№34 (47) 29 Тамыз 2014 жыл



жүктеу 308.98 Kb.

бет2/3
Дата26.01.2017
өлшемі308.98 Kb.
1   2   3

Қазақ қызы

Қақым жоқ өзіңменен таласуға,

Сен ұқсаған жансың бір дара шыңға.

Ағымнан ақтарылсам алдыңа кеп,

Жүрегімнің дертіне ем табасың ба?

Қандай теңеу айтса да жарасымды,

Асылдан қымбат жансың, бағаң құнды

Қызылға қызықпайтын қыран жүрек,

Сені аңсап таң атқанша аласұрды.

Хор қызынан аумайтын ертегінің,

Ойымнан бір шықпайсың ертелі күн.

От жүрегін еріксіз жаулап алдың,

Сөзге келмес даланың тентегінің...

Табиғат сиы

Әдетім жоқ әуел бастан ашқарақ,

Бір қыз көрдім өзгелерден басқарақ.

Хас табиғат бәрін тарту етіпті.

Әуре болып боянбайды, қас қарап.

Мінезі де бір ғажайып, ерекше

Елікпейді өзге сенген елеске.

Қызғалдақтай қыз ғұмырын құлпырған,

Кеудемсоққа таптатпайды желөкпе.

Ұстамдырақ, жас та болса сабырлы,

Талай сері қолы жетпей қағылды.

Пәк сезімді тәрк ететін жан емес,

Оған керек, адал жігіт, жағымды.

Жалған күлкі, жүзінде жоқ тапсыну,

Шын достыққа танытпайды жатсыну.

Тал бойынан таба алмайсың ешбір мін,

Қиялдағы періштедей пәк сұлу.

Жұбату

Мұңаймашы!

Айналайын жарығым!

Қыз боп сенің туғаның ба жазығың?

Әйел-ана тіршіліктің бастауы,

Әке асқар тау, сүйенішің, қазығың.

Ер жігіттің азайғаны анық па?

Шаршасаңда  сен әлсіздік танытпа.

Біле білсең еркек көктен түстен жоқ,

Сол анадан туған барлық алыпта.

Мұңайма сен, 

Өкпелеме, түңілме,

Ер сүрінсе сен жарайсың тіреуге.

«Қыздың жаны-қырық шырақ» дейді жұрт,

Ұл-қызға - ана, 

Жар боласың күйеуге.

Көз жасыңды көрсетпе тек біреуге..

Сартбаев Кенже Оразайұлы,

Алматы қаласы 

«Қыздар университеті» медиа орталығы

Қоғаммен байланыс бөлімінің бастығы.



ПОЭЗИЯ

ҚЫЗҒАЛДАҚ  ҒҰМЫР



4

Ел тынысы 

Шарайна


Сейхун

Жаңақорған:

ЕЛ СЫЙЛАҒАН ЕСАҒАҢ

Әбдіғаппар ауылында 2000-2001

жылғы  жасөспірімдер  арасында

қазақша  күрестен  аудандық  ашық

турнир  салтанатты  түрде  жалауын

көтерді. Әбдіғаппар ауылының өсіп-

өркендеуіне  өзіндік  үлес  қосқан,

ұзақ жылдар осы ауылға басшылық

жасаған, бүгінде аяулы әке, еңбек ар-

дагері 


Есалы 

Тұрсынбайұлы

атындағы  дәстүрлі  турнирде  6

команда қатысуда. Онда 60-қа жуық

жас балуандар 9 салмақ дәрежесі бо-

йынша 


боз 

кілем 


төрінде

мықтыларды анықтады. 

Турнир демеушісі, ауыл тумасы

Дархан  Тұрсынбаев  Маңғыстау

облысында  мемлекеттік  қызметте

жүрсе де, бір сәт ауыл жастарын са-

лауатты 

өмір 


салтына 

баулу


мақсатында 

қаржылай 

қолдау

көрсетуді өзіне азаматтық борыш са-



найды. 

Айта  кетейік,  Д.Тұрсынбаев  бұған

дейінде  мектеп  жанынан  арнайы

күрес  залының  жабдықталуына,

ғимаратты толық күрделі жөндеуден

өткізуге демеушілік жасаған. Сондай-ақ, күні кеше осы күрес залына жаңа боз кілемді сыйға

тартты.

Шиелі: 

ВЕЛОСИПЕДШІЛЕР БӘСЕКЕСІ

Қазақстан Республикасы

Конституция күніне орай  Шиелі

ауданында  атаулы  шаралар

өткізілуде. Соның бірі әуесқой

сплртшылардың  вело  шеруі.

Вело шеруге 100 адам қатысып,

жеңімпаз деп танылғандар аудан

әкімінің бағалы сыйлықтарымен

алғыс  хаттарымен  марапат-

талды.

Мұнан соң Шиелі кентінде



«Тұрғын үй» бағдарламасы бо-

йынша жаңадан пайдалануға бе-

рілетін тұрғын үйлердің ашылу

салтанаты 

болып,

Ақмая, 


Жаңатұрмыс

ауылдық 


округінде

асфалтталған ауыл іші-

лік жолдардың ашылуы

болып  өтті.  Орталық

М.Шоқай 

алаңында


"Ата  Заң  –  Ел  тірегі»

атты  облыстық  жас

ө н е р п а з д а р д ы ң

қатысуымен өткізілетін

мерекелік 

шараға


ұласты.

«Агробизнес-2020» 

Елімізде    халық  саны  жылдан-

жылға артпаса, кемімейді. Шағын отбасынан

бастап,  мемлекет  тарапынан  қамқорлыққа

қамқорлыққа  алынған мекемелердегі  адам-

дар азық-түлікпен қамтамасыз  етілуі тиіс.

Тағам-адамдардың  өмірі,  тыныс-тіршілігі.

Сондықтан оған үлкен мән  берілгені жөн.

Адам ағзасы түрлі  тағамдарды  қажет етеді.

Ол  дүкен  сөрелерінен  табылып  жатса,

халықтың  талғамынан    шығып  отырса,  ел

жалтақтамай өмір кешері анық.  Бүгінде пай-

даланып 

жүрген 


тағамдарымыздың

көпшілігі сырттан (импорт) тасымалданады.

Қытайдың  «Роллтондарын»  ұзақ  сапарға

шыққан  шопырлар  алаңсыз  ішіп-жейді.

Үйлерінде тамақ істеуге ерінген көпшілік те,

оңай нәрсе екен, үстіне  ыстық су құйып іше

саласың  деп  қолданысқа    ендіріп  алған.

Қытай  импортынан  мұнан  басқа    да  оңай

тамақтардың  түрлерін көптеп  кездестіруге

болады.  Ал  тағам  түрлерінің  басым  бөлігі

жергілікті өнімдер болып  жатса, сапалы  әрі

арзан болары анық. Біз азық-түлік өнімдерін

өзімізде  өндіргенде  ғана  өзімізді – өзіміз

тағаммен  қамтамасыз ете  аламыз. Дастар-

ханымыз жайнап, берекелі отбасына  айнала-

мыз.  Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев 

үстіміздегі    жылы  аймақта    ауыл

шаруашылығын  дамытуға    8  млрд.  Теңге

қаржы  бөлінгенін  айтты. Аймақ  басшысы

бұған  дейін    де  облысымызда    ет,  сүт,

жұмыртқа, 

макарон, 

сонымен 

қатар


күнделікті  көп  қолданылатын    пияз,

қырыққабат    секілді  өнімдердің  аз

өндірілетіндігі    жайында    есімізге  салып

жүргені  белгілі.  Тек  бұған  құлқымыз,  іс

әрекетшіміз жетпей жатқаны рас та шындық.

Елімізде  ауыл  шаруашылық  мәселелеріне

Үкімет  назары    жыл  сайын  арта    түсуде.

Облыс  әкімі  Қ.Көшербаевтың  қолдауымен

күріш  кластерін  құру  жұмыстарын  жолға

қойды.  Бұл  бізді  қуантады.    Суда  аз

қолданатын  дақылдарды  молайтқан дұрыс

шығар.  Бірақ  біз  үшін    күріштің  орны  бір

бөлек.  Себеп,    қуаңшылық  аймақта

жатқандықтан, жерімізде бір қасық су бол-

маса, ол жерлер шаңғытып, шөп те шықпай

қалады. Шөп болмағасын халық малдан да

айрылады. Сондықтан күріш  алқабы  біздің

аудан  үшін өте қажет. Онсыз да соңғы  он

жыл  көлемінде  облыста  күріш  егісін  ең аз

мөлшерде    егіп  жүргені    белгілі.

Экономикалық жағынан  күріш  экспортынан

түсетін  пайда    көлемі    төмен  болғанмен,

оның артында  ауыл адамдарын жұмыспен 

қамту,  жер экологиясы және  малдың жем-

шөбі  секілді  күн  тәртібінде    тұрған

мәселелерді  ескеріп,  керісінше  бүгінгі

заманға  сай  жаңа    технологиялар    арқылы

күріш өндірісін дамытып,  мол өнім алып,

оның сапалы  экспорттық әлеуетін арттырып

отырғанымыз  жөн  сияқты.  Шиелі  ауданы

биыл 

24030 


гектар 

жерге 


ауыл

шаруашылығы дақылдарын екті, деді, аудан

ауыл  шаруашылығы    бөлімінің  басшысы

Жақсылық Әлиев, бізбен әңгімесінде. Оның

9222 гектары дәнді дақылдар, 153 га күздік

бидай, 214 га жаздық  бидай, 150 га дәндік

жүгері,  25  га  тары,  80  га  сыпырғы,  күріш

8600 гектарға  егілді.  Майлы дақылдардан

120  га  мақсары,  58  га  күнбағыс

орналастырдық. Ауданда мал азығы қорын

молайту  мақсатында  шаруашылықтар 10054

жерге  жоңышқа,  оның  ішінде 2711 га жаңа

жоңышқа егіліп, 7243 га ескі жоңышқа  күтіп

бапталды.  100  гектар  мал  жемдік    асқабақ

дақылы  егілді.  Халықты  азық-түлікпен

қамтамасыз  ету  үшін 4576 гектарға  картоп,

көкөніс, бақша дақылдары, оның ішінде  кар-

топ  1430  га,  көкөніс  950  га,  2196  гектар

жерге    бақша    егіліп,  күтімге    алынды.

Көктемгі 

дала 

жұмыстарына



шаруашылықтар «Байқоңыр ӘКК ҰҚ»  ме-

кемесі арқылы 190 млн теңге  қаражат алды.

Аудан бойынша  агротехникаға сай 8600 га

күріштің 

5600 

гектары 


 

үстек


қоректендірілді.  Оған  560  тонна    азот

тыңайтқышы берілді. Арам  шөпке  қарсы  33

кг  гулливер,  1950  метр  солито  гербициді,

2980 га  жер  өңделді. Бүгінде егілген күздік,

жаздық бидайлар орылып алынды, орта өнім

гектарына 5 центнерден айналып 183,5 тонна

өнім алынды. Мал азығындық 18850 тонна

жоңышқа    шөбі  дайындалды.    Облыстық

ауыл  шаруашылығы    меморандумға    үш

жақты  келісім шарттың  құжаттары тапсы-

рылды. Осы  күні 250 гектар күріштің суы

тартылып  отыр.  Күріштің  шығымы  жаман

емес, құдай қаласа, жоспарлы  ойымыздағы

өнімді аламыз деп, бөлім басшысы өз сөзін

көңілді аяқтады. Осы егілген дақылдардан

алынған өнімдер  халық игілігіне арналады.

Дегенде  қаншама мол өнім алғанымызбен ол

өңделіп    барып  тұтынушыларға    жетпесе,

бекар сөз болып қалады. Ол үшін азық-түлік

өңдеу өнеркәсібін дамытуға  тиіспіз.  Облыс

әкімі  Қ.Көшербаевтің агроөнеркәсіп  саласы

басшылары    мен  кәсіпкерлерге    қойып

отырған талабы  да осы. Халқымызда «алы-

стан арбалағанша, жақыннан дорбала» деген

даналық бар емес пе? Тамақ-тіршілік көзі.

Өркен Исмаил

ҚР Журналистер одағының мүшесі.

26.08.2014 ж

ӨҢДЕЛГЕН ӨНІМ - ЕЛ НЕСІБЕСІ

Карточка – 80 теңге;

Пияз – 100 теңге;

Сәбіз – 100 теңге;

Қызанақ – 70 – 80 теңге;

Қияр – 70 теңге; 

Жұмыртқа – 20 теңге;

Нан – 50 теңге;

Күнбағыс май – 1350 теңге;

Қырық қабат – 60 теңге;

Алма – 450 теңге;

Қызылша – 120 теңге;

Сарымсақ – 450-500 теңге;

Жүзім – 250-300 теңге;

Сүт – 220 теңге;

Алмұрт – 250 теңге; 

Ет бағаларына келсек:

Жылқы еті – 1300 теңге;

Сиыр еті – 1100 теңге;

Қой еті – 1100 теңге;

Түйе еті – 1000 теңге.

Жал  –  жая,  карта  –  1700

теңге.

Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының



бастамасымен  әзірленген  «Шағын  бизнеске  арналған  100

жоба» атты кітабынан Шиелі ауданындағы филиалға 170 да-

насы бөлінді. Аталған кітаптың аудандық «Абай» атындағы

кітапханада  арнайы  тұсаукесер  рәсімі  ұйымдастырылып,

аудандық БАҚ құралдарында жарияланды.

Осы бағытта кітаптарды аудандық кітапханаға, ар-

наулы,  орта  оқу  орындары  мен  жас  кәсіпкерлерге,  дербес

бөлім басшыларына және кент, ауылдық округі әкімдеріне

ресми табысталды.

Сонымен қатар, есепті жылдың 28 шілде – 6 тамыз

аралығында  «Шенеунік  және  кәсіпкер»  акциясы  аясында

«Шағын  бизнеске  арналған  100  жоба»  кітабын  аудан

көлеміндегі  кент,  ауылдық  округ  тұрғындары  мен

кәсіпкерлері  арасында  насихаттаудан  бастау  алып,  аудан

көлемінде кәсіпкерлігін бастаушыларға да ұсынылуда.

«Шағын бизнеске 100 жоба» кітабына кәсіпкерлер

мен аудан тұрғындары арасынды қызығушылық танытуда.

Қызығушылық танытқан кәсіпкерлер мүмкіндіктері

мен  қабілеттеріне  қарай,  арасынан  өздеріне  айналысатын

кәсіпкерлік бағыттарын анықтап ойларын білдіруде.

Нақты тоқталатын болсақ, оқулықпен танысушылар

құрылыс материалдарын оның ішінде, газабетон, пена бетон,

шеге шығару,  сонымен қатар, тері илеп, тері бұйымдарын

әзірлеу, тігін цехын ашу, ауылшаруашылық саласы бойынша

мал бордақылау, дәнді дақылдар егу бағыттары бойынша өз

ойларын ұсынуда.

Бүгінгі таңға,

Шиелі ауданындағы

кәсіпкерлік  пала-

тасы жеке кәсіпкер

Т.Баймағамбетоваға

газабетон мен пена

бетон  құрылыс  ма-

териалын  шығару

үшін жобалық құны

30 


млн 

теңге


құрайтын, алғашқы

тегін  бизнес  жоспарын  жасап    берді.  Осы  бағытта  жеке

кәсіпкер меншігіндегі ғимараттарын тәуелсіз сарапшыларға

бағалатып, кепілге ғимараттарын ұсынып, тиісті құжаттарын

әзірлеп, облыстық «Халық» банкінің қарауына ұсынды. 

Сонымен қатар, Шиелі кентінің тұрғыны Теміров

Еркебұлан тері илеп бас киімдер тігу цехын ашуға ұсынысын

білдірді.  Осы  бағытта  «Бизнестің  жол  картасы  -  2020»

бағдарламасы аясында гранттық негізде құжат әзірлеуге па-

лата тарапынан кеңес беріліп, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту

қоры» АҚ арқылы «Бизнес кеңесші» сертификатын алу үшін

екі күндік оқуға тіркелді.

Болашақта бұл бағытағы жұмыстар белсенді түрде

жалғаса беретін болады.



Р.Нысанханов

Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының 

Шиелі ауданындағы филиал директоры

«Шағын бизнеске арналған 100 жоба» 

кітабына қызығушылық артуда

АЗЫҚ - ТҮЛІК БАҒАЛАРЫ

«Ас  адамның  арқауы»  демекші  әуелі

базардағы азық- түліктің бағасына қарайтынымыз рас.

Алған баға көңілге қонымды болса, жасалған дәмі де

тәтті болады. Оңтүстік аудандардағы 29-Тамыздағы

баға мына төмендегіше:  



5

Әлеумет

Шарайна


Сейхун

АЛҒЫСПЕНЕН ЕЛ

КӨГЕРЕДІ

Жас бала үлкенге орын бергенде үлкен адам алғыс

айтуы  керек  пе?  Мен  осымен  бірнеше  мәрте  байқадым.

Астана қаласында қоғамдық орындарда жас бала үлкенге

орын  бергенде  кейбір  кейуаналар  алғыс  айтпайды.  Әлгі

қарт адам жас балаға «Рахмет шырағым», «Өркенің өссін»

немесе «Көп жаса» деген сияқты т.б. батасын бермейді. Ке-

рісінше, «Жас баланың үлкенге орын беруі міндетті» деген-

дей пейіл танытып, орындыққа үнсіз отырып алады. Бүгін

тағы осындай жәйтке куә болып, қатты көңілім түсті. Қазақ

«Батамен ел көгерер» демеуші ме еді? Үлкеннің алғысын

естіген жас бала бұдан кейін де жақсылық жасауға жақын

тұратыны анық. 

Қарт адамнан алғыс естімеген бала, өсе келе осы-

лай болуы тиіс екен деп қалыптасуы мүмкін. Кейін ол да

өзіне жасалған жақсылық үшін алғыс айтпай өседі. Мұнан

соң  тағы  «әдептен  жұрдай»,  –  деп  жастарға  өкпелейміз.

Әлде бұл біздің қоғамдағы тәрбие деңгейінің көрсеткіші

ме? Алғыс дегеніміз, бар болғаны екі ауыз ғана сөз емес

пе?! Бұған қоса алғыс – адамдар арасындағы сүйіпеншілікті

оятады, достықты күшейтеді, жақсылық жасауға үндейді.

Қамшының сабындай ғана қысқа өмірде бір-бірімізге неге

жылы қабақ танытпасқа. Пайғамбар (с.ғ.с.) «Әт-тәбассум

фил уаджһи ахи – садақа», – деп айтқан яғни, қазақшалап

айтар  болсақ,  Сенің  басқа  адамның  жүзіне  күлімсіреп

қарауыңның өзі садақа. Сөйлеуге қиналсаңыз бар болғаны

кулімсіреп  немесе  жымиып  қарасаңыз  болды  –

қайырымдылық жасаған боласыз.



Жалғас Сандыбаев,

Астана қаласы 

Қазақ халқы ежелден тіл мен

кең  байтақ  жерге  тарихқа  бай  халық.

Тарихқа көз жүгіртсек, тарихымыздың

қатпар-қатпар болып жатқан беттерінде

бағалауға,  мақтануға  тұрарлық  құнды

ақиқаттар жетерлік. Солардың бәрін ой

елегімізден өткізіп, баға беру, қадірлеу

және  мақтан  тұту,  соның  нәтижесінде

ұлтшылдықты 

қалыптастырып,

күшейту  –  халық  мұраты  екені  ешбір

күмән туғызбаса керек. Атап айтқанда,

көшпелі 

қазақ 


өркениетін

қалыптастырған «Қасым ханның қасқа

жолы», «Есім ханның ескі жолы». Әз-

Тәукенің  «Жеті  жарғысы»  сияқты  аса

құнды құқықтық құжаттарымыз Еуропа

мемлекеттері пір тұтатын құқықтық ес-

керткіштерден  артық  болмаса,  ешбір

кем  емес.    Сонымен  қатар,  орыс

революциясының да езгісіне аз түспеді.

Алайда, 


көзі 

ашық, 


қазақ

зиялыларының арқасында тәуелсіздікке

де қол жеткіздік.

Еліміз осыдан 19 жыл бұрын

тарихи  таңдау  жасап,  бағыт-бағдарын

айқындап,  алға  қойған  мақсаттарына

жету жолында  жаңа қадам жасап, жана

Конституцияны қабылдады.  Бұл  оқиға

сол кезде қазақ халқы үшін, біздің мем-

лекетіміз үшін үлкен қуанышты жағдай

болды.  Конституцияның  қабылдануы

конституциялық құрылыстың құқықтық

негізін  қалады,  мемлекеттік  және

қоғамдық, саяси жүйенің негізгі прин-

циптерін  орнықтырды.  Адам  мен

азаматтың конституциялық мәртебесін

белгіледі. 

Атам  қазақ  ерте  кезден  «Ел

болам десең, бесігіңді түзе» деген екен.

Сол  себепті  біз,  яғни  ертеңі  мол

еліміздің,  елім  десе  елжіреп,  халқым

десе қасық қанын беретін азаматтарды,

ел  болашағы  жарқын  болуы  үшін

халықтың құқықтары мен тәлімін ең ал-

дымен жас өскелең ұрпақ — балалардан

бастағанымыз  жөн.  Өзім  мұғалім

болғандықтан,  үнемі  оқушыларыма

Конституция 

ұғымы, 

тараулары,



қабылдануы, қазіргі кездегі қолданысы

жөнінде  түсіндіре  отырып,  бүгінгі

өмірмен  байланыстыра  білім  беруім

жоспарымнан тыс қалған емес. Бұл бір

жағынан  түрлі  сұрақтар,  суреттер

арқылы  баланы  ойланта  отырып,

олардың 

көзқарасын 

танытуға

мүмкіндік жасап, сөйлеу мәдениетін же-

тілдіруге  септігі  тисе,  бір  жағынан

өзіндік көзқарасы бар ұлтжанды азамат

тәрбиелеу, 

еліміздің 

болашағына

өскелең  ұрпақтың  жауапты  екендігін

жастайынан саналарына сіңіре отырып,

Ата заңын сыйлауға, қадірлеуге, білуге,

сақталуына өз үлестерін қосуға талпы-

нады. Өз еліміздің нағыз азаматтарын

қалыптастыру – біздің басты міндетіміз.

Мұсаева Жадыра Рахманбердіқызы,

№244 Ы.Жақаев атындағы

Мектептің бастауыш сынып мұғалімі

ҰЛТЖАНДЫ АЗАМАТ ТӘРБИЛЕУ - БІЗДІҢ БАСТЫ

МІНДЕТІМІЗ

Парақорлық пен жемқорлық бүгін туған кесел емес.

Адам¬зат¬пен бірге жасасып келе жатқан ауру. Бірақ оның

жағдайы әртүрлі қоғамда әрқалай.     

Бүгінгі  таңда  сыбайлас  жемқорлықпен  күрес

барлық мемлекеттік органдар алдындағы басты міндеттің

бірі болып отыр. Қылмыстың бұл түрінің қоғамымыздың

барлық  саласына  тамыр  жайып  кеткені  жасырын  емес.

Өкінішке қарай, ол білім беру, медицина сияқты ізгілікті діт-

теген салалардан бастап құқық қорғау органдарына дейін

бой  көрсетіп  жүр.  Қазақ  жерінде,  әсіресе,  патшалық

отаршылық ғасырларда бұл індет өте терең етек алды.    

Тамыры терең тарихымыздан патшалық биліктің

қазақ  жерін  билеп-төстегенін,  қазақ  дала¬сының

атқамінерлерін  пара  арқылы  отарлаушы  шенеуніктерге

қаншалықты тәуелді қылғанын білеміз.

Бұл – өткен ғасыр. Өткен заман. Бүгінгі мынау жаңа дәуірде

жаңа  тәуелсіз  мемлекет  болған  шағымызда  сол  отарлық

кезеңнің ең сорақы қы-лықтарынан құтыла алмай жүр¬ге-

німіз әрине қынжылтады. 

Парақорлық 

пен 


сыбайлас 

жемқорлықты

туғы¬за¬тын да, қоғамда жүргізетін де, оған жол беретін де

әртүрлі  лауа¬зымдағы  мемлекеттік  қызмет¬кер¬лердің

жауапсыздығы, көп жағ¬дайда мемлекет ісінен гөрі өз жеке

басының қамын басымы¬рақ ойлаушылығы. 

Әрбір азамат өз қолында ештеңе жоқ болғанда да,

немесе  ол  отандасымыз  белгілі  бір  лауазымды  қызметке

көтеріліп,  мемлекеттік  қызметкер,  яки  ақшалы,  ауқатты

іскер  бизнес  иесі  болса  да  өзінің  рухани  тазалығы  мен

қоғамдық  жауапкершілікті  санасымен  сезініп,  еңбек  ете

алса – қоғам, ел іші әлдеқайда таза болар еді. 

Дана халқымыздың ежелден басқаға ұқсамайтын

өзіне  ғана  тән,  ұлттық  мінез-құлқы  менталитеті

қалыптасқан. Халқымыз әділдікті, туралықты – «тура биде

туған жоқ», «қара қылды қақ жарған» - деп баға берген.

Сондай-ақ  қасиетті  дінімізде  де  өсімқорлық,  біреудің

ақысын жеу, мемлекет қаражатын тонау үлкен күналарға

жатқызылған.

Елбасымыз  «Қазақстан  -  2050»  Стратегиясы  –

қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолда-

уында  мемлекет  пен  қоғам  жемқорлыққа  қарсы  күресте

тұтас бір күшке айналу керектігі  жөнінде айтып өткен еді.

Мемлекетті  халық  құрайды,  халық  болмаса  мемлекет  де

болмайды. Ал халық биліктің мемлекетті адал басқарып,

халқының қамын жеп, елінің ертеңін ойлағанын қалайды. 

Құқықтық мемлекет ретінде енді қалыптасып келе

жатқан мемлекетімізге жемқорлықтың тигізер залалы ора-

сан  зор.  Қазақ  халқы  елінің  ертеңін  ойлап,  ұрпағының

болашағы  үшін  қам  жеген.  Сондықтан  жарқын

болашағымыз бен ұрпағымыздың несібесі үшін қоғамның

әр тұсынан бой көтеріп қоятын жемқорлықтың өріс алуына

халықтың өзі мұрындық болмай саналы түрде қарсы тұрса

игі болар еді.



Керделі ауылдық округі

әкімінің аппараты

ЖЕМҚОРЛЫҚ - ҚОҒАМ

ДЕРТІ

Қыз  баласы  өмірге  ана  болып  жаралғандықтан,

жарық өмірге бір нәресте әкелуге міндетті. Бірақ оны аңғарып

жатқан жан барма. Әркім өз бас қайғысымен әуре. Жарық

ғұмырдың тамашасына қанық болып, әр баланың қызығын

күткеннің  өзі  ғажап  емес  пе.  Қылығы  тәтті  балғын  бала

шақтың өз кезеңімен, өз өмірге құштарлығын оятар шақтары

бар. Өмірде ең бақытты шақтардың бірі ана атану. Өмірінің

мәнді  жалғасы  болатын  ұрпағына  барлық  мейірімімен,

сүйіспеншілігінің  мәңгілік  сәулесін  шашпақ.  Сол  секілді

Шиелі  ауданы,  Ақтоған  ауылдық  округінің  тұрғылықты

тұрғынының  бірі  бар  жылуын  өз  балаларына  ғана  шашып

қоймай  өзге  балалардың  да  жан  дүниесін  түсіне  білетін,

балаға деген ұғымы мол жанашырлықпенен ынтазарлығы ора-

сан зор, әрі кәсіпкер жан Баян Нәлібаева апамыз. Өзі негізінен

осынау құлпырған жарық әлемге қызғалдақтай төрт қызбен

өз істеріне үлкен жауапкершілікпен қарайтын үш ұлдың анасы

атанған.  Ләззат  Қалекеева  «Жадыра»  балабақшасында

әдіскерлік қызмет атқаруда. Мөлдір Қалекеева  №15 гимна-

зияда  математика  пәнінен  шәкірттеріне  берер  өнегесі  мол

үлгілі  ұстаз.  Райхан  Қалекеева  қазіргі  уақытта  Алматы

қаласында ақ халатты абзал жанның бірі ретінде неврапотолог

болып еңбек етуде. Нартас Қалекеев өз ісін дөңгелеткен, жеке

кәсіпкер.  Жанболат  Қасымов  ауылда  шаруашылық

меңгерушісі.  Жантас  Қасымов  биылғы  түлек  болып  отыр,

қоғамдық істерде белсенді болғандықтан Астанада облыстық

делегат мүшесі. Болашақта өмірге деген нық сенімі мол асқақ

жігіт  журналистика  мамандығын  таңдаған.  Жастығына

қарамастан  әлемнің  түрлі  жаңалықтарын  ашып,  халықты

көбіне тек жақсы жаңалықпен қуантқысы келетінінде айтты.

Ал  кенже  қызы  Несібелі  Қасымова  №155  Д.Шыныбеков

атындағы мектептің 9-сыныбының үздік оқушысы Алтынға

үміткер. 

Баян  апай  өз  алдына  кәсіп  ашып  «Балапан»

бағдарламасы бойынша 17 адамды жұмыспен қамтып отыр

және 60 баланы қабылдап отыр. Оған қоса балабақшада 10 ба-

ланы  тегін  қабылдап  қамқорлық  істер  жасауда.  Әйелдер

кеңесінің  төрайыма  болып  28  жыл  қажырлы  еңбек  етті.

Облыс,  аудан  әкімдерінің  қолынан  бірнеше  мәрте

марапатталған.  ҚР  президенті  Н.Назарбаевтан  алған

көпбалалы  ана  «Алтын  алқа»  иегері.  Қосымша  басқа  да

жұмыстар атқарып, әкімшіліктің көптеген қоғамдық ісіне ара-

ласып, демеушілікте жасап келеді. Жұбайы Қалекеев Ина-

ятхан Қасымұлыда елге сыйлы, халқы құрмет тұтқан зиялы

азаматтардың бірі. Ақтоған ауылдық округінің №155 мекте-

бінде 25 жыл мұғалімдік қызмет еткен. Екеулеп өмірдің бар

қиындығын жеңеміз деген мақсатта жүріп біраз армандарға

жеттік деп күлімсірейді Баян апа. Қуанышты жүзінен барлық

жағдайын ұғуға да болатын секілді. Баланы ұрып тәрбиелей

алмайсын, оның орнына еркелік сөздерді көбірек айтып жылы

сөзбен алдандырған жағдайда бала сол еркеліктің күшімен

үлкеннің сөзіне қалай ерік бергенін өзі де аңғармай қалады.

Бала тәрбиесіне жылы сөздер аса маңызды және ересек адам-

дардай ой өрісі ерте дамып, үлкен өмірге тез дағдыланады.

Бала үшін ананың айтқан әрбір сөзі есте сақталып, санасына

сіңіреді. Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада болса

да, туған анадан ешкім асып кете алмайды. Себебі ананың аты

жүрекке үлкен әріптермен қашалып жазылған.

Ерінбеген адам мұратына жетеді деген ұстанымды

мақсат еткен Баян апа өз ісіне деген қызығушылықпен алға

тартудан ешқашан жалыққан емеспін дейді. Яғни көңіліне

қонымды әрі жанына жайлы. Демек, әр жұмыстың маманы

болған асыл және аяулы ана. «Береке» балабақшасын әлі де

кеңейтіп бала саны жағынан да көбейтемін деген жоспарлары

бар секілді. Алға қойған әр мақсатының кезек-кезегімен орын-

далатыны айқын тәрізді. Себебі апамыздың көзінен ерік жі-

герлігі  байқалып отырды. Балаларды ер жеткізіп, әрқайсысын

бір-бір маман иесі қылудың өзі екінің бірінің қолынан келе

бермейтін жағдай. Оның өзі бір арманның орындалғандығы

емес пе. Баян апамызға айтарымыз елге белгілі беделіңізден

ешқашан  ажырамай,  сол  адал  еңбегіңіздің  жемісіне  қанық

болып  жүзіңізден  ешқашан  күлкі  кетпесін.  Ерінбей  аялап

өсірген балаларыңыздың қуанышына әркез бөленіп, тәуелсіз

бейбіт  елімізде,  еліне  жанашыр  азаматтарын  тәрбиелей

беріңіз.   



1   2   3


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал