№30 (7706) газет 1940 жылғЫ 1 Қыркүйектен шығады



жүктеу 0.49 Mb.

бет1/5
Дата26.02.2017
өлшемі0.49 Mb.
  1   2   3   4   5

02.08.2014ж.  № 30 /7706/

А ќ ќ у   ‰ н і

2014 ж.

№30 (7706)

ГАЗЕТ 1940 ЖЫЛҒЫ 1 ҚЫРКҮЙЕКТЕН ШЫҒАДЫ

БЕРЕКЕ. БІРЛІК. ЫНТЫМАҚ.



2

Еркін баға

тамыз

сенбі

Өткен  аптаның  аяғында  аудан  әкімдігінде  аумақ 

басшысы  Айзада  Құрманова  ауылдық  округ 

әкімдерімен  мәжіліс  өткізді.  Аталмыш  жиынға 

аудандық  мәслихат  хатшысы    Қанат  Әлтаев, 

ауылдық  округ  әкімдері,  бөлім,  мекеме  және  ұйым 

басшылары қатысты.

Күн  тәртібіндегі  бірінші  сұрақ  бойынша  аудандық 

жұмыспен  қамту  бөлімінің  директоры  Айымгүл  Абилова 

«Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» мемлекеттік 

бағдарламасының  аудан  көлемінде  жүзеге  асырылуын 

баяндады.  Ол  өз  сөзінде  аталмыш  бағдарламаның 

3  бағытына  тоқталып,  олардың  іске  асуын  нақты 

сандық 


көрсеткіштермен 

бейнеледі. 

Сондай-ақ, 

жиынға  қатысушы  ауылдық  округ  әкімдеріне  осы 

тұрғыда  бірқатар  тапсырмалар  жүктелді.  Тапсырма 

аясында  олар  бекітілген  мерзімде  өзін-өзі  жұмыспен 

қамтып  отырған  адамдардың  тұрақты  негізде  жұмысқа 

орналасқандардың    тізімдерін  әзірлеп,  құжаттарын 

реттеуі қажет.

Аудандық  мәдениет,  тілдерді  дамыту,  дене  шынықтыру 

және  спорт  бөлімінің  басшысы  Лаура  Құмарова  «Абай 

күні», Лебяжі ауданының 75 жылдық мерейтойы,  қарбыз 

фестивалі  сынды  көлемді  мерекелік  шараларды  өткізу 

және  Аққу  ауылының  көшесіне  Невель  атауын  беру 

туралы баяндап, іс-шаралармен таныстырды: «Бөлімнің 

бекітілген  жылдық  жоспарына  сәйкес  жоғарыда  атал-

ған  мерекелік  іс-шаралар  тамыз,  қыркүйек  айларында 

өткізуді жоспарлаған. Ағымдағы жылдың тамыз айының 

8-інде Ұлы ойшыл, қазақ әдебиетінің негізін қалаушы Абай 

Құнанбаевтың күні тойланбақ. Бұл мереке ауданымызда 

осымен үшінші жыл қатарынан аталып өтіледі. Биылғы 

жылғы шара облыс көлемінде өтпек. Салтанатты шара 

Ұлы  Абай  мүсіні  алаңынан    бастау  алып,  аудандық 

Мәдениет үйінде облыстық тілдерді дамыту басқармасы 

өткізетін  облыстық  өзге  ұлт  өкілдері  арасындағы  Абай 

оқуларымен  жалғасады.  Сол  сияқты  мұндай  атаулы 

күнде  облыстық  «Өлең  сөздің  патшасы»  тақырыбын 

ту еткен ақындар айтысы да ұйымдастырылады. Ашық 

аспан  астындағы  кітап  көрмелері,  Абай  мұражайынан 

көрме халық назарына ұсынылады. 

Ал  тамыз  айының  бірінші  онкүндігінде  ауданның  75 

жылдық  мерейтойы  тойланбақ.  Бұл  күнде  де  көпте-

ген  мерекелік    іс-шаралар  жоспарланған.  Аталмыш 

мерекеге  Ресей  жерінен  келген  қонақтармен  қатар 

Павлодар  облысының  Қазақстан  халқы  Ассамблеясы 

мен  облыстық  мұсылман  әйелдері  лигасының  өкілдері 

қатысады.  Достық  пен  бірлік  алаңы  орналасқан  көше 

бойына  киіз  үйлер  орнатылып,    мерекелік  шара  

қонақтарына  Аққу  ауылындағы  мәдени  ошақтар 

таныстырылады.  Ал  аудандық  Мәдениет  үйінде  өтетін 

концерттік  бағдарламада  ауданнан  шыққан  облыс, 

республика көлемінде жүрген өнер адамдары, облыстық 

халық аспаптар оркестірі өз өнерін көрсетеді. 

Ауданның 75 жылдық мерейтойынан кейін Шарбақты 

ауылында  өткен  жылғыдай  көлемді  шара  Қарбыз 

фестивалі  өтеді.  Аталмыш  фестиваль  өткен  жылғы 

жоспарлы негізде жүргізілмек. Мерекелік шара соңында 

ұлттық спорт ойындары ұйымдастырылады».

Жоғарыда  аталған  мерекелердің  аудан  әкімімен 

бекітілген  іс-шаралар  жоспары  барлық  ауылдық  округ 

әкімдеріне таратылды.

Мәжіліс  соңында  сөз  алған  «Нұр  Отан»  партиясы-

ның  Лебяжі  ауданындағы  филиалы  төрағасының 

орынбасары  Светлана  Мүсінова  жақында  ауданға  

орталықтанған  тексеру  комиссиясының  келетіндігін 

хабарлады. Осыған орай  нұротандықтардың құжаттама 

мәселесіне  баса  назар  аударып,  тексеріске  дайындық 

жұмыстарын  жүргізуге шақырды.

Мәжілісті  қорытындылаған  аудан  әкімі  А.Құрманова 

жоғарыда  аталған  мерекелік  шараларға  дайындық 

бойынша  отырысқа  қатысқан  ауыл  әкімдері  мен  тиісті 

бөлім  басшыларына    тапсырмалар  жүктеп,    алдағы 

көлемді  мерекелерге  ұжымдасқан  әрі  ұйымдасқан 

дайындық керек екендігін баса айтты.



Ә.Өмірзақ.

Ұйымдасқан 

дайындық 

керек

А у д а н   ә к і м д і г і н д е

Жуырда  Бесқарағай  ауылындағы  Қызылағаш  ауылдық 

округі ғимаратының мәжіліс залында облыс және аудан 

орталығынан  келген  мамандардың  қатысуымен  келелі 

жиын  өткізілді.  Ондағы  әңгімеге  өзек  болғаны  –  жеке 

меншік  үлесіндегі  төрт  түлік  малдың  денсаулығы  һәм 

жар жағалай орын тепкен орманның амандығы. Жиынды 

тізгіндеген  ауыл  әкімі  Ж.Байтілеуова  мәжіліс  залына 

жиналған  бесқарағайлықтарға  жиынға  келген  мейман 

мамандарды таныстырды. Сондағысы – Лебяжі аудандық 

мәслихаты хатшысы Қ.Әлтаев, Павлодар облысы табиғи 

ресурстар  және  табиғатты  пайдалану  басқармасына 

қарасты Павлодар орман және жануарлар әлемін қорғау 

жөніндегі  мемлекеттік  мекеменің  биолог  -  аң  аулау 

танушысы  Л.Оралтаева,  Лебяжі 

аудандық ветеринария бөлімінің 

басшысы 

Н.Жолмағамбетов, 

Лебяжі  телемұнара  басшысы 

А.Савицкий,  Қарақала  орман 

қорығының 

қорықшысы 

Т.Сейітов. 

Жиынды 


ашқан 

Жанат 


Шоқанқызы 

аудан 


бойынша 

бруцеллез  ауруына  шалдыққан 

малдың 

жағдайына 



ал-

аңдаушылық  білдіре  келе,  кө-

кейкесті  мәселенің  мән-жайын 

толығырақ  ашу  бағытымен  сөз 

тізгінін 

Н.Жолмағамбетовке 

бер-ді.  Нұрлан  Тоқсанбайұлы 

өз  кезегінде  бұл  тақырып  аясын 

көңілді  күпті  ететін  жайттармен 

кеңітті. Бруцеллез ауруына шал-

дыққан 

мал 


статистикасына 

сүйенетін  болсақ,  Баймолдин  ауылдық  округі  бойынша 

8  бас,  Жамбыл  ауылдық  округі  бойынша  екі  бас, 

Қызыләскер ауылдық округінде 66 бас, аудан орталығы 

Аққу ауылында тоғыз бас, Майқарағай ауылдық округінде 

төрт бас, Малыбай ауылдық округінде 132 бас, Шарбақты 

ауылдық округінде 98 бас, Шақа ауылдық округінде екі бас, 

Ямышев  ауылдық  округінде  156  бас  малда  анықталып 

отыр  екен  қазіргі  таңда.  Атынан  ат  үркетін  осынау  мал 

дертінен  тек  Қызылағаш  ауылдық  округі  саналатын 

Бесқарағай  елді  мекені  ғана  дін  аман  болып  табылып 

отыр.  Аймақ  бойынша  бруцеллез  ауруының  өршуі 

бойынша  Баянауыл  ауданынан  кейін  «екінші  орынды 

иемденудеміз»  екен.  Ауданымыздың  бас  ветеринары 

дерт жайлап отырған елді мекендерден мал ауыстырып-

түйістіруде,  одан  қала  берді  сол  жақтардан  мал  азығы 

шөпті сатып-саудалауда сақтық шараларын жіті ескеруді 

шегелеп  тұрып айтты. Бруцеллезге  шалдыққан  малдың 

төліне  де  бұл  дерт  жұғады.  Әсіресе  мал  дәрігерлерінің 

құнды  ақыл-кеңесіне  саналы  түрде  жүгінегу  шақырды. 

Ал адам денсаулығына аса қауіпті бруцеллез ауруының 

алдын алу үшін қолдағы жеке меншік малға жаппай РВ-

51  деп  аталатын  дәрі  вакцинасын  жаппай  егу  керек. 

Құны бар болғаны 500 теңгені құрайтын аталмыш екпені 

жылына бір рет ексе болғаны. Оның үстіне бұл екпе мал 

қанында бір ай бойы ғана болады. Қалау бойынша екінші 

қайыра  еккенде,  малдың  иммундік  жүйесі  бруцеллезге 

төтеп  беретін  қорғаныс  күшке  ие  болады.  Тәжірибеден 

бірнеше рет сыналған аталмыш вакцинаның пәрмені мал 

дәрігерлерінің  көңілінен  шығып,  өзін  оңтайлы  жағынан 

танытқанға ұқсайды. Демек, ендігі кезекте малды осы ем-

дом арқылы аман сақтап қалуға кепілдік туындап отыр. 

Өз әңгімесін одан ары өрбіткен Нұрлан Тоқсанбайұлы 

мал  сойып  тапсыруда  арнайы  анықтаманы  алу  ретіне 

де  тоқталды.  Қасапханада  сойылған  малға  ғана 

анықтама  беріледі.  Басқа  көлеңкелі  жағдайларда 

бұған заңды түрде тыйым салынған. Бармақ басты, көз 

қыстыға, заңды белінен басып кетуге әсте ешкімге және 

ешқашан жол берілмейді. Сонымен бірге жылқы малын 

бірдейлендіру,  яғни  чиптеуге  де  тоқталды.  Күріштің 

түйіріндей  ғана  кішкентай  құрылғыны  мал  екпесінің 

шприці  арқылы  арнайы  мамандандырылған  маман 

ғана  салады.  Чиптелген  жылқы  малы  компьютерлік-

сканерлік есепте тұрады да көлденең ұры-қарылардың 

барымташылық  әрекетінен  аман  қалады.  Ұдайы  жіті 

бақылауда  тұрғандықтан,  қайда  жүргені  анықталып 

отырады  екен.  Бір  чиптің  бағасы  750  теңгені  құрайды. 

Жылқы  малын  аман  сақтап  қалу  бойынша  Нұрлан 

Тоқсанбайұлы өмірден алынған мысалдарды да жайып 

салды.  Демек,  қолды-аяққа  тұрмайтын  жылқы  малын 

аман  сақтауда  оны  бірдейлейдірудің  маңызы  күн 

санап  артып  келеді.  Сайып  келгенде,  ауданымыздың 

бас  мал  дәрігері  бесқарайлықтарға  төрт  түлікті  аман 

сақтау  бойынша  пайдалы  ақыл-кеңесін  беруден  аянып 

қалмады.

Әрі  аудандық  мәслихат  хатшысы,  әрі  осы  ауылдан 

аудандық  мәслихатқа  депутат  болып  сайланған  Қанат 

Мыңтайұлы  өз  кезегінде  жоғарыда  әңгіме  болған 

көкейкесті мәселеге асқан азаматтық жауапкершілікпен 

қарауға ауыл тұрғындарын шақырды. 

  Ал  сонау  аймақ  орталығынан  ат  терлетіп  келген 

биолог-аң  аулау  танушы  Ләззат  Қайыржанқызы  өз 

сөзінде бесқарағайлықтарға Табиғат-Ананың баға жетпес 

байлығы  орманды  өрттен,  басқа  да  көлденең  дерттен 

сақтап қалу жайында нұсқаулық жүргізді. Орман ішінде 

отын ағашын дайындауда сол аймақта жауапты болып 

бекітілген егерьмен, қорықшымен алдын ала ақылдасу 

қажеттігін,  орман  аумағында  шөп  шабуда  да  заң 

жүйесіне жүгінуге шақырды. Қарақала орман қорығының 

қорықшысы Т.Сейітов облыстан келген маманның сөзін 

қосымша  кеңестермен  толықтырып  отырды.  Кейбір 

мәселелерге  нақты  жауаптар  алынды.  Айталық,  орман 

ішінде болсын, ауыл ішінде болсын бейберекет һәм еш 

бақылау-қараусыз жүрген төрт түлік малды құрықтауды 

ауыл сақшысы А.Байғожинге міндеттелді. Сонымен бірге 

Бесқарағайға  қарасты  орманды  аман  сақтау  бойынша 

Қарақала  орман  қорығының  егері  Е.Аубакировке  де 

нақты міндеттер жүктелді. 

Лебяжі  телемұнара  басшысы  А.Савицкий  өз  кезегін-

де  ауылда  сандық  және  қашықтық  телекөрсетілім 

тарату  жайында  кеңінен  әңгіме  өрбітті.  Алексендр 

Александровичтің  айтуына  қарағанда,  келесі  жылдан 

бастап  еліміз  бойынша  жаппай  сандық  я  жерсерік 

телерадио  хабарларын  таратуға  көшу  көзделіп  отыр 

екен.  Сол  себепті  үйлердің  төбелерінен  аспанға  қарай 

шошайып тұрған үйреншікті антенналар қажетсіз болып 

қалатын сияқты. Ал сандық пішіндегі телекөрсетілімдерді 

қабылдау  үшін  арнайы  таратылым  құрылғысын 

орнатуға тура келеді немесе ел көңілінен шығып жүрген 

«OTAU  TV»  жерсеріктік  телерадио  хабарларын  тарату 

құрылғысын  орнатуға  болады.  Оның  қазіргі  таңдағы 

құны  28000  теңгені  құрайды.  Егер  бес  үйден  кем  емес 

топ ұйымдасқан түрде орнатуға өтініш берсе, онда оны 

орнату құны бақандай бес мыңға арзанға түсуі мүмкін. 

Таңды  таңға  жалғап,  өз  тірлік-тіршілігін  дөңгелентіп 

отырған Бесқарағай елді мекенінде орман ішінде, ауыл 

ішінде бейсауат жүрген ірі қара мен бұзаулар мазалауда. 

Соңғы  кезде  орман  жиегінде  егілген  картопқа  да  бағу-

қағусыз жүрген мал аузын сала бастады. Бұдан кейін ауыл 

тұрғындарының алаңдаушылығы үдей түсті. Созылмалы 

дерттей әуелден шешімін таппай келе жатқан мәселенің 

бірі – ұялы байланыс сапасы. Кез келген ұялы байланыс 

операторының  дабылы  бірде  олай,  бірде  былай.  Ауыл 

мен  ауданның,  ауыл  мен  аймақ  орталығын  жалғайтын 

жолаушылар  үшін  қызмет  көрсетуге  тиіс  маршруттық 

автобус мәселесі де кесе-көлденең жатып алды. 

Қорытындылай келе, аталмыш ауылдық келелі жиында 

күн  тәртібіндегі  басты-басты  мәселелерге  нақты-нақты 

жауаптар  алынды.  Ат  арылтып  келген  алыс-жақын 

мамандар  бесқарағайлықтарды  құнды-құнды  ақыл-

кеңестерімен  сусындатты.  Ауылдың  өміршең  тірлігі 

заңды түрде жалғасуда.                  



Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ, 

Бесқарағай ауылы.

ӘҢГІМЕ ӨЗЕГІ – МАЛ 

ДЕНСАУЛЫҒЫ һәм 

ОРМАН АМАНДЫҒЫ

А у ы л д а ғ ы   к е л е л і   ж и ы н   

02.08.2014ж.  № 30 /7706/

А ќ ќ у   ‰ н і

2

Ұлы баба хақында

Ақынның арғы тегі Орта жүз Тобықты Арғын ішіндегі Олжай 

батырдан басталады. Олжайдан Айдос, Қайдос, Жігітек есімді 3 

ұрпақ тарайды. Бұлардың әрқайсысы кейін бір-бір рулы ел болып 

кеткен.  Айдостың  Айпара  деген  әйелінен:  Ыргызбай,  Көтыбақ, 

Топай,  Торғай,  деген  4  ұл  туады.Бұлардың  әкесі  момын,  шаруа 

адамы, ал шешесі өткір тілді, өр мінезді әйел болған. Сол Айпара 

балаларына:

«Шынжыр балақ, шұбар төс Ызгызбайым,

Тоқпақ жалды торайғыр Көтібағым,

Әрі де кетпес, бері де кетпес Топайым,

Сірә да оңбас торғайым…»

Ана  айтқанындай,  шынында,  бұлардың  ішінде  Ырғызбай 

ортасынан  оза  шауып,  ел  басқарған.  Ырғызбайдан  Үркер, 

Мырзатай, Жортар, Өскенбай тарайды. Өскенбай шаруаға жайлы, 

билікке  әділ  кісі  болғандықтан,  "Ісің  адал  болса  Өскенбайга 

бар,арам болса Ералыға бар” деген мәтел сөз қалған.Өскенбайдың 

әйелі Зереден Құнанбай туады.

Құнанбай  4  әйел  алған  адам.  Оның  бәйбішесі  Күңкеден  – 

Кұдайберді,  інісі  Құттымұхамбетке  айттырылып,  қалыңдық 

кезінде жесір қалған соң өзі алған екінші әйелі: Ұлжаннан – 

Тәңірберді (Тәкежан), Ибраһим (Абай), Ысқақ, Оспан, үшінші 

әйелі  Айғыздан  –  Халиулла,  Ысмағұл  туады.  Қартайған 

шағында  үйленген  ең  кіші  әйелі  Нұрғанымнан  ұрпақ  жоқ. 

Абайдің " Атадан алтау, анадан төртеу едім дейтіні осыдан.

Абай 10 тамыз 1845 ж. қазіргі Семей облысының Шыңғыс 

тауларында  Қарқаралының  аға  сұлтаны  Құнанбайдың  төрт 

әйелінің бірі, екінші әйелі Ұлжаннан туған. Орта жүздің Арғын 

тайпасының Тобықты руынан шыққан билер әулетінен. Әкесі 

Өскенбайұлы  Құнанбай  өз  заманындағы  атақ  даңқы  алысқа 

кеткен адамдардың бірі болған. Патша өкіметі XIX ғасырдың 

ортасындағы  бір  сайлауда  оны  Қарқаралы  ауданының  аға 

сұлтандығына  бекіткен.  Шешесі  Ұлжан  Орта  жүздің  Арғын 

тайпасынан  Қаракесек  руының  шешендікпен,  тапқырлық, 

әзіл  әжуамен  аты  шыққан  шаншарлардың  қызы  «Абай»  деп 

жас Ибраһимді анасы Ұлжан еркелетіп атаған. Содан бері бұл 

есіммен Абай тарихқа енді.

Болашақ ақын сабырлы мінезімен, кең пейілімен ел анасы 

атанған  "кәрі  әжесі”  Зеренің  таусылмайтын  мол  қазынадай 

аңыз ертегілерін естіп, абысын-ажынға жайлы, мінезі көнтерлі, 

әзіл-қалжыңга шебер, жөн-жобага жетік өз анасы Ұлжанның 

тәрбиесінде  өсті.  Абай  әуелі  ауылдағы  Ғабитхан  молдадан 

сауатын  ашады  да,  10  жасқа  толған  соң  3  жыл  Семейдегі 

Ахмет  Риза  медресесінде  оқиды.  Бұл  медреседе  араб,  парсы 

тілдерінде, негізінен, дін сабағы жүргізілетін еді. Құрбыларынан 

анағұрлым зейінді бала оқуға бар ықыласымен беріліп, үздік 

шәкірт атанады. Ол енді дін оқуын ғана місе тұтпай, білімін 

өз  бетінше  жетілдіруге  ұмтылады.  Сөйтіп  көптеген  шығыс 

ақындарының  шығармаларымен,  араб,  иран,  шағатай  (ескі 

өзбек) тілінде жазылған ертегі, дастан, қиссалармен танысады, 

Шығыстың Низами, Науаи, Сәғди, Қожа Хафиз, Физули сияқты 

ұлы  ғұлама,  классик  ақындарына  бауыр  басады.  Медресенің 

үшінші  жылында  Абай  Семей  қаласындағы  "Приходская 

школаға”  да  қосымша  түсіп,  орысша  сауатын  аша  бастайды. 

Бірақ бұл оқуын әрі жалғастыра алмай, небәрі 3 жылдан соң 

оның мұсылманша да, орысша да оқуы аяқталады.

Абайдың басқа балалардан алымдылығын аңғарған Құнанбай 

оны  елге  шақырып  алып,  өз  жанына  ертіп,  әкімшілдік-билік 

жұмыстарына араластырмақ болады. Сөйтіп 13 жастағы Абай ел 

ісіне араласады. Абай әке қасында болған жылдарда атқамінер 

би-болыстардың  қулық-сұмдықтарын,  қазақ  даласына  ыдырай 

бастаған  феодрулық  қатынастардың  кереғар  қайшылықтары 

кіріптар  еткен  әлеуметтік  теңсіздіктің  зардаптарын,  аштық  пен 

жалаңаштықты, патриархалдық, кертартпа салт-сана, әдет-ғұрып 

зандарының залалдарынын айқын түсінді.

Патша  үкіметінің  отаршылық  саясаты  мен  парақор  орыс 

әкімдерінің  жергілікті  би-болыстардың  арамза  әрекеттерін 

айнытпай  танып,  көкірегінде  жиркеніш  сезімі  оянып,  соларға 

қарсы күресуге бел буды, " елге пайдалы, адамгершілігі бар, әділ 

басшы болсам ғана жақсы адам боламын” деген тұжырымға бекіді. 

Осы мақсатпен болыс сайлауына түсіп, жеңіп шығады да, 1876-

1978 ж. Қоңыр-Көкше еліне болыс боладі. Бұл жылдары Абай өз 

қолындағы билікті пайдаланып, әділдік таразасын тең ұстауға күш 

салды. Әлсізге зорлық көрсеткендерді, ұрлық жасағандарды қатты 

жазаға тартып, халық қамқорына айналды. Оның ел басқарудағы 

бұл бағыты халықты қалауынша езіп-жаншып жүрген шонжарлар 

тарапынан  қатты  қарсылыққа  ұшырады,  үстінен  оязға  жалган 

арыз  айтушылар  көбейді.  Соның  бірі  Үзікбай  Бөрібаевтың 

"Таймақкөл  деген  жерімді  тартып  алды  ”  деген  жалған  арызы 

бойынша  көтерілген  іс  10  жыл  сүргінге  созылып,  ақыры  Е.  П. 

Михаэлистің көмегімен аяқсыз қалды. П. В. Маковецкий бұл істі 

1884 ж. 27 тамызда жалған жала деп тауып, қысқартып тастады. 

Ақын үстінен жазылған "Абай барымта алды, ауыл шайып әйел 

қорлады”  деген  бір  топ  шонжар  дұшпандарының  арызы  да 

нәтижесіз қалды.

Ақын саяси қызметі үшін 1870 жылдары Петербургтен Семейге 

айдалып келген Михаэлиспен, 80-жылдарда орыс демократтары 

Н. И. Долгополов, А. А.Леонтьевпен танысады. Бұл озық ойлы 

азаматтардың Абайдың саяси-әлеуметтік көзқарасына игі ықпалы 

тигізгені  сөзсіз.  Бірақ  Абай  Құнанбаев  орыс  мәдениетімен, 

әдебиетіменен,  демократтық  көзқарастарымен  осы  кісілер 

арқылы деу ағат айтқандық болар еді. Бұл тұста М. О. Әузовтың 

"Ал, кейін орыс тілін біліп, орыстың ұлы мадениетін мол, терең 

тани бастаған Абай озғын ойды бұлардан үйренбейді. Пушкиннің 

өзінен,  Белинский,  Герцен,  Чернышевский,  Салтыков-Щедрин, 

Некрасовтардың  өз  мұраларын  оқып,  кең,  терең  тарбие  алды. 

Абайдың классик ақын болған маңызын, әлеументтік көзқарасын 

тек Михаэлис әсерінен деп қойсақ, әрі Абайға, әрі орыс халқының 

ұлы  мұрасына  және  ұлы  даналарына  қиянат  сөз  айтқан  болар 

едік ” деген тұжырымын келтірсек те жеткілікті. Абай осылайша 

Европаның ‘Гете, Байрон сияқты ақындарын, Спенсер, Спиноза, 

Льюис,  Дарвин,  Дрепер  сынды  ғұламаларының  туындыларын 

оқыды.  Сөйтіп  Әуезовтың  сөзімен  айтқанда  "1884  жылдары, 

жасы қырыққа таман ілінерде, ол дүниеден көп мағлұматы бар кісі 

болды.” Абай осы тұста, 1886 ж. досы Михаэлистің ұсынысымен, 

Семей  облысы  Статистика  комитетінің  толық  мүшесі  болып 

сайланды.

1875 жылы Қоңыркөкше елінде өткен сайлауда жеңіп шығып, 

1878 жылға дейін болыс болады. Қазақ халқының дәстүрлі ел билеу 

жосындарын, әдет-ғұрып заңдарын жетік білетін Абай ел ішіндегі 

әр  алуан  әкімшілік-құқықтық  реформаларға  белсене  араласады. 

Егде тартқан шағында әкімқара биліктен, атқамінерліктен іргесін 

аулақ  салып,  шығармашылықпен  ғана  шұғылданады.  Абайдың 

көптеген шығармаларында Адам, Болмыс және Ралам тақырыбы, 

сондай-ақ, абсолюттік ақиқат сыры тұрақты орын алады. 

1885 ж. мамыр айында Шар өзенінің бойындағы Қарамола деген 

жерде  Семейдің  ген.-губернаторы  Цеклинцкийдің  басқаруымен 

Семей  губернасиясына  қарайтын  5  уездің  100-ден  астам  би-

болыстары бас қосқан төтенше съезі өткізілді. Осы съезде төбе би 

болып сайланған Абайға "Семей қазақтары үшін қылмысты істерге 

қарсы заң ережесін” әзірлеу тапсырылды. Абай бастаған комиссия 

барлығы 93 баптан тұратын ережені 3 күн, 3 түнде әзір етті. Бұл 

қазақ  қауымында  ежелден  қалыптасқан  кертартпа  әдет-ғұрып 

заңдарына да, патша өкіметінің халықты қанаушылыққа ,зорлық-

зомбылыққа негізделген заңына да ұқсамайтын, өзгеше құжат еді. 

Оның  әсіресе  ұрлық,  қылмыс  пен  әйел  мәселелеріне  арналған 

баптары  ерекше  құнды.  Бірақ  Абайдің  атақ-даңқын  осынша 

көкке көтерген Қарамола съезінен кейін оның дұшпандары тіпті 

еліріп кетті. 1890 ж. Байғұлақ, Кұнту деген жуандардан бастаған 

16 атқамінер Жиренше қыстауының шетіндегі Ши деген жерде 

Абайға қарсы дұшпандық әрекетке сөз байласады.

1891 жылдан бастап Абай басына ауыртпалық түсіп, бір-біріне 

ұласқан қайғы бұлты ашылмай қояды. Осы жылы ақынның сүйікті 

інісі  Оспан  жарық  дүниеден  өтеді.  Одан  кейін  орысша  әскери 

білімі бар, үлкен үміт күткен баласы Әбдірахманнан айырылады. 

Бұлардың  қазасының  ақын  жанына  қандай  батқаны  оның  осы 

тақырыпқа арнаған топтама өлеңдерінен айқын көрінеді. Сөйтіп 

жүргенде  соңғы  тіренішіндей  болған  дарынды  ақын  баласы 

Мағауия да қайтыс болды. Осындай қабаттасқан қайғы қасіреттен 

күрт сынған Абай Мағауияның қазасынан кейін қырық күннен соң, 

өзі де дүние салады. Ақынның сүйегі Шыңғыстаудың ығындағы 

Жидебай  мекенінде,  інісі  Оспанның  жанына  жерленеді.  Бұл 

күнде ол арада қазақтың ұлы екі перзенті — Абай мен Шәкәрімге 

деген ұрпақтың өшпес махаббатының, ізгі құрметінің белгісіндей 

болып, сәулет өнерінің соңғы үлгісімен салынған қос мұнаралы 

кешенді алып мазар тұр.

1891 ж. Оразбай бастаған дау 1897 жылға дейін созылады. Бұл 

шиеленістің аяғы 1898 жылғы Мұқыр сайлауындагы жанжалға, 

Абай өміріне қастандыққа әкеп соқтырады. Ақын бұл жанжалдың 

барша  жиренішті  сырын  ,  өзінің  ақ  екендігін  Сенатқа  хатында 

барынша айғақты деректермен дәлелдеп береді. Абай өлең жазуды 

10  жасында  ("Кім  екен  деп  келіп  ем  түйе  қуған…”)  бастаса,  өз 

өлеңдеріне шығаруды шамамен 1880-1997 ж. аралығында көбірек 

қолға  алған.  Өлеңдерін  әркімдердің  атымен  таратып,  Көкбай 

атынан бастырған ақын жазған өлеңдерін "жинауды ” шәкірттеріне 

1896  ж.  ескерткен.  Ал  қара  сөзбен  жазылған  ғақлия-өсиеттерін 

1890-98 ж. аралығында қолға алған. Абай 3 әйел алған. Байбішесі 

Ділдадан:  Ақылбай,  Әбдірахман,  Кұлбадан,  Әкімбай,  Мағаұия, 

Райхан; екінші әйелі Әйгерімнен Тұрағұл, Мекайыл, Ізкаіл, Кенже 

деген 7 ұл, 3 қыз сүйген. Келіндей алған әйелі Еркежаннан ұрпақ 

көрген жоқ.



  1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал