№4 (76) 5 шілде 2017 жыл Талапкер 2017 Абитуриент



жүктеу 428.65 Kb.

бет3/5
Дата14.09.2017
өлшемі428.65 Kb.
1   2   3   4   5

Малика ТАКЕЖАНҚЫЗЫ, 

медиа-қызмет орталығының тілшісі

10

ЖАС МАМАН - 2017

Түлектердің 

Университетті үздік бітіріп, жас маман атанған 

түлектердің толғанысына назар аударыңыз.

Данияр ТУЛЕКОВ, выпускник факультета гу-

манитарных  наук  и  иностранных  языков:  

«Переступив порог факультета гуманитарных 

наук и иностранных языков, я увидел дивные 

краски студенческой жизни и был поражён - 

сколько  возможностей  развиваться,  сколько 

препятствий в хорошем смысле слова, которые 

сделают нас лучше в течении этих четырёх лет. 

На первом же курсе, влившись в группу акти-

вистов  нашего  факультета,  я  начал  активно 

участвовать  в  жизни  университета.  В  конце 

первого  курса    появилась    возможность  оту-

читься один семестр заграницей. И уже через 

некоторое время я стал обладателем гранта для 

учёбы зарубежом.

В Штатах я старался быть достойным называться студентом из Казах-

стана! Участвовал в различных мероприятиях, был волонтёром, помо-

гал другим иностранным студентам. За время обучения прошёл мно-

жество тренингов и поучаствовал во многих мероприятиях. Благодаря 

Университету я обрёл навыки ораторского мастерства и, по словам своих 

знакомых, стал хорошим ведущим. 

Всех возможностей и достижений, которых я достиг благодаря нашему 

Университету, невозможно описать словами. Я окончил вуз. Теперь  я 

совсем не похож на того паренька, который впервые переступил  порог 

цитадели знаний, я стал тем человеком, который отныне с уверенно-

стью может смотреть в будущее. 

Я хочу поблагодарить всех, кто принял активное участие в моём разви-

тии. И я вам обещаю, что  никогда этого не забуду, и не только пронесу 

данные вами знания через жизнь, но и стану достойным преподавате-

лем, и помогу поднять молодёжь нашей великой страны!»

Арайлым  ҚАЛЫМЖАНОВА,    гуманитарлық 

ғылымдар және шетел тілдері факультетінің 

түлегі:  «Біріншіден,  мен  осындай  білім 

о р д а с ы н ы ң   ү з д і к   т ү л е г і   б о л ғ а н ы м а 

қуаныштымын!  Себебі  осы  университет 

арқылы мен, өзімнің жасырынып жатқан та-

ланттарымды,  өзге  де  жақсы  қасиеттерімді 

көрсетіп,  өзімді  белсенді  ретінде  таныта  ал-

дым. Осы университетке келгелі мен, сүйікті 

мандығыма  оқуға  түсіп,  мектепте  алған 

білімімді әрі қарай шыңдай алдым. Болашақта 

ең білгір маман ретінде жұмыс жасайтыныма 

сенімдімін.  Бір  айта  кететіні,  біздің  оқу  ор-

дамызда  білім  аламын,  белсенді  студент  бо-

ламын  деп  келген  талапкерлерге  жағдайлар 

қарастырылған. Соның ішінде мысалға мен 2курста мемлекеттік және 

Гейдаралиев  атындағы  шәкіртақы  иегері  атандым.  Сол  үшін  де  ең 

алдымен  қарашаңырағымыздағы  профессор-оқытушыларға  шексіз 

алғыс  білдіремін!  Сонымен  қатар,  осы  университет  қабырғасында 

оқып жүргендегі ең бір керемет толғаныстарымды, мұғалімдерге де-

ген алғысымды бүгінгі өзімнің туған күнімде медиа-қызмет орталығы 

арқылы жеткізудемін, сол үшін де сіздерге де рахмет!»



Әсем  БАҒЫТОВА,  экономика  және  құқық 

факультетінің  түлегі:  «11  сынып  бітіргенде 

түлектің  алдында  бір  мақсат  болады,  ол  өзі 

қалаған мамандығына оқуға түсу. Сол секілді 

мен де заңгер болу арман-мақсатыммен осы 

оқу  орнына  түстім.  Қарап  тұрсақ,  уақыт  зы-

мырап  өтіп  кетіпті.  Кеше  ғана  университет 

табалдырығын  аттап  жатыр  едім,  бүгін  міне 

4  курс  түлегі  атанып  жатырмын.  Негізінен 

алғашында  басқа  оқу  орнына  түсем  деп 

ойлағам, белгілі жағдайларға байланысты осы 

оқу орнының студенті атандым. Қарап тұрсам, 

сол төрт жылым құр босқа кетпепті. Өте көп 

шараларға қатыстым, белсенділер қатарынан 

көрініп  талай  қызықтарды  бастан  өткердім. 

Мені жақсы жақтарына қарай өзгерткен ортаны кездестірдім, жақсы 

достар таптым. Қазіргі таңда азаматтық құқық кафедрасының қызыл 

диплом  иегерімін.  Осындай  дәрежеге  көтерілуім  мұғалімдерімнің 

арқасында деп білемін. Сондықтан кафедра оқытушыларына рахмет 

айтамын»

Еркебұлан  МУТИГУЛЛИН,  гуманитарлық 

ғылымдар және шетел тілдері факультетінің 

түлегі:  «Мен,  тарих  мамандығының  2017 

жылғы  түлегі  боламын.  Ең  алғаш  рет  осын-

дай оқу орнына келгенімде бойымда қуаныш 

та  болды,  үрей  де  болды.  Себебі  мектеп 

бітіріп  келген  сары  уыз  бала,  үлкен  өмірге 

қадам  басты.  Университетте  бәрі  қалай 

болар  екен  деген  сұраққа  мың  ойланып, 

толғанып  келдім.  Оқу  ордасына  келгеннен 

кейін  көп  мүмкіндіктерге  ие  болдым.  Атап 

айтқанда мемлекеттік гранттың иегерімін. Көп 

нәрсені білдім, үйрендім. Студенттік кезімде 

өмірімде  пайда  болған  адамдардың  барлығы 

менің  көзқарасымды  өзгертті.  Үлкен  өмірдің 

қиындығын да, қызығын да көрдім. Осынау төрт жылдың ішінде өзіме 

көп тәжірибе жинадым, бойымдағы ашылмаған жақсы қасиеттерімді 

қалыптастырдым. Университет білікті маман болатындай терең білім 

мен тәрбие берді. 17 жасым қайта айналып келер болса, осы оқу орнын 

ойланбастан  таңдар  едім.  Жоғары  оқу  орнына  дейін  мен  тұйықтау, 

көп  ешкімге  ашыла  сөйлемейтін  бала  болдым.  Ал  қазіргідей  үлгілі 

әрі  белсенді  студенттердің  бірі  етіп  мені  өзгерткен  университеттің 

ұжымына алғыс білдіремін!»


11

ЖАС МАМАН 

Жаңыл  Жексенбаева,  жаратылыстану  және 

ауыл  шаруашылығы  факультетінің  түлегі: 

«Мен, Х.Досмұхамедов атамыздың туған жері 

Қызылқоға ауданынан боламын. 2013 жылы Ба-

тыс өңіріндегі бірден бір дамыған оқу ордасы 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік 

университетіне  оқуға  түскен  болатынмын. 

«Университет-кемел білім бергенімен, терең 

тәрбие  бере  алмайды»  деген  сөз  бар.  Бірақ 

мен  өз  көзқарасыммен  ол  сөзге  түбегейлі 

қарсы  шығар  ем.  Өйткені  оқуға  түскенімнен 

көптеген  іс-шараларға  қатыстық,  көрдік, 

білдік,  үйрендік,  тәжірибе  алдық.  Адамдар-

мен  араласу  арқылы  тәрбие  алдым.  Универ-

ситет көптеген қалалық, облыстық сайыстарға 

қатысу, басқа қалаларда тіпті, шет елдерде білім алу деген сияқты жан-

жақты  мүмкіндіктер  береді.Соның  ішінде  Энактус  жобасы  арқылы 

университеттің қолдауымен  Алматыға лагерьге баруға мүмкіндік туды. 

Студенттік  шақты  да  өте  қызықты  етіп  өткіздім.  Осы  оқу  орнының 

түлегі болғаныма қуаныштымын. Университетіміз алға қарай қадам 

баса берсін! Басқа оқу ордаларын шаң қаптырып кетсін. Мұғалімдердің 

еңбектері жемісті болсын!»

Ақерке ЕРКІНОВА, физика-математика және 

ақпараттық  технологиялар  факультетінің 

түлегі:  «Осыдан  4  жыл  бұрын  осы  универ-

ситетке  өз  қалауыммен  түстім.  Алғашқыда 

ақылы  негізде  оқыдым.  Түскеннен  кейін 

оқуға  талпындым,  1  курсты  толықтай  5  де-

ген  бағамен  аяқтаған  соң,  2  курста  универ-

ситет  мені  мемлекеттік  грантқа  ұсынды.  Ал 

3  курста  президенттік  шәкіртақыға  үміткер 

болдым.  4  курсқа  келгенде  «Жас  дарындар» 

байқауына  қатысып,  «Жыл  студенті»  атан-

дым. Университет табалдырығынан аттағалы 

бұл  оқу  орны  бізді  жан-жақты  қырымыздан 

танытты.  Студенттік  кезең  жауапкершілікті 

көп  талап  етеді.  Университеттің  маған  бер-

ген  мүмкіндіктерінің  ішінде  Қызылорда,  Түркістан,  Алматы,  Семей 

қалаларына іс-сапармен барып келген едім. Осы арқылы өзгелермен 

көп  тәжірибе  алмастым.  Қазірдің  өзінде,  университетті  қимаймын, 

біртүрлі осы оқу орнынан кеткім келмейді. Адам өмір бойы оқыса да 

артық етпейді ғой. Маған қайта оқу бұйырса да Атырау мемлекеттік 

университетін таңдар едім. Осы орайда, университеттің профессор-

оқытушыларына  рахмет  айтқым  келеді.  Сондай-ақ  факультет 

мұғалімдеріне де әркез қолдау көрсеткендеріне алғысым шексіз!»

Гүлжан  АБЫЛАЙХАНОВА,  экономика  және 

құқық  факультетінің  түлегі:  «Осыдан  төрт 

жыл бұрын Атырау мемлекеттік университетін 

таңдағаныма  өте  қуаныштымын.  Бұл  оқу 

орны  мені  білім  нәрімен  сусындатып  қана 

қоймай,  жан-жақты  шыңдады.  Мен  оқу  ор-

нына түскенімнен кейін мемлкеттік грант және 

президенттік шәкірақы иегері атандым. Өзінің 

біліміне сенетін студентке бұл университетте көп 

мүмкіндіктер  қарастырылған.  Сондықтан  жас 

талапкерлерге  айтарым  біздің  оқу  ордамызды 

таңдасаңыздар еш өкінбейсіздер. Сіздердің жаңа 

қырыңыздан  танытатын,  таланттарыңызды 

ашатын орда. Ал мен осы орайда университеттің 

оқытушыларына үлкен рахмет айтам. Сонымен 

қатар  университетіміз  әлемнің  алдыңғы  қатарлары  оқу  орындарының 

қатарынан көрінсін деймін!»



толғанысы...

Бетті дайындаған: Малика ТАКЕЖАНҚЫЗЫ медиа-қызмет орталығының тілшісі

12

Зымырап өткен  4 жыл...

Абай ҚАСЫМОВ, 

физика мамандығы:

1)  Университеттегі  алғашқы 

сезім  оның  өзі  бір  қызық  бола-

т ы н ,   а л ғ а ш қ ы   у н и в е р с и т е т 

табылдырығын  аттаған  күнім  әлі 

есімде.  2  қыркүйек  дүйсенбі  күні 

біздерді  ЖОО  қабылдап,  алғаш 

321  аудитория  жинаған  бола-

тын.  Ішке  енген  оқытушы  бізді 

құттықтап,  экономика,  заң  ту-

ралы түсіндіре бастады. Содан мен 

жанымдағылардан  бұл  қай  фа-

культет  десем,  Заң  факультеті  

дейді. Қателескенімді біліп, жарты 

сағаттай  іште  оқытушының  сөзің 

тыңдап,  өз  факультетіме  барайын 

деп  аудиториядан  шығып  кеттім. 

Енді  өз  факультетімді  іздеп  біраз 

жүріп,  ақыры  таптым  бірақ,  ішке 

кіру  ұяндау  ауыл  баласы  үшін 

мұң  болды,  солай  аудитория  ал-

дында  тұрған  сәтімде  дәлізден 

«ректор»  келе  жатыр  деген 

апайлардың  дауысын  естіп,  ішке 

қалай  енгенімді  білмей  қалдым. 

Орыныма жайғасқан соң, лық толы 

студенттерді группаластарымба, не 

деген  көп  деп  таңырқай  отырсам, 

бұлар факультеттегі курстастарым 

екен.  Адасып жүріп ,әйтеуір, груп-

паластарымен таныс болдым.

2)  Қызықты  оқиғам  ,айтып  кет-

кендей  факульетімді  таба  алмай 

жүрген  сәтім.  Деканымыз  Бекет 

Зинешұлына барып.

-  ағай  ,  физика  -  математика 

факультеті  нешенші  аудиторияда 

екен - деп сұрағанда

- бакалаврма?- деп сұрақ қойды.

Мен болсам, жоқ-дедім. 

- аа магистрма-деді.

Ал, мен  магистрдің ЖОО кейінгі 

дәреже екендігі есіме түсіп, йә, йә 

бакалавр  ағай  деп,  ағаймен  әбден 

күлгенбіз.

Екінші оқиға, ол шіркін, "құдай-ау 

қайда сол жылдар, махаббат қызық 

мол  жылдар",  Университетте 

алғашқы дәрістер кезіңде өзге фа-

культет  студенттерімен  қосыла 

сабақ  оқитынбыз,  сол  оқудың 

алғашқы аптасында 1 қызға ғашық 

болып,  соны  көру  үшін  1  аптаны 

асыға  күтетінмін.  қазір  ойлап 

отырсам,  расымен  қызықты  кез-

дер екен, сол қыз мені ақын қылды, 

сол  қыз  мені  шыңайы  сүюдің  не 

екенін  ұғындырды.  Қазір  та-

маша  доспыз,  сол  қызға  арнаған 

бірнеше  өлең  жолдары  әлі  менде 

сақтаулы, ол қыз да сол өлең жол-

дарын  ұмытпаған  екен,  бұл  да  бір 

студенттік  күндердің  қызықты  да 

тәтті естелігі деп білемін.

3)  Тарихы  тереңде  жатқан  қара 

шаңырағымызға  тілерім,  қоғамға 

пайдасын  әкелер  мамандарды, 

белсенді  де  білікті  жастарды 

тәрбиелеп, білім нәрімен сусында-

тып шығара бергей. Біз Атыраудағы 

осындай  оқу  орынында  оқып 

шыққанымызды  мақтан  тұтамыз. 

Әркімнің  өмірі  әрқалай,  кімнің 

қалай  оқитыны,  кімнің  қандай 

нәтиже көрсететіндігі оқу орынына 

байланысты емес, мен осы оқу оры-

нында оқып жүріп, өз мамандығым 

бойынша білімді, қоғамның белсені 

азаматы  болуды  үйрендім,  ең  ба-

сты  құндылығым  жан-жақтан  

көптеген достар таптым. Бұл менің 

үлкен  байлығым.  Ең  алғаш  1  кур-

сымда университет газетіне деп бір 

өлең шығарған болатынмын, есімде 

қалған соңғы жолында: "4 жыл ғана 

өмірді студенттік, өткізейік доста-

рым  қызықты  қып",-  деген  екем, 

осы  жолдарды,  өзімнен  кейінгі 

өскелең  жас  өрендерге  де  айтқым 

келеді. "Қоғам маған не береді деп 

емес, мен қоғамға не беремін",- де-

ген ұстаныммен жүрейік достар!



Айымжан НҰРМАНОВА, 

информатика мамандығы:

1)  Иә,  есімде,  алғашқыда  уни-

верситет  маған  үлкен  сарай 

сияқты  көрініп,  өзімді  ішінде 

адасып  кететіндей  сезінетінмін, 

талай  адастым  да.  Сабаққа  бару 

үшін  басқа  қалаға  бара  жаткандай 

таңмен тұрып дайындалатынмын. 

Алғашқы  күннен  бастап  әртүрлі 

шараларға  белсене  қатысып,  жаңа 

орта,  жаныма  жақын  достар  тап-

тым.  Қазір  ойлап  отырсам,  4  жы-

лым зулап өтіп кетіпті. Маған үлкен 

мүмкіндік пен өмірлік сабақ берген 

өз  қаламның  қара  шаңырағында 

білім алғаныма өте қуаныштымын. 

Өмірімнің ең қызық сәттерінің бірі 

осы студенттік шағым болмақ.                         

2)  Қызық  оқиғалар  көп  болды, 

қазір есіме түскені, 1 курста асханада 

группаластарыммен  тамақтанып 

отырғанбыз, байқаусызда 1 бокалды 

сындырып  алдық.  Асханадағы 

апай  қатал    еді,  содан  қорқып 

бокалдың  сынықтарын  білдіртпей 

қоқысқа  тастап,  тығылып  қашып 

кеткеніміз бар. Бірақ көрген сайын 

ұялатынбыз.

3) Халел Досмұхамедов атындағы 

Атырау  мемлекеттік  университеті 

мен  үшін  ең  мықты  оқу  орны, 

бұйырса  магистратураны  да  осы 

университеттен  оқымақпын. 

Т а л а п к е р д е р д і ,   ә с і р е с е ,   ө з 

қаламыздың  талапкерлерін  осы 

оқу орнына білім алуға шақырамын. 

Ж е т і с т і к к е   ж е т у   ө з і м і з д і ң 

қолымызда  екенін  айтқым  келеді, 

біз арқылы университеттің де беделі 

артатынына сенімдемін.



Зейнұр ЖАПАРОВ, 

құқықтану мамандығы:

1)  Алғаш  университетке  сы-

ныптасымен  бірге  келіп,  екеуміз 

аудиториямызды  таба  алмай 

басқа  мамандықтың  сабағына 

қатысып,  адасқан  болатынбыз. 

Университеттегі алғашқы күнім Со-

нысымен есте қалды.

2)  Биыл,  Алматы  қаласындағы 

«Мен  жастарға  сенемін»  атты 

патриоттық формуға«Ұлан» тобы 

болып  қатысқан  болатынбыз. 

Фестивальдің  гала-концерті  сағат 

11:00  де  жоспарлаған.  Соған  дейін 

үлгеріп  банкоматка  барып  ақша 

түсіріп аламыз деген ой болды. Ал-

матыны  білмегесін  карта  арқылы 

бонкаматты іздеп шықтық. Адасып, 

таба алмай біраз уақыт жүріп тауып, 

өкпемізді қолға алып жүгіріп келсек 

концерт  басталып  кеткен,  3-інші 

болып  шығатын  болған  біздер  18-

інші болып шығып әнімізді ентігіп 

орындап  болған  соң  әбден  күліп, 

ақыры сол сайыстан жүлделі үшінші 

орынмен  оралдық.  Осы  қызықты 

оқиға есімде қалыпты.

3)  Талапкерлерге,  студенттерге 

айтарым  өз-өздеріңді  көрсетіп, 

оқып жатырған мамандықтарыңды 

жақсы  меңгеріп,  білікті  иесі 

болыңдар  дегім  келеді.  Универси-

етке тілегім арықарай дамып, Аты-

рауда  осындай  мықты  универси-

тет бар екен деп басқа қалалардағы 

талапкерлер іздеп келіп түсетіндей 

дәрежеге жетсін деймін. 

Қуаныш ҚАШҚЫЛДЫҚОВ, 

биология мамандығы:

1) Жалпы, университетке келген 

кездегі сезім ерекше, қаланы дұрыс 

білмейтін,  ауылдан  келген  қара 

домалақ  балаға  бұл  жердің  тыл-

сым қыр-сырларын білу қызықты 

да,  қорқынышты  болды.  Бірақ 

уақыт  өте  келе  үйренісіп  кеттім 

Мен  үшін  жаңа  бастамалардың, 

мүмкіндіктердің  негізі  болған 

осы  университет  деп  айтсам  бо-

лады. Өйткені, бұл жерге келгенде 

жаңа  орта,  достар  тауып,  жаңа 

дүниелермен таныстым. 

2)  Студенттік  кезде  қызықты 

оқиғалар  өте  көп  болды.  Себебі, 

шүкір  достарым  көп,  солардың 

ортасында жүріп талай қызықты 

оқиғаның  кейіпкеріде,  куәсі  де 

болдым. Кезекті бір концерте до-

сым өнер көрсететін болды, оған 

пушка қажет болып, көмек ретінде 

пушканы музыкант ағайдан сұрап 

алдым.  Ол  кісі    удлинительмен 

бірге  ал  деп  кабинетінің  кілтін 

берді. Кабинетке кірсем екі удли-

нитель  жатыр  екен  мен  пушка-

мен бір удлинительді алып тоққа 

қосқаным сол еді, от шығып түтін  

болып кетті. Мен есім шығып не 



БІЗДІҢ ТҮЛЕКТЕР

Биыл университетімізді 137 магистрант, 1635 студент тәмәмдамақшы

олардың 105 үздік диплом иегері атанып отыр. 

Айта кетсек, түлектеріміз дипломдарын салтанатты 

түрде 5 шілде күні қолдарына алмақ. Студенттік өмірлерін 

артқа тастап, маман иесі атанғалы отырған  белсенді 

түлектерімізбен сұхбаттасқан болатынбыз:

1) - Университетке алғаш келген кезіңіз есіңіздеме?

2) - Студенттік шағыңыздағы ең қызықты, есте 

қалатын  оқиғаңызбен бөліссеңіз...

3) - Талапкерлерге, университетімізге тілегіңіз?

13

істерімді  білмей,  біраздан  кейін 

тоқтан  суырып    пушкны  жинап 

орынына  қойып  кеттім  ешкімге 

айтпай. Бір ай өткенен кейін му-

зыкант ағай біліп, Қуаныш пуш-

каны бүлдіріпсің ғой деді, Сол кезде 

мойындап  кешірім  сұрадым.  Бұл 

оқиғаны қазір қызықты сәттердің 

бірі реттінде еске аламыз.

3 )   Б и ы л ғ ы   т а л а п к е р л е р г е 

т і л е й т і н і м   м а м н д ы қ т а р ы н 

жақсы  меңгеріп,  сонымен  қатар 

студенттік  өмірлерін  қызықты 

өткізу  үшін  қоғамдық  шараларға 

белсене  араласып,  жан-жақты 

қ ы р л а р ы н а н   т а н ы л ы ң ы з д а р 

дегім келеді. Қара шаңырағымыз 

университетіміз  одан  әрі  дамып 

өркендей берсін.



Несібелі Есілханқызы, орыс 

тілі мен әдебиеті мамандығы:

1 )   Ә р и н е   е с і м д е ,   т а м ы з 

айының соңында құжаттарымды 

тапсыруға  келген  болатынмын. 

Келесі  күні  бізді  факультетке 

қабылданған  1  курс  студентерін 

136  аудиторияға  жинап,  декан, 

кафедра меңгерушісі барлығы оқу 

процесін  түсіндірген  болатын. 

Алғашқы  кезде  қазақ  мектебін 

б і т і р і п   к е л г е н д і к т е н   о р ы с ш а 

сөйлеуге  ұялатын  едім.  Кейін 

бұл  комплексімді  жеңдім.  Мен 

алғашында университете оқудың 

жауапкершілігін түсінбедім, әбден 

қазір 4 курста түсініп жатырмын 

маңыздылығын. 

2)  1  курста  түрлі  спорттық 

шараларға,  дебаттарға  қалмай 

қатсып  жүруге  тырыстым.  Ең 

қызықты сәттерім осы шараларға 

қатысқаным және волонтер(ерікті) 

болып облыстық, республикалық, 

халықаралық  дәрежедегі  шара-

ларда  төбе  көрсеткенім  деп  са-

наймын. 3 курстың 2 семестрінде 

Ресейдегі  Қалмақ  мемлекеттік 

университетіне  академиялық 

ұтқырлықпен  оқуға  барған  бо-

латынмын,  сол  жақта  велоси-

педтен  құлап,  ауруханаға  түсіп 

өмірімде  бірінші  рет  ота  жа-

сап,  оқытушылар  студенттер 

бәрі  алаңдап  дүр  сілкінген  бола-

тын.Осы оқиға студенттік кездегі 

қызықты сәт болып есімде қалды.

3)  Биыл  түсетін  және  оқып 

жатырған  студенттерге  айта-

р ы м   л а й ы қ т ы   у н и в е р с и т е т і 

таңдадыңыздар.  Өйтекені,  біздің 

университетте  квалификаци-

ясы жоғары оқытушылар өте көп, 

олар сіздердің білікті маман иесі 

болуларыңызға көп көмегін береді 

дегім  келеді.  Университетіміз 

ары қарай дамып, жетіле берсін.



Нұрхан ШАУҚАРОВ, 

қаржы мамандығы:

1)  Есімде,  шортикпен  келіп, 

айқай  естіп  алған  болатынмын. 

Поточный  аудиторияға  келіп 

группаластарыммен таныстым.

2) Қызықты сәттер көп болды. 3 

курста Алматы қаласына «Enactus 

Kazakhstan»  жобасына  барған 

болатынбыз.  Жобаға  дайындық 

ретінде поезд станцияға тоқтаған 

сайын,  біз  түсіп  қатар-қатар  

тізіліп  тұрып,  баяндамамызды 

айтып  беріп  отырдық.  Басында  

ыңғайсыздық болды, бірақ бұның 

көп  көмегі  тиді.  Барлығы  фото, 

видеоға  түсіріп,  қызығушылық 

танытып жатты.

3 )   С т у д е н т т е р г е   а й т а р ы м 

біздің  университет  жан  –жақты 

дамыған  сондықтан  біліммен 

қ а т а р   ә р т ү р л і   ( с п р о т ,   ө н е р ) 

қырларыңнан  танылаңдар  дегім 

келеді.Оған  біздің  университете 

мүмкіншілік  көп.  Унивеситетке 

тілегім өркендей берсін, салынып 

жатырған стадион т.б құрлыстары 

іске  қосылып,  Қазақстандағы 

алдыңғы  қатврлы  университетің 

бірегейі атансын.

Айкенже ЖАСҰЛАНОВА, 

специалист экология:

1)  Я  вообще-то  не  планировала  

оставаться в Атырау. Я не думала, 

что  поступлю  в  Атырауский  го-

сударственный  университет.  Но 

сложилось так, что я уже здесь. И 

потом со временем я привыкла ко 

всему.  Общалась  с  одногруппни-

ками и преподавателями. Оказа-

лось,  что  они  все  великолепные 

люди. Я хотела жить как студент, а 

не просто существовать. Поначалу  

я училась   на коммерческом отде-

лении. Поэтому я усердно училась. 

Потом  получила  государствен-

ный грант. Участвовала во многих 

конкурсах и была членом команды 

Энактус.  Я  выезжала  во  многие 

города Казахстана -   меня спон-

сировал  университет.  Универси-

тет дал мне очень много возмож-

ностей.  И  я  не  сожалею,  что  по-

ступила сюда.

2)  В  моей  студенческой  жизни 

очень  много  интересных  исто-

рий. Я  рас-скажу вам одну из них. 

Лето 2016 года. Когда я окончила 3 

курс, меня позвали в летний ла-

герь в  Актау. А потом пригласили  

в  Астану  тоже  в  лагерь.  И  тогда 

я  отмечала  свое  двадцатилетие 

в  кругу  совсем  незнакомых  лю-

дей. И, знаете,  эти люди сделали 

мне сюрприз: накрыли  стол, ку-

пили цветы. Это осталось в моей 

памяти.


3)  Я  хочу  сказать  что    студент 

должен жить так, чтобы его сту-

денческая  жизнь  была  запоми-

нающейся.  Воплотите  все  ваши 

мечты! Желаю успеха! Везде уча-

ствуйте, живите, пробуйте все то, 

что  жизнь  вам  дала.  И  конечно 

же,  благодарю  университет,  что 

всегда поддерживает молодежь.



1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал