№4 (1364) 1988 жылғы 30 шілдеден шығады аймақТЫҚ апталық газет 30 қаңтар ЖҰМа, 2015 Жыл баспасөЗ-2015 «Мысты өңір»



жүктеу 459.38 Kb.

бет3/5
Дата08.01.2017
өлшемі459.38 Kb.
1   2   3   4   5

Абдолла ДАСТАНОВ,

           «Мысты өңір».

Қазақтың  қос батыр ұлы, даңқты перзенттері 

Мәлік  Ғабдуллин  мен  Төлеген  Тоқтаровты 

бәріміз  де  мақтаныш  тұтатынымыз  анық. 

Бірақ, олардың екеуіне Кеңес Одағының Батыры 

атағы  бір  күнде,  бір  Жарлықпен  берілгендігін 

бәріміз бірдей біле бермейтін шығармыз?

осыдан 72 жыл бұрын 

Кеңес одағының батыры атанды

Мәлік Ғабдуллин

Төлеген Тоқтаров

Мәлік  ғабдуллин  биыл  100  жасқа,  төлеген 

тоқтаров    95  жасқа  толады.  төлеген  атамыз  бар 

болғаны  27  жыл  ғана  ғұмыр  кешті.  Мәлік  атаның 

да    өмірі  келте  болды,  58  жасында    дүниеден 

озды.  «адамның  ғұмыры  жаспен  өлшенбейді,  елі-

не, халқына, отанына сіңірген еңбегімен өлшенеді» 

дейтін  қағиданы  басшылыққа  алсақ,  олардың  ғұ-

мыры — МӘңГІлІК ғұмыр.


6

«ҚАЗАҚМЫС» ҚҰРЫЛЫМДАРЫ



Басшыдағы 

Басқосу

Өндірісті өркендетуде басшы біліктілі-

гі басты белгі болып табылатыны — та-

лас тудырмайтын түйін. Жезқазған байы-

ту фабрикасының қазтұрып-қалыптасуы 

мен  кемелдену  кезеңінде  оның  басқару 

тізгінін талай танымал тұлға ұстады. Бү-

гінде  солардың  түрін  түстеп,  атын  атай 

кеткен артық болмас. 

Сонымен,  олар:  Израиль  Герцогович 

Меклер  (1953-1954ж.ж.),  Леонид  Алек-

сандрович  Ларионов  (1954-1963ж.ж.), 

Иван  Васильевич  Кондратенко  (1963-

1972  және  1975-1981ж.ж.),  Александр 

Тихонович  Мирошник  (1972-1974ж.ж.), 

Илья  Абрамович  Литинский  (1974-

1975ж.ж.),  Анатолий  Ефимович  Авра-

хов  (1981-1984ж.ж.),  Николай  Ивано-

вич  Салабаев (1984-1985ж.ж.), Қабжан 

Күсенов (1985-1993ж.ж.), Сәбит Ибраев 

(1993-1995ж.ж.),  Виктор  Александрович 

Цветков (1995 -2006ж.ж.), Владимир Ни-

колаевич Гущин (2006-2008ж.ж.), Нұрмұ-

ханбет  Айбеков  (2008-2012ж.ж.),  Слам-

бек  Нұрымов (2012-2013ж.ж.).

Жергілікті  журналистерді  жинап, 

кәсіпорынның мерейтойына орай жүзде-

суді  ойластырған  Ардагер  Әрінов  был-

тыр  алпысыншы  асуын  артқа  тастаған 

кен өңдеу кешенінің он төртінші директо-

ры екен. Амандық болса, алдағы науры-

зда  тізгінді  ұстағанына  екі  жыл  толады. 

Онша  көп  уақыт  емес.  Ал,  бар  саналы 

ғұмырын кен өңдеу кәсібіне арнаған аза-

мат үшін, аздық та етпейді.

Ардагер  —  Ақтоғай  ауданының  ау-

мағындағы  «Тасаралдың»  тумасы,  Ал-

матыдағы  Қазақ  политехникалық  ин-

ститутының  түлегі.  Айтуына  қарағанда, 

оның  осы  кәсіпті  қалауына  балқаштық 

Социалистік  Еңбек  Ерлері  —  кен  байы-

ту  саласының  саңлақтары  Жылқыбай 

Бейісов  пен  Нина  Григорьевна  Чеку-

шина  мектепте  оқып  жүргенде-ақ  қатты 

әсер еткен көрінеді. Әйтпесе, кім біледі, 

бұл  да  інісі  сияқты  түсті  металлургия 

нысандарын  жөндеу  тресінің  (КЦМР) 

Балқаштағы  басқармасын  басқарған 

әкесі  Қуандықтың  жо-

лын  қуып  кетер  ме 

еді?!

Политехникалық 



институтты «Пайдалы 

қазбаларды  байыту» 

мамандығы  бойынша 

бітірген  жас  инженер 

еңбек  жолын  Балқаш 

байыту  фабрикасын-

да 

слесарь-жөнде-



уші  болып  бастады. 

Оған  ешбір  өкінбейді. 

Қайта  қуанады.  Өй-

ткені,  осында  ол  тек 

өндірістік  қана  емес, 

үлкен  өмір  мектебі-

нен  өтті.  Ұлағатты 

тәлімгерлердің  тәр-

биесін  көрді.  Жауап-

кершілік  жүгін,  сенім 

салмағын 

сезінді. 

Ең  бастысы,  үлкен 

ұжымда  адамдармен 

тіл табысып, ортақ мақсат жолында үзең-

гілес еңбек етудің жөн-жобасын үйренді.

Қуатты  кәсіпорынның  табалдырығын 

қарапайым қызметкер қатарында аттаған 

азамат кен байытуға байланысты барлық 

өндірістік  сатымен  көтеріліп,  ақыры  бай-

ыту  фабрикасының  директоры  болды. 

Қарт Балқаштың бойында өр тынысты өн-

дірістің  өркендеуіне  өзінділік  үлес  қосты. 

«Қазақмыс»  компаниясының  басшылығы 

білікті  басшыны  Сәтбаевтағы  кәсіпорын-

ды  басқаруға  жіберді.  Ардагер  Әрінов  — 

2013 жылдың наурызынан Жезқазған бай-

ыту фабрикасының директоры.

Ардагердің  әңгіме  арасында:  «Дәуір, 

Арайлым, Өміржан атты балаларым бар. 

Зайыбым — журналист, өздеріңіздің әріп-

тестеріңіз»  деген  сөзі  қамшы  болды  ма, 

өзімсінген  тілшілер  арқаны  кеңге  салып, 

оның  жеке  өміріне  қатысты  талай  сауал-

ды қойып үлгерді. «Келген негізгі шаруаға 

қашан көшер екенбіз?» деп, пұшайман бо-

лып отырғанымда тығырықтан жол тауып 

кеткен  де  Ардагердің  өзі.  Жеке  басына 

байланысты  кезекті  сауалға  көңіл  аудар-

маған ол әңгіме арнасын өндіріс тақыры-

бына бұрып жіберді. 

—  Кәсіпорын  кейінгі  екі  жылда  бірдей 

нәтиже  көрсетті  десек  болады.  Жылдық 

жоспар  концентраттағы  металл  үлесінен 

мерзімінен  бір  апта  бұрын  орындалды. 

Желтоқсанның  қорытындысында  кен  өң-

деу көлемінен де жылдық межеден көрін-

дік. Осының бәрі алпыс жылдық тағылым-

ды  тарихы  бар  ұйымшыл  ұжымның  ерен 

еңбегінің арқасы. — деді ол.

Осыдан  кейін-ақ  әңгіме  артта  қалған 

алпыс  жылдың  айналасында  өрбіді.  Та-

рихты  тамырлатып,  өркенді  өзгерістерге 

үңілдік,  кәсіпорынның  қалыптасуы  мен 

қарыштап алға басуы жолында тынымсыз 

тер  төккен  тарландарды  түгендедік,  бай-

ыту  фабрикасының  бүгінгі  тыныс-тіршілі-

гінің тамырын басып байқадық...



Байыту  Былай 

Басталған

Бұрын  Жезқазғанда  өндірілген  кеннің 

бәрі  Оралға  жөнелтілген.  Оны  жергілікті 

жерде өңдеу мәселесі кейін, қатарға жаңа 

кеніштер қосылғасын күн тәртібіне қойыл-

ды.


1947 жылы №1 Жезқазған байыту фа-

брикасының  негізі  қаланды.  Қазақстан 

Үкіметі  күрделі  құрылысқа  қыруар  қаржы 

бөлді. Жабдықтармен, техникамен, мате-

риалдармен жабдықтауға, жұмысшы және 

инженер-техник қызметкерлерімен қамта-

масыз етуге жәрдем жасады.

Жоба  мен  барлық  сызбаны  бір  ізге 

түсіру  1950  жылы  аяқталды.  Одан  кейін 

үш жыл құрылыс-монтаж жұмыстары жүр-

гізілді. Байыту фабрикасында жылына 5,2 

миллион  тонна  кен  өңдеу  көзделді.  1953 

жылы  желтоқсанда  байыту  фабрикасы-

ның  бірінші  кезеңі  пайдалануға  берілді. 

Ол 22 желтоқсанда алғашқы кенді қабыл-

дады.


Жабдықтарды  іске  қосу  барысында 

жобадан  жекелеген  ауытқу  айқындал-

ды.  Кемшіліктер  түзетілгеннен  кейін 

мыс-қорғасын  кенін  өңдейтін  №1  секция 

— 1954 жылы 13 қаңтардан, №2 секция — 

наурыздан,  №3  секция  —  шілдеден,  №4 

секция  қазаннан  бастап  қалыпты  жұмыс 

істей бастады. 

Жергілікті  жерде  құнарлы  концентрат 

алу  жолға  қойылды.  Балқаш  бойы  мен 

Орал  өңіріне  Жезқазған  кенін  жөнелту 

тоқтатылды.    Байыту  фабрикасы  барын-

ша  жетілдірілген  жаңа  ұнтақтау-майда-

лау  және  флотациялау  жабдықтарымен 

жарақтандырылды. Ал, кен өңдеудің тех-

нологиялық  үлгісі  байыту  саласындағы 

ғылымның соңғы жетістіктеріне негізделді.

Жаңа кәсіпорынның қалыптасу кезеңін 

бастан  өткеріп  жатқан  ынталы  ұжым  жо-

балық  қуатқа  жету  мен  өнім  сапасын 

жақсарту  жолында  жанқиярлықпен  еңбек 

етті.  Орташа  және  майдалап  ұнтақтау 

корпусын қайта құру мен кеңейту есебінен 

1957-1958  жылдары  ұнтақталған  кеннің 

ірілігі  25  миллиметрден  20  миллиметрге 

дейін ықшамдалды. Соның арқасында бас 

корпустың өнімділігі артты.

Кейінірек  бас  корпус  қайта  құрылды. 

Мыс  қалқудың  мөлшерін  ұлғайту  мақса-

тында  екінші  сатысында  гидроциклонды 

тұйық  циклге  екі  сатылы  майдалау  үлгісі 

енгізіліп,  флотациялау  мерзімі  22  минут-

тан жарты сағатқа дейін ұзартылды.

Кемелдену 

Кезеңінде

1963  жылы  екінші  байыту  фабрикасы 

қатарға  қосылды.  Әсіресе,  профессор 

Мостович тапқан тәсілмен тотыққан кенді 

өңдейтін  секцияның  пайдалануға  берілуі 

бұрын  өңдеуге  мүмкіндік  болмаған  шикі-

затты  кәдеге  жаратуға  жол  ашты.  Ал, 

реагентпен өңдеу арқылы құм мен шлам 

түйіршігін  жеке  флотациялау  мыс  айыру 

мөлшерін  арттырып,  мыс  концентраты-

ның сапасын жақсартты.

Бар күш-қуат пен тәлім-тәжірибе екінші 

байыту  фабрикасының  жобалық  қуатта-

рын жедел игеруге жұмылдырылды. Бірқа-

тар ұйымдық-техникалық шаралар жүзеге 

асырылды. Өзекті диірмендердің бунақты 

бүгілісінің  жиілігі  ұлғайтылды.  Майдалап 

ұнтақтау  қондырғылары  күшейтілді.  Сүз-

гілердің жақсы жұмыс істеуін қамтамасыз 

ету жолға қойылды. 

1970  жылы  жеке  ұнтақтау  желісімен 

жарақтандырылған  мыс-қорғасын  кенін 

өңдеу  секциясы  пайдалануға  берілді. 

Әрине,  бұл  байыту  фабрикасында  мыс 

пен мыс-қорғасын кенінің араласып кетуін 

азайтуға, сонымен қатар қорғасын қалқу-

ды 5-8 процент ұлғайтуға мүмкіндік туды-

рды.


Жезқазған байыту фабрикалары ресей-

лік  бірқатар  зауытта  жасалған  өнімділігі 

жоғары жабдықтардың бастапқы үлгілерін 

игерудегі  алғашқы  қарлығаштар  болды. 

Сол кезде өндіріске енгізілген ірілеп, орта-

ша  және  майдалап  ұнтақтайтын  конусты 

қондырғы,  шарлы  және  өзекті  диірмен, 

механикалық  және  пневмомеханикалық 

флотомашина, спиралды классификатор, 

қоюлатқыш, тағы басқа жабдықтар күні бү-

гінге дейін сыр бермей келеді. 

Кен  байытудың  жетілдірілген  тәсіл-

дері мен жаңа реагенттерді қолдану кон-

центраттағы  металдың  үлесін  (40-42%) 

ұлғайтуда  жоғары  көрсеткішке  қол  жет-

кізді. Бұл оны Лондонның сапа биржасына 

тіркеуге  жол  ашты.  Кемелдену  кезеңінде 

мыс-қорғасын  кенін  өңдеудің  технологи-

ялық жүйесі жетілдірілді.

ӨрКендеу Өрісі

«Қазақмыс»  корпорациясының    инду-

стриалдық қуаты тау-кен ісі, минералдық 

шикізатты өңдеу және шақпақ мыс шыға-

ратын  металлургиялық  өндіріс  сияқты 

сенімді  әрі  мықты  негізгі  үш  салаға  иек 

артады. Ондаған мың адамның еселі ең-

бегін  шоғырландырған  бір-бірімен  тығыз 

байланысты бұл кешен ұзақ жылдар бойы 

тиімді түрде жұмыс істеп келеді.

Бұдан 60 жыл бұрын қатарға қосылған 

Жезқазған  байыту  фабрикасы  жергілікті 

кенді өңдеудің кемел технологиясын мін-

сіз меңгере отырып бүгінде ТМД елдерін-

дегі  тектес  кәсіпорындар  арасында  көш-

басшыға айналған. Бұл жерде мыс айыру 

мен  мыс  концентратының  сапасы  үздік 

әлемдік стандарттармен деңгейлес екен-

дігін баса айтқанымыз абзал. 

Себебі, мұнда кәсіпорын іске қосылған 

күннен  бастап  ғылыми-зерттеу  инсти-

туттарымен  тығыз  байланыста  прогре-

сті  технологиялық  шешімдерді  қолдану 

арқылы  өңдеу  мен  байытудың  өндірістік 

қуаттарын ұлғайту жолдары үздіксіз ізде-

стіріліп келеді. Кен байыту тәжірибесінде 

тұңғыш  рет  мыс  құмдағын  байыту  техно-

логиясының  көптеген  мәселелері  өзінің 

оң шешімін тапты. Қиыршықтар мен қой-

ыртпақтарды  жеке  флотациялау  тәсілі 

игеріліп, өндіріске енгізілді.

Байыту  фабрикасында  жабдықтарды 

жетілдіруге, бірінші кезекте жаңғырту мен 

тиімді техниканың жаңа үлгілерін жасауға 

үнемі айырықша назар аударылып келеді. 

Мәселен,  тиімділігі  жоғары  «КИД-1700» 

және  «КИД-2200»  ұнтақтағыштары  кезін-

де  Жезқазған  байыту  фабрикасында  өн-

дірістік сынақтан өткізіліп, кем-кетігі жетіл-

діріліп,  сосын  игерілді.  Сол  ізденістердің 

негізінде Ресейде әлемдік аренада алды-

на қара салмай келе жатқан шетелдік ұн-

тақтағыштармен бәсекеге түсе алатындай 

инерциялық түрі өмірге келді.



                                                                                                                                                                                                       30 қаңтар  2015 жыл

ЖЕЗҚАЗҒАН  БАЙЫТУ  ФАБРИКАСЫНА — 60 ЖЫЛ!



Әлібек ӘБдіраш,

             «мысты өңір».

Қазір Жезқазғандағы қуатты кен өңдеу кешені 

ірілеп, орташа және майдалап ұнтақтау корпустары 

мен бас корпусы — жеке-жеке, ал, қойылту-сүзу торабы 

мен өндірістік қалдықтар қоймасы — ортақ ірі екі фабрика-

дан, сондай-ақ, Сәтбаевтағы іргелі цехтан тұрады. №1 байы-

ту фабрикасының жобалық қуаты жылына — 8 миллион тонна, 

ал №2 байыту фабрикасының жобалық қуаты жылына 13 мил-

лион тонна кен өңдеуге еркін жетеді. Жезқазғандық байытушы-

лар кен өңдеудің көлемін 25 миллион тоннаға дейін жеткізген де 

кезі болған.

Байыту  фабрикаларында  құрамындағы  металдың  мине-

ралы,  физика-химиялық  қасиеті  мен  флотациялау  ерек-

шелігі бір-біріне таза ұқсамайтын, әртүрлі технологи-

ялық  талап  пен  реагенттік  режим  қажет  ететін 

кеннің төрт түрі өңделеді. Олар: күкіртті мыс 

кені, аралас және тотыққан мыс кені, ме-

таллургия  өндірісінің  қалдығы 

(шлак).

      айшықты  алпыс  

Ардагер Әрінов.

7

«ҚАЗАҚМЫС»  ҚҰРЫЛЫМДАРЫ

Жезқазған  байытушылары  флотация-

лау машинасының жаңа түрлерін жасауға 

сүбелі  үлес  қосты.  Қазір  кеңінен  мәлім 

«Механобр» механикалық флотомашина-

ларының  барлық  түрі,  әртүрлі  камералы 

пневмомеханикалық 

флотомашиналар 

кезінде  осы  фабрикада  сынақтан  өтіп, 

жаппай шығарылуға жол тартқан. Вибро-

флотомашина мен көбікті тартқыш сияқты 

флотомашиналардың  ерекше  түрлері  де 

өнеркәсіптік анықтаудан өткен. 

Біздің  байытушылардың  жаңа  жаб-

дықтарды  сынақтан  өткізу  кезінде  жи-

нақтаған  тәжірибесі  бұрынғы  одақтың 

түсті металлургия кәсіпорындарында кеңі-

нен  таратылды.  Сондай-ақ,  №1  байыту 

фабрикасында  мыс-қорғасын-мырыш  ке-

шенді кенін байытудың бірегей технологи-

ясы игерілді. Осы технологияны жетілдіру 

бағытындағы көптеген техникалық шешім-

дер кейіннен Сәтбаевтағы байыту цехын-

да пайдаланылды.

Сексенінші жылдары Жезқазған байыту 

фабрикасы  Қазақстан  түсті  металлургия 

өндірісінің қатты қалдықтарын пайдалану 

жөніндегі  базалық  кәсіпорынға  айналды. 

Өндірістік  қалдықтарды  кешенді  пайда-

ланудың келешегі осы жерде дәйектелді.  

Соның  нәтижесінде  Қазақстанның  сол 

кездегі  түсті  металлургиясына  қарасты 

барлық  кәсіпорындардағы  өндірістік  қал-

дықтардың Ресурстар кадастры жасалып, 

оны қабылдаған Қазақстан ғылым акаде-

миясы баспасөзде жариялады. Жезқазған 

мыс қорыту зауытының үйінді шлагын қай-

та пайдалану сол кезде қолға алынды. 

Күрделі ісКе — 

Кешенді Көзқарас

Кен қорының жылдар жылжыған сайын 

жинақталған  мәйекті  мәселелері  ең  ал-

дымен байытушылардың қабырғасына ба-

тады.  Кеннің  құрамындағы  мыстың  үлесі 

азайып келеді, ал концентраттағы метал-

дың көлемін кемітпеу үшін өңделетін кен-

нің  көлемін  ұлғайтуға  тура  келеді.  Екінші 

жағынан сапалы кен қорының азаюы сал-

дарынан үйіндіде жатқан байытылуы қиын 

тотыққан кенді еркісізден өңдейді.

Тотыққан  мыс  кенін  өңдеудің  қиын-

шылығы баршаға белгілі. Сол қиын мәсе-

лені  шешудегі  жазқазғандық  байытушы-

лардың  өзіндік  орнын  айырықша  атап 

өткен  жөн.  Кәсіпорында  тотыққан  кенді 

өңдеу  технологиясына  орайластырылған 

тәжірибелік-өнеркәсіптік 

қондырғылар 

қойылды.  Ол  қондырғыларда  Жезқазған-

ның  ғана  емес,  Жәйрем,  Удокан,  Бо-

зшакөл,  Алмалық  және  тағы  басқа  кен 

орындарының тотыққан кені сыналды. 

№2  Жезқазған  байыту  фабрикасында 

ұзақ  жылдар  бойы  гидрометаллургиялық 

және флотациялық схема ұштастырылған 

(Мостовичтің  схемасы)  жеке  секцияда 

тотыққан мыс кені өңделді, кейін экологи-

ялық  мәселеге  байланысты  тоқтатылды. 

Қазір тотыққан кенді өңдеудің экономика-

лық  жағынан  барынша  тиімді  және  пай-

далануда  өте  сенімді  таза  флотациялық 

технология қолданылады. 

Кәсіпорын тарихында қиындықты жеңу 

жолында  ұжымнан  айырықша  шыдам-

дылық  пен  табандылықты  талап  еткен 

талай  кезеңдер  өтті.  Соған  бір  мысал 

ретінде  қалыптасқан  экономикалық  бай-

ланыстар  үзілген  және  ел  экономикасы 

реформаланған  кезеңді  айтуға  болады. 

1995  жылы  кен  өңдеу  көлемі  күрт  кеміп, 

бар-жоғы 12,4 миллион тонна болды. Бұл 

байыту фабрикасы жобалық қуатының 57 

проценті еді. 

Үш  жылдың  о  жақ,  бұ  жағында 

жезқазғандық  байытушылар  жобалық 

деңгейге жетіп қана қоймай, жылына орта 

есеппен кен өңдеу көрсеткішін 3 миллион 

тоннаға  асырып  тастады.  Бұл  өнімділігі 

орташа  тағы  бір  байыту  фабрикасын  қа-

тарға қосқанмен бірдей болатын. Бүгінде 

байытушылар ауқымды қайта құру жұмы-

старын  жүргізіп,  елеулі  инвестиция  тарт-

пай-ақ  технологияны  жетілдіру  есебінен 

кен  өңдеу  көлемін  ұлғайтуға  айырықша 

көңіл бөлуде.



үнемшілдіК 

үрдісі

1966-1969  жылдары  байыту  фабрика-

сы  күкіртті  мыс  кенін  өңдеу  кезінде  мыс 

айыруға  азды-көпті  кедергі  келтіретініне 

қарамастан айналымдағы суды барынша 

(жалпы  шығынның  90  проценті)  кәдеге 

жаратуға  көшті.  2002  жылы  осы  бағытта 

жүргізген  сан  қырлы  жұмыстар  сәтімен 

аяқталып, Жезқазған өнеркәсіптік кешенін 

сумен  жабдықтаудың  бірегей  ағынсыз 

жүйесі  құрылды.  Бұл  тұрғыда  Жезқазған 

байыту  фабрикасының  алатын  орны  ай-

ырықша. 

Өйткені,  кен  өңдеу  технологиясын 

айналымдағы  суға  бейімдеу  есебінен 

барлық  өнеркәсіптік  қалдық  су  өндірістік 

қалдықтар  қоймасы  арқылы  фабриканың 

қайталама  сумен  жабдықтау  схемасына 

қосылған  болатын.  Жылына  36,4  милли-

он текше метр өнеркәсіптік ағын су айна-

лымда  болады.  Ал,  жаңа  жүйенің  арқа-

сында  аймақтың  экологиялық  жағдайын 

жақсартумен  қатар,  жылына  7  миллион 

текше метр су үнемдеуге қол жетті.

Өндірістің  өркендеу  өрісін  тілге  тиек 

еткенде  кәсіпорынның  аумағында  ТМД 

елдерінің  тәжірибесінде  тұңғыш  рет  өз 

реагенті  —  ксантогенат  өндіретін  цех  са-

лынғанын айта кеткен абзал. Бұған дейін 

сырттан  сатып  алынған  реагентті  өзінде 

өндіру қыруар қаражат үнемдеуге қол жет-

кізді.


сындарлы 

сәтте

Жезқазған  байыту  фабрикасы  қай-

та  құру  кезеңінде  және  одан  кейін  қиын 

жағдайға  килікті.  Жалпы,  комбинат  бой-

ынша 

экономикадағы 



дағдарыстың 

салқыны  бұл  кәсіпорынға  да  тиді:  шикі-

зат  тапшылығының  зардабын  шекті,  кен 

өңдеу  мен  металл  алу  жөніндегі  жоспар 

жобалық  қуатының  алпыс  процентіндей 

ғана  орындалды.  Қосалқы  бөлшектер 

тапшылығынан  жабдықтар  жиі  тоқтайтын 

болды, кейде апаттық-технологиялық ре-

жимді еріксіз бұзуға тура келді. 

Қалыптасқан  сондай  күрделі  жағдайға 

байланысты кәсіпорынның жағдайын жан-

дандыру  және  өндіріс  деңгейін  бұрынғы 

қалпына келтіру міндеті күн тәртібіне өткір 

қойылғанда  байыту  фабрикасының  ұжы-

мы  сындарлы  кезеңнен  сәтті  өтті.  Оған 

оңтүстік  кореялық  шетелдік  инвестор 

«Самсунг»  компаниясының  жәрдеміне 

сүйенген  «Қазақмыс»  корпорациясы  бас-

шылығының пәрменді көмегі, ұжым мүше-

лерінің ұйымшылдығы, байытушылардың 

кәсіби шеберлігі игі ықпал етті.

Фабрика  өзінің  тарихында  тұңғыш  рет 

шаруашылық  есептің  түбегейлі  жаңа  та-

лаптары  негізінде  жұмыс  істей  бастады, 

әлеуетті  мүмкіндіктері  ашылды  және  ішкі 

резервтер  іске  қосылды.  Берекелі  іске 

білек  түріп  кіріскен  байытушылар  жаб-

дықтардың  өнімділігін  арттыру,  өнімнің 

өзіндік құнын төмендету және оның сапа-

сын  арттыру  бағытында  белсенділікпен 

жұмыс жүргізді. 

Ең  алдымен,  көнерген  жабдықтар 

анағұрлым  өнімді  жаңасымен  алмасты-

рылып,  қосымша  қуаттар  қатарға  қосыл-

ды. Ұнтақтау корпусында ауыр конвейер-

лер  жаңғыртылды  және  қайта  құрылды. 

№2 бас корпуста көлбеу және еңкіш  кон-

вейерлерді үйлестіріп отыратын қондырғы 

қойылды. Осындай бағыттағы іс-шаралар 

кен қабылдау мен ұнтақтауды қамтамасыз 

ететін корпустардың ырғақты жұмыс істе-

уіне игі ықпал етті. 

Бас  корпустарда  жабдықтарды  жаңғы-

рту  жөніндегі  негізгі  жұмыстар  флотаци-

ялау  паркін  жаңарту,  жаңа  әрі  барынша 

тиімді  флотомашиналар  қою  бағытында 

жүргізілді.  Оларға  жетілдірілген  аэратор 

қойылды.  Кеніштерден  жеткізілген  мине-

ралды шикізатты қабылдауда кідіріс бол-

мау  үшін  қосымша  кен  қабылдау  секци-

ясы  іске  қосылды.  Қосымша  бір  диірмен 

монтаждалды.

Құрамы  металға  кедей  кен  өндіру 

көлемінің  ұлғаюы  шикізат  өңдеудің  тех-

нологиялық үдерістерін жетілдіруді талап 

етті.  Бар күш-қуат пен мүмкіндік кенді көп 

өңдей отырып, маңызы шамалы шикізат-

тан  құнарлы  концентрат  алуды  қамта-

масыз  етуге  жұмылдырылды.  Мәселені 

кешенді  шешуге  қол  жеткізу  үшін  байы-

тушылар  барынша  тиімді  технологиялық 

жүйелерді  өндіріске  енгізіп  қана  қоймай, 

оларды ұдайы жетілдіріп отырды. 

Тәулік  бойы  толассыз  келіп  жататын 

кен  керуенін  кідіріссіз  қабылдау  мен  тех-

нологиялық үдерісті үйлестіру, жабдықтар-

дың  жұмысын  бақылау  өндірісті  басқару-

дың  автоматтандырылған  жүйесі  арқылы 

жүзеге  асырылады.    Оның  өзі  бірнеше 

бағытты  қамтиды.  Фабриканың  жұмысын 

қалыпты арнаға түсіруге ықпал етеді. 

Егер  байытушылар  тоқсаныншы  жыл-

дардың  аяғында-ақ  жобалық  көрсет-

кіштерге  қол  жеткізсе,  оның  астарында 

осындай тынымсыз ізденістер жатыр. Ең-

бек және өндірістік тәртіпті нығайту, жаб-

дықтарды  жөндеу  сапасы  мен  кестесін 

ширату,  оларды  пайдалануды  жақсарту 

сияқты факторлар да жетістікке жетуге игі 

ықпал еткені анық.




1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал