№34 (393) 25 қараша 2016 жыл



жүктеу 470.07 Kb.

бет1/4
Дата08.09.2017
өлшемі470.07 Kb.
  1   2   3   4

№ 34 (393) 

25 қараша 2016 жыл

ÀÐ

ÀÐ



ñòàí

ñòàí


ҚАЗАҚ ЕЛІНДЕ

№ 34 (393) 25 қараша 2016 жыл

№ 34 (393) 25 қараша 2016 жыл

E-mail: gazetaarstan@mail.ru

E-mail: gazetaarstan@mail.ru

Газет 2005 жылдан 

Газет 2005 жылдан 

бастап шығады

бастап шығады

Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет 

Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет 

ÀÐ

ÀÐ



ñòàí

ñòàí


 

   

МƏЖІЛІС 2017-2019 ЖЫЛДАРҒА 

АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ 

ТУРАЛЫ  ЗАҢ ЖОБАСЫН  МАҚҰЛДАДЫ

 

 



ҚР  Парламенті  Мəжісілінің  жалпы  отырысында 

«2017-2019  жылдарға  арналған  жалпы  сипаттағы 

трансферттердің  көлемі  туралы»  заң  жобасы 

талқыланды.  Депутаттарға  заң  жобасын  Қаржы 

жəне бюджет комитетінің мүшесі Омархан Өксікбаев 

таныстырды.            Сондай-ақ,  маңызды  отырыста 

«Республикалық  жəне  облыстық  бюджеттер, 

республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері 

арасындағы  жалпы  сипаттағы  трансферттердің 

көлемі  туралы»  заң  жобасы  да  талқыға  түсті. 

«17  қарашада  «Республикалық  жəне  облыстық 

бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, Астана 

бюджеттері  арасындағы  2017 - 2019 жылдарға 

арналған  жалпы  сипаттағы  трансферттердің 

көлемі  туралы»  заң  жобасы  ҚР  Парламентінің 

Сенатында  қаралған  болатын.  Алайда,  өзгерістер 

мен  толықтыруларға  байланысты,  республикалық 

бюджеттің 2017-2018 жылдарға арналған жобасына 

4  түзету  енгізді.  Оның  ішінде 3 түзету  Алматы 

қаласының  бюджеттік  алу  көлемін  жыл  сайын 1,8 

млрд теңгеге азайтуға байланысты.

ОЛИМПИАДА 

КОМИТЕТІНЕ 

ҚҰҚЫҚ  БЕРЕТІН  ЗАҢ  ЖОБАСЫ 

ТАНЫСТЫРЫЛДЫ 

ҚР  Мемлекеттік  хатшысы,  ҚР  Президенті 

Əкімшілігінің  басшысы,  Конституциялық  кеңес,  ҚР 

Жоғарғы  сотының  төрағалары,  Үкімет  мүшелері 

қатысуда.ҚР  Парламенті  Мəжілісінде  «ҚР  кейбір 

заңнамалық  актілеріне  дене  шынықтыру  жəне  спорт 

мəселелері  бойынша  өзгерістер  мен  толықтырулар 

енгізу туралы» заң жобасы қаралды. 

Заң  жобасын  депутаттарға  ҚР  Мəдениет  жəне 

спорт  министрінің  орынбасары  Сəкен  Мұсайбеков 

таныстырды. 

«Заң  жобасы 2008 жылғы  ҚР  Бюджеті  кодексі 

мен 2014 жылғы Қазақстанның дене шынықтыру жəне 

спорт  туралы  заңына  өзгерістер  мен  толықтырулар 

енгізуді  көздейді.  Маңызды  құжатты  дайындау 

барысында  спортта  жақсы  нəтиже  көрсетіп  жүрген 

шет мемлекеттердің нəтижелері назарға алынды. Заң 

жобасы  қабылданған  жағдайда  республикалық  жəне 

облыстық деңгейде əділ жəне тəуелсіз қаржыландыруға 

кепілдік  беретін  өзіндік  спортты  қаржыландырудың 

моделі қалыптасады», - деді министр. 

 

ЖЕР 

КОДЕКСІНІҢ 

КЕЙБІР 

НОРМАЛАРЫНА 

ЕНГІЗІЛГЕН 

МОРАТОРИЙ 2021 ЖЫЛДЫҢ СОҢЫНА   ДЕЙІН 

ҰЗАРТЫЛАДЫ

Мəжіліс  депутаттары  Жер  кодексінің  жекелеген 

нормаларының  қолданысын 2021 жылдың 31 

желтоқсанына  дейін  тоқтата  тұруды  көздейтін  заң 

жобасын  мақұлдады.  Аталмыш  заң  жобасын  халық 

қалаулыларына ҚР Премьер-министрінің орынбасары 

– ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов 

таныстырды.

«Сіздердің  талқылауларыңызға  ұсынылып  отырған 

заң  жобасы  Мемлекет  басшысының  үстіміздегі 

жылдың 18 тамызында  қабылдаған  Жарлығына 

сəйкес  енгізіліп  отыр.  Ондағы  мақсат  кезінде  Жер 

реформасына  байланысты  қабылданған  кейбір 

шешімдер  қоғамның  наразылығын  тудыруына 

байланысты  жəне  одан  туындаған  проблемаларды 

қорытындылай  келе  мораторий  жарияланды.  Осы 

жылдың 30-шы  маусымында  тиісті  заң  қабылданды. 

Сол заңда мораторийдің мерзімі келер жылдың 31-ші 

желтоқсанына дейін белгіленген», - деді басшы. 

  

ТƏУЕЛСІЗДІК  ЖЫЛДАРЫ 2 МЛН-ҒА 

ЖУЫҚ ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛДЫ

Қазақстанда  Тəуелсіздік  жылдары  аралығында 

2  млн-ға  жуық  жаңа  жұмыс  орны  құрылды. 

Кəсіпкерлікті  дамытуға  тиісті  жағдай  жасалды. 

Нəтижесінде тəуелсіздік жылдары мемлекет бюджеті 

1 100 есеге  өсті.  Жалпы  ішкі  өнімнің  үлесі 1,5 есе 

ұлғайды. Барлық қолға алынған шаралар халықтың 

əл-ауқатын жақсартуға бағытталды. Бұл туралы ҚР 

Парламенті палаталарының бірлескен отырысында  

Мəжіліс  депутаты  Нұртай  Сабильянов  мəлімдеді. 

«Ұлтымыз  үшін  тəуелсіздік – асыл  қазынамыз. 

Тұтас  бір  халықтың  тағдыры  сыналған  шешуші 

сəтте  ҚР  Тұңғыш  президенті  Нұрсұлтан  Назарбаев 

ел тізгінін қолына алды. Ол тəуелсіздіктің туын тігіп, 

тар жолда кідірмей, тайғақта сүрінбей, жол бастады. 

Ел  мүддесін  мұрат  еткен  Елбасымыздың  еңбегінің 

арқасында  жарқырай  келген  жас  мемлекет  алға 

қадам  басты», - деді  ол.  Сонымен  қатар,  Нұртай 

Сабильянов тəуелсіздік жылдары жүргізілген қаржы 

реформаларына тоқталды.

      

      


ҰЛЫЛАР 

ҰЛЫЛАР 


    ҰЛАҒАТЫ

    ҰЛАҒАТЫ

 

 

Б



ІТЕР

 

ІСТІҢ



 

Б

ІТЕР



 

ІСТІҢ


 

БАСЫНА


,

БАСЫНА


,

ЖАҚСЫ


 

КЕЛЕР


 

ЖАҚСЫ


 

КЕЛЕР


 

ҚАСЫҢА


ҚАСЫҢА

ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚ



ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ «ТЕМІР 

ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ «ТЕМІР 

ТҰЛПАРЛАРҒА» ИЕ БОЛДЫ 

ТҰЛПАРЛАРҒА» ИЕ БОЛДЫ 

ТӘУЕЛСІЗДІК  ДЕКЛАРАЦИЯСЫ    

ТӘУЕЛСІЗДІК  ДЕКЛАРАЦИЯСЫ    

                     ҚАБЫЛДАНДЫ 

                     ҚАБЫЛДАНДЫ 

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай, облыс 

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай, облыс 

әкімі Кәрім Көкірекбаев аймақтағы полиция 

әкімі Кәрім Көкірекбаев аймақтағы полиция 

қызметкерлеріне су жаңа 83 автокөліктің кілтін 

қызметкерлеріне су жаңа 83 автокөліктің кілтін 

табыстады.

табыстады.

  Парламенттің қос 

палатасы ел үшін ерек, 

саяси мазмұны бөлек 

«Тәуелсіздігіміздің 25 

жылдығы декларациясын» 

бекітті. Құжатта Қазақ 

елінің ширек ғасырда 

жүріп өткен жолы, алған 

асулары айқындалған.  

Парламент бастауымен 

25 жыл өткен өмір 

сараланып, жүрген 

жолымыз айшықталды. 

Өткенге есеп беріп, алға 

мақсат қоюда «Тәуелсіздік 

декларациясы» 

жарияланды.

   «Қазақстан Республикасының Парламенті Қазақстан Тәуелсіздігін 

халқымыздың аса зор құндылығы ретінде бағалай отырып, Тәуелсіз 

Қазақстанды  құру  және  қалыптастыруда  ерен  еңбек  сіңірген  ҚР 

Тұңғыш  Президенті  Елбасы  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың 

стратегиялық  бағытын,  берік    ұстанымын  таныта  отырып, 

«Қазақстан-2050» стратегиясының басты мақсатына жетуді болашақ 

ұрпақ алдындағы өзінің тарихи парызы және жауапкершілігі деп сезіне 

отырып, мәңгілік ел қастерлі мекенінде жарқын келешегімізді жасауға 

ұмтыла  отырып, «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы  декаларциясын» 

қабылдайды.  Тәуелсіздіктің  ұлы  жолы  мәңгі  болуы  тиіс.  Жоғарыда 

жарияланғандарды  ескере  отырып,  елордада  Тәуелсіз  Қазақстан 

монументін тұрғызу қажет. Ел Конституциясында Тұңғыш Президент 

Елбасы  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың  біздің  мемлекетімізді 

құрудағы  бірегей  еңбегін  атап  өтуді,  Елбасының  есімін  елорданың 

және еліміздің басқа да маңызды нысандарында көрсетуді ұсынамын. 

Біздің тұтас мақсатымыз – Елбасы төңірегінде топтасып, ең қымбат 

қазыналы  Тәуелсіз  Қазақстанды  көзіміздің  қарашығындай  сақтап, 

жаңа  ұрпақтарымызға  аманаттап,  мәңгілік  ел  құныдылықтарын 

қастерлеу.  Тәуелсіздік  біздің  ең  басты  ұйыстырушы  құндылығымыз 

болған, қазір де солай және болашақта да бола бермек.» деп атап өтті  

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов. 

                  Шынында  да  талайды  тамсандырған  еліміз  көп  тағдыр 

тауқыметінен өтті. Бізді тоқтатқан небір кедергілер Тәуелсіз туымызды 

табан  асты  ете  алмады.  Қиындықтар  қайта  түлетіп,  түгелдендірді. 

Азаттық  алғалы  бір  ғана  мемлекеттік  қазынамыз 1100 есеге,  жалпы 

ішкі өніміміз 1500 есеге толықты. Ұлттың осы ұлы бақытын ұзаққа 

созуда Елбасының еңбегін ешкім жасыра алмады.

   «Сонымен, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы 

декларациясы қабылданды. Бұл еліміз үшін, соның ішінде, Парламент 

үшін  ерекше  орын  алатын  маңызды  құжат,  маңызды  шешім.  Осы 

қабылданған декларация біздің тарихымыз және болашақ ұрпағымызға 

қалдыратын  мұрамыз», - деп  атап    өтті    Мәжіліс  төрағасы  Нұрлан 

Нығматулин.  Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін 

депутаттар  бас  қаланың  атауын  өзгерту  жөнінде  өз  пікірін  білдірді.  

Депутат  Қуаныш  Сұлтанов  екі  атаудың  біреуі  болуы  мүмкін  екенін 

атап өтті. Ол – "Нұрсұлтан" немесе "Назарбаев". 

 «Біз Конституциясына Астана атауына қатысты өзгерту енгізуді 

ұсындық. Ата Заңда өзгерістер болуы мүмкін. Осы сұрақтар жөнінде 

әлі ақылдасатын боламыз. Бас қаланың атауын "Нұрсұлтан"  немесе  

"Назарбаев"  деп  атауға  болады.  Бұл  халықтың  ұсынысы.  Біз  бүгін 

декларацияда  осыны  бастама  көтердік.  Депутаттар  оны  қолдады», 

-  деді  ол.  Сонымен  қатар,  халық  қалаулысы  бұл  бастаманың 

бұрында  көтерілгендігін  айтты. «Бұл  сұрақ  осыдан 5 жыл  бұрын  ел 

Тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өткенде көтерілген болатын. Менің 

пікірімше,  Астанаға  тұңғыш  президентінің  атауын  беруге  лайықты. 

Әлемде  мұндай  тарихи  деректер  кездеседі.  Менің  ойымша,  халық 

бұған  лайық», - деді  депутат.  Сондай-ақ,  депутат  елордада  Тәуелсіз 

Қазақстан  монументін  тұрғызу  бастамасы  қаралып  жатқандығын 

мәлімдеді.

Осыған  орай  елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев  Астананың  атауын 

өзгертуге қатысты өз пікірін білдірді. 

«Мен  бұл  тақырыпқа  қатысты  көп  айттым.  Мен  барлық  жерде 

Нұрлы,  Нұрлы  деп  жазу  туралы  тапсырма  бергендей  болып  жатқан 

шығармын.  Ал  кеше  парламент  астана  атауын  менің  есіміммен 

атауды ұсынды. Мен мұндай ұсынысты ешкімге айтқан емеспін. Мен 

тағы  қайталап  айтамын:  бәріңе - біздің  парламентке,  депутаттарға, 

біздің дамуымыздың барлық деңгейін, менің рөлімді ескерген кешегі 

декларация  үшін  рахмет.  Әрине,  мен  адам  ретінде  оған  ризамын. 

Парламент өз алдына биліктің бір тармағы ретінде шешім қабылдап, 

өз ойларымен бөлісе алады. Қала, елдімекен атауларын өзгерту сияқты 

кез  келген  мәселені  біз  жан-жақты  қарастырамыз,  елге,  мемлекетке 

қажеттілігіне қарай салмақтаймыз», - деп мәлімдеді Елбасы.

Өз кезегінде бұл қоғам тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз 

ету  жолында  кірпік  қақпай  еңбек  етіп  жүрген  тәртіп  сақшылары 

үшін үлкен сый болды. Облыс әкімі жергілікті полиция қызметінің 

жұмыстары  жайлы  тоқталып,  ҚР  тұңғыш  Президенті  күні  және 

Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтады. 

-Биыл еліміздегі айтулы оқиғалардың бірі - Тәуелсіздігіміздің 25 

жылдығы.  Осы  кезеңдегі  еліміздің  тарихы  көптеген  жетістіктерге 

толы. Жыл басында облыста тәртіп сақтау мен құқық бұзушылықтар 

профилактикасын  жүзеге  асыратын  жергілікті  полиция  қызметі 

құрылғаны  белгілі.  Жаңа  құрылым  үшін  жеке  әкімшілік  ғимарат 

бөлініп,  оған  ағымды  жөндеу  жұмыстары  жүргізілді.  Осы  уақыт 

ішінде  жергілікті  полиция  қызметі  өзінің  міндеттерін  тиісті 

деңгейде  атқарып  отыр.  Ағымдағы  жылдың  он  айында  өңірде 

тіркелген  қылмыстық  құқық  бұзушылықтардың  саны 11 пайызға 

төмендеді. Сондай-ақ аса ауыр қылмыстар, қоғамдық орындардарда, 

көшелерде жасалатын және бөтеннің мүлкін ұрлау деректері азайды. 

Бұл – профилактикалық  жұмыстардың  күшейіп,  қылмыстардың 

алдын  алуда  тиімді  істердің  өз  деңгейінде  атқарылып  жатқадығын 

көрсетеді. Ол үшін бізде барлық мүмкіндіктер бар. Қылмысқа қарсы 

күрес  шараларын  жетілдіруге  жаңа  автокөліктердің  септігі  тиеді 

деген сенімдемін, - деді өңір басшысы. 

Кәрім  Көкірекбаевтың  қолынан  қызметтік  автокөліктің  кілтін 

алған  полиция  қызметкерлері  Қазақстан  Республикасына  адал 

қызмет  етуге  ант  берді.  Жаңа 83 автокөліктің 70-і  жергілікті 

полиция қызметіне берілсе, қалған 13-і жедел басқару орталығына 

табысталды.  Жаңа  автокөлікке  ие  болған  полиция  қызметкерлері 

сап түзеп, қоғамның тыныштығын күзету жолындағы жұмыстарына 

кірісті.


«Арстан»ақпарат

№ 34 (393) 

25  қараша  2016 жыл

ÀÐ

ÀÐ



ñòàí

ñòàí


8

ТІРШІЛІК


ЖИРЕН ЖАМАН ӘДЕТТЕН

Біздің мекен жайымыз:

Меншік иесі:

«АрСтан» 

мекемесi

Газет «Сенім» 

баспа орталығында 

басылды.

Тараз қаласы, 

Төле би көшесі, 

22 үй.

Мақала авторларының 

пікірлері редакцияның 

көзқарасына 

сай келе бермеуі мүмкін. 

Қолжазбаға пiкiр 

айтылмайды және авторларға 

қайтарылмайды.

Тапсырыс № 619

Таралымы 

2242

 дана

Тараз қаласы, Ы. Сүлейменов 

көшесі, 5, Баспасөз үйі.

Тілші:

Ұлжан

Айнақұлова

Тел/факс.:

 

8 (7262) 43-38-25

e-mail: gazetaarstan@

mail.ru

ÀÐ

ÀÐ



ñòàí

ñòàí


БАС РЕДАКТОР

 

Көкен ОРШАБЕКОВ

БІР СОРЫМ ТЕМЕКІ СОРЫМ 

БІР СОРЫМ ТЕМЕКІ СОРЫМ 

БОЛЫП ЖАБЫСПАСЫН

БОЛЫП ЖАБЫСПАСЫН

ҰМЫТЫЛА БАСТАҒАН ЕЖЕЛГІ 

ҰМЫТЫЛА БАСТАҒАН ЕЖЕЛГІ 

ҚАЗАҚ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІ

ҚАЗАҚ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІ

Өмір - өлеңдетіп өтіп 

шығатын даңғыл жол 

емес, ол күрес. Адам 

дүниеге шырылдап 

келгеннен - ақ ата - 

анасының қанымен, 

анасының сүтімен 

ауруға қарсы күресетін 

қасиетке ие болады. 

Ғұмырдың ұзақтығы, 

мәнділігі, сәнділігі 

тек адамның өзіне 

байланысты. Екі кісі 

кездесе қалса сөзі 

амансың ба, қалың 

қалай? - дан басталады.

ИЛЬЯ ИЛЬИН:

ИЛЬЯ ИЛЬИН:

 ӨКІНІШКЕ 

 ӨКІНІШКЕ 

ҚАРАЙ СПОРТТЫҚ МАНСАБЫМ  

ҚАРАЙ СПОРТТЫҚ МАНСАБЫМ  

АЯҚТАЛДЫ


АЯҚТАЛДЫ

 Өкінішті болса да, 

менің спорттық мансабым 

аяқталды. Енді білім алуға 

бар күшімді саламын. Орталық 

коммуникациялар қызметінде 

өткен баспасөз мәслихатында 

ауыр атлетикадан төрт дүркін 

әлем чемпионы Илья Ильин 

осылай мәлімдеді.

  БҮЛДІРШІНДЕР БОЛАШАҒЫ 

  БҮЛДІРШІНДЕР БОЛАШАҒЫ 

ЕЛІМНІҢ

ЕЛІМНІҢ


Ақсарбас  атау.  Қауіп-қатерге  ұшырағанында  «А,  Құдайым  оңдасын!  Мені  осы 

қиындықтан  құтқара  гөр!  Ақсарбас!»  деп  құдайы  атайтын  болған.  Мұндай  жағдайда 

«Ақсарбас!» деп үш рет айқайлаған. Сосын қауіп-қатерден аман қалғанында әлгі адам ауыл 

аймағын шақырып құдайы берген. Ақсарбасқа шалынатын малдар: бозқасқа (қой), көкқасқа 

(жылқы),  қызыл-қасқа  (сиыр).  Адам  ақсарбас  атағанда  қай  малын  айтса,  соны  құдайыға 

союға тиіс.

Асату.  Бұл  дәстүр  Сәбит  Мұқановтың  «Халық  мұрасы»  деген  кітабында  толық 

баяндалған.  Дастарқан  басында  ет  жеп  отырғандар  тоғая  бастағанында,  төрде  отырған 

ақсақал қалған етті қолымен қонақтарға, жас балаларға асатады. Бұрындары ауыл балалары 

ет асаймыз деп қонақ келген үйдің қасында жүретін-ді.

Ат тұлдау. Ер адам қайтыс болғанында мініп жүрген атының жал-құйрығын күзеп, 

оны бос жібереді де, өлген адамның жылында сол атты әкеліп сояды.

Аунату.  Қазақтар  үйіне  келіп  қонақ  болған,  қонып  кеткен  адамдардың  отырған, 

жатқан жеріне «баламыз осы атасына тартсын, бойына осы атасының қасиеттері қонсын» 

деп балаларын аунатып алатын болған. Елге, ағайынға сыйлы азамат кіндік қаны тамған 

туған жеріне келгенінде халық, туған-туыстары, дос жарандары оны сол жердің топырағына 

аунатып алған. Шыңғыс Айтматов үйіне Мұхатр Әуезов келгенінде, ол отырған орындыққа 

ұлын аунатып алған көрінеді.

Босаға майлау. Жастар шаңырақ құрғанында немесе біреу жаңа үй алғанында жақын 

туған-туыстары келіп жаңа үйдің босағасына май жағу салтын жасайды. Ол осы үй берекелі, 

майдай  жұғымды,  көптің  үйі  болсын  деген  ниеттен  туған.  Босағасын  майлаған  адамға 

шаңырақ иелері кәде береді.

Енші  беру. Ата-анасы баласы балалы болғаннан кейін «енді өз күндерін өздері көре 

алады» деген сенімге келіп, отау тігіп, бөлек шығарады. Сонда малынан – мал, мүлкінен – 

мүлік бөліп береді, ыдыс-аяқ сыйлайды. Оған келіннің төркінінен келген дүниесі қосылып, 

жас жұбайлар жеке шаңырақ болып шыға келеді. Мұны енші беру деп атайды. Ата-анасы 

қайтыс болса, олардың малы мен дүние-мүлкі қалған ағасы інісіне еншібас беруге тиіс.

Ерулік  беру.  Ауылға басқа жақтан бір үй көшіп келсе, бауырларының бірі туған-

туыстарына жапсарлас келіп қонса, көрші-қолаң немесе жақындары жаңа үйге «ерулік» деп 

ас пісіреді, табақ тартып, қонақасы береді. Осылайша қазақтар танысын, танымасын бір-

бірін бөтенсімей, өз ортасына тарта білген.

Жылу жинау. Бір бақытсыздыққа ұшырағанында, үй мүлкі, малынан айырылғанында 

ауыл  тұрғындары,  көрші-көлемі,  туған-туыстары  мал,  дүние,  ақшалай  көмек  көрсетеді. 

Мұны  олардың  ор  тасынан  бір  адам  ұйымдастырады.  Бұл  жәрдем – жылу  жинау  деп 

аталады. Арам жолмен шығынға ұшырағандарға жылу жиналмайды. Олар: дүние-мүлкін 

қартаға салып ұтқызып жібергендер, зинақорлыққа салғандар, ішіп құртқандар, қоғамның, 

мемлекеттің дүние-мүлкін жеп қойғандар.

Қазан шегелеу. Жақын туыс, әзіл-қалжыңы жарасқан адамдардың үйіне екі-үш адам 

бірге  барып: «Осы  үйдің  қазанын  шегелей  келдік»  дейді.  Бұл  олардың  түстеніп,  ет  жеуге 

келгендігі. Үй иесі оған әзілмен жауап қайтарып: «Жақсы болды, қазан шегелейтін адам таба 

алмай отыр едік» деп қонақжайлық танытады, әйелі ет асып қонақасы береді.

Қалау  айту.  Біреудің  жақсы  малына,  мүлкіне  көңілі  кеткен  адам  сол  үйдің  иесіне 

немесе әйеліне, баласына соған лайықты бағалы бір тарту әкеліп, әлгі дүниені, жануарды 

«менің қалауым осы» деп сұрайды. Кейде үй иесі мұндай сыйлы, жөн-жоралғысымен келген 

қонаққа өзі сөз салып: «Бұл үйден қалаған бір заттың бар ма? Қалауыңызды айтыңыз» деп 

сұрап, қалаған затын сыйлайды.

Мойнына  бұршақ  салу. Ертеде баласы жоқ адамдар мойнына көгеннің бұршағын 

салып Құдайдан перзент сұрап жалбарынған, жылаған. Мойынға бұршақты бала тілегенде 

ғана салады.

  «Бос  уақытты  белгілі  мақсатта  пайдалану 

керек.  Менің  спорттық  мансабым  өкінішті  болса 

да осымен аяқталды. Бұл есікті жауып, келесі есікті 

ашу  керек.  Алайда  келесі  кезеңге  өту  үшін  білім 

керек. Сондықтан, мен МВА-ға түсуді жөн санадым. 

Біз 2 ғасыр өмір сүрмейміз. Бар жоғы 1 ғасырға жетер жетпес уақыт пешенемізге жазылған. Сондықтан 

барлығын уақытында істеу керек», - деді әлем чемпионы.

  Осы орайда Илья Ильин алдағы жоспарларымен бөлісті. «Мен ағылшын тілін үйреніп жатырмын. 

Жақында МВА-ға түстім. Әзірше бір сабақта ғана болдым. Оқу 9 желтоқсанда басталады. Ағылшынды 

көтеруім керек. Сенбі, жексенбі күндері тағы сабақ оқимын. Менің ойымша, бұл болашақта керек. Себебі, 

алдағы уақытта мен бизнестің не екендігін білуім керек. Зілтемір көтеруден басқа да нәрселерді үйренуім 

қажет. Яғни білімсіз, тәжірибесіз өз мақсатыңа жете алмайсың», - деді танымал қазақстандық спортшы.

Естеріңізге  сала  кетейік,  ҚР  Ұлттық  Олимпиада  комитеті  Халықаралық  Олимпиада  комитетінен 

2008 және 2012 жылдардағы Олимпиада ойындарына қатысқан қазақстандық спортшы Илья Ильинге 

қатысты жаза қолданылғандығы туралы ресми хабарлама алды. Спортшының қанынан тыйым салынған 

препараттар табылған болатын.

Халықаралық  Олимпиада  комитетінің  тәртіптік  комиссиясы 2008 жылы  Бейжіңде  және 2012 

жылы Лондонда өткен Олимпиада ойындарының жеңімпазы, 94 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен 

қазақстандық  ауыр  атлет  Илья  Ильиннің  «А»  және  «В»  допинг  сынамаларының  қосымша  тексеру 

қорытындысы бойынша қазақстандық спортшыны сол Ойындардан шеттетіп, көрсеткен нәтижелерінің 

күшін жойып, жүлделерін қайтарып алу туралы шешім шығарды. Спортшыға қолданылатын жазаның 

мерзімін Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) анықтайды.

                                                                   Дәурен ЕРБОЛАТ

  Осыдан - ақ  сонау  атам  заманнан  ата - бабамыздың  денсаулыққа  баса  назар  аударғанын  білуге 

болады. Дана халқымыз: «Денсаулық - зор байлық», «Қай жерің ауырса, жаның сол жерде», «Дені саудың 

жаны - жаны  сау»  дейді.  Дегенмен  «Отыз  тістің  қадірін  қақсағанда  білерсің»  демекші,  денсаулықтың 

бағасын  ауырғанда  ғана  білесіз.  Оны  ешқандай  байлыққа  сатып  ала  алмайтыныңызды  сонда  барып 

ұғасыз. Неге олай? Қайтып келмейтін қайран тірлікті, жастық шақты өкінбейтіндей етіп өткізу керек 

емес  пе?  Алкогольмен,  есірткімен,  шылыммен  өзі  келте  ғұмырды  әрі  одан  әрі  улауға,  қысқартуға 

қалайша дәтіміз барады. Өзімізді өзіміз осындай теріс жолға қайтіп қиямыз?

  Қазыр  темекімен  әуестенушілер  қатарында  жастар  мен  жасөспірімдер  мол.  Тіпті,  ер  балалармен 

жарыса,  қыздарымыз  аузынан  түтін  будақтатып  жүр.  Шылымшыны  көпшілік  ішінен  бірден  аңғаруға 

болады. Ол  өзіне ғана емес, қасындағыларға да зиянын тигізеді. Бір сорым темекі... Бұны  тек жігіттер 

ғана  емес,  қаракөз  қыздарымызда  күнделікті    әдетке  айналдырған.  Сен  болашақ  анасың  ғой,  мұның 

дұрыс емес дегендерге де, өз ақылың өзіңе дейтіндер де баршылық.  Өз басым шылыммен бұрқырытып

күрк-күрк жөтеліп, тұрған адамды көргенде үрейленемін. Бұлай жалғаса беретін болса, жасөспірімдердің 

болашағы құрдымға кетпей ма? Темекідегі у жастардың санасының өсуіне кері әсерін тигізбей қоймайды. 

Адам  тәні  никотинді  тез  сіңіреді,  оған  тез  үйренеді, - деп  тұжырады  ғылым.  Бұл  негізінен  жүйкеге, 

асқорыту, сондай-ақ  тыныс алу және жүрек, қан тамыр жүйесіне әсер ететін ерекше у. Атеросклероз, 

гипертония, стенокардия сияқты күрделі сырқаттарға шалдыққан адамның үштен екісі шылымшылар 

болып келтіні бекерден - бекер емес. Темекі адамның жүйке, өкпе тәрізді ең жанды жерлеріне ақау салып 

та  үлгереді.  Соның  салдарынан  жүйке  жүйесі  жұқарып,  бұлшық  еттің  күші  азаяды,  жиі-жиі  ауруға 

шалдығады екен. Күніне бір қорап темекі шегетін адам 30 жыл ішінде үш жүз мың тал шылым тартады. 

Яғни, бір жарым келідей никотин жұтады.

  Адам баласына бір - ақ рет берілетін өмір - бақ, байлық, береке, денсаулық. «Ақшаға төсек сатып 

алуға  болады,  бірақ  ұйқыны  сатып  ала  алмайсыз.  Тамақ  сатып  алуға  болады,  тәбет  сатып  алмайсыз. 

Дәрі сатып алуға болады, бірақ денсаулықты сатып ала алмайсыз. Үй, кітап сатып алуға болады, бірақ 

ақыл –ойды сатып ала алмайсыз. Зергерлік заттарды сатып алуға болады, бірақ сұлулықты сатып ала 

алмайсыз.  Дінді  сатып  алғанмен,  бәле - жаладан  қорғанысты  сатып  ала  алмайсыз», - деп  Поль  Брэгг  

орынды айтқан.

 P.S: Бізге дені сау ұрпақ керек. Ата – анасы асты-үстіне түсіп, аялап отырған жасөспірімдердің 40  

пайызы ауру болса, бүтіндей халқымыздың денсаулығы туралы сөз қозғап қайтеміз? Бірінші байлық - 

денсаулық, демеуші ме едік. Темекі сияқты удан қашық болайық онда.  Ел болашақ жастарға үмітпен 

қарайды.  Әрбір  қазақ  баласының  дені  сау  болуына  өз  үлесімізді  қосып,  Қазақстанның  болашағы 

жастардың қолында екендігін ұмытпайық.

                                                                                        Ұлжан АЙНАҚҰЛОВА

ТӘРБИЕ


«Мен қазақпын, азатпын, байтақ елмін, 

Қайта тудым өмірге қайта келдім. 

Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске, 

Айта  бергім  келеді,  айта  бергім»  деп  ақындар    жырлағандай,  еліміздің  еркіндігін, 

азаттығын қанша толғанып жазсақ та артық емес. Тәуелсіздік деген тәтті ұғымның көңілімді 

қалай қуанышқа бөлейтінін  сезінсеңіз ғой! Осы бір Тәуелсіздіктің келуіне әр адамның тілегі, 

ниеті,  үлесі  бар.  Әркімнің  де  атасы,  ағасы,  бауыры  кешегі  көтерілістерде,  ашаршылық 

жылдарында, Ұлы Отан соғысында опат болды. Аңсаған армандарына жете алмай, қасірет 

жұтты.  Сол  баларымыздың  арманы - Тәуелсіздік  едеі  ғой.  Аталар  жете  алмаған  бақытты 

күнге,  міне,  біздер,  ұрпақтары  жетіп  отырмыз.  Сондықтан,  мұндай  күннің  қадірін  шын  

жүрегімізбен,  шынайы сезінгеніміз жөн дер едім. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы да мен үшін 

үлкен қуаныш.

 Қаратау қаласындағы «Азиада» балабақшасында тәрбиеші болып еңбек етемін. Еліміз 

тәуелсіздігін  алғалы  көптеген  жетістіктерге  жетудеміз.  Тәрбиеші  болу – өте  жауапты 

жұмыс. Мұны  әр күн сайын сезініп  келеміз. Күн сайын алдымызда көңілі  қардай кіршіксіз 

сәбилер  тұрады.  Олардың    сәби  кезінен  қалыптасуы,  зейінді  болуы,  жақсы    тәрбие  алуы 

біздің міндетіміз деп білемін. Менің осы мамандықпен еңбек еткеніме он  жылға жуықтады. 

Сонда да әр күн сайын жұмысымды бүгін бастағандай жауапкершілікпен келемін. Себебі, 

бала тәрбиесі ешқашан жеңіл болған емес. Бір дана кісіден екі жасар сәбиі бар ана   «Ата, 

айтыңызшы, мына сәбиімді әуел бастан дұрыс тәрбиелегім келеді, қалай тәрбиеленім жөн» 

деп сұрапты. Сонда әлгі дана қария:  «Қарағым, сен балаңды  тәрбиелеуге екі жыл кешігіп 

қалдың»  деген  екен.  Демек,  тәрбиешілердің  қоғамда  алатын  орыны    бөлек.  Балабақша 

меңгерушісі Жазира Әбековадан үйренеріміз көп. Біздің  балабақша ауданға белгілі кісілерді, 

қадірлі  қарияларды,  ата-аналарды  шақырып,  тәрбие  тұрғысынан  кездесулерді  жиі  өткізіп 

тұрады. Оған Байұзақ Көлбаев, Қасқарау Үкібаев секілді қариялар ақылымен ата-аналарға, 

тәрбиешілерге жақсы әсер қалдырып  жүр. 

  Бала – біздің бақытымыз, бүгінгі бүлдіршіндер – ертеңгі ел болашағы. Сондықтан, бала 

тәрбиесі жолында еңбегімізді  аямай жұмсай  беретін боламыз. 

                                                             Гүлнар ДОСАЛИЕВА, 




  1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал