31 наурыз 2016 жыл тот счастлив, кто прошёл среди мучений



жүктеу 461.82 Kb.

бет1/4
Дата22.05.2017
өлшемі461.82 Kb.
  1   2   3   4

Га

зе

т 2

0

01 ж

ы

л

ды

ң 2 с

әу

ір

ін

ен 

ба

ста

п

 ш

ы

ға

 б

ас

та

ды

С. ТОРАЙҒЫРОВ АТЫНДАҒЫ ПАВЛОДАР МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ГАЗЕТІ



3 (185)

31 наурыз 2016 жыл

ТОТ  СЧАСТЛИВ,    КТО    ПРОШЁЛ    СРЕДИ    МУЧЕНИЙ

  

10

 



Б Е Т Т Е

Олжас Сүлейменов, 

ақын, 

көрнекті 

қоғам 

қайраткері, 

«Невада-Семей» 

халықаралық 

антиядролық 

қозғалысының төрағасы. 

1989  жылы  ақпан  айында  Ал-

маты  қаласында  «Невада-Семей» 

қозғалысы дүниеге келді. Бір апта 

ішінде  қозғалысқа  2  миллионға 

жуық  қазақстандықтар  топтасты. 

Сол  жылдың  ақпанынан  қазанға 

дейін жоспарланбаған 18 ядролық 

жарылыстардың 11-ін жаптық. 

Соңғы жарылыстың 19 қазанда 

болғаны әлі есімде. Сол кезде біз 

«Семей  полигонындағы  сынақтар 

шұғыл  түрде  тоқтатылсын»  деген 

митингтердің  қарарын  енгіздік. 

Осы  қарарды  алып,  мен  КСРО 

Жоғары  Кеңесінде  сөз  сөйледім. 

Сол  уақытта  біз  Жоғары  Кеңесте 

500-дің  150  дауысынан  тұратын 

парламенттік  топ  құрып  үлгердік. 

Бұл сол кезде өте қуатты күш еді. 

Семей  полигонын  жабу  туралы 

мәселені  КСРО  билігі  тарапы-

нан  қарастыру  қарарына  Жоғары 

Кеңес  осы  топтың  қолдауымен 

дауыс  берді.  КСРО  билігі  екі  жыл 

бойы  полигонның  жабылуы  ту-

ралы  мәселені  қарастыруда  бол-

ды.  Дегенмен,  сынақтар  жүргізіле 

берді. 

1991  жылы  28  тамызда 



Қазақстан 

Республикасының 

Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаев 

Семей  полигонының  жабылуы  ту-

ралы  Жарлық  шығарды.  Осы  кез-

ден  бастап  ядролық  сынақтарға 

халықаралық  мораторий  бастал-

ды.  Бір  жылдан  кейін  1992  жылы 

АҚШ  пен  Англия  сынақ  жүргізіп 

келген  Невададағы  америкалық 

полигон  жабылды.  Міне,  осы-

лайша  үш  мемлекет  өз  поли-

гондарын  жапты.  Кейін  Франция 

Тынық  мұхитындағы  сынақтарын 

тоқтатты,  1996  жылы  Қытай  да 

Лобнор  полигонындағы  өздерінің 

ядролық  құрылғыларын  сынауын 

доғарды. 

Бұл  мораторийдің  20  жылдық 

тарихы  бар.  1000-ға  жуық  жары-

лыстар  жүзеге  аспады,  адамның 

денсаулығын  сәл  болса  да 

жақсарттық,  адамзатқа  қауіпті 

ядролық  қарумен  ойынды  тоқтату 

қажеттігі  туралы  түсіністікке  жол 

салдық.  Бұл  кезеңді  ядролық 

қаруды 

жоюға 


бағытталған 

күрестің  жаңа  кезеңінің  баста-

уы  деп  есептеуге  болады.  Біздің 

қозғалыс,  біздің  Қазақстан  осы 

үрдіске  алғаш  болып  өз  үлесін 

қосты.  Әлемдегі  бес  полигон 

тоқтатылды. 

Біздің 


қозғалыс 

өз  ниетін  ашық  алақанмен  бес 

құрлықтағы 

бес 


полигонның 

жабылғанын  дүниежүзіне  білдірді 

–  «Бес  құрлық  бес  полигонға 

қарсы».


ӘЛЕМГЕ АШЫҚ АЛАҚАН

ЕЛ ТҮЙТКІЛІН ШЕШКЕН 

ХАТТАР

ПМУ - ШОУ



4 бет

3 бет


7 бет

ОБУЧЕНИЕ ДЛЯ 

ПРЕДПРИИМЧИВЫХ

5 бет


БЕС ҚҰРЛЫҚ БЕС ПОЛИГОНҒА ҚАРСЫ

2

№3 (185)

31 наурыз 2016 жыл

Жаңалықтар желісі

ПМУ G-GLOBAL 

А Л А Ң Ы Н Д А 



С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік 

университетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 

жылдығына орай G-Global алаңында халықаралық онлайн-кон-

ференция өтті. 

Конференция 

жұмысына 

С.Торайғыров  атындағы  Павлодар 

мемлекеттік  университеті,  Қазақ 

мемлекеттік  қыздар  педагогикалық 

университеті, 

Е.А. 


Бөкетов 

атындағы  Қарағанды  мемлекеттік 

университеті  және  М.  Өтемісов 

атындағы 

Батыс 

Қазақстан 



мемлекеттік 

университетінің 

профессорлық-оқытушылар құрамы 

қатысты.


Конференция  барысында  ХХІ 

ғасырдағы  ғылымның  дамуы  мен 

өзекті  мәселелері  талқыланды. 

Сондай-ақ,  қатысушылар  Мәңгілік 

Ел идеясының ұлтты ұйыстырудағы 

маңызы,  Тәуелсіз  Қазақстанның 

жетістіктері  мен  жеңістері  туралы 

өзекті ойларын ортаға салды. Және 

де  Қазақстан  Республикасының 

Тәуелсіздігіне  тарихи  баға  беріліп, 

ғылыми пікірлер айтылды.

С.  Торайғыров  атындағы  ПМУ-

дың Қазақстан халқы Ассамблеясы 

кафедрасының  меңгерушісі  Сәуле 

Мамытова  өз  сөзінде  Қазақстан 

Тәуелсіздігінің 

25 

жылдығын 



тойлаудың  тарихи  маңыздылығын 

атап өтті.

–  Бұл  уақыт  өткен  жолды 

түйіндеп,  алар  асуды  белгілеп, 

ата-баба  мұрасына  алғыс  айтып, 

құрмет  танытуға,  сонымен  қатар, 

тәуелсіздік  үшін  күрестің  тари-

хи  сабақтарын  түсінуге  септігін 

тигізеді.  Бұл  қасиеттер  ұлттық  са-

наны  қалыптастыру  және  еліміздің 

тәуелсіздігін  нығайтудың  қайнар 

көзі  болатыны  сөзсіз,  –  деді  Сәуле 

Нәсенқызы. 

Тарих  ғылымдарының  канди-

даты,  С.  Торайғыров  атындағы 

ПМУ-дың 


Қазақстан 

тарихы 


кафедрасының  қауымдастырылған 

профессоры  Қайрат  Батталовтың 

айтуынша,  Қазақстан  Републикасы 

Тәуелсіздігінің  25  жылдығы,  Алаш 

көшбасшысы  Әлихан  Бөкейханның 

150  жылдығы  және  көрнекті  тарих-

шы, алаштанушы Кеңес Нұрпейісов 

құрметіне  арналған  аталмыш  кон-

ференция өзара үндесіп, мерекенің 

тарихи маңыздылығы да арта түсті.

СТАРТАП-ПЛАТФОРМА ENACTUS PSU ОТМЕТИЛА СВОЕ ДВУХЛЕТИЕ

В рамках двухлетия стартап-платформы Enactus PSU в стенах ПГУ им. С. Торайгырова 

прошло празднование, призванное представить гостям достижения Enactus.

По  традиции  команда  Enactus 

развернула  мероприятие  в  ком-

плексе,  представив  ключевые  про-

екты студентов-участников:

1) «KoumIce» (КумАйс) - мороже-

ное из кумыса

2)  «4touch»  (ФорТач)  -  транс-

формируемая мебель

3) «Frozen Yogurt» (Фроузен Йо-

гурт) - замороженный йогурт

4)  «Пончита»  -  домашние  пон-

чики

5) «АСАО» - детская футболь-

ная школа

6) «ALAU» - переработка и про-

изводство изделий из стекла

7)  «FoodGo»  -  сервис  заказов 

еды

8)  Социальный  проект  «Соци-

альная парикмахерская»

В  ходе  мероприятия  состоя-

лась  «Garage  Sale»  –  «Гаражная 

распродажа».  Распродажа  книг, 

канцтоваров,  бижутерии,  посуды,  а 

также  других  полезных  и  приятных 

мелочей по низким ценам. Большой 

интерес  у  гостей  торжества  вызва-

ли  кулинарные  изыски  благотвори-

тельной  ярмарки  «Food  Fair».  Рек-

тор ПГУ А. Орсариев особо отметил 

мороженое из национального казах-

ского  напитка  кумыс  и  домашнюю 

выпечку под брендом «Пончита». В 

этом  отношении  с  ректором  были 

согласны  почти  все  гости  праздни-

ка.

Однако ректор А. Орсариев сде-



лал  большой  акцент  на  научных 

достижениях  студентов-стартапе-

ров  Enactus  PSU,  в  виду  их  инно-

вационной  ориентированности.  По 

словам  ректора  ПГУ  Арына  Орса-

риева, проект «ALAU» – настоящий 

«пилот»,  который  откроет  дорогу 

другим перспективным инновациям 

в  деле  защиты  окружающей  среды 

путем  переработки  таких  опасных 

бытовых отходов, как стекло.

ДІНИ САУАТТЫЛЫҚ – 

ТҰРАҚТЫЛЫҚ КЕПІЛІ 

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік 

университетінде «Конфессияаралық қарым-

қатынастардағы Қазақстан Республикасының саясаты» 

атты дөңгелек үстел өтті.

Павлодар 

мемлекеттік 

университетінің жас мемлекеттік 

қызметкерлер 

мектебінің 

алғашқы 

қарлығаштарының 

мұрындығымен  өткен  дөңгелек 

үстелге 


Павлодар 

облысы 


дін  істері  басқармасы  мен 

облыстық дін істері басқармасы 

жанындағы  конфессияаралық 

қарым-қатынастарды 

талдау 

және  дамыту  орталығының 



өкілдері қатысты.

Кездесу 


барысында 

Қазақстандағы  діни  жағдай, 

жастар 

арсындағы 



діни 

сауаттылықтың  маңызы  туралы 

сөз  қозғалып,  қатысушылар 

студент 


жастардың 

діни 


сауаттылығын 

арттыру 


мәселелерін талқыға салды. 

Павлодар  облысы  дін  істері 

басқармасының 

басшысы 


Дәулет 

Закариянов 

қазіргі 

таңдағы дін саласындағы өзекті 

мәселелерді  ортаға  салып, 

олардың  жастарға  ықпал  ететін 

қауіптерін баяндап берді. Ол өз 

сөзінде жастардың діни сауатын 

ашу  қазіргі  уақыттың  өзекті 

мәселелерінің бірі екенін айтып, 

бұл 

мәселеге 



немқұрайлы 

қарамау керектігін жеткізді. 

Сондай-ақ, 

облыстық 

дін 

істері 


басқармасы 

жанындағы  конфессияаралық 

қ а р ы м - қ а т ы н а с т а р д ы 

талдау 


және 

дамыту 


орталағының  теологы  Рауан 

Чингужановтың 

баяндамасы 

студенттер  арасында  үлкен 

қызығушылық 

тудырды. 

Өйткені,  баяндамашының  діни 

сауаттылық мәселесіне қатысты 

танымды  әңгімесі  жастардың 

қоғам 


қауіпсіздігін 

басты 


нысанаға  алатыны  туралы  ой 

түйіндеуіне түрткі болды.

Жиылғандар 

этникааралық 

және  конфессияаралық  қарым-

қатынас  мәселелері  бойынша 

талқылау 

жүргізді. 

«Біздің 

зерттеулер  жастар  арасындағы 

діни 

сауаттылық 



мәселесі 

бойынша көптеген түйінді тұстар 

бар  екенін  көрсетті.  Осыған 

байланысты,  бірінші  кезекте 

біз  жастарға  теріс  пиғылды 

діни  ағымдардың  жасырын 

насихатына  объективті  баға 

бере  алуы  үшін  ислам  дініне 

дұрыс 

түсініктеме 



беруіміз 

керек.  Қазақстан  үшін  маңызды 

құндылықтардың бірі – халықтар 

арасындағы  төзімділік  және 

түсіністік, 

бір 


шаңырақтың 

астында  тату  ғұмыр  кешу.  Осы 

жөнінде  Мемлекет  басшысы 

көп  жылдан  бері  айтып  келеді. 

Елбасының  бұл  ойына  біз 

толықтай  келісеміз»,  –  деп 

С.Торайғыров  атындағы  ПМУ 

философия  және  әлеуметтік 

пәндер 

кафедрасының 



меңгерушісі, 

философия 

ғылымдарының 

кандидаты 

Майра  Қожамжарова  Қазақстан 

Республикасы 

жастары 

арсындағы  діни  сауаттылық 

мәселелерін саралап берді.


3

Жаңалықтар желісі

ДЕНЬ ВЕСЕННЕГО РАВНОДЕНСТВИЯ 

На факультете металлургии, машиностроения и транспорта прошли мероприятия, 

посвященные общенародному празднику Наурыз. 

На  импровизированной  сце-

не  развернулось  музыкально-те-

атрализованное 

представление. 

В  праздничном  концерте  сменяли 

друг  друга  творческие  коллективы. 

Торжество  сопровождалось  вы-

ступлениями  вокалистов,  мастеров 

танца  и народного искусства.

Одним  из  гостей  мероприятия 

стал студент из Нигерии – Ноа Са-

лако, который с большим интересом 

наблюдал за праздником и поддер-

живал  участников.  По  его  словам, 

этот 


праздник 

будет  для  него 

первым  этапом 

погружения  в  са-

мобытную  много-

н а ц и о н а л ь н у ю 

культуру  Казах-

стана.


По  сложив-

шейся  традиции 

на  праздновании 

Наурыз  мейрамы 

лучшие  студен-

ты  за  отличную 

учебу  и  активное 

участие в общественной жизни уни-

верситета были награждены благо-

дарственными письмами.

В  ходе  мероприятия  комиссия 

провела  смотр  стенгазет  и  оформ-

ление национального уголка на ка-

федрах. 


В  оформлении  национального 

уголка  лучшей  оказалась  кафедра 

механики и нефтегазового дела.

По итогам конкурса «Самая луч-

шая стенгазета» диплом I степени и 

ценные  призы  завоевала  кафедра 

транспортной техники и логистики.

Кульминацией  вечера  стало 

объявление  обладателей  главного 

приза  «Гран-при»  и  переходящего 

кубка  декана  факультета.  Побе-

дителями  в  этой  номинации  стала 

кафедра  машиностроения  и  стан-

дартизации,  которая  также  заняла 

первое место  в презентации тради-

ций и обычаев народов Казахстана.

Поздравляя  собравшихся,  де-

кан  факультета  профессор  Тюле-

угазы  Токтаганов    отметил,  что  в 

нашей стране Наурыз стал близким 

и почитаемым праздником  для лю-

дей  всех  национальностей,  прожи-

вающих  в  Казахстане.  «На  нашем 

факультете  Наурыз  мейрамы  от-

мечается    с  особым  размахом.  Я 

считаю, это событие вносит огром-

ный вклад в обогащение духовного, 

культурного  пространства  нашего 

полиэтнического,  многоконфессио-

нального общества. Пусть этот сол-

нечный  праздник  принесет  весен-

нее настроение, согреет ваши дома 

теплом  уюта,  счастья  и  радости»», 

– говорит Тюлеугазы Токилович.

Б І Л І М Н І Ң   Ж А Ң А   Б Е Л Е С І

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіне Перпиньян университетінің (Франция) өкілі Винцент Глизе мырза 

жұмыс сапарымен келді. 

Қонақ  академиялық  жұмыс 

жөніндегі проректор, философ.ғ.к. 

Гаухар  Ахметовамен  кездесу 

барысында  университеттердің 

білім  және  ғылым  саласындағы 

серіктестігін  дамыту  мәселелері 

туралы сөз қозғады. 

Сондай-ақ, кездесуде екі жақ 

С.  Торайғыров  атындағы  ПМУ 

студенттерінің 

академиялық 

ұтқырлық  бойынша  білім  алуы, 

Эразмус+ 

бағдарламасы 

аясындағы ынтымақтастық тура-

сында талқылады.

Бұдан өзге, француздық әріптес- 

терден  Перпиньян  университетінің 

белгілі  профессорларын  ПМУ 

студенттеріне  дәріс  оқуға  шақыру 

және  «Болашақ»  бағдарламасы 

шеңберінде оқытушыларға ғылыми 

тағлымдамалар  ұйымдастыру  ту-

ралы ұсыныстар түсті. 

Құрметті  қонақ  студент-

термен  кездесу  барысында 

Перпиньян  университеті  және 

жоғары  оқу  орнының  оқыту 

бағдарламалары  туралы  толық 

ақпарат берді.

Перпиньян университеті Фран- 

цияның  оңтүстігінде,  Шығыс  Пи-

реней департаментінің әкімшілік 

орталығында  (Лангедок-Русси-

льон  аймағы),  Жерорта  теңізі 

жағалауынан  бірнеше  шақырым 

жерде орналасқан.

С.  Торайғыров  атындағы 

ПМУ  академиялық  ұтқырлық 

орталығының  басшысы  Құндыз 

Мұқатаеваның  айтуынша,  екі 

жақтың  бірлескен  педагоги-

ка  саласындағы  жұмыстарын 

үйлестіру 

әрі 


жеңілдету, 

бірлескен  ғылыми-зерттеу  жо-

баларын    жасау  және  ақпарат, 

ғылыми  жарияланымдар  ара-

сында  айырбас  жүргізу  бой-

ынша  өзара  түсіністік  туралы 

меморандумға  қол  қою  жаспар-

да бар. 


ОБУЧЕНИЕ ДЛЯ ПРЕДПРИИМЧИВЫХ

Заместитель 

председателя 

правления  фонда  Даулет  Абилка-

иров  ознакомился  с  научно-техно-

логическими  проектами  в  области 

машиностроении  и  металлургии,  а 

также  с  последними  передовыми 

разработками в агропромышленно-

сти и энергетике.

Напомним, что ранее Павлодар-

ский  государственный  университет 

имени  С.  Торайгырова  и  АО  «Фонд 

развития 

предпринимательства 

«Даму»  подписали  меморандум  о 

взаимопонимании.  В  этом  году  со-

трудничество  продолжится  в  двух 

направлениях: программа поддерж-

ки открытия нового бизнеса, а также 

в  развитие  предпринимательских 

инициатив студенческой молодежи. 

Студенты  смогут  посещать 

специализированные  семинары  на 

базе  ПГУ  имени  С.  Торайгырова  и 

обучаться  навыкам  открытия  и  ве-

дения бизнеса.

Необходимо отметить, что ребя-

та получат также консультационную 

поддержку от специалистов Центра 

обслуживания  предпринимателей 

Фонда «Даму» в создании и разви-

тии предпринимательского дела.

Они  узнают,  как  создать  сайт, 

написать продающие тексты, подго-

товить рекламные баннеры, прове-

сти анализ эффективности продаж, 

запустить  маркетинговые  акции, 

получать  оплату  своих  услуг  и  то-

варов через интернет. По желанию 

участникам будет предоставлен на-

ставник для ведения бизнеса.

По  мнению  ректора  Павлодар-

ского  государственного  универси-

тета  имени  С.  Торайгырова  Арына 

Орсариева,  Фонд  «Даму»  предо-

ставляет  студентам  хорошую  воз-

можность  пройти  практическое 

обучение  в  стенах  вуза,  изучить 

тонкости  создания  бизнеса  и  его 

реализации.  Это  позволит  им  рас-

крыть предпринимательский потен-

циал  и  реализовать  свои  бизнес-

идеи.


Накануне представители фонда «Даму» ознакомились с рядом проектов Павлодарского госу-

ниверситета. Гостям были представлены достижения студентов-стартаперов Enactus PSU. 

4

№3 (185)

31 наурыз 2016 жыл

Замана


Кім күшті?

Америкалықтардың  Хиросимаға 

атом  бомбасын  тастағанынан  кейін 

кеңестік  ғалымдар  өз  жұмысын 

нәтижелі  жасауды  жақсы  түсінді. 

«№  2  зертхана»  биліктен  көп 

қаржыландыруға  және  білікті  кад-

рлармен  толығады.  Бұл  зертханаға 

КСРО-ның  белгілі  физигі  Игорь  Кур-

чатов  жетекшілік  етті.  Атомдық  қару 

туралы  айтқанда  оның  атын  атамай 

өтпеу мүмкін емес. Өйткені, КСРО-да 

атом  бомбасын  ойлап  тапқан  адам 

дәл  осы  кісі.  Ол  бірқатар  табысты 

зерттеулерінен  кейін  өзінің  құпиялы 

«№2 зертхана» деп аталатын зерттеу 

орталығына  ие  болады.  Көпке  жасы-

рын  зертхананың  мұраты  –  ядролық 

қаруды жасап шығару еді. 

Алғашқы  атом  бомбасына  «РДС-

1» деген атау береді. Бұл атау кейбір 

деректерде билік қаулысындағы атом 

бомбасының  «Сталиннің  реактивті 

қозғалтқышы» (реактивный двигатель 

Сталина)  деген  шифрленген  атау-

дан  алынған  делінеді.  Бүл  жөнінде 

бірнеше пікірлер бар. 

Алғашқы  жойқын  қаруды  сынау 

үшін  Семей  қаласынан  қашықтығы 

170  шақырымдық  жерде  1947  жыл-

дан бері №2 сынақ полигоны дайын-

далады.  Кеңестік  үкімет  Қазақ  жерін 

ядролық қаруды сынайтын үлкен зерт-

теу алаңы ретінде белгіледі. Ол үшін 

Семей  жерінен  18  миллион  га  жер 

бөлінді.  Семей  полигоны  КСРО-дағы 

ядролық  сынақ  полигондарының  аса 

маңыздысы болды. 

Қазақ жері – 

сынақ алаңы 

1949 

жылы 


29 

тамызда 


таңғы  сағат  жетіде  22  килотонна 

қуаттылығындағы  ядролық  құрылғы 

өз  уын  Семей  жеріне  алғаш  шашып, 

қазақ жерін дүр сілкіндіреді. Полигон-

да КСРО-ның алғашқы атом бомбасы 

жарылады. Сол сәтте маңайды адам 

көзі  көре  алмастай  жарық  орнады. 

Жарылыс  кезінде  мұнара  орнында 

күн дискісінің көлемінен 4-5 есе үлкен 

жарқыраған жартылай отты шар пай-

да  болды.  Ал  оның  жарығы  күннің 

жарғынан бірнесе есе зор еді. Алтын 

түстес отты жартылай кеңістік қызыл 

күрең жалынға оранып, түтін пен шаң 

бағанасына айналды.  

Бұл  жарылыс,  яғни,  КСРО-ның 

атом  қаруын  дүниеге  әкелгені  тура-

лы  бүкіл  жаһан  жұрты  білді.  Нобел 

сыйлығының  лауреаты,  физик  Отто 

Ханцтың  мынандай  сөзі  тарихта 

қалды: «Бұл жақсы жаңалық. Егер Ре-

сейде атом қаруы болса, онда соғыс 

болмайды». КСРО-ның «РДС-1» атом 

бомбасы  АҚШ-тың  ядролық  қару  мо-

нополиясын жойды. Кеңестік үкіметке 

бұл зор жеңіс әкелгенімен, халық бұл 

алпауыт жарылыстың зардабын көпке 

дейін шекті. 

Семей  ядролық  полигондарында 

456 ядролық жарылыс жасалды. Бұл 

сынақтар  атом  қаруын  дамытуды  әрі 

оның жаңа түрлерін жасауға жол сал-

ды. Солардың 116-сы ғана ашық, яғни, 

жер  бетіндегі  немесе  әуе  кеңістігінде 

жасалды.  Мұнда  әуеде  және  жер 

бетінде  өткізген  сынақтардың  жалпы 

қуаты  Хиросимаға  тасталған  атом 

бомбасынан 2,5 есеге артық болды. 

1951-ші  жылы  уран  бомбасы, 

1953-ші жылы сутегі бомбасы сынал-

ды.  Ал,  1961-1962  жылдары  аспан 

мен жерде 50 ядролық бомба сынал-

са,  1963  жылдан  1989  жылға  дейін 

жер  астында  барлығы  343  ядролық 

жарылыс  болыпты.  Әр  сандардың 

астында  қаншама  жанның  тағдыры 

мен  болашақ  ұрпақтың  өмірі  жатыр. 

Ұлттың  басына  түскен  бұл  қасіреттің 

зардабын әлі күнге дейін Семей, Пав-

лодар, Қарағанды жұрты көріп келеді. 

Ұрпақ сүйегіне 

біткен радиация

 

Мұндағы  атомдық  жарылыстар 



аймақтағы  барлық  елді  мекендер-

ге  ықпал  етті.  Ауыл  тұрғындары 

үшін  сынақ  алаңдарныда  не  болып 

жатқандығы  беймәлім  дүние  еді. 

Олардың  күнделікті  радиациялық 

сәуленің  шырмауында  жүріп,  уланып 

жүргені  ол  кезде  олардың  қаперіне 

де  кірмеді.  Ядролық  сынақтар  ту-

ралы  халыққа  1953  жылдан  бері 

құлақтандыра бастады. 

Полигонға  жақын  елді  мекен-

дер  тұрғындарының  ұрпағы  жарық 

дүниеге  кемтар  болып  дүние  есігін 

ашып,  ядролық  қаруды  қарғап, 

өмірден өтіп жатты. 

Қазақ  КСР  Ғылым  академия-

сы  Семей  ядролық  полигондағы 

сынақтардың 

адамға, 

жалпы 


тіршілікке  ықпалы  туралы  зерттеу 

жұмыстарын  кең  көлемде  жасайды. 

Бұл  экологиялық-медициналық  зерт-

теу жұмыстары радиацияның адамға 

әсері  туралы  паш  етеді.  Тіпті,  олар 

радиация  әсерінің  адам  ағзасына 

зияндығынан  бөлек,  гендік  кодтың 

өзгертіп  жіберетін  күшін  анықтады. 

1949  жылғы  алғашқы  жер  бетіндегі 

жарылыстан бастап Семей және Пав-

лодар  облыстарының  радиациялық 

Кеңес Одағы 40 жыл бойы қазақ даласын ядролық сынақ 

алаңына айналдырды. Қазақ жеріндегі ядролық сынақтар 

– халықтың басынан кешкен алапат қасіреттің бірі еді. 

Бұл сұм аждаһаның аранын жабу үшін жанқиярлықпен 

күрескен «Невада-Семей» қозғалысының еңбегі өлшеусіз 

болды.

ӘЛЕМГЕ АШЫҚ АЛАҚАН

сәулеленудің  ықпалына  ұшыраған 

басқа  аумақтардағы  тұрғындарының 

арасында сырқат санының ұдайы өсіп 

келе жатқаны байқалады.

Жаһанға үндеу

25  жыл  бұрын,  ақпанның  28-і 

күні  ақын  Олжас  Сүлейменов  қара 

халықтың  атынан  телеарна  арқылы 

Қазақстанда  ядролық  сынақтарды 

тоқтатуын  талап  еткен  үндеу  жа-

риялады.  Ядролық  сынаққа  қарсы 

«Семей» 


қозғалысының 

басы-


қасында  белгілі  қоғам  қайраткері, 

ақын  Олжас  Сүлейменов  жүрді. 

Кейін  халықаралық  сипат  алып, 

қозғалыстың  атауы  «Невада-Семей» 

деп  өзгертілді.  Оның  өзіндік  себебі 

бар.  Ядролық  қару  АҚШ  жерінде 

бастау  алып,  бір  кездері  ядролық 

манополия  болғаны  белгілі.  Артын-

ша,  КСРО  да  бос  жатпай,  Курча-

тов  бастаған  топтың  еңбектерінің 

нәтижесінде ядролық мемлекет стату-

сына ие болды. Ядролық қаруға қарсы 

«Невада-Семей»  қозғалысының  осы 

екі ядролық алпауыт мемлекеттердің 

полигоны  орналасқан  мекендердің 

атауымен 

атаудың 

өзі 


оның 

жұмысының  дүниежүзілік  деңгейін 

білдірді. 

Олардың  мұраты  –  КСРО-ның 

ғана  емес,  жер  бетіндегі  полигонда-

рын  жабу  еді.  Сол  жылдың  6  тамы-

зында  Семей  облысының  Қарауыл 

ауылында  ядролық  қаруды  сынауға 

мораторий 

жариялау 

жөніндегі 

ұсынысымен  КСРО  және  АҚШ 

Президенттеріне  үндеу  қабылданды. 

Онда былай делінген болатын: «Сай-

ын  даламыз  ядролық  жарылыстар-

дан  қалтырап  бітті,  сондықтан  да 

онда  ары  қарай  үнсіз  қалу  мүмкін 

емес.  40  жыл  ішінде  бұл  арада 

мыңдаған  Хиросималар  жарылды. 

Біз  келешекті  қауіппен  күтудеміз. 

Уайымсыз отырып, су мен тамақ ішу, 

өмірге нәресте әкелу мүмкін емес бо-

лып барады. Қазақстандағы ядролық 

қаруды  тоқтату  үшін,  өз  үйімізде 

бейбітшілік  пен  тыныштық  орнату 

үшін,  өз  құқықтарымыз  үшін  күресу 

мақсатында  біз  «Невада  –  Семей» 

қозғалысын  құрдық».  Осы  уақытқа 

дейін  үнсіз  жатқан  халық  бір  дау-

ыстан  «Ядролық  қаруға  жол  жоқ!», 

«Сынақтар  тоқтатылсын»  деп  бүкіл 

әлемге жар салды.

Бейбітшілік жолы

Бұл  қозғалыс  құрылған  күннен 

бастап  жер  жүзінің  адамдарының 

ядролық  қарудан  запа  шегуіне  жол 

бермеуге  қыруар  іс  тыңдырды. 

Қарудың 


радициясы 

адамға 


және  табиғатқа  зияны  турасын-

да  ғылыми-мидециналық  зерттеу-

лер  жүргізіп,  халықтың  денсаулығы 

жайлы  мәліметтер  жинады.  Олар 

полигонның жабылуы туралы арнайы 

заң  қабылдануын,  атом  бомбала-

рынан  зардап  шеккендерге  өтемақы 

төленуін  талап  етті.  Қозғалыс 

халықаралық  кеңістікте  де  көп  оң 

жетістіктерге жетті. 

Ядролық  сынақтардың  қатері 

жөнінде 


барлық 

бұқаралық 

ақпараттары  құралдарында  айт-

лып,  жазыла,  көрсетіле  бастады. 

Дүниежүзінің  ірі-ірі  қалаларында 

атомдық  қаруға  қарсы  бейбіт  ми-

тингтер  өткізіп,  әлемнің  бірқатар 

сынақ 


алаңдарының 

жабылуы-


на  себепші  болды.Түрлі  елдердің 

парламенттері  өз  сессияларын-

да  қозғалыс  ұрандарын  талқылап 

жатты.  Радиациялық  сәулелердің 

зардаптары  жайлы  дәрігерлер  мен 

ғалымдардың  ашық  әңгіме  қозғауға 

батылдары  жетті.  Халықтың  ба-

стамасымен  тұңғыш  рет  КСРО 

үкіметі  ядролық  қаруды  сынауға 

тыйым  салу  –  мораторий  жасау  ту-

ралы  шешім  шығарды.  Қазақстан 

Республикасының  егемендігі  туралы 

Декларацияда  ел  аумағы  ядросыз 

аймақ деп жарияланды. 

Ал  1991  жылы  28  тамыз  күні 

Қазақстан 

Республикасының 

Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаев 

Семей  атом  полигонын  жабу  туралы 

Жарлық  шығарды.  Жер  бетіндегі  ең 

үлкен  полигондардың  бірі  жабылып, 

атом  қаруынан  бас  тарту  әрекеті 

жасала  бастады.  Семей  полигоны 

жабылғаннан  кейін  Ресейдің,  АҚШ 

пен  Францияның  полигондарында 

ядролық  қаруды  сынауға  мораторий 

жарияланды.  Содан  1992  жылдың 

мамырында  оның  базасында  Кур-

чатов  қаласындағы  Ұлттық  ядролық 

орталық құрылды.

Жаһандық  ядролық  қауіпсіздік 

мәселесіне 

Елбасы 

Нұрсұлтан 



Назарбаевтың  және  жалпы  еліміздің 

қосқан үлесі зор. Бүгінде Қазақстан – 

ядролық  таратпау  үдерісінде  жеткші 

рөлге  ие.  Мемлекет  басшысының 

ядролық таратпау қағидаларын берік 

ұстанатындығы  жаһанға  аян.  Мұны 

халықаралық  қоғамдастық  мойында-

ды.


Бейбітшілік 

эстафетасы – 

жастарға!

С.  Торайғыров  атындағы  Пав-

лодар  мемлекеттік  университетінің 

студенттері  Қазақстан  Республикасы 

Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 

Семей  ядролық  полигонын  жабу 

туралы  Жарлығының  25  жыл  толу-

ына  орай  Қарағанды  мемлекеттік 

техникалық  университетінде  өткен 

республикалық  «Бейбітшілік  эста-

фетасы  –  жастарға!»  атты  ядролық 

жарылысқа қарсы жастар онлайн-фо-

румына қатысты. 

Форумда  қатысушылар  ядролық 

қаруды  таратпаудың  халықаралық 

жүйесін  нығайту  бойынша  Қазақстан 

қызметінің 

нәтижелілігін 

бағалап, 

талқыға  салды.  Және  де  ядролық 

қауіпсіздік,  ядролық  қаруды  тарат-

пау,  қарусыздандыру  саласындағы 

Қазақстанның  ғаламдық  жетекшілігі  мен 

Қазақстан имиджін халықаралық аренаға 

көтеру мәселелерін де саралады.

«Невада-Семей»  халықаралық 

антиядролық қозғалысының төрағасы 

Олжас  Сүлейменовтің  мәлімдеуінше, 

бейбітшілік эстафетасы жастарға өтіп, 

ізгі  мұратты  көздеген  «Невада-Се-

мей» қозғалысының ісі жалғасын таба 

бермек.  

–  Енді  жастар  жалпы  ядролық 

қару  атаулыға  қарсы  шығып, 

біздің  бастаған  эстафетамызды 

жалғастыруы  керек.  Ядролық  қару 

ұлттық қорғаныс үшін қолданылмауы 

тиіс.  Қару  америкалық,  ресейлік, 

қытайлық,  ағылшындық,  француздық 

болмауы  қажет.  Бұл  қарудан  жалпы 

адамзаттың жойылып кету қауіпі бар. 

Сондықтан,  сіздер,  қазақстандық  жа-

стар  найзаның  ұшы  секілді  ядролық 

қаруға  қарсы  бағытталыңыздар.  Сол 

қадамдарыңыз  арқылы  «Невада-Се-

мей»  қозғалысының  жаңа  дәуірін  ба-

стап,  ісін  жалғастырасыздар,  –  деді 

Олжас Омарұлы.

Мұнымен 

қоса, 


Олжас 

Сүлейменов  өз  сөзінде  «Невада-Се-

мей»  халықаралық  қозғалысының 

жұмысын 


тиімді 

жалғастыру 

мақсатында  еліміздің  жоғары  оқу 

орындарында  қозғалыстың  филиал-

дарын ашу қажеттігін айтып кетті. 

Форум  соңында  бәріне  ортақ 

қарусыз  бейбіт  өмірді  және  бес 

жабылған полигонның белгісі – ашық 

алақандарын көкке көтерді. Олардың 

бұл  әрекеті  бейбітшілікке,  әлемге 

ашықтықтарының көрінісі еді. 

Түйін.  Жер  шарын  жұтып  алуға 

аз  қалған  бес  ядролық  полигонның 

жабылуы 


тікелей 

бейбітшілікті 

сүйетін  қазақстандық  қаһармандық 

қозғалыстың  ықпалы  екені  әлем 

жұртына мәлім. Өйткені, осы алпауыт 

мемлекеттердің  (АҚШ, КСРО, Қытай,  

Франция,  Англия)  полигондарындағы 

ядролық сынақтарды тоқтатуға қарсы 

күрес  тек  Қазақстанда  ғана  табанды 

жалғасты.  Бұл  жолда  Қазақстан  Ре-

спубликасы  Президенті  Нұрсұлтан 

Назарбаевтың, қазақ халқы қолдаған 

«Невада-Семей» 

қозғалысының 

жетекшісі  Олжас  Сүлейменовтің 

еңбегі орасан. Бұл игі іс – «бейбітшілік 

эстафетасы» жастарға аманат. 



  1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал