№№4-9(49-54), сәуір-қыркүйек, апрель-сентябрь, April-September, 2014



жүктеу 5.13 Kb.

бет13/19
Дата22.04.2017
өлшемі5.13 Kb.
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19

Әдебиеттер 
1  Әлмұхамбетов  Б.,  Балкенов  Ж.  Сурет  салу  және  бояумен  жұмыс  істеу 
әдістері. – Алматы: Мектеп, 1987. 
2  Кузин  В.С.  Методика  преподавание  изобразительного  искусства.  –  М.: 
Просвещение, 1983. 
3 Рувинский Л.М. Мамандыққа кіріспе. – Алматы: Ана тілі, 1991. 
4 Щипанов А.С. Әуесқой жас суретшілер мен мүсіншілерге. – Алматы: Мектеп, 
1989. 
5 Тӛлебиев Ә. Сурет сала білесің бе? – Алматы: Ӛнер, 1990. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

№№4-9(49-54), сәуір-қыркүйек, апрель-сентябрь, April-September, 2014         ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
110 
ТАЖИБАЕВА Маргарита, 
«№3 «Балдәурен» балабақшасы» МКҚК естияр топ тәрбиешісі
«Самал» шағын ауданы, Жаңаӛзен қаласы, Маңғыстау облысы, 
Қазақстан Республикасы 
 
БАЛАБАҚШАДА ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКА ТҤРЛЕРІН ҚОЛДАНА 
ОТЫРЫП, БАЛА БОЙЫНДА ТАНЫМДЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІ МЕН 
ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ СЕЗІМДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
 
Адамның жақсы ӛмір сүруіне 
үш сапа негіз бола алады, олар 
барлығынан басым – адал еңбек, 
мінсіз ақыл, таза жүрек. 
Бұл қасиеттерге адамды дүниеге 
келген күнінен бастап тәрбиелейді. 
Шәкәрім 
Елбасымыз  Н.Ә.  Назарбаев  ӛзінің  «Қазақстан  болашағы  –  қоғамның  идеялық 
бірлігінде» атты еңбегінде: «Ұлттық мәдениетке, ана тілге еркіндік беру, оны тәлім-
тәрбие құрылымына айналдыру, тәрбие мәселелесінде ұлттық ізгілік пен ӛркениетті 
әлемдік  имандылық  үрдісінің  ортақ  мүддесін  жаппай  сезіну  және  оны  кіріктіре 
пайдалану  арқылы  іске  асыру  керек»,  -  деп  атап  ӛткен.  Мұндай  тәрбие  жұмысын 
әдетте мектепке дейінгі тәрбиеден, яғни балабақшадан бастаған дұрыс. 
Қазіргі  таңда  халқымыздың  баға  жетпес  асыл  мұралары  оқу-тәрбиелеу 
үрдісінде  қолданылып  келеді.  Әйтсе  де,  олардың  балабақшаларда  қолданылуы  ӛз 
деңгейінде болмай отыр. Әдетте адамның жеке басының қасиеттері бес жасқа дейін 
қалыптасады.  Сондықтан  да  баланың  жан-жақты  қалыптасуы  үшін  мектеп  жасына 
дейінгі балалардың бойына жақсы, жағымды қасиеттерді сіңіре білу керек. Ӛскелең 
жас  ұрпақты  рухани  адамгершілік  қасиеттерге  тәрбиелеу  мәселесі  қазіргі  біздің 
заманымызда әрқашан да ӛзекті болып отыр. Білім беруде, адамгершіліктің ең құнды 
қасиеттерін  бойына  сіңіріп  тәрбиелеуде  білім  мекемелерінен,  ұстаздардан,  әрине, 
ата-аналардан да шығармашылық себептерді талап етеді. 
Адамгершілік  –  қоғамдық  ӛмірдің  тарихи-әлеуметтік  заңдылықтарына  сәйкес 
адамдар арасындағы қарым-қатынас жүйесін реттеп отыруға негіз болып табылатын 
қауымдық,  халықтық  игі  іс-әрекеттер,  мінез-құлықтағы  имандылық  пен 
инабаттылық, әдептілік қалыптарын  кӛрсететін терең мәнді  ұғым. Тәрбиелеу, білім 
беру жұмысының мазмұны мен формалары балалардың мүмкіндігін ескеру арқылы 
нақтыланады.  Адамгершілікке,  еңбекке  тәрбиелеу  күнделікті  ӛмірде,  үлкендердің 
қолдан  келетін  жұмысты  ұйымдастыру  үдерісінде,  ойын  және  оқу  ісінде  жоспарлы 
түрде  іске  асады.  Мектепке  дейінгі  тәрбие  бағдарламасы  балалардың  жан-жақты 
дамуын,  олардың  мектепке  деген  дайындығын  қарастырады.  Жас  ұрпақты  саналы, 
сергек етіп тәрбиелеу – отбасы мен балабақша қызметкерлерінің бірден-бір парызы. 
Қазіргі  кезде  ӛсіп  келе  жатқан  ұрпақты  тәрбиелеуде  қойылған  мақсаттардың 
бірі  –  қоғамда  пайдалы,  үлкенге  құрмет  кӛрсетіп,  кішіге  қамқор  бола  білетін,  жан-
жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруда халық педагогикасының маңызы зор. 
Мен  ӛзім  еңбек  етіп  келе  жатқан  18  жыл  ішінде  балаларды  рухани 
адамгершілікке тәрбиелеуді халық педагогикасынан бастадым. 
Жҧмыс тәжірибемнен ақпарат. Іс-тәжірибемді халық педагогикасының ауыз 
әдебиетін  балаларға  үйретуден  бастаған  себебім  ата-бабаларымыздың  тәжірибесіне 
сүйене  отырып,  келер  ұрпақты  еңбекке,  ӛнер-білімге  деген  құлшынысын  арттыру 

№№4-9(49-54), сәуір-қыркүйек, апрель-сентябрь, April-September, 2014         ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
111 
арқылы  халқымыздың  салт-дәстүрі  мен  әдет-ғұрпын  біліп,  рухани  адамгершілік 
қасиеттерге баулу. 
Тәжірибемнің  мағыналық  кендігі.  Халық  педагогикасының  саласы  мол, 
мазмұнға  бай.  Ұлтымыздың  ұлғатты  дәстүрлерін  сабақта,  ойын  кезінде  қолданып, 
тәрбие ісіне арқау еттім. 
Ата-аналармен  байланыс  жасай  отырып,  үй  ішінде  халық  педагогикасын 
дамытып,  баланың  ӛзіне  ұлттық  дәстүрлерді  ӛткізуге  басшылық  жасап,  ӛнеге 
кӛрсетіп отырдым. 
Тәжірибемнің  бағыт-бағдары.  Халық  педагогикасын  пайдалану  ісі  одан  әрі 
дамытылып,  балабақшада  әр  топтың  қайсысында  болсын,  ұлттық  ойындар,  ұлттық 
фольклорлық  қойылымдар,  жұмбақтар,  санамақтар,  ертегілер  пайдаланылады. 
Балаларға ұлттық дәстүрлер мен салт-сананың алғашқы қарапайым негіздерін ӛнеге 
ретінде үйретіп, жаттықтырдым. Оны іс жүзінде орындатып отырдым. 
Жҧмыс  тәжірибемнің  басты  мақсаты:  балалардың  ӛмірдегі  іс-әрекетін 
нығайту,  бала  тәрбиесіне  қазақ  халқының  ғасырлар  бойы  ұрпақтан-ұрпаққа  мұра 
болып  келе  жатқан  тұрмыс-салтына,  әдет-ғұрпына,  ұлттық  дәстүріне  байланысты 
әдебиеті мен мәдениетіне, ӛнеріне үйрете отырып баулу. 
Еліміз тәуелсіздік алып, жаңаша ӛмір сүру жолына түскенде, ең алдымен, ата-
баба  дәстүрін  жалғастырып,  ұлттық  тәрбиеге  ден  қойған  тұста,  ой-пікірдің  мӛлдір 
бастауы  саналатын  ұлыларымыздың  еңбектеріне  үңілу  бірінші  кезекте  тұрды. 
Ұлтымыздың  мақтаншы  болған,  ғұлама  жазушы  Мұхтар  Әуезов:  «Ел  болам  десең, 
бесігіңді  түзе»,  -  деген  екен,  тәуелсіз  ел  екенімізді  әр  бала  жанымен,  жүрегімен 
сезінуі керек. 
Халықтық  педагогика  –  ұлттар  мен  ұлыстардың  ғасырға  созылған  ұрпақ 
тәрбиесіндегі  ұлттық  әдет-ғұрыптары  мен  дәстүрлерінің,  мәдени  ойлау  үрдісінің 
озық  үлгілерінің  жиынтығы.  Бабаларымыздың  игі  дәстүрлерін  сақтай  отырып,  ӛз 
ұрпақтарымызды  адал,  үлкенді  құрметтей  білетін,  әділ,  ержүрек,  ізгі  қасиетті,  ар-
ожданды  қылып  ӛсіру  –  мұғалім,  тәрбиеші,  ата-ананың  басты  міндеті.  Сондықтан 
саналы,  салауатты,  халқымыздың  барлық  дәстүріне,  әлем  мәдениетіне  қанық,  ел 
тізгінін  берік  ұстай  білетін  ұрпақ  тәрбиелеу  –  әр  отбасына  және  балабақшадағы 
адамгершілік тәрбиесіне байланысты. Ертеде қазақ халқы дәстүрі бойынша баласын 
бес-алты  жасынан  шешендердің,  ел  бастаған  кӛсемдердің,  даналардың, 
батырлардың,  соңынан  ерткен.  Онысы:  «Балам  халық  дәстүрін,  жол-жоралғасын 
кӛңілге тоқып ӛссін», - дегені. 
Мен  «Зерек»,  «Алғашқы  қадам»,  «Балбӛбек»,  «Қайнар»,  «Қарлығаш»,  «Тәй-
тәй»,  «Ӛзін-ӛзі  тану»  бағдарламаларына  сүйене  отырып,  ӛзімнің  білім  мен  тәрбие 
беріп  отырған  балабақшамда  халық  педагогикасы  негізінде  жұмыстар  жүргізіп 
отырамын.  Әр  пәнді  оқыту  кезінде  оқу  іс-әрекетін  қазақ  халқының  тұрмысы,  әдет-
ғұрпы,  үлгілі  дәстүрлерімен  шебер  ұштастырып,  шәкірт  бойына  ұлттық  мақтаныш, 
патриоттық  сезімін  қалыптастыру,  оны  бүгінгі  күн  талабына  сай  мазмұнды  да 
пәрменді жүргізуге күш салу – әр тәрбиешінің басты парызы. 
Мен  ӛзім  осы  халық  педагогикасына  сүйене  отырып,  мектепке  дейінгі  тәрбие 
болғандықтан, халық педагогикасын кӛп қолданамын. Ондағы менің қойған бірінші 
мақсатым:  мектеп  жасына  дейінгі  жас  ұрпақтың  қалыптасуының  ӛсіп-ӛнуіне  әсер 
ететін  фактордың  бірі,  дәстүрлі  мәдениетіміздің  бір  бағыты  –  халықтың  ұлттық 
ойындарынан бастағанды жӛн кӛрдім. 
Халықтың  тарихи  айнасының  жалғасы  ұрпақтан-ұрпаққа  мұрагерлік  мирас 
жолымен  жететін  мәдениеті,  оның  ішінде  біз  қарастырып  отырған  дәстүрлі  халық 
ойындарын  қазіргі  жас  ұрпақ  ӛміріне  енгізу.  Сол  адамгершілік  тәрбиенің  аталмыш 
қасиеттерін бала бойына дарыту әдістерін қолдандым. Бала тәрбиесіне ықпал ететін 

№№4-9(49-54), сәуір-қыркүйек, апрель-сентябрь, April-September, 2014         ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
112 
осы жол менің ойымша тиімді де дұрыс әдістердің бірі сияқты. Ӛйткені ойын баланы 
адамгершілік  қасиеттерге  тәрбиелейді.  Бұл  ойындар:  «Ақ  серек  пен  кӛк  серек», 
«Арқан  түю»,  «Теңге  алу»,  «Ақсүйек»,  «Кӛкпар»,  «Бәйге»,  «Қыз  қуу»,  т.б.  Осы 
ойындармен  қатар  асық  ойындарын  да  ойнатып  отырдым.  Қазақ  халқының  ұлттық 
ойындарының кӛбі табиғи заттармен ойнауға негізделген. Асық ойындары: «Алшы», 
«Хан»,  «Омпы»,  «Асық  ату»,  «Кетсін  бір»  ойындары.  Асық  ойындары  баланың 
жастайынан 
жүйке 
жүйесін 
шыңдап, 
оларды 
дәлдікке, 
ұстамдылыққа, 
байсалдылыққа тәрбиелейді. 
Менің  екінші  мақсатым:  халық  педагогикасының  ажырамас  бір  бӛлігі  –  ауыз 
әдебиетін  қолданып  отыру.  Ӛлең-жыр,  тақпақ,  жаңылтпаш,  ертегі,  мақал-мәтел, 
жұмбақтар,  шешендік  сӛздер,  тыйым  сӛздер,  санамақ  сияқты  түрлері  жұмысымда 
ӛзекті  орын  алады.  Халық  педагогикасының  қайнар  бұлағы,  ең  үлкен  бір  саласы  – 
халық  ауызекі  шығармашылығы.  Ауыз  әдебиеті  ӛмірдің  айнасы,  тәрбиенің 
таптырмас  құралы.  Ата-бабаларымыз  күмбірлеген  күміс  күйімен  сыбызғы  сырнай 
үнімен,  ән-жырымен,  мақал-мәтел,  шешендік  сӛз,  ертегі,  айтыс  ӛлеңдерімен  сан 
ғасыр  бойы  ӛз  ұрпағын  ӛнегелі  де  ӛнерлі,  адамгершілік  ар-ожданы  жоғары, 
намысқой  азамат  тәрбиелеп  келгені  тарихи  шындық.  Сонымен  халықтық 
педагогиканың  тамаша  идеялары  мен  дәстүрлерін  сақтап,  ұрпақтан-ұрпаққа 
жеткізуде халықтың ауызекі шығармашылығы айрықша рӛл атқарады. 
Ауыз  әдебиетінің  ішкі  астарына  терең  үңіліп  қарасақ,  оның  ішінде 
санамақтарға  тоқталсам,  санамақтар  баланы  тез  санауға  және  де  ауызекі  есептерді 
тез  үйренуге  баулиды.  Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  зейіні  тұрақсыз 
болғандықтан,  оларды  біркелкі  жұмыс  тез  жалықтырып  жіберетіндіктен,  балаларға 
арнап  «Ойлайық  та,  ойнайық»,  «Шешендікке  баулу»,  «Ойнай  біл,  ойлай  біл», 
«Сергіту  жаттығулары»,  «Әдемілік  әдептілік»  атты  кітапша  жинақтадым.  Бұл 
кітапшаны  мен  бес-алты  жастағы  балаларға  сабақ  кӛбінесе  ойын  түрінде 
ӛтетіндіктен  қолдандым.  Санамақты  халық  негізіннен  жас  балаға  сан  үйрету 
мақсатымен  шығарған.  Санамақтар  әрі  сан  үйретеді,  әрі  дүние  танытады,  әрі 
баланың қисынды ойлауы мен математикалық ойлау қабілетін дамытады. 
Математика сабағында халықтық санамақтарды жиі пайдаланады. 
Бір дегенің – бӛрік, 
Кисем бойға кӛрік. 
Екі дегенім – етік, 
Киер сәнді етіп. 
Үш дегенің – ішік, 
Теріден тігер пішіп. 
Тӛрт дегенің – тұмақ, 
Қыста кисең жылы-ақ. 
Бес дегенім – байпақ, 
Іші жылы тайпақ. 
Математикадан  қолданған  ауыз  әдебиетінің  бір  бӛлігі  санамақтарда  баланың 
ойлау  жүйесін  жетілдіріп,  оның  желілі  нұсқалары  тапқырлықты  танытуға  құштар 
етеді. Мысалы: 
Бір дегенің – білеу. 
Екі дегенің – егеу. 
Үш дегенің – үскі. 
Тӛрт дегенің – тӛсек. 
Бес дегенің – бесік. 
Тәрбиешінің басты мақсаты – бес санын танытып қана қоймай, балаларды жат 
қылық жасамай, адалдыққа, дінді қадірлеуге тәрбиелеу. 

№№4-9(49-54), сәуір-қыркүйек, апрель-сентябрь, April-September, 2014         ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
113 
Балаларды  шешендікке  баулуда  халықтық  ӛнеге  тұтып,  ӛмір  тәжірибесінде 
пайдаланып келе жатқан, билер мен хандардың, ақындар мен шешендердің, ел ағасы 
болған данышпандардың аузынан шыққан ӛнегелі сӛздерін үнемі балаларға үйретіп 
отырдым.  Ертегілерді,  қуыршақтарды  ойнату  арқылы  да  бауырмалдық  пен 
сезімталдылыққа  тәрбиелеуге  болады.  Қуыршақ  тек  ойын  құралы  емес,  бала 
ойынының бір мүшесі, бала қуанышының қайнар кӛзі. 
Халық ауыз әдебиетінің ішіндегі балалардың ең сүйіп тыңдайтыны – ертегілер. 
Бұларды  халқымыз  күні  бүгінге  дейін  ұрпақтан-ұрпаққа  ауызша  да,  жазбаша  да, 
жеткізіп отырған. Балаларға ертегіні әңгімелеп бергеннен кейін сахнада ойнап және 
қуыршақ,  саусақ  театрлары  арқылы  кӛрсетіп  үйреттім.  Қазақ  мақал-мәтелдері 
елдікті,  ынтымақты,  инабаттылықты  қамтиды.  Тіл  дамыту,  айналамен  таныстыру 
оқу  іс-әрекеттерінде  батырлық,  ерлік,  достық,  туыстық,  табиғат,  Отан  жӛнінде 
мақал-мәтелдерді қолданып отырдым. 
Халықтық шығармалар ішінде баланы дұрыс та айқын сӛйлеуге үйрететін, тілін 
жаттықтыруға  бейімдейтін  –  жаңылтпаштар  мен  жұмбақтар.  Жаңылтпаштар 
сӛздерді дұрыс сӛйлеуге, жеке дыбыстарды алмастырмай, дұрыс айтуға үйретеді, ал 
жұмбақтар  баланы  байқағыштыққа,  тапқырлыққа  баулып,  ой-қиялын  ұштастыруға 
әсер етеді. 
Шынында, қазақ халқының бала бойында ана сүтімен сіңіретін, тәлім-тәрбиелік 
ӛзіндік мектебі болғаны даусыз. Халық педагогикасы ата-бабаларымыздың тәрбиеге 
қатысты ғасырлар қойнауынан сараланып жеткен іс-тәжірибелерінің жиынтығы. Ой 
менен  сӛз,  мазмұнды  пікірлер  біздің  халықтың  алдыңғы  байлығы  болып  келген. 
Біздің  ана  тіліміз  –  отбасы  мен  балабақшалардан  басталып,  мектепте  жалғасатын 
жүйелі сабақтаса, кӛздеген мақсатымызға жеткізбек. 
Халық  тәлімі  –  ең  алдымен  түн  ұйқысын  тӛрт  бӛліп,  тал  бесікті  тербеткен 
ананың  мейірлі  махаббатқа  толы  әлдиі  –  бесік  жыры,  былдырлап  сӛйлей  бастаған 
балдырғанның тәтті тіліне балдай оралатын жеңіл  де жұп-жұмыр, айтылуы ойнақы 
тақпақтар. Бесік жырында ата-ананың балаға деген шексіз мейірімі, оның келешегіне 
деген  үміт-сенімі,  арман  мақсаты  айтылады.  Сонымен  қатар  халық  педагогикасы  – 
ол қазақ поэзиясының бӛлінбес бір бӛлшегі іспетті қанатты сӛздер, мақал-мәтелдер, 
шешендік сӛздер, айтыстар, ертегілер, аңыздар, жұмбақтар мен жаңылтпаштар. 
Демек,  халықтық  педагогика  –  тәлімдік-тәрбиелік  ой-пікірдің  бастауы, 
халықтың рухани мұрасы. Қазақ халқының тәсілдік мәні зор ой-толғаныстары бесік 
жыры  мен  батырлық  эпостарда,  ертегілер  мен  аңыздарда,  шешендік  сӛздер  мен 
айтыс-термелерде  кӛптен  кездеседі.  Мұндағы  ұрпақ  тәрбиесінің  негізгі  түйіні 
адамгершілік-имандылық,  ақыл-ой,  еңбек,  эстетика,  дене,  отбасы  тәрбиесіне 
байланысты мәселелерге келіп тіреледі. 
Халық  ауыз  әдебиеті  –  халық  шежіресі.  Қазақ  ауыз  әдебиеті  –  талай 
ғасырлардан  келе  жатқан  мұра,  сарқылмас  бай  асыл  қазына.  Онан  халқымыздың 
ӛткенін білеміз, сол арқылы бүгінгі заманымызды танимыз. Ауыз әдебиетіндегі қиял 
дүниесінен  туған  ғажайып  ертегілер,  батырлар  жырлары,  ӛмір  тәжірибесінің 
қысқаша  қорытындысы  мақал-мәтелдер,  ойға  түрткі  салатын  сыр  сандықты 
жұмбақтар,  қиыннан  қиыстырылған  тақпақ-жаңылтпаштар,  санамақтар,  ұлттық 
ойындар  –  бәрі  халықтық  мол  байлық.  Сондықтан,  осы  мол  байлықтың  қайнар 
бұлағынан  жас  жеткіншектерді  сусындату,  оның  педагогикалық  дидактикалық 
тәрбиелік  міндеттерін  ұстаздар  оқу-тәрбие  процесінде  орайластыра  кеңінен 
пайдалана білу керек.  Себебі  жас жеткіншектердің дүниетанымының, адамгершілік 
қасиеттері мен мәдениетінің негізін қалыптастырушылардың бірі – тәрбиеші. 
Ертегілер  баланы  қызықтырады,  сӛзді  тыңдай  білуге  үйретеді,  оның  қиялын 
дамытып,  адамгершілікке  тәрбиелейді,  тілін  ширатып,  жан  дүниесін,  мінез-құлқын 

№№4-9(49-54), сәуір-қыркүйек, апрель-сентябрь, April-September, 2014         ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
114 
қалыптастырады,  дарын  нышандарын  ӛрнектейді.  Ауыз  әңгімелер  шыншылдыққа, 
елін сүйіп, еңбек етуге, зұлымдықпен күресе білуге үйретеді. 
Халық  ауыз  әдебиетіндегі  ұсақ  жанрлар  деп  аталатын  жұмбақ,  жаңылтпаш, 
мақал-мәтел,  ӛтірік  ӛлеңдердің  балалар  фольклорынан  алатын  орны  ерекше. 
Халықтық  шығармалар  ішінде  баланы  тәрбиелеумен  қатар  дұрыс  айқын  сӛйлеуге 
үйретіп, тілін дамытатын жанр – жаңылтпаш. Жаңылтпаш – мектеп жасына дейінгі 
балалар  мен  бастауыш  мектеп  балаларларына  лайық  шығарма.  Балбӛбектің  тілі 
шығып,  балдырған  жасында  сӛздік  қоры  молая  бастаған  кезде  кейбір  дыбыстарды 
айта  алмай  немесе  қинала  айтады.  Мүдірмей  сӛйлеу  үшін  қиналып  айтатын 
дыбыстары  бар  сӛздерді  бала  неғұрлым  жиі-жиі  дыбыстап  айтып,  жаңылмай 
жаттықса, сӛйлегенде де мүдірмей, ӛз ойын толық жеткізетін болады. 
Жаңылпаштарды жаттап, жаттыға айту арқылы баланың ана тілін ардақтау, сӛз 
қадірін білу сезімі қалыптасып, ой-қиялы дамиды, тәлім алады. Жаңылпаштарды тіл 
дамыту  құралы  десек,  тәрбиешінің  міндеті  –  оларды  балалардың  жас 
ерекшеліктеріне,  сауат  ашу  сабақтарының  мазмұнына  сәйкес  лайықты,  орынды 
қолдана  білу.  Бұл  міндетті  жүзеге  асыруда  тәрбиешінің  ӛзі  қазақ  халқында,  ӛзге 
халықтарда  кӛркем  сӛзді  қандай  жаңылтпаштар  бар  екенін  жақсы  білуі,  әрбір 
ақынның  жыр  қоржынынан  қарапайым  да  ойлы  сипатымен  бала  жанын  баурап 
алатын,  тіл  дамытудың  қисынды  қиюластырылған  кӛркем  де  қуатты  құралы  – 
жаңылтпаштардың әр түрін сараптап, талдай алатындай болуы шарт. 
Жаңылтпаштар 
тәрбиеленушінің 
тілін 
ширатады, 
жаңылтпаштың 
дүниетанымдық  түрлері  мен  тәрбиелік  нұсқалары  баланың  ой-ӛрісін  кеңейтеді. 
Жұмбақтар  мен  жұмбақ-айтыстар  баланың  ойын,  қиялын  шарықтатып,  пайымдау 
қабілетін дамытады, оны тапқырлыққа баулиды. Санамақтар баланың ойлау жүйесін 
жетілдіріп,  оның  сюжетті  нұсқалары  тапқырлық  танытуға  құштар  етеді, 
дүниетанымдық  мәнде  құрылған  санамақтар  балғын  жастың  танымдық  қабілетін 
дамытуға септігін тигізеді. 
Мақал-мәтелдер  –  халықтың  жиі  қолданатын  тәрбие  құралы.  Қазақ халқының 
мысалдап,  мәтелдеп,  мақалдап  сӛйлейтін  ұлттық  ерекшелігіне  сәйкес  оның  мақал-
мәтелдері  де  мол.  Қазақ  халқының  мақал-мәтелдерінде  балалар  түсінігіне  сай 
қайырымдылық,  кішіпейілділік, адамжандылық,  ізгілік мазмұнда берілген бай мұра 
сақталған. Бала – болашақтың адамы, жаңадан қалыптасып келе жатқан ел азаматы. 
Сондықтан  қазіргі  қоғамның  жаңару  жағдайы  болашақ  ұрпақты  тәрбиелеуде  тұтас 
педагогикалық  процестің  барлық  саласында  халықтық  педагогиканың  озық 
идеялары мен тәжірибесін кеңінен қолдануды талап етеді. 
Тәрбиені  ізгілендірудегі  басты  мақсат  балаларды  ұлттық  және  жалпы 
адамзаттық құндылықтар арқылы дамытуға, мәдени дағдыларды игеруге, ӛзіне және 
ӛзгелерге  жауапкершілікпен  қарауын  қалыптастыруға  назар  аударылады.  Сонымен 
қатар  балалардың  ішкі  жан  дүниесіне  әсер  ететін  жүрек  (кӛңіл-күй)  тәрбиесін 
дамытудың  жолдарын  да  қарастыру  абзал.  Ол  үшін  баланың  мінез-құлқын  және 
отбасы мүшелерінің кӛңіл-күйін бейнелейтін суреттерді алдын ала дайындаған жӛн. 
«Рухани  адамгершілік  тәрбиесін  тәрбиеші  қалай  іске  асыруы  тиіс?»  деген 
орынды  сұрақ  туады.  Тәрбиешінің  шеберлігі  –  баланың  талап  тілегіне  қолдау 
танытуға  байланысты.  Балалар  үнемі  жағынан  сергек,  еркін  сезінуі  тиіс.  Олардың 
бір-бірімен түсіністік, достық, танымдық ізденісте болуы әр баланың дамуына ықпал 
етеді. 
Жұмбақ  балалардың  дүниетану  қабілетін  дамыту,  тапқырлыққа  баулу 
мақсатымен үйретіледі. Мысалы: «Үй жануарлары» тақырыбында: 
Кезекті бір жануар, 
Үстінде екі тауы бар. 

№№4-9(49-54), сәуір-қыркүйек, апрель-сентябрь, April-September, 2014         ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
115 
Немесе: 
Екі айнасы бар, екі найзасы бар, 
Тӛрт жылтырмағы бар, 
Бір сыбыртқысы бар, т.б. 
Мектепке  дейінгі  балаларды  қазақ  халқының  дәстүрлері  мен  әдет-ғұрпын 
жоғалтпай,  оны  әрі  қарай  дамытуға  тәрбиелейді.  Қазақ  халқының  ауыз  әдебиеті 
арқылы  балаларды  адамгершілікке,  инабаттылыққа  және  туған  жердің  байлығын, 
еңбек  ардагерлерін,  жерлес  батырларды  құрметтеуге  тәрбиелейді.  Халқымыздың 
тәлім-тәрбиелік  мәдениетінің  ілкі  бастауы,  түп  тӛркіндері  –  сонау  есте  жоқ,  ескі 
замандарда жатыр. 
Халық ауызекі шығармашылығының аса бір қызықты саласы – қазақ халқының 
ауызша  есептері  математиканы  оқытудың  қажетті,  әрі  мазмұнды  құралы  болып 
табылады.  Оларда  халықтың  әр  дәуірдегі  әлеуметтік-тұрмыстық  жағдайы,  кәсіби 
еңбегі,  дүниетанымы,  болашаққа  деген  сенімі,  есепке  жүйріктігі,  ақыл-ойының 
ұшқырлығы  айқын  бейнеленген.  Ауызша  есептер  аса  қарапайымдылығымен, 
логикалық  шымырлығымен,  математикалық  ойды  ӛмірмен  байланыстыру 
шеберлігімен, қысқа да бейнелі тілінің түсініктілігімен ерекшеленіп тұрады. 
Қысқа  да,  тұжырымды  қазақ  халқының  ауызша  есептері  балалардың 
дүниетанымын  байытады,  есепке  деген  құштарлығын  арттырады,  танымдық 
қабілеттерін  дамытады,  ой-ӛрісін  кеңейтеді.  Әртүрлі  тақырыптағы  есептер  арқылы 
балалар  халықтың  тұрмыс-тіршілігінен,  іс-тәжірибесінен  нақты  түсінік  алып, 
халқымыздың  кәсіби  еңбегімен  танысады.  Мұның  ӛзі  олардың  еңбекке 
бейімділіктерін,  халықтық  дәстүрге  сыйлы  қатынастарын  тәрбиелейді.  Есептерді 
математикалық сайыстарда және үйірме отырыстарында пайдалануға болады. 
Шамалардың ӛлшем бірліктері туралы ұғым қалыптастыратын жаңылтпаштар: 
Бес мыс теңге, 
Бес мыс теңгеде, 
Бес мың күміс теңге. 
Бір түп тұт, 
Бір тұп тұтта, 
Бір пұт тұт, т.б. 
Мұндай  жаңылтпаштар  математиканы  оқытуда  бала  тілін  ширатудың  құралы 
бола  отырып,  балаларға  ана  тілінің  бай  қорын  игеруге,  таза,  майда,  анық,  кӛркем 
сӛйлеуге  кӛмектеседі,  сӛзді  қастерлеуге  тәрбиелейді,  сонымен  бірге  оларды 
айналасындағы  әсем  кӛріністермен  таныстырады,  сӛздің  мағынасына,  мәнерлігіне 
кӛңіл аударуға жетелейді. 
Менің  үшінші  мақсатым:  балаларды  халықтық  салт-дәстүрлері  негізінде 
тәрбиелеумен  бірге,  олардың  шығармашылық,  жеке  тұлғасын  қалыптастыруда 
халқымыздың  қолӛнері  туралы  мағлұмат  беріп,  оны  бейнелеу  сабақтарында 
қолданып  отырдым.  Қазақ  халқының  ӛзіне  тән  ерекшеліктерінің  бірі  –  ұлттық  ою-
ӛрнектер. Балаларды халықтың қолданбалы қолӛнерлерімен жұмыс істеу барысында 
халықтық педагогика элементтерін енгізу  мақсатында қазақ халқының тұрмысында 
үй жиһаздарында пайдаланылатын заттардың, ұлттық киімдердің суретін салғызып, 
оған сәйкес келетін ою элементтерін үйреттім. Балаларды балабақшадағы, қаладағы 
мұражайларға  апарып,  қазақтың  тұмыста  пайдаланған  заттарын  кӛрсетіп,  оның  не 
үшін  кажеттілігін  түсіндірдім.  Ұлттық  мәдени  мұражайда  батырдың  бес  қаруын 
және ат әбзелдерімен бірге, сандық, сырмақ, текемет, қоржын, бесік, адалбақан, келі-
келсап,  торсықпен  таныстырып  отырдым.  Ұлы  Жеңістің  65  жылдығына  арналған 
үлкен  кӛрмеге  апарып,  балаларды  Мәңгі  отқа  тағзым  еткізіп,  гүл  шоқтарын 
қойғызып, Отанын, елін сүйетін патриоттық сезімдерін оятуға тырыстым. 

№№4-9(49-54), сәуір-қыркүйек, апрель-сентябрь, April-September, 2014         ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
116 
Қолӛнерлерінің  түрлері  –  қыз  балаларға  түрлі-түсті  қағаздан  киылған  «құрақ 
кӛрпе» құрату, ұл балаларға қамшы ӛру түрлерін үйретіп отырдым. 
Менің  тӛртінші  мақсатым:  қазақ  халқының  салт-дәстүрін  үйрету.  Ата-
бабаларымыз ӛмірдегі бар асылын ұрпағына арнаған, оның келешегін әрілен ойлап, 
нәрестенің  дүниеге  келген  сәтінен-ақ  шілдехана,  бӛбек  тойы,  тұсау  кесу,  тілашар 
рәсімдерін  жасауды  ойлап  тапқан.  Оны  ӛлең-жырмен  кестелеп,  баланың  құлағына 
әуен арқылы жеткізе білген. 
Қазіргі  жас  ата-аналардың  кӛпшілігі,  ӛкінішке  қарай,  ӛз  ана  тілін  жетік 
білмегендіктен,  салт-дәстүрімізді  баланың  бойына  сіңіру  маңызды.  Сабақтан  тыс 
тәрбие  сағаттарында,  ертеңгіліктерде  қазақ  халқының  салт-дәстүрлерінің  бірі  – 
«Кішкентай  арулар»,  «Ақ  Ару  мен  Ер  Сұлтан»,  «Отбасылық  шаңырақ»  сайысы, 
«Айтыңыз  қабыл  болсын!»,  «Дарабоз»  ұлттық  этно-сайыстарын  ата-аналармен 
бірлесе отырып үйреттім. 
Бұл  тәрбиенің  балалар  үшін  де,  ата-аналар  үшін  де  берер  тағылымы  ӛте  мол. 
Балалар  ӛз  ұлтымыздың,  ӛз  ата-бабамыздың  салт-дәстүрін,  әдет-ғұрпын  үйреніп, 
асыл  қазынасымен,  бабалар  мұрасымен  танысса,  олардың  ата-аналары  кешегі 
күннің,  заманның  ықпалымен  кӛңіл  бӛлмеген  кӛп  нәрсені  кӛріп-біліп,  жоғалғаны 
табылғандай күй кешсе, мен үшін әр сабағым менің мерейім дер едім. 
Осындай  жұмыстар  нәтижесінде  кіші  жастағы  балалар  бойынан  кӛркем 
әдебиетке  қызығушылығы  арта  бастады.  Ӛз  ойларын  еркін  жеткізу  арқылы, 
байланыстырып  сӛйлеу  қалыптасты.  Кейбір  балалар  «р,  з,  ч,  с,  ш»  дыбыстарын 
дұрыс  дыбыстауды  меңгерді.  Тілдік  артикуляциясының  дұрыс  қалыптасуына  жол 
ашылды. Балалар бойындағы жеке тұлғалық мінезбен бірге, танымдық (есту, ойлау, 
зейін,  кӛру  т.б.)  қабілеттері  дамуда.  Ертегілер  әлемі,  ертегілерді  кейіптендіру, 
дамытушы ойындар, халық ауыз әдебиеті аса маңызды. 
«Ертегілер  әлемі»,  «Саусақ»,  «Кӛлеңкелі»,  «Үстел  үсті»,  «Суреттер», 
«Қуыршақ»  театрларын  қолдану  педагог  шеберлігі  мен  ой-қиялына  байланысты 
түрлендіре  алады.  Мақсаты:  Қазақ  және  басқа  да  халықтардың  ауыз  әдебиеті  мен 
балалар  әдебиеті  шығармаларына  эмоционалдық  ықыластылығын  дамыту.  Кӛру 
барысында  бала  ой-қиялмен  кейіпкерлерге  адамдық  қасиеттерді  үлестіріп  беруге, 
ӛтіп  жатқанды  шындық  ретінде  қабылдауға  мүмкіндік  береді.  Дәл  осы  ерекшелік, 
осы  тез  әсерленушілік  пен  еліктеу  қабілеті  баланы  сенгіш,  педагогикалық  ықпалға 
қолайлы  етеді.  Қызығушылықпен  ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекеті,  баланың 
танымдық қабілеттерін дамытады. 
«Ертегіні  кейіптендіру»  арқылы  баланың  таныс  ертегіні  естеріне  жетелеуші 
сұрақтар  арқылы  түсіріп,  толық  жауап  беруге  дағдыланады.  Киімдерді  немесе 
атрибуттарды  кигізіп,  ӛздері  кейіпкерлерді  ойнайтындығын  айту  арқылы, 
қызығушылық  сезімдері  оянып,  кейіпкерлердің  дауыс  ырғағын  дұрыс  сала  білуге 
кӛңіл бӛліп және қимыл-қозғалыстарын айнытпай салуға үйренеді. 
«Дамытушы  ойындар»,  дидактикалық  ойындар:  «Сурет  арқылы  ертегіні 
әңгімелеу»,  «Ертегі  атын  ата»,  «Дауыстап  айт»,  «Үй  жануарларын  тап».  Әңгімелеп 
немесе  оқып  беруде  бала  түсінігіне  жету  үшін  әр  түрлі  бейнефильмдер  арқылы 
түрлендіріп  отырамын.  Мысалы:  «Үйшік»,  «Мақта  қыз  бен  мысық»  ертегісін 
компьютерге  (ноутбук)  суреттерді  қойып,  ӛз  дауысыммен  ертегіні  әңгімелеп 
беремін.  Бала  ертегінітыңдап  қана  қоймай,  кӛріп  отырса,  есте  сақтау  қабілеттері 
қалыптасады. 

1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал