3. киелі рухпен қарым-қатынас жасаудың Үш деңгейі

жүктеу 0.64 Mb.

бет7/19
Дата22.05.2017
өлшемі0.64 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19

82
КИЕЛІ РУХ
Оларға Мұса мен бүкіл басқа пайғамбарлардан 
бастап, Киелі Жазбалардың бәрінде Өзі туралы 
айтылғандары түсіндірді.
–Лұқа 24:27
Киелі Рух тек Киелі Кітап туралы шындықты ғана емес, өзіміз 
туралы және біздің өмірімізде не болып жатқанын ашып береді. 
Сіздің қазір не болып жатқанын түсінбей жүрсіз бе? Сіз болып 
жатқан  жағдайға  ашуланып,  не  амалын  таппай  жүргендіктен 
қорқынышты сезіп жүрсіз бе? Киелі Рух сіздің жағдайыңызды 
де,  амалын  да  біледі.  Сіз  мінажат  етіп  Киелі  Рухтан:  «Киелі 
Рух, менің қорқып, абыржып жүргенімнің себебін ашып берші. 
Рухани көзімді аша гөр! Осы жағдайды шешіп алу үшін, Сенің 
көмегіңнен жүрегімде не өзгертуім керек?» деп сұраңыз. Оның 
сізге ашып бергенін жазып алыңыз.
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
Сіз  өміріңізде  болған  немес  қазір  болып  жатқан  жағдайды 
түсінбей  жүрсіз  бе?  Киелі  Рух  оны  толық  түсініп  отыр.  Киелі 
Рухқа мінажат етіп, сұраңыз: «Киелі Рух, осы жағдайдың не екенін 
айтып түсіндірші. Сен бұған қалай қарайсың? Менің жүрегімде не 
өзгертуді қалайсың? Жүрегімді өзгерту үшін қай жерде Өзіңе жол 
беруім керек?» Оның сізге ашып бергенін жазып алыңыз.
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
Осы тақырыпты әрі қарай зерттеп, оқу үшін мына қосымша 
аяттарды оқып шығыңыз:
Иса Құдай Әкемен тығыз қарым-қатынаста болған: Мат. 14:22-
23, 17:1-5, Марқа 1:35,6:31,46-47, Лұқа 5:16, 6:12.
Киелі Рухпен жақындаған сайын, Ол да біздің жанымызда болады:
Забур 16:8, Забур 33:19, Забур 72:28, Забур 144:18; Евр. 10:22; 
Жақып  4:8

83
ТӘЖІРИБЕЛІК ТАПСЫРМАЛАР
ТӨРТІНШІ КҮН
ОНЫ РЕНЖІТУДЕН АУЛАҚ БОЛЫҢЫЗ
Осылай Құдайдың Киелі Рухын ренжітуден аулақ 
болыңдар! Онымен «таңбаландыңдар»: өмірлеріңнен 
орын алған Киелі Рух-бір күні жамандық атаулыдан 
азат етілулеріңнің кепілі.
– Еф. 4:32
Киелі  Рухпен  қарым-қатынаста  тұру  бұл  баға  жетпес  қазына. 
Киелі Рухтың өмірімізге қатысқандығы, өмірдің барлық салаларына 
жақсы  әсер  етеді.  Кэтрин  Кульманның  өміріне  Киелі  Рухтың 
қатысқаны  анық  болған.  Ол  Құдайдың  сүйіспеншілігі  мен  Киелі 
Рухтың  құдіреті  туралы  сансыз  көп  адамның  уағыздағанын  естіп, 
Киелі Рухтың сауықтыратын құдіретін көрді. Оның жазған «Дүние 
жүзіндегі  ең  күшті  құдірет»  деген  кітабында,  біздің  Киелі  Рухты 
қалай ренжітетіндігіміз жөнінде жазды.
«Киелі Рух, құдіретті Үшбірліктің Құдайы болса да, 
Оның  сезімтал  болып,  Оның  жүрегін  оңай  ауырту-
ымыз  мүмкін.  Біз  Киелі  Рухты  ашу-ызамен,  айқай-
шумен,  басқаларды  жамандаумен  ренжітеді  екенбіз. 
Оның  мінез-құлқына  сәйкес  келмейтін  адамның 
барлық қылықтары оны ренжітіп алады».
Киелі Рухты не ренжітетіні немесе ненің бізден алшақтататынын білу 
өте қажет. Еф. 4 тарауды мұқият оқып, Оны не нәрсенің ренжітетініне 
назар аударыңыз. (1-6 және 17-32 аяттарға ерекше ден қойыңыз).
17-24  аяттарында  айтылған  Киелі  Рухты  ренжітетін  ой-
ниеті, қылықтары мен жүріс-тұрысын жазып алыңыз:
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
Еф. 4:17-24 аяттарда, Киелі Рухты не ренжітетіні және біздің өмірімізден не 
нәрсенің алшақтататыны жөнінде айтылған.

84
КИЕЛІ РУХ
25-31  аяттарда  жазылған  Киелі  Рухты  ренжітетін  барлық 
қылықтарды тұжырымдап алып, жазыңыз. 
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
Еф.4:25-31  басқаларға  жаман  қарайтынымыздың  нәтижесінің  Киелі  Рухты 
ренжіткені туралы нақты айтылады.
Біздің  Оны  ренжітуіміз  мүмкін  екенін  түсіндік,  бірақ, 
Оның жүрегін куантуымыз да мүмкін. 1-7, 14-15,25,29 және 32 
аяттарды мұқият оқып, не нәрсенің Киелі Рухты қуантатынын 
жазып алыңыз:
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
Жауапты жазу үшін, Киелі Рухты ренжітетін қылықтарының 
қарсы мәңдес сөздерін жазып алыңыз.
Киелі  Рухты  ренжітуден  аулақ  болу  үшін,  жүрегімізді 
ерекше таза ұстап, Онымен біртұтас болуымыз керек. Адамның 
өр-көкірегі мен жүрегі қырсығатын болса, Киелі Рухтың оның 
өміріне  қатыспайтыны  айдан  анық.  Киелі  Рух  кішіпейілді 
адамға  жақындап,  өміріне  рақымын  төгеді.  Құдай  алдында 
үндемей қалып, отырып сұраңыз: «Мен Сені ренжітіп жүрмін 
бе?» Егер Киелі Рух сізге Өзін ренжіткеніңізді көрсетсе, кешірім 
сұрап, тәубе етіңіз. Одан кішіпейілді болып, таза жолмен жүріп, 
Оны қуантып жүруге және сіздің өміріңізге қатысуға рақымын 
төгуін сұраңыз.
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________

85
ТӘЖІРИБЕЛІК
БЕСІНШІ КҮН 
СІЗ КИЕЛІ РУХ МЕКЕНДЕЙТІН КИЕЛІ ҮЙ 
ЕКЕНСІЗ
Сендер өздеріңнің «Құдайдың киелі үйі» екендіктеріңді 
және Құдайдың Рухы өздеріңде тұратынын 
білмейсіңдер ме.
–Қор. 1 хат 3:16
Микроскопиялық  молекулалардан  бастап,  ғалактикалық 
жұлдыз жүйелеріне дейін бүкіл әлемді жаратқан ,бәрін білетін, 
шексіз құдіреті бар Құдай сіздің өміріңізге келіп, жүрегіңізден 
орын алып, сізбен бірге мекендеуді таңдады. Иса Мәсіхті өлімнен 
қайта тірілткен Киелі Рух, біздің жүрегімізден де орын алған!!!
Грек тілін жақсы білетін жазушы, Рик Реннер есімді бағушы, Киелі 
Рухтың мекендейтін үйі болудың не екенін былай деп түсіндіреді:
«Киелі Рух сіздің жүрегіңізге кіріп орын алғанда, оны 
Өзіне ыңғайлы «үй» етіп, сізбен бірге тұрғаны қатты 
ұнап  қалды.  Ол  жан-дүниеңізге  көшіп  келіп,  жайлы 
орналасып алып, сіздің жүрегіңізді жаңа тұратын үй 
еткеннен кейін, еш жаққа көшкісі келмей, сізбен бірге 
тұрғысы келеді. Енді Киелі Рухтың жаңа үйі бар-бұл 
сіздің жүрегіңіз!».
Сіз құтқарылғанда, жүрегіңізде бір керемет пайда болды. Сіздің 
рухыңыз күнәнің кесірінен өлі болғанымен, Киелі Рух оны өлімнен 
тірілтіп,  жана  өмірді  сыйлады.  Құдайдың  сіздің  жан-дүниеңізде 
істеп жатқан жұмысының күшті болғаны сонша, өзіңіздің ерекше 
болып жаратылғаныңыз жарияланды (Еф. 2:10). Сол сәтте сіздің 
рухыңыз Киелі Рухтың мекендейтін үйіне айналды. Сіз қай жерге 
барсаңыз да, Киелі Рухты өзіңізбен бірге алып барады екенсіз, сіз 
не айтсаңыз да, не істесеңіз де, Ол жаныңызда куә болып тұрады 

86
КИЕЛІ РУХ
да. Осы жерде тоқталып, ойланып көріңіз. 
Осы  ашылған  шындық  сізге  қандай  күш-қуат  және  жігер 
береді? Мінажат етуге батылдық беріп, қуантады ма?
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
Құдайдың уәделерін ескеріп, мына аяттарды оқыңыз: Еф. 3:14-20; Лұқа 12:11-
12; Жохан 14:12-17; Қол.1:27; Тим. 2 хат 1:13-14; Рим 8:1-17
Осы  шындық  сізді  қай  жерде  әшкереліп,өміріңізде  қай 
нәрсені  өзгертуге  шақырады?  Cіздің  жазылған  жауаптарыңыз 
мінажат етуіңізге әсер етті ме?
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
Сіз бос уақытты қалай өткізіп, нені көріп, нені тыңдап, кіммен аралысып 
жүріп, не істеп жүргеніңізді де ескеріңіз.
Сіздің  Киелі  Рухпен  қарым-қатынасыңыз  қандай  деңгейге 
жеткенін  суреттеп  айта  аласыз  ба?  Сіз  араңыздағы  достық 
пен  сырластық  қатынастың,  әрі  Онымен  бірігіп,  еңбек  етіп 
жүргеніңіздің  деңгейіне  ризасыз  ба?  Сіз  Оның  даусын  естіп, 
Киелі Рухтың өміріңізге қатысып жүргенін көрдіңіз бе? Киелі 
Рухтың  жүрегіңізде  ыңғайлы  орналасып  тұрып,  рахатанып 
алу  үшін  «үй  ішіңізді  жинайтын  уақыт  келді  ме?»  Сіздің 
жүрегіңіздің  күйін  көрсету  үшін  Киелі  Рухқа  мінажат  етіп, 
сұраңыз. Ол сізге не айтып жатыр? Ол сіздің не істеуіңіз керек 
екенін айтып жатыр ма?
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________

87
КИЕЛІ РУХТЫҢ МІНЕЗІ 
Сонымен, бауырластарым, бізге осындай мол мейірімін, 
төккені үшін өздеріңді Құдай жолына арнауға 
шақырамын. Өмірлерің Құдайға ұнамды, толықтай 
бағышталған, тірі құрбандықтай болсын: Оған лайықты 
рухани қызмет көрсетулерің осы болады. Бұл күнәкар 
дүниенің өмір сүру салтын үлгі етпеңдер, қайта, ой-
тілектерің Құдайдың жаңартуымен түбегейлі өзгерсін! 
Осылай сендер Оның еркін-ненің игілікті, ұнамды және 
кемелді екенін ажырата білетін боласыңдар.
–Рим. 12:1-2

88
ТАЛҚЫЛАУҒА БЕРІЛГЕН СҰРАҚТАР
Егер сіз «Мессенджер сериес» пен бірге осы кітапты 
оқып жатқан болсаңыз онда онда екінші бейне сабақты 
көріп алыңыз.
Біз Киелі Рухпен қарым-қатынаста тұрамыз.
Грек  тілінде  қарым-қатынас  деген  сөзі  койнония  болады. 
Оның  мағынасы  «тығыз  байланыста  болу,  әріптестік, 
сырластық  қатынас,  біреумен  бөлісу,  бірге  тұру,  қосылып 
бірге істеу, ортақтасу. Қарым-қатынастың үш негізгі түрінен 
құрайды: достық қатынас, әріптестік жасау, сырлас қатынас.
Біздер рухани балалар болғандықтан, Киелі Рух бізбен 
бірге үзбей қарым-қатынаста болғысы келеді. Достық 
қатынас, өмір тарихымен бөлісіп, бірге тұру, осы қарым-
қатынастың  түріне  жатады.  Киелі  Рухты  өмірімізге 
қабылдап,  Онымен  тығыз  қарым-қатынаста  тұруды 
түсіну неге өте маңызды? Егер біз оны түсінбесек, не 
болады?
Киелі Рух достық қатынас жасап, бізбен бірге әріптес 
болып,  еңбек  етуді  қалайды.  Мақсатқа  жету  үшін- 
әріптес жолдастар бір-біріне көмектесіп, қандай әрекет 
жасайды?  Көне  Өсиетте,  Ыбырайым  немесе  Мұса 
пайғамбар сияқты адамдардың, Құдаймен бірге қалай 
еңбектенгенін салыстыра келіп, қазіргі уақытта, Киелі 
Рухпен  қарым-қатынаста  тұрып,  әріптес  болуының 
ерекшелігі қандай? Сізге осы ерекшелік қандай жігер 
береді? 
1 I
2 I

89
КИЕЛІ РУХТЫҢ МІНЕЗІ 
Киелі  Рухпен  қарым-қатынаста  тұру  бұл  тек  Онымен 
достасып,  әріптестік  жасау  емес,  сонымен  бірге  ерлі-
зайыптылардың  арасындағы  сырластықта  болу  қарым-
қатынасын  жасау  сияқты.  Біз  сенушілер  бола  тұра,  осы 
қатынастың дәрежесін қалай жетілдіре аламыз?
Киелі  Рухтың  басты  жұмысы  бізге  Исаны  көрсету  және 
Оны  құрметтеп,  Оның  ұлылығын  айқын  ету.  Киелі  Рух 
Өзіне құрмет көрсеткен адамға, Исаның Өзінің кім екенін 
және Оның құдіретін анық көрсетеді. Жоғарыда жазылған 
құрмет көрсетудің анықтамасын мұқият оқыңыз. Біз өзіміз 
жеке және де қауым ретінде, Оны қалай құрметтей аламыз?
Киелі  Рух  әйел  адам  ретінде  суреттелмесе  де,  Оның  әйел 
адамға тән болып келетін қасиеттері бар және кейбір кездерде, 
Оның  әрекеттерінің  әйел  адамның  істейтін  әрекеттеріне 
сәйкес келетінін түсіндік. Жар. баст. 1:27 аятты мұқият оқып, 
Құдайдың және Киелі Рухтың Өзі қандай екендері жөнінде 
не  айтылады?  Осы  шындықты  біліп  алғаннан  кейін,  сізге 
Киелі Рухпен қарым-қатынаста тұру қалай әсер етті?
Киелі Рухтың сезімтал, жұмсақ болып, жұбататын қабілеті бар. 
Егер біз абайлап жүрмесек, Оны ренжітіп аламыз немесе Киелі 
3 I
4 I
5 I
ҚҰРМЕТ КӨРСЕТУ
Бұл біреуді сөзбен немесе іс-әрекетпен сыйлап, қатты 
бағалау. Сонымен бірге, терең қастерлеу, сыйластық көрсету
дұрыс көзқараспен қарау.
1828 ж.Ноах Вебстердің Ағылшын тілінің Американдық 
сөздігінен бейімделіп алынған анықтама.

Рухтың әрекетінен тежеліп қаламыз да, солардың кесірінен, 
Киелі Рух бізден алшақтай түсіп, өмірімізге қатыспай, Ол 
әсер ететін жолды жабамыз. Еф. 4:29-32 аяттарды ойланып, 
оқыңыз.  Оны  ренжіткен  қылықтарыңызды  анықтаңыз. 
Киелі  Рухты  ренжіту  мен  Оның  әрекетін  тежеудің 
арасында (Сал. 1 хат. 5:19-22). қандай айырмашылық бар? 
Осы қылықтардан қалай аулақ жүреміз?
Киелі  Рухқа  қарсы  сөйлеп,  Оны  қорлаудан  басқа, 
Құдайға  қарсы  жасаған  кез  келген    күнә  кешіріледі. 
Исаның  Киелі  Рухты  корламау  жөніндегі  ескертуін 
Мат.  12:22-32,  және  де  Марқ.  3:22-23,  сонымен  қоса 
Лұқа  12:10  мұқият  оқыңыз.  Осы  аяттарға  негізделіп, 
Киелі Рухты қорлау дегенді қалай түсінесіз?
6 I
7 I

91
КИЕЛІ РУХТЫҢ МІНЕЗІ 
ЕСТЕЛІК ЖАЗБАЛАР

92
КИЕЛІ РУХ
ТАРАУДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ:
•  Киелі  Рух  бізбен  үзбей  тығыз  байланыста  болғысы 
келеді.
•  Тығыз  қарым-қатынас  бұл  достық  қатынас,  әріптестік 
және сырластықта болу қатынасты білдіреді.
•  Достық қатынас бұл үздіксіз байланыста тұру, өз өмір 
тарихымен бөлісу.
•  Әріптестік,  бұл  бірігіп  жұмыс  істеу,  ол  біздің  қарым-
қатынасымызды дамытуға көмектеседі.
•  Сырластық  қарым-  қатынас,  бұл  қатынастың  ең  терең 
деңгейі болып, ой-арман, құпия-сырлар, қалауымызбен 
Киелі Рухпен өзара бөлісу дегенді білдіреді.
•  Киелі  Рухтың  Өзі  Құдай  болып,  біздің  рухымызды 
Өзінің мекендейтін үйі ретінде таңдап алды.
•  Киелі  Рух  жұмсақ  пен  нәзік  болғандықтан,  Оны 
ренжітуден аулақ болуымыз керек.

3
КИЕЛІ РУХПЕН 
ҚАРЫМҚАТЫНАСТЫҢ ҮШ 
ДЕҢГЕЙІ  
Осылайша өз дәстүрлеріңе бола Құдайдың бұйрығын 
жоққа шығардыңдар! Екі жүзділер! Сендер жайында 
Ишая пайғамбар алдын ала дәл айтып кеткен: «Бұл 
халық Мені тек аузымен сыйлайды, ал жүректері тым 
алшақ. Адам баласы шығарған ережелерді үйретіп, 
Мені құр босқа құрметтегенсиді.
– Мат. 15:6-9
Бірінші күн 
П
арызшылдар  Құдайдың  Сөзінің  орнына  өз  салт-
дәстүрлерін 
қойып, 
жоққа 
шығарғандықтан, 
Иса  оларға  айықтыратын  сөздер  айтты.  Менің 
қолданатын  сөздігімде  салт-дәстүр  дегеніңіз,  мұра  етіп 
қалдырылған,орнатылған  ойы,  жүріс-тұрысы  мен  өмірдің  салты 
деген мағына білдіреді. Дәстүрдің өзі жақсы нәрсе болып табылады. 
Біз отбасымыз және достарымызбен бірге жақсы көп дәстүрлерді 
ұстанып  келе  жатырмыз.  Бірақ,  парызшылдар  өз  дәстүрлерін 
(яғни,  әбден  бойына  сіңіп  кеткен  әдеттерді)  Құдай  Сөзінен 
жоғары қойғандықтан, Оның күшінен айырылды.Өкінішке орай, 
бүгінде солай болып жатыр.Біздің шындық жөніндегі түсінігіміз 
өз сезімімізге, салт-дәстүрімізге немесе адамның философиясына 
емес, Құдайдың Сөзіне негізделуі керек. 
Иса  парызшылдардың  ұстаған  дәстүрлерінің  Құдай  мен 
олардың арасындағы қарым-қатынасын бұзғанын оларға айтып 
түсіндірмекші  болды.  Соған  қоса,  олардың  адам  баласының 

94
КИЕЛІ РУХ
шығарған  ережелеріне  қатты  сенгендіктен,  Жаратқан  Иеге 
табынғаны  бекер  болғанын  да  айтты.  Парызшылдар  шындықты 
қабылдаған жоқ және рухани соқыр екендіктерін мойындамады, 
сондықтан олардың Жаратқан Иемен араларында шынайы қарым-
қатынастар болған жоқ. Бүгін де солай, егер біз Құдаймен тығыз 
қарым-қатынас жасап, одан рахат алғымыз келсе, онда адамның 
ойы мен ережелерін алып тастап, Құдайдың Сөзінің шындығын 
қабылдауымыз керек. Әйтпесе, біз парызшыларға ұқсап, Құдаймен 
қарым-қатынаста тұруымыздың мәнісі болмай қалады.
ЕҢ КҮШТІ ҰСТАЗ
Мен Киелі Рухпен бірге қарым-қатынас жасамастан бұрын, 
Киелі Кітапты оқыған уақытта, Құдайды қанша сүйсем де, бірақ 
Киелі Кітапты оқу қызық емес деп өз-өзіме айтатынмын. Мен, 
дұға  ету  және  Киелі  Кітапты  оқу  үшін,  Киелі  Рухты  көмекке 
шақырмайтынмын.  Құдайдың  Рухының  ғана  тірі  Құдайдың 
Сөзін  жүрегіме  жеткізетінін  түсіндім.  Киелі  Кітаптың  Киелі 
Рухтың жетелеуімен жазылған сөздері болып қана қалмай, тірі, 
өмір беретін сөздеріне айналады.
Қор. 2 хат 3:6 аятта былай оқимыз:
Ол  бізді  жазылған  заңдарға  емес,  Киелі  Рухына 
негізделген Жаңа Келісімге сай қызмет етуге қабілетті 
қылды.  Жазылған  заңдар  рухани  өлім  әкеледі,  ал 
Киелі Рух шынайы өмір сыйлайды.
Құдайдың  Сөзі  арқылы  көрінетін,  біздің  ие  болған  «жаңа 
келісіміміз»,  ережелері  мен  нұсқауларына  негізделген 
емес.  Жаңа  келісім-бұл  өмірдің  өзі,  оның  ережелеріне 
мойынсұнатындардың барлығына өмір береді. Біз Киелі Рухпен 
тығыз  қарым-қатынаста  тұрғанда  ғана,  жаңа  келісімге  толық 
мойынсұнып,  қуанып  жүре  аламыз.  Өйткені,Киелі  Рух  біздің 
Иса  Мәсіхте  байланыста  бола  тұрып,  бізге  өзіміздің  шынайы 
кім екенімізді ашып келе жатыр. Бұл Жаңа өсиеттің өзегі болып 

95
КИЕЛІ РУХПЕН ҚАРЫМҚАТЫНАСТЫҢ ҮШ ДЕҢГЕЙІ  
табылады.  Сол  себептен,  біз  Киелі  Кітапты  оқыған  кезде, 
рухани түсінік беру үшін, ең күшті Ұстазды, яғни Киелі Рухты 
шақыруымыз керек.
Сіздің  мектепте  оқып  жүрген  кезіңізде,  сабақ  өткізуге 
ынтасы  болмай,  қалай  болса,  солай  болсын  деп  сабақ  берген 
мұғалім болды ма? Осы мұғалімдердің сабақты нашар бергені 
менің  әлі  есімде.  Сабақтың  тақырыбын  өткен  кезде,  оттан 
өткендей  қиналдым.  Сіз  өз  оқушыларын  жақсы  көрмейтін 
мұғалімнің сабағында отырдыңыз ба? Не деген нашар мұғалім? 
Бірақ,  менің  сізге  айтайын  дегенім,  Киелі  Рух  құштарлықпен 
сабақ  беріпсізді  қатты  сүйіп,  Құдайдың  шындығының  құпия-
сырларын  ашқысы  келетін  ұстаз  екен!  Ол  сізге  Иса  Мәсіх 
арқылы берілген барлық рухани дарындар мен игіліктеріне ие 
болғаныңызды қалайды. Егер біз іздеп немесе сұрайтын болсақ, 
Ол адал болып, өзімізге шынайы өмірдің құпия сырларын ашып 
білдіреді.
ЖАҚСЫ АТМОСФЕРА ЖӘНЕ КИЕЛІ РУХТЫҢ 
ҚАТЫСУЫ
Өкінішке  орай,  біз  көбінесе,  Киелі  Рухты  қатыстырмай, 
Оның  жетелеуінсіз,  өз  күшімізбен  рухани  өмір  сүруге 
тырысып келеміз. Шындығын айтқанда, көптеген кауымдарда 
Киелі  Рухтың  Өзі  бейтаныс  тұлға  болып  келеді.  Біз  өзіміздің 
білместігіміздің  салдарынан,  Киелі  Рухтың  қатысуын  жақсы 
атмосферамен  шатастырып  аламыз.  Ал  кейбір  адамдар  Киелі 
Рухтың жұмысына орай «бір түрлі әрекет» етіп, немесе Киелі 
Рухтың жұмысының көшірмесін алуға тырысқаннан кейін, біз 
Киелі Рухтың шынайы әрекеттерін тежейтін боламыз.
Сіз мені дұрыс түсіндіңіз. Біздің қауымда жақсы атмосфера 
болуы  керек.  Бірнеше  жылдардан  бері,  көптеген  қауымдарда, 
мәдени  саласындағы  қажетті  өзгерістер  болып  келе  жатып, 
солардың  бірінің  қауымдағы  атмосферасын  өзгерткен  кезі  де 
болды.  Көптеген  жағдайларда,  қауымдар  аса  тартымды  бола 

96
КИЕЛІ РУХ
бастады және олар мына күнәкар әлемге жағымды ықпал ете 
бастады.  Мұның  Құдайға  ұнамды  болып  жатқанына  сенемін. 
Пауылдың  өзі  былай  деді:  «Мен  де,  бәріне  қай  жағынан  да 
ұнамды  болуға  тырысып,  жеке  басымның  емес,  көпшіліктің 
мүдделерін  ойлаймын.  Мұны  олардың  құтқарылуы  үшін 
істеймін» (Қор. 1 хат 10:33).
Біз  адамның  жеке  креативтік  қабілеттерін  жетілдіріп, 
технологиянының  дамуына  үлес  қосып,өнімді  еңбек  етіп,  көп 
жұмыс орындадық. Ең жақсы жанартушылықпен жұмыс істейтін 
мекемелердің бірі – сенушілердің қауымы менің болған жерім.
Дүние  жүзілік  Мәсіхтің  қауымы  жанартпашыл  болып, 
өздерінің өнерпаздық қабілеттерін жаңа деңгейге жетілдіру керек 
деп  ойлаймын.  Бірақ,  егер  қауым  өзінің  барлық  істеп  жатқан 
еңбектеріне  қатысу  үшін,  Киелі  Рухты  көмекке  шақырмайтын 
болса, онда оның осы дүниеде билігінің күші аз болып, Құдайдың 
құдіреті  мен  сүйіспеншілігіне  бөленбейтін  болады.  Оның  ең 
басты жұмысы- әріптесіміз болғанын есімізде ұстайық.
Біздің қауымдарға Киелі Рухтың және жақсы атмосфераның 
да қатысуы тиісті.  Мен қауымдарда, осы екі нәрсенің қатысқанын 
көрсем, қатты қуанамын. Сізде Киелі Рухтың адамның өміріне 
қатысуының  күшті  болуының,  оның  Құдай  Патшалығына 
кіруіне  кедергі  болады  деген  қате  түсінік  болмасын.  Елшілер 
осы  дүниедегілер  үшін  түкке  тұрмайтын  адамдар  болса  да, 
олар  Киелі  Рухпен  тығыз  қарым-қатынаста  тұрғандықтан, 
ерекше табысқа жеткендерін есімізде сақтайық. Киелі Рухпен 
қатынаспайынша,  біздің  қол  жеткен  барлық  жетістіктеріміз 
ақыр аяғында жоққа шығарылады.
Иса Мәсіх, Құдайдың рухани Ұлы болса да, Киелі Рухтың 
құдіретін  қабылдамағанша,  ешқандай  қызмет  бастаған  жоқ 
(Лұқа  4:1-15  аяттарға  қараңыз).  Лұқа  4:14-15  аяттардан  біз 
осыны оқимыз: «Киелі Рухтың құдіретіне кенелген Иса Ғалилея 
аймағына  қайтып  келді.  Ол  туралы  хабар  бүкіл  төңірекке 
тарап  кетті.Иса    мәжілісханаларда  жұртқа  тәлім  беріп,  бәрі 
Оны мадақтады» Исаның Киелі Рухтың құдіретіне кенелгенін 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19

©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет

загрузить материал