№30 (7065) 25 шілде 2017 жыл



жүктеу 383.9 Kb.

бет2/4
Дата14.09.2017
өлшемі383.9 Kb.
1   2   3   4

Өткен жұма күні «Нұр 

Отан» партиясы аудандық 

филиалының ғимаратында 

филиал төрағасы, 

аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов тұрғындарды 

қабылдады.

Қабылдауға  «Нұр  Отан»  партиясы  аудандық  филиалы 

төрағасының бірінші орынбасары Тілеген Арыстанбеков, жұмыспен 

қамту  және  әлеуметтік  бағдарламалар  бөлімі  басшысы  Жанғуат 

Еркеғалиев,  тұрғын  үй­коммуналдық  шаруашылық,  жолаушылар 

көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Бисенбек На­

симоллин және Сайқын ауылдық округі әкімі Мейрамбек Аққалиев 

қатысты.


Келген  тұрғындар  өз  көкейлерінде  жүрген  өзекті  мәселелерін 

ортаға  салды.  Мәселен,  Сайқын  ауылының  тұрғыны  Айтқаным 

Мағазова  қазір  ұл­келіні  қолында,  жұбайы  да,  балалары  да 

жұмыссыз  екенін,  үй  жағдайы  ескі,  жөндеу  қажеттігін,  оған 

қаржыларының  тапшылығын  айтып,  үй  кезегіне  тұруға  өтініш 

жазғанын жеткізді. Бисенбек Жамбылұлы ол кісінің күйеуінің атын­

да тұрғын үй бар екендігін, жұмыссыз келін­баласының әлеуметтік 

жай­күйі анықталмағандықтан ешбір кезекке қою мүмкіндігі болмай 

тұрғандығын түсіндірді. Аудан әкімі бұл өтінішке қатысты арнайы ко­

миссия  құрылып,  тұрғын  үйлері  толықтай  тексеруден  өткізілетінін, 

егер талапқа сай келмесе, тиісінше шаралар алынатындығын айт­

ты.


  Ал,  жұбайы  екеуі  де  жұмыссыз  екенін,  әрі  үш  қыздары  барын, 

өзінің жүктілігін, оның үстіне пәтерден­пәтерге көшіп жүргенін алға 

тартқан    Бибігүл  Сәрсеналиева  отағасына  тұрақты  жұмыс  тауып 

беруге  көмек  сұрады.  Оған  Нұрлан  Сағынтайұлы  мүмкіндігінше 

жұмыстанатындығын қаперіне берді. 

Сондай­ақ, бұл күнгі қабылдауға келген өзге жерлестеріміз де өз 

өтініш­тілектерін айтып, жауаптар алды.

Әділет ӘЗІЛХАНҰЛЫ.

Иә,  біздің  бүгінгі  әңгімеміз  шырылда­

майтын  шегіртке,  яғни,  өсімдіктің      қас 

жауы – италияндық прус туралы болмақ. 

Оның біздің өңірімізде пайда болуы сонау 

кеңес  дәуірінен  басталады.  Түп  төркінін 

індетіп,    ғылыми    сипаттама  беруді  мақ­

сат тұтпағандықтан, біз осы өсімдік зиян­

кесімен  күрестің  ауданымызда  қалай 

ұйымдастырылып  жатқанынан хабардар 

етпекпіз.

Аудандық  аумақтық  инспекция  (ААИ) 

мен республикалық фитосанитарлық дио­

гностика  және  болжамдар  әдістемелік 

орталығының (РФД және БӘО) аудандық 

филиалы  мамандары  бірлесіп,  жыл  са­

йын  италияндық  прус  шегірткелерінің 

дернәсіліне  мониторингтік  бақылау  және 

оған қарсы химиялық өңдеу жұмыстарын 

ұйымдастырады.  Биылғы    бақылау  жүр­

гізілген 350 мың гектар жердің 198,6 мың 

гектарынан  дернәсілдердің  қоныстағаны 

анықталып,  экономикалық  зиянды  шегі­

нен  асқан  аймақ  111,085  мың  гектарды 

құрады. Дернәсілдердің бастапқы жанда­

нуы 10 мамырда байқалса,  жаппай жан­

дануы 22­29 мамырға дейін созылды. Тіп­

ті, ауа райының жаңбырлы, салқын болуы 

салдарынан  шығар,  олардың  даму  саты­

сы шілде айына да жетті. Химиялық өндеу 

жұмыстарын  «Запказфумигация» ЖШС­і 

жасады. 27 мамырдан 27 маусымға дейін 

еңбектенген олардың 4 автоқондырғысына 

әр  округтен    шығарылған  анықтаушылар 

бағыт­бағдар  берді.  Сөйтіп,  Бисен 

ауылдық  округінде  15  мың  (анықтаушы 

Айтмағанбет  Садыров),  Т.  Масинде  32 

мың  (Есболат  Хамзин),  Ордада  36,085 

мың (Сақтар Ғабдошев), Ұялыда 25,3 мың 

( Бекжан Ғаббасов), Мұратсайда 2,7 мың 

гектар  жер  өңделді.  Желдің  күштілігі  мен 

жаңбыр науқан барысына кері әсер ететін­

діктен,  жұмыс  көбіне  жел  жылдамдығы 

5­6  метр  секундтан,    ауа  температурасы 

24°С аспаған жағдайда жүргізілді. Соның 

өзінде  шегіртке  миграциясы  құмнан   

қырға  –  Сайқын,  Мұратсай  ауылдық  ок­

ругтеріне  қарасты  елді  мекендердің  кей­

біреуіне  жетіп  қалды.  Дернәсілдермен 

салыстырғанда  ересек  шегірткелердің 

жайылым мен шабындыққа келтірер зияны 

төмен. Олар бір жерде тұрақтамайды, со­

нымен қатар  шағылысу және тұқым салу 

кезеңінде  қоректенуін  азайтады.  Тұқым 

салғаннан  кейінгі  4­5  күн  аралығында 

табиғи түрде жойыла бастайды.

Қыр өңірі құмға  қарағанда италияндық 

прус шегірткелерінің өсіп­өнуіне қолайсыз. 

Тастаған тұқымдары қатты топыраққа сіңе 

қоймайды.    «Сақтықта  қорлық  жоқ»  де­

ген,  келер  2018    жылғы  химиялық  өндеу 

жұмыстарына  қыр  өңірлерін  де  кіргізуді 

жоспарлап отырмыз. 

Мырзабай НҰРҒАЛИЕВ,

аудандық ААИ бас маманы – 

өсімдік қорғау  жөніндегі 

мемлекетік инспектор.

Миллат ҮМБЕТАЛИЕВ,

РФД және БӘО аудандық 

филиалының маманы.

Бұл да бір тажал 

Шегірткелер шеруі

шілдеде де саябырсымай тұр

7 тамыз – округ әкімдерін сайлау күні



Аудандық сайлау комиссиясының хабары

Округ әкімі лауазымына тіркелген үміткерлер тізімі

Ауылдық 

округ атауы

Реттік 

саны

Үміткердің аты-жөні

Туған күні, 

айы, жылы

Білімі, мамандығы

Қызмет орны, лауазымы

Тұрғылықты жері

Партиялылығы

Бисен

1

Абдуллин Шыңғыс Тұрарбекұлы



08.03.1985

Жоғары, экономист

Бөкей ордасы ауданы әкімі аппаратының бөлім басшысы

Бөкей ордасы ауданы, Сайқын ауылы

-

2

Қарағойшин Берқайыр 



Мұханғалиұлы

01.11.1969

Жоғары, химия және биология 

пәнінің мұғалімі

Бөкей ордасы аудандық жұмыспен қамту орталығының 

директоры

Бөкей ордасы ауданы, Сайқын ауылы

-

3



Саматов Қайырсапа

18.03.1955

Жоғары, физика пәнінің мұғалімі

Бисен ауылдық округінің әкімі

Бөкей ордасы ауданы, Бисен ауылы

«Нұр Отан»



Мұратсай

1

Әбдірешев Талғат Әбілқасымұлы



10.06.1981

Жоғары,  жол қозғалысының 

инженері, заңгер

Бөкей ордасы аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің 

бас маманы

Бөкей ордасы ауданы, Сайқын ауылы

-

2

Ғилманов Мейрамбек Мүдаресұлы



16.05.1982

Жоғары, экономист

Бөкей ордасы аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене 

шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы

Бөкей ордасы ауданы, Сайқын ауылы

-

3



Ташуов Жалғас Есқайырұлы

13.05.1988

Жоғары,  инженер машина 

жасаушы, заңгер

БҚО кәсіпкерлер палатасының Бөкей ордасы 

бөлімшесінің заңгер-кеңесшісі

Бөкей ордасы ауданы, Сайқын ауылы

«Нұр Отан»



Темір Масин

1

Қабдығалиев Тимур Сиражұлы



12.12.1975

Жоғары, информатик

М.Бегалиева атындағы ЖОББ мектебінің директоры

Бөкей ордасы ауданы, Бөрлі ауылы

-

2

Қитанов Меңдібай



08.05.1961

Жоғары, заңгер

Темір Масин ауылдық округінің әкімі

Бөкей ордасы ауданы, Бөрлі  ауылы

«Нұр Отан»

3

Хайруллин Алмас Нұрғалымұлы



06.04.1985

Жоғары, экономист

Бөкей ордасы аудандық мәслихат аппаратының басшысы

Бөкей ордасы ауданы, Сайқын ауылы

-

Ұялы

1

Әжіғалиев Асқар Ғайноллаұлы



06.03.1983

Жоғары, тарих пәнінің мұғалімі

Бөкей ордасы аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы

Бөкей ордасы ауданы, Сайқын ауылы

-

2

Карин Руслан Ғабділманұлы



14.03.1984

Жоғары, агроном

Бөкей ордасы аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы

Бөкей ордасы ауданы, Сайқын ауылы

-

3

Оразғұлов Бақытжан Аманғалиұлы



19.10.1956

Жоғары, мал дәрігері

Ұялы ауылдық округінің әкімі

Бөкей ордасы ауданы, Ұялы ауылы

«Нұр Отан»

Аудандық сайлау комиссиясының төрайымы  Л.ҚАЙЫРҒАЛИЕВА.

Өткен сәрсенбідегі әкімдік отырысына аудан әкімі 

Н.С.Рахымжанов, әкім аппаратының жауапты қызметкерлері, 

ауылдық округ әкімдері, дербес бөлімдер мен мекеме басшы-

лары, өзге де шақырулы адамдар қатысты. Онда негізінен күн 

тәртібіне үш мәселе шығарылып, талқыланды.

Ақпараттық хабарлама

«Жайық  Пресс»  ЖШС­нің  Бөкей  ордасы  филиалы  («Орда 

жұлдызы» газеті) 2017 жылдың 7 тамызында өтетін Бисен, Мұратсай, 

Т.Масин  және  Ұялы  ауылдық  округі  әкімдері  сайлауында  дауысқа 

түсетін үміткерлерге сайлауалды бағдарламаларын және аталмыш 

саяси  науқанға  қатысты  жарнамалық  материалдарды  жергілікті 

баспасөз бетінде орналастыру үшін баға ұсынымын жариялайды: 

1.Cайлау 

науқанына 

қатысты 

жарнамалық­ақпараттық 

материалдардың бағасы (1 шаршы см) – 150 теңге;

2.Үміткерлер үшін:

–  Бағдарламаларды  ақ­қара  түсті  беттерге  орналастыру  бағасы  

(1 шаршы см) – 130 теңге;

–  Бағдарламаларды  түрлі­түсті  беттерге  орналастыру  бағасы  

(1 шаршы см) – 180 теңге.

Жарияланым,  яғни,  басылым  орнын  ұсынғаны  үшін  төленетін 

тиесілі қаржылар саяси науқан қорытындысынан кейін тапсырысты 

орындаушының банктік есепшотына аудару арқылы жүзеге асады.

Жерлестер назарына!

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбай­

лас жемқорлыққа қарсы іс­қимыл Агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа 

қарсы  іс­қимыл  Ұлттық  бюросының  (Сыбайлас  жемқорлыққа 

қарсы  қызмет)  Батыс  Қазақстан  облысы  бойынша  департаменті 

басшысының  орынбасары  Жомарт  Қаражанұлы  Әбдірахманов 

2017  жылдың  4  тамыз  күні  сағат  10:00­де  аудан  әкімдігінің  кіші 

мәжіліс залында жеке қабылдау жүргізеді. 

Келемін деушілерге есік ашық.



АУДАН ӘКІМШІЛІГІ.

25 шілде 2017 жыл

4

E-mail: too-orda@bk.ru



ЖҰЛДЫЗЫ

ОрДа


www.ordazhuldyzy.kz

САМАТОВ ҚАЙЫРСАПА 

1955 жылы 18 наурызда Бисен ауы­

лында дүниеге келген. Білімі жоғары, 

1978  жылы  Қарағанды  мемлекеттік 

университетін  «физика­математика» 

мамандығы  бойынша  бітірген.  Еңбек 

жолын Б.Жәнекешев орта мектебінің 

физика  пәнінің  мұғалімі  болып 

бастаған.  Кейін  осы  мектептің  ди­

ректоры  (1987­93ж.),  физика  пәнінің 

мұғалімі  (1993­94ж.)  қызметтерін 

атқарған.  1996  жылдың  мамыр  айы­

нан бастап Бисен ауылдық округ әкімі 

қызметінде.



САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

«Нұр  Отан»  партиясының  мүшесі 

ретінде,  Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың 

Қазақстан  халқына  Жолдауларын 

басшылыққа ала отырып, алға қойған 

тапсырмаларын  іске  асырып,  орын­

дауды  басты  мақсатым  деп  білемін 

және экономикалық дамудың жоғарғы 

қарқынын,  барлық  азаматтардың 

әл­ауқатының  бұдан  әрі  өсуін 

қамтамасыз ету бағытында өзіме жа­

уапкершілік жүктеймін. Қазақстанның 

болашағын,  әрбір  азамат  лайықты 

өмір  сүретін  әрі  өз  балаларының 

болашағы  үшін  сенімді  болатын,  әр 

тұлға жеке табысқа жету және өзінің 

барлық  қабілеттерін  іске  асыру  үшін 

мүмкіндігі бар мықты мемлекет ретін­

де көремін. Әрбір ауылдастарымның 

саналы 


біліммен, 

жұмыспен 

қамтамасыз  етілуін  қадағалап,  түйіні 

тарқатылмаған  мәселелерді  жоғарғы 

атқарушы  органдармен  бірлесе  ше­

шуге атсалысып, елдің мұң­мұқтажын, 

талап­тілектерін  мүмкіндігінше  орын­

дауды  басты орынға қоямын.

­  Тұрмысы  төмен  отбасылардың 

жай­күйін  үнемі  басты  назарда 

ұстап,  оларға  көмектесіп  отыруға 

жұмыстанамын.

­ Ауылдағы ең өзекті мәселелердің 

бірі  –  тұрғын  үй.  Сондықтан  үйсіз, 

жағдайы  төмен  адамдар  үшін  округ 

орталығынан ипотекалық үй салу ісін 

жолға қоюды назарда ұстаймын.

­  Ауыл  жастарының  жай­күйі, 

тәрбиесі  үнемі  басты  назарымда. 

Осы  бағытта  жастар  ұйымының 

жұмысын 

жақсарту, 

жастарды 

жұмысқа  тарту,  олардың  салауатты 

өмір  салтын  ұстануға  бағыттайтын 

мәдени­көпшілік шараларды жандан­

дырамын.

­ Бисен ауылының орталығындағы 

иесіз  ғимаратты  жөндеп,  «Жастар 

орталығына»  айналдыру  жөніндегі 

ісімді жалғастырамын.

­  Әлеуметтік  әлсіз  топ  –  зейнет­

керлер,  мүгедектер,  көп  балалы,  аз 

қамтылған  отбасылардың  тұрмыс 

жайын жақсарту барысында үнемі бай­

ланыста болып, назарда ұстаймын.

­  Ауыл  тұрғындарының  негізгі  күн 

көрісі – мал өсіру. Сондықтан да ауыл 

тұрғындарымен  түсінік  жұмыстарды 

әлі де жалғастырып, ауылдастардың 

мал  тұқымын  асылдандыру,  борда­

қылау шаруасымен көптеп айналысуға 

еңбектенемін.

­ Жеке шаруашылықтар, округімізде 

тағы да мал шаруашылық кооперати­

втерін  құру,  үкімет  бағдарламаларын 

тиімді  пайдалану,  тиімді  несиелер 

алу, т.б. жұмыстарды жалғастыра бе­

ремін.

­ Болашақта Бисендегі су көзін мо­



лайту  жөнінде,  басқа  су  көзі  қорына 

қосу жөнінде жұмыстанамын.

­  Жиекқұм  ауылынан  балалар 

бақшасын ашу жөніндегі жұмысты әрі 

қарай жүргізе беремін.

­  Жиекқұм  ауылындағы  саябаққа 

су 

құбырын 


жүргізу 

жөнінде 


жұмыстанамын.

­  Жиекқұм  ауылында  ұялы  бай­

ланыс  орталығын  қондыру  жөнінде 

жұмыстана беремін.

­  Көктерек,  Жамбыл  бастауыш 

мектептерінің  күрделі  жөнделуін 

қадағалап,  байланыста  болып  оты­

рамын.


­  Бисен  ауылының  орталығынан 

«Мәдениет  үйін»  салуды  басты  на­

зарда ұстаймын.

­ Ауыл тазалығы, оны көгалдандыру 

жұмысын күн тәртібінен түсірмеймін.

­  Көктерек  ауылының  клубын 

жөндеуді қадағалап, жұмыстанамын.

­  Ауыл  орталығынан  сандық  те­

лехабар  орталығын  салдыру  үшін 

жұмысымды жалғастырамын.

­  Интернет  жүйесін  жақсарту 

бағытында 

жоғарғы 

органдарға 

мәселе қойып, назарымда ұстаймын.

ҚАРАҒОЙШИН БЕРҚАЙЫР 

МҰХАНҒАЛИҰЛЫ

1969 жылы 1 қарашада Бисен ауы­

лында дүниеге келген. Білімі жоғары, 

1994  жылы  А.С.Пушкин  атындағы 

Орал  педагогикалық  институтын 

химия  және  биология  пәндерінің 

мұғалімі  мамандығы  бойынша  бітір­

ген.  1994­2004  жылдары  Т.Масин 

атындағы 

орталау 


мектебінде 

мұғалім,  мектеп  директоры,  2004­

2006 жылдары аудандық мемлекеттік 

мұрағат  директоры,  2006­2007  жыл­

дары  аудандық  білім  беру  бөлімінде 

әдіскер  қызметтерінде  болды.  2007­

2011 жылдары аралығында аудандық 

білім беру бөлімінде маман, аудандық 

жұмыспен  қамту  және  әлеуметтік 

бағдарламалар бөлімінің бас маманы 

қызметтерін  атқарған.  2011  жылдың 

шілде  айынан  бастап  аудандық 

жұмыспен қамту орталығының дирек­

торы.


САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

­ Абаттандыру, көшедегі тазалықты, 

саябақтарға 

терек 


көшеттерін 

отырғызу,  сенбіліктер  ұйымдастыру 

жұмыстарын жақсарту.

­  Ауылдық  округке  қарасты  елді 

мекендерге  жарық  нүктелерін  орна­

ластыру. 

­  Кедей  отбасыларға  тиімді  болу 

үшін азық­түлік бағаларының монито­

рингін үнемі бақылауда ұстау.

­  Округ  бойынша  тіркеліп  тұрған 

шағын  кәсіпкерлік  субъектілерінен 

түсетін салықты және басқа да салық 

төлемдерінің  аудан  бюджетіне  дер 

кезінде түсуін қамтамасыз ету.



АБДУЛЛИН ШЫҢҒЫС 

ТҰРАРБЕКҰЛЫ

1985 жылы 8 наурызда Бисен ауы­

лында дүниеге келген. Білімі жоғары, 

2008    жылы  Батыс  Қазақстан  акаде­

миясын экономист мамандығы бойын­

ша бітірген.  Еңбек жолын 2009 жылы  

«Қазпошта»  АҚ­ның  Бөкей  ордасы 

ауданы  бойынша  торабының  опе­

раторы  болып  бастаған.  2009­2012 

жылдары  аудандық  жұмыспен  қамту 

және  әлеуметтік  бағдарламалар 

бөлімінің  бас  маманы,  2012­2014 

жылдары Сайқын ауылдық округі әкімі 

аппаратының бас маманы, 2014­2015 

жылдары  аралығында  аудан  әкімі 

аппаратының 

қаржы­шаруашылық 

және 


құжаттарды 

қамтамасыз 

ету  бөлімінің  құпия  құжаттармен 

жұмыс  жөніндегі  бас  маманы,  2015 

жылдың қараша айынан  аудан әкімі 

аппаратының  ұйымдастыру­бақылау 

және  персоналды  басқару  бөлімінің 

басшысы. 



САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

­ Еліміздің дамуы үшін Елбасының 

алға қойған істерін, барлық тапсырма­

ларын іске асыруды басты мақсатым  

деп білемін.

­  Халықтың  әлеуметтік  жағдайын 

жақсарту. 

­  Салауатты  өмір  салтын  қалып­

тастыру. 

­  Шағын  және  орта  бизнестің 

ауылдық  жерде  кең  өрісті  дамуына, 

асыл тұқымды мал шаруашылығының 

өркендеуіне үлесімді қосамын.

­  «Дипломмен  ауылға»  бағдарла­

масы  арқылы  жас  мамандарды 

ауылға  тартуға  бағытталған  іс­шара­

ларды жүзеге асыру.

­  Әлеуметтік  әлсіз    топ  –  зейнет­

керлер,  мүгедектер,  көп  балалы,  аз 

қамтылған  отбасылардың  тұрмыс­

жайын  жақсарту  барысында  үнемі 

байланыста боламын.

­ Елді мекендердің тазалығын, абат­

тандырылуын қадағалауға атсалысу.

­  Білім  сапасына  назар  аудару, 

жастардың бос уақыттарын қоғамдық 

жұмыстарға және ауданның әлеуметтік 

саяси жұмыстарына қатынастыру.

­  Елді  мекендердің  санитариялық 

жағдайын қамтамасыз ету мақсатында 

округ орталығы және барлық елді ме­

кен  көшелеріндегі  бұралқы  иттерді 

жою.

7 ТАМЫЗ – БИСЕН, МҰРАТСАЙ, ТЕМІР МАСИН, ҰЯЛЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМДЕРІН САЙЛАУ КҮНІ



ӘБДІРЕШЕВ ТАЛҒАТ 

ӘБІЛҚАСЫМҰЛЫ

1981  жылдың  10  маусымында 

Мұратсай  ауылында  дүниеге  келген. 

Білімі  –  жоғары,  2003  жылы  Батыс 

Қазақстан  аграрлық­техникалық  уни­

верситетін  жол  қозғалысының  инже­

нері, 2006 жылы М.Өтемісов атындағы 

Батыс  Қазақстан  мемлекеттік  уни­

верситетін  құқықтану  мамандығы 

бойынша бітірген. Еңбек жолын 2004 

жылы «Ақжайық» қорында супервай­

зер  қызметінен  бастаған.  2004­2007 

жылдары  аралығында  ҚР  Еңбек 

және  халықты  әлеуметтік  қорғау 

Министрлігінің Батыс Қазақстан облы­

сы  бойынша  Департаментінің  Бөкей 

ордасы  ауданы  бойынша  жетекші 

маманы  (еңбек  инспекторы),  2007­

2009  жылдары  Бөкей  ордасы  ауда­

ны  бойынша  әділет  басқармасының 

бас маманы, 2010­2013 жылдары ҚР 

Ауыл  шаруашылығы  министрлігінің 

агроөнеркәсіп кешендегі мемлекеттік 

инспекция  комитетінің  Бөкей  ордасы 

аудандық  аумақтық  инспекциясының 

бас  маманы  болған,  2013  жылдың 

шілде  айынан  бастап  осы  кезге 

дейін  аудандық  ауыл  шаруашылығы 

бөлімінің  бас  маманы  қызметін 

атқарып келеді.



САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

­  Тұрмыс  жағдайы  төмен  отба­

сылардың  әл­ауқатын  жақсартуды 

күн тәртібіне қою;

­ Ауыл тазалығын үнемі басты на­

зарда  ұстап,  ауылды  көгалдандыру 

жұмысын жүргізу;

­  «Ана  мен  бала»  бағдарламасы 

бойынша  аналар  мен  балалардың 

денсаулығын үнемі бақылауда ұстау;

­  Ауыл  жастарының  жай­күйі, 

тәрбиесі үнемі басты назарымда бо­

лып, осы мақсатта жастар ұйымының 

жұмысын  жақсартып,  оларға  көмек 

көрсету.

­  Ауылдың  гүлденуі  –  еліміздің 

өркендеуінің  алғышарты.  Сондықтан 

да  өз  туған  ауылының  болашағына 

алаңдау, оның көркеюі мен гүлденуіне 

үлес қосу кез келген ауыл азаматының 

азаматтық  парызы  деп  білемін.  Осы 

мақсатта  бағдарламада  жоспарлан­

ған шарамның жүзеге асуы үшін бар 

күш­жігерімді салып, еңбектенемін.



ҒИЛМАНОВ МЕЙРАМБЕК 

МҮДАРЕСҰЛЫ

1982 жылы 16 мамырда Мұратсай 

ауылында  дүниеге  келген.  Білімі­

жоғары,  2003  жылы  Қазақ  қаржы 

академиясын экономист мамандығы 

бойынша  бітірген.  Еңбек  жолын 

аудандық  дене  шынықтыру  және 

спорт  бөлімінің  бас  маманы  бо­

лып  бастаған  ол  аудандық  салық 

басқармасының  бас  маманы,  «БҚО 

кәсіпкерлер  қауымдастығы»  ЗТБ 

Бөкей ордасы ауданы бойынша бух­

галтер­кеңесші қызметтерін атқарған. 

2012  жылдан  бастап  аудандық 

мәдениет,  тілдерді  дамыту,  дене 

шынықтыру  және  спорт  бөлімінің 

бас  маманы  лауазымында  қызмет 

атқарады. 



САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

­  Тұрмысы  төмен  отбасылардың 

жай­күйін  үнемі  басты  назарда 

ұстап,  оларға  көмектесіп  отыруға  

жұмыстанамын.

­  Ауыл  жастарының    жайын, 

тәрбиесін    назардан  тыс  қалдырмау, 

жастар ұйымының  жұмысын жақсарту, 

жастарды  жұмысқа  тарту,  олардың 

салауатты  өмір  салтын  ұстануға 

бағыттайтын  мәдени­көпшілік  шара­

ларды  жандандырамын.

­  Әлеуметтік  әлсіз  топ  –  зейнет­

керлер,  мүгедектер,  көп  балалы,  аз 

қамтылған  отбасылардың  тұрмыс­

жайын    жақсарту  барысында  үнемі 

байланыста боламын.

­  Мұратсай  ауылын  көркейтіп, 

абаттандыру  мақсатында  көшелерге 

жол  жүргізіп,  тротуарлар  салу.  Жеке 

тұрғындардың  бау­бақша  егулеріне 

көшелерге  Мұратсай  су  қоймасынан 

су  құбырын  тартуға  қаржы  қарап, 

жұмыстарды жүргізу.

­  Мұратсай  ауылдық  округі  бойын­

ша  орта,  шағын  бизнесті  дамыту 

және  жұмыссыздықты  азайту,  ауыл 

шаруашылығына  көңіл  бөлу.  Асыл 

тұқымды  мал  шаруашылығымен 

айналысуға 

ниет 

білдірген 



азаматтардың 

қатарын 


көбейту, 

оларға қолдау жасау.



ТАШУОВ ЖАЛҒАС 

ЕСҚАЙЫРҰЛЫ

1988  жылы  13  мамырда  Сайқын 

ауылында  дүниеге  келген.  2009 

жылы  Батыс  Қазақстан  аграрлық­

техникалық  университетін,  2012 

жылы  Батыс  Қазақстан  инженер­

лік­гуманитарлық 

университетін 

бітірген.  Еңбек  жолын  2009  жылы 

«Нарын  жастары»  жастар  қоғамдық 

бірлестігінің төрағасы болып бастаған 

ол Сайқын ауылдық округінің бас ма­

маны,  2016  жылдың  мамыр  айынан 

кәсіпкерлер палатасы аудандық фи­

лиалында  заңгер­кеңесші  қызметін 

атқаруда. 




1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал