3 –ші аптаға арналған Тәжірибелік тапсырмалар


ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУДАҒЫ ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС



жүктеу 35.92 Kb.
бет3/5
Дата08.02.2022
өлшемі35.92 Kb.
#17066
түріСабақ
1   2   3   4   5
3 апта
ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУДАҒЫ ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС
I. Физиканы басқа пәндермен байланыстыра оқытудың қажеттілігі
Пәндер арасындағы байланыс сол пәндердің жеке ғылымдар арасындағы байланыстың көрінісі. Бұл ғылымдардың әр-қайсысы табиғат тану жолында материалдық дүниені зерттейтін ғылымдар бар екені белгілі. Ғылым дамуының қазіргі кезеңін ғылымдар арасындағы барған сайын ұлғайып отырған байланыс пен сабақтастықтың күшеюіұласуы деп есептеуге болады. Соңғы жылдары физиканың, математиканың, астрономияныңхимияның, биологияның, географияның және басқа да пәндердің өзара байланысы осы пәндерді дәрістеуде қайта қарауды, білім беруде кең тұрғыдан қамтуды, олардың осы терең байланысын оқыту процесінде тиімді пайдалануды кездеуде. Осы пәндер арасындағы бұл байланыстың басты мақсаты оқушыны дамытудың диалектикалық принциптерінен туындайды.

Бүгінгі таңда пәнаралық байланысты мұғалімдер екі түрге топтап жүр. Оларды уақыттық сәйкестік және мазмұндық ақпарлық байланыстар деп жіктейді. Өз кезегіндегі уақыттық сәйкестік /хронологиялық/ байланыс: өтіп кеткен, қатарлас және келешекте туатын байланыстарға жіктеледі. Ал мазмұндық ақпарлық байланысты: ұғымдық және теориялық байланыстарға жіктейміз. Бұларды өзара салыстырсақ, ақпарлық байланыстардан ұғымдық және теориялық байланыстардың маңызы анағұрлым зор.

Пәнаралық байланыстардың тағы бір пайдалы жағы - ол бүкіл оқыту ісін яғни бір мектептің барлық жұмысын бір жолға салуға, барлық мұғалімдерге бірыңғай талаптар талаптар қоюға және әр түрлі пәндерді ортақ мүддені шешуге жұмылдырады.

Пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың жолдары мынадай:



  • әрбір жеке пәнді оқытқанда басқа пәндерді оқыту ісіне өз ықпалын тигізетіндей болуын көздеу;

  • әр түрлі пәндерді оқып үйренуде өтілетін материалды уақыт жағынан үйлестіріп отыру;

  • оқушылардың ғылыми теориялар мен заңдылықтарды игеруін, олардың жинақтылығымен, шеберліктерімен, дағдыларымен сабақтастыра қалыптастыру;

  • жалпы теориялық білім алуды жәна практикалық шеберліктер мен дағдыларды бірыңғай әдіспен жүзеге асыру;

  • оқушыларға /білім алу икемділік пен дағдыларды қалыптастыру барысында/ бірдей талап қою;

  • оқушыдардың бір пәнді оқып үйрену барысында екінші бір пәннен білім алуға, икемі мен дағдыларын кеңінен пайдалана білуге әдеттендіру;

  • әр түрлі пәндердің зерттеу әдістерінің ортақтығын, ерекшелігін көрсете білу;

  • пән сабақтарында оқытылатын құбылыстардың ортақ байланысын ашып, дұрыс диалектикалық дүниетаным қалыптастыру.


жүктеу 35.92 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет