№4 (76) 5 шілде 2017 жыл Талапкер 2017 Абитуриент



жүктеу 428.65 Kb.

бет2/5
Дата14.09.2017
өлшемі428.65 Kb.
1   2   3   4   5

етіп алған журналистер қауымы бүгінгі таңда 

көбеюде, оған дәлел ретінде университетіміздің 

журналистика мамандығының студенттері 

дайындаған жазбаларын ұсынамыз.

Бетті дайындаған: Малика Такежанова медиа-қызмет орталығының тілшісі

Құттықтаймыз!

Құрметті, университетіміздің 

журналист қызметкерлері 

мен болашақ журналист ма-

мандары! Сіздерді, БАҚ 

өкілдері күнімен шын жүректен 

құттықтаймыз! Жазарларыңыз 

көп, қаламдарыңыз қуатты

сөздеріңіз өтімді, еңбектеріңіз 

жемісті болсын! Шабыт пен 

шығармашылық табыс тілейміз!

Университет басшылығы



Пікірсайыс

5

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

Ғарифолла Әнес 

«Құрметті профессор» 

атанды

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау 

мемлекеттік университеті Ғылыми 

кеңесінің кеңейтілген отырысы бо-

лып өтті.

Ғылыми  кеңес  жұмысын  Аты-

рау  университетінің  ректоры,  хи-

мия  ғылымдарының  докторы, 

профессор Абзал ТАЛТЕНОВ ашып, 

кеңейтілген  кеңестің  шақырылуы 

себебін  түсіндіріп  берді.  Ғылыми 

кеңес  мүшелерінің  шешімімен 

«Арыс»  қорының  президенті, 

« А р ы с »   б а с п а с ы н ы ң   д и р е к -

торы,  Халықаралық  «Қазақ  тілі» 

қоғамының  вице-президенті, 

филология  ғылымдарының  док-

торы, Атырау облысы, Құрманғазы 

ауданының тумасы Ғарифолла Әнес 

Атырау университетінің «Құрметті 

профессоры»  атағына  ұсынылған 

болатын. Бүгінгі Ғылыми кеңестің 

кеңейтілген  отырысында  ғалымға 

«Құрметті  профессор»  сертифи-

каты  мен  мантиясы  салтанатты 

түрде  табыс  етілді.  Ғылыми  кеңес 

мүшелері,  профессорлар  Қадыр 

ЖҮСІП,  Аққали  АХМЕТ  және  Со-

фия  САҒЫНДЫҚОВАЛАР  сөз  алып 

Ғарифолла  ӘНЕСТІҢ  ғылымға, 

әдебиетке және де баспа ісіне сіңірген 

еңбектері  мен  жақсылықтарына 

толықтай тоқталып, алға қарай да 

ғалымға шығармашылық табыстар 

тіледі. Одан соң, сөз кезегі «Арыс» 

қорының  президенті,  «Арыс» 

баспасының  директоры,  фило-

логия  ғылымдарының  докторы, 

Х.Досмұхамедов  атындағы  Аты-

рау  мемлекеттік  университетінің 

құрметті  профессоры  Ғарифолла 

ӘНЕС  ағамызға  беріліп,  ол  кісі 

жиналған  барша  кеңес  мүшелері 

мен  қонақтарға  алғысын  айтып, 

болашақ жоспарларымен, ойлары-

мен бөлісті.



Сағынбек АРОНОВ,

баспасөз  хатшысы

Атырау 

университетіндегі 

жыр кеші

Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік 

университетінің профессор-оқытушылар құрамы 

мен студенттер қазақтың белгілі қаламгерлері, 

Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лау-

реаты, ақын-драматург Серік ТҰРҒЫНБЕКОВПЕН 

және  ҚР еңбегі сіңген қайраткер, дүние жүзіне 

аты мәлім жазушы Сабит ДОСАНОВПЕН кездесті.

С а л т а н а т т ы   к е з д е с у   ш а р а -

сын  Атырау  университетінің 

қ а з а қ   т і л і   м е н   ә д е б и е т і 

кафедрасының  профессоры,  фи-

лология  ғылымдарының  док-

торы  Қадыр  Жүсіп  ашып,  кезде-

суге  қатынасушыларды  ақын-

драматург Серік ТҰРҒЫНБЕКОВТЫҢ 

шығармашылығы  мен  өмір  жол-

дары  туралы  толықтай  таны-

стырды.  Одан  соң,  сөз,  жазушы 

Сабит  ДОСАНОВҚА  беріліп,  ол  өз 

кезегінде тыңдармандарға бүгінгі 

кештің  мақсаты  мен  маңызын 

түсіндіріп,  залда  отырған  жа-

старды елін сүюге, адал еңбек етуге, 

туған  халқының  мәдениеті  мен 

әдебиетін  құрметтеуге  шақырды. 

Кеш  қонақтарының  қалауымен 

бүгінде республикамызға танымал 

болып жүрген жас ақындар, Атырау 

университетінің  түлектері  Әлия 

ДӘУЛЕТБАЕВА  мен  Бақытгүл  БА-

БАШТАР сөз алып, тыңдармандарға 

арнап  өздерінің  әсем  жырларын 

оқыды. Кездесу соңында универ-

ситет студенттері ақын өлеңдерін 

жатқа  оқып,  оларға  өздерінің 

жүрекжарды жырларын арнады. 



Сағынбек ЖЕҢІСҰЛЫ,

баспасөз хатшысы

Қазақтың Татьянасы білім ордасында қонақта

Қазақ  тілінің  қадір-қасиетін 

жан-тәнімен  сезіне  білген  Та-

тьянаны  қазақ  елі  жақсы  көреді. 

Кезінде  үш  Татьяна  болып  сахнаға 

шығып,  көрерменнің  көзайымына 

айналған  үштіктің  бірі,  сахнасы 

мен домбырасын қолынан бір сәтке 

де  тастамағаны  да  осы  -  Татьяна 

Бурмистрова.  Татьяна  ханымның 

тағы бір ерекшелігі әрдайым үстіне 

оюланған, қазақтың әсем, көз тартар 

кәжекейін киіп жүреді. Бұл - қазақ 

еліне деген сыйластығы мен өз еліне 

деген патриоттық сезімі деп білемін. 

У н и в е р с и т е т   ү л к е н   з а -

лына  жиылған  студенттер  мен 

о қ ы т у ш ы ,   қ ы з м е т к е р л е р д і ң 

қолпаштауымен  сахна  төріне 

шыққан  Татьяна  -  қазақтың  қара 

домбырасымен  бірнеше  халық 

әндерін нақышына келтіре орын-

дады.  Әсем  даусымен  тамыл-

жыта  шырқаған  әндері  әуелеп, 

жиылған  жандардың  құлағының 

құрышын  қандырғандай  әсерде 

болды.  Бірнеше  сағатқа  созылған 

әсем  кеш  әдемі  әуендермен,  тәтті 

естеліктермен  өтті.  Сахнада  ән 

айтып қана қоймай, жас ұрпаққа, 

болашақ жас мамандарға өзі жүріп 

өткен өмір жолдарын мысалға ала 

отырып білген ақыл-кеңестерімен 

бөлісті. «Қыз бала - жат жұрттық, 

ата-анасының  айнасы,  болашақ 

а н а » - д е п   қ ы з д а р ы м ы з ғ а   д а 

арналған біраз ойларымен бөлісіп, 

аруларға  арналған  әндерін  де 

шырқап өткен болатын.

Әдемі басталған кешіміздің соңы 

Татьяна ханыммен естелік фотоға 

түсумен аяқталды.  



Арайлым НАРЕШОВА,

медиа-қызмет маманы

Университетіміздің 

қонағы - Татьяна 

БУРМИСТРОВА ұлты 

орыс болса да, дархан 

қазақ жерінде кіндік 

қаны тамып, бала 

кезінен ұлттық аспа-

бымыз - домбыраны 

қолына алып, қазақша 

ән салған дарынды жан.

Бізде қонақта

6

ИННОВАЦИЯ 

Алты кілт-алтын кілт

Жоба  мақсаты  –  Атырау  облысы 

кәсіпкерлерімен  байланыс  ор-

нату;  жаңа  бизнес-идеяларды 

іздеуді  студенттерге  үйрету  және 

идеяларды  генерациялау;  уни-

верситет  қабырғасында  жүріп 

жаңа кәсіп ашу үшін студенттерге 

біліктілік дағдыларын үйрету, тап-

сырмалар  арқылы  студенттерге 

кәсіпкерлікпен  айналысып  көруге 

жағдай жасау; жаңа бизнес-идеяны 

қаржыландыру және университет та-

рапынан қаржылай, психологиялық 

және біліммен қолдау көрсету. 

И н н о в а ц и я л ы қ   и д е я л а р 

турнирінің  алғашқты  отыры-

сына университеттің Бірінші про-

ректоры,  стратегиялық  жоспар-

лау  және  халықаралық  байланы-

стар  жөніндегі  проректоры,  жоба 

идеясының  авторы  Шилібекова 

Айгерім  Сенбекқызы  қатысып, 

жобаға  қатысушы  студенттерге 

алғысын білдіре отырып, жоба ту-

ралы  мағлұмат  берді.  Көптеген 

қызықты  деректермен  бөлісіп, 

сұрақтарға  белсенді  жауап  берген 

студенттерге сыйлық ұсынды. Со-

нымен  қатар  студенттер  тарапы-

нан қойылған сауалдар да ескерусіз 

қалмады.


Кездесуден соң қатысушылар алты 

командаға  бөлініп,  адами  ресур-

старды дамыту бөлімінің басшысы 

Зумрат  СҰЛТАНОВАНЫҢ  «Топта 

жұмыс жасау» семинар-тренингіне 

қатысып,  1 аптаға тапсырмаға алды. 

Әрбір  топқа  1  қаламнан  берілді. 

Бір апта ішінде сол қаламды  топ-

тар құнды нәрселерге алмастыруы 

қажет.  Қаламды  ең  құнды  затқа 

алмастырған  топ  жеңіске  жетеді 

және топ қатысушылары  кілттерге 

ие  болады.  Жеңіске  жеткен  құнды 

зат және барлық құнды заттар биз-

нес-инкубатор  қорына  тапсыры-

лады.


Жоба  барысында  6  апта  бойы 

мамандардың  инновация,  биз-

нес,  көшбасшылық,  маркетинг, 

топта  жұмыс  жасау,  келіссөздер 

жүргізу  тақырыптарындағы  се-

м и н а р - т р е н и н г к е   қ а т ы с ы п , 

біліктілік  дағдыларын  үйренген 

қатысушыларымыз жүлде иегерлері 

атанып,  сертификаттармен  ма-

рапатталып,  сәтті  аяқтап  шықты. 

Жобаның жабылу салтанаты 8 ма-

усым күні болып өтті. Алғашқы бо-

лып сөз сөйлеген университет рек-

торы, химия ғылымдарының док-

торы,  профессор  Абзал  ТАЛТЕНОВ: 

«Барлық  қатысушыларды  жобаны 

сәтті аяқталуымен құттықтаймын! 

Қыздар  мен  жігіттердің  жобалары 

сәтті  дайындалып,  жақсы  көрініс 

тауып жатса, біз, университет аты-

нан  қолдауға  әрқашан  дайынбыз. 

Бизнес саласы бойынша жоспарлар 

өте  көп.  Сондықтан  бүгінгі  күні, 

міне  арнайы  орындарға  қаражат 

бөліп отырмыз. Қатысушыларға тек 

сәттілік  тілеп,  алға  баса  беріңдер 

деймін,»  -  деп  өз  сөзінде  ар-

найы  дайындалған  ұтыстарды 

атап өткен болатын. Әрі қарай сөз 

кезегін  жалғаған  университеттің 

бірінші  проректор  -  стратегиялық 

жоспарлау және халықаралық бай-

ланыстар  жөніндегі  проректоры, 

жоба  идеясының  авторы  Айгерім 

ШИЛІБЕКОВА өз сөзінде: «Бұл жо-

баны «Алты кілт-алтын кілт» деп 

атадық, әрі ол- университетіміздің 

жаңа  өнімі  болып  табылады. 

Сондықтан  әр  ақпаратты  газет-

тер мен сайттарғабөлісіп таратып, 

көпшілікке  жариялап  отырдық. 

Ә л е м н і ң   а л д ы ң ғ ы   қ а т а р л ы 

университеттерінің тәжірибелеріне 

қарасақ,  оларда    да  осындай 

кәсіпкерлікке  баулу  жобалары  бар. 

Сол  себептен  бүгін  міне,  біз  де 

олардың деңгейіне жетіп отырмыз. 

Басқа  оқу  орындарындағы  жобаға 

қатысушылар дайын идеямен келеді. 

Ал  бұл  жобада  біз  идеяны  қайдан 

табу керек, қалай дамыту керек соны 

үйретеміз. Бизнес жоба туындата-

мыз, оны жетілдіріп, оның жүзеге 

асуырылуына септігін тигіземіз»,- 

деп айтқан болатын. 

Аталмыш  жоба  36  студент-

қ а т ы с у ш ы м е н ,   о қ у д а н   т ы с 

уақытта,  яғни  сенбі  күні  өтетін 

болып,  өз  жұмысын  бастаған  бо-

латын.  Бүгінгі  күні  5  топ  болып, 

жабылу  салтанатында  өз  жобала-

рын  таныстырып,  қорғап  шықты. 

Атап  айтқанда  3-орынды  иелен-

ген  -  «Жас  кәсіпкер»  командасы 

200  000  теңгелік,  ал  2-орынды  – 

«Stars»командасы 300 000 теңгелік 

ұтыс  сертификатымен  марапат-

талды.  Ал  1-орынға  дайындалған 

500 000 теңге көлеміндегі ұтыстың 

иегері  -  «APL»  командасы  болды. 

Сондай-ақ  қатысушылар  әр  апта 

сайын  орындалған  тапсырма  үшін 

құны 5000 теңгелік болып табылатын 

кілттердің сертификаттарын алды. 

Жоба аясындағы «Ең үздік блогер» 

номинациясы  бойынша  3-орынды 

– Марина АМАНЖОЛОВА, 2-орынды 

– Орынай СӘКЕНОВА, ал 1-орынды – 

Алтынай СӘЛІМГЕРЕЙҚЫЗЫ иеленді. 

Сондай-ақ «Ең үздік фото-блогер» 

номинациясының  2-орынымен 

Райымбек ҚАДЫРҒАЛИЕВ, ал 1-оры-

нымен  Айдос  КАРИМОВ  марапат-

талды. Жобаның салтанатты жабылу 

шарасы  Қуаныш  ҚАШҚЫЛДЫҚОВ 

пен  Жолдас  ҮСЕНҒАЛИЕВТЫҢ 

орындауындағы  жобаның  әнұраны 

болған әнмен аяқталды.



Малика ТАКЕЖАНОВА,

медиа-қызмет 

орталығының тілшісі

Ағымдағы жылдың сәуір айында Х.Досмұхамедов атындағы 

Атырау мемлекеттік университетінде студенттерді кәсіпкерлікке ба-

улу және жаңа бизнес-идеялар табуға арналған «Алты кілт – Алтын 

кілт» инновациялық идеялар турнирі жобасы бастау алған болатын.

7

ТУҒАН ЖЕР

Сармат тарихына жаңа 

деректер қосылды

«Гуманитарлық ғылымдар және шетел тілдері» 

факультетінің «Тарих» мамандығының 1 курс 

студенттері 5 маусым күні Қызықоға ауданы  

«Қарабау» ауылының қасында орналасқан сармат 

кезеңінің қорғандарына археологиялық тәжірибе 

өткізу мақсатында аттанып кеткен болатын.

Күні  кеше  яғни,  11  маусым  күні  қазба  жұмысы  барысында  шамамен 

б.з.д.  2  ғасырға  жататын  сармат  кезеңінің  ескерткішін  ашу  кезінде  ер 

және әйел адамдардың мүрделері, қыш құмыра, қола айна (диаметрі 20 

см), ақық (сердолик) моншақтар, жапсырма (алтынға ұқсайтын сары ме-

талдан дайындалған), жебе ұштары табылды.

Тәжірибе  жетекшісі  «Археология»  оқу-ғылыми  зертханасының 

ғылыми қызметкері т.ғ.к., археолог Марат КАСЕНОВ: «Бұл жерде сармат 

тайпасының қорымы болуы мүмкін. Өйткені өз тәжірибемде екі мүрденің 

қатар жерленуін алғаш кездестіріп отырмын. Бұл қорғанды зерттеуді әрі 

қарай жалғастыруымыз қажет!»- деп қорытындылады. 

Жалпы Қызылқоға ауданындағы ескерткіштермен бұрын да жұмыстар 

жүргізіліп  келді.  2005  жылы  осы  қорғандардың  маңында  орналасқан 

«Жолайшағыл» ескерткішінен сармат кезеңінің  «Алтын әйелі» табылған 

болатын.

Тәжірибеге  қатынасып  жүрген  1  курс  студенті  Дана    МҰРАТОВА  қазба 

жұмысы туралы өз пікірін  былайша білдірді: «Менің болашақ тарихшы 

ретінде алған тәжірибем өте көп. Бұрын кітаптан оқып қана білген та-

рихи деректерді өз қолымызбен ұстап көргеннің жолы бір бөлек екен. Бұл 

күндер мен сияқты студенттер үшін әсерлі өтті».

Осылайша археологиялық білімдерін тәжірибе жұмыстарымен шыңдап 

жүрген  бір топ тарихшы-студенттер 14 маусымда ортамызға оралды.



Әния ЕРМАҒАМБЕТОВА

Халықаралық көрмеге саяхат

Әсем қала Астанаға барған  студент-

тер  мен  профессор-оқытушылар 

құрамының  көрме  туралы  ойлары 

мен пікірлері өте тамаша. 

- «Атырау-Астана» бағытындағы 

жүрдек поезд Астанаға жетіп, ЭКСПО 

қалашығына табан тіреп, билетімізді 

көрсетіп, тексеру-бақылау бекетінен 

өткен  соң,  жиырма  бес  гектар 

аумақты  алып  жатқан  көрмені 

араладық. 

“ Э К С П О ”   а л а ң ы н д а ғ ы   і р і 

халықаралық  павильондар  сөзсіз 

таң  қалдырды.  Елімізді  әлемге 

танытатын  8  қабаттан  тұратын 

ЭКСПО-ның басты ғимараты «Нұр 

Әлем»  сферасы  ерекеше  сезімге 

бөлейді.  Оның  бірінші  қабаты 

салт-дәстүрге  арналса,  қалған 

қабаттары  жел,  су,  күн,  ғарыш, 

биомасса, кинетикалық энергияла-

рына арналған, ал сегізінші қабаты 

болашақ Астана келбетін көз алдыңа 

бейнелейді. Сондай-ақ, Ресей, АҚШ, 

Германия,  Қытай,  Корея  сынды 

т.б. елдердің көрмелері көздің жа-

уын  алады.  Бұл  керемет  сезімді 

сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес, 

оны  тек  көзбен  көріп,  көрменің 

қатысушысы болған жағдайда ғана 

сезінуге болады.  

Әлемдік  жоба  «ЭКСПО  -  2017» 

халықаралық көрмесін тамашалаған 

студенттердің  қуанышында  шек 

жоқ.


-  Мөлдір  Ізтұрғанова:  «Теледи-

дар, әлеуметтік желідегі бейнелерді 

өз  көзіммен  тамашалағаныма 

қуаныштымын.  «ЭКСПО-2017» 

көрмесінен  алған  әсерімді  айтып 

жеткізу мүмкін емес, бәрі керемет. 

Әртүрлі  елдердің  мәдениеттерімен 

қатар  ғылымымен,  озық  техно-

логиясымен  танысуға  мүмкіндік 

бар. Осындай көрмені тамашалауға 

жағдай  жасаған  университет 

басшылығына алғысым шексіз. Бұл 

көрме  елімізге  пайдасын  тигізетін 

жобалардың  бірі  екені  айтпасада 

түсінікті» - дейді университетіміздің 

студенті ЭКСПО-2017 көрмесі туралы 

пікірінде.

 

Алтынай СӘЛІМГЕРЕЙҚЫЗЫ



Экспо - 2017

Бүкіл әлем көз тігіп тамсанған, елімізде тұңғыш 

рет, жоғары деңгейде ұйымдастырылған 

әлемдік, халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесіне 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік 

университетінен 2000 студент пен профессор-

оқытушылар құрамы 4 топқа бөлініп әсем қала 

Астанаға барып, көрмені тамашалап келген болатын. 

8

БІРЕГЕЙ ЖОБА

KIDS UNIVERSITY - 

ЖАЗҒЫ МАУСЫМЫ АЯҚТАЛДЫ

ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫМНЫҢ 

ОН КҮНІ

Б и ы л ғ ы  

ж а з ғ ы 

демалысымның  алғашқы 

он  күні  ерекше  басталды. 

Бұған  дәлел,  «Балала-

лар  университетіне» 

оқуға  қабылданып  сту-

дент  атандым.  Бұл  мен 

үшін  күтпеген  қуаныш 

еді,  қандай  тосын  сый 

осы  шараның  ашылу 

салтанатының жүргізушісі 

б о л д ы м .   А л ғ а ш ы н д а 

әрине,  толқып,  бойымды 

қорқыныш  биледі.  Бірақ, 

өз-өзімді  әбден  дайындап, 

Нұрхан  ағамен  бірге  ашылу 

салтанатының шымылдығын аштық. 

Балалар  университеті  туралы  мен 

анамнан  естідім  және  оған  жазғы 

демалысыңда барып қатысып, үлкен 

білім ордасында білім аласың дегенде,-

сол күнді асыға күттім. Біз бұл жерде 

бірнеше сабақтар оқып, көп нәрселер 

үйрендік. Әсіресе, маған сурет, 

графика,  дизайн  сабақтары 

қатты  ұнады.  ЭкоLaife-

сабағында  Жайық  өзеніне 

бардық. Өзеннен алынған 

с у д ы   л а б о р а т о р и я ғ а 

ә к е л і п   з е р т т е у л е р 

жүргіздік.  Әр  сабақтың 

өз  ерекшелігі  бар.  Бұл 

жерден  өзіме  жаңа  до-

стар таптым. Барлығымыз 

бір-бірімізбен  тез  тіл  та-

бысып,  достасып  кеттік. 

Балалар  университетінің 

ұйымдастырушыларына, 

ұ с т а з д а р ы м ы з ғ а , 

тәлімгерлерімізге және мені осы оқуға 

алып келген анама алғыс білдіремін.

Аружан АМАНГЕЛДИЕВА,

Атырау қаласы

С.Датов атындағы 

№ 26 орта 

мектептің 5 сынып оқушысы

ҚЫДЫРЫП КЕЛІП - 

СТУДЕНТ АТАНДЫМ

Жазғы демалысымды қалада 

өткізгім  келді.  Қалада  жез-

дем  мен  апам  тұрады. 

Апатайымның  айтуы-

мен мен Х.Досмұхамедов 

а т ы н д а ғ ы   А т ы -

р а у   м е м л е к е т т і к 

у н и в е р с и т е т і н е н 

а ш ы л ғ а н   « Б а л а -

лар  университетіне» 

оқуға  келдім.  Бойым 

кішкентай,  ауылдан 

келген қара бала болсам 

да, қалалық студент атан-

дым.  Сабақ  басталғаннан 

бері бір жалыққан емеспін. 

Әр күні әр түрлі сабақтар, әр 

түрлі тапсырмалар. Мұнда өте 

қызықты, әрі көңілді. Ұстаздарымыз 

барлығымызға бірдей қарайды, кей 

жерлерін түсінбесек сұрап аламыз. 

Ағылшын тілінен өткен фестиваль 

маған  қатты  ұнады.  Вокаль,  ха-

реография  сабақтарындағы 

апайлар  біздерге  қиын 

болсада  әрбір  қимылды 

ү й р е т у г е   т ы р ы с т ы . 

Маған  барлық  сабақта 

ұнады.  Қалалық  ба-

л а л а р м е н   д о с т а -

с т ы м .   А п а й л а р ы м 

мені  кішкентайымыз 

д е п   е р к е л е т т і . 

А у ы л ғ а   б а р ғ а н д а 

бұл  жерде  өткізген 

қызықты  күндерімнің 

барлығын  достарыма 

ай тып   б еремін.   Осы 

уақытта  сабақ  берген 

барлық  ұстаздарыма  алғыс 

білдіремін. 



Радмир ЖАҢБЫРБАЙ, 

Құрманғазы ауданы Нұржау 

орта мектебінің 

4 сынып оқушысы

1 маусым - Балаларды қорғау күні қарсаңында Х.Досмұхамедов атындағы 

Атырау мемлекеттік университетінде Балалар университетінің екінші мау-

сымы басталған болатын. Балалардың білімге деген құмарлығын дамытуға 

көмектесетін,  қалыпты  мектептен  өзгеше  оқыту  әдістемесін  ұсынатын 

бірегей жобаның басты мақсаты мектеп оқушыларының жазғы демалы-

сында айналасындағы бейтаныс ақпараттарға деген қызығушылығын оя-

тып, креативті ойлауын дамытатын инновациялық жобалардың бірі бо-

латын. Балалар білімнің саналуан саласымен танысып, оларды ойын фор-

масында зерттейтін болады. 

10  маусым  «Балалар  университеті»  бүлдіршіндері  үшін  тамаша  күн 

болды. Бұл күннің ерекшелігі он күн бойы профессор-оқытушылардан тәлім 

алған,  көп  нәрсені  үйреніп,  бір-біріне  дос  та  тауып  үлгерген  кішкентай 

студеттеріміз оқуларын аяқтады.

Балалар университеті жазғы маусымының жабылуына арналған салта-

натты кешті Атырау мемлекеттік университетінің бірінші проректоры - 

стратегиялық жоспарлау және халықаралық байланыстар жөніндегі про-

ректоры Айгерім CЕНБЕКҚЫЗЫ мен студент Нұрхан ШАУҚАРОВ ағылшын 

және қазақ тілдерінде жүргізді. Шара университетіміздің ректоры Абзал 

Ахатұлының құттықтау сөзімен басталып, өз жалғасын тапты. 

Балалар  университетінің  ректоры  Орынгүл  Абилова  сөз  алып,  барлық 

қатысушыларға алғыс айтып, осы жобаның ашылуына тікелей ықпал ет-

кен университетіміздің бірінші проректоры - стратегиялық жоспарлау және 

халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Айгерім ШИЛІБЕКОВА ата-

аналар атынан үлкен алғысын білдіріп, осы уақыт ішінде балалармен бірге 

жүрген оқытушылар мен еріктілерге алғыс хаттарын табыстады.  Балалар 

университетінің барлық студенттеріне диплом табысталды. Шара бары-

сында «Балалар университеті» студенттерінің орындауында ән шырқалып, 

би де биленді. Кеш соңында жоба қатысушылары естелік суреттерге түсті.

Арайлым НАРЕШОВА,

медиа-қызмет орталығының маманы


9

БІРЕГЕЙ ЖОБА

Жазғы 

лагерь

4 маусымда ашылу салтанаты 

өткен «English is Great» фестивалі 

10 маусымда аяқталды.

Атырау мемлекеттік университеті «English for success» 

атты  жоба  аясында  «Теңізшевройл»  компаниясының 

қолдауымен  Британдық  Кеңеспен  бірлесе  отырып,  аз 

қамтылған отбасы балалары мен алыс аудандардағы ба-

лалар үшін жазғы лагерь ұйымдастырған болатын.

Аталмыш лагерьге Құлсары және Атырау қалаларынан 

жолдама алған 19 оқушы қатысты. Лагерь ағылшын тілін 

дамыту мақсатында болғандықтан, бастан-аяқ ағылшын 

тілінде  жүргізілді.  АҚШ,  Ұлыбритания,  Малайзиядан 

келген  еріктілер  лагерь  барысында  Мариана  Ван  Граан 

таңертеңгі  сағат  9:00  мен  12:00  арасында  интенсивті 

ағылшын  тілі  сабағын  жүргізді.  Сондай-ақ  Молли  ИМ-

МЕРЗИЛ егінде тұратын қарақшылардың бейнесін қолдан 

жасатып,  фотоға  түсірудің  қыр-сырын  үйретсе,  Джин 

ДЖИЛ  тоқыма  тоқу  шеберліктерін  өткізді.  Британдық 

Кеңес  тренері  Линда  Смарт  және  ерікті  Тони  МЭЙСОН 

қатысушыларға  арналған  көптеген  танымдық  ойын-

дарын  ойнатты.  Тағы  бір  айта  кететіні,  жазғы  лагерь 

оқушыларының «Caspian club» демалыс орнына баруы-

мен ерекшеленді.

Лагерь маусымының жабылуына арналған салтанатты 

кешті Атырау мемлекеттік университетінің бірінші прорек-

торы - стратегиялық жоспарлау және халықаралық байла-

ныстар жөніндегі проректор Айгерім ШИЛІБЕКОВА мен сту-

дент Нұрхан ШАУҚАРОВ жүргізді. Шара университетіміздің 

ректоры Абзал ТАЛТЕНОВТЫҢ құттықтау сөзімен баста-

лып, әрі қарай лагерь оқушыларының ән айтып, флеш-

моб билеп, шағын көрме ұйымдастыруымен жалғасты.



1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал