№№4-9(49-54), сәуір-қыркүйек, апрель-сентябрь, April-September, 2014



жүктеу 5.13 Kb.

бет8/19
Дата22.04.2017
өлшемі5.13 Kb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19

Әдебиеттер 
1 Экология (оқулық). – Алматы, 2008. 
2 Темірбеков Ж. Радиацияның адам ағзасына әсері // Ақиқат. – 2002. – №12. 
3  Суворов  Г.А.,  Шкаринов  Л.Н.,  Денисов  Э.И.  Гигиеническое  нормирование 
производстенных шумов и вибраций. – М.: Медицина, 1984. 
 
ОТАНОВ Сапарбек Батырбекович, 
№17 орта мектебі «Дене тәрбиесі» пәнінің мҧғалімі, 
Кӛкшетау қаласы, Ақмола облысы, Қазақстан Республикасы 
 
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫН АСЫҚ ОЙЫНЫ АРҚЫЛЫ ОТАНСҤЙГІШТІККЕ 
ТӘРБИЕЛЕУ 
 
Кіріспе.  Бүгінгі  жастардың  мемлекет  қамын  ойлайтын  ертеңгі  ел  ағалары 
екенін  ескерсек,  олардың  азаматтық  санасы  бүгіннен  ұлттық  болмыспен  ұштаса 
дамуы  керек.  Осы  мақсатты  іске  асыру  үшін  ұлттық  мәдени  мұраның  озық 
үлгілерінің бірі болып табылатын ұлттық ойындарды ӛткізуді дәстүрге енгізу қолға 
алынды. Ұлттық ойындардың ішінде аса танымалысы – асық ойыны. 
Асық  ойыны  –  қазақ  халқының  дәстүрлі  ұлттық  ойындардың  ең  қызықты  әрі 
ӛте кең тараған түрі. Сондықтын ғасыр бойы халықтың зердесінде сақталып келген 
осы  бір  қызғылықты  ойынды  ӛскелең  ұрпақты  тәрбиелеудің  тиімді  құралы  ретінде 

№№4-9(49-54), сәуір-қыркүйек, апрель-сентябрь, April-September, 2014         ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
58 
ұтымды  пайдаланған  жӛн.  Асық  ойынын  3-4  жастағы  баладан  қарияға  дейін  ойнай 
алады және жас, не жыныс айырмашылығына қарамай, бір ойынға қатыса береді. 
Ойын  –  жарыс,  не  жаттығу  ӛткізуге  арнайы  орынды  талғамайды,  үй  ішінде, 
ашық алаңдарда, мектеп, балабақша бӛлмесінде ӛткізуге болады. Асық ойнаған бала 
жылдамдық пен ептілікті, шыдамдылық пен сабырлылықты, тәртіп пен мергендікті 
жастайынан санасына сіңіреді. 
Асық ойнаған озар. Ұлттық болмыста ешқандай басы артық дүние болмайды. 
Ол  ойын  бола  ма,  әдет-ғұрып,  салт-дәстүр  бола  ма,  бәрі  де  адамның  ӛзінің  ӛскен 
ортасына сай, жан-жақты жетілген азамат болуына кӛмектеседі. 
Асық  ату  –  кӛшпелі  халықтардың,  әсіресе,  қазақ  ұлтының  ежелгі  кезден  келе 
жатқан  ойыны.  Жалпы  балалардың  ойыны  болып  есептелсе  де,  оның  басқа  түрі 
болмағандықтан  ба,  әлде  ӛзінің  қызықтығынан  ба,  оны  кіші  де,  үлкен  де,  жас  та, 
батыр  да,  би  де  ойнаған.  Соған  байланысты  оның  түрі  де  кӛп  –  далада  ойнайтын 
түрлері де, үйде ойнайтын түрлері де бар. 
Асық ату бұл негізінен ауыл балаларының сүйікті ойыны десек, қателеспейміз. 
Біріншіден,  ол  бір-бірімен  достасуға,  сыйласуға,  бірін-бірі  қадірлеуге, 
ұйымшылдыққа,  тәртіпке  үйретсе,  екіншіден,  кӛз  мергендігіне  қол  мегендігіне 
үйреткен.  Енді  тағы  да  айтатын  нәрсе  –  халқымызда  «Асық  ойнаған  азар,  доп 
ойнаған  тозар,  бәрінен  де  қой  бағып,  құйрық  жеген  озар»  дейтін  сӛз  бар.  Ол  кезде 
асық  ойнады,  доп  ойнады.  Ол  –  бүгінгідей  футбол  сияқты  халықаралық  деңгейге 
шыққан, кәсіпке айналмаған кез. Қазір ол спорттың түрі болып, жұрт одан мамандық 
алып,  жұрт  одан  күн  кӛрісті  түзеп,  кәсіп  етіп  жүр.  Сол  кезде  олай  емес  еді.  Бұл 
ойынның  түрі  ретінде  ғана  бағаланған,  ал  бала  бүкіл  ӛмірін,  ұзақ  күнге  тірлігін 
ойласпайды, сондықтан да баланың ойын бүгінгі  тірлікке, күн кӛріске аудару  үшін 
әлгіндей мақалды шығарған. 
Жоғарыда  айтып  кеткендей,  асық  ойыны  мергендікке  –  кӛз  мергендікке,  қол 
мергендікке,  дос  болуға,  ұйымшылдыққа,  тӛзімділікке  үйретеді,  соның  бәрі  ғажап 
дүние.  Бұл  дүние  қазір  ӛзгерген.  Адамның  түсінігі  де,  таным  түсінігі  де,  қабылдау 
мүмкіндігі  де  үлкен.  Әлемдік  спорт  ойындары  түрлері  бір  жүйеге  келтірілген. 
Сондықтан  «біздің  ауылда  былай  ойнайтын  еді,  біздің  ауылда  былай  ойнайды» 
дегенді  қалдыру керек. Қазақтың ұлан-байтақ даласы кең, тӛрт аясы мыңдаған жер 
шақырым  ғой,  әр  ӛңірде  асықтың  әр  түрлері  ойналған.  Солардың  бәрін  қорытып 
алып,  ортақ  ережесін  шығару  керек.  Сӛйтіп,  асық  ойынын  жарыстың  ұлттық  бір 
түріне айналдыруға болады. 
Асық  ойынын  әлемдік  деңгейге  шығару  керек.  Түркі  халықтары  атаулының 
бәрі асық ойнай алады. Бұны тек жетілдірсе болғаны. 
Асық  –  қазақ  балаларының  ең  сҥйікті  ойыны.  Бұл  ойын  балаларды 
мергендікке,  тӛзімділікке  баулиды.  Қазақтың  ӛмірінде  мал  шаруашылығы  қандай 
маңызды болғандығының бір дәлелі осы – асық ойыны. Асық уақ малда, қой-ешкіде, 
киәкте, тау текеде болады. 
Асықтың бір кереметі – оны ешкім қолдан жасап жатпайды. Ол – табиғи нәрсе. 
Оның  жақсы  салмақты  түрлерінен  сақа  жасайды.  Қазақта  «Қой  асығы  болса  да, 
қолыңа жақса – сақа тұт, жасы кіші болса да, ақылы асса – аға тұт» деген мақал бар. 
Бір нәрсенің дайын екенін білдіретін «Сақадай сай» сӛз тіркесі де бар. 
Қазақ халқы баласы тумай тұрып-ақ ырым етіп, асық жинаған және асықты ұл 
бала ойнағандықтан «Балаларымыз ұл болсын» деп ырым еткен. Жолаушы адамның 
жолдан аман оралуына асық үйірген. 
Асықтың  «Алшы»,  «Тәйке»,  «Бүк»,  «Шік»,  «Омпа»  деген  жақтары  болады. 
Оның ішінде алшы жатысын ӛте бағалаған. Ӛмірде жолы болған дәулетті адамдарды 
«Асығы алшысынан түсіп тұр» деп айтқан. 

№№4-9(49-54), сәуір-қыркүйек, апрель-сентябрь, April-September, 2014         ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
59 
Қазақтың  ұлттық  ойыны  ретінде  ережесін  жазып,  спорт  ойынына  енгізсе, 
болашақ ұрпақтарымыз бекем, әрі мерген, әрі тӛзімді қаиеттерге ие болар еді. Біздің 
ұрпақ  – осы асық  ойынының артықшылығын кӛзбен кӛрген ұрпақ. Асық  ойнайтын 
тақыр  алаң  жасау  үшін  сауыншы  шешелеріміздің  сиыр  қораларын  тазартып  беріп, 
сабақтан бос демалыс кездерінде талай асық ойынының қызығын кӛруші едік-ау. 
Асық  ойыны  –  балаларға  ең  қажет  ойын.  Сол  себепті  «Асық  ойынының» 
ережесін жасап, назарларыңызға ұсынып отырмыз. 
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 
Ереже асықтан жарыс ӛткізу шарттарын реттейді. 
Асық  ойыны  балалардың  бойында  қазақ  халқының  тарихи-мәдени  мұрасына 
құрмет  сезімін  қалыптастыру,  сондай-ақ  ептілікке,  мергендікке,  ұқыптылыққа, 
сергектікке  баулиды.  Жарыс  қазақтың  ұлттық  ойындарын  білуге  құштарлығын 
арттыру мақсатында ӛткізіледі. 
Асық ойынында қолданылатын негізгі терминдер: 
Асық  –  арқар,  таутеке,  қой,  ешкі,  елік,  киіктің  асық  жілігі  мен  жіліншегінің 
(сирағының) ортасындағы шағын сүйек; 
Алшы  –  асықтың  қырынан  тұрғанда  ойығы  үстіне,  ал  тегістеу,  тәйке  жақ  беті 
астына қарап түскен қалпы; 
Тәйке – асықтың алшыға қарама-қарсы түскен қалпы; 
Бүк (буге) – асықтың дӛңес жағының жоғары қарап түскен түрі; 
Шік – асықтың қуыс жағының жоғары қарап түскен түрі; 
Омпы (омпа, оңқа) – асықтың ашасы бар жағының жерге қадалып түскен түрі; 
Шоңқа – асықтың омпыға қарсы жағымен жерге қарап түскен түрі; 
Кеней (кенай) – жаппай ойынға немесе ұтысқа салынатын жай қарапайым асық; 
Топай – сиырдың асығы; 
Сызық, шеңбер – ойын барысында асық тігілетін орындар; 
Кӛн, кӛмбе – асық тігілетін жердің атаулары; 
Қарал,  қаралық  –  ойын  тәртібіне  сай  келмейтін  іс-әрекет,  яғни  адал  ойнамау 
деген сӛз. 
Табан, адым – ойында қолданылатын ӛлшемдер; 
Қағу, қаржы, иіру, шерту, басу, тап басу – асық ойындарында қолданылатын 
әдістер мен тәсілдер; 
Үй  ішілік  (тақта  ойыны),  далалық  (алаң  ойыны)  –  ойнау  орнына  қарай  ойын 
түрлері; 
Алшы, Қаржы, Бес табан – ойнау әдісіне қарай аталатын ойын түрлері; 
Шыр – кенейлерді бір жерге тігіп, ұтысқа ойналатын асық ойынының аты. 
АСЫҚ ОЙЫНЫН ӚТКІЗУ ТӘРТІБІ 
Асық ойынының кезеңдері және кезеңдердегі ойын тҥрлері 
Асық  ойыны  әр  ӛлкеде  әр  түрлі  ерекшеліктерін  сақтай  отырып  дамыған. 
Осының барлығын салыстыра отырып аталған ойын түрін – үй ішілік немесе тақта 
ойыны және далалық немесе алаң ойыны деп екіге жіктеуге болады. 
Осыған  орай  асық  ойыны  жалпы  3  тҥрі:  тақталық  ойының  1  түрі,  алаң 
ойынының 2 түрі бойынша ӛткізіледі. 
Ойын жарысы келесі екі кезеңнен тҧрады: 
I кезең – ӛңірлік іріктеу кезеңі; 
II кезең – ақтық кезең. 
Әр кезеңдегі сайыс жеке жарыс ұстанымы бойынша және тӛменде кӛрсетілген 
ойын түрлерінен ӛтеді: 
1. Қаржу (тақталық ойын) ойыны; 
2. Бес табан (алаң ойыны) ойыны; 

№№4-9(49-54), сәуір-қыркүйек, апрель-сентябрь, April-September, 2014         ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
60 
3. Шыр алшы (алаң ойыны) ойыны. 
Әр  ойын  түріне  әр  топтан  бір  баладан  ғана  қатысады.  Алшы  ойынына  топ 
капитандары қатысады. Екі кезеңдегі жеңімпаздар ұпай немесе асық саны бойынша 
анықталады. 
Ӛңірлік  іріктеу  кезеңі  аудандарда,  облыстарда  және  Астана  мен  Алматы 
қалаларында  ӛткізіледі.  Іріктеу  кезеңін  ұйымдастыру  мен  ӛткізуді  ӛңірлердегі 
жергілікті  атқару  органдары,  үйлестіру  жұмыстарын  спорт  мекемелерді  жүзеге 
асырады. Ӛңірлік іріктеу кезеңдері аудандық және облыстық деңгейлерде ӛтеді. 
Аудандық іріктеу кезеңдеріндегі жүлделі 1-ші, 2-ші, 3-ші орындарды иеленген 
балалардан  топ  (команда)  жасақталып,  ақтық  кезеңдегі  жарыстарға  жіберіледі. 
Аймақтық  және  республикалық  деңгейдегі  ойындарды  қажетті  жабдықтармен 
қамтамасыз етуші ұйымдастырушылар жүзеге асырады. 
Ойын тәртібі 
Әр  ойын  түріне  қатысушылар  ӛтінімі  жасалады.  Алаң  ойыны  барысында 
қатысушылар тізімдегі кезек бойынша тӛртеуден ортаға шығады. 
Алдымен  тізімдегі  алғашқы  тӛрт  ойыншы  шығып  бастайды.  Әрқайсысына 
тізімдегі  орнына  сәйкес  1,  2,  3,  4  сандары  белгіленген  сақалар  таралып  беріледі. 
Тақталып  (үй  ішілік)  ойын  басталар  алдында  ойын  жүргізуші  олардың  сақасын 
жинап алып, ойында әркімнің кезегін белгілеу үшін, яғни кімнен кейін кім асық ату 
керектігін  анықтау  үшін  сақаларды  иіреді.  Иірген  кезде  кімнің  сақасы  алшы  түссе, 
сол – бірінші, тәйке түссе – екінші, бүк түссе – үшінші, шік түссе – тӛртінші болып 
асық ататын болады. 
Егер екі баланың немесе үш баланың немесе тӛртеуінің де сақасы бір қалыпта 
түссе, кезек ретін нақты белгіленгенге дейін сақалар қайта иіріледі. Ойын соңында 
ең кӛп ұпай немесе асық жинаған бала жеңімпаз  болып танылады. Ойыншы ортаға 
шақырылған жағдайда дайын тұру керек. 
Ойын тҥрлері. 
Қаржу (қақпақыл). Бұл ойын үш кезеңнен тұрады. 
Бірінші  кезең  –  кӛн  киіз  немесе  кілем  үстіне  тӛреші  бес  асықтың  арасын 
алшақтатып, шашып тастайды. Ойыншы ӛзінің қолындағы қолайлы асығын жоғары 
лақтырып жіберіп, киіз үстіндегі бір асықты іліп алып, жоғарыдан түсіп келе жатқан 
ӛз асығын жерге түсірмей қағып алады. Жаңағы жерден алған асықты жерге қойып, 
тағы да ӛз асығын қағып алады. 
Осылай  үшінші,  тӛртінші,  бесінші  асықты  алады.  Осы  бес  асықты  қателік 
жібермей,  қаржып  алар  болса,  10  ұпай  беріледі.  Егер  бес  асықтың  біреуін  түсіріп 
алса,  1  ұпай  шегеріледі.  Екеу  болса,  екі  ұпай  алынады.  Егер  үшеуін  ұстай  алмаса, 
ойын тоқтатылады. 
Екінші  кезең  –  кӛн  киіздің  екінші  бетінде  киізді  жиектеп  орналасқан  8  белгі 
болады. Осы осы белгіге сегіз асық тігіледі. Екі – алшы, екі – тәйке, екі – бүк, екі – 
шік. Бұлар қарама-қарсы орналақан. 
Ойыншы  ӛзінің  қолындағы  қолайлы  асығын  жоғары  лақтырып  жіберіп,  киіз 
үстіндегі  екі  алшы  асықты  шеберлікпен  теріп  алып,  жоғарыдағы  ӛз  асығын  жерге 
түсірмей  қағып  алу  керек.  Осылай  жұп  асықтарды  қателік  жібермей,  қаржып  алар 
болса, 20 ұпай беріледі. Ойын қателіктеріне қарамай, аяғына дейін жүргізіледі. 
Бірақ бір ойыншы екі жұп асықты бір рет қана қаржып алуға болады. Қаржый 
алмаса 5 ұпайдан айырылады да, келесі жұп асықты қаржып алуға әрекет жасайды. 
Бірінші  және  екінші  кезеңде  қалай  ойнаған  есепке  алынбай-ақ,  қатысушы  үшінші 
кезеңге жүргізіледі. 
Ҥшінші  кезең  –  кӛп  киіздің  екінші  бетінде  киізді  жиектеп,  9  асық 
орналастырылады.  Ойыншы  ӛзінің  қолындағы  қолайлы  асығын  жоғары  лақтырып 

№№4-9(49-54), сәуір-қыркүйек, апрель-сентябрь, April-September, 2014         ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
61 
жіберіп,  киіз  үстіндегі  асықтарды  үш-үшеуден  теріп  алып,  жоғарыдан  ӛз  асығын 
жерге  түсірмей  қағып  алуы  керек.  Осы  9  асықты  қателік  жібермей,  қаржып  алар 
болса, 30 ұпай беріледі. 
Ойын  қателіктеріне  қарамай,  аяғына  дейін  жүргізіледі.  Бірақ  бір  ойыншы  үш 
асықты  бірден  бір  рет  қана  қаржып  алуға  болады.  Қаржый  алмаса,  10  ұпайдан 
айырылады да, келесі жұп асықты қаржып алуға әрекет жасайды. Жеңімпаз үш кезең 
қорытындысы бойынша анықталады. 
Бес табанды топаймен ойнайды. Алаңға кӛмбе сызығы сызылады. Осы жерге 
әр  бала  10-15  см  аралығында  2  топайдан  тігіледі.  Кӛмбе  сызығынан  бес  табан 
ӛлшеніп,  сызық  сызылады.  Бұл  бес  табан  сызығы  болады.  Бес  табан  сызығынан  3 
метр  қашықтықта  атыс  сызығы  сызылады.  Осы  сызықтан  балалар  кезек-кезек 
кӛмбедегі топайды қатты құлаштап атып, тігілген кенейлерді кӛмбедегі сызықтан әрі 
қарай 5 табан ызығынан шығаруы керек. 
Ойыншылар  екіге  бӛлініп,  сақаларын  иіріп,  ату  кезегін  анықтап  алады,  содан 
кейін атуды бастайды. Кӛбеден шыққан топай атқан баланікі болып есептеледі. Егер 
ол  кӛмбеден  шығара  алмаса,  сақа  тиген  топай  қайта  тігіледі  де,  келесі  бала  атады. 
Ойын  осылайша  жалғаса    береді.  Ең  кӛп  топай  жинаған  бала  жеңімпаз  болып 
табылады. 
ШЫР (АЛШЫ) 
Ортаға  диаметрі  8  метр  шеңбер  сызылады.  Шеңбердің  ортасынан  бӛле  кӛмбе 
сызығы сызылады. Ойыншыларға бір сақа, 4 кеңейден беріледі. Ойыншылар сақасын 
алып  қалып,  қалған  бір  кеңейден  кӛнге  тігеді.  Оны  шыр  дейді.  Асық  ойынында 
тігілген  асықтарды  атуға  жарамды  сақа  таңдалып  алынады.  Ойыншылар  сақада 
кӛрсетілген номер кезегімен ойын бастайды. 
Сақа болатын асық салмақты, ірі болуға тиіс. Ол кӛбінее еркек қойлардың, не 
қошқарлардың  асығы  болып  келеді.  Алшы  ойыны  сақаның  салмақты  да,  алшы 
тұрғыштығына  байланысты.  Бұл  ұту  үшін  ӛте  қажет.  Алшы  ойынында  1  алаңға  4 
ойыншыдан  шығады.  Бірінші  бала  сақасын  ешкім  кӛздей  алмайтыңдай  жерге 
алысырақ  тастайды.  Екінші  баланың  да,  басқасының  да  солай  тастауына  болады. 
Оны  «жаттым»  дейді.  Бірақ  тастаған  сақа  атуға  ыңғайлы  жатса,  кезектегі  түптегі 
қарсылас кӛздеп атуға құқы бар. 
Тигізсе  «ӛлді»  дейді.  «Ӛлген»  сақаның  иесі  келесі  кезекке  дейін  ойыннан 
шығады. Алдыңғы баланың одан да әрі маңында жатқан сақаларды атып, «ӛлтіруге» 
еркі  бар.  Болмаса,  бір  сақаны  «ӛлтіргеннен»  кейін,  сол  жерден  «шырды»  атып 
бұзады. 
Сақасының  жұбына  қарай  құлаған  асықтарды  жиып  алып,  енді  біртіндеп 
кенейлерді  атады.  Жұп  түссе  –  ұтысын  алып,  ойынды  жалғастыра  береді.  Бӛлек 
түссе,  ол  жатқан  жерінде  жатады.  Егер  сақасы  кенейлерімен  жұп  түспей-ақ,  алшы 
түссе, ойыншының қайта атуына болады. Тәйке түссе, алыстау басқа жаққа «жатуға» 
болады. Бұл заңдылық сақаны сақа кӛздегенде сақталады. 
«Шықты»  бұзып,  бар  кеңейді  ұтқан  бала  жеңімпаз  атанып,  ойынды 
басындағыдай  қайта  жалғастырады.  Кеңейі  біткендер  ойыннан  ұтылып,  шығып 
қалады. Осы ретпен кӛндегі асықты атып, тауысқанға дейін ойнайды. 
Асық ойыны жарысына қатысу тәртібі. Ойынға ӛңірлік іріктеу кезеңдерінің 
жеңімпаздары  болып  табылатын  оқушылар  және  ересектер  қатыса  алады.  Ойынға 
қатысушылар ӛз топтарын ажыратып тұруы үшін жарысқа қатысушы топтар біркелкі 
киім үлгісін қолдануы тиіс. 
Ойыншылар  ұлттық  нақыштағы  киім  үлгісін  қолдануына  болады.  Киімнің 
жеңі,  етегі  асық  атуға,  иіруге,  лақтыруға  кедергі  келтірмеуі  керек.  Ойынға  қатысу 
үшін ӛтімдер белгіленген уақытқа дейін қабылданады. Поезд, автобус нӛмірі, уақыт 

№№4-9(49-54), сәуір-қыркүйек, апрель-сентябрь, April-September, 2014         ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
62 
туралы  ақпаратты  жауапты  тұлғалардың  қолымен  және  мӛрімен  бекітілген 
нақтыланған  делегация  тізімін  ұсынылған  нысан  бойынша  беруі  қажет. 
Ойыншыларда міндетті түрде жеке құжаты болуы шарт. 
Делегация  қҧрамы.  Әр  ӛңірден  келетін  делегация  құрамы  5  адамнан  аспауы 
тиіс. Жетекші-бапкер – 1 адам, қатысушы – 4 адам. 
Барлық  ұйымдастыру  мәселелерін  шешуді,  олардың  тұрғын  жайы  мен 
тамақтану шығыстарын жарысқа жіберуші жақ ӛзі кӛтереді. Ұйымдастыру комитеті 
жоғарыда  аталған  адамдардың  чемпионат  ӛтіп  жатқан  залдарға,  чемпионаттың 
ашылуы мен жабылуына кедергісіз ӛтуі мақсатында аккредиттеуді олардың келуіне 
ӛтінім делегацияның негізгі құрамымен берілген жағдайда ғана кепілдендіреді. 
Болжамды бағдарлама: 
1-ші күн. Чемпионатқа қатысушылардың келуі, экскурсиялық бағдарлама. 
2-ші күн. Чемпионаттың салтанатты ашылуы. Жарыс. 
3-ші күн. Чемпионатқа қатысушылар мен қонақтардың қайтуы. 
ТӚРЕШІЛЕР ҚҦРАМЫ 
Ойынның тӛрешілер құрамын Қазақстан Республикасының Білім және ғылым 
министрлігі,  облыстық  туризм  және  спорт  басқарламалары  бірлесіп  бекітеді. 
Тӛрешілер құрамын бас тӛраға басқарады. 
Бас  тӛреші  жарыстың  ойдағыдай  ӛтуіне  жауапты.  Жарыс  ӛтетін  орынның 
техникалық дайындығын тексереді. Жауапты хатшыны тағайындайды. 
Тӛрешілер  –  тақта  немесе  алаң  басында  тұрып,  ойынды  бастауға,  тоқтатуға 
үкім  береді.  Қолына  сары  және  кӛк  түсті  екі  шағын  жалауша  ұстайды.  Ойыншыға: 
«Баста»,  -  деп  айтады,  кӛк  жалаушаны  кӛтереді.  Бұл  ойынның  басталған  белгісі. 
Ойыншы  қателік  жібергенде:  «Тоқта»,  -  деп  айтып,  сары  жалаушаны  кӛтереді. 
Осылай келесі ойыншыға: «Баста», - сӛзі айтылып, ойынды жалғастыруды ұсынады. 
Осы  ойын  басындағы  тӛреші  асық  ату,  асық  қаржу,  асық  тастау  ережесінің 
қатаң  сақталуын  қадағалайды.  Әрі  жеңімпазды  анықтайды.  Ұпай  санын  белгілеп, 
хатшыға хабарлама жасайды. 
Тӛрешілердің асық ойынында қолданылатың ым-белгілері: 
Бүк – жұмылған қолды алға созып, саусақтардың бүгілген жағын тӛмен қарату. 
Шік  –  жұмылған  қолда  алға  созып,  саусақтардың  бүгілген  жағын  жоғары 
қарату. 
Алшы – жұмылған қолды алға созып, бас бармақты тік ұстау. 
Омпа – қолды алға созып, бес саусақты тӛмен қаратып ұстау. 
Тәйке – саусақтарды түзі ұстап, қырынан кӛрсету. 
Шоңқа – қолды созып, бүгілген бес саусақты жоғарғы қаратып ұстау. 
Ереже  бұзылған  жағдайда  тӛреші  кӛк  білекқабы  бар  қолын  кӛтеріп,  ойынды 
тоқтатады. 
Жеңімпаздарды анықтау және марапаттау 
Тӛрешілер  құрамы  чемпионаттың  жеңімпаздарын  (1,  2,  3  орындар  бойынша) 
белгілейді.  Жеңімпаздар  ұпай  саны  бойынша  анықталады.  Жеңімпаздар  ресми 
рәсімдерде асық бейнеленген алтын, күміс және қола медальдармен және чемпионат 
рәміздері бейнеленген дипломдармен марапатталады. 
Тӛрешілер құрамының шешімі қайта қарауға жатпайды. 
Алаңдағы тӛрешілер матадан тігілген кӛк, сары түсті білекқап киеді. 
 
 
 
 
 

№№4-9(49-54), сәуір-қыркүйек, апрель-сентябрь, April-September, 2014         ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
63 
СУЛТАШЕВА Зина Штаконовна, 
Қҧлсары гуманитарлық-техникалық колледжінің арнаулы пән мҧғалімі, 
Қҧлсары қаласы, Жылыой ауданы, Атырау облысы, Қазақстан Республикасы 
 
 
 
ТЕСТІ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ 
 
Оқытушының,  жалпы  оқу  орындарының  жұмысы  студенттердің  үлгерімімен 
бағаланады. Студенттердің оқу материалын меңгергенін тексеру және бақылау, оқу 
процесінің  әр  түрлі  кезеңіндегі  студенттердің  танымдық  іс-әрекетін  басқару  аса 
маңызды. 
Білімді  тексеру  және  бағалау  студенттің  білім  алуына  кӛмектесіп,  оның  және 
оқытушының  білім  сапасы  жӛнінде  сандық  мәлімет  береді.  Оқытушы  ӛз 
жұмысындағы  жетістіктер  мен  кемшіліктерге  баға  беріп,  жұмыс  әдістерін 
толықтырып, түзетіп, жеке студенттермен жұмыстың деңгейін анықтайды, егер білім 
тексерілмесе, студент ӛз білімін терең, жан-жақты дұрыс бағалай алмаған болар еді. 
Білім, іскерлік және дағдыларды тексеру және бағалау тәрбиеге де ықпал етеді. 
Студенттің  ӛз  білімі  жӛнінде  ой-пікірлері  қалыптасады,  кемшіліктерін  жоюға 
мүмкіндік алады. 
«Тест»  ағылшынның  «байқау,  сынау»  –  іскерлікті,  дағдыны  және  білімін 
анықтау  деген  мағынаны  білдіреді.  Тестік  бақылаудың  түрлері  ӛте  ерте  заманнан 
басталады.  Біздің  эрамызға  дейінгі  III  ғасырда  ертедегі  Вавилонда  мектеп 
оқушыларының жазу дағдысын тексеру үшін алғашқы емтихандар жүргізілген. Осы 
сынақты ӛткен адам 2-ші кезеңге әңгімелесуге шақырылған. 
Осындай  сынақтар  Ежелгі  Грецияда,  Спартада  жүргізілген.  Сынақтардың 
түрлері  Қытайда  чань-буддизм  мектептерінде  кең  қолданылған.  Онда  жұмбақтар, 
ребустар,  психологиялық  жағдайлар  арқылы  сынақтар  жүргізілген.  Бұл  мектепте 
ойлануға уақыт бермей, қолма-қол жауап беру қолданылған. 
ХІХ  ғасырда  жалпы  білім  беру  жүйесінде  кӛптеген  жаңалықтар,  ӛзгерістер 
пайда болды. Тестік бақылаудың негізін салушы – белгілі ағылшын ғалымы Френсис 
Гальтон.  Ол  ӛзінің  бақылау,  ізденіс  жұмыстарын  1884-1885  жылдары  жүргізді. 
Сынаққа  5-80  жас  аралығындағы  адамдар  қатысты.  Ф.  Гальтон  тестің 
қорытындысын  жасау  үшін  бақылау  жүйесін  жасады.  Жалпы  білімді  бағалаудың 
тестік жүйесі Англия, АҚШ-та жақсы дамыған. 

№№4-9(49-54), сәуір-қыркүйек, апрель-сентябрь, April-September, 2014         ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
64 
1930  жылдары  Кеңестер  Одағында  алғашқы  сынақ  тестер  жүргізіле  бастады. 
Бұл  салада  М.Я.  Басов,  М.С.  Бернштейн,  П.П.  Блонский,  А.П.  Болтунов  т.б. 
ғалымдар  жұмыс  істеді.  1936  жылы  тест  «буржуазиялық  қалдықтар»  деп  аталып, 
оған тиым салынды. 
1978  жылы  кеңес  ғалымы  В.С.  Аванесов  «Психологиялық  тестердің 
мәселелері» деген еңбегін жазды. 
Тест  оқушылардың  білімін  тереңдетуге  және  тиянақты  білім  жүйесін 
қалыптастыру  үшін  қажет.  Жалпы  тест  түрлерін  сабақта  қолдану  –  оқушылардың 
білімін  байқау,  жалпы  сыныптың  білімін  бағалау,  білім  сапасы  мен  ой-ӛрісін 
арттыру, ӛтілген материалдар бойынша білімдерін бір жүйеге келтіру үшін маңызды. 
Тестілеу  –  оқушылардың  білімін,  білігін,  дағдысын  бақылаудың  және 
тексерудің міндетті элементі. 
Қазіргі  таңда  ӛткен  материалды  жинақтап  қорытуға  немесе  жаңа  сабақты 
бекіту кезінде тест түрлерін пайдаланып, ӛз іс-тәжірибемді дамытудамын. 
1.  Тестілер  тестің  оқу  бағдарламасы  негізінде  құрылуы  және  неғұрлым 
маңызды тараулар мен тақырыптарды қамтуы тиіс. 
2.  Тестінің  кӛлемі  білімді  бақылаудың  мақсаттарына  сай  тапсырманың 
формасына  байланысты  болады.  (Үй  тапсырмасын  тексеруге  арналған  шағын 
тестілер  немесе  ірі-кӛлемді  тарау  немесе  модуль  бойынша  білімін  тексеруге 
арналғандары).  Жалпы  пән  бойынша  білім  деңгейін  анықтауға  арналған  тестілер 
материалдың  міндетті  шағын  кӛлеміне,  яғни  осы  оқу  курсының  басты  «ӛзегіне» 
сүйенеді. 
3.  Тестінің  бірнеше  нұсқасын  әзірлеу  қажет  (5-еуден  кем  емес,  яғни,  біршама 
кӛп болуы тиіс). 
4.  Тестіге  бірнеше  сұрақтар  немесе  тапсырмалар  енеді,  олардың  әрқайсысы 
дұрыс жауапқа – 1 балл, бұрыс жауапқа – 0 балл жүйесімен бағалануы тиіс. Тестіде 
тапсырмалар  неғұрлым  кӛп  болса,  соғұрлым  нәтиженің  анықтығы  (нақтылығы, 
нанымдылығы) жоғары болады. 
5. Тест сұрақтарына жауап қысқа, жинақы берілуі тиіс. 
6. Тестіге тӛмендегідей материалдарды енгізуге болмайды: 
а) ескірген; 
ә) күрделі; 
б) қарапайым немесе маңызды емес. 
7. Тест сұрақтарын екі топқа бӛлуге болады: 
а)  абстрактілі,  олар  курстың  негізгі  ережелері  мен  пәнаралық  байланысты 
анықтайды; 
ә) нақты, бұлар орташа күрделілік дәрежесіндегі нақты материалдар бойынша 
білімін айқындайды. 
8.  Алынған  жауаптар  негізінде  оқушының  білімін  бағалауда  эксперттік 
комиссия қабылдаған сапаны анықтау жүйесін қолдануға болады: 
а) Дұрыс жауаптар 75 пайыздан жоғары болса – жақсы немесе жоғары үлгерім; 
ә) дұрыс жауаптар 50 пайыздан 75 пайызға дейін болса – қанағаттанарлық; 
б) дұрыс жауаптар 50 пайыздан аз болса – білім деңгейі тӛмен. 
9. Тест сұрақтары анық, қысқа құрылып, оған біржақты жауап берілуі тиіс. 
10.  Тапсырманы  құрғанда  жалпыға  бірдей  қабылданған,  бәріне  түсінікті 
атаулар мен терминологияны қолдану қажет. 

1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал