№4(76)/2014 Серия экономика



жүктеу 5.04 Kb.

бет13/21
Дата08.01.2017
өлшемі5.04 Kb.
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21

Жоо маркетинг қызметінің матрицасы 
 
Білім беру қызметінің 
нарығы 
Еңбек нарығы 
 
Ғылыми-техникалық өнім / 
қызмет нарығы 
Маркетингтік зерттеулер   
 
 
Нарықта сұранысқа ие 
университет тауары / 
қызметін қалыптастыру 
 
 
 
Жоо тауары / қызметін 
жылжыту 
 
 
 
 
Бұл матрица жоо маркетинг қызметінің масштабын көрсетеді. Берілген матрица жалпы жоо үшін 
білім  беру  қызметі  нарығын,  еңбек  нарығы  мен  ғылыми-техникалық  өнім  мен  қызметті 
қарастыратынын  естен  шығармайық.  Мысал  ретінде  Санкт-Петербург  мемлекеттік  электротехника 
университетінің  «ЛЭТИ» (СПбМЭТУ)  қызметін  қарастырайық.  Санкт-Петербург  мемлекеттік 
электротехника  университетінің  «ЛЭТИ»  миссиясы  келесідей  қалыптастырылған: «ықпалдасу 
жағдайында  СПбМЭТУ  жоғары  маманданған  деңгейді  қамтамасыз  ету  жəне  тұлға  бойында 
азаматтық,  адамгершілік  қасиеттерін  қалыптастыру,  Ресейдің  жетекші  техникалық  жоо  ретінде 
əлемдік білім, ғылым жəне ақпараттық қауымдастыққа ендіру. Ол келесі негізде жүреді: электроника, 
электро-  жəне  радиотехника,  ақпараттық  технология,  автоматтау  жəне  басқару,  аспап  жасау, 
гуманитарлық  ғылымдар  облысында  білім  беру  жəне  зерттеу  үдерістерін  тиімді,  сапалы  түрде 
ұйымдастыру;  табиғат  жəне  қоғам  жайлы  білім  алу  жəне  оны  мақсатты  түрде  тарату;  қоғамның 
адамгершілік, мəдени жəне ғылыми құндылықтарын сақтау мен көбейту» (сур. қара). 
 
 
Сурет. СПбМЭТУ маркетинг қызметі [5] 
Маркетинг қызметі əзірлеген жоо маркетинг зерттеулерінің əдістемелік негізі: жоо маркетингтік 
зерттеулердің үдерісі мен міндеттері; маркетинг зерттеулерін жоспарлау жəне өткізу əдістемесі; MS 
Excel  жəне SPSS пайдалану  арқылы  маркетинг  зерттеуінде  алынған  бірінші  ақпаратты  сараптау 
əдістемесі;  маркетинг  қызметінің  СПбМЭТУ  құрылымдары  үшін  маркетингтік  зерттеулерді 
ұйымдастыру;  маркетингтік  зерттеулер  бойынша  есеп  материалдарын  құру  əдістемесі.  Маркетинг 
қызметі пайдаланатын маркетингтік зерттеулерді өткізу əдістері: сауалнама (жеке, телефон арқылы); 
электрондық пошта арқылы сұрастыру; тереңдетілген сараптамалық сұхбат; ақпараттың екінші дерек 
көзін сараптау (БАҚ, Ғаламтор, ақпараттың арнайы көздері). 
Осындай  қызметтің  құрылымы  өзге  университеттерде  қандай  болуы  мүмкін?  Ғалым 
У.Г.Зиннуров  оны  құрудың  екі  нұсқасын  атап  көрсетті:  орталықтанған  жəне  орталықтанбаған. 
Маркетинг қызметі
Интеграцияланған 
сегментте маркетинг 
қызметін ұйымдастыруды 
ұсыну
ЖОО құрылымдары
Маркетинг қызметі
Еңбек нарығын, білім беру 
қызметін, ғылыми-техникалық 
өнім / қызметті маркетингтік 
зерттеу
ЖОО құрылымы
Нарықта сұранысқа ие ЖОО 
тауары / қызметінің тізімін 
қалыптастыру
Нарықта ЖОО тауары / 
қызметін ілгерілендіру
ЖОО маркетинг қызметін ұйымдастыру
СПбМЭТУ маркетинг қызметі 

Білім беру қызметінің… 
Серия «Экономика». № 4(76)/2014 
103 
Орталықтанған жағдайда сауда бойынша проректор маркетинг бөлімінің бастығы қызметін атқарады, 
яғни  маркетингтің  үш  бөлімнің  жұмысын  қамтиды  (білім  беру  қызметі,  ғылыми-техникалық  жəне 
сауда  қызметінің  маркетингі).  Орталықтанбаған  жағдайда  маркетингтің  үш  бөлімі  тиісті 
проректорларға  қарайды:  өз  өнімдеріне  қатысты  іс-шаралар  жиынтығымен  айналысып,  бір-бірімен 
байланысқа түспейді. Демек, екі жағдайда да кез келген кафедрада, кез келген ғылыми-зерттеу жəне 
қосымша  бөлімдерде  де  маркетинг  үшін  жауапты  қызметкер  бар.  У.Г.Зиннуров  ойы  бойынша, 
орталықтанбаған  жағдайда  маркетинг  қызметінің  құрылымын  ұйымдастырудың  кемшілігі — 
құрылымдар арасындағы байланыс деңгейінің төмендігі, ал орталықтанған жағдайдағы кемшілік — 
тəуелсіздік  деңгейінің  төмендігі.  Сипатталған  нұсқалардың  кемшіліктері  басқару  табиғатына  тəн 
болып келетіні айдан анық. Сонымен қатар бұл кемшіліктер осымен шектелмейтінін айта кету керек 
[6]. Бірінші кезекте, маркетингтің тəуелсіз үш секторын ұйымдастыруды, кіші жəне орта білім беру 
ордаларын  айтпағанда,  көптеген  үлкен  жоо  қол  жеткізе  алмайды.  Маркетинг  штаты  бойынша  да 
осындайды  айтуға  болады.  Олардың  қоғамдық  бастамада  өмір  сүруі  осы  жұмыс  бағытының 
маңыздылығына  сай  емес  болып  келеді.  Демек,  бірінші  қадам  ретінде  жұмылдырылған  маркетинг 
қызметі  туралы  айтуға  болады:  күш-жігерді  біріктіріп,  маркетингтегі  жалпы  стратегия  жоғарғы 
құндылық  ретінде  алға  шығады.  Өкінішке  орай,  осындай  зерттелетін  құрылымдардың  аспектілері 
түзетулерді қажет етеді.  
Сонымен  қатар  бірнеше  маркетинг  құрылымдарын  бір  бөлімге  біріктіріп,  сауда  проректорына 
бағыну  күмəн  тудырады.  Бұл  қызмет  маңызды  болғанымен  де,  ол  жоғарғы  деңгейде  оқу  орнының 
негізгі  өнімінен  алшақ болып  келеді.  Жəне  осындай  ұйымдасқан  құрылым  коммерциялық  мақсатқа 
жету үшін ғана қажет деген ой туындайды. Бұл оны мемлекеттік қаржыландыру көлемінде ғылыми-
зерттеу  жəне  оқу  үдерісінен  бөліп  көрсетеді.  Іс  жүзінде  қазіргі  жағдайға  маркетинг  бөлімі 
стратегиялық  даму  проректорына  бағынатын  ұйымдасқан  басқару  жүйесі  сай  келер  еді.  Мұнда 
маркетинг  бөлімі  стратегиялық  даму  проректорына  бағынар  еді.  Нақты  осы  жағдайда  ғана 
маркетингтік зерттеулерді жүргізген кезде жоғары деңгейлі кəсібилікті көруге болады. Бұл жерде оқу 
орнының  бейінді  жұмысы  жайлы  толыққанды  ақпарат  жинақталған,  яғни  білім  беру  қызметінің 
көптеген  тақырыптарын  беретін  оқытушы-профессорлық  құрам  іске  қосылған.  Іс  жүзінде 
стратегиялық  даму  проректоры  білім  беру  қызметі  үдерісінің  белсенді  мүшесі  болып қалады,  ал  ол 
оқу  ғимаратының  маркетинг  объектілерінің  басты  санатына  қатысты  маркетинг  қызметі 
басшыларына кəсіби тұрғыда оң əсер беруі керек. 
Демек,  маркетингке  жауапты  қызметкер  қажеттілігі  жойылады,  яғни  кафедра  ұжымында 
стратегиялық  дамуға  жауапты  қызметкерге  маркетинг  міндеттемелері  жүктеледі,  ал  басқа 
құрылымдарда (шаруашылық жəне т.б.) маркетинг міндеттемелері басшылыққа жүктеледі. Тəжірибе 
көрсеткендей,  егер  де  білікті  маркетолог  ешқандай  міндеттемелерге  жауап  бермей,  тек  қана  кеңес 
беретін  қарапайым  зерттеуші  болса,  онда  оның  болашағы  жоқ.  Тиісті  құзыреттікке  ие  болмай, 
жұмыстың нəтижесі үшін жауап бермейтін бөлімнің қарапайым ғана қызметкері іс жүзінде бөлімнің 
маркетинг  бағытын жүргізе  алады  деп  ойлау  дұрыс  емес.  Жоо  маркетинг бойынша  мазмұнды жəне 
ұйымдастыру  сұрақтарын  қалыптастыру  мақсатында,  ең  бірінші  кезекте,  экономика  кафедрасына, 
маркетинг кафедрасына, педагогика, журналистика, əлеуметтану кафедрасына жүгіне алады. Жалпы 
осы  бөлімдер  қызметкерлері  арасынан  уақытша  шығармашылық  жоба  топтарын  (мысалы,  қызмет 
көрсетудің жаңа түрлерін жасау үшін) немесе белгілі құзыреттілігі бар тұрақты комитеттер (мысалы, 
стратегия,  бюджет  жəне  маркетинг  жоспарын  құру  үшін)  ұйымдастыруға  болады.  Мамандардың 
айтуы  бойынша,  бұндай  форма  жаңа  облыстарда  барлық  оң  жəне  теріс  жағдайларға  сараптау 
жасағанға  тиімді,  əсіресе  егер  де  компания  бұған  дейін  маркетингпен  айналыспаған  жағдайда  көп 
пайдасын  тигізеді.  Айта  кеткен  жөн,  жұмыстың  жоғары  деңгейлі  өнімділігіне  қол  жеткізу  үшін 
комитет мүшелерінің құқықтары мен міндеттемелерін нақты бөлу қажет [7]. 
Маркетинг нарықтық қатынастарға қатысушылардың жаппай бағдарын қамтудың жəне зерттеу 
əдістерінің  көмегімен  мекеменің  жоспарларында  немесе  бағдарламаларында  жүзеге  асырылады. 
Өкінішке орай, қазіргі сəтте білім беру саласында мұндай жұмыстар соншалықты өзекті емес. Ендеше 
маркетинг  принциптері  білім  беру  қызметі  нарығы  субъектілеріне  əсер  етпейді,  ал  əрекеттер  бір-
бірімен өзара байланысты емес, бұл тиімсіздікке ұрындырады. Нарықта барлық əдістерді меңгерген 
жəне маркетинг принциптерін тəжірибе жүзінде енгізуге қабілетті мамандар жеткіліксіз. Маркетинг 
басқа  салалармен  салыстырғанда  білім  беру  қызметі  саласында  артықшылыққа  ие,  өйткені  жоғары 
оқу  орындарында  əр  түрлі  бағдардағы  озық  мамандар  жұмыс  істейді.  Егер  де  олардың  əлеуетін 
біріктірсек,  нəтижеге  тезірек  қол  жеткізуге  болады.  Кəсіби  дайындық  жүргізетін  мекемелерде  əр 

Д.А.Құнанбаева  
104 
Вестник Карагандинского университета 
түрлі маркетингтік мақсаттарды шешу соншалықты қиын үдеріс болып табылмайды, өйткені білікті 
орындаушылар іздеуге көп уақыт кетірудің қажеті жоқ.  
Өкінішке  орай,  білім  беру  қызметі  саласында  шынайы  тəжірибе  мен  жұмыскердің  өзінің 
талпынушылығы  жетіспейді.  Бұл  кадрларда  психологиялық  шаршау  мен  пессимизмнің  болуымен 
түсіндіріледі.  Бұдан  басқа  білім  беру  мекемелеріне  бірлесе  орындаушылармен  жоғары  оқу  орны 
ұжымында  да,  одан  тыс  жерлерде  де  өзара  əрекет  жасайтын  мамандандырылған  маркетингтік 
бөлімшелер құру керек.  
Білім беру қызметі интеграциясы құралдары мен маркетингті зерттеу негізінде автор Алматыда 
зерттеліп  отырған  саланы  дамытудың  өзекті  бағдарларымен  анықталған  бірқатар  принциптерге 
(кешенділік,  инновациялылық,  креативті  ойлау,  құзыреттілік,  функционалдылық,  динамизм, 
бейімделгіштің,  ғылымилық,  оңтайлылық,  жөнділік,  оперативтілік,  басқарымпаздық)  негізделетін 
білім беру қызметі саласын қалыптастыру жəне дамыту тұжырымдамасын ұсынды:  
 өңірдегі,  елдегі  білім  беру  саласының  негізгі  бағыттарына  сəйкес  кəсіби  жəне  мəдени-
адамгершілік элементтерін ұштастыруды болжайтын кешенділік принципі;  
 инновациялылық  принципі  білім  берушілік  қызмет  саласының  бəсекеге  қабілеттілігін  көтеру 
үшін  алдыңғы  қатарлы  тəжірибені,  оқытудың  жаңа  əдістемелерін,  əдіснамалары  мен 
технологияларын пайдалануды білдіреді; 
 креативті  ойлау  принципі  бастаманы  білдіруді  жəне  туындаған  мəселелерді  стандартты  емес 
тұрғыдан шешуді қолдауды білдіреді;  
 білім  беру  саласындағы  кəсіби  кадрлар  мен  мамандардың  болуын  қамтамасыз  ететін 
құзыреттілік қағидасы;  
 білім беру қызметін алушының мансаптық өсуге кепілдік беретін функционалдылық принципі;  
 динамизм принципі білім беру саласы мекемелерінің үздіксіз инновациялық дамуымен қамта-
масыз етіледі;  
 бейімделушілік  принципі  өңірлік  экономиканың  арнайы  орта,  жоғары,  жоғары  оқу  орнынан 
кейінгі, қосымша білімнің кəсіби кадрларына мұқтаждықтарын қанағаттандыруды білдіреді; 
 ғылыми  принципінің  мəні  білім  беру  қызметтерінің  барлық  түрлерін  дерлік  ғылыми-зерттеу 
мекемелері  базасындағы  іргелі  ғылыммен  тығыз  байланыстағы  жоғары  білікті  мамандар 
беретіндігінде; 
 оңтайлылық  принципі  білім  беру  қызметі  саласындағы  мекемелері  қызметінің 
көрсеткіштерінің  мемлекеттік  аккредитация  жүйесінің  критерийлік  көрсеткіштеріне  үздіксіз 
сəйкестілігінен көрініс табады; 
 жөнділік  принципі  Мемлекеттік  білім  беру  стандарттарының  талаптарын  сақтау  кезіндегі 
еңбек нарығы мұқтаждықтарына бағдарланған; 
 оперативтілік  принципіне  білім  беру  мекемелерінің  білім  беру  қызметінің  тізімінің  сыртқы 
ортаның талаптарына барынша сəйкестілігімен жəне əлеуетті өзгерістерге икемді жауап беру 
мүмкіндігімен қол жеткізіледі; 
 басқарымпаздық принципіне сəйкес билік аппараты мен бақылаушы органдардың болуы жəне 
тиімді жұмысы арқылы қол жеткізіледі; 
 бірлік (холизм) принципі білім берушілік қызметін қалыптастыру, жүйелік сипатта болу керек 
дегенді  білдіреді.  Бірлік  принципі  білімнің  сапалық  жағын  бейнелейді,  жоғарғы  білімнің 
шешуші міндеттерін дəйектеуге бір тұрғыдан қарау принципін білдіреді; 
 үздіксіздік принципінің мəні оқу үдерісі белгіленген топтама аясында, үнемі жүзеге асырылуы 
тиіс дегенді білдіреді;  
 икемділік  принципі  үздіксіздік  принципімен  өзара  байланысты  жəне  білім  алу  үдерісіне 
күтпеген жағдайлар туындауына байланысты өз бағытын ауыстыру қабілетін беруді білдіреді. 
Икемділік принципін жүзеге асыру үшін, оқу жоспарлары оларға өзгеріп отыратын ішкі жəне 
сыртқы  жағдайлармен  байланыстыра  отыра  өзгерістер  енгізуге  болатындай  етіліп 
құрастырылуы тиіс; 
 білім  беруді  дамытуды  орталықтанған  мемлекеттік  жоспарлаудың  жергілікті  бастаманың 
дамуымен  диалектикалық  бірлігін  білдіретін  демократиялық  орталықтану  принциптері. 
Ендеше,  білім  берудегі  демократиялық  орталықтану  жергілікті  жағдайларды,  мүдделерді 
барынша  есепке  алу,  білімді  дамытудың  негізгі  бағыттарын  анықтауда  мемлекеттік  жетекші 
рөлін  жəне  жоспарларды  жасау  кезінде  билік  органдары  мен  əрбір  оқу  орнының  қатысуын 

Білім беру қызметінің… 
Серия «Экономика». № 4(76)/2014 
105 
білдіреді. Білім берудегі директивалық-əкімшілік əдістердің саласын шектеуді, экономикалық 
ықпал  ету  əдістерін  таратуды,  дербестілікті  кеңейтуді,  білім  беру  жүйесінің  барлық 
тармақтарының қызметтің соңғы нəтижелері үшін мүдделілігін көтеруді талап етеді. 
Ұсынылған тұжырымдамалық модель білім беру саласы қызметін қалыптастыруды дамытудың 
негізгі  мұқтаждықтары  мен  принциптерін  жаңғыртады,  өңірдің  білім  беру  мекемелерінің  оны 
тұрақты  дамыту  үдерістеріне  инновациялық  əсерін  кеңейтуге  жəне  тереңдетуге,  ұсынылатын  білім 
беру  қызметін  диверсификациялауға,  инновациялық  формалар  (технопарктер,  технологиялық 
инкубаторлар,  мақсатты  бағдарламалар  мен  жобаларды  іске  асыру  аясындағы  ғылыми-зерттеу 
лабораториялары)  арқылы  əлеуетті  тұтынушыларды  тартуға;  сəйкес  бағыттағы  алдыңғы  қатарлы 
ғылыми,  жобалық-ізденуші,  өндірістік  жəне  өндірістік  емес  кəсіпорындармен,  ұйымдармен  жəне 
мекемелермен  интеграциялануына;  түрлі  деңгейдегі  білім  беру  мекемелерінің  бірыңғай  мəліметтер 
базасын  жəне  электрондық  кітапханасын  құрастыруға;  басым  мамандықтарды  дамыту  үшін  жаңа 
ресурс көздерін іздеуге жəне т.б. ықпал етеді. Модель орталығында білім беру қызметтерін құру жəне 
көрсету  үдерісінде  туындайтын  ұйымдастырушылық-экономикалық  қатынастар  көрсетілген.  Олар 
жоғарыда  аталған  білім  беру  қызметтерін  қалыптастырудың  жəне  көрсетудің  тұжырымдамалық 
принциптеріне  негізделеді.  Бұл  қатынастарға  ішкі  ортаның  императивтері  жəне  сыртқы  ортаның 
императивтері əсер етеді, бұл жерде білім беру қызметі сапасының еңбек нарығы мұқтаждықтарына 
сəйкестігіне қол жеткізу маңызды. Сонымен, автор ішкі жəне сыртқы ортаны құрайтын факторларды 
ескере  отырып,  жоғары  оқу  орындарындағы  маркетингтік  зерттеулерді  жүргізудің  əдістемелік 
негіздерін, тұжырымдамасын, принциптерін көрсетеді. 
 
 
Əдебиеттер тізімі 
1  Азоев Г.Л. Қарсыластардың қызметтерінің анализы: Оқу-əдіст. құралы. — М., 2001. — 486 б. 
2  Панкрухин А.П. Білім беру қызметін көрсету маркетингі, қағида жəне тəжірибе. — 2003. — 178 б. 
3  Амблер Т. Тəжірибелік маркетинг. — СПб.: Питер, 2000. — 213 б. 
4  Виханский О.С., Наумов А.И. Менеджмент. — 4 бас., өңдел. жəне толықтыр. — М.: Экономистъ, 2006. — 670 б. 
5  [ƏР]. Қолжетімділік тəртібі: http://900igr.net/prezentatsii/obschestvoznanie/LETI/LETI.html. 
6  Зиннуров У.Г. Жоо қызметіндегі маркетинг: қағида жəне тынымның əдістері. — М.; Уфа: УГАТУ баспасы, 1993. — 
226 б. 
7  Нормативтік-басқару  құжаттамаларының  жинақтары. — 7-б. — Алматы:  ИПЦ  «Абылай  хан  атындағы 
ҚазХҚжƏТУ», УСРМ, 2012. — 117 б. 
 
 
Д.А.Кунанбаева  
Принципы и методы маркетинга образовательных услуг 
Проанализированы  принципы  маркетинга,  определяющие  технологию  и  управление  маркетинговой 
деятельности образовательных услуг. Автором предложена концепция формирования и развития сфе-
ры  образовательных  услуг,  базирующаяся  на  ряде  принципов  (комплексности,  инновационности, 
креативного мышления, компетентности, функциональности, динамизма, адаптированности, научно-
сти,  оптимальности,  целесообразности,  оперативности,  управляемости  и  др.).  Отмечено,  что  в  ходе 
маркетинга  используются  общенаучные  методы,  конкретные  методы  маркетинга.  Определено,  что 
представленная концептуальная модель воспроизводит основные потребности и принципы формиро-
вания и развития услуг сферы образования.  
 
D.A.Kunanbayeva  
Principles and methods of marketing of educational services 
The principles of marketing, which determine technology and management of the marketing of educational 
services sphere have been analyzed. The author proposed the concept of the formation and development of 
educational services based on several principles (comprehensiveness, innovation, creative thinking, compe-
tence, performance, dynamism, adaptability, scientific principles, optimality, feasibility, efficiency, controlla-
bility, etc.). Scientific methods are used in the process of marketing. It is closely linked with the methods of 
other specific sciences. Also, specific marketing techniques are used. Presented conceptual model reproduces 
the basic needs and principles of formation and development of education sphere services. 

Д.А.Құнанбаева  
106 
Вестник Карагандинского университета 
References 
1  Azoev G.L. Analysis of competitors' activities: teaching manual, Mоscow, 2001, p. 48. 
2  Pankruhin A.P. Marketing of educational services: Methodology. Theory and Practice, 2003, p. 178. 
3  Ambler T. Practical Marketing, St. Petersburg: Peter, 2000, p. 213. 
4  Vikhanskiiy O.S., Naumov A.I. Management, 4th edition, Rev. and add. Moscow: Economist, 2006, p. 670. 
5  [ER]. Access mode: http: // 900igr.net/prezentatsii/obschestvoznanie/LETI/LETI.html. 
6  Zinnurov U.G. Marketing in Universities’ activities: theory and methods of solving, Moscow: Ufa: Publ. UGATU, 1993, p. 226. 
7  Collection of  normative and management documentations, p. 7, Almaty: Pube Kazakh Ablai khan University, 2012, p. 117. 
 

Серия «Экономика». № 4(76)/2014 
107 
ҚАРЖЫ-НЕСИЕ  ЖҮЙЕСІ 
ФИНАНСОВО-КРЕДИТНАЯ  СИСТЕМА 
ƏОЖ 336.71 
С.К.Искендирова, Г.А.Рахимова 
Ш.Уəлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті 
(E-mail: isksaule@mail.ru) 
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық  
банктердің дамуы 
Мақалада  отандық  екiншi  деңгейдегi  банктердің  даму  серпiнi  қарастырылған.  Коммерциялық 
банктердiң  соңғы  жылдардағы  қаржылық  көрсеткiштерiне  талдау  жүргізілген.  Екінші  деңгейлі 
банктердің əр жұмыс бағыттары — есеп айырысу, депозиттық жəне несие операциялары  — зерттелді. 
Сонымен  бірге  Қазақстан  экономикасының  банк  секторының  даму  бағыттары  қарастырылған.  Əр 
түрлi  көрсеткiштер  бойынша  екiншi  деңгейдегi  банктердің  ранг  беру  өткiзiлген.  Коммерциялық 
банктердiң несие саясатын жетiлдiру жолдары ұсынылды. 
Кілт  сөздер:  банк,  несие,  салымдар,  есеп  айырысу  операциялары,  капитал,  активтер,  өтiмдiлік, 
құрылым, даму, саясат. 
 
Коммерциялық банктер нарықтық экономикада басты қаржылық делдалдар болып табылады.  Өз 
қызметiнiң  үрдiсiнде    олар  ақша  нарығында  тауар  болатын,  жаңа  талаптар  мен  мiндеттемелердi 
жасады. Клиенттердiң салымдарын қабылдау арқылы банк депозит деген жаңа мiндеттеме жасаса, ал 
қарызды беру арқылы қарыз алушыға жаңа талап қояды.  Осы жаңа мiндеттемелер мен талаптарды 
жасау  үрдiсi  қаржылық  делдалдықтың  негiзiн  құрайды.  Несие  берушi  қарыз  алушыға  жəне  соған 
қатысты  қаржылық  институттар  қызметiнiң  қозғалысы  орын  ауыстыруы,  қаржылық  ресурстардың 
құйылуы қаржылық делдалдық деп аталады. 
1 - к е с т е  
ҚР банк секторының 2011–2013 жж. құрылымы 
 2011 
ж. 2012 
ж. 2013 
ж. 
Екінші деңгейдегі банктердің саны, оның ішінде: 38 
38 
38 
– жарғылық капиталда мемлекеттің 100 % қатысуы бар банк-
тер  
1 1 1 
Екінші деңгейдегі банктердің филиалдарының саны  
378 
378 
378 
Екінші деңгейдегі банктердің шетелдердегі өкілдіктерінің 
саны  
14 14 14 
Жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті 
ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) жүйесіндегі қатысушы 
банктердің саны  
35 35 35 
Ескерту. [1] əдебиет көзіне сүйене отырып, авторлармен құрастырылған. 
 
Ұлттық банк мəліметтері бойынша коммерциялық банктердің жалпы саны 38 тең болды, оның 
арасында 1 — мемлекеттік.  

С.К.Искендирова, Г.А.Рахимова 
108 
Вестник Карагандинского университета 
1-кесте  көрсеткіштерінен 2011–2013 жж. екінші  деңгейлі  банктердің саны да,  филиалдары  мен 
жеке  тұлғала  салымдарына  (депозиттеріне)  міндетті  ұжымдық  кепілдік  беру  (сақтандыру) 
жүйесіндегі қатысушы банктердің саны да еш өзгеріссіз болды. 
Активтік  операциялар  бұл  банктердің  табыс  алу  жəне  өзінің  өтімділігін  қамтамасыз  ету 
мақсатында,  иелігінде  бар  ресурстарды  орналастыруды  жүзеге  асыратын  операцияларды  білдіреді. 
Бұл  екі  мақсаттың  бірегейлігі  банкті  коммерциялық  кəсіпорын  ретінде  тартылған  қаражаттарды 
пайдалануға ерекшелігін сипаттайды.  
Коммерциялық  банктердің  активті  операцияларының  негізінде  экономиканың  шаруашылық 
салаларын  қаржылармен қамтамасыз  ету,  олардың  ынталы  түрде қызмет  етуін  қалыптастыру,  елдің 
заңды  немесе  жеке  тұлғаларының  есеп  айырысу  қызметтерін  жүргізу,  экономикада  делдалдық 
қызметтер атқару, халықты немесе басқа да ұйымдарды несиелендіру операциялары болып табылады. 
Бұл  операциялар  өз  кезегінде  коммерциялық  банктердің  активті  операцияларының  экономикадағы 
маңыздылығы мен мəнін айқындайды.  
Қазақстан Респупликасының активтік банктік операциялары келесі түрлерге бөлінеді: 
a) несиелік операциялар; 
b) инвестициялық операция, яғни бағалы қағаздар бойынша; 
c) қаржылық операциялар (лизинг, факторинг, форфейтинг); 
d) кассалық операциялар; 
e) делдалдық-комиссиондық операциялар. 
2 - к е с т е  
ҚР екінші деңгейлі банктерінің 2011–2013 жж. жиынтық активтері 
Көрсеткіштер 
2011 ж. 2012 
ж. 2013 
ж. 
Өсімі, % 
Млрд 
теңге 
%-бен 
Млрд 
теңге 
%-бен
Млрд 
теңге 
%-бен 
Қолма-қол ақша, тазартылған 
қымбат металдар жəне 
корреспонденттік шоттар  
1396,5 8,49 1479,3 8,3 1 
701,7 8,4 21,9 
Басқа банктерде 
орналастырылған салымдар  
603,9 3,7 520,2 2,9 478,6 2,4 
-21,0 
Бағалы қағаздар  
1859 
11,3 
1890,3 
10,1 
1 950,3 
9,6 
4,91 
Банктік займдар жəне «кері 
РЕПО» операциялары  
10455,4 63,6  11623 65,0 
13 
260,4 
65,5 26,8 
Капиталға инвестициялар  
381 
2,3 
325,7 
1,8 
329,3 
1,6 
-14 
Өзге активтер  
1 739,30 
10,6 
2039,6 
11,4 
2 535,8 
12,5 
45,8 
Активтер жиынтығы 
(резервтерді (провизияларды) 
қоспағанда)  
16435,1  100  17878,1  100 20 
256,1 100  23,2 
Ескерту. [1] əдебиет көзіне сүйене отырып, авторлармен құрастырылған 
 
2014 ж. 1 қаңтарына ҚР екінші деңгейлі банктердің активтері 20256,1 млрд теңгені құрады. 2011 
жылға  қарағанда  бұл  көрсеткіш 23,2 пайызға  өсті.  Бұл  нəтижеге  бағалы  қағаздар,  банктік  займдар 
жəне  өзге  де  активтердің  өсуі  арқылы  қол  жеткізді.  Ал  активтердің  басқа  банктердегі  салымдары, 
капиталға салынған инвестициялар сияқты баптары бойынша көрсеткіштер төмендеген (2-кесте). 
Екінші  деңгейлі  банктердің  құрылымында  жылдың  басымен  салыстырғанда  мағыналы 
өзгерістер болған емес (1-сур.). Активтердің құрамында негізгі орын банктік займдар мен «кері РЕПО 
операциялары»  алады — 65,5 %; қолма-қол  ақша  мен  тазартылған  құнды  металдар — 8,4; құнды 
қағаздар — 9,6 %. Жылдың басында бұл көрсеткіштер сəйкесінше 72,4; 9,2; 11,8 % құраған. 
 

Қазақстан Республикасындағы коммерциялық… 
Серия «Экономика». № 4(76)/2014 
109 
 
Ескерту. [1] əдебиет көзіне сүйене отырып, авторлармен құрастырылған 
1-сурет. Екінші банктердің жиынтық активтерінің 2011–2013 жж. аралығындағы құрамы 
Несие  категориялары  қарыз  алушының  төлемқабілетсіздігінің  тəуекелділігін  бейнелейді.  Ол  өз 
жағынан  қарыз  алушының  қаржы  жағдайына,  несие  бойынша  төлемдердің  жүргізілмеуіне,  кепілдік 
жағдайына, несие мен несие рейтингісін  мақсатсыз қолдануына байланысты.  
Категорияларына  байланысты  банктер  провизиялар  қалыптастырады.  Мысалы,  күмəнді 4-ші 
дəрежедегі  несиелер  бойынша  провизиялар  сомасы  негізгі  қарыздың 25 % құрау  керек; 5-ші 
дəрежедегі несиелер бойынша — 50 %;  ал үмітсіз несиелер бойынша — 100 %. 
2013  ж. 1 қаңтарына  екінші  деңгейлі  банктердің  активтер  сапасы  мен  шартты  міндеттемелер 
құрамындағы  стандартты  активтер  мен  міндеттемелер  бөлігі 46,9 % құрады. 2012 ж. 1 қаңтарына 
қарағанда осы көрсеткіш 0,9 % өсті. Күмəнді активтер мен міндеттемелер 2013 ж. 1 қаңтарында 31,2 % 
құраса, 2012 ж. 1 қаңтарында 36,9 % шамасында  болған,  яғни 2–3 суреттер  бойынша  да  бұл 
көрсеткіштердің төмендеуі байқалады. 
Күмəнді  қарыздар  арасында  да 2013 ж. 2012 ж.  салыстырғанда 1, 2, 3 жəне 5-ші  дəрежедегі 
қарыздар төмендеген, ал 4-ші дəрежедегі қарыздар, керісінше, өскен.  
 
 
Ескерту. [1] əдебиет көзіне сүйене отырып, авторлармен құрастырылған 
 
2-сурет. Банктердің несиелері 2011–2012 жж. категориялары бойынша 
8,49
8,3
8,4
3,7
2,9
2,4
11,3
10,1
9,6
63,6
65
65,5
2,3
1,8
1,6
10,6
11,4
12,5
0
10
20
30
40
50
60
70
2011
2012
2013
Қолма-қол ақша, тазартылған 
қымбат металлдар жəне 
корреспонденттік шоттар 
Басқа банктерде орналастырылған 
салымдар 
Бағалы қағаздар 
Банктік займдар жəне «кері РЕПО» 
операциялары 
Капиталға инвестициялар 
45,8
46,37
36,9
31,2
11,1
10
4,6
4,5
8,7
8,4
2,8
3
9,7
5,3
17,3
22,1
0%
10%
20%
30%
40%
50%
60%
70%
80%
90%
100%
2011
2012
Үмітсіз
5-ші дəрежедегі күмəнді
4-ші дəрежедегі күмəнді
3-ші дəрежедегі күмəнді 
2-ші дəрежедегі күмəнді
1-ші дəрежедегі күмəнді
Күмəнді
Стандартты

С.К.Искендирова, Г.А.Рахимова 
110 
Вестник Карагандинского университета 
 
Ескерту. [1] əдебиет көзіне сүйене отырып, авторлармен құрастырылған. 
3-сурет. Банктердің несиелері 2012–2013 жж. категориялары бойынша 
ҚР банк секторындағы несиелеу құрамында жылдың басынан бері қомақты өзгеріс болған емес. 
Несиен қоржының басты бөлігін заңды тұлғалаларға  берілген несиелер алады. 
Жалпы,  жағдай  тұрақты,  банктердің  көбісі  өздерінің  несие  қоржындарын  арттыруда.  Кейбір 
банктердің несиелік қоржындары төмендеуде, бірақ олардың саны көп емес.  
Екінші  деңгейлі  банктермен  экономиканы  несиелеу  əлі  төмен.  Оны  банктердің  қатаң  несие 
саясатымен,  сапалы  клиенттердің  жоқтығымен  жəне  мемлекеттегі  жоғары  микро-  жəне 
макроэкономикалық тəуекелділіктермен түсіндіруге болады.  
3 - к е с т е  

1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал