№№4-9(49-54), сәуір-қыркүйек, апрель-сентябрь, April-September, 2014



жүктеу 5.13 Kb.

бет3/19
Дата22.04.2017
өлшемі5.13 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

 
REFERENCES 
1  Dobrovolsky  G.V.  Degradation  and  soil  conservation  /  Ed.:  Moscow  State 
University Press, 2002. – 654 P. 
2 Coronelli T.V. Applied Biochemistry and Microbiology. 1996. №6. – P. 579-585. 
3  Schemelinina  T.S.  The  biological  activity  of  oil-contaminated  soils.  Candidate. 
Biol. Science. Voronezh, 2008 . – P. 214. 

№№4-9(49-54), сәуір-қыркүйек, апрель-сентябрь, April-September, 2014         ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
15 
4 Mc Gill W. W., Rowell M. J. // Sci. Tot. Environ. 1980. V. 14, №3. – P. 245-253. 
5  Sokolov  A.V.  Agro-chemical  methods  of  soil.  /  Ed.  Moscow:  Nauka,  1975.  –  P. 
656. 
6 Gorshkov E.I., Sahakian V.G. // MSU. Pochvovedenie. 1985. – №4. – P. 42-48. 
7 Zvyagintsev D.G. Methods of Soil Microbiology and Biochemistry / Ed: Moscow 
State University Press, 1991. – P. 304. 
8 Khaziev F.H. Methods of soil enzymology. – Moscow: Nauka, 2005. – P. 252. 
 
Тҥйін 
 
МҦНАЙ ӚНІМІМЕН ЛАСТАНҒАН ЖЕРДІҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ 
БЕЛСЕНДІЛІГІ ЖӘНЕ МҦНАЙ ӚНІМІМЕН ЛАСТАНҒАН ЖЕРДІ ТАЗАРТУ 
ӘДІСТЕРІ 
 
Ӛткізілген  зерттеудің  мақсаты  –  мұнай  ӛнімінің  әр  түрлі  топырақ  түрлеріне 
қаншалықты  зиян  келтіретінін  бағалау  және  биопрепараттардың  кӛмегімен 
топырақты  таза  қалпына  келтiру.  Зерттеу  кезінде  мұнай  ӛнімімен  ластанған 
топырақты  деструкциялау  және  топырақтың  биологиялық  белсенділігін  арттыру 
мақсатында қатысқан микроорганизмдер оң серпін кӛрсетті. 
Түйін  сӛздер:  экологиялық  жағдайлар;  биоремедиация;  биологиялық 
белсенділік; жердің ластануы; мұнай ӛнімімен ластанған жерді тазарту. 
 
Резюме 
 
ВЛИЯНИЕ НЕФТЯНОГО ЗАГРЯЗНЕНИЯ НА БИОЛОГИЧЕСКУЮ 
АКТИВНОСТЬ ПОЧВЫ И МЕТОДЫ ОТЧИСТКИ НЕФТЕЗАГРЯЗНЕННЫХ 
ЗЕМЕЛЬ 
 
Исследование было проведено для оценки воздействия нефтяного загрязнения 
на 
различные 
типы 
почв 
и 
их 
восстановление 
с 
использованием 
специализированных  углеводородных  биопрепаратов.  Исследования  биологической 
активности  почвы  показали  положительную  динамику  микроорганизмов, 
участвующих в деструкции углеводородов нефти. 
Ключевые  слова:  экологические  последствия;  биоремедиация;  биологическая 
активность; загрязнение почвы; ликвидация нефтяного загрязнения. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

№№4-9(49-54), сәуір-қыркүйек, апрель-сентябрь, April-September, 2014         ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
16 
ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР – СОЦИАЛЬНЫЕ НАУКИ 
 
ӘОЖ 659.4.012.12 
 
ЖАҚЫП Мырзантай Қожабайҧлы, 
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ҧлттық университеті 
Телерадиожурналистика және қоғаммен байланыс кафедрасының доценті, 
PhD докторы, филология ғылымдарының кандидаты, of Associate Professor, 
Астана қаласы, Қазақстан Республикасы 
 
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҤКІМЕТТІК ЕМЕС ҦЙЫМДАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН «ҚОҒАМДЫҚ БАЙЛАНЫС» САЛАСЫ ТҦРҒЫСЫНАН 
ТАЛДАУ 
 
Abstract 
The  article  discussed  about  the  features  of  the  formation  of  non-governmental 
organizations of Kazakhstan in the context of «Public Relations». 
Keywords: Kazakhstan, non-governmental organizations, public relations. 
 
Қазіргі қазақ  журналистикасы  мен  әлеуметтік  ғылымдар  саласында  жеткілікті 
дәрежеде  жазылмай,  егжей-тегжейлі  талданбай  және  тиісті  деңгейде  талқыға 
салынбай  келе  жатқан  ӛте  ӛзекті  тақырыптардың  бірі  –  еліміздегі  үкіметтік  емес 
ұйымдардың ерекшеліктері мен тыныс-тіршілігі десек, қателеспеспіз. 
Ең  алдымен  «Үкіметтік  емес  ұйымдар»  ұғымына  қысқаша  анықтама  бере 
кетейік.  Қазақстан  Республикасының  Тұңғыш  Президенті  –  Елбасымыз  Н.Ә. 
Назарбаев  ӛзінің  2000  жылғы  24  қазандағы  «Еркін,  тиімді  және  қауіпсіз  қоғамға 
қадам»  атты  халыққа  арналған  Жолдауында  алғаш  рет  үкіметтік  емес  ұйымдар 
туралы:  «Бүгінде  Қазақстандағы  үкіметтік  емес  қоғамдық  ұйымдарының  құқық 
қорғау қызметінде де, тұрғындардың ерекше қызығушылықтарын дамыту саласында 
да,  қоғамды  әлеуметтік  қалыптастыруда  да  атқаратын  рӛлі  ӛте  маңызды»,  -  деп 
ерекше  атап  ӛткен  болатын.  Мемлекет  басшысының  бұл  пікірі  елімізде  үкіметтік 
емес ұйымдарды дамытудың жаңа сапалы кезеңінің белсенділігін оятты. 
Сонымен,  үкіметтік  емес  ұйымдар  дегеніміз  –  қандай  ұйымдар?  Бұл  сұраққа 
жауап  беру  үшін  «Мемлекеттiк  әлеуметтiк  тапсырыс  туралы  Қазақстан 
Республикасының 2005 жылғы 12 сәуiрдегi №36 Заңының 1-ші бабына кӛз салайық. 
Онда үкіметтік емес ұйымға мынадай анықтама берілген: 
«7) үкiметтiк  емес  ұйым –  ортақ  мақсаттарға  жету  үшiн  азаматтар  және 
(немесе) мемлекеттiк емес заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына 
сәйкес ерiктi  негiзде құрған коммерциялық  емес ұйым (саяси партияларды, кәсiптiк 
одақтарды және дiни бiрлестiктердi қоспағанда)». 
Яғни,  үкіметтік  емес  ұйымдар  деп  коммерциялық  емес  ұйымдарды  айтады 
екенбіз. Ал коммерциялық емес ұйымдар деп қандай ұйымдарды айтамыз? Оны білу 
үшін  «Коммерциялық  емес  ұйымдар  туралы»  Қазақстан  Республикасының  2001 
жылғы 16 қаңтардағы №142 Заңының 2-ші бабын оқып кӛрейік. 
Онда былай жазылған: «Кiрiс түсiру негiзгi мақсаты болып табылмайтын және 
алынған  таза  кiрiстi  қатысушылар  арасында  бӛлмейтiн  заңды  тұлға  коммерциялық 
емес ұйым деп танылады». 
Аталған  Заңның  2-ші  тарауында  коммерциялық  емес  ұйымдардың  мынадай 
ұйымдық-құқықтық нысандары атап кӛрсетілген: 
«8-бап. Мекеме 

№№4-9(49-54), сәуір-қыркүйек, апрель-сентябрь, April-September, 2014         ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
17 
1.  Құрылтайшысы  басқару,  әлеуметтiк-мәдени  немесе  коммерциялық  емес 
сипаттағы  ӛзге  де  қызметтердi  жүзеге  асыру  үшiн  құрған  және  қаржыландыратын 
ұйым мекеме деп танылады. 
Мекеменiң ӛзiне бекiтiлiп берiлген мүлiкке құқығы азаматтық заңдарға сәйкес 
айқындалады. 
2.  Меншiк  нысанына  байланысты  мекемелер  мемлекеттiк  және  жеке  меншiк 
мекемелер болып бӛлiнедi. 
10-бап. Жеке меншiк мекеме 
1.  Басқарушылық,  әлеуметтiк-мәдени  немесе  коммерциялық  емес  сипаттағы 
ӛзге де қызметтердi жүзеге асыру үшiн жеке және (немесе) мемлекеттiк емес заңды 
тұлғалар  құрған,  мемлекеттiк  құрылымның  бӛлiгi  болып  табылмайтын  ұйым  жеке 
меншiк мекеме деп танылады. 
2. Жеке меншiк мекеменiң мүлкi оған оралымды басқару құқығымен бекiтiлiп 
берiледi. 
3. Жеке меншiк мекеме ӛз мiндеттемелерi бойынша ӛзiнiң билiгiндегi ақшамен 
жауап  бередi.  Ақшасы  жеткiлiксiз  болған  жағдайда  мемлекеттiк  емес  мекеменiң 
мiндеттемелерi бойынша оның құрылтайшысы жауапты болады. 
11-бап. Қоғамдық бiрлестiк 
1. Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн ортақ мақсаттарға 
жету  үшiн  азаматтардың  ерiктi  бiрiгуi  нәтижесiнде  құрылған  ұйым,  егер  заңдарда 
ӛзгеше белгіленбесе, қоғамдық бiрлестiк болып табылады. 
2.  Қоғамдық бiрлестiктер  мүшелерiнiң (қатысушыларының) сол  бiрлестiктерге 
ӛздерi  берген  мүлiкке,  соның  iшiнде  мүшелiк  жарналарға  құқықтары  жоқ.  Ӛздерi 
мүшелерi 
(қатысушылары) 
ретiнде 
қатысатын 
қоғамдық 
бiрлестiктердiң 
мiндеттемелерi  бойынша  олар  жауап  бермейдi,  ал  аталған  бiрлестiктер  ӛз 
мүшелерiнiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi. 
3. Қоғамдық бiрлестiктердiң құқықтық жағдайының ерекшелiктерi  «Қоғамдық 
бiрлестiктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі. 
12-бап. Қор 
1. Азаматтар және (немесе) заңды тұлғалар ерiктi мүлiктiк жарналар негiзiнде 
құрған,  әлеуметтiк,  қайырымдылық,  мәдени,  бiлiм  беру  және  ӛзге  де  қоғамдық 
пайдалы  мақсаттарды  кӛздейтiн,  мүшелiгi  жоқ  коммерциялық  емес  ұйым  қор  деп 
танылады. 
13-бап. Қордың түрлерi 
1.  Құрылтайшылардың  құрамына,  сондай-ақ  қызмет  саласына  қарай  жеке, 
корпоративтiк, қоғамдық, мемлекеттiк қорлар құрылуы мүмкiн. 
Қызмет  мақсаттарына  қарай  әлеуметтiк,  қайырымдылық,  мәдени,  бiлiм 
қорлары және ӛзге де қорлар құрылуы мүмкiн. 
14-бап. Тұтыну кооперативi 
1.  Мүшелiк  негiзде  қатысушыларының  материалдық  және  ӛзге  де 
қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн ӛз мүшелерiнiң мүлiктiк (пайлық) жарналарын 
бiрiктiру  жолымен  жүзеге  асырылатын  азаматтардың  ерiктi  бiрлестiгi  тұтыну 
кооперативi деп танылады. 
Заң  актiлерiнде  кӛзделген  жағдайларда  тұтыну  кооперативiне  заңды  тұлғалар 
да кiре алады. 
16-бап. Коммерциялық емес акционерлiк қоғам 
1.  Ӛзiнiң  қызметiн  жүзеге  асыру  үшiн  қаражат  тарту  мақсатымен  акциялар 
шығаратын, кiрiстерi тек қана осы қоғамды дамытуға пайдаланылатын заңды тұлға 
коммерциялық емес акционерлiк қоғам деп танылады. 
17-бап. Коммерциялық емес ұйымның ӛзге де ұйымдық-құқықтық нысаны 

№№4-9(49-54), сәуір-қыркүйек, апрель-сентябрь, April-September, 2014         ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
18 
1. Коммерциялық емес ұйымдар ӛзге де ұйымдық-құқықтық нысанда құрылуы 
мүмкін. 
2. Дербес білім беру ұйымдары, дербес кластерлік қор, нотариаттық палаталар, 
адвокаттар 
мен 
жеке 
сот 
орындаушыларының 
алқалары, 
Қазақстан 
Республикасының  Ұлттық  кәсіпкерлер  палатасы,  кәсiби  аудиторлық  ұйымдар, 
пәтерлердің  меншiк  иелерi  кооперативтерi  және  басқа  да  коммерциялық  емес 
ұйымдар ӛзге де ұйымдық-құқықтық нысанда құрылуы мүмкін. 
18-бап.  Дара  кәсiпкерлердiң  және  (немесе)  заңды  тұлғалардың  қауымдастық 
(одақ) нысанында бірігуі 
1.  Дара  кәсiпкерлер  және  (немесе)  заңды  тұлғалар  ӛздерiнiң  кәсiпкерлiк 
қызметiн  үйлестiру,  сондай-ақ  ортақ  мүдделерiн  бiлдiру  және  қорғау  мақсатында 
қауымдастықтар (одақтар) құра алады. 
2.  Коммерциялық  емес  ұйымдар  осы  ұйымдардың  қауымдастықтарына 
(одақтарына) ерiктi түрде бiрiге алады». 
Жоғарыда  айтылғандарды  қысқаша  тұжырымдасақ,  үкіметтік  емес  ұйымдар 
дегеніміз  –  саяси  партияларды,  кәсiптiк  одақтарды  және  дiни  бiрлестiктердi 
қоспағанда, белгілі бір ортақ мақсаттарға жету үшiн азаматтар мен мемлекеттiк емес 
заңды  тұлғалар  Қазақстан  Республикасының  заңнамасына  сәйкес ерiктi  негiзде 
құрған коммерциялық емес ұйымдар. 
Коммерциялық  емес  ұйымдардың  мынадай  ұйымдық-құқықтық  нысандары 
болады:  жеке  меншік  мекемелер,  қоғамдық  бiрлестiктер,  жеке  және  қоғамдық 
қорлар,  тұтыну  кооперативтерi,  коммерциялық  емес  акционерлiк  қоғамдар,  дербес 
білім беру ұйымдары, коммерциялық емес ұйымдардың қауымдастықтары және т.б. 
Міне, еліміздегі осы аталған құрылымдар коммерциялық емес ұйымдар немесе 
үкіметтік емес ұйымдар деп аталады. Бұлай деп аталуының басты себебі – олардың 
құрылуына және қызметіне үкіметтік, яғни мемлекеттік мекемелер мен құрылымдар 
қатыспайды және араласпайды. 
Қазақстанда  үкіметтік  емес  ұйымдардың  дамуының  жай-күйі  мен  болашағы 
туралы  Ұлттық  баяндамада  атап  кӛрсетілгеніндей,  олар  еліміздегі  әлеуметтік 
жаңашылдықтың қайнар кӛзіне айналуы тиіс. Билік орындарының тиісті шешімдерді 
қабылдауы барысында оған қоғамның жан-жақты қатысуын қамтамасыз етудің жаңа 
жүйесін ұсына отырып, әртүрлі әлеуметтік қызметтер кӛрсету, адам құқығын қорғау, 
экологиялық  және  жастар  саясаты  мәселелерін  кӛтеру,  мемлекеттік  органдар 
қызметіне  мониторинг  жасау,  сондай-ақ  жалпы  еліміздің  қоғамдық  және  саяси 
ӛмірінде белсенділік таныту  – осы үкіметтік емес ұйымдардың үлесіндегі  маңызды 
іс-шаралар екені даусыз. 
Қазіргі  таңда  Қазақстандағы  үкіметтік  емес  ұйымдар  азаматтық  қоғамның 
маңызды  міндеттерін  орындауға,  барлық  әлемдік  қауымдастық  танып  отырған 
демократиялық  құндылықтарды  одан  әрі  жетілдіріп,  дамыту  үшін  ӛз  үлестерін 
қосуға барынша қабілетті. Үкіметтік емес ұйымдар бүгінде қоғамымызға әлеуметтік 
тұрақтылық пен қарқынды күш беріп келеді. 
Үкіметтік  емес  ұйымдардың  ұсынатын  қызметінің  алуан  түрлілігіне 
қарамастан,  олардың  басты  мақсаты  –  ел  азаматтары  мен  жалпы  қоғамның  ӛмір 
сапасын  жақсарту.  Тәуелсіздік  алған  жылдар  ішінде  Елбасымыз  демократиялық 
және  зайырлы  мемлекет  құруға  қадам  басқан  сәттен  бастап-ақ  осы  салаға  ерекше 
кӛңіл  бӛліп  келеді.  Үкіметтік  емес  ұйымдар  ӛз  дамуында  азаматтық  қоғамның 
алғашқы  ірге  тасын  қалау,  тәжірибе  жинақтау,  қоғамды  әлеуметтік  тұрғыдан 
жаңғырту секілді елеулі кезеңдерден ӛтті. 
ЕЛІМІЗДЕ  ҤКІМЕТТІК  ЕМЕС  ҦЙЫМДАР  ҚАЛАЙ  ҚАЛЫПТАСТЫ? 
Қазақстан  тәуелсіздік  алған  алғашқы  жылдардан  бастап-ақ  азаматтық  қоғамның 

№№4-9(49-54), сәуір-қыркүйек, апрель-сентябрь, April-September, 2014         ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
19 
үкіметтік емес ұйымдар деп аталатын құрылымына ерекше кӛңіл бӛлінуінің ӛзіндік 
себептері  бар.  Әлемдік  тәжірибе  кӛрсетіп  отырғанындай,  үкіметтік  емес 
ұйымдардың  даму  деңгейі  азаматтық  қоғамның  қаншалықты  пісіп-жетіліп,  ӛсіп-
ӛнгенін  және  елдегі  демократиялық  үдерістердің  даму  дәрежесін  айна-қатесіз 
айқындап береді. 
Жоғарыда 
айтқанымыздай, 
үкіметтік 
емес 
ұйымдарды 
дамытудың 
конституциялық  негіздері  егемендіктің  ақ  таңы  атқан  кезде-ақ  енгізілген  болатын. 
Қазақстан  Республикасы  Конституциясының  5-ші  бабында  елімізде  идеологиялық 
және саяси әр алуандылық  танылатыны, қоғамдық  бірлестіктер заң алдында бірдей 
екені,  қоғамдық  бірлестіктер  ісіне  мемлекеттің  және  мемлекет  ісіне  қоғамдық 
бірлестіктердің  заңсыз  араласуына,  қоғамдық  бірлестіктерге  мемлекеттік 
органдардың қызметін жүктеуге жол берілмейтіні айқын жазылған. 
Қазақстандағы  үкіметтік  емес  ұйымдардың  қалыптасу  тарихына  отыз  жылдан 
астам  уақыт  ӛтіпті.  Еліміздегі  үкіметтік  емес  ұйымдар  қызметі  дамуының  алғашқы 
кезеңі  ХХ  ғасырдың  80-ші  жылдары  мен  1994  жыл  аралығын  қамтиды.  Отандық 
және  шетелдік  сарапшылардың  бағалауынша,  бұл  кезеңде  500-ге  жуық  үкіметтік 
емес  ұйымдар  құрылып,  олардың  дені  негізінен  азаматтардың  құқықтарын  қорғау 
бағытында  жұмыс  істеген.  Үкіметтік  емес  ұйымдарға  қатысты  мемлекеттік  саясат 
аталған уақытта жалпы ұстанымдар мен бағыттарды анықтап алуға бағдарланды. 
1994  жылдан  1997  жылға  дейін  жалғасқан  екінші  кезең  үкіметтік  емес 
ұйымдардың саны 500-ден 1600-ге дейін ӛсуімен және әртүрлі халықаралық қорлар 
мен  ұйымдардың  тарапынан  қаржылай  қолдау  кӛрсету  әрекеттерінің  артуымен 
ерекшеленді.  Бұл  жылдары  үкіметтік  емес  ұйымдардың  басым  кӛпшілігі  ірі 
қалаларға  шоғырланып,  қызмет  түрлері  бойынша  жүйеленіп,  іріктеле  бастады. 
Дегенмен  мемлекеттің  үкіметтік  емес  ұйымдарға  қатысты  ұстанымы  әлі  де 
нақтылана  қоймаған  еді,  жалпы  жұмыс  жүргізілгенімен,  азаматтық  қоғам 
ӛкілдерімен  ӛзара  қарым-қатынас  жасаудың  бірыңғай  жүйесі  бір  ізге  түспеген 
болатын. 
Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдары дамуының үшінші кезеңі 1998 жылдан 
2005  жылға  дейінгі  кезеңді  қамтиды.  Сарапшылардың  бағалауы  бойынша,  бұл  – 
аталған  саланың  түбегейлі  сапалы  ӛсіп-ӛркендеу  дәуірі  болды.  Ӛйткені  осы  кезең 
мемлекет  тарапынан  үкіметтік  емес  ұйымдармен  ӛзара  қарым-қатынас  жасаудың 
жүйелі жүйесін жүзеге асыру туралы мәселе күн тәртібіне нақты түрде қойылуымен 
сипатталады.  Дәл  осы  жылдарда  маңызды  нормативтік  құқықтық  актілер 
қабылданып, алғашқы стратегиялық құжаттар дүниеге келді. 
Елбасымыз  Н.Ә.  Назарбаевтың  қатысуымен  2003  жылы  І  Азаматтық  Форум 
ӛткізіліп,  ұлттық  деңгейде  мемлекет  пен  азаматтық  қоғам  арасындағы  тұрақты 
түрдегі  пікір  алмасу  және  ӛзара  ақылдасып  отыру  дәстүрінің  негізі  қаланды. 
Қазақстан  Республикасының  2005  жылғы  12  сәуiрдегi  «Мемлекеттiк  әлеуметтiк 
тапсырыс  туралы»  №36  Заңы  қабылданып,  еліміздің  мемлекеттiк  органдарының 
және  үкiметтiк  емес  ұйымдарының  мемлекеттiк  әлеуметтiк  тапсырысты  жүзеге 
асыруы  үдерісінде  туындайтын  қоғамдық  қатынастарды  реттеудің  құқықтық  негізі 
жасалды. Бұл Заңда: «Үкiметтiк емес ұйым – ортақ мақсаттарға жету үшiн азаматтар 
және  (немесе)  мемлекеттiк  емес  заңды  тұлғалар  Қазақстан  Республикасының 
заңнамасына  сәйкес ерiктi  негiзде  құрған коммерциялық  емес  ұйым  (саяси 
партияларды,  кәсiптiк  одақтарды  және  дiни  бiрлестiктердi  қоспағанда)»,  -  деген 
анықтама  берілді.  Сонымен  бірге  осы  Заңда  пайдаланылатын  негiзгi  ұғымдар, 
мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс процесiн құқықтық реттеу принциптерi, Қазақстан 
Республикасы  Үкiметiнiң құзыретi,  уәкiлеттi  органның  құзыретi,  мемлекеттiк 
органдардың  құзыретi,  мемлекеттiк  әлеуметтiк  тапсырысты  iске  асыру  салалары, 

№№4-9(49-54), сәуір-қыркүйек, апрель-сентябрь, April-September, 2014         ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
20 
мемлекеттiк  әлеуметтiк  тапсырысты  жүзеге  асыру,  мемлекеттiк  әлеуметтiк 
тапсырысты  қаржыландыру  және  оның  бюджеттiк  қаражатын  пайдалану, 
мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыстың орындалуын бақылау мәселелері нақтыланды. 
2005  жылдан  бастап  бүгінгі  күнге  дейінгі  тӛртінші  кезеңде  мемлекеттік  билік 
органдары мен үкіметтік емес ұйымдардың ӛзара бірлескен іс-қимылы мен үкіметтік 
ұйымдарды мемлекеттік қорғаудың барлық жақтарын сапалы түрде жетілдіру үдерісі 
жүріп жатыр. 
Елбасымыздың  2006  жылғы  25  шiлдедегi  №154  Жарлығымен  бекiтiлген 
Қазақстан  Республикасында  азаматтық  қоғамды  дамытудың  2006-2011  жылдарға 
арналған  тұжырымдамасында  қазiргi  кезеңдегі  Қазақстанда  азаматтық  қоғамды 
дамытудың  негiзгi  үрдiстерi  талданады,  сондай-ақ  азаматтық  қоғамды  дамытудың 
алдағы жылдарға арналған жолдары мен нақты тетiктерi баяндалған. Тұжырымдама 
азаматтық  қоғам  институттарын  дамытудың  негiзгi  бағыттары  мен  азаматтық 
бастамаларды 
iске 
асыру 
мүмкiндiктерiн 
айқындайды. 
Ол 
азаматтық 
институттардың  жұмыс  iстеуi  үшiн  қолайлы  жағдай  жасауға  бағытталған  мақсатты 
бағдарламалар, заңнамалық  және басқа нормативтiк құқықтық актiлер әзiрлеу үшiн 
негiз болады. 
Тұжырымдаманың  мақсаты  адам  құқықтары  мен  адами  ӛлшем  саласындағы 
халықаралық шарттар мен пактiлер шеңберiндегi халықаралық-құқықтық құралдарға 
сәйкес азаматтық қоғам институттарын жан-жақты дамыту әрi олардың мемлекетпен 
және  бизнес-секторлармен  тең  құқылы  серiктестiгi  үшiн  заңнамалық,  әлеуметтiк-
экономикалық  және  ұйымдастыру-әдiстемелiк  базаны  одан  әрi  жетiлдiру  болып 
табылады. 
Алға  қойылған  мақсатқа  қол  жеткiзу  үшiн  күш-жiгердi  негiзгi  бес  мiндетке 
шоғырландыру  қажет  деп  белгіленген:  адам,  оның  құқықтары  мен  бостандықтары 
басты  құндылық  болып  табылатын  демократиялық,  зайырлы,  құқықтық  және 
әлеуметтiк  мемлекет  құру;  үкiметтiк  емес  ұйымдар,  бизнес-сектор  және  мемлекет 
арасында үйлесiмдi, тең құқылы әрi серiктестiк қатынастар жүйесiн құру; үкіметтік 
емес  ұйымдар  жобаларына  бизнес-сектордың  қатысуы  үшiн  экономикалық 
ынталандырулар  әзiрлеу,  қайырымдылық  пен  меценаттықты  дамыту;  азаматтық 
қоғамның  барлық  институттарын  дамыту  үшiн  қолайлы  құқықтық  база 
қалыптастыру;  ӛмiр  сүру  сапасының  жоғарғы  стандарттарына  қол  жеткiзу,  еңбек 
қатынастарын үйлестiру, халықтың бай және кедей жiктерi кiрiстерiнiң арасындағы 
айырмашылықты қысқарту. 
Кейінгі  он  жылға  жуық  уақыт  ішінде  мемлекеттік  әлеуметтік  тапсырысты 
қаржыландыру  және  оны  жүзеге  асырудың  салалары  кеңейе  түсті.  Бұл  кезеңнің 
басты  ерекшелігі  –  билік  орындарының  үкіметтік  емес  ұйымдардың  талдау-
сараптамалық  қызметтер  атқарудағы  үлкен  мүмкіндіктерін  мойындауы  және  оны 
белгілі бір аумақтарды басқару барысында пайдалану жүйесінің жасалуында болды. 
Сондай-ақ  аталған  саланың  дамуы  азаматтардың  әртүрлі  тұрғыдағы 
құқықтарын  қорғау  жӛніндегі  қозғалыстардың  пайда  болуымен,  анығырағы,  қайта 
жаңғыртылуымен  сипатталады.  Бұл,  бір  жағынан,  азаматтық  сана  дейгейінің  арта 
түсуін  дәлелдесе,  екінші  жағынан,  билікпен  тікелей  байланыс  орнатып, 
тұрғындардың  белгілі  бір  тобының  мүдделерін  қорғай  алатын  күшті  құқық  қорғау 
ұйымдарының тапшы екенін кӛрсетті. Ал мұның ӛзі кӛп жағдайда екі жақтың ӛзара 
тіл  табыса  іс-әрекет  жасауына  кедергі  болып  жатты.  Бүгінде  билік  орындары  мен 
азаматтық  қоғамның  бір-бірімен  текетіреске  бара  бермей,  керісінше,  ӛзара 
ынтымақтаса қимылдап, ӛзекті мәселелерді бірлесе шешуі арқылы жетістікке жетуге 
болатынын ӛмірдің ӛзі дәлелдеп отыр. 

№№4-9(49-54), сәуір-қыркүйек, апрель-сентябрь, April-September, 2014         ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
21 
САНЫ  КӚП.  АЛ  САПАСЫ  ҚАНДАЙ?  Ресми  мәліметтер  бойынша 
Қазақстанда  2012  жылдың  28  желтоқсанына  дейін  27 669  үкіметтік  емес  ұйым 
тіркелген, оның ішінде 4 468 мекеме, 1 355 заңды тұлғалардың бірлестігі, 5 307 қор, 
8 786  қоғамдық  бірлестік,  7 763  басқа  да  үкіметтік  емес  ұйымдар  бар.  Кейінгі  бес 
жыл ішінде үкіметтік емес ұйымдардың саны 16 000-нан 27 669-ға дейін ӛсті. 
Осы жерде ескерте кететін бір мәселе бар. Жоғарыда айтқанымыздай, елімізде 
үкіметтік  емес  ұйымдар  туралы  арнайы  заң  жоқ  болғандықтан,  заңдық-құқықтық 
тұрғыдан  іс  жүзінде  «үкіметтік  емес  ұйымдар»  деген  ұғым  бойынша  арнайы 
статистикалық 
тіркеу 
жұмысы 
жүргізілмейді. 
Негізінен 
әртүрлі 
ұйымдастырушылық-құқықтық  жүйе  бойынша  құрылған  коммерциялық  емес 
ұйымдардың есебі жасалады. 
Сонымен  бірге  осы  саланың  қызметі  туралы  мәселелер  қамтылған 
заңдарымыздың  ӛзінде  бірізділік  пен  ортақ  ұғым-түсініктер  жоқ  екені  біраз 
қолбайлау  болып  отыр.  Атап  айтсақ,  «Коммерциялық  емес  ұйымдар  туралы» 
Қазақстан  Республикасының  2001  жылғы  16  қаңтардағы  №142  Заңының 
«Коммерциялық  емес  ұйымдардың  нысандары»  туралы  6-шы  бабы  бойынша 
коммерциялық емес ұйымдар қоғамдық бiрлестiк нысанында да құрылуы мүмкiн. 
Ал «Қоғамдық бiрлестiктер туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 
31  мамырдағы  №3  Заңының  2-ші  бабына  сүйенсек:  «Қазақстан  Республикасында 
саяси  партиялар,  кәсiптiк  одақтар  және  азаматтардың  ортақ  мақсаттарға  жету  үшiн 
ерiктi негiзде құрылған, заңдарға қайшы келмейтiн басқа да бiрлестiктерi қоғамдық 
бiрлестiктер  деп  танылады.  Қоғамдық  бiрлестiктер  коммерциялық  емес  ұйымдар 
болып табылады». 
Тағы  бір  маңызды  құжат  –  «Мемлекеттiк  әлеуметтiк  тапсырыс  туралы» 
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуiрдегi №36 Заңының 1-ші бабында: 
«Үкiметтiк  емес  ұйым –  ортақ  мақсаттарға  жету  үшiн  азаматтар  және  (немесе) 
мемлекеттiк  емес  заңды  тұлғалар  Қазақстан  Республикасының заңнамасына 
сәйкес ерiктi  негiзде құрған коммерциялық  емес ұйым (саяси партияларды, кәсiптiк 
одақтарды және дiни бiрлестiктердi қоспағанда)», - деп жазылған. 
Қазақстан  Республикасының  Азаматтық  кодексінің  негізгі  қағидаларына 
келсек,  онда  коммерциялық  емес  ұйымдарға  діни  бірлестіктер  мен  мемлекеттік 
мекемелер де енгізілген. 
Осыдан 
шығатын 
қорытынды: 
жоғарыдағы 
заңдарда 
баяндалатын 
«коммерциялық емес ұйым» деген ұғымға кіретін ұйымдық-құқықтық нысандардың 
барлығы  бірдей  үкіметтік  емес  ұйымдарға  жата  бермейді.  Мысалы,  мемлекеттік 
мекемелер, саяси партиялар, кәсiптiк одақтар және дiни бiрлестiктер үкіметтік емес 
ұйымдар болып табылмайды. 
Осылайша, заңды тұлғалардың статистикалық санағын жүргізудің қалыптасқан 
жүйесі  Қазақстандағы  үкіметтік  емес  ұйымдардың  ӛз  алдына  бӛлек  дербес  нақты 
есебін  жасап,  олардың  саны  қанша  екенін  дәл  анықтауға  іс  жүзінде  мүмкіндік 
бермейді. Әртүрлі дерек кӛздерінде еліміздегі ресми түрде тіркелген үкіметтік емес 
ұйымдардың саны туралы 5 000-нан 25 000-ға дейінгі әрқилы мәліметтер келтіріледі. 
Әділет органдарында ресми түрде тіркеуден ӛткен үкіметтік емес ұйымдардың 
нақты  саны  белгісіз  болып  отырған  кезде  олардың  ішінде  күнделікті  жұмыс  істеп 
жүргендері,  белгілі  бір  саладағы  әлеуметтік  бағдарламалар  мен  жобаларды  жүзеге 
асырып  жатқандары  қанша  екенін  анықтау  мүлдем  қиын.  Кейбір  сарапшылардың 
берген бағалары мен ой-пікірлерінде еліміздегі ресми түрде тіркелген үкіметтік емес 
ұйымдардың бар болғаны 20-30%-ы ғана нақты қызметпен айналысып келеді. 
Қазіргі таңда Қазақстандағы үкіметтік емес ұйымдардың статистикалық есебін 
жүргізуде  қалыптасып  отырған  осындай  күрделі  жағдайдың  салдарынан  олардың 

№№4-9(49-54), сәуір-қыркүйек, апрель-сентябрь, April-September, 2014         ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
22 
қызметіне  байланысты  әртүрлі  мәліметтерді,  мысалы,  үкіметтік  емес  ұйымдар 
қызметкерлерінің  дәл  саны,  олардың  алатын  жалақыларының  мӛлшері,  үкіметтік 
емес ұйымдардың қаржылық  айналымы, оларды қаржыландыру кӛздері,  белгілі  бір 
ӛңірдегі  үкіметтік  емес  ұйымдарға  халықаралық  және  шетелдік  қаржы  кӛздерінен 
гранттар  мен  демеушілік  кӛмек  түрінде  тартылған  инвестиялық  кӛмектің  үлес 
салмағы  және  басқа  да  деректерді  жинақтап,  жүйелеу  және  талдау  мүмкін  болмай 
отыр. 
Ресми  есептерде  баяндалған,  мемлекеттiк  әлеуметтiк  тапсырысты  iске  асыру 
салалары  бойынша  жүргізілген  мониторингтік  талдау  жұмыстарының  нәтижесі 
кӛрсеткеніндей, 
«Мемлекеттiк 
әлеуметтiк 
тапсырыс 
туралы» 
Қазақстан 
Республикасының  2005  жылғы  12  сәуiрдегi  №36  Заңында  кӛрсетілген  тақырыптық 
бағыттардың барлығы бойынша әлеуметтік маңызы бар жобалар жүзеге асырылған. 
Бұл  бағдарламалардың  басым  кӛпшілігі  мемлекеттік  әлеуметтік  тапсырыс 
шеңберінде  қаржыландыру  негізінде  Мәдениет  және  ақпарат,  Білім  және  ғылым 
министрліктері,  облыстардың,  Астана  және  Алматы  қалаларының  ішкі  саясат 
басқармалары  және  жастар  саясаты  мәселелері  бойынша  басқармалары  тарапынан 
жүзеге  асырылған.  Оған  қоса  2009  жылдан  бастап  республикалық  бюджетте  Еңбек 
және  әлеуметтік  қорғау,  Денсаулық  министрліктері  бойынша  әлеуметтік 
бағдарламалар  қарастырылған.  Мемлекеттік  әлеуметтік  тапсырыс  бірте-бірте 
туризм, спорт, дін, әділет, ішкі істер, тілдерді дамыту, қоршаған ортаны қорғау, ауыл 
шаруашылығы  және  басқа  да  салалар  бойынша  ресми  құрылымдарға  да 
орналастырылып, мақсатты түрде қаржы бӛлу қарастырылып келеді. 
Үкіметтің  барлық  ӛңірлердегі  ауылдық  деңгейде  үкіметтік  емес  ұйымдармен 
ӛзара  ынтымақтастықты  дамыту  туралы  ұсыныстарына  сәйкес  2013  жылдан  бастап 
12  облыстың  аудандық  және  ауылдық  округтары  дәрежесінде  үкіметтік  емес 
ұйымдардың әлеуметтік жобаларын жүзеге асыру қолға алына бастады. 
ОҢ  ӚЗГЕРІСТЕР  ЖӘНЕ  ОЛҚЫ  ТҦСТАР.  Қазақстандағы  үкіметтік  емес 
ұйымдардың  даму  үдерісіне  талдау  жасай  отырып,  мынадай  оң  ӛзгерістер  мен 
алдағы мүмкіндіктерді атап кӛрсетуге болады: 
-  үкіметтік  емес  ұйымдардың  қызметін  үйлестіріп  отыратын  негізгі 
нормативтік құқық құжаттар бар; 
-  орталық  және  жергілікті  билік  орындары  тарапынан  үкіметтік  емес 
ұйымдардың  дамуы  үшін  саяси  жігер-ұмтылыс  пен  мүдде  танытылып,  қажетті 
қаржылай қолдау кӛрсетіліп отыр; 
-  кейінгі  кезде  мемлекеттік  органдар  мен  үкіметтік  емес  ұйымдар  арасында 
мемлекеттің  азаматтық  қоғамның  нақты  осы  саласын  қолдау  жүйелерін  жақсарта 
түсуге  бағытталған  нормативтік  құқықтық  қорларды  қалыптастыру  мәселелері 
бойынша ӛзара түсіністік жағдайында бірлесе жұмыс істеу белсенділігі арта түскені 
байқалады; 
- үкіметтік емес ұйымдардың атқаратын және кӛрсететін қызметтерінің түрлері 
кеңейтіліп, белгілі бір салаға кәсіби мамандану шеңбері артып келеді
-  үкіметтік  емес  ұйымдардың  білгілі  бір  топтарын  біріктіріп,  олардың 
мүдделерін  қорғайтын  республикалық  ірі  үкіметтік  емес  ұйымдардың  қызметі 
жанданып келеді; 
-  үкіметтік  емес  ұйымдардың  республикалық  және  ұлттық  деңгейдегі  әртүрлі 
консультативтік-кеңес беру органдарының жұмысына қатысу дәрежесі арта түсті; 
-  үкіметтік  емес  ұйымдармен  ӛзара  ынтымақтастық,  қоғамдық  және 
сараптамалық  кеңестерінің  мәртебесі  мен  маңызы,  олардың  қызметтік  белсенділігі 
ӛсе түскен; 

№№4-9(49-54), сәуір-қыркүйек, апрель-сентябрь, April-September, 2014         ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
23 
- үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдардың ӛзара бірлескен қызмет 
тәжірибелерінің оң үлгілері бірте-бірте жинақталып келеді
-  үкіметтік  емес  ұйымдар  мектебінен  ӛткен  мамандардың  мемлекеттік 
қызметке  орналасу,  ішкі  және  сыртқы  саясатты  қалыптастырудың  әртүрлі  тұстары 
бойынша бірлесе жұмыс істеудің пәрменділігін арттыратын оқыту бағдарламаларын 
жүзеге асыру тәжірибелері байқалады; 
-  әкімшілік  реформалар  барысында  үкіметтік  емес  ұйымдар  мен  азаматтық 
қоғам  ӛкілдерін  нормативтік құқықтық  құжаттарды,  мемлекеттік  жоспарлау  жүйесі 
құжаттарын  жасау,  жоспарлар  мен  бағдарламаларды  жүзеге  асырудың  тиімділігін, 
қоғамдық  мониторинг және сараптама жасау  шеңберіндегі  қызмет кӛрсету сапасын 
бағалау  және  т.б.  жұмыстарды  жүзеге  асыруға  белсенді  түрде  қатыстыру  жӛнінде 
ұсыныстар  жасалып,  кейін  бұл  қағида  міндетті  талаптар  қатарына  енгізілуі  оң 
бағаланып отыр; 
-  мемлекеттік  әлеуметтік  тапсырыс  аясында,  мысалы,  арнаулы  әлеуметтік 
қызмет кӛрсету саласындағы мемлекеттік органдардың кейбір қызметтік міндеттерін 
үкіметтік  емес  ұйымдарға  сеніп  тапсыру  жағдайы  жақсы  бастама  ретінде  кӛрініс 
тапқан. 
Соған  қарамастан,  қазіргі  уақытта  Қазақстандағы  үкіметтік  емес  ұйымдардың 
қызметін дамыту барысында мынадай кемшіліктер мен қауіп-қатерлер де орын алып 
отырғанын жасыра алмаймыз: 
- азаматтық қоғамның саяси партиялар, кәсiптiк одақтар және дiни бiрлестiктер 
секілді  басқа  да  құрылымдарына  қарағанда,  үкіметтік  емес  ұйымдар  еліміз 
тұрғындарының  басым  кӛпшілігіне  оншалықты  жақсы  таныс  емес;  жүргізілген 
сауалнамалар  халықтың  үкіметтік  емес  ұйымдардың  қызметі  туралы  жеткілікті 
дәрежеде  біле  бермейтінін  кӛрсетті;  үкіметтік  емес  ұйымдар  қызметіне  әртүрлі 
әлеуметтік топтардың санаулы ғана мүшелері тартылған; 
-  мемлекеттік  құрылымдар  тарапынан  үкіметтік  емес  ұйымдардың  қызметіне 
деген қызығушылықтың тұрақсыздығы, оған саяси оқиғалар мен ӛзгерістердің әсер 
етуі,  мысалы,  үкіметтік  емес  ұйымдарды  негізінен  белгілі  бір  деңгейлердегі  сайлау 
кезеңдерінде  ғана  халықтың  белсенділігін  арттыру  үшін  уақытша  пайдалану  әдеті 
байқалады;  
-  кӛптеген  үкіметтік  емес  ұйымдарда  тек  қана  бір  адам  –  оның  басшысы  ғана 
жұмыс  істейді,  мұндай  ұйымдардың  тұрақты  қызметкерлері  жоқ,  қоғам  мүшелерін 
ӛздерінің  дербес  ӛзекті  мәселелерін  шешуге  жұмылдыратын,  шын  мәніндегі 
қоғамдық  сипаттағы  үкіметтік  емес  ұйымдардың  саны  ӛте  аз,  соның  салдарынан 
үкіметтік  емес  ұйымдар  жүйесінің  одан  әрі  дамып,  ӛсіп-ӛркендеуіне  кедергі  туып 
отыр; 
- кейінгі жылдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша бӛлінген қаржы 
кӛлемінің  артуына  байланысты  уақытша  құрылған  «бір  күндік»  үкіметтік  емес 
ұйымдардың  қатары  кӛбейе  түскен,  әлеуметтік  маңызды  жобаларды  шын  мәнінде 
жүзеге  асырудың  тиімділігін  арттырудағы  азаматтық  қоғамның  ӛз  арасындағы 
қарым-қатынастың  дұрыс  жолға  қойылуына  тосқауыл  болып  отырған  теріс 
сипаттағы кӛріністің бірі – осы; 
-  саланың  ішкі  жүйесінде  жоғары  сапалы  әлеуметтік  қызмет  кӛрсету 
саласындағы  салауатты  бәсекелес  ортаны  қалыптастыру  және  оны  қолдау 
мақсатындағы  тиісті  бағыттар  бойынша  кәсіби  үкіметтік  емес  ұйымдардың  үлес 
салмағы да аз, қатары сирек болып тұр
-  үкіметтік  емес  ұйымдар  арасында  қоғамның  тиісті  мүшелеріне  қызмет 
кӛрсету тұрғысында кӛзделіп, нысанаға алынған «мақсатты аудитория» ретінде емес, 

№№4-9(49-54), сәуір-қыркүйек, апрель-сентябрь, April-September, 2014         ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
24 
тек қана «мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты» орындау нысаны деп қана қарайтын 
тоғышарлық кӛзқарастағы кері құндылықтар күшейіп келеді; 
-  бірқатар  үкіметтік  емес  ұйымдар  мемлекеттік  органдардың,  сонымен  бірге 
ӛздерінің  әріптестері  мен  мақсатты  аудиториясының  асырауында  ғана  болғысы 
келіп, біреудің есебінен күн кӛргісі келетін ұстанымды ұстанады; 
-  үкіметтік  емес  ұйымдардың  арасындағы  мемлекеттік  ұйымдардың,  басқа  да 
әріптестерінің  әртүрлі  бастамаларын  барынша  теріске  шығарып,  жарамсыз  етіп 
кӛрсету,  ӛздерінің  нақты  ұсыныстарын  айтудың  орнына  әйтеуір  сынап,  түкке 
тұрғысыз сияқты таныту тұрғысынан қарайтындары да аз кездеспейді; 
-  билік  орындары  жариялаған  және  нормативтік  құқықтық  құжаттар  түрінде 
бекітілген,  үкіметтік  емес  ұйымдардың  сарапшылық  мүмкіндігін  пайдалану 
жӛніндегі  бастамалар  әлі  де  жеткілікті  дәрежедегі  нақты  мүдделілік  пен 
қызығушылық  түрінде  бекітілмеген,  мемлекеттік  органдар,  әсіресе,  жергілікті 
жерлерде  үкіметтік  емес  ұйымдар  қызметінің  пайдалы  және  маңызды  екеніне 
оншалықты назар аудара қоймайды
-  бұрынғысынша,  мемлекеттік  қызметкерлер,  әсіресе,  салалық  құрылымдарда, 
аудандық  және  ауылдық  деңгейлерде  үкіметтік  емес  ұйымдар  қызметінің 
мемлекеттің  дамуын  жеделдету  үдерісіндегі  мәнін  түсінуге  тырыспайды,  кӛп 
жағдайда,  азаматтық  қоғам  мүшелерімен  қарым-қатынас  қағаз  жүзінде  ғана  қалып, 
жоғары жаққа есеп беру үшін ғана уақытша іс-шаралар ӛткізіледі; 
-  мемлекеттік  әлеуметтік  тапсырыс  шеңберінде  таңдау  және  іс-қимыл 
еркіндігінің белгілі бір ауқымда іс жүзінде шектеліп қалуының салдарынан кӛптеген 
үкіметтік  емес  ұйымдарда  жұмыстың  жаңа  әдістері  мен  тәсілдерін  іздеп, 
инновациялық технологияларды енгізуге мүмкіндік жоқ; 
-  жұмысты  ұйымдастыру  және  оның  нәтижесін  бағалау  қағидалары 
мемлекеттік  құрылымдардан  үкіметтік  емес  ұйымдардың  ӛзіне  жүктелуі  азаматтық 
қоғамның сапалық құрамына кері ықпалын тигізуде; кӛп жағдайда тәжірибелі және 
тұрақты  қызмет  істеп  келе  жатқан  үкіметтік  емес  ұйымдар  мемлекеттік  әлеуметтік 
тапсырысқа  арналған  конкурстарға  қатысудан  саналы  түрде  бас  тартуда  және  бұл 
бағытта жұмыс жүргізуге оншалықты ынталы емес; саланың тәжірибелі мамандары 
бизнеске  немесе  халықаралық  ұйымдарға  қызметке  ауысып  кету  жағдайлары 
жиіледі. 
Қазақстандағы  үкіметтік  емес  ұйымдардың  қызметін  құқықтық  тұрғыдан 
қамтамасыз  етіп,  реттеп  отыру  мәселенінің  қазіргі  жағдайына  Халықаралық 
коммерциялық  емес  құқық  орталығының  (ICNL)  сарапшылары  оң  баға  берген. 
Мысалы,  еліміз  тәуелсіздік  алған  жылдары  үкіметтік  емес  ұйымдар  жұмысын 
үйлестіруге  арналған  кӛптеген  заңдар  мен  заңнамалық  актілер  қабылданды. 
Қолданыстағы  заңнама  әртүрлі  ұйымдық-құқықтық  нысандардағы  үкіметтік  емес 
ұйымдарды  құруға  мүмкіндік  береді.  Үкіметтік  емес  ұйымдардың  коммерциялық 
қызметпен  айналысуға,  сондай-ақ,  жергілікті  және  шетелдік  қаржы  кӛздерінен 
жарналар  мен  гранттар  алуға  құқықтары  бар.  Үкіметтік  емес  ұйымдар  мемлекеттің 
қоғамдық  және  саяси  ӛміріне  қатысып,  мемлекеттік  органдар  жанындағы 
консультативтік  қоғамдық  кеңестердің  мүшесі  бола  алады,  оларға  сайлау  кезінде 
мониторингтік  талдау  жүргізуге,  саяси  және  заңнамалық  құжаттарды  жасауға  және 
талқылауға  жағдай  жасалған.  Үкіметтік  емес  ұйымдар  мемлекеттік  әлеуметтік 
тапсырысты жүзеге асыруға қатыса отырып, халыққа ӛздерінің әртүрлі қызметтерін 
ұсынып,  тұрғындардың  ӛмір  сүру  деңгейін  арттыруда  мемлекетке  ӛз  кӛмегін 
тигізуде. 
Елімізде  үкіметтік  емес  ұйымдар  қызметін  құқықтық  тұрғыдан  үйлестіріп, 
реттеп отыруға қажетті жағдайлар жасалып отырғанына қарамастан, заңнамада бұл 

№№4-9(49-54), сәуір-қыркүйек, апрель-сентябрь, April-September, 2014         ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
25 
мәселеге қатысты бірқатар ӛзекті мәселелер, ашық айтсақ, кӛптеген кемшіліктер де 
кездеседі. Ондай олқылықтарды атап кӛрсететін болсақ: 
- кәсіпкерлік субъектілеріне қарағанда үкіметтік емес ұйымдарды тіркеу жүйесі 
барынша  күрделі  және  қиын  қалпында  қалып  отыр:  егер  шағын  кәсіпкерлік 
нысандарын тіркеудің ресми мерзімі бір жұмыс күні, тіпті электрондық үкімет веб-
порталында  10-15  минутта  ғана  жүзеге  асырылса,  үкіметтік  емес  ұйымды  ресми 
түрде тіркеу үшін тиісті құжаттарды тапсырған соң кемінде 10 жұмыс күнінің ӛтуін 
күту  керек;  сондай-ақ  жеке  кәсіпкерлікке  қарағанда,  үкіметтік  емес  ұйымды  тіркеу 
үшін тӛленетін мемлекеттік алым мӛлшері де бірнеше есе қымбат; 
-  үкіметтік  емес  ұйымдарды  таратып,  оның  қызметін  тоқтату  жүйесі  де 
барынша  күрделі  және  кӛп  шығынға  ұшырататын  үдеріс  қалпында  қалып  отыр: 
салық  органдарына  тиісті  есептерін  дер  кезінде  тапсырмағандықтан,  кӛптеген 
үкіметтік  емес  ұйымдар  ӛздеріне  айыппұл  салынатынынан  қорқып,  іс  жүзінде 
қызмет істемейтіндіктен, қағаздағы заңды тұлғалардың қатарын толтырып тұр
-  үкіметтік  емес  ұйымдарды  мемлекеттік  қаржыландырудың  баламалы  жүйесі 
жасалмаған; 

мемлекеттік 
құрылымдар 
жанындағы 
консультативтік-кеңесші 
органдарының,  оның  ішінде  қоғамдық  кеңестерін  құру  және  олардың  қызметін 
ұйымдастыру жӛнінде үлгілік бірыңғай ережелер жоқ; 
- қажетті тиісті мүмкіндік жоқ болғандықтан үкіметтік емес ұйымдар ӛздеріне 
қажетті маңызды ақпараттарға жедел түрде қол жеткізе алмайды. 
Үкіметтік емес ұйымдардың қызметін үйлестіріп, ұйымдастырудағы жоғарыда 
атап  кӛрсетілген  кемшіліктерді  азайту  мақсатында  «Қазақстандағы  үкіметтік  емес 
ұйымдарды  дамыту  жӛніндегі  Ұлттық  іс-қимыл  жоспары»  атты  құжаттың  жобасы 
жасалды. Бұл құжаттың жобасы үкіметтік емес ұйымдарды, олардың әртүрлі салалар 
бойынша  мемлекеттік  органдармен  және  бизнеспен  ӛзара  қарым-қатынасын, 
қоғамдық бақылау жүйесін, жергілікті ӛзін-ӛзі басқару, меценаттық құрылымдарын, 
қайырымдылық  және  әлеуметтік  жауапкершілік  мәдениетін,  шетелдік  және 
халықаралық  үкіметтік  емес  ұйымдармен  байланыс,  салалық  ынтымақтастық  және 
т.б. одан әрі дамытуға жағдай жасау мақсатын кӛздейді. 
 
Әдебиеттер 
1 Назарбаев Н.Ә. Еркін, тиімді және қауіпсіз қоғамға қадам. Халыққа арналған 
Жолдау. – 2000. – 24 қазан. 
2 «Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс туралы Қазақстан Республикасының 2005 
жылғы 12 сәуiрдегi №36 Заңы. 
3  «Коммерциялық  емес  ұйымдар  туралы»  Қазақстан  Республикасының  2001 
жылғы 16 қаңтардағы №142 Заңы. 
4  ҚР  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  2006  жылғы  25  шiлдедегi  №154 
Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 
2006-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы. 
5 «Қоғамдық бiрлестiктер туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 31 
мамырдағы №3 Заңы. 
6  «Қазақстандағы  үкіметтік  емес  ұйымдарды  дамыту  жӛніндегі  Ұлттық  іс-
қимыл жоспарының» жобасы. 
7  ҮЕҰ  және  мемлекеттік  органдардың  ӛзара  әрекеттесуі  саласындағы 
нормативтік құқықтық актілер жобалары жинағы. – Астана, 2013. 
 
 
 

№№4-9(49-54), сәуір-қыркүйек, апрель-сентябрь, April-September, 2014         ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
26 
ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ – ГУМАНИТАРНОЕ ОБРАЗОВАНИЕ 
 
САБИТОВ Жаксылык Муратович, 
доцент кафедры Политологии факультета Журналистики и политологии 
Евразийского Национального университета имени Л.Н. Гумилева, доктор PhD
город Астана, Республика Казахстан 
 
К ВОПРОСУ О ВРЕМЕНИ ВОЗНИКНОВЕНИЯ КАЗАХСКОГО ХАНСТВА 
 
Историю  можно  поделить  на  две  «истории»:  профессиональная  история  и 
Национальная история. 
Целью профессиональной истории является установление четких исторических 
фактов. Язык, на котором пишут профессиональные историки очень сложен и мало 
понятен  для  большинства  населения.  Кроме  того  темы,  которые  разрабатываются 
профессиональными  историками  мало  интересны  99,9%  населения.  К  примеру, 
профессиональные историки спорят о годе начала прихода к власти Берке в Золотой 
Орде.  Одни  говорят  о  1257  годе,  а  другие  о  1260  годе.  Большинству  населения  в 
принципе не особо интересна эта тема, причем большая часть из них может никогда 
и имени Берке не слышала. 
Национальная история – это, прежде всего, инструмент политики, призванный 
сплотить народ-нацию вокруг мифологизированных побед и поражений, символов и 
реальных  исторических  личностей.  Иногда  некоторые  темы  профессиональных 
историков  становятся  политически  актуальными,  и  тогда  этот  вопрос  начинает 
терять свою научную составляющую, обрастая специально созданными мифами. Так 
произошло  и  с  сугубо  историческим  вопросом  о  времени  появления  Казахского 
ханства. 
Выступление  Путина  на  Селигере-2014,  где  он  заявил  о  том,  что  «у  казахов 
никогда  не  было  государственности»  [13]  привело  к  тому,  что  у  многих  людей  в 
Казахстане  возникло  желание  доказать  «крошке  Цахису»  то,  что  у  казахов  есть 
большая  традиция  государственности.  В  связи  с  этим,  в  Казахстане  было 
предложено  (и  уже  планируется)  [12;  10;  11]  проведение  мероприятий  по 
празднования  550-летия  Казахского  ханства.  Попытки  отпраздновать  юбилей 
казахской государственности предпринимались и ранее [2]. 
Но в то время этот вопрос не был настолько политизирован, как сейчас. Дата 
создания Казахского ханства была взята из статьи Н.А. Атыгаева [1]. 
Вопрос о времени создания Казахского ханства на самом деле очень спорный. 
Разбору  этого  вопроса  и  посвящена  данная  статья.  Историография  изучаемого 
вопроса хорошо разобрана в работах Н.А. Атыгаева [1; 2]. Но при этом, выводы Н.А. 
Атыгаева,  по  нашему  мнению  не  аргументированы.  Н.А.  Атыгаев  не  критически 
доверяет Мирзе Хайдару Дулати. Хотя известно, из классиков методологии истории 
[5],  что  «методологическое  недоверие»  является  основным  подходом  к  любому 
первоисточнику.  Кроме  того  стоит  отметить,  что  если  некритически  подходить  к 
дате основания Казахского ханства, стоит упомянуть, что большая часть (две трети) 
870 года хиджры относится к 1466 году и «праздновать юбилей» нужно с осени 2015 
года до конца лета 2016 года. 
Существует  только  один  источник,  прямо  говорящий  о  времени  появления 
Казахского ханства. Это «Тарихи Рашиди» Мирза Хайдара Дулати. Стоит отметить, 
что Мирза Хайдар Дулати не был современником первых Казахских ханов и поэтому 
он получал сведения «из вторых рук». Отрывок об основании Казахского ханства у 
него звучит следующим образом: 

№№4-9(49-54), сәуір-қыркүйек, апрель-сентябрь, April-September, 2014         ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
27 
«Когда  Абу-л-Хайр  хан  полностью  овладел  Дашт-и  Кипчаком,  то  некоторые 
султаны  из  рода  Джучи,  которые  учуяли  носом  проницательности  запахи  бед  от 
него,  решили  его  убрать.  Некоторые  султаны,  как  Кирай  хан,  Джанибек  султан  и 
другие,  с  малым  количеством  людей  бежали  от  Абу-л-Хайр  хана  и  прибыли  в 
Моголистан. В то время очередь править Моголистаном подошла к Исан Буга хану. 
Исан Буга хан оказал им большие почести и выделил им уголок Моголистана. Они 
обрели здесь безопасность, и дни их протекали в спокойствии. После смерти Абу-л-
Хайр  хана  в  улусе  узбеков  возникли  разногласия.  Каждый  по  мере  возможности 
ради безопасности и спокойствия прибегал к помощи Кирай хана и Джанибек хана и 
те  окрепли.  Поскольку  вначале  они  уходили  от  людей,  отдалялись  от  них  и 
некоторое  время  бедствовали  и  скитались,  то  их  назвали  казахами.  Это  имя 
закрепилось за ними» [6, 348]. 
«В те дни Абу-л-Хайр хан целиком овладел Дашт-и Кипчаком. Он нападал на 
султанов-джучидов  — Джанибек  хан  и  Кирай  хан бежали  от  него  и  прибыли  в 
Моголистан.  Исан  Буга  хан  хорошо  принял  их  и  отдал  им  Козы  Баши,  которое 
находится  на  западе  Моголистана,  на  реке  Чу.  Пока  они  спокойно  пребывали  там, 
улус  узбеков  после  смерти  Абул-Хайр  хана  пришел  в  расстройство,  там  возникли 
большие разногласия и большинство [людей] ушло к Кирай хану и Джанибек хану, 
так  что  число  их  достигло  двухсот  тысяч  человек  и  их  стали  называть  «узбек-
казаками». Начало правления казахских султанов пошло с 870 (1465 – 1466) года, <а 
Аллах знает лучше>, и до 940 (1533  – 1534)  года казахи имели полную власть над 
большей частью Узбекистана» [6, 105-106]. 
Также  есть  косвенное  упоминание  о  том,  когда  Керей  и  Жанибек  «стали 
полноправными правителями»: 
«Так как Кирай хан и Джанибек хан обрели полную силу, этот  Бурудж  углан 
держался от них подальше и пребывал в пределах [города] Туркестана. Услышав о 
прибытии моголов и установив, что Йунус хан находится в Кара-Тукае, он напал на 
ханский лагерь. Случайно в тот день все люди [Йунус хана]» [6, 117].  
Как  мы  знаем,  битва  при  Кара-Тукае  была  примерно  около  второй  половины 
1472 года [8, 60]. То есть уже в 1472 году Керей и Жанибек возглавляли Казахское 
ханство,  а  Ядигер-хан  и  Бурудж-оглан  (сын  Абулхаир-хана)  «держались  от  них 
подальше».  Ранее  мы  выдвигали  версию  о  том,  что  Жанибек  и  Керей  оказались  в 
Могулистане, после смерти их отцов Барака и Булада [7, 273]. 
Как  писал  Н.А.  Атыгаев:  «В  1977  г.  К.А.  Пищулиной  справедливо  отмечено, 
что  Керей  и  Жанибек  «воспринимались  современниками  в  качестве  правителей 
самостоятельного  ханства  еще  до  окончательного  распада  государства  Абулхайр-
хана  и  до  перехода  власти  в  Центральном  и  Южном  Казахстане  в  руки  казахских 
ханов  в  последней  трети  XV  века».  Действительно  сведения  исторических 
сочинений  подтверждают,  что  уже  на  территории  Жетысу  в  60-е  гг.  Керей  и 
Жанибек  выступали  как  самостоятельные  правители,  и  незачем  им  было  пассивно 
ожидать  смерти  Абулхайр-хана  для  создания  своего  государства.  Следовательно, 
считать, что Казахское ханство возникло только после смерти Абулхайра (1468/69 г.) 
на территории Дашт-и Кыпчака ошибочно» [2]. 
Здесь  стоит  отметить,  что  тезис  «Керей  и  Жанибек  «воспринимались 
современниками  в  качестве  правителей  самостоятельного  ханства  еще  до 
окончательного  распада  государства  Абулхайр-хана»  не  обоснован.  У  нас  нет 
прямых свидетельств авторов и результатов социологических опросов населения тех 
времен,  подтверждающих  данный  тезис.  Наоборот  свидетельство  Мирза  Хайдара 
Дулати  четко  говорит  о  том,  что  Казахское  ханство  возникло  после  смерти 

№№4-9(49-54), сәуір-қыркүйек, апрель-сентябрь, April-September, 2014         ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
28 
Абулхаир-хана. А туманная формулировка «а Аллах лучше знает» говорит о том, что 
сам Мирза Хайдар Дулати не был уверен в своей дате. 
Причем  он  четко  выделял  следующие  этапы  возникновения  Казахского 
ханства: 
1.  Керей  и  Жанибек  стали  политическими  беженцами  и  проживали  на 
территории Могулистана. 
2. Смерть Абулхаир-хана. Б.А. Ахмедов датирует  смерть Абулхаир-хана 1468 
годом  [3].  Но  674  год  хиджры  падает  на  1469-1470  годы.  Как  мы  знаем,  он  умер 
зимой 1469-1470 годов [9, 173]. 
3. Многие подданные ушли после смерти Абулхаир-хана к Керею и Жанибеку 
и их число достигло 200 тысяч человек. 
Общепринятым 
является 
определение 
государства, 
обозначающее 
политическую  систему  власти,  установленную  на  определѐнной  территории. 
Кроме того, для государства характерно наличие объекта и субъекта политического 
управления  (правителя  и  народа).  Здесь  стоит  отметить,  что  Жанибек  и  Керей  не 
имели самостоятельной территории и большого количества народа во времена жизни 
Абулхаир-хана.  Они  жили  как  политические  эмигранты  на  территории  чужого 
государства (Могулистан). Поэтому они и получили прозвище казаки. 
Как мы помним годы казачества (скитания) на территории чужого государства 
были  характерным  явлением  для  многих  претендентов  на  престол.  К  примеру, 
тимурид Хусейн Байкара и Мухаммед Шейбани, прежде чем стать правителями, не 
один  год  провели,  в  качестве  казаков.  Находясь  на  территории  Могулистана, 
Жанибек  и  Керей  не  являлись  ханами,  а  были  только  претендентами  на  престол. 
Провозглашение себя ханами на территории Могулистана привело бы к открытому 
конфликту с Могулистанскими ханами, которые бы не горели бы желанием отдавать 


1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал