№4 (76) 5 шілде 2017 жыл Талапкер 2017 Абитуриент



жүктеу 428.65 Kb.

бет1/5
Дата14.09.2017
өлшемі428.65 Kb.
  1   2   3   4   5

№ 4 (76)

5 шілде 2017 жыл

Талапкер 2017 Абитуриент 

Университетке тусу туралы ақпаратты 

15-16 беттен оқи аласыздар!

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік 

университетінің 2017 жылғы түлектерін 

жоғары оқу орнын бітірулерімен шын жүректен 

құттықтаймыз! 


2

РЕСМИ

Халықаралық байланыс

Ғылым қорының 

байқауы

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік 

университетінің Ғылыми кеңес залында Қазақстан 

Республикасының Білім және ғылым министірлігі 

ғылым комитетінің атынан Заң нормалары 

мен Ережелерін түсіндіру мақсатында «Ғылым 

қоры» жобасының координаторлары универ-

ситет профессорларымен  кездесу өткізді.

 

Кездесуде «Ғылым қоры» АҚ жо-

балар бойынша үйлестірушілері Ар-

ман  АШКИН  мен    Ернұр  ІЗБАСАР 

ғылыми және ғылыми-техникалық 

қызмет  нәтижелерін  коммерция-

ландыру жобаларын қаржыландыру 

туралы  толық  ақпараттар  беріп, 

түсіндіріп  өтті.  Тыңдаушылар  та-

рапынан түскен бірнеше сұрақтарға 

жауап берді.

Алтынай СӘЛІМГЕРЕЙҚЫЗЫ, 

медиа-қызмет 

орталығының тілшісі

Ғылыми ынтымақтастық

І с с а п а р   б а р ы с ы н д а   А т ы -

рау  мемлекеттік  университеті 

К а с п и й   м а ң ы   м е м л е к е т т е р і 

университеттерінің  Ассоциаци-

ясы мүшесі ретінде Гилян, Мазан-

даран  және  Ноширвани  атындағы 

технологиялық университеттерінде 

болды. Айта кету керек, Каспий маңы 

мемлекеттері  университеттерінің 

Ассоциациясы  тарихы  1996  жыл-

дан  бастау  алады.  Сапар  аясында 

аталмыш  Ассоциация  мүшелері 

И р а н   м е м л е к е т і н і ң   ж е т е к ш і 

оқу  орындарының  бірі  Гилян 

университеті мен Х.Досмұхамедов 

атындағы  Атырау  мемлекеттік 

университеті  арасында  ғылыми 

ынтымақтастық  орнату  жөнінде 

меморандумға  қол  қойылды. 

Ынтымақтастық  нәтижесінде 

екі  университеттің  ғалымдары 

бірлесе отырып, зерттеу жобаларын 

жүргізіп, ортақ мақалалар жария-

лайды деп күтілуде. 

С о н ы м е н   қ а т а р   А т ы р а у 

мемлекеттік  университеті  делега-

циясы  алдыңғы  қатарлы  жоғары 

оқу  орындарының  бірі  Тегеран 

университетін  аралап,  орталық 

кітапхана жұмысымен танысты.

Арайлым НУГМАНОВА

Университет пен 

«Теңізшевройл» 

ЖШС арасындағы 

ынтымақтастық

С о ғ а н  

б а й л а н ы с т ы 

« Т е ң і з ш е в р о й л »   к о м п а н и -

ясы  бас  менеджерінің  орын-

б а с а р ы   Д э в и д   М А К И Н Н И С 

университетіміздің оқытушылары 

мен  қызметкерлеріне  арнап  

«Баспасөз  хатшысы:  мекеменің 

жағымды  қоғамдық  келбетін 

қолдау» тақырыбында дәріс берді.

А т а л ғ а н  

д ә р і с к е 

университетіміздің оқытушылары 

мен қызметкерлері қатынасты.

«Теңізшевройл»  компаниясы 

бас  менеджерінің  орынбасары 

Дэвид  МАКИННИС  өз  кезегінде 

мекемедегі  медиақызметтің 

м а ң ы з д ы л ы ғ ы н   т ү с і н д і р і п , 

өмірлік  тәжірибелерімен  бөлісті. 

Университет  оқытушылары  мен 

қызметкерлері  дәріс  барысында 

қызықтырған  сауалдарына  жа-

уап алды.

Арайлым НАРЕШОВА,

медиа-қызмет 

орталығының маманы

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік 

университетінің бірінші проректоры – стратегиялық 

жоспарлау және халықаралық байланыстар 

жөніндегі проректор Айгерім ШИЛІБЕКОВА бастаған 

делегация Иран мемлекетіне іссапармен барды.

Атырау мемлекеттік университеті  және  

«Ынтымақ» қоры арасындағы ынтымақтастық ая-

сында  «Теңізшевройл» компаниясы еріктілерінің 

дәріс өткізу туралы келісіміне қол қойылды.

Билер соты – қазақ 

қоғамының ұлттық 

құндылығы

Міне осындай атаумен университетімізде Аты-

рау облыстық сотымен бірлескен ғылыми-

практикалық конференция өтті.

А т ы р а у   м е м л е к е т т і к 

университетінің  ғылыми  кеңес 

залында  өткен  конференцияның 

мақсаты  –  Н.Ә.Назарбаевтың 

« Б о л а ш а қ қ а   б а ғ д а р :   р у х а н и 

жаңғыру»  мақаласына  сай,  ұлттық 

құндылықтарды  насихаттау  болып 

табылады.  Конференцияға  Атырау 

облыстық  сотының  судьялары,  эко-

номика  және  құқық  факультетінің 

профессор-оқытушылар  құрамы 

мен  құқықтану  мамандығының 

студенттері  қатынасты.  Шара 

шымылдығын университет ректоры, 

химия  ғылымдарының  докторы, 

профессор  Абзал  ТАЛТЕНОВ  ашты. 

Атырау облыстық сотының төрағасы 

Марғұлан Жұбанышұлы конференция 

барысында тұжырымды ойларымен 

бөлісті. Шара барысында Гүлбаршын 

МАРДАНОВА,  Сағат  Қаламғалиұлы, 

Алтыншаш Махмеденовна, сондай-ақ 

Әділбек  ТУРДАЛИЕВ,  Губайдуллин 

Мұрат және Төлебике ҚАБДОЛЛА би-

лер  сотының  құндылығы  жайында 

баяндама жасады.

Малика ТАКЕЖАНҚЫЗЫ,

медиа-қызмет 

орталығының тілшісі


3

ТАҒЗЫМ

Жақсының жарығы 

өшпейді

Шараға  Атырау  облысы  әкімі, 

облыстық  мекеме  басшылары, 

білім  саласының  қызметкерлері, 

сондай-ақ ғалымның туыстары мен 

Х.Досмұхамедов  атындағы  Аты-

рау  мемлекеттік  университінің 

профессор-оқытушылар  құрамы 

қатынасты.

Атырау  облысы  әкімі  Нұрлан 

НОҒАЕВ: «Ардақты ағайын, бүгінгі 

өтіп  жатқан  шара  ғылым  мен 

білімнің, елдің, қоғамның дамуына 

бар  өмірін  сарп  еткен  Ғалымжан 

НҰРЫШЕВ  пен  оның  адал  жары 

ә л е у м е т т а н у   ғ ы л ы м д а р ы н ы ң 

докторы,  профессор,  танымал 

ғалым-әлеуметтанушы  Күлімхан 

Бәйкенқызы  Шөптібаева  қайғылы 

жағдайда  бақилық  болғандарына 

бүгін де міне 5 жыл өтіпті. Осыған 

орай,  Ғалымжан  ағамыздың  еске 

алуына  жанашыр  жандары  бо-

лып  жиналып  қалыппыз.  Мен  де 

Ғалекеңмен  көп  жылдар  бойы  та-

ныс  болдым,  сырлас  дос  болып, 

аға  болып  араласқанмын.  Қазақта 

«маңдайға  сыймай  кетті»  деген 

сөз бар. Сол маңдайға сыймай кет-

кен  жандардың  бірі  деп  білемін. 

Мен  Ғалымжан  Жұмабайұлы  мен 

Күлімхан Бәйкенқызының ұлы мен 

қызы  Санжар,  Гаухарға,  бауырла-

рына,  тума-туысқандарына  ұзақ 

ғұмыр  тілеймін.  Олар  жете  ал-

май кеткен армандарға ұрпақтары 

жетсін. Ғалымжан Жұмабайұлы мен 

Күлімхан Бәйкенқызының жарқын 

бейнелері  оны  білетіндердің  жа-

дында  мәңгі  сақталады»,-деп  сөз 

кезегін  алғаш  болып  бастаған  бо-

латын. 


А т ы р а у   о б л ы с ы   қ о ғ а м д ы қ 

к е ң е с і н і ң   м ү ш е с і ,   А т ы р а у 

облысының құрметті азаматы Әнес 

Бисенұлы да сөз кезегін жалғады. Ал, 

Х.Досмұхамедов  атындағы  Атырау 

мемлекеттік университетінің про-

фессоры, ақын-жазушы Жүсіп Қадір 

Өтегенұлы:  «Құрметті  әріптестер, 

б ү г і н г і   к ү н і   б і з ,   ә р і п т е с і м і з 

Ғалымжан Жұмабайұлын еске алуға 

келіп тұрмыз. Осыдан 5 жыл бұрын, 

сұм  ажал  осындай  тұлғамызды 

жұбайы  Күлімханмен  бірге  алып 

кетті.  Олар  біздің  Ақ  Жайықтың 

айдынында  қатар  жүзген  қос 

аққуымыз  еді»,-  деп  әрі  қарай  өз 

өлең шумақтарымен еске алған бо-

латын. 


Сондай-ақ,  университет  рек-

торы, химия ғылымдарының док-

торы,  профессор  Абзал  Талтенов 

өз  сөзінде:  «Құрметті  Қонақтар! 

Қ а д і р м е н д і   қ а т ы н а с у ш ы л а р ! 

Атырау  өңірінің  аяулы  перзенті 

Ғалымжан Жұмабайұлының жүріп 

өткен  өмір  жолы  біздер  үшін  алға 

ұмтылудың,  білім  мен  ғылымды 

игерудің,  адамгершілік  туын 

жоғары  ұстаудың  үлгісі  болып 

қала бермек. Өзі басқаратын үлкен 

ұжымда  ұйымшылдық,  іскерлік, 

ауызбіршілік ахуалын орнатты. Күні 

кеше  ғана  қатарымызда  жүрген 

жақсы аға, жайсаң азаматтың бүгін 

де қасымызда жоқ дегенге көңілің 

сенгісі  келмегенмен,  ақиқаты 

сол.  Мына  заманда  азайыңқырап 

кеткендей  көрінетін,  сиректеу 

кезігетін, бірегей азаматтардың бірі 

еді Ғалымжан ағамыз.

Ол  өзінің  көркем  мінезімен,  туа 

бітті біліктілігімен, терең білімімен, 

жанының  сергектігімен,  жылы 

жүзімен кісіні бірден баурап алатын. 

Халел Досмұхамедов атындағы Аты-

рау  мемлекеттік  университетінің 

профессор-оқытушылар  қауымы 

мөлшерлі  ғұмырында  жарқын 

істерімен  көпшілік  арасында 

құрметке  бөленген,  мезгілсіз 

д ү н и е д е н   ө т к е н   Ғ а л ы м ж а н 

Жұмабайұлы мен оның адал жары, 

ә л е у м е т т а н у   ғ ы л ы м д а р ы н ы ң 

докторы,  профессор,  танымал 

ғалым-әлеуметтанушы  Күлімхан 

Б ә й к е н қ ы з ы   Ш ө п т і б а е в а н ы ң 

жарқын  бейнесін  мәңгі  есте 

сақтайды»,- деді. 

Е с к е   а л у   с ө з д е р і н е н   к е й і н 

шараға  қатынасушылар  ескерткіш 

тақтаны  салтанатты  түрде  ашты. 

Шара  әрі  қарай  Х.Досмұхамедов 

атындағы  Атырау  мемлекеттік 

университетінде  ғалымды  еске 

а л у ғ а   а р н а л ғ а н   « Ж а қ с ы н ы ң 

жарығы  өшпейді»  атты  дөңгелек 

үстелмен жалғасты. Дөңгелек үстел 

барысында Ғалымжан Нұрышевтың 

ғұмырнамасымен  таныстырып, 

еңбек  жолы  мен  өмір  жолындағы 

қызықты  оқиғаларымен  бөлісіп, 

еске алды. 



Малика ТАКЕЖАНҚЫЗЫ, 

медиа-қызмет 

орталығының тілшісі

12 маусым еліміздің жоғары білім беру саласының 

дамуына зор үлесін қосқан «Құрмет» орденінің 

иегері, көрнекті қоғам қайраткері, экономи-

ка ғылымдарының  докторы, профессор, Ұлттық 

білім академиясының академигі Нұрышев 

Ғалымжан Жұмабайұлының 1995-2004 жылда-

ры тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатылды.

Саяси қуғын-сүргін 

құрбандарын еске алды

Бұл  күнде  Қазақстан  халқы  XX 

ғасырдың  30-жылдарындағы  са-

яси  қуғын-сүргін  және  аштық 

құрбандарын  еске  алады.  ХХ 

ғасырдың  30-40-жылдарындағы 

ж а п п а й   с а я с и   қ у ғ ы н - с ү р г і н 

миллиондаған  адамға  қайғы-

қасірет  әкелді.  Қазақ  халқының 

көптеген  көрнекті  перзенттері 

қуғын-сүргін  құрбандары  болды. 

Осы  кезеңдерде  елімізде  103  мың 

адам қуғынға ұшырап, 25 мың адам 

ату жазасына кесілген.

Осы  зұлмат  заманды  еске  алу 

күніне  орай  Атырау  қаласының 

Жеңіс  саябағында  орналасқан  са-

яси  қуғын-сүргін  құрбандарына 

арналған  мемориалдық  тақтаға 

гүл  шоқтарын  кою  салтанатты 

шарасына  Халел  Досмұхамедов 

атындағы  Атырау  мемлекеттік 

университетінің  ұжымы  да  бір 

кісідей қатынасты.

Сонымен  қатар,  еске  алу  күніне 

орай  Халелтану  зартханасының 

ұйымдастыруымен «Зұлмат жыл-

дар  жаңғырығы»  атты  ғылыми 

дөңгелек үстелі болып өтті.

Дөңгелек  үстел  шарасына  уни-

верситет  профессор-оқытушылар 

қ ұ р а м ы   м е н   с т у д е н т т е р і 

қ а т ы н а с т ы .   Ш а р а н ы   А т ы -

рау  университетінің  Халелтану 

зертханасының  меңгерушісі,  пе-

дагогика  ғылымдарының  канди-

даты,  доцент  Ғабит  Базарғалиев 

ашып,  жүргізіп  отырды.  Дөңгелек 

үстелде  университет  ардагер-

лер  кеңесінің  төрағасы,  тарих 

ғылымдарының  кандидаты,  про-

фессор  Шахман  НАҒИМОВ,  психо-

логия  ғылымдарының  кандидаты, 

доцент Н.Иманғалиева, педагогика 

кафедрасы зертханасының профес-

соры,  доцент  Р.Қаражігітова  және 

де  филология  мамандығының  1 

курс  студент  Заманбек  ШАКИРОВ-

ТАР  азалы  жылдардағы  алаштың 

а р д а қ т ы   а з а м а т т а р ы   т у р а л ы 

мазмұнды баяндамалар жасады. 

Сағынбек ЖЕҢІСҰЛЫ,

баспасөз хатшысы

31 мамыр - Саяси қуғын-

сүргін құрбандарын 

еске алу күні.

Қайғылы тағдыр...

Қазақы тағдыр жаңғырығыменен жаралы,

Ұғынбас ұрпақ мың түрлі сылтау табады.

Жүректі тербеп, адамшылығымды оятқан,

Қайғылы тағдыр қайғылы жырды жазады.

Қайраткерлерім не көрмед(і) мынау жалғанда?!

Құруды көрді құрдымға қарсы тұрғанда.

Алашы үшін шыңғырған талай азамат,

Қапыда қалды қырғынға қарсы тұрғанда.

Қайғылы лагерь-еңбекпен түзеу түрмесі,м

Голощекиннің өзінше мінген мінбесі.

Сонау заманда шырғалаң қылды қазақты,

Бейбіт заманда анық-ау қайтып келмесі.

Қайғылы тағдыр дәрменсіз қылды ананы,

Аштық пен суық құрбаны етті баланы.

Кебенек киген арулар жүрді қорланып,

Арқалап еді «сатқындар» деген жаланы.

Сәбилерім-ау, кіршіксіз таза сәбилер...

Тағдырын білсе, анаң да құшып әлдилер.

Алашкерлерімнің ізі боп бүгін жүрер ме ед(і)?!

Келмей де жатып қайғыны көрген сәбилер.

Қайғылы тағдыр бүгінге қалды жаңғырып,

Жаңғырып тұрып, санадан кетпеу-заңдылық.

Қуғын-сүргіннің құрбаны болған жандарды,

Ұмытпау керек...ұмытылмау керек мәңгілік! 

Назым ЖОЛДАСОВА,

журналистика мамандығының студенті


4

МЕРЕКЕ

«Қасиетті Рамазан!» турнирі

Е с т е р і ң і з д е   б о л с а ,   А т ы р а у 

мемлекеттік  университеті  «Сена-

тор» пікірсайыс клубы – университет 

деңгейінде студенттердің шешендік 

шеберліктерін,  көшбасшылық 

қасиеттері мен ұйымдастырушылық 

қабілеттерін  дамыту  үшін  ерікті 

түрде  құрылған  студенттердің 

қоғамдық  ұйымы  болып  табы-

лады.  Осы  орайда  аталмыш  клуб 

жоғарыда айтылған шеберліктер мен 

қасиеттерді қаншалықты меңгергені 

жайлы  мәлімет  беретін,  өзін-өзі 

бағалауға бағытталған пікірсайысшы 

командалар  арасындағы  турнирді 

ұйымдастырды. Төрешілер Сенатор 

клубының студенттері болды. Тур-

нирге 8 команда қатысты. 

Нәтижесінде облыстық Дін істері 

басқармасы жанындағы Ақпараттық 

талдау орталығы маманы Ернар АБ-

ЗАЛОВ және Астана қаласынан кел-

ген студент Мақсат ЖАҚСЫҒАЛИЕВ 

І  орыннан,  Атырау  мемлекеттік 

университеті  стратегиялық  даму 

департаменті  маманы  Мұратбек 

Әл-ШАРДАРИ  және  Алматыда 

білім алып жатырған студент Аль-

бина  МЕРЕКЕҚЫЗЫ  ІІ  орыннан, 

жауапкершілігі шектеулі серіктестік 

қызметкері  Бауыржан  ДУЙСЕН-

БАЕВ  пен 

№31  мектеп-гимназия 

оқушысы  Дильназ  ЖАҢБЫРБАЕВА 

ІІІ  орыннан  көрінді.  Сондай-ақ 

Альбина МЕРЕКЕҚЫЗЫ «Үздік спи-

кер»,  ал  И.Тайманұлы  атындағы 

№27 орта мектеп оқушысы Мидина 

ӘДІЛҒАЛИЕВА  «Үздік  ойыншы»  

атанып,  арнайы  марапаттарға  ие 

болды.


Осы  орайда  1  орын  иегері  Ер-

нар  АБЗАЛОВТЫҢ  бүгінгі  турнир 

жайындағы пікірін біле алдық.

Ернар  АБЗАЛОВ:  «Бүгін  өзі 

к е р е м е т   к ү н   б о л д ы .   Д е б а т 

ойнамағаныма  бір  жылдан  астам 

уақыт  өтіпті,  керемет  жандар-

мен  өткен  бір  күнім,  жаманның 

өтіп  кеткен  ғұмырындай!  «Ай-

т ы с »   Қ Қ   ұ й ы м д а с т ы р у ы м е н 

өткен  қасиетті  Рамазан  айының 

құрметіне  арналған  пікірсайыс 

турниріне  қатысып,  сүйретіліп 

финалға жетіп, бір заманда кубок 

ұтып алыппыз! Жігіттер-қыздарға 

рахмет! Бір риза болғаным инди-

видуалды ой ойлайтын азаматтар 

қалыптасып келеді біздің Атырауда. 

Сенатор  клубына  шығармашылық 

табыс  тілеймін!  Сонымен  қатар, 

жанымда  Мақсат  есімді  бауырым 

бар, шынымды айтайын танысып 

үлгірмедім,  бірақ  жақсы  команда 

болдық».


Т у р н и р   а я қ т а л ы с ы м е н 

б а р л ы қ   қ а т ы с у ш ы л а р   м е н 

ұйымдастырушылар  ұжымының 

қатысуымен  ауызашар  берілді. 

Қасиетті Рамазан айына арналған,  

ой-өресі  кең  жастардың  басын 

біріктірген  ұлағаты  мол  шара 

болды.


«Айтыс» қоғамдық қоры мен «Сенатор» 

пікірсайыс клубының ұйымдастыруымен, 

«Жас Отан» Жастар қанаты Атырау облыстық 

филиалының қолдауымен Рамазан айына бай-

ланысты «Қасиетті Рамазан» тақырыбындағы 

турнир Х.Досмұхамедов атындағы Аты-

рау мемлекеттік университетінде өтті.

ТӨРТІНШІ БИЛІК ӨКІЛДЕРІ

Журналистика  мамандығы  ең 

а л д ы м е н ,   ж а н - ж а қ т ы л ы қ т ы , 

жауапкершілікті, шыдамдылықты, 

қабілеттілік пен білімділікті қажет 

етеді. Журналистика мамандығын 

таңдау  бұл  сол  мамандықтың 

қ ы з ы ғ ы   м е н   ш ы ж ы ғ ы н а , 

қиыншылығы  мен  қуанышына, 

ащысы мен тұщысына төзе білетін 

айқын  көрсетеді.  Журналистика 

мамандығы  дүниедегі  ең  қиын  3 

мамандықтың  бірі  болып  табы-

лады.  Журналистика  баспасөзбен 

газет-журналды,  радио,  телеви-

зияны талап етеді және журнали-

стика саласын бұл заттарсыз еле-

стету мүмкін емес. Журналистика 

мамандығына шығармашылыққа, 

әдебиетке,  кітапқа  жаны  құмар 

жандар  келеді.  Журналистика 

саласы  қоғамның  бір  айнасы 

секілді  өйткені:  саяси,  мәдени, 

ә л е у м е т т і к ,   э к о н о м и к а л ы қ , 

қоғамда болып жатқан жаңалықтар 

мен  оқиғаларды  көрсетіп  баян-

дап  отырады.  "Газет-халықтың 

көзі,  құлағы  һәм  тілі"  деп  Ах-

мет  Байтұрсынұлы  айтқандай 

айналамыздағы  болып  жатқан 

оқиғалар  мен  құбылыстарды, 

жаңалықтарды хабарлап айтатын, 

қоғам мен үкіметті байланыстыра-

тын сала - журналистика.



Айдана БЕГІСОВА

Сонымен  қатар,  ақын-студент 

Ақтілек  АБАЕВАНЫҢ  журналист 

аға-апаларына  арнаған  арнауына 

назар салыңыздар!

ГҮЛЗАДА НИЕТҚАЛИЕВАҒА

Жетсе сөзім өлеңмен.

Игілерін жалғанның 

өзіңізге төгер ем.

Жүзі жарқын, "жақсы 

адам" өзге емес өзіңнен,

Дүниені тәнті етер 

даналықты көрем мен!

Өлеңдегі ием ең!

Сіз секілді сескенем сезімдегі киеден.

Қасіретті қайтейін 

арқама кеп тиелген,

Иілмедім ездерге үміт 

үзбей Иемнен.

Селке түсті -ау сенімге

Құшақ ашсаң қызғыштар 

кірбің салған көңілге.

Жамау -  жамау жұпыны 

жүрекке жыр төгілсе,

Сіздегі өлең сондағы жа-

уын еді шөліме.

Көңілшеңбіз көкке де!

Өкініштің өрті кеп өзегіңді өпкенде.

Түн іргесін күзетіп сынық 

аймен сырластық

Пенделер-ақ бәз қалпы 

ұйқысына кеткенде!

Өлеңге де обал - ау!

"Қара мысық" қайта кеп жан 

жараңды тырнады - ау.

Заңы ма еді өмірдің

мүмкін, тәркі Тәңірдің,

Бұрмаланған бағыңнан 

тамшы бақыт құра алмау.

Керемет бар көптеген!

Шимайыңыз қалмасын 

қалың ойды төкпеген.

Нәзік жырды сындыр-

май аялаумен биіксіз,

Сіз секілді еш ақын 

"Ақботасын" күтпеген!

Қайран қалып жүрейін!

Сіздегі бар қуаныш 

менің де бір мерейім.

Жолығуды жақсыда нәсіп 

етсін жаратқан.

Өзіңізден өң алып өр өлеңді өрейін!

СЕРІК ТҰРҒЫНБЕКОВКЕ

Ғұмырдың ғазал ащы уында

Ақындар көрер таласын  барын.

Сертіңе берік көрген сыныңа,

Жайықтың жұрты жанашырларың.

Өлмесін өлең, өшпесін отың

Жарқылдар жырдың сәулесі сөнбен.

Түңілдірмейтін төңірек ұлтың,

Ұлтым дегенің ең ұлы өлең.

Тірліктің сайтан сайқалы бітпес.

Таусылмасыншы сабырың, күшің.

Қаламды сілкіп бағытын беттес,

Ізіңнен ерген ұрпағың үшін.

Тоғайдан түлеп, торғайдың жасын

Тұмар қылдыңыз қалам ұшына.

Шырылдап жүріп шатпақ қып асын

Қиянат көргіш құстың соры ма?!

Жетпістің жасы желкенді үрлеп

Жеткізсін лайым жүз жасқа ата.

Даңғазалардан жиғанда өлең,

Асқақтасыншы қарымың арта.

Пернесін мұңның шертумен күнде

Ақиқатты ақын аршып алатын.

Қаламның демі үзілмей мүлде

Сақталып қалғай ғасырларда атың!

28 маусым - байланыс және ақпарат қызметкерлері 

күні. Дәл осы күні елдің мұңын мұңдап, жоғын 

жоқтап жүрген төртінші билік өкілдері өзінің 

төл мерекесін тойлайды. Журналист ол – қыл-

қалам шебері, қалам мен қағазды өзіне үнемі серік 


  1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал