3. киелі рухпен қарым-қатынас жасаудың Үш деңгейі



жүктеу 0.64 Mb.

бет9/19
Дата22.05.2017
өлшемі0.64 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19

109
КИЕЛІ РУХПЕН ҚАРЫМҚАТЫНАСТЫҢ ҮШ ДЕҢГЕЙІ  
Бесінші күн
КИЕЛІ РУХТЫҢ АРҚАСЫНДА ҚҰДАЙДЫ 
ТАНЫП БІЛУ
Енді Қор. 1- хаттың 2-тарауын , 11- аятты толық оқып шығайық:
Себебі  адамның  ішкі  құпия-сырларын  оның  өз 
рухынан  басқа  бірде-бір  адам  біле  ме?  Сол  сияқты, 
Құдайдың терең ой мақсаттарын Оның Киелі Рухынан 
басқа ешкім де білмейді.
Грек тілінде «ой-мақсат» сөзі «жеке тұлғаның күйі, немесе 
ақыл-жаратылысы»  дегенді    білдіреді.  Пауылдың:  «Киелі 
Рухты  жақын  білмейтін  адам,  Құдайдың  жүрегінің  күйін 
білмейтін  болады»  деп    айтқанының  мәні  осы  болған.  Білу 
дегенім, жай мәлім болу еместігін айтқым келеді. Біздің АҚШ 
елінде, елбасымыздың  кім екені бәріне мәлім, алайда азғантай 
ғана  адамдардың    онымен  қарым-қатынаста  тұратыны  анық. 
Біз  оның  шынайы  ой-арманы,  қалауының,  оның  не  нәрсеге 
сенетінін білмейміз. Дәл солай, Киелі Рухпен тығыз байланыста 
тұрмағанда,  Құдайдың  терең  ой-мақсатын  түсінбей,  жай  ғана 
Ол туралы хабардар боламыз.Пауыл елші өз сөзін жалғастырып, 
былай деді: «Ал біз осы дүниелік рухты емес, Құдайдан келген 
Киелі  Рухты  қабылдадық,  Соның  көмегімен  Құдайдың  бізге 
сыйлаған игіліктерін біле аламыз» (Қор. 1 хат 2:12). Не деген 
керемет сөздер! Құдайдың терең ой-мақсаттарын Киелі Рухтан 
басқа ешкім білмейді, алайда Ол бізге Киелі Рухты сыйлады. 
Құдайдың  Рухымен  тығыз  байланыста  болып,  Құдайды  жеке 
танып, Онымен сырлас қатынаста тұра аламыз. Бұл ең жоғары, 
рухани деңгейде, Құдаймен қарым-қатынаста болу.
Пауыл елші Киелі Рухтың арқасында Құдаймен ең жоғары, 
рухани  деңгейдегі  қарым-қатынаста  тұрған.  Ол  Исаны  өз 
көзімен көрмей, Оның жанында жүрмеген болса да, былай деген: 
«Бауырластар,  сендерге  мынаны  айтамын:  мен  уағыздаған 

110
КИЕЛІ РУХ
Ізгі  Хабар  адам  ойынан  шыққан  емес.  Оны  ешбір  адамнан 
не  қабылдаған,  не  үйренген  емеспін.  Иса  Мәсіхтің  тікелей 
білдіруімен  қабылдадым»  (Ғал.  1:11-12).  Иса  Пауылға  қалай 
көрінді?  Пауылдың  Ізгі  Хабарды  адамнан  қабылдамағанын 
анық айтқан. Егер ол мұны адамнан қабылдамаған болса, Исаны 
өз көзімен көрмеген болса, онда Мәсіхтің Рухының арқасында 
аян қабылдағаны рас екен.  
Егер Пауыл Иса Мәсіхті ешқашан өз көзімен көрмеген болса, 
Киелі Рухтың арқасында Онымен терең, рухани деңгейде тығыз 
қарым-қатынаста тұрудың қалай болуы мүмкін еді? Исамен бірге 
жүрген, өз көзімен Оны көрген Петір елші өмірінің аяғында хат 
жазып, былай деді: «Сүйікті бауырласымыз Пауыл да сендерге 
Тәңірдің өзіне сыйлаған даналығымен осы туралы хат жазған 
болатын. Ол бұл мәселеге тоқталып өткен барлық хаттарында 
да осылай дейді. Оларда бірқатар түсінуге қиын жерлер бар» 
(Петір  2  хат.  3:15-16).  Петір  елші  Исаның  жанында  күнде 
жүрген.  Иса  Тавор  тауында  Өз  салтанатын  Петірге  көрсетті. 
Ол Исаның айқышқа шегеленгеніне куә болып, өлімнен қайта 
тірілгенінен  кейін,  Онымен  бірге  болған.  Дегенмен,  Исаны 
өз  көзімен  көрген,  Онымен  бірге  жүрген  шәкірті,  Пауылға 
Киелі  Рух  білдірген  түсініктерінің  түсінуге  қиын  болғанын 
мойындады. Мен, Пауылдың Исамен Киелі Рухтың арқасында 
ерекше, рухани терең қарым-қатынастың деңгейінде болған деп 
есептеймін.
Пауыл Исамен бірге жүрмесе де, Жаңа Өсиеттің кітаптарын 
Киелі  Рухтың  арқасында  жазған.  Бұнын  бәрін  қалай  жазған? 
Өйткені, Киелі Рух оны Исамен байланыстырып, ашып көрсетті. 
Исаның:  «Сендерге  айтарым  әлі  де  көп,  бірақ  қазір  оның 
бәрін  тыңдауға  төзімдерің  жете  қоймас.  Алайда  шындықты 
білдіретін Құдай Рухы, келгеннен кейін сендерді бар шындыққа 
жеткізеді»  (Жохан  16:12-13)  дегені  есіңізде  болсын.  Пауыл 
елшінің  Тәңір  Исаны  өз  көзімен  көру  мүмкіншілігі  ешқашан 
болмағандықтан,  оны  сенімі  көргеніне  байланысты  болмаған. 
Ол  көрмегеніне  қарамастан,  Мәсіхке  сенім  артып  жүретін. 

111
КИЕЛІ РУХПЕН ҚАРЫМҚАТЫНАСТЫҢ ҮШ ДЕҢГЕЙІ  
Негізінде,  ол  Киелі  Рухтың  бағытын  алуы  үшін  сеніп,  көзге 
көрінетіндерге қарамауға тиіс еді. Иса Томаға осы шындықты 
айтып түсіндірмекші болды. Пауылдың Иса Мәсіхті өз көзімен 
көрмей, Онымен бірге жүре алмағандықтан, сенімнің арқасында 
рухани қарым-қатынаста болуға үйретуге мәжбүр болды. Оның 
басқа таңдауы болмаған.
Біз  де,  Пауыл  сияқты,  көргенімізбен  емес,  сеніммен  Иса 
Мәсіхпен  тығыз  байланыста  тұрып,  жүреміз.  Біз  Тәңіріміз 
Исаны  өз  көзімізбен  көрмесек  те,  сеніміміздің  арқасында 
Оған  жақын  болып,  тығыз  қарым-қатынаста  тұра  аламыз. 
Біздің  рухымыздан  орын  алған  Мәсіхтің  Рухының  арқасында 
Тәңіріміз Исамен рухани тығыз байланысып жүреміз. Сөйтіп, 
Құдаймен  терең,  рухани  қарым-қатынасымызды  жетілдіреміз. 
Не деген керемет екен!
ҚҰДАЙДЫ ТЕРЕҢ СЕЗУ
Құдай  біздің  тәніміздің  толық  күнәнің  әсерінен  азат 
етілмегенін  біледі.  Біздің  рухымыз  Иcаға  ұқсас  әрі  бейнелес 
етіліп,  толық  құтқарылған  (Жохан  1  хат  4:17  аятқа  қараңыз). 
Біздің  жанымыз  әлі  де  құтқарылып  келе  жатыр  (Жақып  1:21 
аятқа қараңыз). Бірақ, тәніміз әлі де толық құтқарылмаған.
Сіз  жаңа  заттарды  сатып  алған  соң,  біраз  уақыттан  кейін 
олардың қызықтырмайтынын байқадыңыз ба? Кейбір адамдар 
жаңа  автокөлік  сатып  алғаннан  кейін,  бір  апта  өтпей  жатып-
ақ,  оған  ескі  көлік  ретінде  қарай  бастайды  екен.  Бұл  азат 
етілмеген  тәннің  табиғаты.  Көзге  көрінетін  барлық  зат  шіріп, 
бұзылып, ғайып болады. Сонымен, Жаратқан Иеміз ізгі Құдай 
болғандықтан,  бізге:  «Менің  адамдарым  Өзімді  өз  көзімен 
көрмейді. Мені жақыннан білу үшін, оларға Өзімді Рухымның 
арқасында  айқын  көрсетіп,  рухани  байланысып  қастарында 
жүремін»  дейді.  Құдайдың  айтатыны  былай  деп  түсінуге 
болады: «Мен сүйетін адамдардың жүрегімдегін түкпірін білу 
үшін, олармен тығыз байланыста боламын».

112
КИЕЛІ РУХ
Біздің  барлығымыз  қауым  болып,Мәсіхтің  қалындығы 
болып табыламыз. Көктегі Әкеміз бізді аспан әлемінде ерекше 
өтетін  үйлену  тойына  дайындап  келеді.  Біз  Онымен  кездесіп, 
өз  көзімізбен  көрер  алдында,  Құдай  Өзін  жақыннан  танып 
білуіміз  үшін,  біріншіден,  рухани  деңгейге  жетуімізге  жол 
ашты. Осыған орай, Пауыл елші бізге: «Ендеше, ешкімге адам 
тұрғысынан  қарамаймыз.Бұрын  Мәсіхке  солай  қарағанмен, 
қазір  олай  етпейміз»  деп  жазды  (Қор.  2  хат  5:16).  Біз  Рух 
яғни Тірі Құдайдың Рухы арқылы Оны біліп келеміз. Иса осы 
дүниеде  жүріп,  адамдар  Оны  көріп  жүрген  заман  болды.  Ал, 
қазір Иса осы жерден әкетіліп, көкке көтерілгеннен кейін, біз 
Оның Киелі Рух арқылы танып біле аламыз. 
Егер  біз  Киелі  Рухқа  немқұрайды  қарап,  Онымен  қарым-
қатынаста  болмасақ,  Исаны  танып  білуден  өзіміздің  бас 
тартқанымыз.  Киелі  Рух  бізге  Исаны  ашық  көрсету  үшін, 
Құдайдың  жүрегінің  ой-мақсаттарын  түгелдей  білдіреді.  Егер 
сіз  Құдаймен  тығыз  қарым-қатынаста  тұрғыңыз  келсе,  Ол 
туралы жай ғана хабардар болмай, Оның кім екенін жақыннан 
танып білуге ұмтылуыңыз керек. Бұл қатынас тек Киелі Рухтың 
көмегімен  ғана  болуы  мүмкін.  Сондықтан,  Киелі  Рухпен 
тығыз байланыста болуға кедергі жасайтын, Құдайдың Сөзіне 
негізделмеген салт-дәстүрлерінен арылуымыз керек. Біз Киелі 
Рух жайында қате түсініп, жалған түсінікке немесе өз ойымыздан 
шығарғанын  ережелеріне  сүйеніп  жүрсек,  Құдайдың  біздің 
өмірімізге  арналған  уәделерінің  жүзеге  асатынын  көрмейміз. 
Біз  Киелі  Рухпен  тығыз  байланыста  тұрмай  Құдайды  біле 
алмайтын боламыз.
Сіздің Киелі Рухтың кез келген жерде, Оның қалауына сай 
қарым-қатынаста  тұра  алатыныңызға  сенемін.  Сонымен  қоса, 
сіз  Онымен  терең  рухани  деңгейіндегі  қарым-қатынаста  бола 
аласыз. Осы деңгейде сізден басқа ешкім жасамаған Құдаймен 
сырлас  қатынасты  жасай  аласыз.  Оған  жету  үшін,  сіз  Киелі 
Рухпен тығыз байланыста болуға талпынуыңыз керек. Сіз Оны 
қалай  жакыннан  біле  аласыз?  Оған  уақыт  бөліп,  Киелі  Кітап 

113
КИЕЛІ РУХПЕН ҚАРЫМҚАТЫНАСТЫҢ ҮШ ДЕҢГЕЙІ  
оқып, мінажат ету арқылы. Құдай сізге жақындағысы келеді, сіз 
де Оған жақындаңыз. 
Оның  төменде  жазылған  аяттарына  уақыт  бөліп,  мұқият 
оқып, ойланыңыз да, Киелі Рухтың сізге не айтқысы келетініне 
құлақ түріңіз. Сіз Құдайға бет бұрғанда, Құдайды танып білуге 
кедергі  жасайтын  жалған  түсінікті  «пердені»  Киелі  Рухтың 
алып  тастауын  сұраңыз.  «Перде»  алынып  тасталғанда,  сіз 
бұрын  болмаған  Құдаймен  қарым-қатынаста  боласыз.  Сіз 
Онымен  бетпе-бет  сөйлескен  сайын,  Киелі  Рух  сізді  Өзіне 
ұқсатып өзгертетін болады. Мына Пауылдың айтқан сөздерімен 
осы тақырыпты аяқтағым келеді:
Ал Иемізге бет бұрғанда «перде» алынып тасталады. 
Иеміз –Рух, Иеміздің Рухы бар жерде азаттық бар. Ал 
енді, бәріміз бетімізді бүркемей, ашық түрде Иеміздің 
салтанатты ұлылығына айнадан көргендей мұқият көз 
жібереміз. Осылайша Ол бізді Өзіне ұқсатып, өзгертіп 
келеді. Сол арқылы Оның салтанатты ұлылығы барған 
сайын  бізден  көбірек  көрініс  табады.  Бұл  Иемізден-
Киелі Рухтан келеді. (Қор. 2-хат 3:16-18)

114
ТӘЖІРИБЕЛІК ТАПСЫРМАЛАР 
БІРІНШІ КҮН 
ОНЫ ЕҢ КҮШТІ ҰСТАЗ РЕТІНДЕ ҚАБЫЛДАУ
Ал сендерге келсек, Құдайдан алған Киелі Рух өздеріңде 
қалады. Сол себептен сендерге жаңа ілім үйрететін 
біреудің қажеті жоқ, өйткені қажеттілердің бәрін 
де Киелі Рух үйретеді. Оның сендерге үйреткендері еш 
өтіріксіз, шынайы, сондықтан Киелі Рухтың үйреткені 
бойынша әрекет ете беріңдер.
– Жохан 1 хат 2:27
Киелі Рухтың біздің өмірімізде атқаратын рөлі көп болады, 
дегенмен,  біздің  ұстазымыз  болу  ең  маңызды  рөлі  болып 
табылады. Ол бізді әрқашан жаңа нәрсеге үйретіп келеді. Ол ең 
кемелді ата-ана секілді, бізбен бірге тұрып, бізді сүйіп, жұқалап 
сөйлеп, бізді үйретіп, қателерімізді түзетіп,бағыт беріп келеді. 
Киелі  Жазбаның  өзі  уақытқа  байланысты  емес,  бұл  Киелі 
Рухтың  нұсқауы  болып  саналады.  Құдайдың  ой-ниеті  мен 
мақсаттары  Оның  Сөзінде  жазылған.  Құдайға  ұқсап  ойлау, 
сөйлеу және әрекет жасау үшін бізге Құдайдың Сөзі өте қажет. 
Оның  Сөзін  түсіну  де  керек.  Киелі  Рухтың  жұмысы  -  бізді 
бар  шындыққа  жетелеп,  қажеттіні  үйретіп,  керек  уақытта 
мағынасын  ашып  беру.  Франсис  Фрэнгипайн  есімді  жазушы 
мен бағушы былай жазады:
«Тәңірдің  Сөзі  Киелі  Рухпен  біртұтас  болып,  Ол 
бізді  Мәсіхке  ұқсатуға  әрекет  жасайды....  Сөздің 
Өзі-  Құдай.  Киелі  Жазбалардың  өзі  Құдай  емес, 
бірақ  осы  сөздерді  жаздырған  Киелі  Рухтың  Өзі-
Құдай  болған.  Сондықтан,  сіз  Құдайдың  бет-жүзін 
іздеп,  Киелі  Кітапты  оқығанда,  оны  жай  үстінен 
оқып қоймай, Киелі Рухтың Құдайдың Сөзі арқылы 
сіздің  жүрегіңізге  сөйлеуін  сұраңыз.  Сіз  Құдайдын 

115
КИЕЛІ РУХПЕН ҚАРЫМҚАТЫНАСТЫҢ ҮШ ДЕҢГЕЙІ  
алдында мойынсұнып, кішіпейілді болып, Құдайдың 
Сөзі бойыңызға кіріп, сізбен біртұтас болып қалады». 
(Жақып 1:21)
Сіз өзіңізге келесі сұрақтарды қойыңыз. Мен Киелі Жазбаға 
қалай қараймын? Маған шындықты үйретуі үшін өз ұстазымды 
шақырамын  ба?  Мен  Киелі  Кітапты  мұқият  оқимын  ба,  не 
болмаса одан бір нәрсе алып отырамын ба? Енді, Киелі Рухтан: 
«Киелі  Жазбаға  басқаша  қарау  және  Оның  менің  өмірімнің 
бөлігі болуы үшін не істеуім керек» деп сұрап, сізге Оның ашып 
берген аянын жазып, жүзеге асыруға тырысыңыз:
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
Киелі Рух сізді Оған уақыт бөліп отырған кезде ғана үйрете 
ме? Әрине, солай ғана емес. Ол кез келген уақытта бізді үйрете 
алады. Егер де біз Онымен біртұтас болсақ, үзбей байланыста 
тұрсақ,  немесе  «бір  толқында»  болатын  болсақ,  Ол  бізге  кез 
келген сәтте сөйлейтін болады. Фрэнгипайн деген бағушы бізге 
мынадай ұсыныс айтады:
«Сіз  өзіңізбен  бірге  дәптерше  мен  қаламды  алып 
жүріңіз.Біз Оған қонақ ретінде келуге емес, Онымен 
тығыз байланыста тұруға шақырылғанбыз. Сіздің ру-
хани құлақтарыңыз ашық болуы керек, өйткені Киелі 
Рух  сізге  кез  келген  жерде,  әр  нәрсе  туралы  сөйлей 
алады».
Сіз  Киелі  Рухтың  айтқанын  жазып  алу  немесе  есіңізде 
сақтауды  өзіңізге  ыңғайлы  болу  үшін  істеңіз.  Ең  маңыздысы, 
Киелі  Рухтың  даусын  есту  және  Оның  айтқанын  есте  сақтап 
орындау.
Осы аяттарды мұқият оқып шығып, ойланыңыз. Киелі Рух 
сіздің өміріңізде Құдайдың Сөзі жайында не дейді?

116
КИЕЛІ РУХ
Тим. 2 хат 3:16; Петір 2 хат 1:12-21
________________________________________________________
________________________________________________________
Заң қайталау 6:6,11:18; Забур 118:9-11; Қол. 3:16
________________________________________________________
________________________________________________________
Забур 18:8, 118:105; Нақыл 4:20-23,6:20-23
________________________________________________________
________________________________________________________
Евр. 4:12; Жақып 1:21; Иер. 23:28-29
________________________________________________________
________________________________________________________
«Маған сиынып, мінажат ет, жауап беремін,сен 
білмейтін ұлы да құпия жайттарды білдіремін!».
– Иеремия 33:3

117
ТӘЖІРИБЕЛІК ТАПСЫРМАЛАР 
ЕКІНШІ КҮН
 
ОҒАН СЕНІМДІ БОЛУҒА УӘДЕ ЕТІҢІЗ
Исаның жауабы мынау болды: -Бәрінің ең бастысы 
мынау: «Тыңда Исраил: Құдайымыз Жаратқан Ие-жалғыз 
Құдай! Құдай Иеңді шын жүректен,бүкіл жан дүниеңмен, 
барлық ақыл-ойыңмен, бар күш-қуатыңмен сүй! 
–Марқ. 12:29-30
Тәңір Иеміз Рух болып, бізді қатты сүйп, Өзін сүйгенімізді қалайды. 
Біздің осы күнәкар дүниеге мен ондағы нәрселеріне байлаулы болып, 
оған беріліп кетуімізді қаламайды. Ол бізге былай дейді: 
«Осы күнәлі дүниені және ондағы нәрсені еш сүймеңдер.
Осы дүниені сүйгендердің көктегі Әкеге сүйіспеншілік 
жоқ. Себебі осы дүниеге тән нәрселердің бәрі: күнәкар 
адамның  құмарлықтары,  көзінің  қомағайлығы  әрі 
тұрмысына мастануы көктегі Әкеден емес, осы дүниеден 
бастау алған. Осы дүние мен оның ләзатты өткінші, ал 
Құдайдың еркін орындаушылар мәңгі өмір сүреді».
– Жохан 1 хат 2:15-17
Матай 16:24-25; Титке 2:12-14 ; Жақып 4:4-6 ; Жохан 15:18-21 және Рим. 12:2 аяттарға 
қараңыз.
CІЗДІҢ  БАҒЫШТАЛУҢЫЗДЫҢ  НЕДЕ?  Өзіңізге  сұрақ 
қойыңыз.
Сіз кімге немесе не нәрсеге көбірек уақытыңызды бөлесіз
Мен бос уақытымды қалай пайдаланамын?
________________________________________________________
________________________________________________________
Кім  немесе  не  менің  көңілімді  көтереді?  Жаңа  технология 
мен заманауи сән өмірімде тиісті орын алып отыр ма?
________________________________________________________

118
КИЕЛІ РУХ
________________________________________________________
Мен не нәрсеге ақша жұмсаймын?
________________________________________________________
________________________________________________________
Мен не туралы көбірек ойлап жүремін? Не жайында көбірек 
сөйлесемін? Не үшін мінажат етемін?
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
Біздің айтып жүрген сөздеріміз өзіміздің бағышталуымыздың қандай 
екенін көрсетеді. Иса көңілі неге толы болса, ауызы соны сөйлейтінін 
айтты. (Лұқа 6:45)
Өзіңіздің  берген  жауаптарыңыз  қайтадан  оқып  шығыңыз. 
Киелі  Рухтан:  «Өзімнің  ең  басты  істеп  жүргендерімді  Сенің 
көмегіңмен  өзгертуім  керек  пе?  Менің  өмірімде  табынатын 
жалған  тәңір  яғни,  пұт  пайда  болды  ма?  Сенен  басқа  қатты 
аңсайтын  бір  нәрсе  бар  ма?»  Киелі  Рух  сізге  осы  мәселе 
жайында  не  дейді?  Оған  толық  бағышталу  үшін,  не  істеу 
керектігін айтады:
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
Матай 6:19-21 және Қол. 3:1-17 аяттарды оқып, ойланыңыз. 
Тәңірге  бағыштала  беруге  осы  аяттарға  негізделіп,  Киелі 
Рухтың көмегімен мінажатты жазып алыңыз.
________________________________________________________
________________________________________________________

119
ТӘЖІРИБЕЛІК ТАПСЫРМАЛАР 
ҮШІНШІ КҮН
БІЗ ОНЫҢ РАҚЫМЫНЫҢ АРҚАСЫНДА 
РУХАНИ ӨСЕ БЕРЕМІЗ
Ал енді, бәріміз бетімізді бүркемей, ашық түрде 
Иеміздің салтанатты ұлылығына айнадан көргендей 
мұқият көз жібереміз. Осылайша Ол бізді Өзіне 
ұқсатып, өзгертіп келеді. Сол арқылы Оның 
салтанатты ұлылығы барған сайын бізден көбірек 
көрініс табады. Бұл Иемізден-Киелі Рухтан келеді.
-Қор. 2 хат 3:18
Иса Мәсіх айқыш ағашқа барар алдында, Киелі Рух туралы 
өте  маңызды  шындықты  айтты:  «Сендерге  айтарым  әлі  де 
көп, бірақ қазір оның бәрін тыңдауға төзімдерің жете қоймас. 
Алайда  шындықты  білдіретін  Құдай  Рухы,  келгеннен  кейін 
сендерді бар шындыққа жеткізеді» (Жохан 16:12-13).
Бәрін  білетін  Иса,  Өз  шәкірттеріне  көп  маңызды  нәрсе 
жайында  айта  алар  еді,  бірақ  олардың  ақыл-ойларына  бәрі 
сыя алмағандықтан, түгел айтқан жоқ. Олардың рухани өсуіне 
уақыт  керек  еді.  Иса  өліп,  қайта  тіріліп,  көкке  көтерілгеннен 
кейін, Құдай Әке Оның рақымының арқасында руханиөсуіміз 
үшін Киелі Рухты жіберді.
Ақылды  ата-  ана  жаңа  туған  баласына  математиканың 
тапсырмасын  шешуді  жүктей  ме?  Не  болмаса,  жасөспірімдік 
кезінде  салықты  қалай  төлеуді  білгенін  қалайды  ма?  Әрине, 
ондай  тапсырма  бермейді.  Дәл  солай,  Киелі  Рух  бізге  рухани 
өмірімізге  керектігін  ашып  білдіру  үшін,  рухани  өсіп,  ер 
жететінімізді күтеді. Ол біздерге тек, Киелі Жазбалар жайында 
ғана бар шындықты ашып беріп қоймай, сонымен қоса, өзіміз 
де, отбасымыз да, балаларымыз да, денсаулығымыз жайындағы 
бар шындыққа жеткізгісі келеді.

120
КИЕЛІ РУХ
Құдайдың Сөзіне сай, біз бір сенім мен ұлылық дәрежесінен 
басқа жоғары дәрежеге жетіп, рухани өсіп келеміз. Рухани өсу 
үшін біз де Киелі Рух та үлесімізді қосып, еңбек етеміз. Фил.1:6, 
2:12-13, Сал. 1 хат 5:23-24 және Евр. 13:20-21 мұқият оқыңыз. 
Киелі Рух сізге рухани өсу туралы не ашып берді. Қайталатын 
тақырып кездесе ме?
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
Он  тоғызыншы  ғасырда  өмір  сүрген,  атақты  Англияда 
тұрған Чарльз Сперджен есімді уағыздаушы көптеген әр түрлі 
тақырыптар, сонымен Киелі Рух және де рухани өсу жайында 
жазды. Ол былай деді:
«Біздің  істей  алмайтынымыздың,  Исаның  қолынан 
келетітіне  сенім  артамыз.  Егер  біз  өз  күшімізге 
сүйеніп, бәрін істей алатын болсақ, онда неге Исаға 
сенім артуымыз керек?» Біздің міндетіміз сенім арту, 
ал Тәңіріміздің міндеті бізді өзгертіп, жаңа деңгейге 
көтеру.  Оның  бұйрығын  орындасақ  болғаны.  Біздің 
өмірімізді  жандандыру  Құдайдың  жұмысы  болып 
табылады».
Мен  одан  да  рухани  ер  жетуім  керек  деген  ой  болмасын. 
Бұл қате түсінік. Өйткені, сіз қателік жіберіп, рухани тұрғыда 
құлайтын болсаңыз, өзіңізге айып тағып, соттап, рухани күштен 
айырыла  бастайсыз.  Тынышталып,  былай  мінажат  етіңіз: 
«Киелі Рух, Саған менің рухани өсіп келе жатқаным көрініп тұр 
ма? Ол сізге не дейді?».

121
КИЕЛІ РУХПЕН ҚАРЫМҚАТЫНАСТЫҢ ҮШ ДЕҢГЕЙІ  
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
Киелі Рух сізге қарағандай, өзіңізге де солай қарауыңыз керек. Киелі 
Рухтың сіздің рухани өсе беруді көмектесіп, жаңа рухани деңгейге 
жеткізуді сұраңыз.
Сіз өзіңізді өзгертуге тырысып көрдіңіз бе? Тырысуыңыздың 
нәтижесі  бар  ма?  Қазіргі  рухани  өсуіңіздің  айырмашылығы 
қандай? 
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________

122
ТӘЖІРИБЕЛІК ТАПСЫРМАЛАР
ТӨРТІНШІ КҮН 
ОНЫҢ СІЗБЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТА 
ТҰРҒЫСЫ КЕЛЕТІНІН БАҒАЛАУ
Сүйіспеншіліктерің адал болуы керек. Жамандықты 
жек көріп, жақсылықты берік ұстаныңдар. Бір-біріңді 
бауырлардай сүйіп, өз бастарыңнан артық сыйлаңдар.
–Рим. 12:9-10
Біз Құдай Әкемен және адамдармен қарым-қатынаста тұруға 
жаратылғанбыз.  Сол  туралы  ойланып  көріңіз.  Сіз  ешкіммен 
қарым-қатынаста тұрмасаңыз өміріңіз қандай болады екен? Егер 
сіз барлық өмір сыйлайтын қарым-қатынастардан бас тартсаңыз, 
сізде не қалады? Тек жалғыздық пен құрбекершілік ғана қалады.
Құдайға қарым-қатынас үшін алғыс! Адал достық баға жетпес, 
бағалауға  лайықты  қатынас.  Темір  темірді  қайрағандай,  адал  дос 
біздің  рухани  өсуімізге  себепші  болып,  жан-cезімізді  күшейтіп, 
ментальдік  дамуына  көмектеседі.  Адал,  жақсы  дос  керек  кезде 
қателерімізді  сүйіспеншілікпен  көрсетіп,  оларды  түзетуге  көмек 
береді. Адал дос біздің жетістіктерімізге қуанып, қиындықтарымызға 
қарамастан,әрі қарай алға басуға жігерлендіреді. 
«Біреу болғаннан екеу болған жақсы. Себебі бірігіп 
жұмыс істесе, содан көретін пайдалары болады. Біреу 
құласа, жолдары сүйеп, тұрғызады. Алайда, құлағанда 
сүйеніш болатын ешкімі жоққа қандай қиын».
–Уағыз. 4:9-10 
Біз  қарым-қатынастың  үш  деңгейінің  бар  екенін  түсіндік. 
Бұлар-  рухани,  жан-дүниелік  және  тәндік  қатынас.  Сізге  осы 
шындық  өзіңіздің  қарым-қатынасыңыз  қай  деңгейде  болып 
тұрғанын көрсетеді? Бұл сізге кіммен көбірек қарым-қатынасты 
жетілдіруге көмектеседі? Неге?


1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал