№37 жалпы орта білім беретін мектебі де жаңа оқу



жүктеу 0.56 Mb.

бет1/6
Дата03.03.2017
өлшемі0.56 Mb.
  1   2   3   4   5   6

№37  жалпы  орта  білім  беретін  мектебі  де  жаңа  оқу 

жылын  жақсы  дайындықпен  қарсы  алды.  Жаңа  оқу  жылына 

оқушылардың  әлеуметтік  жағдайын  зерттеп,  нашар  және 

көп  балалы  жанұя  және  қамқорлыққа  алынған  балалардың 

тізімін алып, қай отбасына қандай көмек керек екенін анықтау 

барысында  мектептің  әлеуметтік 

педагогы  Ж.  Баймункина      көп 

еңбек сіңірді. 



Суретте:  4-сынып оқушысы, 

көп  балалы  отбасы  баласы 

Айбек  Аймағанбет  демеушілер 

берген  мектеп  құралдарын 

алуда.

«Мектепке  жол»  акциясын 

ұйымдастыру 

шеңберінде 

демеушілік көмек  көрсете алатын 

кәсіпкерлер  мен  демеушілерге 

арнайы  хат,  үнпарақтар    жолдап,    демеушілерді  акцияға 

атсалысуға тарту жұмыстары жолға қойды.



Суретте: 1-сынып оқушысы көп балалы жанұя оқушысы 

Сұлтан Бахитов мектеп формасымен  қамтылды.

«Мектепке  жол»  республикалық  акциясы  аясында 

«Атамекен» жасөспірімдер туризм орталығында өтетін шараға 

аз қамтылған отбасы баласы 6-сынып оқушысы Махан Әлиханға 

жаңа оқу жылына оқу құралдармен қамтамасыз етілді. 

1-сыныптың  он  тоғыз  оқушысына  жалпыға  бірдей  білім 

беру  қорынан  мектеп  формасы 

үлестірілді.      Көп  балалы,  аз 

қамтылған,  қамқоршылықтағы 

отбасы  балаларынан  жүз  төрт 

балаға  жалпыға  бірдей  білім 

беру қорынан оқу құралдарымен 

қамтамасыз етілді.

Б.ЖАСАНОВА

№37 Жалпы орта білім 

беретін орта мектеп

 директорының тәрбие 

жұмысы жөніндегі орынбасары      

№№ 17-18 (201-202)

17 қыркүйек

2014 жыл

 Балғындардың  айтар 

алғысы шексіз

Ел ер


«Балдә

«Бірінші сыныпқа бірінші рет»

Бағы жанып ағалардың, алғысын алды балалардың

Адамгершілік 

кімде болса соны 

ер деп есепте...

Ойшылдарымыз айтқан осы бір қанатты 

сөз қазаққа тән қасиетіміз бен қанымыздан 

бойымызға  дарыса  керек.  Жоғына  пана 

болған  ұлы  елдің  бүгінгі  арыстары  кейінгі 

ұрпақтарына  да  ата  дәстүрмен  қамқөңіл 

жандарға  тірек  болып  келеді.  Елбасы 

жол  салып  берген  «Мектепке  жол» 

Республикалық  қайырымдылық  шарасына 

біздің  №46  жалпы  орта  білім  беретін 

мектебімізде  оқитын  оқушыларға  да 

демеушілік  танытқан  жандар  аз  болмады. 

Жалпы мектебімізде елуден аса қамқорлық 

күтетін  оқушы  болса,  солардың  бәрі  де 

жаңа  оқу  жылына  демеушілер  атынан 

дайын болды. Бұл жерде кім көп берді, кім 

аз  берді  де  емес,  әңгіме  адамгершілікте 

болды. 


Қалалық 

мәслихаттың 

депутаты  

«Еңсепова 

М.Б.» 

Ж.К.директоры 



М.Қаженов, жеке кәсіпкерлер, Б.Утегулова, 

Б.Лұқманова, 

М. 

Қуанышқалиев,  



«М  9»  дүкенінің  иесі  М.Мусағалиева  және 

зейнеткер  әжеміз  Л.Макрова  әжемізбен, 

мектебіміздің  6 «б» сынып ата-аналары мен 

С.  Есбекова  демеушілік  жасады.  Мектеп 

ұжымы  атынан  қайырымды  жандардың 

барлығына алғысымызды білдіреміз.



Ұлжан МАШТАНОВА

№46 ЖООБМ-нің бастауыш сынып 

мұғалімі

Асыл ұстаз, мен өзіңе – балдырған. 

Кесе өтпеймін әлі күнге алдыңнан, 

Еліміздің  барлық  аймақтарында  екі  ай 

бойына  жүргізілетін  акцияның  мақсаты  – 

аз  қамтылған  және  көп  балалы  жанұялар 

балаларына 

оқу 


жылы 

басталуына 

дайындалуға  көмектесу  және  балалардың 

әлеуметтік себептерге байланысты мектепке 

келмей қалуынан сақтандыру.

С.Есетов  атындағы  орта  жалпы  білім 

беретін  мектебінде  «Балаға  мейірімділік  

сыйла!» 


қайырымдылық 

 

шарасы 



ұйымдастырылды.  Шараға  Талдықұдық 

ауылының  шаруа  қожалықтары  белсене 

қатысты.  Аз  қамтылған,  көп  балалы  жанұя 

балаларына  киім,  аяқ  киім,оқу  құралдарын 

алып берді.

Атап  айтар  болсақ,  «Аманбол»  ШҚ 

иесі  Қарасаев  Амангелді,  «Елшібек»ШҚ  

иесі  Жұмағұлов  Елдос,  «Берік»  иесі 

Аманғалиев  Берік,  «Қадем»  ШҚ  иесі 

Оразаев  Едігар,  «Оралбай»  ШҚ  иесі 

Нурпейсов Оралбай, «Райымбек»ШҚ иесі 

Искалиев  Айбек,  «Ақжол»  Алдамжаров 

Бақтыгерей,  «Ерғазы»  ШҚ  иесі  Асқаров 

Ертілеу,«Ұзақбай  »ШҚ  иесі  Шыналиев 

Берік сынды ауыл азаматтары демеушілік 

көрсетті.

Мектеп ұжымы атынан осы азаматтарға 

алғыс білдіреміз! 



Ақжол   ҚАЗИУЛЛИН

С.Есетов атындағы ОЖББМ-нің 

әлеуметтік педагогі

Казталов ауданы

«Мектепке жол» республикалық акциясы 

шеңберінде  өтіп  жатқан  қайырымдылық 

акциясына байланысты жалпы білім беретін 

Мереке 


орта 

мектеп-балабақшасына 

жаңа  оқу  жылында  алғашқы  рет  мектеп 

табалдырығын  аттағалы  отырған  1-сынып 

оқушыларына арналған жиын өткізілді.

Бұл  жиынға  Мереке  ауылдық  округі 

әкімі  аппаратының  бас  маманы  Е.Доспаев, 

ақсақалдар 

алқасының 

төрағасы 

Ж.Кұрмашев, әйелдер алқасының төрайымы 

Ж.Әділова  және    ата-аналар  шақырылды.  

Мектеп 

директоры 



Д.Дүйсенғалиев 

құттықтау  сөзбен,  балаларға  құтты  қадам 

тіледі. Әйелдер кеңесі төрайымы әрі биылғы 

жылы  екінші  немересін  жетектеп  келген 

Жеміс  Тілекешқызы  сөз  алып,  кішкентай 

бүлдіршіндерге  өзінің  жүрекжарды  жылы 

лебізін  жеткізіп,  мектеп  өміріне  «тарыдай 

болып  кіріп,  таудай  болып  шығуларына» 

тілек білдірді. 

Мектеп табалдырығын аттағалы отырған 

Ж.Жармұқан,  А.Мажитқызы  Қ.  Бақытқали 

сынды  балалар  тақпақтарын  оқып  берді. 

Мектепалды  даярлық  тобының  тәрбиешісі 

Табылдиева  Қазима  Мақсотқызы  сөз  алып 

балаларға  ақ  жол  тілеп  шығарып  салса, 

бүлдіршіндерді  бірінші сыныпқа  Кұрмашева 

Нұрбике Сексенқызы қарсылап алды. Барлық 

балаларға  мектеп  формасын  үлестірді. 

Тасқала 

ауданында 

халыққа 

қызмет 


көрсетіп  келе  жатқан  жеке  кәсіпкер  Дамир 

Маштаковтың демеушілігімен балаларға оқу 

құралдары да берілді. Балалардың барлығы 

қуанып, жүздері жадырап, бірауыздан үлкен 

аға-апаларына рахметін білдірді. 

Ата-аналар  атынан  сөз  сөйлеген  Әлия 

Едігеқызы  жылы  лебізін  білдіріп,  сазды 

сәлемін  жолдап,  мектеп  әкімшілігіне, 

ұйымдастырушыларға,  демеушілік  жасаған 

тұлғаларға алғыс білдірді.



Қуаныш МАЮКОВ

ЖББ Мереке орта мектеп-балабақшасы

директорының тәрбие ісі жөніндегі 

орынбасары,

Тасқала ауданы

«Мектепке жол» 

мейірімділікке бастады

«Мектепке жол» акциясы бұл жолы «Балаға мейірім сыйла!» ұранымен 

бастау  алып,  «Приурал  мектеп-балабақша  кешенінде»  қайырымдылық 

көмек көрсетуге мемлекеттік құрылымдар  және жеке кәсіпкер демеушілерді 

қайырымдылыққа тарту жұмыстары жалғасуда.

Акцияның мақсаты – жаңа оқу жылына дайындық кезінде аз қамтылған, 

көпбалалы    отбасылардың  балаларына  қолдау  көрсету  мен  олардың  1  - 

қыркүйекте  әлеуметтік 

себептермен  мектепке 

бармай қалуының алдын 

алу  болып  табылады. 

Әлеуметтік 

жағынан 

қорғалмаған 

отбасы 

балаларына  әлеуметтік 



көмек  көрсету  жөнінде 

ауылымыздағы  «Орал» 

Жеке 

шаруашылық 



серіктестігінің 

дирек-


торы 

 

С..Алмашев 



мырза    мектебіміздегі 

әлеуметтік 

жағдайы 

төмен 


отбасы 

балаларына 

мектеп 

сөмкесі    және  оқу 



құралдарын сыйлады. Аудандық білім беру бөлімінен  аз қамтылған жиырма 

тоғыз оқушыға жалпыға бірдей білім беру қорының қаржысынан  бөлінген 

қысқы  күртеше  мен  қысқы  аяқ-киімдерді  тарту  етті.  Жақсылық  жасау, 

адамгершілік  жағынан  да,  материалдық  жағынан  да  мұқтаж  жандарды, 

оның ішінде балаларды жылы жүрек пен мейірімділік шуағына бөлеу болып 

табылады.  Жомарт  болу  -  өзіңде  барды  зәру  адаммен  шын  жүректен 

бөлісу.«Кең  пейілді  кемімес,  тар  пейілді  кеңімес»–дегендей,  жүректері 

мейірімге толы азаматтар көп болсын! 



М.ИЖЕКЕНОВА

Приурал мектеп-балабақша кешенінің 

тәрбие ісінің орынбасары

Бөрлі ауданы

1-Қыркүйек - Білім күні, Мерекелеріңізбен!

Қазақстан  Республикасы  білім  және  ғылым  Министрлігі  елбасымыздың 

мектеп  оқушыларының  толық  мектепке  баруын  қамтамасыз  ету  туралы 

тапсырмасын орындау барысында, осымен жетінші жыл қатарынан «Мектепке 

жол» республикалық қайырымдылық акциясы өз мәресіне жетіп келеді.

Мен өзіңе өмір бойы қарыздар, 

Шәкіртіңмін жүрегіңе табынған.

  № 42 «Ақ ниет» гимназиясының 

биылғы алғашқы шәкірттері


№№17-18 (201-202)    17.09.2014 ж.

2

Мемлекет 

басшысының 

мектеп 


оқушыларының  сабаққа  қатысуын  толық 

қамтамасыз  ету  туралы  тапсырмасын 

орындау мақсатында жалпыға бірдей білім 

беру айлығы мен «Мектепке жол» акциясын 

өткізу 1-тамыздан, 30-шы қыркүйекке дейін 

жарияланды. 

Ағымдағы жылдың шілде айының соңғы 

аптасында  облыс  әкімі  орынбасарының 

төрағалығымен 

акцияның 

басталуы 

бойынша  мәжіліс  өткізілді.  Мәжіліске 

акцияны  өткізу  мен  ұйымдастыруға 

қатысты 


департаменттердің 

және 


басқармалардың  басшылары  қатысты. 

Мәжілісте  «Мектепке  жол»  акциясын 

өткізуге  арналған  шараларды  жүзеге 

асыру  жөніндегі  облыстық  ұйымдастыру 

комитетінің  құрамы  мен  іс-шаралар 

жоспары бекітіліп, акцияны өткізу бойынша 

тапсырмалар берілді.

Білім 


басқармасының 

«Мектепке 

жол  акциясын  өткізу  туралы»  бұйрығы 

шығарылып, 

барлық 

білім 


беру 

ұйымдарының 

назарына 

жеткізілді. 

Акцияның 

басталуы 

туралы 

2014 


жылғы 

31 


шілдеде 

«Қазақстан-

Орал»  телеарнасының  «Ел  алдында» 

бағдарламасына  басқарма  басшысының 

орынбасары  З.Гұмарованың  қатысуымен 

тікелей эфирде және 1 тамызда басқарма 

басшысы  А.Мыңбаеваның  қатысуымен 

баспасөз-мәслихаты өткізілді. 

Сонымен  қатар,  акция  аясында 

аудандардың  және  Орал  қаласының 

әкімдігінің  қолдауымен  облысымыздың 

барлық 


өңірлерінде 

және 


шалғай 

орналасқан  ауылдарда  да  арнайы 

«Мектеп  жәрмеңкесі»  ұйымдастырылуда. 

«Мектеп  жәрмеңкесінде»  кәсіпкерлер  оқу 

құралдарын, мектепке арналған киімдерді, 

аяқ 


киімдерді, 

спорттық 

киімдерді 

төмендетілген бағамен ұсынды.

Акцияның  29  тамыздағы  жағдайы 

бойынша әлеуметтік жағынан қорғалмаған 

отбасының 7686 балаларына 35,543 млн. 

теңгеге,  соның  ішінде  бюджеттен  тыс 

қаражат  есебінен  24,229  млн.  теңгеге 

қаржылай  және  материалдық  көмек 

көрсетілді.  Акция  барысында  әлеуметтік 

көмекті  қажет  ететін  балаларға  қол  ұшын 

созғандар: 

«Мектепке  жол»  акциясы  шеңберінде 

Батыс  Қазақстандық  полиция  ұжымы  бес 

білім  беру  ұйымына  біркүндік  жалақысын 

аударды.

  Ата-анасынан  қамқорсыз  қалған 

1. 

және  жетім  балаларға  арналған  №15 



облыстық көмекші мектеп-интернаты.

Көшім балалар психоневрологиялық 

2. 

медициналық-әлеуметтік мекемесі.



Облыстық есту және сөйлеу қабілеті 

3. 


бұзылған  балаларға  арналған    мектеп-

интернат-кешені.

Облыстық балалар үйі.  

4. 


Облыстық  көру  қабілеті  бұзылған 

5. 


балаларға  арналған  арнаулы  мектеп-

интернаты. 



  Бұл  оқу  орындарында  барлығы  721 

оқушы  бар,  оның  ішінде  178-і  жетім 

балалар.  

Көшім  балалар  психоневрологиялық 

медициналық-әлеуметтік 

мекемесіне 

1  500  000  (бір  миллион  бес  жүз  мың) 

теңге, қалған 4 оқу орнының есепшотына 

1  000  000  (бір  миллион)  теңгеден  ақша 

аударылды. 

«Ел  іші  алтын  бесік»,  ел  болғасын 

бір  отбасының  жағдайы  озық  тұрады, 

енді  біреулері  жағдайлары  келмей 

жатады.  Осыны  түсінген  жомарт  қолды, 

дархан  жүректі  азаматтарымыз,  жағдайы 

жоқтарға  барынша  қолдау  білдіріп  жыл 

сайын  жаңа  оқу  жылы  қарсаңында  көп 

балалы  отбасыларға,  қамқорлығы  жоқ 

жетім  балаларға  қол  ұшын  беріп  келеді. 

Облыстық  білім  басқармасының  атынан 

барлық  жанашыр  болған  жандарға 

алғысымызды  білдіреміз.  «Берсең  балаға 

бер»  деген  халқымыз  балаға  бергеннің 

базары артарын біліп айтса керек.  



Хажарбиби ИСКАНДАРОВА

 Облыстық білім басқармасының

 мектепке дейінгі және жалпы

 орта білімді дамыту бөлімінің 

бас маманы

«Мектепке жол» акциясы 

шарапаты мол шара

«Мейірімге бөлеген жандарға, Мың тағзым»

Өздеріңізге сендім, өр халқым!

Жүректерге шуақ сыйлаған

Армысыздар!  Менің  жас  өрендерім. 

Жадыраған  жаз  айын  қызықты  өткізіп, 

алтын 


ұя 

мектептеріңмен 

қуана 

қауышқандарыңа  мен  де  қуаныштымын. 



Құзырлы 

орындардың 

мәліметіне 

сүйенсек,  биылғы  жаз  айында  мектеп 

оқушыларының  95    пайызы  жазғы 

лагерінде  демалыпты.  Облыс  аумағын 

былай  қойғанда,  республикалық  жазғы 

демалыс  орындарында  демалғандар  да 

жетерлік екен. Бөрлі, Ақжайық, Казталов, 

Сырым,  Шыңғырлау  аудандық  білім 

бөлімдерінің басшылары балғындарының 

демалысты  жақсы  өткізгендері  жайында 

газетімізге  Ақпарат  беріп  жарқыратып, 

жазып  та  үлгерді.  Ал,  қалған  аудан 

басшыларынан  қанша  Ақпарат  сұрасақ 

та,  сөзіміз  жерде  қалып  жатты. 

Бала  басылымы    өздеріңіздей 

оқырмандары мен ата-ана, ұстаздардың 

қолдауымен  жарыққа  шығып  келеді. 

Жыл  аяғына  дейінгі  жазылымда  Орал 

қаласы,  Бөрлі,  Жаңақала,  Қаратөбе, 

Ақжайық, 

Тасқала 

аудандарының 

оқырмандары  мерейімізді  өсірді.  Ал, 

қалған аудандарда газетімізге қамқорлық 

әлі  жетіспей  жатыр.  Бөкей  ордасы 

ауданы  бойынша  он  саусаққа  жетпейтін 

оқырманымыз  барын  біліп  тіпті  не 

ойларымызды  білмедік.  Аға  газеттерді 

қарап  отырып,  бұл  ауданның  жазары 

бар  оқушыларының  шығармалары  бұл 

газеттерде жарияланбағанын көрдік. Әлде 

аудандық білім бөлімі құзырына қарасты 

мектептерде 

оқитын 


балғындардың 

әдебиетке  деген  құлшыныстарының  жоқ 

екенін  біліп,  мектепте  өткізіліп  жатқан 

мәдени-спорттық 

шаралардың 

тек 


жоспар түрінде өткізіп қоя сала ма екен, 

түйсікке  сыйдыра  алмадық.  Ал,  біз,  бұл 

ауданның  балғындарының  әдебиетке 

деген  талпыныстарын  жақсы  білеміз. 

Амал  нешік,  бұрындары  шалғай  ауыл 

шаммен  отыр  дейтін  едік,  ендігісіне  не 

жорық басшылардың. Кімге не айтамыз, 

қай басшыға қоңырау шалып, хат жазсақ 

та,  «жеке  басылым  ғой,  аға  газеттерден 

аса  алмай  жатырмыз,  ренжімеңіздер, 

көрерміз»  деген  көрегендік  айтады. 

Егер 


бұл 

көрегенділік 

болса?

Редакция  алқасы  жаз  айларында 



Ақжайық, 

Жаңақала 

аудандарында 

іс  сапарда  болып,  оқырмандарымен 

жүздесіп, 

балалардың 

жазғы 

демалысымен танысып қайтты. Жаныма 



батқаны, жадырай қарсы алған көп жерде 

бала газетіне жазылымның ұмыт қалғаны 

болды. Тасқала, Казталов аудандарында 

да  көңіл  жұбатарлық  оқырмандарымыз 

бар.  Тек  шығармашылықтың  келуі 

баяу.  Ал,  ұлылардың  ізі  қалған  Сырым, 

Қаратөбе  аудандарының  игі  жақсылары 

бәрі  де  баладан  бастау  алатынын  әлі 

де  болса  ұмытпағаны  жөн.  Әсіресе, 

Сырымдықтарда  жазары  бар  балғындар 

жетерлік  бола  тұра  бала  газетімен 

байланыс  жасамаулары  өзекті  өртейді. 

Аудандық  білім  бөлімінің  басшысы 

Серікқали  Марленұлы  мұны  ескерер 

деген  ойдамыз.  Қаратөбе  аудандық 

білім бөліміндегі  газетіміздің жанашыры 

Есенгүл  қарындасым;  -аға  келер  жылға 

жазылымды көбейтіп береміз, әзірге барға 

қанағат,  жоққа  салауат  айтыңыз  деп,- 

көңілімді  жұбатып  қойды.  Жаңақалалық 

Құралай  қыз  да;  -  Жәке!,  жасымаңыз 

келер жылдан үміт көп, - деп телефоннан 

күміс  қоңыраулы  үнімен  сыңғырлайды. 

Бала  газетіне  аға  басылымдардай 

облыстық 

бюджеттен 

де 

қаржы 


бөлінбейді. 

Облыс 


әкімдігі 

мен 


облыстық  ішкі  саясат  басқармасына  хат 

жазып,  жанашыр  болыңыздар  десем, 

тақырыбыңызды  талдап  жазыңыз  дейді. 

Негізгі  оқырмандарымыз  бастауыш  пен 

орта буын болғандықтан біз нені талдап 

жазамыз, 

Отанымды, 

Отбасымды 

мақтан  етемін,  ұстазым-  мақтанышым 

-  деп,  жазатын  балғындардың  жиырма 

жолға  жетпейтін  шығармасын  ба? 

Ақылға  сыймайтын  болғасын  осы  күні 

шенеуніктерге  баруды  да  қойдық. 

Қолдап  отырған  халқым  сіздер  аман 

болыңыздар.  Мәңгілік  ештеме  жоқ. 

Дүние  –  байлық,  тірі  де  бас  жармайды, 

алайда ақыретке иман ғана бізбен кетер. 

Ақ  Жайығымның  Самалын  қолдаған 

өздеріңдей  халқым  аман  болса,  біз 

әлі  газетіміздің  жиырма  жылдығын  да 

тойлармыз.  Менің  бұл  арманымның 

жүзеге  асарына  Бөрлі  аудандық  білім 

бөлімінің басшысы Айымгүл Мақсотқызы 

мен  жанашыр  қарындасым  Жанар 

да  сенеді.  Ақжайықтағы  Гүлниса  мен 

Жаңақаладағы Құралай қарындастарым,  

Жәнібектегі  Толқын  мен  Қаратөбедегі 

Есенгүл қарындасым, Сырымдағы әз-ана 

Мариям апам, Казталовтағы Назгүл мен, 

Тасқаладағы Гүлсім, Теректідегі Эльмира  

қарындастарым мен Зеленов, Шыңғырлау 

аудандарындағы 

Самалды 

білетін 


қолқанаттарым  қолдаса  таралымымыз 

бұдан 


да 

көбейеріне 

сенемін. 

Менің  сенерім  де  сенгенім  халқым! 

3*4  аядай  жатақананың  бір  бөлмесінде 

газеттеріңізде 

шығарып, 

сіздерден 

келген  хаттарыңызды оқып, «Ағай, менің 

мақаламды  шығарасыз  ба?,  -  деген  

өтініштеріңізді  орындап  отырған  жайым 

бар. Мен бұған өкінбеймін де. Ең бастысы 

еліміз  аман,  жұртымыз  тыныш.  «Елде 

болса, ерінге тиеді»,  деген бабаларымыз, 

аға  газеттің  журналистеріндей  айлық 

алмасақ  та,  ұлы  көштен  қалмай 

Самалдың  желкенін  жықпай  келемін. 

Дархан  жүректі  дара  халқым  алдағы 

қазан айында келер 2015 жылға жүретін 

жазылымда  да  бауыр  еті  балаларының 

жазғанын  жариялап  отырған  бала 

газетіне  қамқор  болар  деген  үміттемін.

Сіздерге 

деген 


құрметпен:

Бас редактор: 



Жұмажан ҚАДИМҰЛЫ

Елбасының  жас  жеткіншектердің  мектепке  толық    баруын  қамтамасыз  ету 

туралы  тапсырмасын  орындауда  әлеуметтік  жағынан  қорғалмаған  отбасы 

балаларына  міндетті  орта  біліммен  қамтамасыз  ету  мақсатында  биыл  

«Мектепке  жол»  акциясы  «Балаға  мейірім  сыйла  !»  ұранымен  мәресіне  таяу.

Міне, сол «Мектепке жол» акциясы аясында біздің ауданымызда да ұйымшылдықпен 

өтті.  Тұрғындар  арасында  көп  балалы,  аз  қамтылған  отбасы  балаларына 

әлеуметтік  көмек  көрсету  барысында  жомарт  жандардың  барлығы  қалыс  қалмады.  

Тамыз  айның  соңғы  он  күндігінің  соңында  аудан  орталығында  Қаратөбе  мектеп-

гимназиясы,  Шөптікөл  ОЖББМБ-ы  және  Мұхит  ОЖББМ-нің  оқушыларына  аудандық 

мекемелер мен жеке кәсіпкерлерден жинақталған қаржыға оқу-құралдар мен киім-кешектер 

табыс  етілді.  «Мектепке  жол»  қайырымдылық  акциясына  демеушілік  еткен  аудандық 

«Нұр Отан» аудандық филиалы, «Санитарлық-эпидемологиялық станциясы», «Ішкі істер 

бөлімі», «Әділет басқармасы», «Аудандық аурухана», «Аудандық білім бөлімі» мен көптеген 

мекемелер  мен  жеке  кәсіпкерлерге  көмек  көрсеткені  үшін  алғысымызды  білдіреміз.  Бір 

ай уақыттың ішінде бюджеттен тыс 220 балаға 506800 теңге көлемінде көмек көрсетілді. 



Айнұр ХАМИДУЛЛИНА

Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің әдіскері

Қаратөбе ауданы

Орал  қаласының  білім  беру  бөлімінің  жалпыға  бірдей  білім  беру  айлығы  мен 

«Мектепке жол» акциясы «Балаға мейірім сыйла!» ұранымен мәресіне жетіп келеді.  

Күні бүгінге дейін, Ақжайық өңірінің атымтай жомарт жайсаңдары акция барысында, 

айтарлықтай қол ұшын берді. Айталық,   әлеуметтік көмекті қажет ететін балаларға 

қол ұшын созған облыстық және қалалық  маслихат депутаттары З. Мусина  және А. Р. 

Амирханян  елу балаға, 400000 мың теңгеге,  «Цесна Банк» он  балаға 50000 мың теңге, 

жеке кәсіпкер  Куан Дария 1-сыныптың балаларына 55440 мың теңгеге, жеке кәсіпкер 

М.Яцков, аптека «Формат» 10 000 теңгеге, «Атамекен»ҚБЖТжЭО және Мектептен тыс 

жұмыс орталығынан қырық төрт балаға  88 мың теңгеге, «Спецкомплект спецодежда» 

ЖШС (директоры Дыкин Алексей) 1-сынып мектеп табалдырығын аттайтын оқушыларға  

50000  теңгеге,  ата  ана  тарапынан  төрт  балаға  6000  мың  теңгеге  көмек  көрсетті. 

Сондай-ақ,    Республикалық  «Мектепке  жол»  акциясы  қаламыздағы 

  А.  Байтұрсынов  атындағы  №10  ЖОББМ-де    А.  Тайманов  атындағы  №34 

мектеп-гимназиясында  М.  Ықсанов  атындағы  №36  ЖОББМ-де,  №19,  20,  22,30, 

37,  41,42,  44  ЖОББМ-де  оқитын  оқушылар  үшін  де  қуанышқа  толы  болды.  Мұндай 

ізгілікке  қол  ұшын  беріп  жатқан  жандардың  қатары  жетерлік.  Қалалық  білім  беру 

бөлімі  атынан  бүлдіршіндерге  мейірім  сыйлаған  жандарға  алғысымызды  білдіреміз.



М.КАРАЕВА

Орал қалалық білім беру бөлімінің бас маманы



№№17-18 (201-202)    17.09.2014 ж.

3

Әлемдік өркениетке бет алған бүгінгі қазақ елінің 

болашағы білім мен тәрбие алауын жаққан мектеппен 

тікелей байланысты.

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев өзінің дәстүрлі 

«Қазақстан  жолы  -  2050»  Жолдауында:  «Ұлттық 

білім берудің барлық буынының сапасын жақсарту - 

міндеті тұр. Білім беру, оқыту нәтижесі оқушылардың 

сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең 

талдау  машығын  игеру»  деген  болатын.

 

ҚР  білім 



беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған 

мемлекеттік бағдарламасы аясында педагог беделін 

көтеруге  ерекше  көңіл  бөлінген,  еңбекақыны  өсіру, 

мұғалімнің  имиджін  арттыру,  біліктілігін  көтеру  - 

міндеті  қойылған.  Өткен  оқу  жылы  –  алға  қойылған 

міндеттердің нақты іске айналып, жетістіктерге толы 

табысты жылы болды.

2013-2014  оқу  жылын  біздің  мектеп  нәтижелі 

аяқтап  отыр.  Оқушыларымыз  жыл  бойы  182  түрлі 

Халықаралық,  республикалық,  облыстық  және 

қалалық  деңгейлердегі  пәндік  олимпиада,  ғылыми 

жоба, байқау, сайыс, спорт түрлері бойынша қатысып, 

жүлделі орындарды иеленді. 6 «в» сынып оқушысы 

Мадина Тоғжанова республикалық «Ақ бота - 2013» 

интеллектуалдық  марафонында  -  І  орын,  облыстық 

«Достық  -  2014»  пәндік  олимпиадада  6  «б»  сынып 

оқушысы Асем Гумарова - ІІІ орын, Аида Айтуғанова 

-  ІҮ  орын  иеленді.  Облыстық  «Intel-junior-ІІ-2014» 

олимпиадасында  5  «а»  сынып  оқушысы  Әділ  

Хаймушев  «Оқу  сауаттылығы»  турында  –  ІІ  орын, 

«Математикалық  сауаттылығы»  турында  -  ІІІ    орын 

алды.  


Қалалық    олимпиада  қорытындысы  бойынша 

Ж.Бакытова    (жетекшісі  С.М.Кадрешова)  қазақ 

тілі  пәнінен  –  І  орын,  Н.Жакупова  (Г.Саматаева) 

ағылшын тілінен-ІІІ орын, А.Серікова (Б.Кусмурзиева) 

биологиядан-ІІІ  орын,  М.Хаймуш  (С.Темиргалиева) 

экологиядан-ІІІ  орын,  А.Надирова  (Б.Кусмурзиева) 

экологиядан-ІҮ  орын,  Э.Муратова  (А.Кужахметова) 

орыс тілінен-Ү орын, Т.Ихсанов (М.Жангалиев) дене 

тәрбиесінен  пәндік  олимпиадада-ІІ  орын  иеленіп, 

марапатталды.

«ЖОО-ҚБББ-ЖОББМ»  модернизациялау  жоба 

бойынша  бекітілген  жоспарға  сәйкес  сәуір  айында 

КазИИТУ  базасында  өткен  қала  мектептерінің 

оқушылары  арасында  өткен  ғылыми  жобада 

10  «а»  сынып  оқушысы  Ж.Ихсангалиев  «Қазіргі 

жастардың тілдік қолданысындағы жаргон сөздердің 

тіл  мәдениетіне  кеселі»,  10  «б»  сынып  оқушысы 

Ә.Серікова  «Күн  белсенділігінің  адам  ағзасына 

тизізетін әсері», 10 «б» сынып оқушысы А.Серикова 

«Арнаулы  салыстырмалылық  теориясының  негізі», 

9  «а»  сынып  оқушысы  А.Бурамбаева  «Ағылшын 

және 


американ 

тілдерінің 

айырмашылығы» 

тақырыптарында  қатысып,  «Еуропа  бесігінде 

тербелгендер»,  «Туған  тілдің  жанашыры  немесе 

Абай  ізбасары»,  «Ақылмен  қанат  қаққандар» 

номинацияларымен - дипломдарымен мадақталды.

Атап  айтсам,  Санкт-Петербург  мемлекеттік 

университетінде өткен физика пәнінен Халықаралық 

Интернет  олимпиадада  жақсы  нәтиже  көрсетіп, 

сертификат  алса,  Қазақстандық    7-11  сынып 

оқушыларынан құралған топтық Интернет олимпиада 

-  жүлделі  ІІ  орын,  түрлі  пәндерден  100-ден  астам 

оқушыларымыз қазақстандық интернет олимпиадаға 

қатысып, сертификатпен марапатталды. Серик Багдат 

Халықаралық  Таэквандодан  -І  орын,  Хайрушева 

Дильназ  Халықаралық  көгалдағы  хоккейден-  І, 

ІІІ  орындарды  және  Республикалық  көгалдағы 

хоккейден-  І  орын,  ІІІ  орындарды,  Мұхит  Айсезім 

Республикалық шахматтан ҚР-ның Чемпионатында- 

ІІІ  орын,  Ахметжанов  Ринат  Республикалық  каратэ-

до  сайысында-  ІІ,  ІІІ  орындарды,  Қабдолла  Малика 

Республикалық 

көркем 


гимнастикадан-ІІорын,  

Нағым Жансұлтан «Бір ел- бір кітап» республикалық 

акциясының Фариза Оңғарсынова шығармаларынан 

суреттер  байқауында  «Кескіндеме»  номинациясы 

бойынша  -  лауреат  атанды.  Ихсанғалиев  Жеңісбек 

Х  Ұлттық  жастар  Дельфий  ойындарының  облыстық 

кезеңінде  «Көркем  сөз  оқу»  номинациясы  бойынша 

- III дәрежелі дипломмен, Жетісова Айзада – алғыс 

хатпен,  «Сән  үлгісі»  номинациясы  бойынша  топтық 

дефилемен сән үлгілерінен мектебіміздің қыздары- ІІ 

дәрежелі Дипломмен марапатталды. 

Мұғалімдеріміз  де  өздерінің  кәсіби  деңгейлерін 

қалалық,  облыстық  деңгейдегі  сайыстарға  қатысу 

арқылы  көрсетуде.  Қазақ  тілі  пәні  бойынша 

мұғалімдерге  арналған  республикалық  қашықтық 

олимпиадасының  жеңімпаздары  -  Л.М.Карина 

мен  Б.М.Абдолова  -  ІІІ  дәрежелі  дипломмен, 

«Шеберлер  мектебі»  республикалық  байқауында 

А.Б.Сарсеналиева  -  мақтау  қағазымен,  Облыстық 

«Математикалық  регата»  сайысында  Г.К.Сейтова 

«Жеңіске  жігерлігі  үшін»  номинациясымен,  қала 

мектептерінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінен өткізілген 

жас мұғалімдердің олимпиадасында А.С.Кадришева-І 

орын,  Л.С.Альмуканова-ІІІ  орын,  қалалық  «Ең  үздік 

сабақ-2014» сырттай байқауында ағылшын тілі пәні 

мұғалімі  Р.Т.Джоламанова  –  ІІІ  орын,  «Ән  салам 

әсерлетіп..»  саз  пәні  мұғалімдерінің  байқауында 

А.У.Батырова «Өнерлі ұстаз» номинациясын,  қалалық 

бейнелеу  өнері  мұғалімдерінің  олимпиадасында 

«Шебер ұстаз» номинациясын, қалалық «Жас Ұлан» 

бірыңғай  балалар  ұйымы  атқарушы  хатшылар-

тәлімгерлер  байқауында  С.Жулкашева  «Өз  ісінің 

шебері»  номинациясымен,  қалалық  жол  жүру 

ережелерінің  «Абайла  жолдан,  жас  ұлан»  тәрбие 

сағаттар  байқауында  С.М.Кадрешова  жүлделі-ІІ 

орын, қалалық «Жылдың үздік психологі» байқауында 

мектеп  психологі  К.Н.Губашев  –ІІІ  орын  алып, 

марапатталды. 

2013  жылғы    19-21  маусымда  Румынияда 

өткен  халықаралық  инновациялық  технологиялар 

салонында  ғылыми  жоба  жұмысы  бойынша 

математика пәні мұғалімі С.Д.Бердигалиева «Алтын 

медальмен»  марапатталды.  2013-2014  оқу  жылын 

мектеп  ұжымы  табысты  аяқтады.  «Жас  қозғалыс 

инспекторларының»  ХІҮ  қалалық  слетінде  –ІІ 

орын,  қалалық  «Жас  сұңқар-2014»  байқауында-

ІІ  орын,  «Жас  Ұлан»  бірыңғай  балалар  ұйымы 

арасында  «Жастыққа  тән  ырғақ»  атты  чирлидинг-

би  турнирінде-І  орын,  қалалық  «Мектеп  баспасөзі» 

байқауында-  жүлделі  ІІІ  орын,  облыстық  кезеңінде- 

жүлделі ІІІ орындарды иеленді. 

Республикалық  «Мектепке  жол»  акциясы  да 

мектебімізде  ұйымшылдықпен  өтті.  Демеушілердің 

арқасында  тұрмысы  төмен  жанұя  балалары  мектеп 

оқу-құралдарымен жабдықталды. Жаңа оқу жылында 

да біздің ұжым, жас ұрпақтың білім сапасын жетілдіре 

отырып, тәрбие бағытында да жұмыстарын жетілдіре 

беретін болады.




  1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал