№34 (47) 29 Тамыз 2014 жыл



жүктеу 308.98 Kb.

бет3/3
Дата26.01.2017
өлшемі308.98 Kb.
1   2   3

Бибінұр Нұрғазиева,

«Шарайна-Сейхун»  



ҚАЛДЫГҮЛДІҢ 

МАРАПАТЫ

Еңбегі әуелі ресми орындардан бұрын жамағаты арасында

лайықты бағаланатын жанжар болады. Олар қашанда өз орта-

сында да, басқаларға сыйлы. Сондай заматшаныі бірі- жұрт Катя

апай атайтын Жаңақорған кентіндегі «Ақбота» балабақшасының

меңгерушісі, Шеримова Қалдыгүл Асанқызы. 

Қалдыгүл қашанда өзіне тапсырылған жұмыстарды абырой-

мен атқарып, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысуымен ерек-

шеленеді. Би өнеріндегі жетістіктері, әншілігі болса да бір төбе.

Ол жуырдағы облыстық тамыз кеңесінде «Жас ұрпақты оқыту

және және тәрбиелеу ісіндегі елулі табыстары үшін Қазақстан

Республикасының Білім және ғылым Министрлігінің «Ы. Ал-

тынсарин» төсбелгісімен марапатталды. Абыройыңыз арта бер-

сін, жетістіктеріңіз әлі де мол болсын! 



Т. Берген

Жаңақорған ауданы 



БАҚЫТТЫ АНА, БАҚЫТ ӘЛЕМІНІҢ МӘҢГІЛІК

ҚОНАҒЫ

6

Керуен

Шарайна


Сейхун

«Адамдар өмірге келеді, кетеді; бірақ

олардың  істеген  істері  қалады»  деген

Ф.Глинканың  сөзі есіме өнебойы орала бе-

ретіні  бар.  Расында,  атқан  оқтай,  шапқан

аттай  зымыраған  уақыт  көзді  ашып-

жұмғанша  ай  аунатып,  жыл  жылжытып

сырғығанда  кейде  тіршіліктің  ара  жігін

ажыратуға  үлгермей  де  жататынымыз  бар.

Дарияға  салған  қайығын  есе-есе  келесі

жағалауға  жеткен  қайықшыдай    болдыра

тұрып, сондайда жан-жағыңды қарманасың,

сыртқа  шығуға  талпынасың,  аяғыңа

ештеңенің оралғы болмауын ойлайсың. Көк

шалғында баса кеудеңді кере дем алғың ке-

леді, нұрын төккен күннен мейірім іздейсің,

міне осы сәттерде адамға өткен өміріндегі

жақсы істері, қайрымды шаруалары, жалпы

қоғамға  жасаған  қызметінің  пайдалалығы,

жаны жайсаң азаматтармен құрған сұхбаты

ойға  оралып,  жанына  демеу  болады  екен.

Жақсы сүйсінген, жаман күйінген кездердің

ара-салмағын  ажыратасың,  осындайда  өз

орныңды, шыққан биігің мен түскен еңісіңді

де еріксіз салмақтайсың. Бұндай жағдай әр

азаматтың бойында да болатын шығар, де-

генде, тіршілік тінінің алты белесінен өткен

соң бұл қасиет тіптен жиілеп, жауапкерші-

лікті күшейте ме деп қалдым. 

Жаратылыстың берген сыйы, не-

месе бала кезден ата- анадан алған тәрбиенің

жемісі болар, өзім жан тыныштығынан гөрі

көптің  ортасында  ду-ду  додаға  түсіп

жүргенді  қалаймын.  Мен  үшін  жұмсақ

диванға жатып алып, теледидар хабарлары-

мен  алдарқану  азап,  ең  болмағанда  таңғы

шәйімді көлденең көк атты болса да біреумен

бірге бөлісе ішіп, мүмкіндігі болса, оған бір

жақсылық  жасап  жіберсем  деймін  де

тұрамын.  Міне,  сондай  шиыршық  атып,

жұмысқа 

тоймайтын 

қырықтағы

қылшылдаған кезім Сыр бойының шырайлы

өлкесі  Шиелі  ауданында  өтті.  Жаңақорған

ауданындағы мырыш пен қорғасын өндіретін

Шалқия кенішінің бас директоры қызметін

атқарып жүрген кезімде облыс әкімінің ше-

шімімен  осы  ауданға  басшы  болып

тағайындалдым.  Қашанда  жауапкершілік

жүгі ауыр, артылған сенімнен қалайда абы-

роймен  шығу  керек.  Оның  үстіне  жүріс-

тұрысыңды  сыртыңнан  баққан  сан  көздер

бар. Олардың ішінде саған тілектес болары

да, қайтер екен, қай жерден мүлт кетеді деп

бармағын  бүгіп  отырғандары  да  жетерлік

екендігі түсінікті. Сенің болашағыңнан үміт

күткен  атан-ана  алдыңдағы  парызың  мен

бірге  отан  алдындағы  борышыңды  қалай

ұмытасың?!

«Мәселені кадр шешеді» деген ке-

шегі  партияның  бас  хатшысының  айтулы

сөзі күні өтсе де ескіре қоймайтын секілді.

Өйткені,  талай  басшылық  лауазымдарды

атқара  жүріп,  бірге  қызмет  істейтін

азаматтардың 

біліктілігі 

мен 


білімі,

тәжірибесі,адамгершілігі арқылы небір қиын

кезеңдерден  мұқалмай  өтуге,  елге  қажетті

шаруаларды  өз  дәрежесінде  атқаруға

болатындығын ойыма түйдім. Бағыма қарай

ондай  өз  қызметін  адал  атқаратын,  жаны

жайсаң,  жігерлі  азаматтар  менің  өмір  жо-

лымда  көп  ұшырасты.  Солардың  бірі

Бөгенбай Есіркепұлы еді. 

Оның әкесі Есіркеп Қоңқабаевты

жас кезімізден білеміз, халық ақыны Манап

Көкеновпен  қатарлас,  халыққа  рухани

байлық сыйлап жүретін, сөз өнерінің жебесін

ұстаған айтулы ақын, әнші, өнерпаз кісі. Сол

кісілердің  өнегесін  көре  жүріп,  өзімізде

өнерге жақындау болып өстік. Әсіресе, елден

сыртқары жерлерде қызмет жасаған кезде-

рімде, «Сырдың елі-жырдың елінің» төл ба-

ласы ретінде сайыстан тайсалып, қысылып

қалған  кезім  жоқ.  Тығырықтан  «Мен

Сырдың ұлымын» дейтін мақтаныш сезімі

алып  шығатын-ды.  Бұл  үлгі  жарықтық

Мәкеңнің, жаңа ғана өзім сөз еткен Есіркеп

ағалардың шарапаты еді. Сол Ес-ағаның ор-

таншы  ұлы  Бөгенбай  Шиеліде  қызмет

жасаған кезімде маған ерекше жақын, ауыр

жүкті бірге көтеріскен, салмақты бөліскен,

керек кезінде қажетті кеңес те бере алатын

сенімді  серіктерімнің  бірі  болды.  Ол

аудандық 

санитарлық-эпидемиялық

станцияның бастығы және алқа мүшесі ре-

тінде  ерекше  сыйлы  еді.  Замандастары  да

тіптен  ардагерлер  де  оның  пікіріне  ден

қойып, санасып отыратын-ды. 

Менің  аудан  әкімі  лауазымын  атқарар

кезеңім- қоғамдық өзгерістердің белең алған,

ірі шаруашылықтардың тараған оның үстіне

сыртқы  байланыстардың  үзілген,  елімізде

қаржы  тапшылығы  мен  басқа  да  қажетті

заттардың  жоқшылық  зардабы  асқынып

тұрған уақытына тап келді. « Ер басына күн

туса, етігімен су кешер, ат басына күн туса,

ауыздығымен су ішер» дейтіннің кері. Таң

қараңғысынан тұрып, егістіктің басында, түн

жамылып қырманда шұғыл жиналыс өткізіп,

халықты  қалай  тарықтырмаймыз,  мына

өтпелі кезеңнен  қалай қиналмай өткіземіз,

Елбасы  тапсырмасына  сай  жамағаттың

алдағы күндерге деген сенімін қайтсек арт-

тырамыз, болашақтың жарқын жолына қалай

шығарамыз  деумен  болдық.  Әрине,  әр

мекеменің өзіне артылған міндеті, жүгі бар,

соларды да уақтылы орындаумен қатар әлгі

жоғары да айтылған жауапкершілікті де бірге

атқаруға  тура  келді  сол  кездегі  қызмет  ба-

сында жүрген жігіттерге. Бұл талапқа кейбірі

шыдады,  кейбірі  орта  жолда  сыр  беріп  те

жатты.  Сондықтан  ыңғайына  қарай  жылы

сөйлеуге,  оған  мойынсынбағанына  шара

көрудің де кезі туды. Міне, осы кезеңдерде

Бөгенбай Есіркепұлы нағыз отансүйгіштік,

азаматтық  қалпынан  танған  жоқ.  Өзінің

жоғары  оқу  орынан  алған  білімін,  өмірлік

тәжірибесін  туған  елі  үшін,  отандастары

үшін жұмсады. Ол басқарған мекеме үнемі

үздік болумен қатар қоғамдық жұмыстарға

да белсене аралудан қалыс қалған емес. 

1998-жылы 

Президентіміз

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жұмыс сапа-

рымен Қызылорда олбысына келіп, сол сапар

аясында Шиелі ауданына да соқты. Елбасын

лайықты  қарсы  алу,  аралайтын  әлеуметтік

нысандарды дайындау жұмыртары әрине зор

жауапкершілікті, 

іскерлікті, 

жұмысты


ұйымдастыра  білетін  көпшілдікті  керек

етеді. Сол талап тұрғысынан көріне білген

азаматтардың алдыңғы қатарында Бөгенбай

бауырым  болды.  Ол  өзінің  бар  жақсы

қасиеттерін, жұртты уәжге тұрғыза алатын

ділмарлығын  Алаш  ардақтысы  Мұстафа

Шоқай ескерткішін орталық алаңға орнату

кезінде де, аудан орталығынан жаңа мешіт

ғимаратын салу кезінде де де көрсетті. Бір

айта  кетерлігі  сол  тапшылық  кезеңдерде

мұндай шаруаларға бюджет қоржынынан бір

тиын  да  бөлінбейтін,  бәрін  асарлатып,

кәсіпкерлермен  келісе  отырып  жүргізуге

тура келетін-ді. Міне, бұл жұмыстарды елге

беделі  бар  азаматтар  атқармаса,  басқаның

қолынан ештеңе келмес еді. 

Тағы  да  айтарым,  1999-жылы

Бәйгеқұм  ауылдық  округіндегі  құрлысы

аяқталмай қалған екі қабат мектеп үйінде ме-

кемелерді 

жауып, 

асарлатып 



жүріп

пайдалануға бердік. Олай етпеске еш амал да

жоқ еді, өйткені, ескі мепктепте сабақ өткізу

мүмкін емес мүшкіл халге келсе, үкімет та-

рапынан  да  қайран  болмасы  анық  еді.

Сондықтан  да  бар  күшті  халықтық  әдіске

аудардық, соның нәтижесінде балалар жаңа

жа жайлы мектепке кірді. Осы мүмкіндікті

пайдаланып,  сол  кезде  аудан  басшысымен

қояма- қолтық қызмет жасасқан, ауыр жүкті

көтерісе білген аты аталмаған басқа да елдің

азаматтарына алғыс сезімімді білдіргім ке-

леді. 

Отбасыларыңызда 



аманшылық,

үйлеріңізде  береке  болсын!  Бөгенбай

Есііркепұлы  секілді  ардақты  ұлдарымңыз

мол болсын! 

Өмір болған соң, оның тегіс жолы

да, ойқы- шойқы жері де ара кідік кезігіп от-

ырады.  Ойындағысы  орындалғанда  асып-

тасу,  ері  мойнына  кеткенде  сіркесі  су

көтермеу де осалдықтың белгісі.Ал рухани

қуаттты адам - өмірге өкпелемейді, кемшілік-

тиі әуелі өзінен іздейді, өзінің жауаптылығын

терең сезінеді.өзінің қуат –құбылысына се-

неді. Біз білетін Бөгенбай сондай жігіт бола-

тын.  Әттең,  өмірі  қысқа  болды,  іске

асырмаған  армандарын  балалары,  кейінгі

ұрпақтары жүзеге асырсын, өздері аман бол-

сын дегім келеді. 

Жарылқасын Тұрабаев,

Шымкент қаласы. 

Шиелі ауданының 1995-2001 жылдардағы

әкімі,ауданның « Құрметті азаматы».

БІЗ БІЛЕТІН АЗАМАТ

Бауырлар

Үш-төрт кісінің құлашы жетпейтін

жүз жылдық жуан еменді электр арасы ақыры

кесіп тынған. Оның орнына жағалай отырған

он  шақты  адым  сиятын  дөңгелек  үстелдей

түбір  ғана  қалды.  Ойда-жоқта  сол  алып

түбірдің балақ тұсынан балапан бұтақ пайда

болып кәрі түбір ертелі-кеш сол жас ұрпағына

іргелес өсіп тұрған балапан қайыңға күндіз-

түні сыр шертеді.

–  Біз  бір  кезде  бір  өскен  ата  едік.

Бүгін 


туған 

бауырлардың 

біразы

Қазақстанның  бұрыш-бұрышында  түрлі



қызыметте жүр. Бірі – есік, бірі –... дей бер-

генде, түбірдің балақ тұсынан пайда болған

балапан бұтақ – бір – балтаның сабы, – деді

орта  жолдан  киліге  кетіп.  Бұл  сөз  түбірге

ұнамады.

–  Қойшы  соны,  ол  бір  шіріген

жұмыртқа.  Күн  көре  алмай  көлеңкеде  құса

боп өскен қисық бұтақ еді, ақыры өшін бізден

алып  тынды.  Балтаға  сап  болуы  мұң  екен,

ағайын танудан қалды. Ауылды жерде қазық

боп  ұстайтын  бір  бауыр  бар  еді,  бүгін  де

соның  төбесіне  ойнайтын  көрінеді...!  Одан

арғсын айта алмай кәрі түбір кеңкілдеп жылап

жіберді...



Дөңгелек пен доға

–  Мен  дөңгелектің  баласымын,  –

деді сол дөңгелектің жартысындай ғана доға.

Баласы осындай болса, немересі мен шөбересі

қандай болар екен ертең!

Азып бара жатқан бүтін дүние-ай!



Түймелер

Қусырынғанда 

мешпеттің 

екі 


өңірін

ұштастырып  тұратын  екі  үлкен  түйме  бар,

оның  қарсысына  әдемілік  үшін  екі  үлкен

түйме  қадалған.  Әр  жеңге  үш-үштен  алты

түйме қадалған. Қысқасы жұмыс істейтін екі

түйменің қасында түк бітірмейтін сегіз түйме

бар.

Арам тамақтар қай жерде де толып жүр!



Айна мен әйнек

– Айна арам ғой, – деді әлденеге ашуланған

әйнек.

–  Біздің  бер  жағымыздан  қарағанда



аржағымыз  түгел  көрінеді,  ал  айнаның  ар

жағында не жатқанын кім білсін. Арам ғой,

арам.

Таразы

Базарға барып жүріп талай мәрте байқаған бо-

ларсыз... Маған бір келі ет өлшеп жіберіңіз

дейсіз өзіңізге ұнаған майлы жамбасты не бел

омыртқаны нұсқап. Сатушы сіз нұсқаған етті

сылқ  еткізіп  таразыға  тастай  салды.

Таразының  тілдері  ары-бері  теңселіп  біраз

уақыт өз-өзіне келе алмай тұрады, дәл болу,

әділ болу оңай дейсіз бе?

Анам менің.

Сексеннен де асқан бір шағыңызда,

Шүкір қылып қолда бар бағыңызға.

Әулиедей аяулы анам менің,

Ұрпақ жинап отырсыз жаныңызға.

Сол жылы мен естияр – он бірдемін,

Біздің үйдің бір отын сөндірді өлім.

Төрт бала әкесіз жеткізем – деп,

Түсінбеймін қандай күш сендіргенін.

Ол кезде біз білейік қайдан ғана,

Өсе бердік уайымсыз тойған бала.

Ағайын жоқ, айлық жоқ-арпалысып,

Асырапсыз азаппен қайран ана.

Қамсыздықтан ақылым кеш кірген бе,

Көше қуып, ұрынып өстім мен де.

Түңілген де шығарсыз әр ауылдан,

Менің жаман аттарым естілгенде.

Үйден тиым болмаса, жүзден тиым,

Жас балаға бетімен жүрген қиын.

Елестете алмаймын –елге күйік,

Баласы бар ананың көрген күйін.

Шетке  итеріп мендейді қоғамдарым,

Бәрі де рас-жақсы ұл бола алмадым.

Тірі әйтеуір жеттік-ау осы күнге,

Бұдан да ауыр болар ма... жоғалғаным?

Тайып жүріп тас тіреп табанымыз,

Тоқталдық қой, біз де енді балалымыз.

Қанша бақыт, байлыққа бөлесекте, 

Қымбат сізге тек біздің аманымыз.

Анам менің.

Білемін-қарыздармын.

Бәрін де айтып, келеді бәрін жазғым.

Бере алмаспын ештеңе не істемекпін.

Болыңызшы тек қана жанымда аз күн.



М.Әбдімомынов

ҚАДЫР МЫРЗА ӘЛИДІҢ МЫСАЛДАРЫ

МЕН ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ

Дүниенің ең басты жұмбағы-адам.

***

Адамдар дүниенің бәрін түсіндіргенмен, өздерін өздері

әлі де болса түсіндіре алған жоқ.

***

Алпыс адам-бір жақ, ақын өзі бір жақ.

***

Әкеңді білмеген ештеңе емес, қаптаған халықтың ішінен

ұлтыңды білмеген не деген сұмдық.!

***

Адам алысқа қараймын деп, жақындағысын көрмейді.

Әулиелік туралы айту үшін өзің де әулие болуың керек

***

Дүниеге  шын  ақын,  ұлы  ақын  келген  күні  сонымен

қабаттасып даңқ та туады.

***

Талант  –  халық  қазынасы.  Талантты  қадірлемеу

халықтың намысына 

***

Арақ қазақ үшін жаңа дерт. Жаңа жау. Оған біздің уыз

организміміз қарсы тұрып үйренбеген. Иммунитет мүлдем жоқ.

Кәрі-жасымызға қарамай қырып кететін түрібар.

7

Жарнама

Шарайна


Сейхун

Жарнама. 

Кімге, не қажет?

Жарамсыз деп табылсын

Жеке  кәсіпкер  Байжанова  Гүлмира  Балтабайқызының  (сериясы  07915

№0055658) 25.05.2009 жылы берілген жеке кәсіпкерлік куәлігінің жоғалуына байланы-

сты  жарамсыз деп табылсын.

***

Батырхан Айжамал Мұратқызының (№0719226) 2012 жылы берілген 



9-сынып бітірген туралы куәлігінің жоғалуына байланысты  жарамсыз деп табылсын.

***


Құлмырза Гаухар Бекмұрзақызының атына берілген  (NN №00000931)  №553

ЕСМ, Mazda 626 жеңіл автокөлігінің  техникалық куәлігінің жоғалуына байланысты жа-

рамсыз деп табылсын. 

***


Баймаханов Шахмардан Орынбековичтың  (№020314348, 29.05.2007 ж) берілген

жеке куәлігінің  жоғалуына байланысты  жарамсыз деп табылсын.

***

Асанов Тілеуберген Тәңірбергенұлының  (№013150164, 02.04.2004 ж) берілген



жеке куәлігінің  жоғалуына байланысты  жарамсыз деп табылсын.

Жұмысын тоқтатады

Жеке кәсіпкер Абдуллаев Ерлан Құрманәліұлының (сериясы 08915

№0050835) 21.07.2011 жылы берілген нысананың жабылуына байланысты жұмысын

тоқтатады. 

***

Жеке кәсіпкер Уразбаева Калдыгүл Картбаевна (сериясы 12915 №0270158)



13.02.2013 жылы берілген нысананың жабылуына байланысты жұмысын тоқтатады. 

Қызмет көрсетеміз.

Жаңақорған кенті, Абай көшесі

№171 үйде кг 70 теңгеден мақта,

150 теңгеден жүн түтіп, таза-

лайды. 

Байланыс телефоны: 



+7(724 35) 23 -2- 99,  +7702 157 13

55, +7705 686 04 28



Үй сатылады

Үй сатылады

Тез арада 5 бөлмелі үй сатылады. Есік ал-

дында 3 бөлмелі үйге фундамент құйылған

және тігін машинкалары, үй жиһаздары са-

тылады. Бағасы келісім бойынша. 

Мекен-жайы: Абай көшесі №17

Байланыс телефоны: +7775 537 10 52, 

4-29-80


«Kaz-Gaz Құрылыс» компаниясы

сіздерге қызмет көрсетеді

«Kaz-Gaz Құрылыс» компаниясы Қызылорда облысындағы

кез-келген нысандарға және тұрғын үйлерге дербес жылу жүйелері

мен газ құрылғысын орнатады. 



Байланыс телефоны: +7775 405 04 14, +7701 697 00 52

Компания «Kaz-Gaz Құрылыс»

Компания«Kaz-Gaz Құрылыс» разрабатывает и вводит в экс-

плуатацию системы автономного газоснабжения, предназначенные

для обеспечения теплом и газом любых жилых и коммерческих объ-

ектов по всей Кызылординской области.

Тел: +7775 405 04 14, +7701 697 00 52  

Артық салмақтан арылғыңыз келе ме?

Жапондық аппаратқа түсу тегін.

•Биологиялық  жасыңызды  тексеріңіз,  сондай-ақ  бұлшық

еттеріңіздің  массасын,  сүйек  тіндерінің  салмағын,  май  %-ын,

ағзадағы  су  %-ын  және  басқа  көптеген  нәрселерді  тексеріңіз.

•15 минут ішінде ТЕСТ өтіңіз және көбірек біліңіз.

•Бүгін алынған көрсеткіштердің негізінде  дене құрамы және

ағзаңыздың қажеттіліктері туралы.

•Теңестірілген тамақтану және салмақты қадағалау туралы

ТЕГІН

Байланыс телефоны:  

+7705 611 68 14, +7778 998 64 27   Гапура

Жақсы өмір сүру үшін теңестірілген тағам ішіңіз!

Хабарландыру

«Шевер  сервис  принт»  жарнама  компаниясы  сіздерді  өз

қызметіне шақырады. Билборд, стендалар, бейне камералар құру және

де компьютерлік қызметтер көрсетеміз. 

Мекен-жайы: Орталық алаң, кафетерий ғимаратының  2-қабатында.

Мұзафар  +7702 233 36 93

Ғимарат Сатылады

Тез арада бұрынғы Самара – Шымкент тас жолының бойында

орналасқан «Тәуекел» кафесі және магазині сатылады. Жері 15

соттық, ауыз суы кіргізілген, барлық жағдайы жасалған. СТО,

Мойка, Душ т.б. қосымша құрылыс салуға арналған жоспары

сызылған. Құжаттары түгел. Бағасы келісім бойынша.



Байланыс телефоны:  +7702 819 61 63,+7701 610 70 48 

дейін

кейін

39 кг-ға аздырады

Арзан баға, жылдам хабар!

Қадірлі  тұрғындар!

«Шарайна- Сейхун» газетінің жарнама қызметін пайдалануға шақырамыз

Өзіңізге қажетті жарнаманы «Шарайна-Сейхун» газетінен таба аласыз және де

осы газет арқылы жариялай аласыз. Тез әрекет етсеңіз, олжаға кенелеріңіз сөзсіз. Өйткені,

газет мыңдаған адамға жылдам хабар таратады.

- Сату,

- Алу,

- Алмастыру,

- Қызмет көрсету орындары жөнінде,

- Хабарландырулар,

- Құттықтау, еске алу, 

- Жоғалған нәрсеге сұрау салу, 

- Ақылы мақалалар  

Бір ерекшелігі - бұл басылым Шиелі, Жаңақорған аудандары, Қызылорда қаласына та-

райды. Демек жарнама аймағы үлкен, өзіңізге қолайлы деген сөз. Бастысы – арзан баға

әрі жылдам хабар!

Редакция мекен-жайы; Шиелі кенті, военкоматтың қарсысындағы

ғимараттың  2-қабаты.

Үй сатылады

Тез арада  4 бөлмелі үй сатылады. 



Мекен-жайы: Шиелі кенті, Ахмет Яссауи көшесі №66/7, 1 этаж

Байланыс телефоны: +7705 433 66 04, +7778609 54 36


1   2   3


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал