3. киелі рухпен қарым-қатынас жасаудың Үш деңгейі



жүктеу 0.64 Mb.

бет8/19
Дата22.05.2017
өлшемі0.64 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19

97
КИЕЛІ РУХПЕН ҚАРЫМҚАТЫНАСТЫҢ ҮШ ДЕҢГЕЙІ  
есіңізде ұстаңыз. Бұл оқиға Исаның қырық күн айдалада болып, 
шайтанның  азғыруынан  өткеннен  кейін  болғанына  көңіл 
бөліңіз.  Айдаладан  шығып,  Киелі  Рухтың  құдіретіне  толып, 
Назарет қаласына қайтып келген соң, Иса жазбаны ашып, мына 
жерін тауып, жамағат алдында оқып берді:  
Жаратқан  Ие  Маған  Өзінің  Рухын  қондырды.  Мені 
жарлыларға Ізгі хабар жеткізуге тағайындап, сондай –ақ, 
тұтқындарға босатылып, соқырларға көре алатындарын 
жар  салуға  жіберді,  Жаратқан  Ие  мені  езілгендерді 
қанаудан  азат  етуге  және  Жаратқан  Иенің  кешірім 
беретін  мейірімділік  жылын  жариялауға  да  жіберді. 
(Лұқа 4:18-19)
Киелі Рухтың құдіретіне кенелуінің арқасында Иса, Құдай 
Әкесінің  еркін  толығымен  орындады.  Мәсіхтің  қауымы  да, 
Киелі  Рухтың  құдіретіне  кенеліп,  жарлыларға  ізгі  хабарын 
жеткізіп, тұтқындарды босатып, соқырлардың көздерін ашып, 
езілгендерді  қанаудан  азат  ете  отырып,  Құдайдың  құдіретінің 
құтқара  алатыны  көрінеді.  Алайда,  егер  біз  Киелі  Рухтың 
құдіретіне сүйенбей жүрсек, онда осындай «көктегі» нәтижені 
көрмейміз. Егер Иса Құдайдың құдіретіне мұқтаж болса, біздің 
де қаншама зор мұқтаж болғанымыз!
Екінші күн 
ИСАҒА МОЛЫНАН ОРЫН БЕРУ
Қауымдарды  аралап,  Исаның  қатысуын  көру  үшін,  іздеп 
жүретін адамдарға айтатыным бар. Мен адамдардың қауымдарда: 
«Біздің қауымымызға Иса көбірек керек» деп айтып жатқанын 
жиі естіп отырамын және де олардың айтып жатқанына келісемін. 
Бірақ бізге Исаны Кім ашып көрсетеді? Әрине, Киелі Рух ғана. 
Біз өткен тарауларға қарап, Киелі Рухтың бізге керек-жарақ зат 
еместігін,  Оның  жеке  тұлға  болып,  Оны  құрметтеп,  өмірімізге 

98
КИЕЛІ РУХ
шақыруымыз  керектігін  түсіндік.  Шындықты  білдіретін  Рухты 
барлық  өміріміздің  салаларына  неге  шақырмасқа?  Иса  Өз 
шәкірттеріне келесі аятты айтқан еді:
Сендерге  айтарым  әлі  де  көп,  бірақ  қазір  оның  бәрін 
тыңдауға  төзімдерің  жете  қоймас.  Алайда  шындықты 
білдіретін  Құдай  Рухы  келгеннен  кейін  сендерді  бар 
шындыққа  жеткізеді.  Себебі  Ол  Өзінен  шыққан  сөзді 
емес, көктегі Әкемнен естігенін айтады және болашақта 
не  болатыны  сендерге  хабарлайды.Құдай  Рухы  Менің 
ұлылығымды  көрсетеді,  себебі  Ол  Менен  қабылдаған 
хабарларды сендерге жеткізбек. Әкемдегінің бәрі Менікі 
де.  Сондықтан  да  «Ол  Менен  қабылдаған  хабарларды 
сендерге жеткізбек» дедім. (Жохан 16:12-16)
Киелі  Рух  Исаның  ұлылығын  көрсетеді.  Киелі  Рухтың 
арқасында ғана біз Исаның қандай екенін көреміз.Біз Құдайдың 
бекіткен занын айналып өте алмаймыз. Егер біз Исаға молынан 
орын  бергіміз  келсе,  онда  біз  Киелі  Рухпен  тығыз  қарым-
қатынаста  болуымыз  керек.  Сол  себептен,  Киелі  Рух  Мәсіхтің 
Киелі  Рухы  деп  аталған  (Пет.  1  хат.  1:11;  Рим.  8:9).  Киелі  Рух 
бізге сөйлегенде, Исаның Өзін көрсетеді. Киелі Рух біздің рухани 
өміріміздегі қосымшасы емес, қайта ол Мәсіхтің болмысы болып 
табылады. Оған құрмет көрсетілмесе, Оның қатысуы көрінбейтін 
болады.  Сондықтан,  егер  біз  Киелі  Рухты  құрметтесек,  онда 
Исаның  құдіреті  өмірімізде  болмайды.  Сол  себептен,  қауым 
арқылы  Құдайдың  құдіретіменен  күнәкар  дүние  құтқарылмай, 
оған қауым өмірі жоқ және әлсіз болып көрінеді.
ҚҰДАЙМЕН ТЕРЕҢ ДОСТЫҚ 
ҚАТЫНАСТА ТҰРУ
Құдаймен  тығыз  байланыста  болудың  мақсаты,  Онымен 
терең достық қатынас жасау. Құдайдың Рухы сізбен дос болуды 
қатты  аңсайды.  Жақып  елші,  Жақыптың  хатының  4-тарау, 

99
КИЕЛІ РУХПЕН ҚАРЫМҚАТЫНАСТЫҢ ҮШ ДЕҢГЕЙІ  
5-аятында:  «Өмірімізден  орын  алған  Құдайдың  Рухы  жалғыз 
Оны  ғана  сүйіп,  Оған  түгелдей  бағышталуымызды  аңсайды» 
деді. Ол нені қатты аңсайды? Ол бізбен сырлас қатынаста болуды 
қатты аңсайды. Біздің барлық аңсағанымыз, жақын адамдармен 
бөліскіміз  келетіні  рас  екен.  Киелі  Рухтың  Оны  басқалардан 
қызғаныштан  көре  алмайтынына  назар  аударыңыз.  Егер  мен, 
Құдай сақтасын! Басқа біреудің әйелінің көңілін тауып жүрсем, 
менің жолдасым бұған төзе алмайды да, өзі жүрегінің сырларын 
ешқашан ашпайды да. Дәл солай, Киелі Рух басқа адамдарды 
немесе қандай да болмасын, бір нәрсені жүрегімізден бірінші 
орын беретінімізге төзе алмайтыны шындық.
Құдай Өзіне толық бағышталуымызды қалайды. Осы аяттың 
жоғары жазылған басқа аятта былай оқимыз: «Күнәкар дүниемен 
достасу Құдайға қастық екен» (Жақып 4:5). Қастық дегеніміз 
«жауласу,  жек  көрінішті  болу,  бас  араздықты»  білдіреді.  Бұл 
керемет жазылған сөздер! Онда күнәкар дүниемен достасу неге 
Құдайға қастық тудырады деген сұрақтың туындауы мүмкін. 
Күнәкар  дүниемен  достасу  бұл  ескі  күнәкар  болмысының 
құмарлыққа  берілуі.  Бұл  пайда  көруді,  мәртебелелікті  немесе 
қоғамда  алатын  орнын  сараң  түрде  қудалау.  Киелі  Рух  біздің 
осындай  мақсаттарға  қара  ниетпен  жетудің  нәтижесінің 
өміріміздің  мағынасыздығына  айналып  кетіп,  әрі  қиындықтарға 
ұшырайты нымызды  біледі.  Құдай,  бізді  қызғанып,  қатты  сүйіп, 
біздің  мұндай  нәрселермен  ойнап  жүргеніміздің  салдарының 
жаманшылыққа ұшырататынын жек көреді. Кез келген баласының 
әкесі  болғанындай,  Құдай  Көктегі  Әкеміз  болып,  тек,  біздің 
өміріміздің ең жақсы өмір болғанын қалайды. Иса сізге ең жақсы 
өмір  беру  үшін  келді  (Жохан  10:10  аятына  қараңыз),  ал  Киелі 
Рух Иса Мәсіхтің қалауын жүзеге асыруға келді. Құдайдың Бір-
ақ  Құдай  екенін  ұмытпаңыз.  Көктегі  Әкеміз  өз  балаларымен 
сырлас  қатынаста  болуды  қатты  аңсайды.  Біз  күнәкар  дүниенің 
«көңілін  тауып  жүргенде»,  Жаратқан  Иемен  сырлас  болу 
деген  қатынасымызды  бұзып  кетеміз.  Құдай  Әкенің  жүрегіне 
ауыртпалық түсіру не деген қасірет еді!

100
КИЕЛІ РУХ
ҚҰТҚАРЫЛҒАННАН КЕЙІНГІ ӨМІР
Құдайды мақсаты бізді құтқару ғана емес, ары қарай бізді 
жетелеу екен деген түсінікке келдім. Біздің құтқарылғанымыз 
ғана  жеткілікті  болмайды.  Әрине,  біздің  құтқарылғанымыз 
ең  үлкен  керемет  екен,  бірақ  жұмаққа  кіру  бұл  бастамасы 
ғана,  оған  қоса,  Құдай  бізге  арналған  ерекше  тағдыр 
дайындап  қойған.  Осы  дүниелік  құмарлыққа  беріліп,  оның 
қорқынышының жетегінде жүргенде, біз Құдай Патшалығын 
осы жерде орнату үшін тиімді бола алмаймыз. Бір рет Пауыл 
елші былай деді: «Құдайға ұнамды өмір сүру барлық жағынан 
да пайдалы» (Тим. 1 хат 4:8).
Пауылдың Құдайға ұнамды өмір сүру дегеніне көңіл бөліңіз. 
Тек Құдайды жақыннан танып білген адам ғана Оған ұнамды 
өмір сүре алады, өйткені Оған ұнамды өмір сүру бұл Құдайға 
ұқсас  болу  дегенді  білдіреді.  Егер  мен  біреудің  жанында 
жүрмесем,  оған  ұқсап  кету  қиын  болатынын  түсіндім.  Біз 
адамдармен көп уақыт достасып жүргенде, бір-бірімізге ұқсап 
кете бастаймыз. Сол себептен Жақып елші, күнәкар дүниемен 
достасып  жүргендерге  былай  жазды:  «Құдайға  жақындаңдар, 
сонда Ол сендерге жақындайды» (Жақып 4:8). Құдайға ұқсас 
болу үшін Оның сізбен бірге болғысы келеді. Біз Киелі Рухтың 
арқасында Құдаймен тығыз қарым-қатынаста болу арқылы ғана 
Оған ұқсап кетіп, ұнамды өмір сүре аламыз (Қор. 1 хат 2 тарау).
Кейбір  сенушілер,  «Күнәкар  дүниемен  достасу  Құдайға 
қастық  екен»  деген  аятты  оқығаннан  кейін,  дереу,  осы 
күнәкар дүниеден аулақ болып жүреді. Бұл қате түсінік! Егер 
сенушілер  адамдардан  аулақ  болып  жүрсе,  онда  олар  қалай 
бүкіл адамзатты Исаға әкеле алады? Біз сенушілер бола тұра, 
Исадан үлгі алуымыз керек. Осы дүние үшін түкке тұрмайтын 
адамдар  Исаға  жақындағысы  келіп,  үнемі  Оның  қасында 
болуды аңсады. Иса салық жинаушылармен әрі жеңіл жүріске 
берілген  әйелдердің  араларында  болғанда,  діншілдер  Оған 
жоғарыдан  қарап  жүретін.  Ол  тіпті  солардың  дастарқанында 

101
КИЕЛІ РУХПЕН ҚАРЫМҚАТЫНАСТЫҢ ҮШ ДЕҢГЕЙІ  
бас  қосып  бірге  отыратын.  Бірақ  Оның  солардың  қатарына 
қосылғандығы өзгеше болатын. Иса күнәкар дүниеде жүрсе де, 
бірақ оның ықпалының Оған әсер етпегінін білдіріп, бізге үлгі 
етіп  көрсетті.  Оның  жүрегі  діншіл  адамдар  теріске  шығарған 
кісілерге ашық болды. Неге Ол діншіл менсінбейтін адамдарға 
қызмет  жасап  жүрді?  Өйткені  олардың  кішіпейілді  болып, 
Құдай Патшалығына мұқтаж болғанын білді. Иса адамдардың 
іс-әрекеттеріне қосылу үшін емес қайта, жаңа жолын көрсету 
үшін жиын-тойларға қатысатын.
Біз  де  адасқан,  бұзылып  кеткен  адамзатты  құтқару  үшін 
шақырылғанбыз. Егер сенушілер Исаға ұқсап, Оның істегенін 
жасамақ,  онда  кім  мұны  істейді?  Тек  біз  ғана  Исаның 
мейірімділігін  көрсетіп,  күнәға  батқан  адамзатты  құтқара 
аламыз. Құдайдың рақымының арқасында біздің өміріміз Иса 
Мәсіхпен байланысты болып өзгеріп келеді. Біз Оның өкілдері 
болып,  қызмет  етудеміз.  Бізден  басқа  ешкім  де  Құдайдың 
шындығы мен нұрын күнәкар дүниеге жеткізе алмайды.
Үшінші күн 
ҮНСІЗ КИЕЛІ РУХ
Киелі  Рухпен  бірге  жүрген  уақыттарда,  Оның  көргенді, 
тәрбиелі екенін түсінеміз. Ол бізге ешқашан Өз еркін орындауға 
мәжбүр  етпейді.  Егер  біз  Оның  қалағанын  орындағымыз 
келмесек, онда Ол үндемей тұрады.
Менің  Құдайға  қызмет  етіп  жүріп,  жер  жүзін  айналып 
саяхат  жасап  жатқаныма  жиырма  бес  жылдан  асқан.  Мені 
әуежайда қарсы алған автокөліктің жүргізушілері жайында бір 
нәрсені  байқадым.  Олар  мені  жылы  жүзбен  қарсы  алып,  аса 
керемет  көмектесіп,  қызмет  еткен  кезімде  жақсы  қамқорлық 
жасайтын. Бірақ, мен олармен сөйлеспейінше, өздері менімен 
сөйлеспейтін. Өйткені, егер маған машинада отырып, уағызға 
дайындалу  керек  болған  жағдайда,  олардың  бағушылары 

102
КИЕЛІ РУХ
менімен құр босқа сөйлеспеуге нұсқау берген болатын. Маған 
сондай  жақсы  қызмет  көрсеткен  көлік  жүргізушілерінің 
көп  болғанына  өте  ризамын.  Сол  себептен,  мен  олардың 
отбасы  жайында,  қауымындағы  қызметі  туралы  сұрақ  қойып, 
сөйлесемін.  Егер  мен  әңгіме  бастамасам,  онда  біз  жол  бойы 
үндемей отыратын боламыз.
Дәл  солай,  егер  біз  Киелі  Рухпен  сөйлеспесек,  онда  Ол 
үндемейтін болады. Егер біз Оның дауысын естігіміз келмесек, 
Ол түк те айтпайтын болады.  Жақыптың «Құдайға жақындаңдар, 
сонда Ол сендерге жақындайды» деп айтқанын есіңізде ме? Біз 
бірінші  қадам  жасауға  міндеттіміз.  Біздің  Онымен  әдейілеп, 
бірінші болып, қарым-қатынас жасап, сөйлесуіміз керек. Жай 
ғана айтқанда, Киелі Рух бізді Онымен қатынас жасауға барлық 
уақытта шақырады. Енді, сіздің өзіңіз әрекет жасауыңыз керек.
Көптеген  сенушілер  осы  шындықты  білмейді  екен. 
Мен,  адамдардың:  «Неге  Құдай  маған  сөйлемейді?»  немесе 
«Құдайдың  маған  сөйлемегеніне  бірнеше  жыл  болды»  деп 
осылай айтатынын жиі естимін. Ал, осы адамдар Киелі Кітапта 
айтылғандай,  Құдаймен  қарым-қатынаста  тұруға  талпыныс 
жасай ма? Егер біз Құдайға жақын болғымыз келсе, онда Оны 
жақыннан танып білуге талпынуымыз керек. Бұл Киелі Рухпен 
дос болу дегенді білдіреді.
Мен  сізді  Киелі  Рухпен  тығыз  қарым-қатынас  жасау 
үшін,  ынталандырғым  келеді.  Сіз,  Онымен  қарым-қатынаста 
тұруыңыздың  ұсынысына  сай  әрекет  ететініне  риза  боласыз. 
Маған  қызмет  еткен  көлік  жүргізушілері  сияқты,  Киелі  Рух 
сізді ешқашан тастап кетпейтініне уәде бергендіктен, Онымен 
сөйлесесіз бе, әлде үндемей отырасыз ба, ол сізбен әрқашанда 
бірге  болады  (Евр.  13:5).  Бірақ,  егер  сіз  Оны  шақырмасаңыз, 
Ол  үндемей  тұрады.  Сөйтіп,  Киелі  Рухтың  өміріңізге  толық 
қатыса алмайтынына риза болмайсыз және де Онымен қарым-
қатынасты болудың жарылқауын көрмейтін боласыз.

103
КИЕЛІ РУХПЕН ҚАРЫМҚАТЫНАСТЫҢ ҮШ ДЕҢГЕЙІ  
ҚҰДАЙДЫҢ ОЙ ТЕРЕНДІГІ
Жохан 16:12-15 аяттарға қарайық:
Сендерге айтарым әлі де көп, бірақ қазір оның бәрін 
тыңдауға төзімдерің жете қоймас. Алайда шындықты 
білдіретін  Құдай  Рухы,  келгеннен  кейін  сендерді 
бар  шындыққа  жеткізеді.  Себебі  Ол  Өзінен  шыққан 
сөзді  емес,  көктегі  Әкемнен  естігенін  айтады  және 
болашақта  не  болатыны  сендерге  хабарлайды.Құдай 
Рухы Менің ұлылығымды көрсетеді, себебі Ол Менен 
қабылдаған хабарларды сендерге жеткізбек.
Бұл  сөздерді  Иса  өз  шәкірттерінің  арасында  соңғы  рет 
болғанда,  Оны  айқыш  ағашқа  шегелер  алдында  айтқан. 
Кейінірек Оны римдік жауынгерлер ұстап алып, өлімге кесілу 
үкімі шығарылды. Бұл ең қиын сөздерді айтатын уақыт болды.
Исаның  оларға  айтқанына  наза  аударыңыз:  «Сендерге 
айтарым әлі де көп, бірақ қазір оның бәрін тыңдауға төзімдерің 
жете қоймас». Иса өз шәкірттеріне шынайы өмір болған. Олар 
Онымен бірнеше жыл бойы бірге жүрді. Олардың әрқайсысы 
өз отбасын, достарын, тұратын жерін тастап, Исаның соңынан 
еріп жүрді. Шәкірттері: «Бізге толық түсіну үшін, өзіміздің осы 
дүниеде тағы не істеуміз керек?» деп ойлайтын шығар. Бірақ 
Иса  олардың  ақылдарына  сымайтын  уәдені  берді:  «Алайда 
шындықты  білдіретін  Құдай  Рухы,  келгеннен  кейін  сендерді 
бар  шындыққа  жеткізеді».  Басқа  сөзбен  айтқанда,  «Мен 
сендермен бірге жүріп жатсам да, өздерің Менің беретін барлық 
игіліктерімді әлі иемдене алмайсындар. Алайда, Мен сендерге 
Киелі Рухты жіберемін, Ол Менің сөздерімді сендерге жеткізіп, 
Менің еркімді ашып білдіріп, болашақта келетінін қабылдауға 
сендерді дайындайды»
Не  деген  керемет  уәде  екен!  Исаның  тағы  бір  айтқанына 
назар аударайық:

104
КИЕЛІ РУХ
Сендерге шындығын айтайын: Менің кететінім сендер 
үшін жақсы!Себебі, кетпесем, сендерге Қамқоршыларың 
(Құдай  Рухы)  келмейді;  ал  Мен  барған  соң,  Оны 
сендерге жіберемін. (Жохан 16:7)
Осы сөздер бізге жаңа түсініктің бастамасы болады. Құдай 
бізден оны жасырмай, қайта бізге ашып бергісі келеді. Біз жақсы 
көретін адамдардың өзімізді жақсы түсінгенін қалаймыз.Құдай 
да  солай.  Иса  осы  дүниеде  өмір  сүргенде,  Өз  Әкесінің  өкілі 
ретінде  болып,  Құдайға  апаратын  жолды  білдіріп,  Құдайдың 
Өзі  қандай  екенін  адамзатқа  ашып  көрсетті  (Евр.  1:1-3,  Қол. 
1:15-19). Біз Исаның Құдайдың оң жағында көкте отырғанын 
білеміз.  Киелі  Рух,  Құдай  болып,  Құдайдың  балаларының 
жүректерінен орын алып, араларында жүреді. Құдайдың терең 
ойы, ниетін білу үшін, Оның Рухын, яғни шындықты жеткізетін 
Рухты білуіміз керек.
КҮМӘНДАНЫП ЖҮРГЕН ТОМА ЕЛШІ
Иса  өлімнен  қайта  тірілгеннен  кейін,  Оның  шәкірттері  он 
адам болып, есікті құлыптап, бекіткен бөлмеде тұрған. Кенет, 
Иса  оларға  келгенде,  шәкірттері  одан  шошып  кетіп,  аң-таң 
болды. Иса оларға елес емес екенін айтып, көндіруге мәжбүр 
болды.  Осы  он  шәкірттері  Исаның  өлімнен  қайта  тірілгеніне 
қатты қуанып, кейін, Оның Өзінің келген кезде болмаған Томаға 
қуанышты хабарын айтып берсе де, ол: «Мен Оның қолдарынан 
шегелердің  орнын  көрмесем,  саусағыммен  шегелердің  орнын 
сипап, бүйіріндегі тыртығын қолыммен ұстап көрмесем, Оның 
тірілгеніне еш сенбеймін» -деп жауап берді (Жохан 20:25).
Біраз,  уақыттан  кейін,  он  бір  шәкірттері  тағы  жиналып, 
Иса оларға аяқ астынан келіп көрінді. Ол дереу Томаға бұрып, 
оған  былай:  «Жарайды,  Тома  сенің  Маған  сене  алмайтын 
мәселесін  шешіп  алайық»  деген  сияқты.  Иса  оған:  «Менің 
қолым  саусақтарыңды  тигізіп  қара,  алақаныңды  бүйіріме  қой 

105
КИЕЛІ РУХПЕН ҚАРЫМҚАТЫНАСТЫҢ ҮШ ДЕҢГЕЙІ  
және сенімсіз болмай, сенетін бол» деді (Жохан 20:27). Және 
Тома Оған: «Ием менің,Құдайым менің» деп мойынсұнды. Енді 
Исаның не деп айтқанына мұқият қарайық:  
«Тома, сен мені көргендіктен Маған сеніп тұрсың. Ал 
Мені көрмесе де сенетіндер бақытты»(Жохан 20:29)
Негізі,  Иса  оған  былай  деп  жариялап  тұрды:  «Мені  көрмей, 
сенім артатын адамдар бар, олар шынымен бақытты болмақ» Мен 
былай деп ойлайтынмын: «Мына, бейшара, Тома елші, Саған әрең 
дегенде сеніп, кейін, сенбегеніне тәубе етіп, өз кінәсін мойындап 
тұр екен. Ал Сен оған қарап тұрып: Ал Мені көрмесе де  сенетіндер 
бақытты» деп айтасың. Мен Исаның Томаға солай қатты айтқанын 
түсіне алмадым. Бірақ, бір күні Құдай маған сөйлеп, былай деді: 
«Менің ниетім Томаны әшкерелеу емес, оған шындықты айтуға 
болды. Мені көріп, денемді қолымен ұстап, сезіп жүрудің қарым-
қатынастың  деңгейінен  гөрі,  Киелі  Рухтың  арқасында  Менімен 
тығыз байланыста тұрудың деңгейі тым жоғары».
Төртінші күн
КИЕЛІ РУХПЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТА 
ТҰРУДЫҢ ҮШ ДЕҢГЕЙІ
Иса  Томаға  осы  шындықты  айтқан  кезде  нені  білдірмекші 
болды? Сізге жауап беру үшін, көргенімізбен емес, сенімімізбен 
ғана  Құдаймен  тығыз  қарым-қатынаста  тұра  алатынымызды 
айтып түсіндірейін.
Адамдардың  арасындағы  қарым-қатынастың  үш  деңгейі 
бар: тәңдік деңгейі, жан-дүниелік деңгейі, рухани деңгейі. Ең 
төмен  деңгей-тәндік  деңгейі  болып  саналады.  Қыз  бен  жігіт 
біріне-бірі:  «Сондай  айдай  сұлу  қыз,  сүйем-күйем,  жаным, 
сенсіз күн түндей болады ау!!!» деп айтуымен тәндік деңгейі 
басталады.  Өкінішке  орай,  көптеген  екі-жас  үйленгенде  осы 
деңгейде ғана тұрады. Олар: «бір-бірімізге сүйкімді, тартымды 

106
КИЕЛІ РУХ
болғандықтан,  қарым-қатынасымыздың  онша  жақсы 
болмағанына  мойынсұнбай  бір-бірімізбен  уайымдағанымыз 
жайында  сөйлеспей  жүрсек  болады»  деп  ойлайды.  Сөйтіп, 
жан-дүниелік  қатынас  өспейді  екен.  Той-думан  жасалып, 
үлкендердің  батасы  айтылып  болған  соң,  шынайы  жұбайлық 
өмір  басталады.  Осы  екі  жас  арасындағы  қарым-қатынасты 
дамыту қажеттігін түсінбесе, сәтсіз некеге ұшырайтыны сөзсіз. 
Егер олар бір-біріне өз өмірлерін арнамаса, әйелі өз мүддесін 
ғана  ойлап,  өз  дос-қыздарына  жүгіретін  болады,дәл  солай 
күйеуі де өз бетімен жүріп, достарына жүгіретін болады. Олар 
бір пәтерде тұратын адамдар ғана болады. Бұл Құдайдың еркі 
еместігі айдан анық.
Келесі  қарым-қатынастың  деңгейі,бұл-  жан-дүниелік 
деңгейі.  Осы  қарым-қатынас  Дәуіт  пайғамбардың  мен 
Жонатан ханзаданың арасында болған; «Жонатан оны қатты 
ұнатып, жанындай жақсы көріп қалды» (Патш. 1 жазба 18:1). 
Жонатан қаза тапқан кезде, Дәуіт оны қатты жоқтап, жылады: 
«Жоқтаймын өзіңді қайран бауырым, жанымдай жақсы көрген 
сырлас досым! Мен  үшін  адал  сүйіспеншілігің махаббатынан 
да  артық  әйелдің»  (Патш.  2  жазба  1:26).  Дәуіт  пайғамбар 
бұрмалаған  табиғи  емес  қарым-қатынас  туралы  айтып  кеткен 
жоқ. Дәуіт пен Жонатанның арасында тән тартымдығы болған 
жоқ.  Олардың  арасында  жанды  қатынас  болып,  ешқандай 
бір-біріне  табиғи  емес  тартымдық  болмаған.  Дәуіттің 
«махаббатынан  да  артық  әйелдің»  деген  сөзінің,  өздерінің 
арасындағы  қарым-қатынастың  мықты  болып,  жан-дүниелік 
деңгейіне жеткенін білдіреді.
Кез  келген  неке  жан-дүниелік  деңгейіне  негізделу  керек. 
Әрине,  некеде  тән  тартымдық  өте  маңызды  болып  саналады. 
Менің жолдасым дүние жүзіндегі ең сұлу әйел болып, ол мені 
өзіне қарай тартып келеді. Ерлі-зайыптылардың арасында одан 
да  тығыз,  сырлас  қатынас  болу  керек  деп  ойламын.  Лизаның 
келбетінен гөрі, Оның мінез-құлқы мені көбірек баурап келеді. 
Өкінішке  орай,  мен  ерлі-зайыптылардың  басқа  адаммен 

107
КИЕЛІ РУХПЕН ҚАРЫМҚАТЫНАСТЫҢ ҮШ ДЕҢГЕЙІ  
интернет  арқылы  танысып,  өз  жұбайын  тастап  кеткен  оқиға 
жайында  көп  естіп  келемін.  Бірнеше  жыл  бұрын  мен  бір 
қауымда уағыз айтып, қызмет етіп болған соң, бір ер адаммен 
танысып алдым. Оны алты баласы қоршап тұрған еді. Екі бала 
оның  қолында  болып,  тағы  екеуі  аяғынан  ұстанып  тұрды,  ал 
тағы  басқа  екі  баласы  холлда  жүгіріп  жүрген.  Әлгі  адамның 
беті  қайтқанын  байқап:  «сізде  бәрі  жақсы  ма?»  деп  сұрадым. 
Ол «жоқ, мүлдем жақсы емес, бүгін, менің жұбайым интернет 
арқылы басқа еркекпен танысып алып, бізді тастап кетті» деді. 
Оның  жанының  басқа  еркекпен  байланып  алғаны  сонша,  өз 
күйеуімен бірнеше жыл бойы өмір сүргеніне қарамастан, оны 
тастап кеткен. Жанды байланыстың мықты болғаны соншама, 
оның  аналық  сүйіспеншілігі  мен  сезімталдығы  басылып,  өз 
балаларынан  бас  тартқан  анасы  болып  кетті.  Жан-дүниелік 
деңгейі сәл ғана тән тартымдығының болуын талап етеді. Сол 
себептен, осындай қарым-қатынас алыстан басталып, шынайы 
басталатын некелік өмірге апарады. Ерлі-зайыптылар өздерінің 
тәндік  кемшіліктеріне  қарамай,  өзара  жанды  қатынасты 
жетілдіре алады.
ЕҢ ЖОҒАРЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ 
ДЕҢГЕЙІ
Рухани  деңгей  бұл  қарым-қатынастың  ең  жоғары  деңгейі 
болып саналады. Бұған Исаның Томаға рухани қарым-қатынас 
жайында айтқан әңгімесі куә болған.Пауыл елші былай жазған: 
«Себебі  адамның  ішкі  құпия-сырларын  оның  өз  рухынан 
басқа бірде-бір адам біле ме? Сол сияқты, Құдайдың терең ой 
мақсаттарын  да  Оның  Киелі  Рухынан  басқа  ешкім  білмейді» 
(Қор.  1  хат  2:11).  Басқа  сөзбен  айтқанда,  сіз  біреуді  жақын 
білмесеңіз, соның ой-ниеті мен арманын біле алмайсыз.
Мен  бағана  айтып  кеткендей,  біз  жұбайым  екеуміздің 
қосылғанымызға  отыз  жылдан  асқан.  Бассейннің  жанында 
отырып,  Құдайдың  істеп  жатқан  әрекеттері  жайында  айтып 

108
КИЕЛІ РУХ
отырғанымыз есімде бар. Біз Құдайдың кереметтері жайында 
ұзақ  сөйлестік.  Менің  жүрегіме  Құдайдың  берген  аянымен 
Лизамен  бөліскенде,  оның  маған  рухани  түсінігі  мен 
даналығымен жауап беріп, Киелі Рухтың өзіме ашып білдіргені 
қосымша, тереңірек ашылды. Біз екеуміз Киелі Рухпен сырлас 
достық  қатынаста  тұрғандықтан,  бір-бірімізбен  терең,  рухани 
деңгейдегі қатынаста болдық.
Сол себептен, біз екеуміз бірге жиі мінажат етеміз. Біз Киелі 
Рухпен байланысып жүргендіктен, бір-бірімізбен өзара рухани 
байланыста тұрамыз. Сондықтан, Мессенджер Интернэйшенал 
қызметінде,  біз  жұмыс  күнінің  басталар  уақытынан  бұрын, 
он  бес  минут  бірге  мінажат  етуге  міндеттеме  алдық.  Біздің 
барлығымыз  өзара  рухани  байланысқымыз  келгендіктен, 
осындай  шешімге  келдік.  Барлық  әріптестердің  арасында 
мінажат  етіп,сиынудың  арқасында  қандай  күшті  бірліктің 
туғанын түсіндік. Бұл барлық адамдардың арасындағы қарым-
қатынасына  қатысты,  Киелі  Кітап  жайында  сөйлесіп,  бірге 
мінажат  ету  арқылы  адамдарды  біріктіріп,  олардың  өзара 
қарым-қатынасын терең, рухани деңгейге жетілдіретін болады. 
Рухани нәрселерді интеллектуальдық талқылау мен шынайы 
рухани қарым-қатынастың арасында үлкен айырмашылық бар 
екен. Кейбір адамдар Киелі Кітап туралы әңгіме айтқанда, олар 
жалпы үстіртін мәліметтерге сүйеніп айтады. Оны мен қайдан 
білемін? Олардың сөйлескенінен ішім пысып, миым да шаршап 
кетеді.  Өйткені,  олар  өз  рухына  емес,  ақыл-ойына  сүйеніп 
сөйлейді. Сонымен, Құдайдың Сөзін өз рухынан да сөйлейтін 
адамдар бар. Біз рухани байланыста болғандықтан, мен олармен 
еш шаршамастан, ұзақ уақыт сөйлесемін.


1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал