
тағдырының  жанды  бөлшегі.  Шежіреде  аталар  дəстүрі,  ғасырлар  дауысы,  дауылпаздар  дабылы 
естіледі.  Энциклопедиялық  анықтамалыққа  автор  далалық  фольклорлық-этнографиялық  зерттеу 
деректерін, мұрағат құжаттарын, өмірбаяндар мен фотосуреттерді енгізген. 
Автор  көкірегі  ояу,  көзі ашық  алаш  азаматтарына  ру  тарихы — қазақ  тарихының  құрамды  бір 
бөлігі,  ру  тарихы — əрқайсымыздың  бабаларымыздың  тарихы  екендігін  ұғындырып,  нақты  мысал-
дармен  дəлелдейді. «Қазақ  жеті  атасын  не  үшін  білген?  Кейінгі  ұрпақ  өзінің  алдындағы  ұрпақтың 
дəстүрін,  тұрмыс-салтын,  тіршілігін — бəрін  де  қаз-қалпында  қайталап  отырған.  Ұрпақтан  ұрпаққа 
беріліп  келе  жатқан  даланың  жазылмаған  заңы,  дəстүрі  бұзылса,  тіршілікке  орны  толмас  зиян 
келтірген.  Жеті  атаға  дейін  біріне-бірі  үйленуге  тыйым  салуы  қазағымның  данышпандығы  деп 
біліңіз», – деп ой түйеді қаламгер ғалым. Айтса айтқандай, шежіре білу — арғы аталарымызға қандас, 
туыс  адамдардың  некелесуінен  туа  пайда  болатын  аурулардың  алдын  алу  үшін  де  керек  болды. 
Əлімсақтан  төрт  түлік  мал  өсірумен  айналысқан  халқымыз  тұқым  асылдандыру  ілімін  жете 
түсінгендіктен, «жеті  атаңа  дейін  үйленбе»  деген  қағиданы  берік  ұстанды.  Дана  ата-бабаларымыз 
ұрпағының ұсақтанып, нəсілінің азып кетпеуін қатты қадағалап отырды. 
Орта жүз Арғын тайпасына жататын Қареке, Мұрат руларының аталмыш шежіресі — көп жыл-
дар бойы жүздеген адамдардан ауызша сұрастырылып, жоғалып кеткен мəліметтерді тірнектеп жина-
стырып, əр түрлі деректерден, əңгіме-аңыздардан құрастырылған туынды. 

Атына ісі сай hарон… 
Серия «Экономика». № 4(76)/2014 
147 
Тарих — үздіксіз  үдеріс,  ол  бүгінгі  адамдардың  өмірімен  шектелмейді.  Қазір  қиял-ғажайып 
(фантастика)  болып  көрінгенімен,  бізден  жүздеген  жыл  кейін  өмір  сүретін,  тілі  мен  ділін,  тіні  мен 
дінін  сақтаған  қазақтар  (лайым  солай  болсын)  шежіре  тарату  дəстүрін  сақтап  қалуы  қажет.  Сақтап 
қалып қана қоймай, ғылым деңгейіне көтеріп, компьютерлер мен есептегіш машиналардың зердесіне 
енгізіп,  арнайы  энциклопедиялар  құрастырып,  генетикалық  қызметтің  қажетіне  пайдаланып,  алыс 
заманалардан бері келе жатқан рухани байлығымызды дамытуы керек. 
Автор бұл еңбегін ержүрек бабасы, Кенесары ханның серігі болған, қазақ халқының күрескерлік 
тарихында өшпес із қалдырған мыңбасы Мəнжі батырдың 200 жылдығына арнаған. Қареке Байбура-
дан шыққан батыр Мəнжі Күржікейұлы (1815–1911) Қарпық-Қаратоқа руынан шыққан Тиес батыр-
мен дос болған. Екеуі хан Кененің қолында болып (Мəнжі батыр 22 жасында жүзбасы болыпты), ұлы 
жорықтарға қатысқан, қазақ жерін жат жұртқа бермеу үшін талай ерлік көрсеткен. 
Оның үстіне Мəнжі тек батыр ғана емес, ойда жоқ жерден айшықты сөз де тауып айтатын өткір 
тілді ділмəр адам да болыпты. Мəнжі батыр бірде: 
Алты баласы бардың ауылына барма, 
Бес баласы бардың бетіне келме, 
Төрт баласы бардың төрде орны бар, 
Үш баласы бардың алдында айдаған малы бар. 
Екі баласы бардың өкпе, бауыр, жалы бар, 
Жалғыз баласы бардың шығар-шықпас жаны бар,  
деген уəлі сөздерді суырып салыпты. 
Бəріңізге  мəлім,  күні  кеше,  тіпті  əлі  күнге  дейін  қазақ  халқының  тарихы,  əдебиеті  мен 
мəдениетінің  бел-белестері  өзінің  зерттелуі  жағынан  дұрыс  ғылыми  жолға  қойылмай,  көп 
мағынасынан  айырылып,  асылын  жасықтандырып,  жақсыларын  жадынан  шығарып,  жалған 
ұрандардың  дақпырттары  жетегінде  қалып  келді.  Ендігі  міндет — жерімізге  баса  көктеп  кірген 
сыртқы  жаудан  елі  мен  жерін  қорғап  тер  төккен,  қан  кешкен  ел  басына,  қолбасылар  мен  хандарға, 
билерге,  батырларға  лайықты  тарихи  бағасын  беріп,  тиісті  орнына  қою.  Аталмыш  еңбек — осы 
маңызды  мəселелерге  сəл  де  болса  үлес  қосуды  көздеп  жазған  автордың  жылдар  бойғы  тынымсыз 
жұмысының нəтижесі. 
«Шешеннің ең ұлы қасиеті — қажет нəрсені ғана айту емес, сонымен бірге қажеті жоқ нəрсені 
айтпау»  деп,  Цицерон  айтқандай,  академик  қаламгер  қажет  нəрсені  ғана  айтып,  қажетсіз  дүниені 
айтпауға мейлінше тырысқан. Нені айтса да, бұрын біз оқымаған, естімеген тың деректі, соны топ-
шылауды көлденең тартады. Кітаптың тілі көркем де жатық, жеңіл оқылады, жалықтырмай өзіне тар-
тып отырады. Бұған əр мақаланың ұбақ-ғұбақ шұбалаңқы жазылмай, ықшам да жинақы жазылуы да 
септігін тигізгендей.  
Энциклопедиялық  анықтамалықта  Қарағанды  өңірінде  туып-өскен,  халықтың  жуан  ортасынан 
суырылып шыққан, рухани өміріміздің бірқатар көрнекті өкілдерінің өміріне қатысты сирек деректер, 
соны мəліметтер көп. Кезінде Қарағанды жерінде өмір сүрген, аты «қазаққа мəлім болған», сөзі «үш 
жүзге  тəлім  болған»  ақиық  ардагерлеріміздің  батырлық  істері,  биліктері,  философиялық-
дүниетанымдық  көзқарастары,  өнерпаздық  өрнектері  ұлттық  байлығымыз  екенін  ұмытпаған 
ұрпақтың қашанда алды кең, келешегі кемел болатыны даусыз. 
Кезінде Төле би «Арғын-Қыпшақ болсаң Алтай бол» деп тегін айтпаса керек-ті. «Атадан ұл туса 
игі,  Ата  жолын  қуса  игі»  деп  сол  Төле  би  айтпақшы,  талай  игі  жақсының  өскен  ортасы,  өрісі  кең, 
өркені қанат жайған ел. 
«Қасиетті қазақ даласы жалпақ жұрт оқып бітпеген көне кітап секілді. Талай беттері күні бүгінге 
дейін  ғасырлар  шаңына  бөгіп,  ұйқыда  мүлгіп  жатыр.  Ашып,  қыртысын  жазып,  парақтар  болсақ, 
ақтарар  сыры  мол.  Одан  халқымыздың  тарихында  қаралуға  тиіс  талай  асыл  есімдер  мен  олардың 
жазба  мұрасын  ұшыратасың.  Соларды  бүгінгі  ұрпақпен  таныстырып,  табыстыру — ғалымдар  үшін 
зор міндет, ауыр жүк. 
Əсіресе Сарыарқаның сауыр төсіндегі Қарағанды жерінің айтар тарихы жұртшылыққа беймəлім, 
əлі де ашылмаған жұмбақ сырлары да аз емес. Қарағанды жері — өзінің бай тарихымен, есімі төрткіл 
дүниеге танымал қасиетті бабаларымызбен бүкіл қазақ еліне мəлім өлке», дейді автор. 
Қарағанды  жерін,  негізінен,  Қареке,  Мұрат  аталатын  екі  ру  қоныс  еткен.  Ел  бірлігінде,  халық 
азаттығында,  ұрпақ  тəрбиесінде  жергілікті  даналардың  да  тарихи  орны  мен  қоғамдық  үлесі  əрі 
қомақты, əрі салмақты. 

С.Бексейіт  
148 
Вестник Карагандинского университета 
Ал ел тарихын əйгілі тұлғалар арқылы зерделеу — қазақтың дəстүрлі таным-түсінігінде ертеден 
қалыптасқан  үрдіс.  Қазақтың  қария  сөздерінде  (ДАТ — Даланың  ауызша  тарихы),  яғни  шежірелік 
зердесінде, тарих ұдайы жеке тұлғалардың өмір дерегі арқылы танылып отырады. Қоғамның саяси-
əлеуметтік,  мəдени-рухани  ахуалы  үнемі  жеке  тұлғалар  болмысы  арқылы  көрініс  табады.  Осындай 
қағиданы  негізге  алған  осы  қомақты  еңбектің  авторы,  Қареке-Мұрат  руынан  шыққан  атақты  билер 
мен  батырларды,  ақындар  мен  ғұламаларды,  күрескерлер  мен  зиялыларды  біртұтас  тарихқа 
топтастырады. 
Өңір  дерекнамасының  беттерінен  жауына  ойран  салған  Шерубай  батыр,  Кене  ханның  серігі 
жəне  ақылшысы  Таймас  батыр,  ел  аузында  жыр  болған  Мəнжі  батыр,  есімі  Арқа  жұртына  кеңінен 
танымал  Қамен  би,  тереңнен  толғаған,  байыпты  саясаткер  атанған  Игілік  би,  от  ауызды,  орақ  тілді 
Таңшолақ би, өлеңге жүйрік, ойы ұшқыр, шабытты ақын Байсалбайдың Ахметбегі, көркем сөздің хас 
шебері  Ғабиден  Мұстафин,  арқалы  ақын  Мақсұт  Байсейітов,  білімділігімен,  зайырлылығымен 
көкірегіне  имандылық  ұялатқан  Əбдікəрім  молда,  өмірін  ізденіспен  өрнектеген  Мінəж 
Жармұхаметов, ел-жұрты ұмытпайтын азамат, қайтпас қайсар қайраткер, кезінде ел мен жер қамқоры 
болған  Жұмабек  Тəшенев  туралы  жадыңызды  жаңғыртар,  санаңызды  сəулелендірер  мол  мағлұмат, 
күшті əсер аласыздар. 
Жəдігер  еңбек — деректанушы-тарихшыларға,  фольклор  зерттеушілерге,  генеалогиялық 
танымды қажет ететін оқырманға жəне шыққан тегін білуге ұмтылушыларға арналған этнографиялық 
бағалы жинақ. 
Қорыта келгенде, қаламгер ғалым Рашит Кареновтың «Үш жүздің шежіресі жəне Арғын-Алтай 
тайпасының  Қареке-Мұрат  рулары:  Энциклопедиялық  анықтамалық»  атты  екі  томдық  тарихи-
генеалогиялық зерттеуі елін сүйер, тарихты тануға құштар, төл тарихы мен мəдениетін білгісі келген 
қалың  оқырман  қауымның  көңілінен  шығады  деп  сенеміз.  Автордың  өзі  айтқандай,  бүгінгі  күнде 
тарихты  білу — тарихи  шығармалар  жазу  үшін  ғана  емес,  өзіңнің  адамдық  бейнеңді  тану  үшін 
керегірек. 
Ізбасарына  үкілі  үміт  жалғап,  есімін  Һарон  ар-Рашит  деп  қойған  əке  сенімі  мен  тəлімге  толы 
мектебі  сондай  əсерлі!  Қаламгерлік  өнерді  қыранға  теңеп,  оның  қос  қанаты  бар  десек,  соның  бір 
қанаты — талант  та, екінші  қанаты — еңбек.  Ал  жалғыз қанат қыранның  ұша  алмасы,  қия жартас, 
асқар шыңдарды құша алмасы анық. 
Көпшілік  профессор  Кареновтың  ғалым-педагог  ретіндегі  жоғары  адамгершілік  қасиеттерін, 
сондай-ақ қажырлы азаматтың ғылыми, педагогикалық, əдеби қызметін тиісті дəрежеде бағалайтыны 
анық. 
Түбінде баянды еңбек — егін салған, 
Жасынан оқу оқып, білім алған. 
Би болған, болыс болған өнер емес, 
Еңбексіз бұдан өзге бəрі жалған, —  
деп  ұлы  Абай  айтқандай,  баянды  бақытын  білім  мен  ғылымнан,  тарих  пен  əдебиеттен,  бір  сөзбен 
айтқанда,  инемен  құдық  қазғандай  ауыр  еңбектен  тапқан  сегіз  қырлы,  бір сырлы  əмбебап  ғалымға, 
еліне елеулі, халқына қалаулы болған азаматқа қашанда сенім артуға болады. Қыл қысқасы, берісі əке 
аманатын орындау, əрісі ел үмітін ақтау — тек парасатты ер азаматтың еншісі. 
 
 
Сəбит Бексейіт,  
ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қарағанды 
 
 
 
 
 
 

Серия «Экономика». № 4(76)/2014 
149 

1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал