№№4-9(49-54), сәуір-қыркүйек, апрель-сентябрь, April-September, 2014



жүктеу 5.13 Kb.

бет17/19
Дата22.04.2017
өлшемі5.13 Kb.
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

Сарымсақ  (Allium  satium)  –  пияз  туысына  жататын  кӛпжылдық  ӛсімдік. 
Жабайы сарымсақ Орта Азияда, Қазақстанның оңтүстігінде кең таралған. Сарымсақ 
барлық жерде таралған, дәм-татымдық және дәрілік ӛсімдік. Құрамында 64,66% су, 
6,76%  белок,  26,31%  углевод,  0,06%  май  және  С  дәрумені  бар.  Сарымсақ  әдетте 
сабақтанбайды,  кӛбіне  солтүстік  ӛңірлерде  ӛсіріледі.  Сарымсақ  топырағы  құнарлы 
және  ылғалды  ашық  жерге  себіледі.  Сарымсақтың  түрлі  ауру  туғызатын 
бактерияларды жоятын қасиеті бар. 
Сарымсақтың  биологиялық  ӛз  ерекшеліктері  бар.  Бұл  күн  кӛзін  ӛте  жақсы 
кӛреді,  бірақ,  ыстыққа  шыдамайды.  Сондай-ақ  құнарлы  топырақта  жақсы  ӛседі. 
Оның әр кіші пиязшығы жан-жағынан қатты қабыршақпен қоршалған, бұл олардың 
суыққа да, құрғақшылыққа да тӛзімділігін қамтамасыз етеді. 
Сарымсақтың  «черемша»  дейтін  жабайы  түрі  де  бар.  Мұны  да  фитонцидтік 
ӛсімдік ретінде пайдаланады. 
Сарымсақ  –  диабет  ауруына  қарсы  пайдаланылатын  зат.  Жас  балалар 
жӛтелгенде балға қайнатылған пияз сӛлінен күніне бірнеше рет шай қасықпен беруге 
болады.  Халықтық  косметикада  пияз  шаш  бекітіп,  бетке  әжім  түсірмеу  үшін 
пайдаланылған.  Шаш  бекіту  үшін  жетісіне  бір-екі  рет  саусақпен  пияз  сӛлін  алып, 
басқа  жағады  да,  орамалмен  байлап,  1-2  сағаттан  кейін  сабынмен  жуып  тастайды. 
Бұл  қарапайым  әдіс  тек  шаш  бекітіп  қоймай,  қайызғақтан  айырып,  шашты 
жұмсартады. 
Сарымсақтаң ерекше құрылысын кейбір халықтар ойын ретінде пайдаланады. 
Мысалы,  немістер  жаңа  жыл  күні  әр  айға  арнап,  12  пиязшық  алып,  олардың 
әрқайсысының мойын жағын кесіп тастап, оған ойық жасап, тұз салып қояды. 
Қазіргі таңда сарымсақтың қасиеті ӛткен заманмен салыстырғанда ӛте жоғары 
бағаланып  келеді.  Олай  дейтін  себебім,  кӛптеген  ауруға  сарымсақтың  шипалық 
қасиеті  ең маңызды мәселенің бірі. Дәрігерлік ақпараттарға жүгінсек, сарымсақтың 
адам ағзасына келтіретін пайдасы шексіз. 
Мен жетекшімнің басшылығымен 250 г сарымсақты алдым, оны тазалап жуып, 
майдалап, ӛткізгіштен ӛткізіп алып, дәке арқылы сүзіп, оған 15 г. алоэның түбіндегі 
сӛлін қосып, араластырып, оның бетін қатты жауып, салқын және қараңғы жерде 15 
күн сақтадым. 
Мен күшті керемет әсермен тәжірибемді 3-4 күнде бастап кеттім. Ӛзіме арнайы 
сызбанұсқа  жасап,  оған  күндегі  емімді  білгілеп  отырдым  [1  кесте].  Тамақ  алдынан 
15-20  минут  бұрын  қабылдадым.  Мен  күніне  кӛрсетілген  сызбамен  тамшылап 
стақанның 1/3-індей сүтпен іштім. 
Кӛптеген  газет-журналдардан  оқушы  едім.  Бірақ  менің  жасаған  тәжірибем 
ӛзіме, іш-құрылысыма қатты әсер етті. Бұрынғы ауыратын жерлеріме де кӛп кӛмегін 
тигізді.  Іш-құрылысы  ауыратын  және  дене  мүшелері  ауыратын  жандарға  менің 
жасаған  тәжірибемді  байқап  кӛрулеріңізді  қалаймын.  Сіздерге  де  мол  септігін 
тигізеді деп ойлаймын. 
Егер  сіз  сарымсақты  пайдалансаңыз,  ӛте  күшті  жӛтел  де  кетеді.  Жәндіктер 
шаққанда  сарымсақтың  сӛлін  дәкеге  сіңіріп  басады,  сонда  ісімейді  және  ауырған 
жері қояды. 
Сарымсақты  тәбетіңіз  тартқанша  жеуге  болады,  оның  тигізер  пайдасы  –  қант 
мӛлшерін түсіреді. 

№№4-9(49-54), сәуір-қыркүйек, апрель-сентябрь, April-September, 2014         ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
139 
Қабылдау күні 
Таңертең 
Түсте 
Кешке 

2 тамшы 











10 
11 
12 

13 
14 
15 

15 
14 
13 

12 
11 
10 








10 



Итмҧрынның  ерекшелігі  –  бағалы  витаминдерге  бай,  жемісі  және  одан 
дайындалған  дәрі-дәрмектер  медицинада  негізінен  асқазан  және  бауыр  ауруларын 
емдеуге  қолданылады,  гүлдерін  шайдың  орнына  пайдалануға  болады,  күлтелерден 
дайындалған эфир майы – парфюмерия ӛндірісінде пайдаланылады. 
Итмұрын  (Раушангүлділер  тұқымдасы)  Қазақстанда  кездесетін  25  түрдің 
ішіндегі  ең  әдемісі.  Республиканың  (Алтай,  Тарбағатай,  Жоңғар  Алатауы)  сай, 
Орталық  және  Оңтүстік-
шығыс 
бӛлігінде 
тауда, 
жазықта,  қорым  тастарда, 
беткейлерде, 
ормандарда, 
дымқыл топырақты жерлерде 
бұталар 
арасында 
ӛседі. 
Ылғалды 
жақсы 
кӛреді, 
топырақтың  да,  ауаның  да 
ылғалдығына 
сезімтал, 
биіктігі  2  метрге  дейін  сұр-
қошқыл  түсті,  қабығы  бар, 
сабағымен  бұтақтары  ұсақ 
тікенекті.  Ӛткір  тікенектер 
барлық  туыс  түрлеріне  тән, 
олар 
жануарлардың 
жеп 
қоюынан сақтайды. 
Жапырағы  күрделі,  тақ 
қауырсынды,  әдетте  2-3-тен 
жұптасқан  кӛлемді  эллипс 
тәрізді,  жиегі  ара  тісті,  ал 
астыңғы  жағын  қою  да 
жұмсақ  түк  басқан.  Гүлі  қос 
жынысты,  дұрыс  гүл  (актиноморфты)  тостағаншасы  жіңішке  жасыл  түсті,  күлтесі 
ашық күлгін немесе қызғылт түсті. 
Тостағаншалар мен күлтелер саны бірдей (5-тен), аталық пен аналықтары кӛп 
(саны  анықталмаған),  гүлі  кӛлемді  (диаметрі  6  см-ге  дейін),  ұзын  гүл  табанына 
кӛбінше жалғыздан, сирек топтасып бекиді. Ашық түсті гүлінің хош иісі жәндіктерді 
ӛзіне  тартады,  ара,  үлкен  тозаң  жейтін  қоңыздар,  бір  гүлден  екінші  гүлге  ұшып-
қонып  жүріп  айқас  тозаңдандырады.  Кейде  жәндіктер  гүлді  түнеп  шығатын  орын 
ретінде пайдаланады, ӛйткені кешке қарай гүлдердің күлтелері жабылады. Итмұрын 
шілдеде гүлдейді, тамызда жеміс береді. 

№№4-9(49-54), сәуір-қыркүйек, апрель-сентябрь, April-September, 2014         ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
140 
Раушан  туысының  жемісі  туралы  толығырақ  айтсақ  артық  болмас.  Раушан 
туысының  жидегі  шындығында  да  жалған  жеміс,  құрылысы  күрделі,  күлте 
жапырақшаларының  құмыра  немесе  бокал  тәрізді  болып,  қабырғаларының  ішкі 
жағында бекінген кӛптеген сарғыш жаңғақтар, қою да қаттылау түктермен бӛлінген. 
Біз  суреттеп  отырған  түрдің  жемісі  пісіп-жетілген  қою,  ашық-қызыл  түсті. 
Ұшында  түспейтін  құрғақ  тостағанша  жапырақшалары  барлық  раушандар  мен 
жабайы  раушандарға  тән.  Кейбір  түрлері  ежелден  белгілі  бауда  ӛсірілетін 
раушандардың  арғы  тегі  болып  табылады.  Біздің  заманымызға  дейінгі  4  мың 
жылдыққа  жататын  Алтайдың  кӛмбелерінен  табылған  металл  ақшаларда  да  бауда 
ӛсірілетін  раушандар  бейнеленген.  Қазір  де  жабайы  раушандар  сұрыптауда  және 
мәдени раушандардың сапасын жақсартуда қолданады. 
Итмұрынның  ерекшелігі  –  бағалы  витаминдерге  бай,  жемісі  және  одан 
дайындалған  дәрі-дәрмектер  медицинада  негізінен  асқазан  және  бауыр  ауруларын 
емдеуге  қолданылады,  гүлдерін  шайдың  орнына  пайдалануға  болады,  күлтелерден 
дайындалған эфир майы – парфюмерия ӛндірісінде пайдаланылады. 
Дәрі  ӛсімдік  дүниесі  мен  жануарлар  және  минералдық  заттар  мен  жасанды 
синтез затынан жасалады. Адам баласы мәдени ӛмірге алғаш аяқ басқан кезінде дәрі 
есебінде шӛпті, минералдарды, жануарлар ағзаларын пайдаланған. Мәселен, майкене 
дәнінде  шипалық  май  болатыны  қазір  жұртқа  мәлім,  ал  бұл  жӛнінде  біздің 
заманымыздан 2000 жыл бұрын табылған Мысыр папирусына жазылған дерек дәлел 
бола алады. 
Кӛне заманнан келе жатқан дәрілік ӛсімдіктердің бірі – адыраспан. Адыраспан 
ұмытшақ  ауруына,  ревматизмге,  буынның  қабынуына,  тері,  тіс,  сал  ауруларына 
бірден-бір ем. Дәрілердің сонау ерте замандағы да, қазіргі кездегі де негізгі қоймасы 
–  ӛсімдіктер  дүниесі.  Халық  медицинасы  тапқан  кӛптеген  ӛсімдік  дәрілері  күні 
бүгінге дейін пайдаланып келеді. 
Ӛсімдіктердің емдік қасиеті. Ӛсімдік жанға шипа, дертке дауа демекші, адам 
баласы  кейбір  ӛсімдіктерді  әртүрлі  ауруларды  емдеуге  пайдалануға  болатындығын 
алғашқы  қауымдық  кезеңнен  бастап-ақ  білген.  Одан  бірнеше  мың  жылдан  кейін 
дәрілік  ӛсімдіктерді  емге  пайдаланудың  мән-жайы  халық  арасынан  ауыздан-ауызға 
таралып, кейіннен жазба бетінен жарыққа шыға бастады. 
Біздің ғасырға жеткен осындай жазбаларда ӛсімдіктерді пайдалану туралы ілім 
б.э.  6  мың  жыл  бұрын  Иран  жерінде  ӛмір  сүрген  Шумер  мемлекетінен  басталғаны 
туралы  жазылған.  Ӛсімдіктерді  ауру-сырқауды  емдеуге  пайдалану  әр  елде  ӛздеріне 
керек бағытта, әр түрде жүргізілген. Осыдан келіп жалпы дәрілік ӛсімдіктерді емдеу 
ісіне пайдалану жолдарын ӛрістетуде үлкен мүмкіндікке жол ашылды. 
Греция елінің дәрігері Гиппократ осындай дәрілік ӛсімдіктердің 200-ден астам 
түрін  жазып,  оларды  ауруларды  емдеуге,  қалай  пайдалануға  болатындығы  туралы 
толық  ғылыми  тұрғыдан  мағлұмат  беріп  кетсе,  ал  Грецияның  Диоскорит  атты 
дәрігері  ӛзінің  «Дәрілік  заттар»  еңбегімен  тарихта  қалған.  Оның  еңбегінде  дәрілік 
ӛсімдіктердің 600 түрінің қолдану жолдары жазылған. 
Қытайда  басқа  елдерге  қарағанда  бұл  салада  кӛзге  түсерлік  жұмыстар  кӛптеп 
жүргізілген.  Сондай-ақ  ӛсімдіктерден  стрихин,  атропин,  плотифилин,  резерпин, 
хинидин,  аймолин  тағы  басқа  кӛптеген  препараттар  алынады.  Жалпы  қолданып 
жүрген препараттардың 40% дәрілік ӛсімдіктерден жасалған. 
Жергілікті  жердегі  емдік  ӛсімдіктердің  тҥрлері.  Еліміз  Қазақстан 
ӛсімдіктердің алуан түрлерімен және де емдік ӛсімдіктердің 500-ден астам, ал Шиелі 
ӛңірінің  ӛзінде  50-ден  астам  түрлері  ӛседі  және  ол  дәрілік  ӛсімдіктерді  халыққа 
шипалы  қасиетін  таныстырушы,  халық  емшісі  Л.Б.  Скупченко.  Ӛңірімізге  танымал 

№№4-9(49-54), сәуір-қыркүйек, апрель-сентябрь, April-September, 2014         ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
141 
кісілердің  еңбектерін  оқи  отырып,  ӛсімдіктердің  емдік  қасиетімен  және  оларды 
ӛңдеу, дәрі жасау жолдарын оқып білдім. 
Итмұрын  –  кӛп  сабақты,  тікенді,  кішілеу  бұта.  Еліміздің  барлық  жерінде 
тараған.  Асқазан  жұмысын  реттеуге,  бауыр,  бүйрек,  қуыққа  бірден-бір  ем  екен. 
Итмұрын жемісінің құрамында С, К, Р, Е, В тобындағы дәрумендер, каротин, қант, 
лимон, алма қышқылдары, аздаған мӛлшерде белок, май, гликозидтер бар. Итмұрын 
жемісі, тұнбасы малға да адамға да ӛте пайдалы. 
Біз  итмұрын  ӛсімдігінің  емдік  қасиетін  анықтап  кӛрдік.  Итмұрын  жемістерін 
теріп,  құрғатып  кептірген  соң  қалташықтарға  салып  жинадық.  Апам  оны  ӛт 
айдайтын зат ретінде қолданады. 1 ас қасық жемісті эмальды ыдысқа салып, 1 стакан 
ыстық  қайнаған  су  құяды,  қақпағын  жауып,  бір  қайнатып  алып  тұндырамыз. 
Салқындаған соң сүзіп, қалғанын сығып, алынған тұндырмаға кішкене қайнаған су 
құйып,  күніне  2-3  рет  тамақтан  кейін  ішеді.  Сол  сияқты  бауыр,  асқазан,  бүйрек 
ауырған кезде де пайдаланса болады. Кӛптеген дәрумендерге бай болғандықтан адам 
денсаулығына  ӛте  пайдалы.  Үйде  шайдың  орнына  да  ӛзіміз  пайдаланып  кӛрдік. 
Итмұрынның  жемісін  қайнатып,  сусын  ретінде  қаны  аз  адамдар  да  пайдалануға 
болады. 
Ӛсімдік – табиғат кӛркі. Ӛсімдіктің адамға пайдасы кӛп болғандықтан, оны әр 
уақытта қорғап, сақтап қалуға тиіспіз. Ӛсімдіктер кӛп ӛсірілген жерлердің ауасы таза 
болады.  Адам  баласына  сұлулық,  нәзіктік,  жылылық  сыйлайтын  да  ӛсімдіктер. 
Сирек  кездесетін  ӛсімдіктерді  қызыл  кітапқа  енгізіп,  келешек  ұрпаққа  жеткізуге 
тиіспіз.  Ӛсімдіктердің  байырғы  түрлері,  ӛкінішке  қарай,  тым  аз  сақталған.  Ал 
олардың ғылыми-зерттеу жұмыстарында алатын орны, құндылығы орасан зор. 
 

№№4-9(49-54), сәуір-қыркүйек, апрель-сентябрь, April-September, 2014         ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
142 
Сұлулық  –  ең  біріншіден  бұл  денсаулық  деп  ойлаймын.  Итмұрын 
ӛсімдіктерінің  емдік  қасиеттері  адам  денсаулығына  ӛте  жақсы,  ӛте  шипалы  әсер 
етеді. Ӛсімдіктердің емдік қасиетін адамдар ерте заманнан біліп, оған сеніп, оларды 
ықыласпен пайдаланған. Атап айтқанда, олардың құрамында су, белок және майдан 
басқа  алколоид,  гликозид,  сапониндер,  флавоноид,  қара  май  (смола),  витаминдер 
болады. 
Итмұрындар С, В
2
, Р витаминдеріне және каротинге бай. Сонымен қатар оның 
жемістерінің  құрамында  18%  жуық  қант,  лимон  қышқылы,  флавонидтер  және  илік 
заттар бар. 
 
 
 
                                                 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Қорытынды.  Ӛсімдіктердің  қай  түрі  болмасын  келешекке  пайдалану  үшін, 
адам игілігі үшін сақталуы қажет, әйтпейінше күні ертең осы ӛсімдіктердің қайсысы 
адам  үшін  зәру  болып  қаларын  кім  болжай  алады?  Пайдасыз  ӛсімдік  болмайды. 
Олардың  кӛпшілігі  әлі  толық  зерттелмеген,  сондықтан  да  адамдар  оны  пайдаға 
асыра алмай келеді. 
Табиғат адамдардың материалдық қажеттерін ӛтеумен шектелмейді. Сонымен 
бірге ғылымның жеке дара қайнар кӛзі болып табылады. Осыған орай ӛсімдіктердің 
түрлерін  жоғалту  адамдардың  қажетін  қанағаттандыруға  керекті  белгілі  бір 
кӛлемдегі ғылыми білімдерді жоғалтқанмен тең, орны толмас шығын. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

№№4-9(49-54), сәуір-қыркүйек, апрель-сентябрь, April-September, 2014         ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
143 
ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР 
 
АМАНГЕЛДІ Ажар Қадырқызы, 
№47 орта мектебінің 11 сынып оқушысы, Тараз қаласы
Жамбыл облысы, Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшісі: БАЙЫРОВА Жҧлдыз Рысбекқызы, 
№47 орта мектебі «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің мҧғалімі, 
Тараз қаласы, Жамбыл облысы, Қазақстан Республикасы 
 
«АБАЙ ЖОЛЫ» РОМАН-ЭПОПЕЯСЫНДАҒЫ ҚОС СӚЗДЕРДІҢ 
МАҒЫНАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
«Абай жолы» – қазақ халқының шынайы болмысын, қадір-қасиетін танытатын 
аса қымбат мұра. «Абай жолы» роман-эпопеясы мазмұны терең, сӛзі әсерлі, кӛркем, 
шешен  болуында  күрделі  сӛздердің  орны  ерeкше.  Жазушы  Мұхтар  Әуезов  «Абай 
жолы»  роман-эпопеясында  қос  сӛздердің  барлық  түрлерін  ӛте  шеберлікпен 
қолданған. 
Лексика  саласындағы  қос  сӛздердің  жасалуына  тән  заңдылықтар 
сыңарларының  мағыналық  байланысына  қатысты  болып  келеді.  Лексика 
саласындағы қос сӛздер ешбір мағыналық байланысы, бір-біріне қатысы жоқ сӛздер 
бір-бірімен қосылып, қосарланбаған. Міне, бұл сӛзжасам саласындағы қос сӛздердің 
жасалуында  қатты  сақталған  заңдылық.  Осыған  байланысты  қос  сӛздердің 
сыңарлары  кӛбіне  мағыналас,  синоним,  антоним  сӛздерден  болған.  Мысалы, 
тӛмендегі сӛйлемдерге назар аударсақ. 
Үнсіз  жығылған  жігіттің  бар  сырын  аңғарған,  әншейінде  сырлас-мұңдас 
Қаңбақ  Исаны  қатты  мүсіркеп  кетті  [1,  3-к.,  84].  Оқу  тәрбие  мен  шаһар  тіршілік 
тәртібі бұлардың әрбір қимыл-қозғалыстарын мүлде басқа еткен Әбіш мынау [1, 3-к., 
110].  Алыс  жолдан  келген  ӛнерлі,  оқымысты  қонақпен  сағынысқан  аға,  бауыр, 
құрбы-құрдас, дос-жолдастар ең алғаш осылай кездесті [1, 3-к., 112]. 
Бұл сӛйлемдердегі қос сӛздердің сыңарлары (сырлас-мұңдас, қимыл-қозғалыс, 
пішін-мүсін,  құрбы-құрдас,  дос-жолдас)  бір  мағынаны  білдіреді,  бірақ  екі  түрлі 
дыбысталады.  Бұндай  қос  сӛздердің  сыңарлары  сӛйлемде  бірінің  орнына  бірі 
қолданыла  береді.  Осы  сияқты  қос  сӛздер  романда  ӛте  кӛп  кездеседі.  Оларға:  қас-
дұшпан,  әлді-малды,  ӛсіп-ӛнген,  бай-бағлан,  күш-қуат,  ақыл-парасат,  ӛлім-қаза,  әл-
қуат т.б. жатады. 
Жоғарыда  айтылған  мысалдардан  мағыналары  бір-біріне  қарама-қайшы 
сӛздерден  жасалған,  яғни,  антоним  сӛздерден  болған  қос  сӛздер  тілде  жиі 
қолданылады.  Мысалы,  Қазіргі  күндерде  бұлар  аш-тоғын  да  елемейді  [1,  3-к.,  67]. 
Сондықтан  барлық  еркек-әйел  сол  қалың  қойды  қоршап  алып,  айқай  салып  қамап 
тұр  [1,  3-к.,81].  Солар  арқылы  әр  кеңсенің  үлкенді-кішілі  чиновниктеріне  де  осы 
күнде  білікті,  кӛзтаныс  арызшы  болып  алған  [1,  3-к.,  168].  Осы  сӛйлемдердегі  қос 
сӛз мағыналары бір-біріне қарама-қайшы, яғни антоним сӛздерден жасалған. 
Сонымен  қатар  романда  бір  сыңары  мағыналы,  екінші  сыңары  мағынасыз 
сӛздерден  жасалған  қос  сӛздер  де  кӛптеп  кездеседі.  Мысалы:  Бұншалық  ӛктем, 
зорлықты  күтпеген  момын  ауылдар  қазір  біріне-бірі  жүгірісіп,  жалғыз-жәутік,  тай-
тулаған  мінісіп  шапқыласып  әбіргерге  түсті  [1,  3-к.,  65].  Олар  ағызған  бойларында 
айқай-сүреңін  үзбей  отырып,  кесірлі  асауларды  шошыта  қиқулады  [1,  3-к.,  72]. 
Қайда  қойшы,  сауыншы,  күзетші,  жылқышы  кем-кетік,  жоқ-жітік  болса  солардың 

№№4-9(49-54), сәуір-қыркүйек, апрель-сентябрь, April-September, 2014         ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
144 
ғана  басына  арналған  апат  [1,  3-к.,  121].  Қазан-аяғына  шейін  жамап-жасқайтын, 
жасқаушысы болдым ғой [1, 3-к., 176]. 
Осы  сӛйлемдердегі  тай-тулағын,  айқай-сүрең,  кем-кетік,  жоқ-жітік,  қазан-аяқ, 
жамап-жасқайтын  деген  қос  сӛздердің  бір  сыңары  мағыналы  да,  екінші  сыңары 
мағынасыз.  Мұндай  қос  сӛздер  кӛп  кездеседі.  Мысалы,  әуре-сарсаң,  тығыз-таяң, 
шапан-шоқпыт, киім-кешек, ойын-сауық, бала-шаға, ұры-қары, аралас-құралас, тері-
терсек, жүн-жұрқа, кӛрші-қолаң т.б. 
Сонымен  қатар  екі  сыңары  да  мағынасыз  сӛздерден  жасалған  қос  сӛздерді 
кӛптеп  кездестіреміз.  Мысалы,  оқта-текте,  ыңқыл-сыңқыл,  саңғыр-сұңғыр,  әлім-
берім,  быт-шыт,  мең-зең,  астаң-кестең,  ойран-топан,  тас-талқан,  некен-саяқ,  іле-
шала, алда-жалда, ұмар-жұмар, бұрқ-сарқ, үшті-күйлі т.б. «Бұршақтай құйылып келе 
жатқаны.  Ойдым-ойдым,  топ-топ  боп  әлі  тӛгіліп  келеді,  әлі  тӛгіліп  келеді.  Бірақ 
жақындар  емес,  алыстамайды  да.  Әне  жетем,  міне  жетем  деп  құлдилап  тұрғаны». 
«Екі кӛзінен жалп-жалп етіп, жанып бара жатқан зеңгір кӛк жапырақтар жерге түсіп 
жатқанын кӛрді... «Барып қайтқан жері – осы тұрған Қазалы. Біріне-бірі есептерімен 
аңырайысып,  соқырайысып  қарайтын,  үйме-жүйме  белуарлап  сыз  тартып  тұратын 
сұр  балшық  Қазалы.  Түйелі  керуендей  шұбалып  ӛретін  түтіндері  тоғысып  жататын 
Қазалы».  
Романдағы  қос  сӛздердің  ӛзіне  тән  жасалу  заңдылықтарымен  қатар  ӛзіне  тән 
мағыналық  ерекшеліктері  де  бар.  Қос  сӛздердің  тұлғалық  түрлері  қаншалықты  бай 
болса, мағыналық ерекшеліктері соншалықты кӛп. Кейбір қос сӛздер дара мағыналы 
сӛздерден  құралып,  жинақтық  я  жалпылық  мағынаны  білдіреді.  Мысалы,  Түнгі 
жүрістің  сырын  іріккен  ыңғайлы,  ықшам  жігіт  те  ӛне  бойымен  қару-жарақ,  ер-
тұрманымен  сондай  әдемі  реңге  ауысқан  [1,  3-к.,  224].  Осылайша  ӛзі  қыз-
келіншектерге  арнап  істеген  жүзік-сырғасын  ұсынған,  қазақша  кіселі  белдік  жасап, 
қыны  мен  пышағын  түгелдеген  қол  ісмерлері  де  кездеседі  [1,  3-к.,49].  Бұдан  бӛлек 
қаланың Сейсекедей, Қасендей байларын ертіп, сахараның ақсақалы, ру басы, әдет-
ғұрып жоқшысы болып Оразбайлар да ӛктеді [1, 3-к., 90]. Бірақ ол тұста Әйгерімнен 
ӛздері  тӛмен  болса  да,  оны  қызғанышпен  жек  кӛретін  абысын-ажын,  келін-кепшік 
дегендерге басқаша мінез жасауға үйреткендей [1, 3-к., 120]. Әдетте, ойын-сауықта 
үй  тола  жиналған  әнші  болса  да,  бір  әнге  екі  кісіден  артық  қосылып  салатындар 
болмайтын [1, 2-к., 168]. Күндіз-түн күйеу үйлерінде той-думан бәсеңсіген жоқ [1, 2-
к.,17].  Отырғандарға  сәлем  беріп,  Асылбай  ел-жұрт,  ауыл-аймақ  амандығын  сұрап 
алып,  қаланың  хабарын  айтуға  кӛшті  [1,  2-к.,  220].  Қалада  үлкен  үйдің  ерке  келіні 
болғанмен,  Мәкіш  ағайын-туған,  ауыл-аймағын  ойлағанда  ӛзгеше  бір  қимас  ыстық 
жүрекпен, соншалық тілеулестікпен тебіренеді [1, 2-к., 5]. 
Осындағы  бірінші  сӛйлемдегі  қару-жарақ  деген  қос  сӛзі  бастапқы  қару  және 
жарақ  дейтін  жеке  сӛздерден  қосарланып,  ұрысқа  қолданылатын  соғыс 
құралдарының  жалпы  мағынасын  білдіреді.  Ал,  ер-тұрман  қос  сӛзі  де  жеке-жеке 
мағынасының жиынтығын қамтитын жалпы бір мағынада, яғни тек атқа байланысты 
керекті  ер,  тоқым,  жүген,  әбзел  тағы  басқа  жабдықтарды  білдіру  мақсатында  ғана 
қолданылған. 
Енді,  кейінгі  сӛйлемдердегі  қос  сӛздердің  мағынасына  назар  аударайық.  Қыз-
келіншек  деген  қос  сӛзде  қыздар  тобы  мен  келіндер  тобын;  жүзік-сырға  –  жалпы 
әйел  затына  тән  түрлі  тақыншақтар;  әдет-ғұрып  қос  сӛзі  жалпы  халқымызға  тән 
нанымы,  сенімі,  салты,  дәстүрі,  ырымы  деген  жалпы  бір  мағынаны  қамтиды. 
Абысын-ажын,  келін-кепшік  деген  қос  сӛздер  жалпы  абысын  мен  келін  атауын 
білдіреді.  Ойын-сауық  деген  қос  сӛз  қазақ  халқының  ұлттық  ойындарын,  яғни 
кӛкпар, қыз қуу, алтыбақан, асық,  ақ сүйек ойындарының жеке-жеке мағынасының 
жиынтығын қамтитын жалпы бір мағынаны білдіріп тұр. Сол сияқты той-думан қос 

№№4-9(49-54), сәуір-қыркүйек, апрель-сентябрь, April-September, 2014         ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
145 
сӛзі  де  жеке-жеке  сӛздерден  қосарланып,  жалпы  қазақтың  салт-дәстүріне  тән 
(шілдехана,  тұсау  кесер,  сүндет  той,  беташар,  қыз  ұзату)  жалпы  бір  мағынада 
берілген. Сонымен  қоса, ауыл-аймақ, ел-жұрт деген ұғым бүкіл ауыл, ел және оның 
айналасын;  ағайын-туған  деген  ұғым  әке,  шеше,  апа,  аға,  іні,  қарындас,  нағашы, 
жиен т.б. дегендердің жеке мағынасын қамтитын жалпы бір мағынада қолданып тұр. 
Осы сияқты мағынасы екі бӛлек, бірақ ӛзара мағыналық сыбайластығы бар екі 
сӛзден  құралып,  жинақтық,  жалпылық  мағынаны  білдіретін  романдағы  қос  сӛздер 
мыналар:  бала-шаға,  әке-шеше,  кәрі-жас,  ағайын-туыс,  үлкен-кіші,  қарға-құзғын, 
жер-су,  ат-тұрман,  қозы-лақ,  қыз-келіншек,  жиын-думан,  үй-мүлік,  қатын-қалаш, 
қыз-қырқын, тай-тулақ, қоныс-жай т.б. 
Міне, құдайға шүкір, азды-кӛпті алғандарыңмен сендер де қол артып отырсың 
[1,  2-к.,210].  Аралтӛбенің  жан-жақ  маңайында  үш  шақырым,  бес-алты  шақырым, 
жеті-сегіз шақырым жерлерде кӛп ел бар [1, 2-к., 262]. 
Осы  мысалдардағы  екі-үш,  азды-кӛпті,  жеті-сегіз,  бес-алты  деген  қос  сӛздер 
дәл  екеу  емес,  үшеу  емес  немесе  аз  емес,  кӛп  емес,  жетеу  емес,  сегіз  емес,  жалпы 
шамалап, болжап айтып тұр. 
«Ауылдың  желкесіндегі  кәрі  қарағайдың  кейбірі  қурағандай  бүрсіз. 
Кӛпшілігінің  кӛк  жамылғысы  бар  кӛлеңкелі,  саялы.  Кешкі  тыныш  ауада  биік 
бастары  мызғымай  қалқып  қарап  тыныштық  алады.  Мең-зең,  жым-жырт  тоғайда 
анда-санда  үнді  торғай  шырылдайды,  кейде  ағылып  тӛгілгендей,  кейде  шық-шық 
еткен  дыбыстары  келеді.  Ӛлке  бойындағы  ауылдардың  кейбірі  кішілеу, 
тӛбешіктердің  басына,  кейбірлері  ӛзектегі  ӛзен  жағасына  мінбелеп  қонған  [1,  2-к., 
118]. 
«Кешкі  ауа  дыбыс  атаулының  барлығын  іліп  алып  кӛтеріп,  екілендіріп  тұр. 
Анда-санда  ауылдан  сиырларын  ауқалаған  қатындар  дауысы,  күйіп-пісіп  сӛйлеген 
бала сӛздері, әмірмен ақырып жұмсап тұрған шешелер дауысы да танылады. Анда-
санда  сиыр  мӛңірейді.  Қабақта,  астыртта  шіңкілдеп  кісінеген  қысырақ  айғырдың 
таныс  дауысы  да  естілді.  Ұзақ  созып  кісініп  келіп,  кейде  иелік  нығыздығымен 
қайырып-қайырып оқыранып қояды. Бұзауына жақын келіп шешуін күтіп тұрып бір-
ақ  қайырып  мӛңіреген  сауын  сиыры  байқалады.  Кеш  жақындаған  сайын  ӛлкенің 
дауысы  зорайып,  тілі  молайып  келеді.  Сылдырлаған  ӛзен  суының  да  дауысы  жетті 
[1, 2-к., 118]. 
Кешкі  кӛп  тілдің  бірі  болып,  жекелеп  жүрген  иттер  дауысы  келеді.  Ішінде 
тӛбет күшіктер де бар. Басында бір-екі дауыс үзіліп-үзіліп естілсе, кешкі жаңғырық 
молайған сайын екіленіп, желігі артып келе жатқандай, бірін-бірі қыздырып қостап, 
дырду  кӛбейтеді.  Кейде  ізденіскен,  ӛштескен,  ӛршеленген,  бүлініп,  бұзылысқан 
дауыстар да шығады [1, 2-к., 118]. 
Осы  тәрізді  мысалдарды  кӛптеп  келтіруге  болады.  Қос  сӛздер  қимылдың 
қарқынды істелгендігін бейнелі кӛрсету үшін, қомсынғандық кекесінді білдіру үшін, 
кейіпкердің  мінезін  ашу  үшін,  қимыл  әрекетті  бейнелі  жеткізу  үшін  қолданыс 
табатындығын байқауға болады. 
Тіл  біліміндегі  кейбір  қос  сӛздер  белгілі  амалдың  бір  рет  емес,  әлденеше  рет 
қайталанғанын білдіреді. Мысалы; Абай тек қана сылқ-сылқ күліп, ӛлеңді Дәрменге 
беріп жатыр. Біріміз айдауға, біріміз байлау-матауға күңірене жүріп, кӛне беретінбіз. 
Бірақ  айтып-айтып, мұңдап-мұңдап қоятынбыз. Жаңағы екі  жылқышының ӛздеріне 
қарай тӛнген сойылдарын қағып-қағып жіберісті. Жусан, тарлау, қазотының иістері 
де ауық-ауық  демді  шалады. Қораның сол жағында, аласа кірпіш  оттықта шӛп жеп 
тұрған екі-үш ат кӛкшіл бау шӛпті  күтір-күтір шайнай түсіп, пысқырып қойысады. 
Демі дір-дір еткен ӛксік тәрізді ауыр күйіні қалпын байқатты. Тек қана бадырайып, 

№№4-9(49-54), сәуір-қыркүйек, апрель-сентябрь, April-September, 2014         ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
146 
шошынғандай  шатынап  ашылған  кӛздерінен  үнсіз  жастар  бұршақтай  боп  үзіліп-
үзіліп, оқтын-оқтын тамып, тӛгіліп кетеді. 
Осы  жоғарыда  келтірілген  сӛйлемдердегі  сылқ-сылқ,  айтып-айтып,  мұңдап-
мұңдап,  қағып-қағып,  ауық-ауық,  күтір-күтір,  дір-дір,  үзіліп-үзіліп,  оқтын-оқтын 
деген қос сӛздер бір қимыл әрекеттің әлденеше рет қайталанған мағынасын білдіріп 
тұр. 
Қос  сӛздердің  келесі  бір  мағыналық  ерекшелігі  қимылдың  я  кӛріністің  бір 
қалыпты емес, бірде олай, бірде бұлай құбылып отыратындығында. Мысалы, Ойлы 
кӛзі  үй  ішіне,  Қаражан,  Тәкежан  жаққа  жалт-жұлт  қарай  түседі  [1,  3-к.,  64]. 
Кейбіреулерінің  білегіне  ілген,  үзеңгіге  ілген  емен  сойылдары  қақтығысып,  сатыр-
сұтыр  етіседі  [1,  3-к.,  71].  Осы  мысалдардағы  жалт-жұлт,  сатыр-сұтыр  деген  қос 
сӛздер  қимылдың  бір  қалыпты  емес,  құбылып  ӛзгеріп  тұратынын  білдіріп,  амал 
кезектеніп отырады. Бұл сӛздердің осындай мағыналық ерекшеліктері сӛздің бірінші 
сыңарындағы  ашық  дауысты  дыбысының  екінші  сыңарда  еріндік  қысаң  дауысты 
дыбысқа ауысуы арқылы жасалған. 
Келесі  бір  қос  сӛздер  екі  субьектінің  арасындағы  әрекеттің  немесе  қарым-
қатынастың  тікелей  байланысы  болатынын  білдіреді.  Мысалы:  Жаңағы  тазы  ит 
иесінің  сол  қызға  кӛзі  түсіп  сұрағанда,  Педот  баспа-бас  айырбасқа  салады  [1,  3-к., 
67]. Жүзбе-жүз бет алдында ақсиған жауы ажалдай кӛрінсе де әлі түк те шіміріккен 
жоқ  [1,  4-к.,  83].  Тайдай  арлан  бӛрімен  шаппа-шап  ұстасып  ӛлердей  жағаласқаны, 
табжылтпай  ұстап  ӛлтірткені  –  бәрі  де  бұл  ӛңірде,  бұл  заманда  болмаған  балғын 
азамат  қасиеті  боп  тарады  [1,  4-к.,  84].  Енді  Тәкежан  алдында  қолма-қол  тайқып 
салғанын екі жүзді ұсақ тақыстық, айнығыш айлакестік кӛрді [1, 4-к., 92]. Бетпе-бет 
келсе,  ағам  бәрінің  шабан-шардақ  жаман  ойын  халыққа  әйгілеп  ашып  та,  басып  та 
кетеді [1, 4-к., 149]. 
Осы  сӛйлемдердегі  баспа-бас,  жүзбе-жүз,  шаппа-шап,  қолма-қол,  бетпе-бет 
деген  қос  сӛздер  амал  мен  істің  біреу  арқылы  емес,  екі  субьектінің  арасындағы 
әрекеттің тікелей болатынын білдіріп тұр. 
Кейбір  қос  сӛздер  заттың  түсін,  кӛлемін  я  болмаса  сапасын  күшейту  үшін 
қолданылған.  Мысалы:  Кӛтеріңкі  қырлы  мұрын,  жұқа  еріндері  мен  Абайша  біткен 
жіп-жіңішке қара қасы Әбішті ӛз тұқымының ең бір сұлу жасы  дегізгендей [1, 3-к., 
114].  Ерінің  қолына  қарсы  созған  жүзікті  білезікті  жұп-жұмсақ  кішкентай 
саусақтары  ып-ыстық  боп  майда  тиді  [1,  3-к.,  212].  Келтірілген  мысалдардағы  жіп-
жіңішке, жұп-жұмсақ, ып-ыстық  деген қос  сӛздерді  заттың түсін, кӛлемін, сапасын 
күшейту  үшін  жазушы  шығарма  жазуда  әрбір  сӛйлемде  ӛте  орынды  қолданған. 
Үстеме буынды қос сӛздердің дыбыстық та, морфологиялық ерекшеліктеріне қарай, 
семантикалық мағыналары бәрінен ӛзгеше. 
Тіл білімінде мезгілдік мағынаны беретін қос сӛздер де жиі кездесіп отырады. 
Мысалы,  Жаман  үйінде,  жыртық  шоқпыт  тӛсекте  қатын-бала  қасында  тыныштық 
алып жату деген Алтыбайдың қысы-жазы қолына түспейтін арманы тәрізді [1, 4-к., 
291].  Ӛздері  әнін  үйретіп,  сыйластық,  құрметтестікке  жеткен  соң,  кӛп  ауылдардың 
жастары  Біржан  мен  Абайды  ӛз  ауылдарына  шақырып,  үзілмеген  ұзақ  сауық  күн-
түндерін ӛткізген [1, 2-к., 52]. Екеуінің кездесуі күндіз-түні талғаусыз, еркін болды 
[1, 2-к., 224]. Әкесіне күнбе-күн оқып білген дерегін бүгін ғана емес, бұдан бұрын да 
айтқанды [1, 2-к., 9]. Түнде жатқанда аяқ-қолым қақсағанда таңды-таңға ұрамын [6, 
2-к.,  43].  Бұл  келтірілген  мысалдардағы  қысы-жазы,  күндіз-түні,  күнбе-күн,  таңды-
таңға дегендер мезгілді білдіріп тұр. 
Қос  сӛздердің  кейбіреуі  бір  затты  қомсыну,  кемсіну  мағынасын  білдіреді. 
Мысалы,  мына  сӛйлемдерге  назар  аударайық:  Бұларды  ат-матымен  осы  жатқан 
алақандай қарлы жерімен де түгел үйіріп, құйындағы қаңбақтай шырқ айналдырған 

№№4-9(49-54), сәуір-қыркүйек, апрель-сентябрь, April-September, 2014         ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
147 
сияқты [1, 2-к., 205]. Осылардың әрқайсысы асырап отырған қызыл қарын жас бала, 
айналасында қолдарына қараған кәрі-құртаң, ақсақ-тоқсақ бар екен [1, 2-к., 196]. Тек 
шай-пай ауыз тисек болды [1, 3-к., 177]. 
Сӛзжасам  саласындағы  сӛз  тудыру  тәсілдерінің  бірі  болып  саналатын  қос 
сӛздердің  жалпы  табиғатын  тілдік  фактілер  негізінде  қарастыруды  жӛн  кӛрдік. 
Cӛзжасам  саласындағы  қос  сӛздерді  мағынасына  қарай  бірнеше  түрге  бӛлінетініне 
тоқталып ӛттік. Енді солардың кейбіреулерінің семантикалық сипатына тоқталайық. 
Сонымен,  күрделі  сӛз,  оның  табиғаты  мен  морфологиялық  құрылымы  және 
түрлері жайындағы жоғарыда айтылған мәліметтерді жинақтай келгенде, күрделі сӛз 
кемінде  екі  түбірдің  бірігуінен,  тіркесуінен  немесе  қосарлануынан  жасалады. 
Күрделі  сӛздің  құрамындағы  сыңарлар  әр  басқа  ұғымды  емес,  бәрі  жиналып  келіп 
бір  ғана  ұғымды  білдіреді.  Күрделі  сӛздің  шыққан  тегі  –  сӛз  тіркесі.  Тілдің  даму 
барысында  сӛз  тіркестері  семантикалық  жағынан  да,  морфологиялық  жағынан  да, 
синтаксистік  жағынан  да  тұтасып,  бір  бүтін  ұғымды  білдіруінен  күрделі  сӛздер 
жасалған. 
Ал,  ұзақ-ұзақ,  кезек-кезек  қимыл-сын  үстеудің  қайталануы  болса,  ағызып-
ағызып кӛсемше формалы етістіктің қайталануы болып табылады. Үлкендер ақырын 
мырс-мырс  күліп  қойды  [6,  15].  Мұндағы  мырс-мырстың  фонетикалық, 
грамматикалық,  әсіресе,  сематикалық  жақтан  ерекшеленіп  айтайын  деген  ойды 
нақтылап кӛркем жеткізуде ерекше мәні бар. 
Тілімізге  әрдайым  әсемдік,  ықшамдық,  кӛріктік  сипат  беріп  тұратын  –  сӛз. 
Мұхтар  Әуезовтың  «Абай  жолы»  атты  роман-эпопеясынан  бір  сӛйлемнің  ішінде 
қосарлама  зат  есім  мен  сын  есімнің,  сын  есім  мен  сын  есімнің  зат  есім  мен  зат 
есімнің қосарлануын кӛреміз. Оған мына бір сӛйлем айғақ бола алады. Базарлының 
ӛзімен  тілдеспейтін  Балагаздар  осы  күндерде  Қарашаның  аулына  күндіз-түні  кісі 
жіберіп,  хабар-ошар  алып  тұратын  [1,  345].  Қырықтың  ішіне  жаңа  кіріп,  семіз 
тартып  қалған  сары-қызыл  бәйбіше  жаңағы  дауыстарды  түгел  естіді  [1,  9].  Екінші 
сӛйлемдегі хабар-ошар зат есім мен зат есімнің қосарлануы арқылы жасалған. 
Сонымен  қатар,  осы  роман-эпопеядан  біріккен  сӛздерді  жиі  кездестіреміз. 
Мысалы:  Ал  «Қарауыл  биігі  анау,  жасырын  жырасы  мынау»  деген  Есембай-
Найзатастар болса, ол  Абайдың ӛз аулының аса мәлім қоныстары [1, 7]. Осындағы 
Қарауыл  толық  мағыналы  сын  есім  (қара)  мен  (ауыл)  зат  есімнің  бірігіп  барып 
құралуы, Найзатастар толық мағыналы зат есім (найза) мен (тас) зат есімнің бірігуі 
арқылы  жасалған  [1,  7].  Кӛлқайнар  суы  мӛлдір,  мол  бұлақ  болғанмен,  кең  қоныс 
емес [1, 8]. Күнұзын аттан да түспей, ӛзге жүргіншілерден оқ бойы алда отырған [1, 
3].  Бұл  сӛйлемдегі  Кӛлқайнар  –  (кӛл  мен  қайнар)  зат  есім  мен  зат  есімнің  бірігуі 
арқылы жасалған. 
Тіл-тілдегі күрделі сӛздердің, атап айтатын болсақ, қос сӛздердің пайда болуы 
кездейсоқ құбылыс емес. Тілдегі қос сӛздердің жасалуына қатысты заңдылықтарды 
қос  сӛздердің  түрлеріне  байланысты  нақтылы  материалдарға  сүйене,  соған  талдау 
жасадық.  Қос  сӛздердің  ӛзіне  тән  бірнеше  заңдылықтар  арқылы  жасалады.  Қос 
сӛздердің сыңарлары кез-келген сӛзден бола бермей, екі сыңары да бір сӛз табынан 
жасалған. Мысалы, Сол кӛштің алдында ұзаңқырап кеткен мынау бір топ аттылар – 
Абай  мен  оның  жас  достары,  кей  ақын-әншілер  [1,  3-к.,  4].  Бұл  отырғандар  ӛз 
шаңырақтарына  немесе  іні-туысқандарына  шығынды  салмайды  [1,  3-кітап,  30]. 
Құзғындар  таласы  боп  кеткен  айла-тәсілдерінің  сойыл-шоқпары  етпек  болады 
Базаралыны [1, 3-к., 43]. Ішінен осы сияқты зәр аралас қошемет-құрметті ұнатқан да 
жоқ [1, 3-к., 45]. Бұл шақта сақал-шашы ғана емес, қабақ түгіне шейін ақ араласып, 
тікие  сояуланған  Дәркембай  насыбайын  иіскеп,  ауыр  ойлы  есті  басын  изей  түсіп 
отыр [1, 3-к., 54]. 

№№4-9(49-54), сәуір-қыркүйек, апрель-сентябрь, April-September, 2014         ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
148 
Осы  жоғарыда  келтілірген  сӛйлемдердегі  ақын-әнші,  іні-туысқан,  сойыл-
шоқпар, айла-тәсіл, қошамет-құрмет, сақал-шаш  деген қос сӛздердің екі  сыңары да 
бір сӛз табынан, яғни зат есімнен жасалған. Сӛзжасам саласында ең  кӛп кездесетін 
зат  есімдерден  жасалған  қос  сӛздер.  Қосарлы  зат  есімдер  құрылымдық  сипаты 
жағынан  әр  түрлі  болып  келеді.  Олардың  сыңарларының  мағыналары  түрліше. 
Мәселен,  А.  Ысқақов  қосарлы  зат  есімдерді  мағына  жағынан  тектес,  синтаксистік 
жағынан  теңдес  құралады  деп  кӛрсетеді  [2].  Мысалы,  аға-жеңге,  аға-бауыр,  ақыл-
сана,  ақыл-парасат,  ақыл-сана,  ақыл-ой  т.б.  сияқты  қосарлы  зат  есімдердің 
сыңарлары  мағына  жағынан  бір-біріне  орайлас,  ыңғайлас  сӛздер.  Мысалы,  Сыбаға 
әкелген  қадірлес  абысын-ажын,  бәйбіше-келін  Ұлжан  ауылын  басып  жатқан  болу 
керек [1, 3-к., 75]. Ауыл-аймақ пен Ұлжан, Айғыздай енелер болсын, бәрі де Ділдәні 
күтіп тұрады [1, 3-к., 78]. 
Тағы  бір  ерекшелік  –  қос  сӛздің  бірінші  сыңары  бірнеше  сӛздің  жасалуына 
негіз  болған.  Мәселен,  айла-амал,  айла-тәсіл,  айла-шарғы.  Осындай  ерешеліктеріне 
қарай  кос  сӛздер  ӛзара  синонимдес,  антонимдес  сыңарлардан  құрылады.  Оны 
жоғарыдағы  мысалдардан  кӛруге  болады.  Қосарлы  зат  есімдер  ішінде  бір  сыңары 
мағынасыз сӛздер кӛптеп кездеседі. Ол үшін сӛздің тарихы мен түп тӛркінін саралай 
қарап,  тілдік  деректерге  салғастыра  отырып,  дәйектеме  жасaу  керек.  Демек, 
сӛздердің  морфологиялық  ерешеліктеріне,  семантикалық  мағынасына  мән  беру, 
анықтау нәтижесінде қол жеткізуге болады. Мысалы, дау-шар, дәрі-дәрмек, ем-дом, 
киім-кешек,  кӛйлек-кӛншек,  айла-шарғы,  кір-қопсы  т.б.  Бұл  аталған  қосарлы  зат 
есімдердің  де  халықтық  сипаты  бар.  Сыңарларының  мағынасы  кӛмескі 
болғандықтан жеке қолданылмайды. 
Қарама-қарсы мағыналы сын есімнен жасалған қос сӛздерге мыналар жатады: 
кәрі-жас, алыс-жақын, үлкен-кіші, ақ-қара, ұйқылы-ояу. Ал, мағыналас қос сӛздерге: 
тату-тәтті, қызыл-жасыл, ірік-шірік жатады. 
Сонымен  қатар  тілімізде  күшейтпелі  шырай  формасын  беретін  қосарлы  сын 
есімдер  де  кӛптеп  кездеседі.  Мысалы,  мына  сӛйлемдерде:  Арық  құп-қу  беттерінде 
аштық тағы да бар [1, 3-к., 60]. Бойы да ұзын тіп-тік сұңғақ біткен [1, 3-к., 114]. Тұп-
тұнық,  таза  шыныдай мӛп-мӛлдір  мол  су  жатыр  [1,  3-к.,  152]. Қап-қара  боп  түтігіп 
кеткен  жүзінде  түгінің  бәрі  сояулап,  үдірейіп  кеткен  жүзінде  түгінің  бәрі  сояулап, 
үдірейіп шыққан-ды [1, 3-к., 162]. Осындағы құп-қу, тіп-тік, тұп-тұнық, мӛп-мӛлдір 
сияқтылар  сын  есімнің  шырай  формасынан  жасалып  тұр.  Мұндай  қос  сӛздерді 
профессор А. Ысқақов бір сыңары ықшамдалып қайталанатын қос сӛздер қатарына 
жатқызып,  қос  сӛздердің  бұл  түрін  үстеме  буынды  немесе  күшейтпе  буынды  қос 
сӛздер  деп  атайды.  Сонымен  қоса  бұл  сӛздің  үстеме  буындары  сын  есімнің  әуелгі 
толық  компонентінің  әрі  ықшамдалып,  әрі  соңына  «п»  дыбысын  жамап  алып,  бір 
тұйық, бір бітеу буынға айналуынан пайда болған дейді [1]. 
Қос  сӛздердің  келесі  бір  тобы  сан  есімдерден  жасалған.  Алты-жеті  кісі  боп, 
жаңағы оқшау отырған елу басылардың екінші жағынан Құнанбай балалары отырған 
жақтың қарсы қанатынан келіп орын алысты [1, 3-к., 37]. Бірақ ендігі дауыс елу басы 
ішінен  жалғыз  Омарбектен  шыққан  жоқ,  қатар  отырған  жігітек,  Бӛкеншінің  үшеу-
тӛртеуі  бірауыздан  бір-ақ  кісіні  атады  [1,  3-к.,  38].  Қораның  сол  жағында,  аласа 
кірпіш оттықта шӛп жеп тұрған екі-үш ат кӛкшіл бау шӛпті күтірлетіп шайнай түсіп, 
пысқырып қойысады [1, 4-к., 4]. 
Әр  бӛлменің  легені,  құмғаны,  майлық-орамалы  әзірленіп,  осы  байдың 
приказнигі,  тілхаты  малайы  есебінде  жүретін  жеті-сегіз  жігіт  күтушілері  де  әр 
бӛлмеде қонақ тосумен болды [1, 4-к., 27]. Осыдан әрі Сейіт Айсаның үйіне жетіп, 
атын  ұстатып  алғанша,  кедей  ауылға  жиырма-отыз  сойыл,  шоқпар,  арқан,  шылбыр 
алған  қызба  бос,  құтырған  жігіттер  шауып  келді  [1,  4-к.,  218].  Осы  сӛйлемдердегі 

№№4-9(49-54), сәуір-қыркүйек, апрель-сентябрь, April-September, 2014         ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
149 
алты-жеті,  үшеу-тӛртеу,  екі-үш,  жеті-сегіз,  жиырма-отыз  деген  қос  сӛздер  есептік 
және жинақтау сан есімдерінен жасалып тұр. 
«Абай  жолы»  роман-эпопеясында  күрделі  сӛздер  солардың  ішінде  ең  жиі 
қолданылатын түрі  қос сӛздер тек ӛзіміздің ұлттық тілімізде ғана емес, басқа түркі 
тілдерінен  енген  сӛздер  арқылы  да  жасалғандығы  жоғарыда  атап  ӛтілді.  Сонымен, 
«Абай  жолы»  роман-эпопеясында  күрделі  сӛздер  және  қос  сӛздер  –  қазақ  тіліне 
айрықша  тән  құбылыстың,  заттың  және  ұғым,  түсініктің  атауларын  жинақтап  беру 
үшін қолданылатын сӛзжасам амалының бір түрі екендігі байқалады. 
 

1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал