№4 (1364) 1988 жылғы 30 шілдеден шығады аймақТЫҚ апталық газет 30 қаңтар ЖҰМа, 2015 Жыл баспасөЗ-2015 «Мысты өңір»



жүктеу 459.38 Kb.

бет5/5
Дата08.01.2017
өлшемі459.38 Kb.
1   2   3   4   5

музыканттардың, бишілер тобының қызметтері және асаба 

тапсырысы бойынша. 

Бір адамға — 2000-нан 2500 теңгеге дейін. 

Салаттардың салқын және ыстық тағамдардың түрлері мол. 

Мекен-жайымыз:  Жезқазған қаласы, Сәтбаев көшесі, 50«а».  

Тел: 72-18-14, 72-20-01. Факс: 72-45-06.

ЕСКЕ АЛУ


Омаров  Сатыбалды  Каримбергено-

вичтің  жеке  куәлігі  жоғалуына  байланы-

сты 

жарамсыз деп табылсын.

* * *


Омаров  Сатыбалды  Каримбергено-

вичтің жүргізуші куәлігі жоғалуына байла-

нысты 

жарамсыз деп табылсын.

* * *


Омаров Сатыбалды Каримбергенович-

ке  ЛМЗ  берген  рұқсат  қағазы  жоғалуына 

байланысты 

жарамсыз деп табылсын.

Филиал  ТОО  «Корпорация  Казахмыс» 

— 

ПО 


«Жезказганцветмет» 

будет 


проводит  общественное  слушание  по  Плану 

природоохранных  мероприятий  на  2015г. 

по  проекту  «Поисково-оценочных  работ  на 

Жиландинском  рудном  поле»    для  получения 

Разрешения на эмиссии в окружающую среду.

Слушание  состоится  5  февраля  2015г. 

в  14  часов  актовом  зале  Управления  ПО 

«Жезказганцветмет», площадь Металлургов 1. 

Всем  заинтересованным  лицам  предос-

тавляется  возможность  выразить  свои  мнения 

по  вышеуказанным  вопросам  и  получить 

информацию.



Конт.тел. 8(7102)74-47-37, 74-89-79, 

факс 74-15-97, 

эл.почта: Meruert.Zh@kazakhmys.kz. 

Өмір қашан да өткінші, 

өтпелі. Қамшының сабындай 

ғана мынау қысқа жалғаннан 

қаншама жалындаған жастар 

өтіп жатыр...

Сондай жастардың бірі —  

сыныптасымыз 



Ғабит  

Төлеубайұлы Төлеубаев.

ҒАбиТ...Сенің бойыңнан 

кішкентай бала кезіңнен-ақ, 

қайсарлықты, ақылдылық пен 

парасаттылықты көруші едік. 

Амал не, ажал шіркін Сені 

арамыздан жұлып әкетті.

1985 жылдың күзінде 

барлығымыз бірдей Жезқазған-

дағы №7 орта мектептің 

табалдырығын аттаған бола-

тынбыз. Қаншама қызықты да 

көңілді сәттеріміз осы мектеп 

қабырғасында өтті. Көзді-ашып 

жұмғанша мектепті аяқтап, ар-

ман қуып, өмірдегі жолымызды 

таңдап кете бардық. 

Ғабит мектепті үздік аяқтап, 

таңдаған жоғарғы оқу ор-

нын  тәмамдап, мамандығы 

бойынша жұмысқа тұрған 

күнінен бастап өзінің еңбексүй-

гіштігімен, жұмысына берілген 

ерекше қасиетімен көзге түсіп, 

қызмет сатысымен қарқын-

ды түрде жоғарылай берді. 

«Жомарт», «Нұрқазған» секілді 

алып шахталардың дамып, 

өркендеуіне үлес қосқан сынып-

тас досымыздың әрбір жеткен 

жетістігі үшін біз қатты қуанып 

жүрдік.


Отбасының тірегі, төрт құлын-

шағының әкесі, бақшагүлдей жа-

рының адал қосағы, балжандай 

анасының өмірінің мәні, Ғалым-

жандай ағасының бауыры  біздің 

жүрегімізде мәңгі сақталады. 

биыл мектеп бітіргенімізге 

20 жыл толып отыр. Ғабиттің  

осы қызықты көре алмай кет-

кені, әрине, өкінішті. Ендігі тек 

қолымыздан келетіні – құрда-

сымызға дұға арнап, Аллатаға-

ладан қалған ұрпағының өсіп-

өнуін тілеу ғана. Сен әрқашан 

біздің жадымыздасың, сен біз 

үшін мәңгі тірісің, Ғабит!

Қимайсың ғой қимасыңды,

бірге жүрген сыйласыңды.

бергеннен соң тағдыр қатал

Ажал деген сыйға сынды. 

Өлім сенен алыстатты,

Сөнер таңың сөніп жатты.

Көрмегенің дұрыс 

                            шығар, 

Көрген адам көніп жатты.

Жиналды жұрт 

                     хабар жеткен,

бәрін де өзің бауыр еткен.

Қолын жайып отыр бүгін,

Сыныптастар 

                  Құран күткен...

Қ.И.Сәтбаев атындағы №7 

мектеп-лицейінде 1985-1995 

жылдар аралығында оқыған 

сыныптас достары.

Жезқазған  қаласындағы  академик  Қаныш  имантайұлы  Сәтбаев  атындағы  №7  мектеп-лицей 

ұжымы мектеп-лицей түлегі, Жезқазған  қаласының тумасы, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС фи-

лиалының техникалық директоры 



Ғабит Төлеубайұлы Төлеубаевтың 

мезгілсіз  қайтыс болуына  байланысты отбасына қайғырып  көңіл айтады.

Құрметті  ОҚЫРМАН!

«Мысты өңір» газетіне Еске алу, Хабарландыру, 

Құттықтау, Ас беру тұрғысындағы материалдар-

ды  сол  рәсімдер  болатын  күннен  бір  апта  бұрын 

бергендеріңіз өзіңізге де, жалпы хабардар етер жа-

миғатқа да тиімді болатынын еске саламыз. Ерте 

хабардар  болған  шараның  қам-қарекеті  де  жеңіл 

соғары белгілі. 

Т

ел. 72-23-63,  74-14-80, 74-41-19.  

Эл. пошта: mysty_onir@mail.ru.

Абдолла НҰРТАУҰЛЫ.

жаңа  жыл  басталғалы  кейбір  азық-

түліктердің  және  қызмет  түрлеріне 

бағаның  өскені  туралы  әңгіме  айтылуда. 

Әрине,  бұл  рас.  бірақ,  тек  баға  ғана 

өсіп  жатыр  ма?  ел  Үкіметі  халықтың 

ңәлеуметтік 

қолдауға 

жататын 

топтарына  көрсетілетін  әртүрлі  көмек 

түрлерін де өсіргенін неге айтпасқа? 

Мысалы,  зейнетақы  9  пайызға,  ал 

мемлекеттік 

жәрдемақы 



пайызға 

өсті.  1  қаңтардан  бастап  айлық  есептік 

көрсеткіш 1982 теңге, ең төменгі күнкөріс 

деңгейі 21364 теңге болып белгіленді.

 

базалық зейнетақы көлемі 11182 теңгеге дейін 

көтерілді. Арнаулы жәрдемақылар да өзгеріске 

ұшырады. Атап айтқанда, мүгедектерге: І топқа 

30337  теңге,  ІІ  топқа  23715  теңге,  ал  ІІІ  топқа 

16664 теңге төленеді. 16 жасқа дейінгі мүгедек 

балаларға  22433  теңге  төленеді.  16  жастан 

асқан  мүмкіндігі  шектеулі  адамдарға:  І  топқа 

30337  теңге,  ІІ  топқа  24783  теңге,  ІІІ  топқа 

19442  теңге  тағайындалады.  Асыраушысынан 

айырылғандар: 1 балаға 14 742 теңге, 2 балаға 

25  424  теңге,  3  балаға  31619  теңге,  4  балаға 

33542 теңге, 5 балаға 34610 теңге, 6 және одан 

көп  балаға  36106  теңге  жәрдемақы  төленеді. 

Оның ішінде тұл жетімдер: 1 балаға 20 083 тең-

ге, 2 балаға 40 165 теңге, 3 балаға 60 247 теңге, 

4  балаға  80  329  теңге,  5  балаға  100411  теңге, 

6  және  одан  басқа  балалардың  әрқайсысына 

9186  теңгеден  беріледі.  Айлық  есептік 

көрсеткіштің 1982 теңгеге көбеюіне байланысты 

2015  жылдың  1  қаңтарынан  бастап  бала  тууға 

байланысты берілетін бір реттік жәрдемақы 1, 2 

және 3-ші балаға 62255 теңге, 4-ші және одан көп 

балаға  103758  теңгеге  артады.  1  жасқа  дейінгі 

бала  күтіміне:  1  балаға  11417  теңге,  2  балаға 

13498 теңге, 3 балаға 15559 теңге, 4 және одан 

көп балаға 17640 теңге тағайындалады. бұл ана 

жұмыс істемеген жағдайда төленетін ең төменге 

көрсеткіш.  Сондай-ақ  зейнетақы  төлемдерін, 

мемлекеттік 

әлеуметтік 

және 


арнайы 

жәрдемақыларды алатын отбасы мүшесі қайтыс 

болған жанұяға – 31118 теңге. ҰОС қатысушысы 

немесе  ҰОС  мүгедегі  қайтыс  болған  жанұяға 

72542 теңге төленеді.

ҚАПЕРІҢІЗДЕ  БОЛСЫН!



АУДАНДЫҚ СОТТАҒЫ МӘСЛИХАТ

Абдолла НҰРТАУҰЛЫ.

Ұлытау  аудандық  сотында  бұқаралық  ақпарат 

құралдары  өкілінің  қатысуымен  өткен  жылдың 

қорытындысы 

бойынша  сот  төрелігін  атқаруға 

байланысты  баспасөз  мәслихаты  болып  өтті.  Оның 

жұмысына  аймақтық «Мысты өңір», «Сарыарқа»  және 

Ұлытау аудандық «Ұлытау өңірі» газеттері мен «Дидар» 

телеарнасының журналистері қатысты.  

Баспасөз  мәслихатын    Ұлытау  аудандық  сотының  төрағасы  

С.Сағатов ашып, жүргізіп отырды. Ол бұқаралық ақпарат құрал-

дары  өкілдеріне  2014  жылы  атқарылған  жұмыстар  туралы  кеңі-

нен баяндап берді.Есепті кезеңнің қорытындысын  2013 жылмен 

салыстырмалы түрде қарап, талдаған  сот төрағасы  жұмыстың 

сапасы арта түскеніне нақты мысалдар келтірді. Сонымен қатар 

С.Сағатов   сот төрелігінің тәуелсіздігі,  соттардың ашықтығы мен 

қолжетімділігі, жалпы сот жүйесінің оң имиджін арттыру мәселе-

лері туралы ойларын да ортаға салды. Бұқаралық ақпарат құрал-

дарының  өкілдерін  өздерін  қызықтырған  сұрақтар  қойып,  сот 

төрағасының тұшымды жауаптарына тәнті болды. 

Мәслихаттың  соңында  сот  төрағасы    бұқаралық  ақпарат 

құралдарының  өкілдеріне    іс-шараға  қатысқандары  үшін  алғыс 

айтып, бұдан әрі де сот қызметі туралы халыққа ақпарат жеткізу 

мақсатында ынтымақтастық жалғаса түсетініне сенім білдірді.      

         

12

КӨКЖИЕК


Таралымы: 

5800 дана



Директор Абдолла ДАСТАНОВ

МЕНШІК ИЕСІ: «Мысты өңір» газеті редакциясы ЖШС



Газет 2011 жылдың 1 ақпанында Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпа-

рат министрлігінде қайта тіркеліп, тіркеу туралы №11422-Г куәлігі берілген. 

Газетте жарияланған мақала авторларының пікірі редакцияның түпкілікті көзқарасы 

болып табылмайды. 

А — Материалдың жариялау ақысы төленген

Газет «Мысты өңір» редакциясының компьютер орталығында беттелді, «Қарағанды полиграфиясы»

ЖШС баспаханасында басылды. Қарағанды қаласы, Әлімхан Ермеков көшесі, 33.

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ: 

Жезқазған қаласы, 

Бейбітшілік даңғылы, 2-үй. 

Факс: 72-23-63. 

Бухгалтерия: 74-41-19. 

Тілшілер: 74-80-36.

Эл.пошта mysty_onir@mail.ru (74-14-80).

 

РНН 302600003170, 

 

ИИК KZ679261201113447000

 

АО «Казкоммерцбанк»

 

БИК KZKOKZKX 

 

БИН 000240005443 

Газет  табыс  етілмесе  74-80-36,  76-16-08 

(«Қазпошта»)  телефондарына  хабарласу 

керек.

Көлемі — 3 баспа табақ 

Сату бағасы келісімді. 

Тапсырыс 3 

Газет әр аптаның жұма күні 12 бет болып таралады.

Газет Жезқазған, Сәтбаев, Балқаш, Қарағанды қалаларына, Ұлытау және Жаңаарқа аудандарына тарайды

                                                                              30 ҚАҢТАР 2015 жыл

БОКС


152  үміткер шаршы алаң-

ның шаңын шығарған байрақты 

бәсекеде Қарағанды облысы 

құрама командасының құра-

мында Жезқазғаннан — 4, ал 

Сәтбаевтан 2 боксшы бақ сы-

нады. 50 келі салмақта Қаныш 

Қанат қола жүлдені қанжығасы-

на байлады.  57 келі салмақта 

Темірлан Қоңырбай күміс 

жүлдені жеңіп алды. Ал, 54 келі 

салмақта Нұрбол Сұлтанбай 

республика чемпионы атан-

ды. Жеңімпаздарды жарысқа 

әзірлеген бапкерлер: Тұралы 

Тәліпов, Рүстем Сеитов және 

Саят Балмағанбетов. 

Нұрбол Сұлтанбай бірінші кез-

десуінде маңғыстаулық боксшыны 

тізе бүктірді. Екінші жекпе-жегінде 

ақтөбелік боксшыдан айласын асы-

рды. Ал, ақтық кездесуде Павлодар 

облысының былғары қолғап шебері 

Қазбек Гауезді ұпай санымен жеңді. 

Біздің боксшылар бұл жеңісті 

Жезқазғанның 60 жылдығына ар-

нап отыр. Еліміздің жасөспірімдер 

құрама командасына қабылданған 

олар сәуірде Үндістанда өтетін 

Азия чемпионаты мен Ресейде 

өтетін Әлем чемпионатына дайын-

дық үстінде.

ЖЕЗҚАЗҒАН.

Суреттерде: 

Жезқазғандық құрама 

команда мүшелері.

Ел чемпионы Нұрбол 

Сұлтанбай.

Сәбиғат СҰЛТАН.

Шымкент қаласында 1999-2000 жылдары туған 

жасөспірімдер  арасында  бокстан  Қазақстан  чем-

пионаты өтті. Оған он төрт облыс пен Алматы 

және  Астана  қалаларының  құрама  командалары 

қатысты.

Сәкең осы кеніштің өсіп-өр-

кендеуіне қырық жылдан астам 

ғұмырын арнады. Алғашқыда 

№57 шахтаға төбе бекітуші 

болып жұмысқа орналасқан 

ол, сосын тазалау забойында 

тер төкті.

Кен шебері болған кезде 

тау-кен өндірісінің тамаша біл-

гірі екенін танытты. «Одақтың 

үздік шебері» төсбелгісімен 

марапатталуы осыған дәлел. 

Кеңестік кезеңде өз кәсібін 

жетік білетін мамандарды со-

циалистік лагерьдегі дамушы 

елдерге көмек көрсету үшін жі-

беріп тұру үрдісі болған. Сәбит 

Бимағамбетовтің омырауын-

дағы «Моңғолияның Құрметті 

кеншісі» төсбелгісі — сәтті 

аяқталған сондай сапардан 

естелік.

Осындай игі істердің ұйтқы-

сы болған ол екінші үйіндей 

болған Шығыс Жезқазған 

кенішіне қайта оралып, ұзақ 

жыл жемісті еңбек етті. Учаске 

басқарды, шахтаның бас ин-

женері болды, зейнеткерлікке 

шыққанша кеніштегі өндірістік 

бөлімнің тізгінін ұстады.

Еңбегі еленді. «КСРО 

Құрметті кеншісі» атағын 

алды. Үшінші дәрежелі «Кенші 

даңқы» төсбелгісін, «Қазақстан 

Республикасының тәуелсіздігі-

не — 10 жыл» медалін омыра-

уына тақты.

Кеніштің мәжіліс залына 

жиналғандар Сәкенді орын-

дарынан тік тұрып, ду қол 

шапалақтап қарсы алды. Кеніш 

директоры Руслан Елкеевтің 

жүрекжарды тілегін «Нұр 

Отан» мен «КәсіпҚазақмы-

стың» өкілдері, замандастары 

мен әріптестері, ізбасарлары 

мен жастар жалғастырды.

СӘТБАЕВ.


Суретте:

  Кеніш  дирек-

торы Руслан Елкеев Сәбит 

Бимағамбетовке Алғыс хат 

тапсырып тұр.

Суретті түсірген



 

                       М.ЕРАЛИЕв.

Думан ДУЛЫҒАЛЫ.

Шығыс  Жезқазған  кенішінде  өндіріс  ардагері  

Сәбит  Бимағамбетовті  құрметті  еңбек  демалы-

сына қошеметтеп шығарып салды.

құрметтеуге арналды.

Қасекең — қарапайым ғана 

еңбек адамы, өз ісін жетік білетін 

маман. Міне, бар кілтипан — 

осында. Ол өзіне жүктелген 

міндетті мүлтіксіз атқара біледі, 

сонысымен басқаларға үлгі-

өнеге. 

— Мен қазіргі «Қазақ-



мыс» корпорациясының 

Жақында көпшілік 

«Жезқазғантүстімет» 

өндірістік бірлестігі 

басқармасында еңбек адамын 

әспеттеуге арналған кезекті 

салтанаттың куәсі болды. 

Бұл салтанат басқарманың 

әкімшілік-шаруашылық 

бөлімінің электригі Қасқырбай 

Қапанұлы Олжабаевты 

құрылымында еңбек жолымды 

бастағанда небәрі 27 жаста 

болатынмын. Содан бері де 

33 жыл зулап өте шығыпты.

Кезінде өзім алдыңғы 

ағалардан білмегенімді сұрап, 

үйренуге ұмтылсам, көптеген 

жылдардан бері кейінгі 

жастарға тәлімгерлік көрсетіп 

келемін. Өмір деген осындай 

жалғастығымен де тамаша 

ғой –дейді Қаскең. Еңбек 

адамы әдетте аз сөйлеп, көп 

іс тындыруға бейім келетіні 

белгілі. Біз осыны Қасқырбай 

Қапанұлының бойынан да 

байқадық. 

Еңбек ардагерін асқаралы 

алпыс жасқа толуымен 

өндірістік бірлестіктің  

әкімшілік-шаруашылық 

бөлімінің бастығы 

А.Кәрімова, басқармадағы 

«КәсіпҚазақмыс» бастауыш 

кәсіподақ ұйымының төрағасы 

К.Тәжібаев және еңбектес 

әріптестері зор қошеметпен 

құттықтады.Олар мерейтой 

иесіне шынайы алғыс 

сезімдерін білдіріп, ұзақ 

ғұмыр, мықты денсаулық, өмір 

бақытын тіледі.

— Азғантай ғана еңбегімді 

бағалап, осындай құрмет 

көрсетіп жатқан жандарға 

айтарым алғыс қана  - дейді 

Қасқырбай Қапанұлы. Қара-

пайымдылығы тағы да байқа-

лып қалды. Мұндай салтанат 

«Жезқазғантүстімет» өндірістік 

бірлестігі басшылығы тара-

пынан адал еңбектің ешқашан 

ескерусіз қалмайтындығын 



айғақтай түсті.

Абдолла НҰРТАУҰЛЫ.

Әрине, әркім ең алдымен өзі үшін, отбасы, бала-шағасы 

үшін  жұмыс  істейді.  Бірақ,  ол  сол  арқылы  қоғамға,  елге 

пайдасын тигізеді. Сондықтан да, жұмыстас әріптестері 

тарапынан лайықты сый-құрметке бөленіп жатады.


1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал