№4 (1364) 1988 жылғы 30 шілдеден шығады аймақТЫҚ апталық газет 30 қаңтар ЖҰМа, 2015 Жыл баспасөЗ-2015 «Мысты өңір»



жүктеу 459.38 Kb.

бет2/5
Дата08.01.2017
өлшемі459.38 Kb.
1   2   3   4   5

           Төл  меРекесіН  АТАп  өТТі

«Борлы» көмір департаменті техникалық бақылау бөлімінің ұжымы.

4

«Ардақтыларымызды ардақтаймыз!»

Қадыр МӘТКЕНОВ  атындағы  сыйлыққа!

         Гүлсара ОМАРОВА,

Қазақстан Журналистер

          одағының мүшесі.

Автобус қалашыққа келіп 

кіргенде ойымнан сергіп, ор-

нымнан көтерілдім.

— Қадыр Мәткеновтың үйі 

қай тұста екенін айтып жібер-

мейміз бе? — деп өкшелес 

келе жатқан қартаң әйелге 

бұрылдым.

— Бері жүріңіз, жол сілтейін. 

Әне бір сол жақтан санағанда 

үшінші үй, — деп алға ұмтыл-

ды.

«Тайжан ақын көшесі, 5» 



деп ап-анық жазылған көк 

қақпалы үйдің алдында тұр-

мын. Жайлап қоңырауын ба-

стым. Әдемі өрнектелген қоңыр 

былғары есік айқара ашылды. 

Үйден орта бойлы, жылы жүзді 

әйел шығып, сәлемдесті. Аман-

дық-саулықтан соң жадырай 

күліп:

— Е, тілші бала болсаң, 



төрге шығып жайғаса бер. Ағаң 

да келіп қалар. Мен шәй дай-

ындап жіберейін, — деді де, ас 

бөлмеге беттеді.

— Қарағым-ай, қалашықтың 

өмірі — таусылмайтын жыр 

ғой. Ақынның әні, ғалымның 

еңбегіне негіз болған Қарсақ-

бай ғой, бұл. Атыңнан айналай-

ын. Қарсақбайым, — деп Шәр-

бан апай әңгімесін бастады.

— Ағаң екеуіміз де Көкше 

жерінің перзентіміз. Көкшета-

удың несін айтасың. Жердің 

көркемі, ақындар жырласа

жырлағандай ғой. Шаршап, 

шалдыққан сәтте саялы бақ, 

сары төске жарты сағат дамыл-

дасаң, сергіп шыға келесің. 

Әркімнің кіндік кесіп, кірін жуған 

жері тым ыстық болатыны 

сондықтан ғой. Осындайда 

«жалықтырса алыс сапар, жат 

мекен, жердің түтіні де тәтті де 

тәтті екен» деп әз ақындардың 

жырында айтылғанындай, бі-

раз жердің дәмін татсақ та, үй-

дегі қарт анамыз Ұмсынайдың 

қолынан құйған қаймақ қатқан 

күрең қою шайын, дәмі тіліңді 

үйірер балдай тәтті құртын 

сағынып, тезірек елге барсақ 

деп асығып тұрамыз. Бүгінде 

жастары тоқсанды алқымдаған 

менің ата-анам да қолындағы 

бар шұрайлысын сақтап, 

алаңдаушылық танытып, 

«хабарластыңдар ма?» деп, қо-

лындағы келіні мен баласының 

мазасын алып отырады. Кейде 

сол туған жерге аунап-қунап 

қайтуға да мүмкіндік келе бер-

мей қалады-ау!

Сонау 1957 жылы Көкшеден 

осы өңірге «нар тәуекел» деп 

келіп едік. Қаланың өміріне үй-

ренген маған ауылда қиындық 

көп кездесті. Бірақ, адамның 

жеңбейтін қиындығы, алмай-

тын асуы бар ма? Ол кезде 

құрақтай желпілдеген жас 

кезіміз. Өндіріс орны болған-

дықтан, келімді-кетімді кісі де 

көп. Орыс-қазақ деп бөлінбей, 

бір үйдің баласындай тату-тәт-

ті, сыйластығымыз жарасқан, 

«сіз-бізіміз» мол еді.

Әсіресе, күн-түн демей, 

ғаламат күшпен еңбек істеген 

адамдарды еске алсам, шіркін, 

нендей құдіретке теңерімді 

білмеймін. Несін айтасың, ол 

бір дүрілдеген шақ еді-ау! Ағаң 

екеуміздің ең қимас, ең қымбат 

уақытымыз да Қарсақбаймен 

тағдырлас өтіп жатыр.

Міне, содан бері 40 жылға 

тарта уақыт өте шығыпты. Ағаң 

ол кезде жиырма екідегі жалын 

атқан жігіт болса, бүгінде ауыл 

ағасы, ақсақал атанды. Мен ақ 

сазандай құлпырған келіншек 

едім, құдайға шүкір, үлкен-

дердің жолын беріп, оншақты 

немеремнің «ақ әжесі» атанып 

отырмын. Кемерімнен шыққан 

жеті баламнан он екі немере, 

екі шөбере сүйіп, солардың 

қуанышымен күн өткізіп жатқан. 

Айнайлайындар, алдымда 

аман болып жүрсінші, — деп, ақ 

пейілді аналық жүректен шыққан 

тілегін естірте күбірлеп қояды.

Шәрбан апайдың тебірене 

еске алған әңгімесін жайлап 

ашылған есіктің дауысы үзіп 

жіберді.

— Міне, іздеген ағаңның 

өзі де келді, — деген ишарат 

білдіріп жатыр апай. — Ағасы 

— Қарсақбай үшін жаралған 

жан. Ауылдан аз ұзаса, оның 

тасы мен топырағын сағынып 

қалады, — деп апай аңқылдаған 

кейпімен күліп алды.

Алғашқыда «ағасы» деген 

сөзге мән бермесем де, жанұя-

ның басшысына деген ұлағатты 

сыйластықтан қойылған есім 

екенін түсінгенде, ағаның беделі 

бұрынғысынан да биік көрінген-

дей болды.

Бәйтеректей биік тұлғалы, 

мығым денелі, толықша келген 

жігіт ағасы менімен жылы аман-

дасты. Бірақ, қайратты адамның 

қартаймайтыны шын екен. Сөзі 

де, қимылы да ширақ. Абайлап, 

асықпай, аңдап сөйлейді. Аз 

сөйлегенінің өзі көп ойдан хабар 

береді. Көп істі аңғартады. Тек, 

ақсары өңіне енді ғана пайда 

бола бастаған терең әжімдер 

артта қалған өмір өткелінің іздері 

іспетті. Бурыл тартқан қысқа 

шашын сипап қойып, биязы 

тіл қатты. Үнінде тебіреніс, сол 

толғаныстан туған болмашы 

діріл бар.

Мен де іссапарымның мақ-

сатын түсіндіріп, ердің жасы — 

алпысқа келген ағаны қуанышты 

күнімен құттықтап жатырмын. 

Сөз емеурінін бірден түсінген 

ардагер аға өзін қолпаштағанды 

ұнатпайтынын айтып, біраз үнсіз 

қалды. Мен де оның ойын бөлгім 

келмеді. Содан бері арада 

қаншама жылдар өтсе де, Қадыр 

ағамен алғашқы кездесу көз 

алдымнан кетпейді.

Өмір деген мың сан тарау-

лы таңғажайып құбылыс қой. 

Тұрмыс тауқыметі талайлардың 

талабын тасқа шағып тозды-

рған. Тағдыр бұралаңынан тек 

рухы күшті, тіршілікке құштар-

лығы мол жандар ғана сүрінбей 

өтуі мүмкін. Көп қиындыққа 

төзімділікпен қарап, алда 

кездесер қуанышқа қол созуы-

на әкесі Мәткен ақсақал бүкіл 

болашақ үмітін, арманын мирас 

етіп тапсырған. Қай істе болсын, 

із салушы, жол бастаушы болу 

тағдыр талқысына төтеп беретін 

тегеурінді жандардың үлесіне 

тисе, ол сондай ауырлықты 

қажымай көтере білген 

қария еді. Өз кіндігінен тараған 

жеті баласының абыройы үшін 

тер төкті, солар үшін, оның 

ішінде осы Қадырына көп үміт 

артып, ерекше қарайтын, орнын 

бөлек санайтын.

— Адам боламын десең, 

атыңа лайықты азамат болу-

ды арманда, — деп сан мәрте 

құлағына құйып, сағынып жет-

кенде әкелік мейірімін төгетін.

Әкесінің ақ тілегін анасы да 

құптай түсіп, «Еріншек өзіне-өзі 

дұшпан, өмірдің мәні еңбекте» 

деп отыратын.

Иә, Қадыр Мәткенұлы Көкше-

тау облысының «Кіндікқарағай» 

колхозында тауып-өсті. Бала-

лық бал дәурен шағы көбіне 

әкесімен бірге колхоздың сан 

салалы ауыр жұмысында өтті. 

Соғыстан кейінгі ауыр жылдар-

да қай жерде болса да адам 

күші жетіспей жататын, қарап 

тұратын шақ емес. Ол кезде 

жұмыс көлемінде шекара да, 

мөлшер де жоқ. Кезі келсе кет-

пен, орайы келсе орақ орасың. 

Төтен жағдайда қалаға барып, 

тындыратын істі «баламын» 

демейсің, қайткенде тынды-

рып қайтасың. Жұмыс уақыты 

сағатпен, уақытпен өлшенбейді. 

Таңның атуы, күннің батуы меже 

емес. Күні-түні жүріп төккен тер, 

кешкен бейнеттің қарымын да 

сұрамайсың. Сол қиындықтың 

мектебінен өткен Қадыр аға бо-

збала болып бұлғақтап, бұла мі-

нез танытқан емес. Қайта оның 

алдында жасқа тән жалындаған 

арманы, үлкен мақсаты болды. 

Белі бекімей еңбекпен есей-

іп, тек білім жолын таңдауды 

армандады. Арманы — мектеп 

бітірісімен институтқа түсіп, 

жоғары білімді инженер болу 

еді. Бұл таңдау бала көңілдің ал-

бырт көкжиегіндегі сағым емес 

еді, нақты ұйғарым, тиянақты 

шешім болатын.

1957 жылы Қазақ политех-

никалық институтының тау-кен 

металлургия факультеті бойын-

ша алған білімін қарашаңырақ 

Қарсақбайда жалғастыруға жол-

дама алады. Жас маман-

ның білімі, оқу сапасы ескеріліп

институт ректоры  

Ө.Байқоңыров: «Мыс өнер-

кәсібінің болашағы зор, пер-

спективасы алда, табиғаты да 

тартымды, ертең-ақ үйреніп 

кетесің», — деп ақыл қосқан 

болатын.


Қарап отырса, өзі дәріс 

алған білдей бір астанадағы 

институттың ректоры — осы 

Қарсақбайдан түлеп ұшқан ұлан 

екен. Алғашқы еңбек жолын 

1925 жылы жұмысшы болудан 

бастаған. Елге танылған тау-кен 

ісінің білгір маманы, Ғылым Ака-

демиясының академигі, техника 

ғылымының докторы, профес-

сор, өзінің жанашыр ұстазы. 

Бұл — Өмірхан Байқоңыров 

болатын.

Осындай білімді, дарынды 

азаматы тәрбиелеген Қарсақ-

байдың тегін жер еместігіне 

шүбә келтірмейді. Келісім беруге 

уәдесін береді. Ата-анасы да: 

«Барған жеріңде таңдайыңа 

тигеннің дәмін, маңдайына 

кездескеннің бәрін тағдырдың 

жазуынан көресің, балам», — 

деп ақ батамен алыс сапарға 

аттандырып салған. Сырттай 

естігені болмаса, кенішті ай-

мақты алғаш көруі. 

Қ.Мәткенов білім алу бір 

бөлек, ал еңбек етіп, көпшілікпен 

қызмет ету — тіптен өзгеше 

тірлік екендігіне көз жеткізеді. 

Осында келген соң ғана оның 

мәнісіне түсінеді. Ұшы-қиы-

ры жоқ, бұлтарысы көп өмір 

соқпағының жас маманның 

алдына тоқсан сынағы да көп 

болды.


«Бұл мамандық менің қолым 

емес еді. Мыс балқыту, айтуға 

жеңіл болғанымен, қолмен 

атқаруға оңай емес, қайдан ғана 

келіп едім» деп, толқыған шағы 

да болды. Ол кезде зауытта 

инженер боламын деген маман 

әр цехтағы жұмыс процесімен 

танысып, соны атқара білген-

де ғана өз мамандығын толық 

игеруге қол жеткізетін. Мұның 

өзі алғашқы қадам басқан жас 

маманды сынақтан өткізуге, 

тәрбиелеуге көп көмегін тигі-

зетін. Осындай қиналып жүрген 

шағында алыстағы әке сөзі, 

жанындағы өндірістік ұстазда-

рының берген ақылдары оны 

үнемі алға ұмтылдырып, сенім 

биігінен көрінуге серт жасайды.

Арада жылжып сан жыл-

дар өтті. Бірақ, Қадыр аға 

Қарсақбайдан ешқайда қоныс 

аударған жоқ. Директорлық қы-

зметке келісімен, іскерлігімен 

елге танылып жүрген Қадыр 

Мәткенұлы көптеген көкейтесті 

мәселелерге назар аударып, 

шешуді қолға алып келді. 

Әсіресе, қалашықтың көркеюі-

не, гүлденген өңірге айналуына 

атсалысты. Бұл тұрғыда аудан, 

облыс басшыларына өткір ой-

пікірін, ұрымтал ұсыныстарын 

білдірді.

1973 жыл қарсақбайлықтар 

үшін ұмытылмас жыл болды. 

Қазақстан түсті металлурги-

ясының қарашаңырағы, мыс 

өндірісінің тұңғышы — Қар-

сақбай металлургия зауыты 

өз жұмысын тоқтатудың аз-ақ 

алдында тұрды. Бұл кезде 

Жезқазған Қарағанды 

облысынан енші 

алып, өз 

алдына 

шаңырақ көтерген 



кез-тін. Зауыттың дирек-

торы мен аудандық партия 

комитетінің бірінші хатшысы 

М.Төрегелдиннің отырса — 

ойында, тұрса — көкейінде 

«Не істеу керек?» деген сауал 

тұрып алды. Екеуінің ашпаған 

есігі, бармаған басшысы, 

тоздырмаған табалдырығы 

қалмады. Қарсақбай зауытын 

қайта құру жұмысын ілгері 

жүргізуге бірқатар лауазымды 

басшылардың берер уәдесі 

көп болды. Бірақ, жылдар 

жылжығанымен, бұл іс алға 

жылжымай, түйіні шешілмей 

қала берді.

Араға төрт жыл салып, екеуі 

тағы да ойласа келе, Қазақстан 

Компартиясы  Орталық Коми-

тетінің бірінші хатшысы Д.А.Қо-

наевтың өзіне бару керек деген 

шешімге келеді.

Сол жолы бас тіреп барған 

басшы Қарсақбайдың жа-

былмайтынын айтып, бұл 

мекемеге басшылық жасап, 

бақылауды Түстіметаллургия 

министрі В.А.Гребенюк пен 

Орталық Комитетінің екінші 

хатшысы А.Г.Коркинге тапсыр-

ма ретінде жүктеді. Бұл кезде 

Қарсақбай қалашығында 10 

мың халықтың көпшілігі жақын 

орналасқан өндіріс ошақта-

рына тарап кетіп жатқан. Бұл 

да өндіріс басшысына аз 

соққы емес. Қайткен күнде 

тұрғылықты халықты тұрақтан-

дырып, құрылыс жұмысын 

бастағанша олардың күнкөріс 

қамына көңіл аудару керектігін 

ойластырды. Қолдан келер 

шара — зауыттың тек шағын 

цехтарын іске қосып, қалыпта-

сқан жұмысшы күшінен айы-

рылып қалмау керек-тін.

1983 жылы істің түйіні 

шешілгендей болды, зауыт 

ұжымы қайта құру жұмысын өз 

күштерімен қолға алды.  Қажет-

ті қаражат көзі, кететін шығын 

есептеліп, жобасы дайындал-

ды. Сөйтіп, қазіргі Қарсақбай 

металлургия зауытының негізі 

қаланды. 

Кезінде Қарсақбай топы-

рағын «нар тәуекел» деген 

сенімді ниетпен аттаған азамат 

сол зауыттың басынан күйі 

қашқанда оның қызғыштай 

қорғаушысына айналды. Қазіргі 

таңда қарсақбайлықтар Қадыр 

Мәткенов туралы «Қарсақбай-

ды қорғап қалған Қадекең» деп 

отырады.


                                                                                                                     30 ҚАҢТАР  2015 жыл

5

ДАҢҚ


                                                                                                                                                                                                                                       30 ҚАҢТАР  2015 жыл

1943 жылғы 30 

қаңтарда КСРО Жоғарғы 

Кеңесі Төралқасының 

Төрағасы М.Калинин мен 

хатшысы А.Горкин қол 

қойған Жарлық бойынша  

сегіз жауынгерге Кеңес 

Одағының Батыры атағы 

беріледі. Жарлық бізге, 

қазақ ұлтына ерекше 

қуаныш сыйлады.Өйткені, 

Батыр атағын иеленген 

сегіз жауынгердің екеуі   — 

қазақ ұлтының өкілдері 

яғни, Мәлік Ғабдуллин 

мен Төлеген Тоқтаров 

болатын. Мұндай жоғары 

марапаттамаға бір 

Жарлықпен бір күнде 

ие болған олардан өзге 

қазақтар бола қоймаған 

шығар деп ойлаймын. Бұл 

Жарлықтың жанымызға 

ерекше ыстықтау 

сезілетіндігі де сондықтан.

Осы Жарлықтың 

көшірмелерімен таныса 

отырып,  Мәлік пен 

Тоқтар аталарымыздың 

майданда қандай ерлік 

көрсеткендерін көз алдымызға 

елестетуге болады.Сонымен 

бірге, оларға Кеңес Одағының 

Батыры атағын беруге  

кейбіреулер тарапынан іштарлық 

жасалғандары да байқалмай 

қалмайды. 

Олардың екеуі де даңқты 

панфиловшылар  болды. 

Соғысқа дейін Риддер 

қорғасын зауытының жұмыскері 

болғанТөлеген Тоқтаров соғысқа 

өз өтінішімен аттанған.  Бала 

кезімізде бір шығармадан 

«Төлеген небәрі төрт-ақ күн 

соғысқан, соның өзінде өзінің 

ерлігімен даңқы жайылған» 

деген жолдар жадымызда 

қалып қойыпты.Шынында да, 

бәлкім, төрт-ақ күн болмас, 

бірақ, Төлеген Тоқтаровтың 

майдандағы жорық жолының  

өте қысқа болғанын оған 

толтырылған марапаттама 

қағазынан да байқауға болады. 

Бұл құжатта оның 1941 жылдан 

әскер қатарында 

екені, бірақ, 1942 

жылға шейін 

соғысқа тікелей 

араласпағаны 

көрсетілген. Ал, 

ол 1942 жылғы 10 

ақпанда болған 

ауыр шайқас 

кезінде ерлікпен 

қаза тапқан. 

Марапаттама 

қағазында да 

оның 5-10 ақпан 

аралығындағы 

ерліктері ғана 

баяндалған. Яғни, 

Төлеген атамыз 

шынымен де небәрі 

төрт-ақ күн ұрысқа 

қатысып, ерліктің 

ерен үлгісін таныта 

білген. Жоғарыға 

жолданған ұсыны-

ста төлеген Тоқта-

ровтың 5 ақпанда 

7 фашистің көзін 

жойып, екеуін 

тұтқынға түсіргені, 

7 ақпанда тағы 

да 5 фашисті жер жастандырға-

ны туралы жазылған. 10 ақпан 

күнгі оның ерлігі аңызға пара-пар. 

Төлегеннің майдандағы сол ерлігін 

көзімен көрген , сол бөлімнің саяси 

жетекшісі болған Мәлік Ғабдуллин 

«…Түс кезінде немістер батыл 

күшпен қайта шабуыл жасады. 

Бұл жолы немістердің шабуылына 

бүкіл батальон автоматшылары 

аттанды. Нағыз күшті соғыс 

басталды. Шайқас кезінде оқ 

дәрісі таусылған Төлеген ішінен 

ауыр жараланды. Төлеген «әуп» 

деп орнынан атып тұрды да, 

салбырап шыққан жаралы ішегін 

қарнына қысып, автоматын 

қолына ала жүгірген бетімен неміс 

офицерінің қақ басынан періп 

жіберді. Офицерді жайратып 

салып, қайта орала бергенде 

жаудың қайта атылған пулемет 

оғы оның кеудесіне тиді. Есіл ер 

Төлеген осындай ерлік өліммен 

қаза болды. Төлегеннің сүйегі 

Бородиноның күн шығыс шетіндегі 

төбеге жерленді…» деп, естелік 

жазып қалдырған.

Не деген қайсарлық, 

не деген қайнаған кек! 

Ол соңғы сәтіне шейін 

жаумен айқасты және 

оны жеңе білді.  «Ажалға 

тура қарасаң өлім сенен 

қашатын болады» дейді 

екен ол қасындағы 

жауынгерлерге. Бұл орайда 

оның нақты өлім туралы 

емес,  адамның өзі өлсе 

де ерлігі өлмейтіндігі 

туралы айтқаны түсінікті. 

Төлегеннің қазасын 

естіген жауынгерлер қатты 

қайғырады, олардың 

бойында жауға деген 

өшпенділік бұрынғыдан 

да бетер күшейе түседі.

Сөйтіп, төлеген Тоқтаров 

өлімі, өшпес рухы арқылы 

да жауынгерлерді кезекті 

шабуылға жігерлендіріп, 

қайраттандырып отырады.

Төлегеннің ерлігіне 

лайықты марапаттау 

мақсатында 1075 -полктің 

командирі полковник 

Капров пен батальон 

комиссары Мұхамедияров 

жоғары әскери басшылыққа 

оған Кеңес Одағының Батыры 

атағын беру туралы ұсыныспен 

шығып, хат жолдайды. Бұл 

ұсынысқа  8-гвардиялық панфилов 

дивизиясының басшылары 

Чистяков, Егоров, Серебряковтар 

толық қолдау білдіреді.  1942 

жылғы 23 ақпанда олар  Т.Тоқта-

ровты Кеңес Одағының Ба-

тыры атағына лайық деген 

полк ұсынысына келісім беріп, 

қолдарын қояды. Бірақ, корпустың 

командирі Лизюков пен әскери 

комиссары Туманян 1942 жылғы 

27 наурызда осы ұсынысқа 

байланысты ашық қарсылық та 

танытпайды, толық қолдау да 

көрсете қоймайды. Бұл олардың 

келіп түскен ұсынысқа орай  тек 

қана «Үкіметтік марапаттамаға 

лайық» деп көрсеткен   екіұштылау 

ұйғарымдарынан анық байқалып 

тұр. Сөзіміздің бас жағында 

«Сонымен бірге, оларға Кеңес 

Одағының Батыры атағын беруге  

кейбіреулер тарапынан іштарлық 

жасалғандары да байқалмай 

қалмайды» дегеніміздің бір ұштығы 

осында жатыр. Ал, 3-екпінді 

армияның қолбасшысы Пуркаев 

пен Әскери кеңестің мүшесі 

Пономаренко  Төлеген Тоқтаровқа 

Кеңес Одағының Батыры атағын 

беру туралы жасалған ұсынысты 

мүлдем қабылдамайды да, Қызыл 

Ту орденіне ұсынумен шектеледі.

Шынында да, Калинин майданы 

басшысының 1942 жылғы 28 

тамыздағы КСРО Жоғарғы Кеңесі 

Төралқасының атынан шығарған 

Марапаттау туралы №306 

Бұйрығында Қызыл Ту орденімен 

марапатталғандардың арасында 

Төлеген Тоқтаровтың да есімі 

жазулы тұр. Демек, Т.Тоқтаров 

соғыс кезінде Қызыл Ту орденімен  

де марапатталған. Бірақ, неге 

екені белгісіз бұл туралы айтыла 

бермейді. Бірақ, бір ғажабы, 

Т.Тоқтаровты Қызыл Ту орденімен 

марапаттау туралы  арнайы 

ұсыныс жасалмағанға ұқсайды. 

Өйткені, Қызыл Ту орденін беру 

туралы Бұйрыққа да, Кеңес 

Одағының Батыры атағын беру 

туралы Жарлыққа да сол алғашқы 

ұсыныс негіз болған. Марапаттама 

қағазына қарағанда солай. 

Жер айтып бармасын, 

меніңше, Пуркаев деген кісіңіз тек 

Төлеген Тоқтаровқа ғана емес, 

Мәлік Ғабдуллин атамызға да 

Батыр атағын қимаған секілді. 

М.Ғабдуллиннің марапаттама 

қағазына жіті үңілсеңіз , бұл да 

анық көзге ұрып тұр. 

Мәлік атамызға Кеңес 

Одағының Батыры атағын беру 

туралы ұсыныс алғаш рет 1942 

жылғы 29 сәуірде жазылған. 

Осы ұсыныстың ең  

ақырғы ұйғарымында да 

Пуркаевтің қолы қойылған. 

Бірақ, ол қол қойған кезде 

Кеңес Одағының Батыры 

атағына лайық деген 

сөздер болмаған, басқа 

сөздер жазылған, кейін 

өшірілген. Яғни, Пуркаев 

М.Ғабдуллинді орденмен 

марапаттасақ да жеткілікті 

дегенге ұқсайды. «Достоин 

награждения» деген жазу 

мен «званием Героя 

Советского Союза» деген 

жазулардың екеуі екі түрлі 

қолдан шыққаны да, бір 

мезгілде жазылмағаны 

да көзге ұрып тұр. 

Мұның үстіне осы екі 

сөздің арасындағы 

алғашқы жазылған 

жазудың үстінен басып  

өшірілгенін қосар 

болсақ, Пуркаевтің 

«іштарлығына» күмән 

қалмайды.  Абырой 

болғанда, Пуркаев сол 

тұста қызмет ауыстырған болса 

керек, өйткені, марапаттауға 

қатысты басқа бір құжаттарды 

қарағанда 28 маусымда 3-екпінді 

армияның қолбасшысы болып 

генерал-лейтенант Шарохин 

қол қойған екен. Шамасы, осы 

Шарохин жоғары жаққа әлі 

жөнелтіле қоймаған ұсыныстарды 

қайта қарап шығып, өзіндік 

түзетулер енгізген, дұрыстап 

айтқанда, әділдікті қалпына 

келтірген болуы мүмкін. Бәлкім, 

Төлеген Тоқтаровтың да Қызыл Ту 

орденімен шектеліп қалмай Кеңес 

Одағының Батыры атағын алуына 

да осы Шарохиннің шарапаты тиді 

ме екен? Нақты құжатты көзіміз 

көрмесе де солай болғанына 

сенгіміз келеді. Неге? Өйткені, 

Мәлік Ғабдуллинді Батыр 

атағына ұсынған құжаттың 

соңғы сөйлемдерінде «бұ-

дан бұрын Кеңес Одағының 

Батыры атағына ұсынылған 

автоматшы Төлеген Тоқтаров 

Мәлік Ғабдуллиннің шәкірті 

болып табылады» деген сөздер 

бар. Мұндай сөздерге көзі түскен 

кісі сол Төлеген Тоқтаровтың 

өзінің де құжаттарымен 

танысқысы келуі мүмкін  ғой. 

Бәлкім, әділетті көзқарас 

танытқан КСРО Қорғаныс Халық 

комиссарының орынбасары, 

Әскери кеңестің мүшесі 

болған  Александр Дмитриевич 

Румянцев те болуы ғажап емес. 

Өйткені,  марапаттама қағазын 

И.В.Сталинге ұсынған және 

осы марапаттамаға қолдау 

көрсетуді Сталиннен сұрау 

қажеттігін айтып,  партияның 

Орталық Комитетінің хатшысы 

Поскрышевке де хат жолдаған 

нақ А.Румянцев болған. 1941 

жылы даңқты генерал Панфилов 

қаза тауып, оның жерлеу 

рәсіміне КСРО Қорғаныс Халық 

комиссариаты атынан 

қатысып, сөз сөйлеген 

генерал туралы да, оның 

жауынгерлері  жөнінде де 

өте зор ықыласты лебізін 

білдірген. Сондықтан 

да, марапаттама қағазы 

қолынан өтетін А.Румянцев 

панфиловшыларға, 

яғни, М.Ғабдуллин мен 

Т.Тоқтаровқа әділетсіздік 

жасалып бара жатқанын 

байқап, түзетті ме екен?  Ең 

сүйініштісі сол, қазақтың екі 

батыр ұлы да әділетсіздік 

құрбанына айналып 

кетпеді,  өз ерліктеріне 

лайықты марапаттамаға 

ие болды. Ал, соғыс 

тұсында әділетсіздіктердің 

аз болмағандары да 

айқын. Мысалды алыстан 

іздеп керегі жоқ. Мәскеу 

түбіндегі шайқастарда 

аты аңызға айналған 

Бауыржан Момышұлы 

атамызға Кеңес Одағының 

Батыры атағы қашан 

берілді? Соғыс біткеннен 

кейін 45 жылдан соң 

берілді емес пе? Рейхстаг 

төбесіне алғаш болып 

Кеңес жалауын желбіреткен 

Рақымжан Қошқарбаев атамыз 

ше? Әйтпесе, «Черный Вася» 

атанып, атының өзі фашистердің 

зәреқұтын қашырған даңқты 

партизан Қасым Қайсенов 

кеудесіне Жұлдыз тақты ма? 

Бұлар белгілі тұлғалар  ғана, 

белгісіз қалғаны қаншама 

десеңізші! Мәлік пен Төлеген 

аталарымыздың  да ерліктері өз 

деңгейінде бағаланбай қалулары 

әбден-ақ мүмкін екен. Оларды 

мұндай әділетсіздіктерден 

қазақылап айтқанда Құдай 

сақтап қалғанға ұқсайды. Ерліктің 

дер кезінде бағаланғанына не 

жетсін?!



1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал