№34 (47) 29 Тамыз 2014 жыл



жүктеу 308.98 Kb.

бет1/3
Дата26.01.2017
өлшемі308.98 Kb.
  1   2   3

№34 (47)

29 Тамыз

2014 жыл

Электронды почтасы:

Sharayna-

seykhun@mail.ru

Шарайна

Сейхун


Облыстық апталық басылым

«Қазақстан-2050»

Қ а з а қ с т а н н ы ң

агроөнеркәсіп 

кешенін

инновациялық 

бағытқа 

түсіру

маңызды. Бұл – біздің дәстүрлі сала-

мыз. Азық-түлікке деген қажеттілік

арта береді. Бұл секторға инвестиция

көбірек 

салынады. 

Сондықтан

бүгінгі  фермерлер  тек  уақытша  әрі

ауа  райына  байланысты  кездейсоқ

жетістіктерді  малданып  қалмай,

өндірістің  өсімі  жөнінде  ойлануға

тиіс. 

Жаһандық 

ауыл

шаруашылығы өндірісінде бәсеке өсе

беретін  болады.  Жермен  жұмыс  іс-

тейтіндер, ең алдымен, жаңа техно-

логияларды  енгізіп,  өнімділікті

үздіксіз  арттыратындар,  жұмысын

әлемдік 

стандарттар 

негізінде

жүргізетіндер болуы керек

Қ.Р. Президенті Н. Назарбаевтың 

халыққа Жолдауынан

ТҰЛҒА

Қазақстанның халық әртісі, әнші

Елебеков Жүсіпбектің туғанына 110

жыл (1904-1977)

Жүсіпбек  Елебеков  Өнерлі

өңірде  дүниеге  келіп,  жастайынан

соған 


ынтықтығын 

танытқан,

Ж.Балғабайұлынан тәлім алған Ж. Еле-

беков  есейе келе Ғ. Айтбаев, ҚҚ.Бай-

жанов, 

Ә.Қашаубаев, 



И.Байзақов

секілді  өнер  дүлділдеріне  ілесіп,

әншілік  өнерін  ұстарта    түсті.    Қазақ

драма театрында, Қазақ филармония-

сында,    «Қазақконцерт»  бірлістігінде

актёрлық, 

әншілік 

қасиеттерімен

халыққа  кеңінен  мәлім  болды. Ұлы

Отан  соғысы    кезінде  Рамазан

Елебаевтың  атақты  «Жас  қазағым»

майдангер  композитордың өз аузынан

үйреніп келіп,  бүкіл елге  таратқан да

Жүсекең.  Оның  орындауында    Абай,

Ақан сері, Біржан сал, Жаяу Мұса, Ба-

луан  Шолақ  әндері    жаңа    өмірге  ие

болды.    1967  жылдан    бастап  кәзір

өзінің есімімен аталатын этрада-цирк

студиясында    ұстаздық  етіп,  М.Еше-

кеев,  Қ.Байбосынов,  Ж.Кәрменов  се-

кілді, т.б. өнер шеберлерін тәрбиеледі. 

АТА ЗАҢЫМ- АЙБАРЫМ,

БӨЛЕГЕН НҰРҒА БАЙТАҒЫН!

Сан  ғасыр  бойы  ел  егемендігін  арман  еткен  ата-

бабаларымыздың үміті ақталып, өткен ғасырдың 90-жылда-

рында қазақ елі көк байрағын желбіретіп тәуелсіздігін күллі 

әлемге паш етті. 

Сол күннен бастап Қазақстан халқы жаңа даму жо-

лына түсті, жыл санап келешегі кемел елге айналды. Елдің ай-

бары, асыл мұрасының діңгегі - еліміздің Ата Заңы. 

Иә, қоғамның өркендеуіне қарқын қосып, Қазақстан

халқының бірлігіне жол бастаған Ата Заңда

бекітілген 

республикамыздың 

тұғырлы

қағидаттары бүгінде өз өміршеңдігін дәлелдеп



отыр. Ата Заңның негiзгi бөлiгiнде (I — VIII

бөлiмдер) 

азаматтардың 

құқықтары,

бостандықтары  мен  мiндеттерi  туралы,

конституциялық құрылыс жайлы, мемлекеттік

нысандар жөнiнде, мемлекеттік буындардың

жүйесi  мен  мәртебесi  туралы  (Президент,

Парламент, Үкiмет; Конституциялық Кеңес,

соттар,  және  сот  төрелiгi,  жергiлiктi  мемл.

басқару және өзiн-өзi басқару туралы) норма-

лар тұжырымдалған. Яғни. Ата заң ҚР-нда де-

мократиялы,  зайырлы,  құқықтық  және

әлеуметтік 

 

мемлекет 



құрудың

конституциялық 

негiзiн 

қалады.


Қазақстанның  халықаралық  қоғамдастықта

лайықты орын алып, биік белеске көтерілгені

осының  айғағы.  Әрбір  қазақстандық  келе-

шекке  керуен  тартқан  мемлекетіміздің

тұрақты  дамуының  кепілі  Конституцияның

мемлекет  пен  қоғам  үшін  ғана  емес,  өзінің

жеке басы мен отбасы үшін де маңыздылығын

терең сезінеді. Осыған орай 1995 жылы жаңа

Конституция қабылданды. Осы күн Қазақстан

Республикасының Конституциясы күні болып

белгіленді. 

Еліміздің Ата Заңы жүздеген жылдар бойы

қалыптасқан  адамзат  баласының  жалпы

құндылықтарын өз бойына сіңірді. Конститу-

циямызда адамдардың табиғи құқықтары мен

бостандықтары, 

билік 

институттарын



демократиялық жолмен қалыптастыру және

дамыту,  Қазақстан  аумағында  азаматтық

қоғам құру туралы дүниежүзі таныған прогрессивті идеялар

бекітілді.  Ол  елімізде  сан  алуан  идеологиялық,  сенімдік,

ұлттық, азаматтық ұжымдар мен топтардың бірлесіп бейбіт

өмір сүруін қамтамасыз етуге бағытталған. Конституциямызда

бекітілген  нормалар  Қазақстан  Республикасын  гүлдендіру

мақсатында  еліміздің  барлық  азаматтарының  бірлесіп,  бір

жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып қызмет етулері үшін

жағдайлар жасайды. Ата заңымыз- айбарымыз!

Қызылорда облысы еліміздегі даму қарқыны жоғары

саналатын  аймақтарының  қатарында.  Әлеуметтік  және

экономикалық жағдайы арта түскен сыр өңірі бұл күндері Ел-

басы  атап  көрсеткен  бағдарламаларды  орындау  жолында

айрықша ұйымшылдық көрсетіп келеді. Бұл орайда облыс әкімі

қырымбек Көшербаевтың; «Біз Елбасының «Сыр – Алаштың

анасы» деген қанатты сөзімен шын мәнінде мақтанамыз. Ұлт

Көшбасшысының    соңғы  кезде  жиі  айтып  жүрген

«Мәңгілік Ел», «Қазақ Елі» деген идеяларына қазақтың

қаймағы  бұзылмаған  Сыр  елі  ерекше  қолдау  көрсетуі

қажет деп есептеймін. Тіл, діл, дін тағы да басқа рухани

мәселелеріне келгенде біз алты алашқа үлгі әрі ұйытқы бо-

луымыз керек деп есептеймін», деп атап көрсеткені 

жерлестеріне үлкен сенімділік туғызғандығы нақты істің

көірінісіне айналды десек артық айтқандық емес.  

*    Қызылордада  әлеуметтік  салаға  бөлінетін

қаржы еселеп өсуде

Әлеуметтік қорғауды, білім беру және денсаулық сақтау

салаларын дамытуды қызылордалықтар алдыңғы орынға

қояды. Мәселен, облыстың әлеуметтік дамуына биылғы

жылы 122 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұл 2012

жылмен  салыстырғанда  35  пайызға,  2013  жылмен

салыстырғанда 20 пайызға артық.

Қызылордалық тұрғындардың табысы артты

Тұрғындар табысының өсуі (7,7 пайызға дейін), бөлшек

тауар айналымының 25 пайызға дерлік өсуі, екінші деңгейдегі

банктердегі  тұрғындар  салымының  артуы  (жан  басына

шаққанда  21  пайызға)  қызылордалықтардың  әл-ауқаты

жақсарғанын  көрсетеді.  Бастысы,  теңгенің  құнсыздануына

байланысты  орын  алған  процестерге  қарамай,  негізгі  азық-

түлік тауарлары түрлерінің бағасын республиканың көптеген

өңірлеріндегі деңгейден төмен деңгейде сақталып тұр.

А

Н



О

Н

С



7 бет.

Түрлі жарнама-

лар

жарияланады.



Таралымы: 

Қызылорда

қаласы,

Шиелі, Жаңақорған 



аудандары. 

Кімге? Не қажет?!

А

Н

О



Н

С

СЫР - АЛАШТЫҢ АНАСЫ



2

«Қазақстан -2050»

Шарайна


Сейхун

«Ақбұлақ» бағдарламасы

Су  –  тіршілік  көзі.  Әсіресе,  адам

баласы үшін ауыз судың алар орны ерекше.

Осы жайтты мықтап ескерген Мемлекет бас-

шысы Н.Назарбаевтың тікелей ба-

стамасымен  елімізде  халықты

сапалы ауызсумен қамтамасыз ету

мақсатында  кешенді  шаралар

жүзеге асырылып келеді. Осы мақсатта  2010

жылға дейін дейін Қазақстанда іске асыры-

лып келген «Ауызсу»  бағдарламасының ор-

нына “Ақбұлақ” бағдарламасы қабылданған

болатын.  

«Ақбұлақтың»  алғашқы  жобадан

айрықша  өзгешеліктері  бар.  Бұл  алдымен

сумен  жабдықтайтын  жаңа  нысандар  салу

мен қолданыстағыларын қайта жаңарту ке-

зінде жүйелілік әдісті енгізу, оның тиімділі-

гін арттыру, су шаруашылығы секторының

инвестициялық 

тартымдылығын 

және


жабдықтау  нысандарын  қаржыландыруға

жеке капиталды барынша тарту мәселелерін

қамтиды. Бағдарламаның негізгі мақсаты –

халықты қажетті мөлшердегі және сапасына

кепілдік берілетін ауызсумен қамтамасыз ету.

Енді жоба жасамастан бұрын, алдымен елді

мекеннің  жағдайы  толық  зерттеледі.

Анықталған жерасты су қоры болу және жо-

бада ауызсуды үйге дейін қосу қаралатыны,

республикалық  бюджеттен  басталатын  кез

келген жобаның жергілікті бюджеттен қоса

қаржыландырылуы 

— 

 

«Ақбұлақ»



бағдарламасы ерекшеліктерінің бірі.

2011-2020  жылдарға  арналған

бағдарлама аясында облыста көптеген шара-

лар  жүзеге  асырылды.    2011  жылы

«Ақбұлақ»  салалық  бағдарламасын  жүзеге

асыру  үшін  барлық  қаржы  көздерінен  9

млрд.  тенгеден  астам  қаржы  бөліндi.  Бұл

2010  жылмен  салыстырғанда  45  пайызға

артық. Бұл қаржыға Арал-Сарыбұлақ топтық

су  құбырының  5-кезеңінің  құрылысы

(Бозкөл,  Лахалы,  Отгон,  Тасарық,  Каукей)

аяқталды.  Қызылорда  қаласының  ауыз  су

және  кәріз  жүйелерін  қайта  жаңғырту

жұмыстары және Шиелі ауданындағы Жи-

делі  топтық  су  құбыры  тармақтарының

құрылысы 

жалғастырылды. 

Бұл


жұмыстардан  басқа,  Қазалы  қаласы  мен

Әйтеке би кентінің ішкі жүйелерін жаңғырту

жұмыстары басталып, Қармақшы ауданының

Жосалы  кенті,  Ақжар,  Ақтөбе  ауылдары,

Сырдария ауданының Тоқмағамбетов ауылы

және Жалағаш, Тасбөгет, Белкөл кенттерінің

ішкі  жүйелерін  жаңғырту  жұмыстары

аяқталып, пайдалануға берілді.

2012 жылы Қызылорда облысының

ауыз су жүйесін дамытуға республикалық 

бюджеттен барлығы – 6,4 млрд.теңге бөлінді.

Бұның  ішінде  тікелей  Су  ресурстары

комитетінің қаржыландыруымен топтық су

құбырларының 

құрылысына 

– 

2,25



млрд.теңге, облысқа трансферт есебінде бе-

ріліп  отырған  қаржы  4,19  млрд.теңге

бөлінген. 

Бұл 


қаржыға 

Қармақшы


ауданының  Ақжар,  Ақтөбе  ауылдары,

Жалағаш ауданының Жалағаш кенті, Сырда-

рия ауданының Тоқмағамбетов ауылы, Шиелі

ауданының Еңбекші, Ақмая, Бекежанов, Бес-

там,  Жақаев  және  21-бекет,  Жансейіт,

Ортақшыл, Қодаманов ауылдарының серви-

стік  жүйелері  және  Арал  ауданының

Жақсықылыш  кентінің  ішкі  жүйелерінің

құрылысын салу аяқталып, пайдалануға бе-

рілді.


2013  жыл  үшін  барлық  қаржы

көздерінен 7,5 млрд. теңге бөлінген болатын.

Жалпы, облыста кәріз жүйесі тек Қызылорда

қаласы  мен  Қазалы  ауданының  Әйтеке  би

кентінде  ғана  бар.  Себебі  бұған  дейінгі

«Ауызсу» бағдарламасы бойынша ауылдық

елді  мекендердің  кәріз  жүйесін  салу

бағдарламада  қаралмаған.  Дегенмен,  2010

жылдан  бастап  Сырдария  ауданының

орталығы Тереңөзек кентіне сметалық құны

1,1 млрд. теңге болатын ауызсу және кәріз

жүйелерін салу жобасы қаржыландырылып

отырады.  Жыл  аяғына  дейін  құрылысы

аяқталады деп жоспарланып отыр. Биылғы

жылы  облыстық  бюджеттен  Әйтеке  би

кентінің кәріз жүйесін жаңарту және кеңейту

жобасын жасауға 286 млн теңге Шиелі кен-

тіне 81 млн теңге қаржы бөлінді. Сондай-ақ

Қызылорда 

қаласындағы 

қуаттылығы

тәулігіне 70 мың текше метр болатын кәріз

суын  тазарту  стансасын  модернизациялау

жобасын әзірлеуге 150 млн теңге бөлініп, жо-

балар  дайындалды.  Облыстық  бюджеттен

Әйтеке  би  кенті  кәріз  жүйесін  жаңғырту

және кеңейтуге жоба жасауға 286 млн теңге

және  Шиелі  кентіне  81  млн  теңге  қаржы

бөлінді. Сондай-ақ Қызылорда қаласындағы

қуаттылығы тәулігіне 70,0 мың текше метр

болатын кәріз-су тазарту стансасын модер-

низациялау  жобасын  әзірлеуге  150,0  млн

теңге  бөлініп,  тиісті  жобаларға  жоба-

сметалық құжаттар әзірленді.

Рас,  халықты  сапалы  ауыз  сумен

қамтамасыз етуді жүзеге асыруда ҚР Үкіметі

қабылдаған  2011-2020  жылдарға  арналған

"Ақбұлақ” бағдарламасының көп септігі тиіп

отыр. Осы бағдарлама шеңберінде әрі облыс

басшысының  іс-қимыл  жоспарына  сәйкес

өткен жылы кең көлемді жұмыстар жүзеге

асырылды.  Атап  айтқанда,  өткен  жыл

қорытындысы  бойынша  263  ауылдық  елді

мекеннің  72  пайызы  орталықтандырылған

ауыз су жүйесіне қосылды. 2012 жылы бұл

көрсеткіш 178 ауылдық елді мекен немесе 68

пайыз  болған  еді.  Соның  ішінде  былтыр

Қызылорда  қаласы  мен  Арал,  Қазалы,

Жалағаш,  Жаңақорған  және  Сырдария

аудандарының 16 елді мекеніне таза ауыз су

жеткізілді. 

Сондай-ақ, 

"Ақбұлақ”

бағдарламасын  жүзеге  асыру  нәтижесінде

Арал ауданының ашық су көздерін пайдала-

нып  келген  Райым,  Құмбазар,  Ақшатау,

Ескіұра,  Қызылжар,  Шөмішкөл,  Үкілісай,

Бекбауыл секілді  сегіз елді мекені "Арал-

Сарыбұлақ” топтық су құбырына қосылды.

Соның  нәтижесінде  бір  жыл  ішінде  45

мыңнан астам халық тұратын 24 елді мекен

тұрғындарын  таза  ауыз  сумен  қамтамасыз

етуге қол жеткізілді.

Жалпы 


бүгінде 

аймақ


тұрғындарының  94  пайызы  таза  ауыз  су

жүйесін пайдалануда. Айта кету керек, осы

жұмысты жалғастыру үшін республикалық

бюджеттен 4 млрд. теңге қаржы бөлінді. Бұл

қаржыға облыстың барлық аудандарындағы

20 жоба іске асырылатын болады. Сондай-ақ,

облыстық  бюджет  есебінен  28  жоба  да

жүзеге асырылады.

Соның 

ішінде 


Қазалы 

мен


Қармақшы  аудандарының  орталықтарын

үздіксіз ауыз сумен қамтамасыз ету ісі қолға

алынады.  Дәл  осы  орайда  аймақ  басшысы

өзінің баяндамасында Әйтеке би кентіндегі

30 мың халыққа есептелген су қоймасынан

22  елді  мекенге  ауыз  су  беріліп  тұрғанын,

бірақ,  үш  күнге  деп  есептелген  судың  бір

тәулікте таусылып қалатынын айтқан. Жо-

салы  кентіндегі  жағдай  да  осындай.

Сондықтан да осы екі ауданнан қосымша су

резервуарларын  салу  қажеттігін,  ол  үшін

қажетті қаражатты республикалық бюджет-

тен қарастырылатынын жеткізген. Сонымен

қатар, биыл «Талап-Сырдария» және «Жи-

делі»  топтық  су  торабын  қайта  жөндеу

құрылысының  жобасына  республикалық

бюджеттен 2,5 млрд. теңге қаржы бөлінген.

Осы қаржы есебінен алдағы уақытта 57 мың

тұрғынды таза ауыз сумен қамтамасыз етуге

жол ашылатын болады.

2014-2016-жылдары  Жаңақорған

ауданында  Талап-Сырдария  топтық  су

құбырының құрылысы жоспарлануда, оған,

халық саны 37 мың адамнан асатын 28 елді

мекен  қосылады.  Жиделі  топтық  су

құбырына Шиелі ауданының 8 елді мекені

(Досбол  би,  Алмалы,  Тәжібаев,  Бала  би,

Жөлек,  Байкеқұм,  Бидайкөл,  Алғабас)

қосылады.  Қызылжармадағы  (Қызылорда

қаласы) іздеу-барлау жұмыстары бойынша

85  скважинаны  бұрғылау

аяқталады.

Шиелі ауданы жұртшылығын

таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында

Жиделі топтық су құбырына қосылғанымен,

кейбір елді мекендерге ауыз су жетіспеуші-

лігін  болдырмау  жұмыстары  жүргізілуде.

Осыған орай «Ақбұлақ» бағдарламасы негі-

зінде ауыл тұрғындарын таза, сапалы ауыз

сумен қамтамасыз ету мақсатында облыстық

бюджеттен бөлінген 24 млн. 074 мың теңгеге

ШЖҚ  «Шиелі  су  құбырлары»  аудандық

КМК теңгеріміне 4 дана азықтық сұйықтық

тасымалдайтын «Газ 3309» автокөліктері бе-

рілді. Атап айтқанда бұл көліктер  Сұлутөбе,

Бала би, Досбол би, және Алғабас ауылда-

рына арналды.

Облыс  тұрғындарын  сапалы  ауыз

сумен  қамтамасыз  ету  биылғы  жылы

жалғасын  тауып  отыр.  Бұл  туралы  облыс

әкімі облыстық мәслихаттың 29 сессиясында

2014 жылдың алғашқы жартыжылдығында

атқарылған жұмыстар жөнінде берген есе-

бінде  атап  өтті.  Аймақ  басшысы  атап

өткеніндей,  ағымдағы  жылы  “Ақбұлақ”

бағдарламасы бойынша республикалық бюд-

жеттен 8 млрд. теңге қаржы алынды. 21 жо-

баны  жүзеге  асыру  жұмыстары  жүргізіліп

жатыр.  Олардың  10-ы  биыл  аяқталады.

Бұлардың қатарында Қазалы (Байқожа елді

мекені),  Сырдария  (Мәлібаев  елді  мекені),

Шиелі (Жөлек, Алмалы, Тәжібаев елді ме-

кендері),  аудандары  және  Қызылорда

қаласындағы ( Ақжарма, Абай, Айнакөл елді

мекендер) жобалары бар. Осының арқасында

10,5  мың  адам  тұратын  8  елді  мекен

тұрғындары таза ауыз сумен қамтамасыз еті-

леді. 


Сондай-ақ облыс орталығын сумен

жабдықтау және суды сырқа шығару жүйесін

жаңғырту  бойынша  жұмыстар  басталды.

Қазіргі 


уақытта 

жобаның 


техника-

экономикалық  негіздемелері  әзірленуде.

“Қызылорда 

су 


жүйесін” 

автоматты

басқарылатын 

энергия 


үнемдегіш

технологияға 

көшіру 

жоспарлануда.



Үстіміздегі жылдың наурыз айында Еуропа

қайта  құру  және  даму  банкімен  қосымша

қаржыландыру  жөнінде  келісімге  қол

қойылды. Жобаның жалпы құны 15 млн. дол-

лар болса, соның 10 млн. долларын банк бе-

реді, қалғанын өзіміз табамыз. Қызылжарма

жер  асты  суы  кешенін  игеру  жөніндегі

жұмыстар  жалғасып  жатыр  Бүгінгі  күні

қаланы  сумен  қамтамасыз  ету  үшін

көзделген 85 ұңғыманың 38-і істеп тұр.    

Үш жылға есептелген бұл жұмыс

түгелдей аяқталғанда Қызылорда қаласының

тұтынушылары  толықтай  сапалы  жерасты

суын  пайдаланады.  Елбасының  тапсырма-

сына  орай  жерасты  суларын  кеңінен

пайдалануға  Қызылжарма  суқоймасының

орны ерекше.

Жанай Райсов, 

Қызылорда қаласы 



ТІРШІЛІК  НӘРІН  ЖЕТКІЗГЕН

Конституция күні қарсаңында

Қызылорда қаласында 12 мыңнан

астам бүлдіршін бір мезетте 

Мемлекеттік Гимнді орындайды

Қызылорда қаласында Конституция мерекесіне

арналған шаралар жалпыхалықтық деңгейде өткізілмекші.

Мерекеге мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндер де

атсалысуда.

29 тамыз күні қаладағы 124 балабақша, шағын

орталықта бір мезетте Мемлекеттік Гимн орындалатын бо-

лады. 


Аталмыш  шараға  12  мыңнан  астам  бүлдіршін

қатысады деп жоспарлануда.

Ал 30 тамыз күні қоғамдық көлік жүргізушілері

мен  кассирлері  жұмыс  күндерін  Мемлекеттік  Гимнмен

бастайтындықтарын жеткізді.

Мұнан өзге, мереке күні қаладағы барлық мекте-

птер мен балабақшаларда радиоконцерт берілетін болды

ШИЕЛІДЕ  КӘСІПКЕРЛЕР КЕҢЕСІ ӨТКІЗІЛДІ 

Тамыз айының 25 жұлдызында Шиелі ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Шиелі аудандық кәсіпкерлер

кеңесін сайлау жөнінде мәжіліс өткізілді. Мәжіліске кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша  кеңес төрағасы М.А.Әбенов,

Қызылорда 

облысының 

кәсіпкерлер

палатасының  директоры  Д.Б.  Абсаттаров,

Шиелі  ауданының  әкімі  Қ.Ә.Сәрсенбаев,

Шиелі  ауданының  кәсіпкерлер  палатасының

директоры  Р.К.Нысанханов  және  бірнеше

мекемелердің қызметкерлері қатысты. 

Мәжіліс 


Қызылорда 

облысының

кәсіпкерлер 

палатасының 

директоры.

Д.Б.Абсаттаровтың 

төрағалық 

етуімен


өткізілді. Кеңестік мәжілісте жоғарыда аталған

лауазымды  тұоғалар  сөз  сөйлеп,  кәсіпкерлік

саласының  кәзіргі  жай-  күйін  сөз  етісті.

Соңында    Кәсіпкерлер  кеңесінің  төрағасына

жеке  кәсіпкер,  аудандық  мәслихат  депутаты

Маханбет Патима Шаймерденқызы сайланды. 



«Шарайна-Сейхун» ақпарат

3

Руханият 

Шарайна


Сейхун

Осы «Елім-ай» өлеңі мен әні Сыр

бойы,  Қаратау  бөктері  Шиелі  жерінде

туыпты. Өлең мен әнді шығарушы да белгілі

–  ол  сардар,  жырау,  сазгер  Қожаберген

Толыбайұлы. Бұл қазір кейбір зерттеушілер

тарапынан 

айтылатын 

күмәндарға

қарамастан,  ғылыми  ортада  негізінен

орныққан  пікір,  оған  дәлелдер  де  аз  емес.

Әпсана-аңыздарды айтпаған күннің өзінде,

тарихи жазбалар да біраз бар болып шықты.

Бұл  туралы  өткен  ғасырдың  сексенінші

жылдарының басында алғашқылардың бірі

болып  пікір  айтқан  әдебиет  зерттеуші

ғалымдар            М. Жармұхамедов пен Г.

Тұрсынова.  1981  жылы  «Мәдениет  және

тұрмыс»  журналының  6-санында,  содан

кейін  1983  жылы  Қазақстан  Ғылым

академиясының  М.  Әуезов  атындағы

Әдебиет  және  өнер  институты  шығарған

«Ерте  дәуірдегі  қазақ  әдебиеті»  деген

жинақта  жарияланған  мақалаларында  Г.

Тұрсынова  халықтық  «Елім-ай»  өлеңінің

авторлығы  туралы  тың  мәселе  көтерді.  М.

Әуезов  атындағы  Әдебиет  және  өнер

институтының  қолжазба  қорында  «Керей

шежіресі»  деген  қолжазба  сақтаулы  екен

(Қолжазба қоры, 766, 12-дәптер). Шежірені

жазған әйгілі сазгер-әнші, батыр Сегіз сері

Баһрамұлы Шақшақов, ол 1818 – 1854 жыл-

дар  аралығында  өмір  сүрген.  Осы

қолжазбаны академияға тапсырушы халық

әдеби қазынасын жинаушы Қаратай Биғожин

деген кісі.  

Ғалым  Г.  Тұрсынова  1983  жылы

шыққан  «Ерте  дәуірдегі  қазақ  әдебиеті»

деген жинақта осы шежіре мұраны талдаған

«Бір 


халық 

өлеңі 


хақында» 

деген


мақаласында қолжазбада «Елім-ай» өлеңін

Қожаберген  жырау,  әнін  оның  әйелі  Айша

шығарған дерек бар екендігін алға тартады.

Ал Айша Сыр бойы Шиелінің қызы болып

шықты. Ғалым бұл мақаласында ұлы зияткер

Мұхтар  Әуезовтің  «Тарихи  өлеңдердің  ав-

торлары – көбінесе сол оқиғаларды көзімен

көрген  тұстастары»  деген  тұжырымын

ұстана отырып, осы «Елім-ай» өлеңіне, оның

басқа да бірнеше нұсқасына тоқталып, тал-

дау жасайды. 

Оқиға  былай  өрбиді:  1723  жылы

Қожаберген жырау әйелі Айша екеуі қайын

жұртшылап  Сыр  бойына  Шиеліге  Бестам

деген жерге қыдырып келеді. Сыр елі Шие-

лідегі Бестам қаласы оғыз-қыпшақ заманы 

ІХ ғасырдан белгілі тарихи мекен. Бұл күнде

төбешікке  айналған,  оның  ескі  орны  қазір

Шиелі ауданының «Жиделіарық» және «Бес-

там»  ауылдарының  арасында.  Мектепте

оқып жүрген кезімізде ізденімпаз ұстазымыз,

бүгінде  марқұм  Ақтөре  Әміров  Бестамға

талай  арнайы  экскурсияға  апарып,  қиял-

ғажайып ертегідей әңгімелер айтатын. Күріш

егістігін  барған  сайын  ұлғайтқан  кеңес

заманының сексенінші жылдары басқа жер

жетпегендей,  айнала  арна  тартылып,  егіс

егілгендіктен қала орнын ыза басып, шөгіп

қалған.  Үстірт  шолып  өткендері  болмаса

Қазақстан  археологтарының  да  Бестамды

тиянақтап зерттегендері шамалы.  

Міне, 


осы 

Бестам 


жеріне

Қожаберген күйеу мен Айша қыз екі баласын

және екі атқосшысын ертіп Сібірмен шектес-

кен сонау қиыр Солтүстік Қазақ даласынан

атпен айлап жүріп, сағынып келіп, қыдырған

елін  сол  кезде  жау  басады.  Жоңғарлардың

алды  Қаратау  бөктері  –  Сыр  бойына  келіп

жетеді. Жау шабуылына төтеп бере алмаған

Кіші жүздің 12 ата Байұлы тобына жататын

есентемір, масқар, таз және 7 ру тобына кі-

ретін жағалбайлы, кердері рулары Сайрық,

Төс деген ел басшылары бастап Мұғалжар,

Еділ  –  Жайыққа  қарай  үдере  көшеді.  Бұл

мәлімет  және  Шәкәрімнің  «Қалқаман  –

Мамыр» дастаны Сыр бойын, Шиелі жерін

ол кезде қандай рулар мекендегенінен хабар

береді.  Бұл  кезде  қыпшақтардың  негізгі

бөлігі Арқада және Түркістаннан шығысқа

қарай қоныстанған еді. 

Енді  өлең  мен  әнді  шығарушы

ақын-сазгер  Қожаберген  кім  дегенге

тоқталайық.  Қожаберген  солтүстік  өңірдің

қазағы,  Орта  жүздің  керейі,  оның  ішінде

ашамайлы руынан. Қыздың бармайтын жері

жоқ деген осы-ау, сол заманның өзінде бір 

шетінен бір шетіне құс қанаты талып, тұлпар

тұяғы  тозып  жететін  қиыр  солтүстік  пен

қиыр  оңтүстік  қазақтары  айшылық  жерде

жүрсе  де  өзара  жақындасып,  құда-жекжат

болып отырыпты. 

Қожаберген  Толыбай  сыншы  ұлы

1663  жылы  қоян  жылы  қазіргі  Солтүстік

Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы

Благовешен ауылында (бұл осы жердің кейін

орыстанған  атауы)  Гүлтөбе  деген  жерде

дүниеге келіпті. Жүз жыл өмір сүріп, 1763

жылы сол Гүлтөбеде «Толыбай жалы» деген

жерде қайтыс болған. Қожаберген жыраудың

350  жылдығы  атап  өтілуіне  байланысты

биыл баспасөзде әйгілі сардар, жырау, сазгер

туралы 

ғылыми-танымдық 



зерттеу

мақалалар  басылып,  көзі  қарақты  ел-жұрт

оның  өмірбаянына  едәуір  қанығып  қалды,

сондықтан оның өмірбаянының егжей-тег-

жейіне тоқталып жатпай, жалпылай шола от-

ырып, әлі де кең айтыла қоймаған тұстарын

ғана  әңгіме  етіп,  Қожабергентануға  ене

түспекпіз.

Қожаберген бала кезінен әкесі То-

лыбай сыншының туған нағашысы Кіші жүз

Әлімұлының  төртқара  руынан  шыққан

атақты  Жалаңтөс  баһадүр  Сейітқұлұлы

ұрпақтарының,  яғни  түп  нағашыларының

қолында 


болады. 

Үргеніш, 

Бұхара,

Самарқанд медреселерінде оқиды. 



Қожаберген  жырау  өлең-жырла-

рында  өзінің  өмiрдерегін  айтып  кеткен.

«Елiм-ай» дастанында:

Адам деп өз бойына өнер жиған,

Ел-жұртым деп атайды менi имам.

Жорыққа он жетiмнен араласып,

Болғам жоқ молда, софы, қожа, ишан.

Жорықта 45 жыл ғұмырым өттi,

Орта жас ол да менi тастап кеттi.

Ит қалмақ соғысуға душар еттi,

Болмаса  ақсақалдық  кезiм  жеттi,  –  деп,

жырау өзінің 61-де екендігін де айтып өтеді.

Қожабергеннің  араб,  парсы  тілдерін  жетік

білгендігіне байланысты ол Әз Тәуке ханның

сөзі өтімді елшілерінің бірі болған. Төле, Қаз

дауысты Қазыбек, Әйтекелермен тұстас өмір

сүріп,  қанаттас  жүрген.  Оны  көршілес

Қоқан, Хиуа, Бұхара хандықтарына, парсы

еліне, түрікпенге елшілікке жіберіп отырған,

ел бітістірмек жұмысқа белсене араласқан.

Оны жыраудың алдында келтіріп кеткен да-

станынан көреміз. 

Қожаберген ордабасы болған, сол

заманда бас қолбасшыны осылай атаған. Түп

нағашысы  Жалаңтөс  баһадүр  емес  пе!

Қазақта бас қолбасшы сайланған жердің аты

Ордабасы  деп  аталған.  Мұндай  атаулар

еліміздің әр өңірінде кездеседі. Әдетте, қазақ

салтында ханды, бас уәзірді, ордабасын, төбе

биді  сайлағанда  халық  оларды  боз  биенің

сүтіне шомылдырып, шымқай ақ киім кигі-

зіп,  ақ  киізге  отырғызып,  жоғары  көтеріп,

құрмет  көрсетеді.  1688  жылдың  маусым

айында Түркістан шаһары маңында Әз Тәуке

хан  бастаған  барша  қазақ  игі  жақсылары

Қожабергенді ордабасы етіп сайлап, ақ киізге

көтергенде  оған  Орта  жүз  арғын  тобықты

Әнет би бата берген. 

Ал  Қожабергеннен  Абылай  хан,

Бөгенбай, Асқап, Ерсары, Көшек, Қабанбай,

Жәнібек, Баян, Сырым, Есет батырлар бата

алып, Бекболат, Айтбай, Едіге, Малайсары,

Қараменде, Алдабек, Әлдибек секілді билер

үлгі  өнеге  алған.  Бұхар  жырау  оны  ұстаз

тұтқан.  Түріктердің  бағзы  замандағы

заңдарынан  бастау  алып,  қазақтарда  Есім

ханның ескі жолы, Қасым ханның қасқа жо-

лына жалғасқан құқық Әз Тәуке хан тұсында

жаңа мазмұнмен толығып Ата Заң – «Жеті

Жарғыға» айналды. Соны жазған жеті би –

Төле,  Қазыбек,  Әйтеке,  Майлы  билердің

ішінде Қожаберген де болған. Жеті бидің осы

бас қосуын қазақтың тұңғыш парламенті, ал

«Жеті Жарғыны» олар қабылдап, Әз Тәуке

ханға бекітуге берген заң деуге болады. Жеті

би халық өкілі, халық пікірі, халық үні, яғни

халық кеңесі.

Жалғасы. Басы өткен санда

АҚАЙДАР ЫСЫМОВ

ҚОЖАБЕРГЕН ЖЫРАУ

және

ТАРИХ ТАҒЫЛЫМЫ




  1   2   3


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал