№37 (7713) газет 1940 жылғЫ 1 Қыркүйектен шығады



жүктеу 479.9 Kb.

бет1/4
Дата08.09.2017
өлшемі479.9 Kb.
  1   2   3   4

20.09.2014ж.  № 37 /7713/

А ќ ќ у   ‰ н і

2014 ж.

№37 (7713)

ГАЗЕТ 1940 ЖЫЛҒЫ 1 ҚЫРКҮЙЕКТЕН ШЫҒАДЫ

 

 



 

БЕРЕКЕ. БІРЛІК. ЫНТЫМАҚ.

 

20

Еркін баға

қыркүйек

сенбі

ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҚАДІРЛІ ҚҰДІРЕТІ



Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясының 

жылы деп жариялау туралы

Елдегі  қоғамдық  келісімді  одан  әрі  нығайту,  Қазақстан  халқы 

Ассамблеясының  Қазақстан  халқының  ұлттық  бірлігін  қамтамасыз 

етудегі рөлін арттыру мақсатында қаулы етемін:

1.  2015  жыл  Қазақстан  халқы  Ассамблеясының  жылы  деп 

жариялансын.

2.  Қазақстан  халқы  Ассамблеясының  жылын  ұйымдастыру  және 

өткізу  жөніндегі  мемлекеттік  комиссия  (бұдан  әрі  –  Мемлекеттік 

комиссия) құрылсын.

3. Мыналар:

1) Мемлекеттік комиссия туралы ереже;

2) Мемлекеттік комиссияның құрамы бекітілсін.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ.

Астана, Ақорда, 2014 жылғы 29 тамыз.  №901



Қажетті семинар

ҰЛТТЫҚ  БІЛІМ  БЕРУДІҢ 

ДЕРЕКТЕР ҚОРЫ

Жақында Лебяжі жалпы орта білім беретін мектебінің информатика дәрісханасында 

Ұлттық  білім  берудің  деректер  қорын  ресімдеу  бойынша  аудандық  білім  бөліміне 

қарасты мектептердің, бала бақшалардың, қосымша білім беру мемлекеттік мекемелер 

директорларының, оқу істері меңгерушілерінің, информатика мұғалімдерінің қатысуымен 

Павлодар облыстық білім басқармасы һәм білім саласы бойынша аймақтық ақпараттық 

технологиялар  орталығының  мұрындық  болуымен  қажетті  семинар  өткізілді.  Атаулы 

шараға  жетекшілікті  аймақтық  ақпараттық  технологиялар  орталығы  директорының 

орынбасары Б.Қазтаева атқарды. 

Айта кетейік, осыдан екі жыл бұрын елімізде жаппай Ұлттық білім берудің деректер 

қорын электронды түрде ресімдеу статистикасы қолға алынған еді. Ауыл-аудандардан 

жинақталған  электронды  қор  аймаққа,  одан  қала  берді  Астанадағы  Қазақстан 

Республикасы білім және ғылым министрлігіне ғаламтор арқылы жеткізілді. Келесі оқу 

жылында  осынау  жұмыс  айтарлықтай  жаңартулар  мен  өзгертулерге  ұшырап,  екінші 

мәрте тағы түледі. 

Жуырда ғана шымылдығы ашылған жаңа оқу жылында деректер қорын статистикалау 

жаңаша  серпінмен  қолға  алынды.  Бибігүл  Қалиарданқызы  бас  болып,  ақпараттық 

технологиялар орталығының бас маманы Қ.Бекбергенова қостап, дәрісхананы мейілінше 

толтырған  семинар  тыңдаушыларына  Лебяжі  ауданы  бойынша  Ұлттық  білім  берудің 

деректер қорын ресімдеудің басты-басты тетіктерімен қалайша жұмыс жасау қажеттігін 

тәптіштеп түсіндірді. 

 Жалпы ғой, атаулы деректер қоры арқылы еліміздің білім беру мекемелерінің жағдайын 

орталықтанған түрде басқарып-бақылауға болады екен. Тек әр ұядағы ұяшықтарды білім 

ошағы  статистикасында  айқындалған  сан-көрсеткіштермен  дұрыс  толтырса  болғаны. 

Ал  осынау  қисыны  қиын  жүйені  басқаруда  жауапты  тұлға  асқан  ыждаһаттылық  пен 

тиянақтылық  танытса  болғаны.  Лебяжі  аудандық  білім  бөлімінің  осыған  жауапты 

жетекші  маманы  Г.Батталова  да  өз  кезегінде  семинар  тыңдаушыларына  қадау-қадау 

тапсырмаларды мұқиятты түрде жүзеге асыруды міндеттеді. Сол сияқты тыңдаушылар 

тарапынан туындаған сұрақ-сауалдарға Бибігүл Қалиарданқызы да, Қымбат Ермекқызы 

да, Гүлшат Бәкіқызы да ауыз толтыра жауап берді. 

Жұмысты  жылдам  түрде  ілгерілеуіне  бірден-бір  кедергі  –  басым  білім  беру 

ошақтарындағы ғаламторға шығудағы жылдамдықтың бірде тұралауы, бірде шабандауы, 

ал кей сәтте мүлдем тұйықталып қалуы. Десе де, білім басқармасы міндеттеп отырған 

Ұлттық білім беру деректері қорын толық толтыру жұмысы енжарлық пен атүсті қарауды 

көтермейді. Іске сәт серік болсын!  

Отбасы күніне тарту   

МЕНІҢ ЖАНҰЯМ – МЕНІҢ  ҚУАНЫШЫМ!

Былтырдан бері елімізде кеңінен аталып келе жатқан Отбасы күніне орай Бесқарағай 

жалпы  орта  білім  беретін  мектебінде  жуырда  осындай  атпен  тәрбие-тағылымдық 

шараны білім ордасындағы «Ойын-сауық» жоғары сынып оқушылары тобы өткізді.

Атаулы  өнеге  сабағында  Шәріп  жанұясы  һәм  Смакотиндер  отбасы  екеуара 

қатысты.  Әуелден  таратылған  шартар  желісімен  бастапқы  бетте  отанасының  әрбірі 

өз жанұясының қалыптасып қалған игі салт-дәстүрлерін қызықты түрде әңгімеледі. 

Осынау  шараны  тізгіндеген  қос  оқушы  Арина  Галушко  мен  Светлана  Смакотина 

отбасы туралы мақал-мәтелдер және жанұядағы ырым-жоралғылар желісімен шағын 

викториналарды  әзіл-қалжыңды  түрде  өткізіп,  көрермендер  мен  қатысушылардың 

көңіл-күйлерін бір серпілтіп тастады.

Тақтада ілінген плакатта тор көздерде жасырылған сөздердің жауабын шеше отырып, 

туыстық атауларды бір парасын жинақтап алды. Қатысушылар жанұя тақырыбын ту 

еткен танымал әндерден үзінділерді шырқады. Әр жанұя армандап жүрген қиялдағы 

керемет дүнияларын формат бетіне әдемілеп бейнелеуге тырысты. Анасы баласының 

нелерді сондай қалайтындығына дейін сыр тарқатты. 

Шара  соңында  белсенділік  таныта  қатысқан  екі  жанұяға  да  естелік  сыйлықтар 

ұйымдастырушылар тарапынан құрметпен тартылды.   



Біздің тілші.

 Мемлекеттік тіл – ұлттығымыз һәм елдігіміздің күретамыры 

Әлбетте, тіл – қай ұлттың болмасын тарихы һәм тағдыры, 

тәлімі һәм тәрбиесінің негізі, қатынас құралы. Тіл болмаса 

сөз  болмайды.  Сөз  болмаса  адамзаттың  тірлігінде  мән-

маңыз  болмайтыны  белгілі.  Демек,  тілдің,  сөздің  орны 

ерекше. Міне, осы орайда ана тіліміз жайлы терең ойлану 

әрқайсымыз  үшін  парыз.  Жыл  өткен  сайын  ана  тіліміздің 

мәртебесі өсіп, абыройы арта түсуде. Тіл – халықтың жаны. 

Тілі  құрыса,  халық  та  жер  бетінен  жоғалады.  Адамзат 

тарихында көптеген өркениетті елдердің өшіп кетуі алдымен 

тілді жоғалтудан басталғанын ғылым дәлелдеп отыр. Бүгінгі 

Қазақ  қоғамындағы  мәңгүрттіктің  басы  да  өз  тілін  тәрк 

етуден туды. Ана сүті сіңбеген, бесік жырынан нәр алмаған 

ұлттық  қасиет  тана  сүтімен  кірмейді.  Тілі  мен  дінінен 

айырылған  ондай  жан  рухани  кемтарлығын,  адамдық 

болмысын түсінбей, көлденең көк аттының қолжаулығына 

айналады. Ана тіліміздің тағдыры үшін күресте халқымыз 

қам-қарекетсіз болған емес. Өткен ғасырдың жиырмасыншы 

жылдары тіл тәуелсіздігін ту етіп көтерген Әлихан, Ахмет, 

Міржақып,  Мағжан,  Мұхтарлар,  сексенінші  жылдардың 

аяғында  бостандықтың  лебі  білінісімен  басталған 

бүкілхалықтық қозғалыс – соның айғағы. ХХ ғасырдың ұлы 

жемісі – Қазақ халқы үшін Егемендіктің көк туы желбіреуі. 

Ата-бабаларымыз  көксеген,  армандаған  тәуелсіздікке  қол 

жеткіздік. Ендігі мақсатымыз – ұлттық рухты, түскен еңсені 

көтеру. Ұлттық мінез, ұлттық намыс, ана тілі жоқ жерде – 

ұлт та жоқ. 

О,  туған  ана  тілім!  Тас  бұлақтың  тұнығы  да  сенде,  ана 

сүтінің жұғымы да сенде, райхан гүлдің жұпары да сенде, 

қыран құстың жанары да сенде, назды сұлудың нәзіктігі де 

сенде, сахара даланың жазықтығы да сенде... Халқымыздың 

аса  бай  рухани  қазынасы  –  туған  ана  тіліміз.  Ол  –  Қазақ 

тілі. Қазақ тілі – өзінің даласындай кең пішілген жайдары 

да жалпақ тіл. Қазақ сөзі қашанда даланың қоңыр желіндей 

аңқылдап  еркін  есіп  тұрады.  Қазақ  тілінің  биязы  мақамы 

– домбыраның күмбір қаққан сазындай. Асқан әуезділігі – 

шырқап  салар  әндей.  Туған  тіл  біздің  бірінші  бақытымыз, 

бірінші  ырысымыз,  біз  сондықтан  “Ана  тіліміз”  дейміз. 

Қазақтар “Ананың тілі” деп ерекше құрметтейді. Басқа тілді 

білу - әрине, мақтаныш. Әйтсе де өз ана тілін аяқ асты етуге 

болмайды. 

Ана тілің – арың бұл

Ұятың боп тұр бетте. 

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте, – деген кезінде қазақ ақыны Қадыр 

Мырза Әли атамыз.

 Анамның тілі – ардақтым менің. Адамның атасы, әкесі 

мен шешесі сенсің. Сен менің кішкентай кезімде әкем болып 

мойныңа отырғызып қуандың, ат үстінде алдыңа алып, мені 

көкке  секірттің.  Жел  болып  кекілімнен  сипадың.  Тілім, 

ана тілім менің, адамзатымның тілі, сен менің анам болған 

кезіңде  көкірегіңе  жабысып,  төсіңнен  ақ  сүтіңді  емдім. 

Сен  менің  ағам,  інім,  әпкем,  қарындасым,  бауырларым 

болған кезіңде мен сені одан әрмен түсініп, ұғынғым келді. 

Адамзаттың  Абай  мен  Мағжан  сынды  асқар  алыптарын 

туғызған,  әкелері  мен  аналары  болған  ұлтымыздың  тірегі 

сенсің,  туған  тілім.  Бірақ,  менің  терім  “туған  тілім”  сен 

үшін ғана төгілсін, менің өмірім сен үшін ғана өрілсін! Олай 

болса, ана тілімізді алдымен өзіміз құрметтейік, ардақтайық! 

Сонда ғана туған тіліміздің туы биіктерде желбіреп тұратын 

болады.

Ана тілі дегеніміз – сол тілді жасаған, жасап келе жатқан 



халықтың  өткені,  бүгінгісі,  болашағы.  Қазақ  тілі  өзінің 

даласындай  бай.  Қазақ  тілі  қасиетті  Қазақ  домбырасының 

үнімен  үндесіп  жатады.  Ана  тілі  –  бұл  әкенің  тілі,  туған 

халықтың  тілі.  Ана  тілін  біз  кішкентай  кезімізден  әке-

шешемізден,  әжеміз  бен  атамыздан  біле  бастаймыз. 

Ана  сүтіндей  бойымызға  біртіндеп  сіңеді.  Халықтың 

тәуелсіздігінің  ең  басты  белгісі  –  оның  ана  тілі,  ұлттық 

мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына 

мемлекет  болып  өмір  сүре  алмайды.  Дүниедегі  барлық 

халық  тәуелсіздікке  ұлттық  қадыр-қасиетін,  мәдениетін, 

ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан кез келген 

мемлекет өзінің аумағында салт-дәстүрін, ана тілін айрықша 

қорғайды.  Еліміз  Қазақстан  Республикасы  егемен  ел 

атанғалы қашан. Ана тілімізге мемлекеттік мәртебе берілді. 

Тіл туралы заң қабылданды. Президентіміздің 2003 жылғы 

15 қарашадағы жарлығымен қыркүйектің үшінші жексенбісі 

Қазақстан Республикасы халықтары тілдерінің күні ретінде 

атап өтіліп келеді. Тіл – адамдар арасындағы қатынас құралы, 

өйткені  адамдар  қоғамдық  өмірде  бір-бірімен  тіл  арқылы 

сөйлеседі, пікір алмасады, ойын жеткізеді. Тіл арқылы біз 

оқып,  білім  аламыз,  қалаған  мамандықты  игереміз.  Тіл 

арқылы  даналар  сөзін  оқып  білеміз,  одан  ғибрат  аламыз. 

“Өнер алды – қызыл тіл” деген осыдан шыққан болар. Тіл 

халықпен бірге жасайды, дамиды, өркендейді.

Қазақ  тілі  осы  мемлекеттің  түпкілікті  тұрғындары 

қазақтардан  басқа  Қытай,  Монғолия,  Иран,  Ауғанстан, 

Түркия  мемлекеттері  мен  ТМД-ның  Ресей,  Өзбекстан, 

Қырғызстан,  Түркіменстан  сияқты  мемлекеттерінде 

тұратын  қазақтардың  да  ана  тілі.  Қазақ  тілі  –  батыс  түркі 

тілінің  қыпшақ  тармағына  жатады.  Бұл  тармаққа  кіретін 

тілдер  –  қарақалпақ,  ноғай,  татар,  башқұрт,  қырғыз, 

қырым  татары,  қарайшай,  балқар,  құмық  және  тағы  басқа 

тілдер.  Қазақ  тілі  –  өзіндік  әдеби,  ғылыми  және  саяси 

жазу  нормасы  қалыптасқан  бай  тіл.  Қазақ  тілінің  тарихы 

әртүрлі  тарихи  кезеңдерді  бастан  кешкен  қазақ  халқының 

тарихымен  тығыз  байланысты.  Оның  қалыптасуға  бет 

алуы  ХІ-ХІІ  ғасырлардағы  Түрік  қағанатының  пайда 

болу  кезеңінен  басталып,  ХV  ғасырдағы  қазақ  хандығы 

тұсында  әбден  қалыптасып  болған  еді.  Басқа  түркі 

тілдерімен салыстырғанда, сөздік қоры жөнінен  қазақ тілі 

–  ежелгі  таза  қалпын  тұтас  сақтап  келе  жатқан  тілдердің 

бірі.  Ғалымдардың  пайымдауынша,  қазақ  тілінің  ауыз 

әдебиеті  және  жазба  әдебиеті  сияқты  екі  қайнар  көзі  бар. 

Қалыптасудың  барлық  сатыларын  бастан  кешірген  ана 

тіліміз – мейлінше жетілген ұлттық тіл. Ана тілімізде әдеби 

шығармалар,  ғылыми-бұқаралық,  техникалық,  құқықтық, 

педагогикалық, 

саяси, 


өнертанушылық 

әдебиеттер 

жарияланады.  Тіліміз  еліміздегі  азаматтардың  өзара 

қарым-қатынас  тілі  болумен  ғана  шектеліп  қалмайды, 

оның  мұрағаттық,  ақпараттық  қасиеттері  де  мол.  Қазақ 

тілі  бай  да  құнарлы  тілдердің  қатарына  жатады.  Ежелгі 

бабаларымыздың  тарихы,  шежіресі  және  түрлі  әдеби 

мұралар  бүгінгі  ұрпаққа  өзіміздің  осы  ана  тіліміз  арқылы 

жетіп  отыр.  Тіл  тарихы  халық  тарихына  ұқсас.  Қоғамның 

жылжып,  өзгеруіне  байланысты  тіл  де  дамып,  өзгеріп 

отырады. Қазақ тілі тарихында орын алған түрлі қиындықтар 

мен дағдарыстардың объективті себептері бар. Біріншіден, 

қазақ  халқы  үш  ғасырға  жуық  орыс  отаршылдығының 

қыспағында  болып,  ұлт  ретінде  жойылып  кетудің 

бірнеше  сатыларын  бастан  кешірді.  Екіншіден,  Жоңғар 

шапқыншылығының  халқымызға  тигізген  зардаптары  да 

орасан зор болды. Үшіншіден, Кеңес өкіметі жетпіс жылдан 

астам уақыт бойы ұлттардың жақындасуы деген желеумен 

ұсақ ұлттардың тілдеріне қысым жасап келгені белгілі. 1989 

жылы 22 қыркүйекте қабылданған "Тіл туралы” Заңда "Тіл 

–  халықтың  ұлы  жетістігі    әрі  оның  ажырамайтын  және 

бөлінбейтін  белгісі”  делінген.  Ал  бірінші  баптың  бірінші 

тармақшасында  "Қазақ  тілі  –  Қазақстан  Республикасының 

мемлекеттік  тілі  болып  табылады”  деп  жазылған.  Елбасы 

Н.Ә.Назарбаев  "Қазақстанның  болашағы  –  қазақ  тілінде” 

деген  тұжырымдаманы  үнемі  айтып  келеді.  Қазақ  тілі 

мәселесі мемлекеттік деңгейге көтерілген кейінгі жылдары 

бұқара жұртшылық та ана тілі үшін белсенділік танытуда. 

Бірақ әлі шешілмей жатқан түйінді мәселелер де баршылық. 

Халық  тәуелсіздігінің  ең  басты  белгісі  –  оның  ана 

тілі,  ұлттық  мәдениеті.  Өзінің  ана  тілі,  ұлттық  мәдениеті 

жоқ  ел  өз  алдына  мемлекет  болып  өмір  сүре  алмайды. 

Дүниедегі  барлық  халық  тәуелсіздікке  ұлттық  қадір-

қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. 

Сондықтан,  кез-келген  мемлекет  өзінің  аумақтық  салт-

дәстүрін,  ана  тілін  ерекше  қорғайды.  Ана  тілін  дамыту, 

қорғау дегеніміз – өз ана тілінде таза сөйлеу және оны жақсы 

біліп, туған анадай сүю. 

Сүйемін туған тілді – анам тілін

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім. 

Шыр етіп жерге түскен минутымнан, 

Құлағыма  сіңірген  таныс  үнін,  -  деп  қазақ  ақыны 

Сұлтанмахмұт  Торайғыров  жырлап  өткен.  Ана  тілінің 

күші мен құдіретін туған халқымыз әуелден-ақ бағдарлап, 

сөз  өнерін  бар  өнердің  басы  деп  санаған.  Мысалы:  "Өнер 

алды  –  қызыл  тіл”,  "Тіл  тас  жарады,  тас  жармаса  бас 

жарады”, "Тоқсан ауыз сөздің, тобықтай түйіні бар” сөздері 

халқымыздың орынды сөзге қандай мән бергенін көрсетеді. 

Абайдың 

даналығына, 

Махамбеттің 

батылдығына, 

Бұқардың ақылгөйлігі мен халқына деген жанашырлығына, 

Абылайдың данышпандығына, Бөгенбай мен Қабанбайдың 

ерліктеріне сүйсініп, рухани өмірімізге азық етеміз. 

Асылында, мемлекеттік мәртебеге ие болғанына жиырма 

бес жыл толып отырған қазақ тілінің туы өрлей де биіктей 

желбірей берсін.



Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ. 

ХАБАРЛАМА 

2014 жылғы 24 қыркүйек күні сағат 10.00-де Лебяжі аудандық әкімдігінің мәжіліс залында V 

сайланған Лебяжі аудандық мәслихатының кезектен тыс XXXVІ сессиясы шақырылады.  

Сессияның қарауына келесі мәселелер ұсынылады:

1.  Лебяжі  аудандық  мәслихаттың  2014  жылғы  05  наурыздағы  «Әлеуметтік  көмек  көрсетудің, 

оның  мөлшерлерін  белгілеудің  және  Лебяжі  ауданындағы  мұқтаж  азаматтардың  жекелеген 

санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» № 1/27 шешіміне өзгеріс енгізу 

туралы.


2. Лебяжі аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 28 сәуірдегі «Алушылардың жекелеген санаттары 

үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы» 

№ 1/31 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

3. Лебяжі ауданы ауылдық округтерінің аумақтарында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын 

өткізу  Қағидаларын  және  жергілікті  қоғамдастық  жиынына  қатысу  үшін  ауыл  тұрғындары 

өкілдерінің санын бекіту туралы.

4. Лебяжі ауданы әкімдігінің жанындағы шекаралық мәселелер жөніндегі үйлестіру кеңесінің 

құрамын бекіту туралы.



20.09.2014ж.  № 37 /7713/

А ќ ќ у   ‰ н і

2

Имандылық

Ғ и б р а т т ы   ғ ұ м ы р

 Хазірет Ғабдылуахит Тіленшіұлы 

-  өз  заманының  танымал  адамы 

болды.  Адалдық    пен  әділдікке, 

ізгілік 

пен 


мейірімділікке  

бастайтын  ислам дінін  тереңінен  

меңгеріп,  оны    халық  арасында 

насихаттады.  Әулие  адам  болды.

Халқының 

құрметіне 

бөленіп, 

ел  арасында  беделді  жоғары 

болды.    Өмірден  өткеннен  кейін 

де    соңында  қалған  ел-жұрты 

жадынан шығармады. Осы орайда 

«Хазірет»  сөзінің  ұғымына  назар  

аударған  жөн.  Хазірет  (қазірет, 

әзірет)  –  діни  лауазым.  Жоғары 

дәрежелі  дін  иелеріне  беріледі. 

Мұхаммед    пайғамбардан  (ғ.с.) 

кейінгі 4 халифтің бірі Әли  қазаққа 

Әзірет    Әлі    деген  атпен  мәлім.  

Хазірет    лауазымы    аймақтық  

діни 


басқарма 

өкіліне 


де 

беріледі.  Сондықтан,  Тіленшіұлы 

Ғабдылуахиттің  хазірет  атағына 

ие  болуы  ислам  діні  жөнінен 

терең 

білімі 


болғанын 

толық 


дәлелдейді. Мұндай атақ жүздеген 

мыңдаған адамдардың біріне ғана 

бұйырады.  Ғабдылуахит  хазірет 

1853  жылы  өмірге  келді.  Әкесі 

Тіленші  еті  тірі,  пысық,  заман 

ағымын  қатарластарынан  ерте 

түсінетін,  өмірге  деген  ұстанымы 

берік  болды.  Балаларын  қалың 

бұқара 

ортасында 



сауатсыз 

қалмас  үшін  білім  алуына  назар 

аударды. 

Оқытып, 


сауатын 

ашты.  Ғабдылуахит  хазірет  ең 

алдымен  алты  жасынан  бастап 

ауыл  молдасынан  дәріс  алды. 

Семей өңіріндегі  Қапияш, Шархы, 

Шәмші, Шериазидден деген  білікті 

ұстаздардан  ислам  діні  жөнінде 

терең дәріс алып, сегіз жыл оқиды. 

Мұнымен  де  тоқтамайды.  Білімін 

одан  әрі    жетілдіру  үшін  1873 

жылы  Бұхарай-Шәрифтегі  «Мір 

араб»    медресесіне    қабылданып, 

мұнда  15  жыл  оқиды.  1873-

1888 


жылдары 

Ғабдылуахит 

хазірет    Тіленшіұлы  дәріс    алған  

Өзбекстан 

Республикасының 

Бұхара  қаласындағы  «Мір  араб» 

медіресесі 1535 жылы салынған.

Бұл  оқуын  1888  жылы  үздік 

бітіріп, 

жоғары 


діни 

хазірет 


атағына  ие  болып,  туған    еліне  

оралған.  «Мір  араб»    медіресесі 

Орта Азиядағы ислам діні жөнінде  

білім  беретін  теңдесі  жоқ    оқу 

орны.  Бұл  жөнінде  дінтанушы, 

«Құрайыш»  мешітінің    имам-

хатыбы  Абдулла  Жолдас:  «Мір 

араб»  медіресесінде  оқытылатын 

пәндер негізінен: Құран, араб тілі, 

фикһ,  Хадис,  ислам  тарихы.  Араб 

тілі жоғары деңгейде оқытылатын. 

Араб  тілінен  біз  риторикаға  дейін  

бардық. Мұндай  жоғары деңгейде 

білім беріп жатқан  оқу  орындары 

дұрыс  мен    қазір    еш  жерде  

кездестірмеймін», -деп айтқан.

Туған  жеріне    оралған    хазірет  

ислам  дінін  насихаттаумен,  шәкірт 

оқытумен    шұғылданды.  Өткен 

ғасырдың  басында    Темірғалы 

болыс 

салдырған 



мешіттің  

имамы,    әрі  ұстазы    болды.  500 

адамға арналған  мешіт  Павлодар 

облысы,    Шарбақты  ауданының 

Есілбай    ауылында    салынған  

болатын.  «Мір  араб»  медіресесін  

бітірген    соң    1921  жылға  дейін  

«Темірғалы» 

мешітінде 

имам 


болған 

Хазірет 


Ғабдылуахит 

жүздеген  шәкіртке дәріс берді.

Өмірінің    соңғы  жылдарында  

Шарбақты  ауданының  Арбиген 

ауылының  оңтүстік    шығысындағы  

«Келдіқыз» 

жайлауына 

өзі 


салдырған    Алла  үйінде  ұстаздық 

жұмысын  жалғастырды.  Әубәкір, 

Смағұл,  Сәдуақас деген  шәкірттері  

Троицк  қаласындағы  жоғары  діни  

оқу  орнына    қабылданып,  өзінің  

жолын  қуып,  хазірет  атағына  ие 

болды.

Хазірет  Ғабдылуахит  Тіленшіұлы 



1926 жылы өмірден  өтті. Өмірін дін 

жолына арнаған  хазіретті соңында  

қалған    ел-жұрты  «Келдіқыз» 

жайлауына 

жерлеп, 

басына 


бөренеден мазар тұрғызды.

«Келдіқыз» жайлауы ну қарағайлы  

өңірде    орналасқандықтан    өрттің 

қауіп – қатері ықтимал болды. Сол 

себепті  уақыт  өте  келе  бөренеден  

тұрғызылған    мазардың    орнына  

кірпіштен мазар  салынды. Жалпы 

алғанда хазіретті  соңында қалған  

ел-жұрты    әрдайым  құрметтеді. 

1992  жылы  Ғабдылуахит  хазірет 

пен  Темірғалы  қажыға  арналып, 

үлкен  ас берілді. Сонымен қатар, 

Лебяжі  ауданының орталығындағы 

мешітке  Ғабдылуахит  хазіреттің 

есімі берілді.

Хазірет  Ғабдылуахит  қасиетті 

адам  болды.  Сырқат  адамдарды 

емдейтін,    болашақты  болжайтын, 

мұқтаждарға  қолынан    келген  

жәрдемін  беретін , осы қызметтері  

үшін  үлкен  құрметке ие болды. Көзі 

тірісінде  көрсеткен жақсылықтары  

бақиға  аттанғаннан  кейін    де 

жалғасты.  Оның  бейітінің    басына 

адамдар  үмітпен,  сеніммен  келіп, 

тәу етіп, Алладан жәрдем сұрады. 

Осындай 

 

жолмен 



заманауи  

медицина 

емдей 

алмайтын 



аурулардан 

адамдардың  

жазылғаны  туралы  оқиғалар  аз 

емес.


Кеңес үкіметі  орнаған  жылдары 

«Келдіқыз» 

қонысына 

жалған 


ақпармен  қызыл    отряд    келіп  

қалады.  Уахит  хазірет    намаз  

оқып 

 

жатқан 



болатын. 

Бір 


солдат  құранды  жыртып,  одан 

папироса  орап,  шылым  шегеді. 

Сол  сәтте-ақ  оның    бет-аузы 

қисайып    калады.  Оған  көңіл  де  

бөлмеген  екі    солдат    хазіретті  

атуға  орманға  алып  шығады. 

Атар  алдында    хазірет  олардан 

намаз оқуға рұқсат сұрайды. Оқып 

болғасын  «Мен  дайынмын!»,  - 

деген.  Оған    бағытталған  мылтық 

үш рет  атылмайды. Екінші солдат 

қылышпен 

шауып 

 

тастамақ  



болғанда қолы  көтерілген күйінде 

қатып  қалады.  Солдаттар    болған  

жағдайды  командиріне  айтады.  

Командир  келіп,  солдаттардың 

пұшайман  түрлерін  көріп,    таң 

қалады.  Сөйтіп,  ол  Хазіреттің 

қойған  шартымен  келісіп,  мөр 

басылған  анықтама жазып береді. 

Тек  осыдан    кейін  ғана  Уахит 

Хазірет  намаз  оқып,  солдаттарды 

тылсым    күштен  босатады.  Осы 

оқиғадан  кейін  бақиға аттанғанша 

хазіретке  ешкім  қайтып тиіспейді.

Тағы бір таңғажайып оқиға. 1940 

жылы  маусым  айында  Шалдай 

орманында  үлкен    өрт  болып, 

хазіреттің бейітіне  қарай қозғалды. 

Бірақ,  бейітке    жақындағанда    от 

екі  айырылып,    бейітке  тимей 

айналып  өтіп кетеді.

Хазірет бабамыз  мешітте  имам  

болумен  қатар  елді  имандылыққа 

баулыды.  Ағартушылық  салада 

толайым іс  тындырды. Есеп және  

жағрапия    пәндерінен      дәріс  

берген.  Білім  алу  үшін    алдына   

келген    шәкірттерге    шығыс  

поэзиясы    мен  философиясын 

оқытты. 

Ел  аузында    хазірет    жөнінде  

аңыздар  көп    сақталған.    Діни  

ғұлама Мәшһүр – Жүсіп  Көпейұлы   

Ғабдылуахит 

хазіретті 

арнайы 

іздеп 


келіп, 

сәлем 


берген. 

Сыйлаған, 

құрметтеген. 

Тағы 


бір  атап  өтерлігі  Мәшһүр  -  Жүсіп    

шығармашылығында    хазіреттің  

есімі кездеседі.

Әулиелік, 

 

көріпкелдік, 



болжағыштық 

қасиеті 


бар  

Ғабдылуахит 

 

хазіретті 



көзі 

тірісінде    де,    өмірден  өткен    соң  

да  ел-жұрты  пір  тұтты.  Ауырып  – 

сырқаған  адам  мазарына  барып, 

Алладан  мейірім – шапағат тіледі.

Хазірет 


Ғабдылуахит 

 

бір  



отбасының  тұңғышы. Екі інісі  мен 

екі  қарындасы  болған. Өкініштісі,  

халқының    құрметіне    бөленген  

әулие  бабаның  Қарақұл, Сарықұл, 

Сабанқұл  есімді    үш    ұлы    екінші 

дүниежүзілік    соғыста  қайтыс 

болды. Бірақ та хазіреттің  соңында 

оны  ардақ  тұтқан ел-жұрты бар.




  1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал