№30 №30 (368) (368) 25 шілде 2014 жыл



жүктеу 264.23 Kb.

бет1/3
Дата24.05.2017
өлшемі264.23 Kb.
  1   2   3

№ 30

№ 30

  

(368)

(368)

25 шілде  2014 жыл

25 шілде  2014 жыл

Президент

Үкімет

«Нұр  Отан»  партиясының  аудандық  филиалы  жанынан 

партиялық 

бақылау 


комиссиясы 

құрылғанынан 

аудан 

жұртшылығы  хабардар.  Газетіміздің  өткен  санында  осы 



комиссияның 

қаладағы 

құрылыс 

нысандарында 

болғаны 

туралы  қысқаша  жазылған-ды.  Осы  аптада  тағы  да  «Нұр 

Отан»  партиясының  аудандық  филиалы  төрағасының  бірінші 

орынбасары  Б.  Т.  Қажақановпен  бірге  аталған  обьектілерді 

аралап,  құрылыс  нысандарының    уақытында  берілмей,  не 

себептен  бәсеңдеп  тұрғанын  білуге  тырыстық.  Алдымен 

атбасын № 3 мектепке тіредік.

Осы уақытқа дейін мектептің спортзалы төбесінен су ағып, 

авариялы  жағдайда  күрделі  жөндеуді  қажет  етіп  тұрған-ды. 

Аудандық білім беру бөлімінің тапсырысы бойынша спортзалдың 

құрылысы биылғы жылдың  10 маусымы күні басталған. Жоспар 

бойынша 20 тамызда жөнделіп бітуге тиіс құрылыстың он екіде 

бір нұсқасы жоқ екендігіне көзіміз жетті. Оқу жылы басталуға 

бір айдың жүзі қалса да спортзалдың іргетасын қалау жұмысы 

енді басталған. Басында үстіңгі жағын (2 м, 80 см жоғары) ғана 

бұзып,  төбесін  жабамыз  дегенмен  іргетастың  бір  жағы  түсіп 

кеткендіктен  әрі  осал  болғандықтан  іргетасын  қайтадан 

қазып,  цементтеп,  бекіту  жұмыстары  қолға  алынған.  Жұмыс 

басында участок прорабы М. У. Яндиевке жолығып құрылыстың 

барысы  жайында  сұрағанымызда  «бізге  материалды  уақтылы 

жеткізіп берсе болды, біз өз жұмысымызды атқара береміз, ал 

оның қай уақытта бітетінін бізден жоғарыдағылар біледі»- деп 

жауап  берді.  Бір  сорақысы    бұзылған  құрылыстың  қоқыстары 

да  төгілмеген,  мектептің  жанында  сол  қалпы  үйіліп  жатыр. 

Іргетасы 1970 жылы қаланған 532 оқушы білім алатын аудандағы 

іргелі  оқу  ордасының  директоры  Амангелді  Қалиуллаұлына 

жолыққанымызда 

«құрылысқа 

жауапты 

мердігерлік 

компанияның  бұлталаққа  салуына  қарағанда  спортзалдың 

құрылысының    биыл  бітетін  түрі  көрінбейді,  сондықтан 

денешынықтыру сабағын бастауыш сынып оқушылары шағын 

спортзалда  сабақ  өткізетін  болса,  жоғары  сынып  оқушылары 

ашық  күндері  далада,  ал  жауын-шашын  күндері  сыныпта 

шахмат,  дойбы,  сияқты  спорт  түрлерімен  шұғылданып 

амалдап  өткізетін  боламыз»-  дейді.  Мектепте  бір  ғана  қазақ 

сыныбы бары қынжылтады. Төртінші сыныпқа көшкен жалғыз 

қазақ  сыныбындағы  оқушылардың  саны  бар  болғаны  алтау 

ғана.  Бір  жылдары  мектеп  басшысы  Амангелді  Қалиуллаұлы 

өзі  бас  болып  бастауыш  қазақ  сыныптарын  ашқан  екен,  сол 

төрт  бірдей  сыныптан  қазір  бір  ғана  қазақ  сыныбы  қалған. 

Қалғандары  орталықтағы  Балуан  Шолақ  атындағы  мектеп-

лицейіне ауысып кеткен. Амангелді Қалиуллаұлының айтуынша 

биылғы  жаңа  оқу  жылында  қазақ  сыныбын  ашуға  тапсырма 

берген, ол үшін бастауыш сынып мұғалімі үйлерді аралап үгіт-

насихат  жұмыстарын  жүргізуге  тиіс.  Әрине,  сынып  толық 

болатындай балалар жиналса нұр үстіне нұр. Сондықтан  ата-

аналардың  құлағына  алтын  сырға  дей  отырып  №3  мектепке 

жақын  маңда  тұратын    тұрғындарға  айтарымыз , мектеп-

ке  баратын  балаларыңызды  аталған  мектептің  ашылғалы 

отырған қазақша оқытатын бастауыш сыныбына берсеңіздер 

жөн  болар  еді.  Мемлекеттік  тілдің  дәрежесін  көтеруге  әркім 

өз  үлесін  қосса  «тамшыдан  теңіз  құралатыны»  сияқты  қазақ 

сыныптарының көбеюі қазақ мектептерінің санының артуына 

ықпал етіп қазақ тілінің аясын кеңейетіні сөзсіз.

Мектептен  кейінгі  бағытымыз  қаланың  оңтүстік  шығыс 

жақ  беткейіндегі  жаңадан  салынып  жатқан  қазандық  болды. 

«Бұланды аудандық құрылыс бөлімінің Мемлекеттік Мекемесінің 

тапсырысы бойынша бас мердігер «Нұр Астана Құрылыс» ЖШС 

қолға алған құрылыс былтырғы жылдың 15 сәуірінде басталып 

биыл  шілде  айының 31-де  аяқталып  тапсыру  көзделген. 

Былтырғы  қыста  Степгеология  кентіндегі  үйлер  суық 

болып,  тіпті  Республикалық  телевидениеден  көрсеткені  қала 

тұрғындарының есінде болар. Енді жаңадан салынған қазандық 

іске  қосылса    қыстың  күндері    үйіміз  жылы  болатын  шығар 

деген  тұрғындардың  көңілі  күпті.  Себебі  жылу  маусымының 

басталуына  үш  айдай  ғана  уақыт  қалды,  ал  қазандықтың 

бітетін түрі көрінбейді. Былтыр «Нұр Астана Құрылыс» ЖШС-

нің жоба жетекшісі С. В. Анохинге жолығып сұхбат алғанымызда 

жаңа  қазандықты  желтоқсан  айына  дейін  қосатын  боламыз 

деген  еді.  Оның  айтуы  бойынша  жаңа  қазандық  өте  қызулы 

болмақшы,  қайнау  температурасы 95 градусқа  дейін  жетеді, 

егер  бәрі ойдағыдай болатын болса үйлер де жылы болуға тиіс.  

Осы  жағдайларды  анықтау  мақсатымен  аудандық  құрылыс 

бөлімінің бас маманы С. Шереметьевке жолығып қазандықтың 

құрылысының  неге  тоқтап  тұрғандығын  сұрағанымызда 

«жоспарланған  жұмыстың  проектісінің  қайта  қаралуына 

байланысты»-  деп  жауап  берді.  Жалпы  қазандық  туралы  осы 

құрылысқа  қатысы  барлардан  тұщымды  жауап  ала  алмадық. 

Қазандықтың құрылысына жалпы құны 850 млн. теңге бөлінсе, 

осы кезге дейін 433 млн. теңгесі игерілген. Жаңа қазандықтың  

жоспарға сәйкес жылу маусымында іске қосылатыны туралы да 

ешкім дөп басып жауап бере алмады.

  Уақытында  бітпей  тұрған  құрылыстың  бірі  «Қол  жетімді 

баспана-2020»  мемлекеттік  бағдарламасы  бойынша  салынып 

жатқан қаламыздағы 18-пәтерлі тұрғын үй. Құрылыс нысанының 

құны 75, 61 млн. теңгені құраса, оның 32 млн. теңгесі игерілген.

Тұрғын  үй  салынатын  жер  батпақты  болуына  байланысты 

алғашқы  құйылған  іргетасты  қопарып  алып  қайтадан  құйған. 

Егерде  бастапқыда  құрылыс  дұрыс  жүргізілген  болса  осы 

күні  тұрғын  үй  көтеріліп  тұрған  болар  еді.  Ал  қазір  тек  қана 

іргетасы  қаланып  біткен.  Қаламыздағы  құрылыс  нысандарын 

аралай  жүріп  ойға  түйгеніміз,  құрылысқа  тапсырыс  берушілер 

мердігер компаниялармен заңды түрде келісім шартқа отырып 

жұмыс жасаса мұндай олқылықтар орын алмас еді.



А. Бейсекеев.

Құрылыс қарқыны бәсең

ҚР қаржы секторын 2030 жылға дейін 

дамыту Тұжырымдамасының жобасы 

Үкімет отырысында қаралды 

Бүгін  Үкімет  Үйінде  ҚР  Премьер-Министрі  Кәрім  Мәсімов  ҚР 

Үкіметінің  кезекті  отырысын  өткізді,  онда  ҚР  Ұлттық  банкі 

төрағасы  Қайрат  Келімбетов  ҚР  қаржы  секторын 2030 жылға 

дейін дамыту Тұжырымдамасының жобасын таныстырды. 

Қ.Келімбетовтің айтуынша, Тұжырымдаманың негізгі мақсаты 

бәсекеге  қабілетті  қаржы  секторын  құру  және  Экономикалық 

ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) стандарттарын 

қосқанда, халықаралық үздік стандарттар базасында экономика-

да  ресурстарды  қайта  бөлуде  оның  тиімділігін  арттыру  болып 

табылады. 

«Аталған  құжатты  әзірлеуге  Қазақстанда 2007-2011 жылдары 

болған  жаһандық  қаржы  дағдарысы  және  қаржы  дағдарысы  сал-

дарынан  алған  сабақтар  көп  әсер  етті.  Жасалған  қортындылар 

ұқсас  сценарийдің  қайталанбауына  және  қаржы  секторының 

тұрақты  дамуы  үшін  не  істеу  керектігіне  негіз  болды», - деді 

Қ.Келімбетов.

Тұжырымдама  жобасы  бірқатар  тапсырмаларды  жүзеге  асы-

руды  қарастырады,  нақты  айтқанда,  әлеуетті  шоктар  пайда 

болған жағдайда қаржы жүйесінің тұрақтылығын қолдауға қоғам 

мен мемлекеттің шығындарын төмендету; экономикалық инте-

грация  жағдайында  қаржы  секторының  бәсекеге  қабілеттілігін 

арттыру; қаржы жүйесін сапалы дамыту үшін инфрақұрылымды 

жетілдіру және тиімді жағдай жасау және басқалары.

Банк секторын нығайту және табиғи шоғырландыру мақсатында 

Ұлттық банк 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап банктердің жеке 

капиталының минималды мөлшеріне талаптарды кезең-кезеңмен 

қазіргі 10 млрд. теңгеден бастап 100 млрд. теңгеге дейін арттыру 

күтілуде.  Аталған  талаптарды  қанағаттандырмайтын  банктер 

жұмыс  жасауын  жалғастыра  алады,  алайда  жеке  тұлғалардың 

депозиттерін тартудың максималды сомасы шектеледі. 

Сондай-ақ 

Тұжырымдама 

аясында 


халықтың 

қаржы 


сауаттылығын арттыру, төлем қызметтерінің инфрақұрылымын 

дамыту, қаржы ұйымдары тарапынан нарық тәртібін жоғарылату, 

мемлекеттік-жеке  серіктестік  және  басқалары  сияқты  қоғам 

үшін өзекті мәселелер қозғалады. 

Шоктарды тиімді қосып алуда қаржы жүйесінің тұрақтылығын 

арттыруға  мүмкіндік  беретін  дамыту  бағыттарының  бірі 

капиталдың  жеткіліктігі,  өтімділігі  және  қаржы  левереджі 

көрсеткіштері,  сондай-ақ  қауіп-қатерлерді  басқару  тұрғысынан 

Базель II және III халықаралық  стандарттарын  кезең-кезеңмен 

енгізу болып табылады.



ҚР Премьер- Министрінің Баспасөз қызметі 

Қосымша ақпаратты www.primeminister.kz сайтынан көріңіздер

Қазақстан Республикасы Президенті 

Әкімшілігінің Басшысы Нұрлан 

Нығматулиннің қатысуымен облыстар 

және Астана, Алматы қалалары 

әкімдерінің аппарат басшыларына 

арналған семинар қорытындысы 

бойынша кеңес өтті 

Кеңесте облыстар мен Астана, Алматы қалалары әкімдерінің 

аппарат  басшылары  қатысқан  екікүндік  семинар-кеңестің 

қорытындысы  жасалып,  сайланған  ауыл  әкімдерін  қоса  алғанда, 

жергілікті  өзін  өзі  басқару  органдарының  жұмысын  одан  әрі 

жетілдіру,  орталық  пен  өңірлер  арасындағы  өкілеттіктердің 

айырмашылықтары,  сондай-ақ  Мемлекет  басшысының  актілері 

мен 


тапсырмаларының 

орындалу 

мәселелері 

талқыланды.

Президент  Әкімшілігінің  Басшысы  әкімдіктердің  жұмысындағы 

анықталған  кемшіліктерді  жоюға  және  Мемлекет  басшысының 

актілері мен тапсырмаларының мүлтіксіз орындалуына қатысты 

нақты тапсырмалар берді.



Криминалдық хроника

2014  жылдың 01.07. 18.07 аралығында  Бұланды  ауданының 

аумағында 114 өтініштер  мен  хабарламалар  тіркелінді,  оның 

ішінде БАОЕ-на 20 азамат жолықты, - 11 қылмыстық іс қозғалды.



Әкімшілік полиция бағыты бойынша - 65 ҚР ӘқБК 333 

б. (тыныштықты  бұзу)-5.,  ҚР  ӘқБК 330 б. (ұсақ  бұзақылық) - 

11.,  ҚР  ӘқБК 387 б. (қалалар  мен  елді  мекендердің  аумақтарын 

көркейту  ережелерін  бұзу) - 25., ҚР  ӘқБК 336-4 1 т. (заңды 

өкілдері еріп жүрмеген кәмелетке толмағандардың тұрғын жай-

дан тыс жерлерде болуы) - 4., ҚР ӘқБК 336 б. (қоғамдық орын-

дарды алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға 

мас күйінде келу)- 20.



Жол техникалық инспекция бағыты бойынша Ақмола 

ІІД ӘПБ ЖПП ББ   2-ші взводымен бірлесіп  98 құқық бұзушылық 

анықталынды, оның ішінде  ҚР ӘқБК 467 б. (жүргізушінің алко-

гольден,  есірткіден  немесе  уытқұмарлықтан  мас  күйінде  көлік 

құралын жүргізуі, сол сияқты көлік құралын жүргізуді алкогольден 

есіркіден және уытқұмарлықтан мас күйіндегі адамға беру) - 16, ҚР 

ӘқБК 473 б. (жаяу жүргіншілердің және жол қозғалысына өзге де 

қатысушылардың қозғалыс ережелерін бұзуы) - 15, ҚР ӘқБК 461-1 

б. (көлік құралын жүргізу кезінде жүргізушінің телефонды не ра-

диостанцияны пайдалануы)-8, ҚР ӘқБК 463 б. 1 т. (маршруттық 

көлік құралдарының тоқтату, тұрғын аймақтарда жүру, жола-

ушылар мен жүктерді тасымалдау қағидаларын сақтамау және 

жол жүрісі қағидаларын басқа да өрескел бұзу)  10.

Бұланды АІІБ материалдарынан

Аудан  орталығында 30 шілде  мен 3 тамыз  аралығында 

қазақтың біртуар ұлы, халық композиторы, өнерпаз, жауы-

рыны жерге тимеген балуан Балуан Шолақтың 150 жылдық 

мерейтойы аясында облыстық XXVII «Ақ бидай» спартакиа-

дасы  өтеді.  Спартакиадаға 17 аудан  мен 2 қаладан 1000-ға 

жуық спортшы қатысып, спорттың 11 түрінен сайысқа түседі.

2 тамыз күні сағат 11.00-де Балуан Шолақ атындағы стади-

онда спартакиаданың салтанатты ашылуы болады.

 Сағат 12.00- ден бастап орталық стадионда қазақ күресі, 

армрестлинг, кір тасын көтеруден сайыстар өтеді.

Сағат 12.00- аудандық мәдениет үйінде ақындар айтысы.

19. 00- қалалық орталық алаңда концерттік бағдарлама.

21.00-24.00-орталық алаңда би кеші.

11.30-орталық алаңда мерекелік от-шашу.

2-тамыз ипподромда сағат 12.00- 18. 00 ұлттық ат спорты 

 14.00-көкпар

14.40-теңге алу

15.00-топ бәйге 16 000 м.

15.30-көкпар

16.10-рысактардың жарысы-3200м.

16.40-көкпар (финал)

17.20-жорға жарыс-7000м.

18.00-аламан бәйге-25 000м.

Аудан 

тұрғындарының 

назарына!

Балуан Шолақтың туғанына 150 жыл



2 бет

Бұланды таңы

18 шілде 2014 жыл

Мейірімді, 

рахымды 

Алланың 


атымен 

бастаймын! 

Құрметті мұсылман бауырлар! Міне, айлардың төресі болған 

күллі мұсылман баласы үшін қасиетті Рамазан айымен қимай 

қоштасатын күнге де таяп қалдық.

Рамазан-құлшылық  пен  сабыр,  береке  мен  бірлік,  мейірім 

мен  қайырымдылық  айы  болып  үш  күн  тойланатын.  Ораза 

айт  мейрамы-адамдардың  көңіліне  көктем  сыйлап,  жанын 

жадырататын  ұлық  мереке.  Баршаңызды  Ислам  үмбетінің 

ең  қасиетті  де  ұлық  мерекесі-Ораза  айт  мейрамымен 

құттықтаймын!  Ораза  айт  мерекесі  елімізге  құт-береке, 

ынтымақ, ырыс әкелсін.  

Пайғамбарымыз  (с.  ғ.  с.) 

Меккеден  Мәдинаға  көшіп  келгенде  жергілікті  халықтың 

мейрамдап,  көңіл  көтеріп  жатқанын  көріп  «бұл  қандай 

мереке?»-деп  сұрағанда  «бұл  біздің  Исламға  дейін  тойлап 

келе  жатқан  мерекелеріміз»-деген  жауап  естіді.  Сонда 

Расулулла  (с.  ғ.  с.) «Алла  сіздерге  бұдан  да  ұлық  екі  мейрам 

берді. Олар Рамазан және Құрбан айттары»,-деп осы ислами 

мейрамдардың  мәртебелі  екендігін  білдірген.  Ораза  айты 

адамдарды  бауырмалдық  пен  кішіпейілдікке,  кешірімділік 

пен  сүйіспеншілікке  шақырады.  Сонымен  қатар  бұл  күні 

мұсылмандар  өмірден  өткен  ата-аналарымен  жақындарын 

еске алып, Алладан оларға шапағат тілеп, дұға етеді.

Айт  күнінің  өзіне  тән  жарасымды  да  сауапты  амалдары 

мол.  Бұл  күні  ғұсыл  құйынып,  үстіне  жұпар  иіс  себініп,  айт 

намазына  қатысу  сүннет.  Әр  үйде  сәні  мен  салтанаты 

ерекше мерекелік дастарқан жайылады. Мұсылмандар туған-

туыс, дос-жаран, көрші-қолаңды аралап, бір-бірінің үйінен дәм-

тұз татып, мәре-сәре болады.

Ренжісіп  қалғанкісілермен  татуласу,  қандай  да  бір 

келіспеушіліктің салдарынан қатынасы үзілген туыстардың 

үйлерін арнайы аралау да ерекше маңызды. Өйткені Алла Тағала 

«сен кешірім жолын ұстан, жақсылыққа бұйыр, надандықтан 

бет  бұр» («Ағраф»  сүресі, 199-аят)  деп  мұсылмандарды 

барынша  кешірімді  бола  түсуге  шақырған.  Күндегі  оразасын 

құрмамен ашуды сүннет еткен Пайғамбарымыз (с. ғ. с.) айт 

намазына барарда алдымен құрмадан дәм татып барып үйінен 

шыққанды  ұнататын.  Дәл  осы  күні  балаларды  жаңа  киім, 

тәттілер  мен  сыйлықпен  қуантуды  дағдыға  айналдырсақ, 

ораза айтты олар да асыға күтетін болады.

Жалпы, Ораза айты қасиетті Рамазан айы аяқталғанының 

белгісі  ғана  емес,  ол-бір  айлық  құлшылығымыздың  қуанышы 

мен  жемісі.  Пайғамбарымыз  (с.  ғ.  с.)  бір  хадисінде  «Ораза 

тұтқан  адам  екі  рет  қуанады:  бірі-ауызашарда,  екіншісі-

ақіретте  ұстаған  оразасының  сауабын  алғанда»,-  деген 

екен.  Ендеше  Ораза  айт  мерекесі  құтты  берекелі  болсын,  

жамағат!


Мешіт имамы Д. Тұрдыақын.

Ораза айт мейрамы-

ұлық мереке

Халқымыздың осы бір дана сөзін қазіргі заман талабында орынды 

десек өтірік болмас. Айтайық дегеніміз Макинск қаласында аттай 

он жеті жыл болмаған, мұздай қатып қалған, сеңдей қозғалмаған 

көп  шаруалардың  басы  басталып  та  кетті.  Ол  әрине  жаңадан 

келген  аудан  әкімі  Қуандық  Испергеновтың  жас  та  болса  бас 

болып  осы  істерге  қозғау  бергені,  яғни  демеуші  десек  асырып 

айтылды демеңіздер.

Сонымен жетінші әкім жетегін көтеріп істі бастап та кетті. 

Өткен жылы ақ қар көк мұзда салынған жамау-жасқау жолдарымыз 

көктем  келгенде  олқылықтардың  көзін  ашқандай  болды.  Осы 

шаруаны дәл бір келер әкімге қалдырғандай болып көрінді. Сергей 

Кулагин  мырза  Испергеновты  ауданға  әкім  етіп  тағайындағанда 

осы олқылықтарды орнына келтіруге баса назар аударуын өтінген 

еді. Міне, келгеніне толық 2 ай болмаса да әжептәуір жұмыстар 

атқарылып жатыр.

Алдымен  басты  көшелеріміздегі  жолдарға  жөндеу  жұмыстары 

жүргізіліп  жатыр,  одан  қалды  қаланың  орталық  стадионындағы 

жұмыстар  да  аяқталу  үстінде.  Бұрын  соңды  болмаған  шағын 

спорт  алаңына 1600 кв.  м.  жерге  көк  кілем  төсеу  жұмыстары 

аяқталуда.  Енді  үлкен  прожектор  шамдарын  қою,  алаңның 

тазалық жағына баса назар аударылып, оған жағажай құм төселіп 

жатыр.  Бұл  жұмыстың  басы-қасында  оның  сапалы  болуына 

бақылау  жасау  Уахитов  мырзаға  тапсырылса,  одан  қалды  Нұр 

Отан  бақылау  партиясының  мүшелеріне  жүктеліп  отыр.  Бүгінгі 

күнге дейін 2,5 км. жолға жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 16 шілдеге 

дейін  бітіру  керек  болса,  ол  жұмыстар  уақытында  атқарылды. 

Айта кетерлік бір жай уақытылы атқарылмаған жұмысқа салық 

салынып, кем кеткен жерлерді құрылысшы компания өз есебінен 

сапалы жөндеп беруге тиіс. Жалпы жол жөндеу жұмысына 12 млн. 

теңге қаржы игерілді.

Уәлихан  көшесіндегі  көп  қабатты  үйлерге  кәріз  (канализация 

)  тартуды  қолға  алған  мердігерлерге  үйдің  тұрғындары  

ризалықтарын  білдіріп  участок  бастығы  Утиченко  мырзаға 

алғыстарын  айтып  жатыр.  Осы  көшелерге  түнгі  жарықтар  да 

берілмекші.

Тағы бір көптің көкейінде жүрген темір жолдың маңайы еді. Енді 

міне, оның ой-шұңқыры тегістеліп қалды. Автобус аялдамасында 

да  бірсыдырғы  жұмыстар  атқарылды.  Бұл  жұмыстарға  тікелей 

Танкебаев  бақылау жасауда. «Көктем» сауда үйінің ауласында да 

дәл осындай жұмыстар атқарылуда. Оған жауапты Қырықбаев .

Сөзіміздің 

соңында 

айтайық 


дегеніміз 

соншама 


жыл 

атқарылмаған істердің қозғалуына демеу берген аудан басшысы-

на ел ризашылығын білдіріп отыр. Ал алда әлі атқарылар жұмыс 

ауқымы жетіп артылады. Оның  да бірте-бірте атқарылатынына 

ел сенімді. Азаматтың бастауына іске сәт дейміз.

Қ. Дайыров.

Бітер істің басына, жақсы келер қасына

Жіті  ішек инфекциялар 

профилактикасы

Жіті  ішек  инфекция  немесе  диарея, 

аурудың  үлкен  тобын  біріктіреді.  Дизен-

терия,  сальмонеллездер,  эшерихиоздар, 

иерсинеоздар  патогендык  флора  және  

ротавирустық    инфекция    шақыратын 

аурулар, бұлар  - ең таралған ішек инфек-

циялар болып табылады.

Ерте  жастағы  балалар  арасында  жіті 

ішек  инфекция  кеңінен  таралған  аурулар 

болып  табылады,  олар  ДЖДСҰ  топта-

стыру  бойынша  диарея  болып  атала-

ды.  Диарея  кезінде  құсу,  үлкен  дәреттін 

бұзылуы білінеді, ағза кеуіп және әлсірейді. 

Диареяны 

бактериялар 

қоздырады, 

олар  сыртқы    ортадан  адам  ағзасына 

ауыз  арқылы  түседі.  Кір  қолдар,  тағам 

өнімдері,  күнделікті  тұрмыс  заттары 

(жаялық,  шалбар,  ойыншықтар,  емізік, 

бөтелке және ас ыдыстар). 

Ауданда  ағымдағы  жылдың 6 айын-

да  жіті  ішек  инфекция    ауруларының 

өсуі,  өткен  жылғы  ұқсастық  кезеңге 

қарағанда, 14 жасқа дейінгі балалар арасы-

нан   ЖІИ бойынша 12 жағдай тіркелді,100 

%  құрайды.  Жіті  ішек  инфекция  аурула-

рымен 2 жасқа  дейінгі    балалар  ауырды, 

88% құрайды, негізінен, бұл аурумен   ерте 

жастағы балалар  ауырады. Инфекцияның 

берілу  жолы  -тағам  арқылы  болды,  оның 

ішінен  6 жағдай  үйде  жасалған,  сапасы 

нашар  өнімдерді  пайдаланған, 3 жағдайда 

жеке  гигиенаны  сақтамағаны  және 3 

жағдай тамақтың бұзылуы болып табы-

лады.  Елді  мекендерде      ішек  аурулары 

Макинск қаласында 8 жағдай, Тастыөзек 

ауылында 2 жағдай,  Ивановка  ауылында 

1  жағдай,  Отрадное  ауылында 1 жағдай 

тіркелген.  

Патогендык 

микроорганизмдер  

жіті  ішек  инфекцияларды  шақырады,  

тырнақ  астындағы  кірде,  сыртқы  орта 

объектілерде  және    күнделікті  тұрмыс 

заттарында пайда болады,оларды шыбын 

таратады.  Егер  жеке  гигиена  тәртібін 

сақтамаса,  науқасқа  қараған  тұлғаның 

немесе  шешесінің  кір  қолдары  арқылы 

жұғу мүмкін. Одан басқа,   1 жасқа  дейінгі 

баланың  диареямен  ауырған  себебі,  ем-

шекпен  емузудің  орнына,  жасанды  жол-

мен тамақтандырғаны болып табылады.

Маңызды 

жағдайда 

прафилактика 

алдын  алу  шаралары  Ішек  ауруларыда 

бағытталған  жақсарту    санитарлық 

су  құбыры  және  тазарту  жағдайдағы 

халық  деңгейінің  қалыптасуы.  Бірнші 

жағдайда  бұның  шешімі  камуналдық 

ұжым  және  денсаулық  сақтау  органы 

шешеді  деп  ойласақ,  алайда  бұл  олай 

емес.  Қаншалықты  мұқтаж  ететіндігін 

тарату  факторларын    мекен  жайы   

териториясының  ластануы  халықтың 

өзіне  байланысты.  Ұңғыманы,  бұлақты, 

құдықты,  және    сумен  жабдықтау  көзі 

,  су  құбырын  абаттандыру  әрдайым 

қажет.  Ең  маңызды  ережелердің  бірі   

әрдайым  қайнатылған  су  ішіді  ұмытпау  

Үй иесі және тұрғындарға өз уақытында 

және  пландық  алдын  алу  шаралары  ішек 

ауруларында  маңызды  рол  атқарады. 

Уақытсыз 

тазарту 

орындарының 

жиынтығы  тұрмыстық  қоқыс  шыбын 

шіркейдің пайда болуына әкеп соғады, ол и 

нфекциялық сыртқы ортаның шалдығуын 

әкеп соқтырады.

Алдын-алу  шаралар  барлық  үш  буынға 

қарсы бағытталады. Егер отбасында бір 

кісі  ауырып  қалса,  дәрігер  келгенше,  оны 

шұғыл түрде жеке орынға жатқызу керек, 

жеке төсек және төсеніш бөліп қою керек. 

Дені  сау  адамдармен  қарым-қатынасқа 

түспеу керек, әсіресе балалармен. Науқас 

пайдаланған  төсек  пен  төсенішті  жар-

ты  сағат  қайнату  қажет  немесе 0,06% 

деохлор  ерітіндісін  құйып    қою      керек. 

Бұл  сақтандырулар  қажет,  себебі  ішек 

инфекциялар қоздырғыштары жеткілікті 

түрде 

тұрақты, 



дизентериялық 

таяқшалар,  мысалы,  әр  түрлі  заттар 

және  тағамдық  өнімдер  арқылы  бірнеше 

күнге,  іш-сүзек  апталарға  дейін  тіріледі 

(алмалар,  қызанақтар,  шұжық,  нан  және 

т.б.).  Емханаға  жатқызғаннан  кейін

науқастың  пәтерінде  залалсыздандыру 

жүргізіледі.  

Міндетті  түрде  дәрігерлердің  та-

лаптарын  сақтау  қажет:  барлық  тез 

бұзылатын  өнімдерді  тоңазытқышта 

сақтау  қажет,  тамақ  алдында , егер  

ерте дайындалған тағам болса, қайтадан 

қайнату,  қуыру  қажет;  көкөністерді 

және  жемістерді  қолданудың  алдын 

ұқыпты жуу қажет. 

Ішек  инфекциялардың  берілуі    сүт 

және  сүт  тағамдары  арқылы  бола-

ды,  сондықтан  құймалы  сүт  қай  жер-

ден  сатып  алынса  да,  міндетті  түрде 

қолданудың  алдын  қайнату  қажет  және 

сүзбені термиялық өндеуден өткізу керек. 

Шыбындар    ішек  инфекциялар  тасы-

малдаушылары,  ауру  микроорганизмдерді 

тарату  үшін    «жолшыбай  көлік»  болып 

аталады. Шыбындардың ұрықтандыруына 

жол бермеу мақсатында, қоқыс жиналған 

жерлерде    инсектицидтармен  өндеуді 

жүргізу керек. 

Тамақтың    алдында  қолдарынды  жу-

ындар!  Тырнақтық  астында  ауру  ми-

кроорганизмдер  жиналып  қалады,  егер 

олар  күнделікті  тұрмыс  заттарында, 

ойыншықтарға,  тағам  өнімдеріне  және 

адам  ағзасына  түскенде,  ішек  инфекци-

ясы  пайда  болады.   Тамақтың    алдын-

да,  дәретханаға  барғаннан  кейін  немесе   

кірлегенде,  қолды  жуу  табиғи  әдет  болу 

керек. 

Ішек 


инфекциялар 

ауруларының 

алғашқы 

белгілері 

пайда 

болғанда, 



дәрігерге міндетті түрде қаралу керек.



  1   2   3


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал