№30 (7065) 25 шілде 2017 жыл



жүктеу 383.9 Kb.

бет1/4
Дата14.09.2017
өлшемі383.9 Kb.
  1   2   3   4

Газет 1930 жылдың 7 қыркүйегінен шығады

Апталық  басылым



№30 (7065)     25 шілде   2017 жыл

Бөкей  ордасы   аудандық  қоғамдық-саяси  газеті

орда жұлдызы

www.ordazhuldyzy.kz

+36


+26

Жексенбі, 30.7.2017

+24

+38


Сенбі, 29.7.2017

+36


+25

Жұма, 28.7.2017

+34

+23


Бейсенбі, 27.7.2017

+33


+21

Сәрсенбі, 26.7.2017

+29

+23


Сейсенбі, 1.8.2017

+30


+24

Дүйсенбі, 31.7.2017

Комиссия отырысы

Аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлықпен 

күрес мәселелері бойынша құрылған комиссияның ке-

зекті отырысында үш мәселе қаралды. Жиынды аудан 

әкімі, аталмыш комиссия төрағасы Н.С.Рахымжанов 

жүргізіп отырды.

Алғашқы  болып  аудандық  кірістер 

басқармасының  басшысы  Р.М.Ғұма­

ров    мемлекеттік  қызметшілер  мен 

мемлекеттік  қызметті  орындауға 

өкілетті өзге де тұлғалардың ҚР «Сы­

байлас  жемқорлыққа  қарсы  күрес 

туралы»  Заңының  тиісті  талаптарын 

сақтау  жайы  туралы  баяндама  жа­

сады.  Радик  Маратұлының  айтуын­

ша, ағымдағы жылдың бірінші жарты 

жылдығында  кірістер  басқармасы 

бойынша  сыбайластық  әрекетке 

қарсы жұмыстар жоспарлы жүргізіліп, 

мұндағы ақпараттарды қабылдау мен 

өңдеу  орталықтарында  әрбір  салық 

төлеуші үшін арнайы тақталар ілінген. 

Онда  заңды  және  жеке  тұлғаларға, 

кәсіпкерлерге салықтарды төлеу мер­

зімі,  кірістер  органына  тіркелу  һәм 

есептен  шығу  туралы  құжаттардың 

көшірмелері  нақты  көрініс  тапқан. 

Сондай­ақ,  басқармада  салық  есеп­

терін  электронды  түрде  тапсыруға 

арнайы  бөлме  жасақталып,  терми­

нал  орнатылған.  Айта  кетелік,  был­

тыр  452  мемлекеттік  қызметкер  мен 

жұбайлары жеке табыс салығы және 

мүлкі туралы декларациясын уақтылы 

тапсырса, 1 мемқызметкердің жұбайы 

31  наурызға  дейін  салық  есептілігін 

өткізбей,  әкімшілік  жауапкершілік­

ке  тартылған.  Осынау  кінәлі  тұлғаға 

50  АЕК  мөлшерінде  (113450  теңге) 

айыппұл салыныпты.

Күн  тәртібіне  сай,  келесі  кезекте 

ауылдық округ әкімі аппараттарында 

Жеті айда жеті мақала...

сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күрес 

бойынша  атқарылған  істер  жайында 

Бисен және Сайқын ауылдарындағы 

жағдайға назар аударылды. Ал, енді 

бұқаралық  ақпарат  құралдарында 

көрініс  тапқан  аталмыш  кеселге 

қатысты  жарияланымдардың  мони­

торингі мен осы бағытта баспасөздің 

рөлін  арттыру  туралы  «Нұр  Отан» 

партиясы 

аудандық 

филиалы 


төрағасының  бірінші  орынбасары 

Т.Арыстанбеков пен аудандық ішкі са­

ясат бөлімінің бас маманы С.Хамзин 

хабарлама жасады.

Отырысты  қорытындылаған  Нұр­

лан Сағынтайұлы түрлі құқықбұзушы­

лық пен сыбайластықтың алдын алу 

үшін әркез бірлескен іс­қимыл қажет 

екендігін,  өткен  жеті  айда  жергілікті 

басылымда  жемқорлықтың  жолын 

кесу  бағытында  жеті  мақала  ғана 

жариялануы тым аздығын тілге тиек 

етіп,  нақты  іс­шаралар  белгілеуді 

тиісті  адамдарға  тапсырды.  Әрі  ол 

қатаң  бақылауда  ұсталатындығын 

ескертті.



ӨЗ ТІЛШІМІЗДЕН.

Дала өрті өршіп тұр 

–  19  маусым  күні  Орда  ауылдық  округінде  дала  өрті  болып,  5  қыстақтың 

жерін  (жалпы  көлемі  132  гектар)  қамтыды,­деп  бастады  әңгімесін  Бахтияр 

Бауыржанұлы.    –  Кешке  таман  (сағат  20:00  шамасы)  будақтаған  түтінді  көзі 

шалған  шарушылық  иесі  Асан  Кенжеғалиев  дереу  орманшыларға  телефон 

шалады.  Олар    №29  өрт  сөндіру  бөліміне  (бастығы  Қуанышбек  Еркінәлиев) 

хабар  береді.  Өрт  сөндірушілерге  округтегі  ерікті  өртке  қарсы  құрам  (ЕӨҚҚ) 

тобы да қосылып, әупірімдеп жүріп сөндіреді.

Арада екі күн өткенде Сайқын ауылдық округінің «Қызылжар», «Жамантау» 

жағынан тұтанған от мұнда да 5 қыстақтың төңірегін (235 гектар) шарпыпты. 

Аудан әкімі аппаратының төтенше жағдай жөніндегі бас маманы Асылбек Ере­

шев пен округ әкімі Мейрамбек Аққалиев бастаған ЕӨҚҚ жігіттері хабар түскен 

бойда оқиға болған жерге аттанады.



– Әйтеуір, мал-жан аман ғой?

– Адамдар аман,­деді Б.Катчеков. – Саралжын ауылдық округінде 6­7 шілде­

де (ел Астана күнін тойлап жатқанда) үлкен өрт болып, Құрманкөл қыстағында 

қорада  тұрған  25  ешкі  тірідей  жанып  кеткен.  Молжыра,  Лайкөл,  Шүкір, 

Бозкөлмек, Қызылой, Керебай, Бескөл, Мұстахи қыстақтарындағы шабындыққа 

да орасан зор залал келді. Саралжындықтардың ұйымшылдықтары, бірлесе 

қимылдаулары нәтижесінде тілсіз жау ауыздықталды.

Бұдан әрі шілде айындағы дала өртін тізбектеген төтенше жағдай бөлімі өкілі 

Сайқын ауылдық округін жиі ауызға алды. Мұнда 8 шілдеде 263 гектар, 13­інде 

358 гектар, 17­18 шілдеде 430 гектар, ал, 19­ында 362 гектар жайылымдық­

шабындық  жер  күлге  айналған.  13  шілдеде  Ұялы  ауылдық  округіндегі  өрт  4 

қыстақтың 155 гектар жерін жалмаса, 15­16 шілдедегі өрт Т.Масин, Ұялы, Орда 

ауылдық округтерінің құм өңіріндегі 23 қыстақтың маңын, мыңнан астам гектар 

жердің шөбін жалмап кеткен.

– 

Күннің ысуынан өздігінен тұтанатын шым тезек (торф) біздің жақта 

жоқ.  «Ұшқыннан  жалын  қаулайды»  демекші,  оттың  шығу  себептері 

анықталды ма?

–  Әзірге жоқ. Күдіктенер жанды ешкім кездестіре алмауда. Жердің жанып 

жатқанын байқағандар бейсауат жүрген ешкімді көрмейді.

 Иә, бұлтартпас дәлел табылмаған соң, кімге кінә артарсың?! Әйтсе де, да­

ламызда аузынан от шашқан айдаһар жүрмеген шығар. Не болса да кісіден, 

яки, адам тізгіндеген техникадан кеткен болар... Мүмкін, шылымнан... 

Әзірше, сұрақ көп, жауап жоқ. Ал, өрт өршіп тұр.

Каримолла ҒАЙСИН.

Шөбі  көптің  –  малы  тоқ  болаты­

ны  ежелден  белгілі.  Қыс  қамы  үшін 

жазда,  шабындықта  жатпай­тұрмай 

жұмыстану қажет. «Жазда – шанаңды, 

қыста  –  арбанды  сайла»  деп  шаруа 

баққан  қазақ  текке  айтпаған.  Жылда 

осы уақытта «Күйшілер» саябағының 

құбыла  бетінде  саттыққа  әкелінген 

шөбін  айқастыра  тиеген  тіркемелі 

трактор,  автомашиналар  жиі  көзге 

түсуші  еді.  Биыл  олардың  қарасын 

көре  алмай  далмыз.  Бірен­сараны 

өнімдерін  таныс­тамырына  тікелей 

апарып,  орталыққа  шығаруға  үлгере 

алмай жатқан сыңайлы. Оның үстіне 

жағалай  шарпыған  дала  өрті  де 

аяқтан шалуда.

Аудандық 

ауыл 


шаруашылық 

бөлімі басшысы Сүйінбек Хайроллин­

мен әңгіме барысында аңғарғанымыз, 

қайсыбір  округтерде  науқан  бары­

сы  туралы  ақпар  жинауға  жете  мән 

берілмейді  екен.  Біз  барғанда  оның 

алдында  Ұялы,  Т.Масин,  Мұратсай, 

Орда  ауылдық  округ  әкімдіктерінен 

түскен мәліметтер ғана жатты.

–  Биылғы  жоспарымыз  140,9  мың 

тонна болса, өткен жылдардан қалған 

4­5 мың тонна шөбіміз және бар. Жыл­

да  науқанға  ауданымызда  2  ЖШС­і, 

300­дің  үстінде  шаруа  қожалығы, 

100­дің үстінде жеке тұрғын қатысып, 

қажетті  мал  азығын  толық  дайын­

дап  алып  жүрміз,­деген  Сүйінбек 

Жексенбайұлы 

жерлестеріміздің 

сол  дағдыдан  жаза  қоймағандарын, 

сондықтан  қолындағы  бәз  бір 

цифрларға  көңілі  толмайтынын  жет­

кізді. Әрі ол «ауылдарды аралағанда 

көріп  жүрміз,  пішеншілер  қимылы 

бұрынғысынша. 

Ал, 


мәліметке 

қарасаң,  кей  округтің  мамандары 

орталықтың  маңындағы  пішеншілер­

ді  ғана  көретін  сияқты.  Ауданның 

жағдайын сайқындықтармен өлшеуге 

келмейді емес пе?»,­деді. 

Рас, Сайқында саттыққа шөп шыға­

рылмады  деп,  науқанға  бір  жақты 

баға  беруге  болмайды  ғой.  Жұмыс 

қалыпты  жүріп  жатқанына  талас 

жоқ.  Әйтсе  де,  есептің  нақты,  істің 

қарқынды  болғаны  жақсы.  Әйтпесе, 

қазіргі  бағытпен  Бисен  ауылдық  ок­

ругі  27,6,  Ұялы  14,4,  Т.Масин  26, 

Мұратсай  6,3,  Орда  38,3,  Сайқын 

14,7,  Саралжын  13,6  мың  тонна 

жоспарлаған  мал  азығын  дайындау­

ды қырау түскенше жүргізуі мүмкін.



Дәулет ӘЛИЕВ.

Көк майса шөп тиелген «ЗИЛ­ді» көріп, иесімен тіл­

деспекке  бұрылдық.  Шаруашылық  жетекшісі  ол  жер­

де  болмай,  біз  көлік  жүргізуші  Самат  Қажығалиевті 

(суретте) сөзге тарттық. Шөп ауылға танымал азамат 

Қыдырғалиев  Нұрлан  жетекшілік  ететін  «Қапан»  ша­

руа қожалығынікі екен.

–  Жылдағы  дағды  бойынша  шалғынға  ертерек 

орақ  салғанбыз.  Уақтылы  жинап  алсақ,  биыл  түсім 

жақсы,­деді Самат бізбен әңгімесінде. – Бүгінгі сапа­

рымыз бірінші мәрте емес. 100 төк – 25 мың теңге. Бұл 

бастапқы өнім үшін қымбат та емес қой. Алушылар да 

табылып жатыр.

Иә, мал ұстайтындар «әліптің артын бақпай», науқан 

соңында арзандайды деп күтпей, жемшөп қорын жет­

кілікті  жасақтап  алса,  қыста  қысылмасы  хақ.  Жаздай 

ұзын  арқан,  кең  тұсаумен  жүріп,  арқаларына  аяз 

батқанда, не көктем кешіккен тұста әбігершілікке салы­

натын ауылдастарымыз да жоқ емес­ау... Сондықтан 

өткеннен сабақ алған жөн.



Әділет ӘБДІРОВ.

Ауданымызда бір айдың ішінде 

(19 маусым – 19 шілде аралығында) 

оншақты дала өрті орын алды. Бұл 

жайында бізге мәлімдеген аудандық 

төтенше жағдай бөлімі бастығының 

міндетін атқарушы, азаматтық 

қорғау аға лейтенанты Бахтияр 

Катчековтен  оның әрқайсысына  

жеке-жеке тоқталуды өтіндік. 

Жүз төк – 25 мың

Жемшөбің дайын ба?

Қамданған қапы қалмайды

Нарық және халық


25 шілде 2017 жыл

2

E-mail: too-orda@bk.ru



ЖҰЛДЫЗЫ

ОрДа


Ресейдің 

отарлық 


билік 

жүйесіне  қарсы  бағытталған  қазақ 

зиялыларының  ұлттық  қозғалысы 

1917  жылғы  ақпан  төңкерісінен  соң, 

саяси  күрес  сахнасының  төріне 

шығып,  саяси­әлеуметтік  ұйымдық 

құрылымдарға  айналғанына,  яғни, 

жер­жерде  қазақ  комитеттері  пай­

да  болып,  Алаш  партиясының  және 

Алашорда  үкіметінің  құрылғанына 

биыл  100  жыл  толады.  Бүкіл 

қазақ  даласын  азаттық  идеясына 

жұмылдырған  бұл  ұлы  қозғалыстың 

тарихы  мен  тағылымы  уақыт  өткен 

сайын  айқындалып  келеді.  Алаш 

қайраткерлерінің ұлтты ұлт ететін та­

лай­талай игі істерге бастама болып, 

жол  салғаны  да  белгілі.  Осы  ретте 

көптеген  істерге  белсене  араласып, 

өзінің  өрнекті  ізін  қалдырғандардың 

бірі – өлкемізден шыққан Алаш арысы 

У.Ш.Танашев. Ол – қазақ демократи­

яшыл зиялылары сапынан айшықты 

орын  алған  заңгер,  заң  ғылымының 

кандидаты. 

Уалитхан 

Шарафиддинұлы 

бұрынғы 


Астрахан 

губерния­

сы  Ішкі  Бөкей  ордасының  Теңіз 

жағалауы  2­ші  дуанының  №4  ауы­

лында  1882  жылдың  шілде  айын­

да  мал  шаруашылығымен,  балық 

кәсіпшілігімен 

айналысқан 

ірі 

кәсіпкер  отбасында  дүниеге  келген. 



Ол орта білімді Астрахан қаласынан 

алып,  сондағы  гимназияның  толық 

8  класын  бітірген.  Жастайынан  зе­

рек,  алғыр,  білімге  құштар,  қай  са­

лада  болсын  талантымен  көзге 

түскен  жас  жігіт  гимназиядағы  үздік 

оқушылардың  бірі  болған.  1906­

1907  жылдары  Ресейдің  Нижний 

Новгород  қаласында  өткен  Мемле­

кеттік  Думаның  съез­мәжілістеріне 

қатысқан.  1913  жылдан  бастап  1917 

жылға дейін Қазан қаласының сотта­

ры  мен  адвокатураларының  заңгер­

қорғаушысы  болған.  Ана  тіліне  қоса 

орыс,  татар,  араб,  неміс,  латын, 

француз  тілдерін  қажетті  дәрежеде 

меңгерген  ғажайып  лингвист,  аудар­

машы  У.Танашев  сол  тілдерде  еркін 

оқып, сөйлеп, жаза да білген. Соттың 

жұмыстарын  татар  тілінде  жүргізуге 

қол жеткізген.

Осылайша, 

қазақ 

елінің 


тәуелсіздігі  жолында  күрес  май­

данына  шыққан  Алаш  қозғалысы 

көшбастаушыларының  бірі  болған 

Уалитхан  Шарафиддинұлы  1917 

жылдың 1­8 сәуірі аралығында Орын­

бор  қаласында  өткен  Торғай  облы­

сы  қазақтарының  съезінде  мәжіліс 

төрағасының  орынбасарлығына  сай­

ланады.  Сол  жылдың  тамыз  айында 

Киевте  өткен  Бүкілресейлік  федера­

листер съезіне қатысады. 1917 жылғы 

қос  революция  аралығында  Алаш 

партиясы  мен  Алаш  автономиясын 

құруда Әлихан Бөкейхановтың сенімді 

серігі ретінде үнемі жанынан табыла­

ды.  Осы  жылдың  12  желтоқсанында 

Алаш  автономиясы  жарияланып, 

«Алашорда»  үкіметі  құрылған.  Яғни, 

Ақ орда тігіліп, туы көтерілген. Ақын, 

философ  Ғұмар  Қараш  Алаштың 

әнұранын  жазса,  Алаш  мемлекеті 

мен  үкіметінің  Бас  органы  «Уақытша 

Ұлттық Кеңесі» құрамына Бөкей орда­

сынан  Уалитхан  Танашев  сайланып, 

сол  съезде  Алашорда  үкіметінің  ми­

нистрі  болып  белгіленеді.  Ол  Алаш 

халықтық милициясы атанған Қарулы 

Күштерін  жасақтауға  да  үлкен  үлес 

қосқан.  1918  жылдың  8  маусымын­

да  Самара  қаласындағы  Құрылтай 

жиналысы  мүшелерінің  комитетін­

де  (Комуч)  қазақ  елінің  мүддесін 

қорғаса,  шілде­тамыз  айларында 

Мұстафа  Шоқайұлы  және  Жаһанша 

Досмұхамедұлымен  бірге  Челябинс­

кіде өткен Комуч пен Сібір үкіметінің 

екі мәжілісіне қатысады. 

Алаш 


қозғалысы 

мүшелеріне 

кеңес  үкіметі  «кешірім»  жариялаған 

соң,  Алашорда  комитетінің  бұрынғы 

хатшысы У.Ш.Танашев 1919 жылдың 

аяғында  төңкерістік  комиссариатқа 

(ревкомға) қызметке тартылады. 1920 

жылдың басында Орынбор қаласын­

да  Қырғыз  әскери  революциялық 

комитетінің  (Кирвоенревкомның)  ап­

параты құрамына алынып, мемлекет­

тік  баспа  бөлімшесін  құру  жөніндегі 

жұмыстарға  араласады.

Қазіргі таңда Алаш қозғалысы мен 

олардың  қайраткерлерін  ұлықтау 

мақсатында  көптеген  жерлерде  кон­

ференциялар,  тәрбие  сағаттары 

жоғары  дәрежеде  өткізіліп  жатыр. 

Бөкей  ордасы  тарихи  музей­ке­

шені  де  бұл  іске  қызу  атсалысуда. 

Көрме өткізіп, әріптестеріміз әр жер­

де  оздырылған  конференцияларда 

баяндамалар оқуда. Алаштықтардың 

болашақ  үшін  атқарған  жұмыстарын 

насихаттау  жастарды  өз  Отанын 

сүюге, сол тұлғалардың армандарын 

жүзеге асыруға жұмылдырары хақ. 

Алмагүл ЗАБЕСОВА,

Бөкей ордасы 

тарихи-музей кешенінің 

экскурсия жүргізушісі.

Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев  «Бүгінгі  күнді 

түсініп­түйсіну  үшін  де,  болашақтың  дидарын 

көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жібе­

руіміз керек» деген болатын. Өткенімізден сыр 

шертетін Бөкей хан мұрағаты туралы өзге түгіл, 

жерлестеріміздің  бірі  білсе,  бірі  нақты  білмесі 

анық.  Ал,  Хан  мұрағаты  тек  Нарын  өңірі  үшін 

емес,  қазақ  ұлттық  мұрағат  қорының  да  негізі 

болып саналады. 

1924 жылғы Қырғыз (Қазақ) АКСР губерниялық 

мұрағат  бюроларының  мәліметтерінде  Бөкей 

губерниялық  бюросында  көлемі  2000  пұтқа 

жуық  тарихи  маңызы  бар  революцияға  дейін­

гі  кезеңнің  материалдары  бар  екендігі,  осы 

күнге дейін оларды сақтайтын ғимарат болмай, 

мұрағат  бюросының  бүкіл  жұмысын  бір  ғана 

қызметкер атқарып, оның шамасы тек күнделікті 

жұмысты орындауға жететіні баяндалыпты. Әрі 

Қырғыз  (Қазақ)  АКСР  Еңбек  және  қорғаныс 

кеңесінде 

Астрахандағы 

мұрағаттардың 

сақталу  дәрежесі  Ордадағыдан  жоғары  деп 

саналып, оған Бөкей ордасы өлкелік мұрағаты 

құжаттарын  жіберуге  қарсылық  білдірілгені, 

сондықтан  құжаттардың  сақталуына  жағдай 

жасау,  қажетті  маман  қызметкерлермен  қамту 

керектігі  баса  айтылады.  1923­1927  жылда­

ры  Орталық  мұрағатты  басқарған  Александр 

Лаврентьевич Мелков тарихшы болғандықтан, 

революцияға  дейінгі  кезең  материалдарының 

тарихи  маңыздылығын  ұғынып,  1924  жылдан 

бастап  «Хан  мұрағатын»  орталық  өлкетану 

мұрағатына  мемлекеттік  сақтауға  алу  тура­

лы  мәселені  көтеріп,  Астрахан  мұрағатының 

Туған өлке тарихы

«Хан мұрағаты»



біз ол туралы не білеміз?

қырғыздарға қатысты істерін, «Хан мұрағатын» 

тұтасымен  және  Адай  губерниясындағы  Форт­

Урицкийдегі  көлемі  300  пұтты  құрайтын  За­

каспийский  мұрағатын  Орынбор  қаласына 

әкелу  қажеттігін  сөз  етеді.  Содан  соң  мұрағат 

құжаттарын сұрыптап, өңдеуден өткізіп, оларға 

тізімдеме жасалмаса, оқып, танысуға, зерттеуге 

мүмкіншілік болмайтындығын айтады.

Бөкей  хандығының  құжаттары  орталық 

өлкетану  мұрағатына  тек  1925  жылы  келіп 

түсті.  Республика  астанасының  бірнеше  рет 

көшірілуі салдарынан «Хан мұрағатының», «Хан 

қорының»  түпкілікті  өңделуі  кейінге  шегеріліп, 

ол жөніндегі мағлұматты мұрағат басшысының 

ғылыми­зерттеу  институтының  басшылығына 

1935 жылы жазған хатынан білдік. Онда: “В на­

стоящее время Институт национальной культу­

ры для научно­исследовательской работы инте­

ресуют архивные материалы фонда Букеевской 

Орды. Архивными материалами можно успешно 

пользоваться только тогда, когда над ними про­

ведена  соответствующая  архивно­техническая 

обработка  (разборка  фонда  по  годам  и  струк­

туре учреждения, ремонт дел, нумерация, под­

шивка, научное описание и шифровка дел). Со­

стояние фонда Букеевской Орды в настоящее 

время следующее: всего фонд имеет архивные 

материалы за 1818­1916 годы, 835 связок или 

23  тысяч  единиц  хранения.  Разобрано,  отре­

монтировано и описано 8 115 единиц хранения. 

В остальном же фонд за время с 1855 года не 

разобран и не описан, что ставит невозможной 

работу  исследователей  над  ним.  В  плановом 

порядке (в нормальное рабочее время) при ра­

боте над этими фондами двух человек эта ра­

бота будет закончена в течение примерно двух 

лет,  что,  безусловно,  затормозит  работу  Инс­

титута над этим фондом. Если же фонд Буке­

евской Орды начать обрабатывать в вечернее 

время,  то  при  наличии  четырех  описателей  и 

16 человек ремонтеров, принимая во внимание 

существующие нормы КазЦАУ, в течение трех 

месяцев можно обработать 11400 единиц хра­

нения. Это означает, вместе с плановой обра­

боткой, почти полное приведение в доступное 

для  исследователей  состояние  архивных  ма­

териалов Букеевской Орды...” деп көрсетілген. 

Фондтың    ғылыми­техникалық  өндеуі  1938 

жылға  дейін  жүргізіледі.  Айта  кету  керек, 

көптеген  құжаттар  қорлардың  бей­берекетсіз 

жинақталуынан  қолды  болған.  Енді  бірқатары 

әбден  тозығы  жеткен  түпнұсқаларынан  қайта 

өңделді. Осылайша, Хан мұрағатын тырнақтап 

жүріп  қалпына  келтірген  мұрағатшылар  еңбегі 

орасан демей көріңіздер?!

2002  жылы  Қазақстан  мұрағатшыларымен 

«Бөкей  хандығының  тарихы»  атты  құжаттар 

мен материалдардың жиынтығы шығарылғаны 

көпке мәлім. Оған Ішкі қазақ ордасын басқарған 

Уақытша Кеңестің деректері де енгізілген.  

1952  жылы  ауданның  таратылуына  байла­

нысты  көптеген  деректер  сақталмаған.  Ал, 

1972 жылы аудан қайта құрылғанымен, мұрағат 

ісі 1990 жылдан бастап қана қолға алыныпты. 

Бөкей  ордасы  аудандық  мұрағатында  бүгінде 

90  қор  болса,  оның  20­сы  жеке  тектік.  1949 

жылдан бергі кезеңді қамтитын 21 мыңнан ас­

там сақтау бірліктері сөрелерде текшеленіп жи­

налып тұрғанын да айта кетелік. 

Иә,  мұрағаттағы  қорлар  мен  құжаттар 

қай  кезде  де  тарихи,  әлеуметтік,  ғылыми, 

экономикалық, саяси және мәдени маңызы бар 

ұлттық  құндылығымыз.  Әрі  ол  кейінгі  ұрпаққа 

сол кезеңдегі жағдайды еш бүкпесіз жеткізетін 

бұлтартпас дәйек. Тек көне заманнан сыр шер­

тетін осынау құжаттардың «күзетінде» отырған 

жандар  сол  деректерді  жарыққа  шығаруға 

ықпал  етсе,  өлке  тарихына  қосылған  елеулі 

үлес болар еді.  



Раушан БАҚЫТОВА.

Елін сүйген, елі сүйген



У.Танашевтың туғанына 135 жыл

25 шілде 2017 жыл

3

E-mail: too-orda@bk.ru



ЖҰЛДЫЗЫ

ОрДа


Аудан әкімдігінде

Алғашқы  болып  мінбеге  көтерілген 

аудандық 

мемлекеттік 

кірістер 

басқармасының басшысы Р.М.Ғұмаров 

өз 

саласы 


бойынша 

ағымдағы 

жылдың  алты  айында  атқарылған  іс­

терді  сараласа,  келесі  кезекте  сөз 

тізгінін  алған  аудандық  орталық  ау­

рухана  директоры  Ә.У.Ғаббас  бірін­

ші  байлық  –  денсаулықтың  қадip­

қасиетін  ерте  бағалай  білуден  бастап, 

ақ  халаттылардың  тұрмыс­тіршілігін, 

кездесіп  отырған  қиындық­кедергілер­

ді  егжей­тегжейлі  баяндады.  Бұл  жа­

уапты  істегі  бүгінгі  самарқаулық  пен 

салғырттық  ертеңгі  күнге  салқынын 

тигізетінін  нақты  мысалдармен  алға 

тартты.

Бұдан 


кейін 

аудандық 

әділет 

басқармасының  басшысы  А.Қ.Атаев  та 



өткен жарты жылдықтағы жұмыстарынан 

жиналғандарды  хабардар  етсе,  Елбасы 

Н.Ә.Назарбаевтың  «Болашаққа  бағдар: 

рухани  жаңғыру»  атты  мақаласының 

басым  бағыттарын  іске  асыру  жолын­

да  аудан  активі  алдында  тұрған  мін­

деттерді  ішкі  саясат  бөлімінің  басшы­

сы  А.Ғ.Әжіғалиев  талдап,  таразылап 

түсіндіріп  берді.  Ол  осы  орайда  өзі 

қатысып  қайтқан  Маңғыстау  облысын­

да  ұйымдастырылған  жиыннан  алған 

әсерімен де бөлісті. 

Отырысты  қорытындылаған  Нұрлан 

Сағынтайұлы  негізгі  міндеттерді  іске 

асыруға  атқарушы  органдар  ғана  емес, 

халық  болып  атсалысу  керектігін  ай­

тып,  қай  кезде  де  жүкті  жұмыла  көтеру 

қажеттігіне тоқталды.

Жұмылғанның жүгі жеңіл

Төраға тұрғындарды 

қабылдады



  1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал