3. киелі рухпен қарым-қатынас жасаудың Үш деңгейі



жүктеу 0.64 Mb.

бет6/19
Дата22.05.2017
өлшемі0.64 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

68
КИЕЛІ РУХ
кешіңдер» (Петір 1 хат. 3:7). Мен Лизаға үйленгенде, оған ілтипат 
пен қамқорлық жасаған жоқпын. Лиза менің алғашқы махаббатым 
болды.  Мен  ешқашан  басқа  қызбен  жүріп  көрмегенмін.  Сол 
себептен, оған жігітке қарағандай, қарап жүрдім. Менің Лизаның 
бабын  табуымның  дұрыс  болмағанын  түсінген  шығарсыз.Мен 
оған әйел ретінде қарауды үйрене бастадым.
Лизаға  жұқалап  сөйлеу,  менің  үйренген  әдеттерімнің  бірі 
болған.  Өкінішке  орай,  менің  өз  үй-ішіме  өрескел  айтқан 
кездерімболды. Мен өзімді әшкерелеп, өз қателерімді түзеткені 
үшін  Киелі  Рухқа  алғыс  айтамын.  Бір  күні  мен  бір  ұлыммен 
арамыздағы  қарым-қатынасты  бұзып  алғаннан  кейін,  оған 
келіп,  кешірім  сұрадым.  Ол  мені  бірден  кешіріп,  арамыздағы 
қатынасымыз  қалпына  келді.  Бірақ  Лиза  менің  баламызға 
өрескел айтқаныма бірнеше күн бойы ренжіп жүрді. Бұл менің 
оны  ренжіткендігімнен  емес,  арамыздағы  бұзылып  үлгерген 
қарым-қатынасқа  қатысты  оның  әрекет  етуі  еді.  Біз  балам 
екеуіміз  ұрсысқаннан  кейін  тез  татуласып  алдық,  дегенмен, 
өз  жұбайыммен  қарым-қатынасымызды  қалпына  келтіруге 
біраз  күш  салуым  керек  болды.  Екі  күн  өткен  соң,  ол  маған: 
«сендердің  екеуінің  ұрсысқандарың  маған  әлі  де  жаман 
әсер  етіп  жатыр»  деді.  Менің  Лизаның  қарым-қатынасқа 
катысты сезімтал қасиетінің бар екенін түсіндім. Ол көптеген 
әйелдер  сияқты,  қарым-қатынасты  өте  бағалайды  да  және  өз 
жақындарын қорғайды екен. 
Киелі  Рух  та  қарым  қатынасты  қатты  бағалап,  оның 
бұзылғанына ренжиді. Киелі Кітап бізге былай дейді: «Осылай 
Құдайдың Киелі Рухын ренжітуден аулақ болыңдар!» (Еф.4:30).
Грек тілінде ренжіту сөзінің «қатты қайғырту» деген мағынасы 
бар. Бұл сөзді, екеуінің бірін-бірі қатты сүйетін, араларындағы 
қарым-қатынастың  бұзылғанының  кесірінен,  нашар  болып 
кеткен  жағдайда  қолданады.  Пауылдың  айтқанын  былай 
деп  түсінуге  болады:  «Өздеріңді  жақсы  көретін  Киелі  Рухты 
ауыртпалыққа түсіріп, қайғыртудан аулақ болыңдар» Әрі қарай 
жалғастырып, оқиық: 

69
КИЕЛІ РУХТЫҢ МІНЕЗІ 
Ауыздарыңнан жаман сөз емес, тыңдап тұрғандардың 
сенімдерін жетілдіріп, игілік сепсін. Осылай Құдайдың 
Киелі  Рухын  ренжітуден  аулақ  болыңдар!  Онымен 
«таңбаландыңдар»:  өмірлеріңнен  орын  алған  Киелі 
Рух-бір күні жамандық атаулыдан азат етілулеріңнің 
кепілі. Әр қилы кекшілдік, ашу-ыза, айқай-шу, қаралау, 
тағы  басқа  барлық  жаман  нәрселерден  арылыңдар! 
Қайта,  бір-біріңе  мейірімді  де  жанашыр  болыңдар; 
Мәсіхтің  арқасында  өздеріңді  Құдай  кешіргендей, 
сендер де өзара кешірімді болыңдар.
– Еф. 4:29-32
Сіз Киелі Рухтың мінезінің жұмсақ екендігін байқадыңыз ба? 
Адамның  мінезінің  жұмсақ  болғаны,  соның  мінезінің 
мықты  екендігін  көрсетеді.  Егер  мен  өз  жұбайыммен  қарым-
қатынасымыздың  жақсы  болғанын  қаласам,  онда  оған 
жұмсақтық танытып, балаларыма жұқалап сөйлеуім керек. Дәл 
солай, егер біз Киелі Рухпен жақсы қарым-қатынаста тұрғымыз 
келсек,  онда  біздің  оның  жүрегін  ауыртпалыққа  түсіретіндей 
нәрсе  жасайтынымыздан  аулақ  болуымыз  керек.  Пауылдың 
Киелі Рухты ренжітетін қылықтар: кекшілдік, ашу-ыза, айқай-
шу,  қаралау,  тағы  басқа  барлық  жаман  нәрселер  деп  атап 
шыққаны  өте  қызық.  Осындай  қылықтар  жұбайыма  да  қатты 
тиеді. Енді Киелі Рухтың кейбір қасиеттерінің әйел адамға тән 
екендігін көрдіңіз бе?
Пауылдың:  «Исаны  ренжітуден  аулақ  болыңдар»  деп 
айтпағанына назар аударыңыз. Және ол «Құдай Әкені ренжітуден 
аулақ болыңдар» деген де жоқ. Қайта, бізге «Осылай Құдайдың 
Киелі Рухын ренжітуден аулақ болыңдар!» деп нақты айтқан. 
Киелі Рух біздің жүрегімізден (рухымыздан) орын алғандықтан, 
біз қай жерге барсақ та, Ол да бізбен бірге жүреді, өйткені, Ол 
бізбен  тығыз  байланыста  тұрады.  Сондықтан,  біздің  істеген 
жаман қылықтарымыз Оған қатты тиеді екен.
Осыған басқа жағынан қарайық. Егер біреу маған тиісетін 

70
КИЕЛІ РУХ
болса, мен соған назар аудармай үнсіз отыра берер едім, ал бірақ 
егер менің жұбайыма қатты тиіссе, онда мен сол адамның ит 
терісін басына қаптаймын. Иса осы жөнінде былай деп айтқан: 
«Көктен келген Маған қарсы сөйлеген әркімге кешірім беруге 
болады,  бірақ  Құдайдың  Киелі  Рухына  қарсы  сөйлейтіндерге 
не осы заманда, не келешекте кешірім болмайды» (Мат. 12:32). 
Өзін Рухани Ұлы арқылы көрсеткен Құдай Әкенің Киелі Рухты 
қорғайтыны сізге қызықты нәрсе емес пе? Құдай Әке Өзі немесе 
Иса Мәсіхті емес, Киелі Рухты қорғайды.
Біз Құдай Әке, Рухани Ұлы мен Киелі Рухтың арасындағы 
қарым-қатынасының ұлы құпиясын ешқашан толықтай түсіне 
алмайды  екенбіз.Жаратқан  Иеміз  біздің  Киелі  Рухпен  қарым-
қатынасымыздықатты  бағалап,бұзылып  кетуден  сақтағысы 
келеді.  Біздің  Оны  ренжітіп,  кейде  көңіліне  қатты  тиіп 
кетуіміздің  мүмкін  екенін  есімізде  сақтауымыз  керек.  Осы 
шындықты білу неге сіздің Киелі Рухпен қарым-қатынасыңыз 
үшін өте маңызды? Егер сіздің Киелі Рухпен қарым-қатынасты 
қалай  құру  керек  екендігі  туралы  білімдеріңіз  жеткіліксіз 
болатын  болса,  онда,  Киелі  Рух  толығымен  сіздің  өміріңізге 
қатыса алмайтын болады. 
Бесінші күн
КИЕЛІ РУХ СЕЗІМТАЛ БОЛСА ДА, ӨЗІНІҢ 
МЫҚТЫ БОЛҒАНЫ
Киелі Рухты жұбатушы деп атайды, ол рас па? Егер балалар 
далада  ойнап,  өздерін  жарақаттап  алса,  немесе  біреу  оларды 
ренжітетін  болса,  олар,  біріншіден,кімге  жүгіреді?  Әрине,  өз 
аналарына  жүгіреді.  Кейбір  Америка  штаттарында,  үкімет 
органдары  жасөспірімдер  арасындағы  қылмысты  тоқтату 
қызметінде  әйел  адамдар  еңбек  ету  керек  деген  шешімге 
келді.  Гаваи  штатында,  жаңадан  тұтқындалған  жасөспірім 
қылмыскердің  біріншіден,  полицияның  қызметкерінің  әйел 

71
КИЕЛІ РУХТЫҢ МІНЕЗІ 
адаммен  кездесуге  тиісті  екені  жөнінде  заң  шығарылды. 
Өйткені,  жасөспірім  қылмыскермен  жұмыс  істеуде,  әйел 
адамның  еңбегінің  тиімді  болғанының  нәтижесінің  оң 
болатыны көрсетілді. Балаларды жұбату және тыныштандыруда 
әйелдердің  туа  біткен  қабілеттері  бар.  Осы  жағдайда  айта 
отырып, мен Киелі Рухтың әйел болып табылатындығын айтып 
отырған жоқпын.
Киелі  Рухтың  сезімталдығы  мен  күштілік  қасиеттері 
Дәуіт  пайғамбарда  болғандығына  мысал  келтіргім  келеді.  Сіз 
Дәуіттің  мінезінің  жұмсақ  болғанын  байқадыңыз  ба?  Оның 
жанашыр  әрі  сезімтал  адам  болғанын  көрдіңіз  бе?  Оның 
баласы  Абесалломның  көтерілісін  басуға  өз  жауынгерлеріне 
нұсқау берсе де, баласы қаза тапқанда қатты жылады (Патш. 2 
жазба 19 тарауды оқыңыз). Қиын қыстау кездерінде, Дәуіттің 
жырларын  жылап  отырып  жазғанын  білеміз.  Оның  Жонатан 
есімді  досымен  қатты  достық  қатынаста  болғанын  Киелі 
Жазба  бізге  растайды.  Сонымен  бірге,  Дәуіттің  күшті  батыр 
болып, алып денелі адамды өлтіріп, мыңдаған жауларын қырып 
жойғанын есімізден шығармайық. Ол Исраил елінің тарихында 
үш батырлардың, ең мықты жауынгерлердің жетекшісі болған 
(Патш.  2  жазба  23  тарау).  Дәуіт  өз  батырларына  нан-суды 
беруден  бас  тартқан  адамды  өлтіргісі  келген.  (Патш  1  жазба 
25 тарау). Дәуіт ақсаусақ адам емес, қайта батыр адам болған. 
Сонымен бірге, ол мінезі жұмсақ, өте сезімтал адам болған.
Мен  Киелі  Жазбада  Киелі  Рухтың  құдіретті  Рух  деп 
аталғанын есіңізге салғым келеді (Ишая 11:2). Ол әлсіз, күшсіз 
емес, қайта Ол шексіз құдіретті. Сонымен бірге, Ол өте сезімтал 
және жанашыр екен. Біз Оны сөздерімізбен де, іс-әрекетімізбен 
де ренжітіп алуымыз мүмкін. Қандай керемет Құдай екен! 
Сіз  Киелі  Рухтың  қасиеттерін  толық  түсінбесеңіз  де, 
ештеңе  етпейді.  Біз  пенде  болғандықтан,  Оның  табиғаты, 
мінез-құлқы және  қасиеттерін  толығымен  танып  біліп,  түсіне 
алмайтынымызды  есімізде  ұстауымыз  керек.  Бірақ,  егер  біз 
Онымен  тығыз  байланыста  болсақ,  Оның  Өзі  бізге  ашылуға 

72
КИЕЛІ РУХ
уәде берді. Бұл тамаша емес пе?
Мен  бағана  айтып  кеткендей,  Киелі  Рухтың  салтанатты 
әрі оның құпиясын толық суреттеп айту мүмкін емес (Қор. 1 
хат  2:6-16).  Менің  мақсатым  сізді  Киелі  Рухпен  таныстырып, 
Онымен  тығыз  байланыста  болуға  және  соның  нәтижесінде 
рахаттанып өмір сүруге шақыру.
ОНЫ РЕНЖІТУДЕН АУЛАҚ БОЛЫҢЫЗ!
Таяуда,  мен  біраз  уақытқа  дейін  теледидар  көрмеуге  шешім 
қабылдадым.  Жаратқан  Иемен  күшті  тығыз  байланыста  болып, 
Құдайдың  Сөзін  оқып,  ерекше  мінажат  етумен  болдым.  Сол 
уақытта,  бір  фильмді  көріп  отырған  балаларымның  бөлмесіне 
кірдім. Осы фильмде, бір кісінің өлтірілгені жөніндегі қойылымға 
көз  тастап,  дереу  шығып  кеттім.  Өйткені,  Киелі  Рухпен  күшті 
тығыз байланыста болғандықтан, осы жаман фильмнің қойылымы, 
Оның жүректі айнытарлықтай жексұрын болғанын сездім.
Киелі  Рух  біздің  жүрегімізден  орын  алып,  тұрақты  түрде 
мекендегенін ешқашан ұмытпауымыз керек. Сіз бір жерге , мысалы 
киноға барғанда, әлемді жаратқан құдіретті Құдайды, яғни Киелі 
Рухты бірге алып барады екенсіз. Өйткені, Ол әрқашан сізбен бірге 
болып, өзіңізді ешқашан тастап кетпейтініне уәде етті. Бірақ, егер 
сіз Оған ұнамсыз жерге барсаңыз, не Оның жек көретін іс әрекетін 
істейтін болсаңыз, онда Ол сол сәтте үндемей қалады. Алайда, егер 
біз оны ренжітіп кетсек, не істеуіміз керек? Одан кешірім сұрауымыз 
керек,  жай  «кешіре  сал»  деп  емес,  шынайы  кешірім  сұрауымыз 
қажет.  Мен  өз  жұбайымды  ренжітіп  алып,  «болды  енді,  кешіре 
салмайсың ба?» дегенімде, ол өтірік кешірім сұрайтынымды сезіп 
қояды. Себебі, ол менің ниетімді жақсы біледі. Менің одан шынайы 
кешірім сұрағанымның орнына, ренжіткенімді тезірек ұмыттырып 
жіберуге тырысқанымды бірден түсінеді екен. Лизаның қалауы мені 
соттау емес, қайта арамыздағы ешкандай екіжүзді немесе жалған 
қарым-қатынасты болдырмау еді. Дәл солай, Киелі Рух арамызда 
екіжүзді,  жасанды  қарым-қатынастың  болғанын  қаламайды, 
керісінше, адал, шынайы қарым-қатынастың болуын аңсайды.

73
КИЕЛІ РУХТЫҢ МІНЕЗІ 
Осы тарауда, өз балаларымның біреуіне өрескел сөз айтқаным 
туралы жаздым. Бұл оқиғадан кейін, мен мінажат еткенде,бірнеше 
күні бойы, Киелі Рух бұған менің назарымды аудартты. Ол мені 
айыптамай, баламнан өзімнің өтірік кешірім сұрағанымның,Киелі 
Рухтың  жанына  қалай  батқанын  көрсетті.  Кешірім  сұраудағы 
ниетімнің  Құдайға  ұнамды  емес,  жалған  болғанын  да  білдірді. 
Менің  жалған  кешірім  сұрағанымның  мақсаты,  тезірек 
ұмыттырып,  «әрі-қарай  жылжиық»дегендей  болды.  Киелі 
Рух  маған  шыдамды  болып,  өз  кінәмді  мойындатып,шынайы 
Құдайдың алдында тәубеге келтіріп болған соң, жаным тазаланып, 
қайтадан туылғандай адам болдым.
Пауыл  елші  Қорынт  қаласындағы  сенушілерге  Құдайға 
мойынсұнбағанның  кесірінен,  Киелі  Рухпен  қарым-қатынаста 
болуына  зияны  келтіргендіктен,  хат  жазып  жіберді.  Оның  Киелі 
Рухтың жетелеуімен жазғанын есімізде ұстап, келесі аятқа қарайық:
Құдайдың  еркімен  болған  қайғыларыңнан  өзде-
ріңде  не  туындағанын  қарандаршы:  қандай  ынта-
жігер,күнәдан арылуға деген неткен ұмтылыс, болған 
жайтқа  не  қылған  наразылық  пен  абыржу,  неткен 
сағыныш, бәрін түзеуге соншама құлшыныс, қандай 
әділ жаза.
– Қор. 2 хат 7:11
Құрбандық  Тоқтысының  төгілген  қанының  арқасында 
кешіріліп, әр күнәдан тазаланғанымыз үшін Құдайға шексіз алғыс! 
Алайда, Құдай бізге ешқашан күнә жасамаған, әділ адам ретінде 
қараса  да,  біздің  күнә  жасағанымыздың  кесірінен  Киелі  Рухпен 
бұзылған  қарым-қатынасымызды  қайтадан  қалпына  келтіру 
қажет. Пауыл елші қорынттықтардың шынайы тәубе етпегенінше, 
хат жаза беріп, оларды көндіре бергеніндей, Киелі Рух та шынайы 
қарым-қатынаста болуға ынтасын білдіріп, біздің күнәларымызды 
әшкерелей  береді.  Менің  Құдайдың  еркімен  болған  шынайы 
тәубе етуім, жүрегімді тазартып, Киелі Рухпен қарым-қатынасты 
қалпына келтірудің қорытындысы осы болды. Бізді Киелі Рухтың 
тез арада кешіретіндігі үшін Құдайға мың да алғыс айтамын!
Киелі  Рухтың  (әйел  адамға  тән  болатын  қасиеттері)  нәзік, 

74
КИЕЛІ РУХ
сезімтал, жанашыр болып, сонымен бірге, (ер адамға тән болатын 
қасиеттері)  құдіретті,  мықты,  жауынгер  болғанын  есіңізден 
шығармаңыз.  Егер  біздің  Онымен  тығыз  қарым-қатынаста 
болғымыз  келсе,  Оның  мінез-құлқының  қандай  екенін  біліп 
алуымыз  керек.  Киелі  Рухтың  бізбен  тығыз  қарым-қатынаста 
болуды қалағанындай, байланысып тұруымыз керек. Киелі Рухтың 
Кім  екенін  танып  білген  сайын,  Онымен  қарым-қатынасымыз 
терең болып, өсе береді.
Кейде,  мен  өз  жұбайыммен  «гольфтың»  тілімен  сөйлесемін. 
Мен оған, «Жаным, білесің бе? Мен, бүгін, алпыс сегізді соқтым...» 
деген сияқты сөздерді айтсам, менің балаларым мәз болып, маған: 
«Әке, енді бізбен бірге ойнап, допты соғасың ба?» дейтін еді. Ал, 
менің жұбайым гольф ойнау барысында қандай әңгіме, не туралы 
сөйлесіп жүргенімізге қызығатын еді. Оның адамдардың қарым-
қатынасына  көңілін  аударатыны  маған  өте  ұнайды.  Егер  мен 
Лизамен  тығыз  байланыста  болғым  келсе,  онда  оның  көңілінің 
не нәрсеге тартатынын ескеруім керек. Дәл солай, Киелі Рухтың 
көңілін не тартатыны және Оның нені ұнататынын білуіміз керек. 
Егер  біз  Құдай  Сөзін  оқып,  Онымен  бірге  уақыт  өткізе  берсек, 
онда Ол бізге біртіндеп ашыла береді.

75
ТӘЖІРИБЕЛІК ТАПСЫРМАЛАР
БІРІНШІ КҮН
Кім Құдайдан болса, сол Оның айтқандарына құлақ асады.
– Жохан 8:47
Иә,  осы  сөз  шындық!  Сіз  Құдайдың  дауысын  ести  алады 
екенсіз.  Құдай  қазіргі  уақытта  да  Өз  адамдарына  сөйлейді 
екен.  Ол  Өзінің  аса  құнды  болып  табылатын  Киелі  Рухы 
арқылы сөйлейді. Мәсіхшілерге Құдаймен тығыз байланысты 
тереңдетіп, арттыруға көмектесуіне ниет еткен Генри Блэкаби 
есімді және Клод Кинг екі атақты жазушылар былай жазады:
«Құдай алғашқы мәсіхшілерге анық сөйледі. Ол бізге 
де анық сөйлеуде. Алғашқы сенушілердің заманынан 
бастап,  осы  күнге  дейін,  Құдай  бізге  Киелі  Рухтың 
арқасында сөйлеп келеді. Киелі Рух сіздің рухыңызда 
мекендейтіндігінен өзіңізге кез келген уақытта әрі кез 
келген жолымен анық сөйлейді».
Иса, Өзінің Ізгі Бағушы, ал біз оның қойлары болғандықтан, 
Оның  даусын  ести  алады  екенбіз  деді.  Жохан  10:3-5,11,14,27 
аяттарын оқып, Исаның айтқанын ойланыңыз. Киелі Рух сізге 
не білдірді?
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
Киелі  Рухты  шындықты  білдіретін  Рух  деп  атаған.  Неге? 
Генри Блэкаби жалғастырып, былай жазады:
«Киелі Рух бізге Құдай туралы ашпаса, өзіңіз ештеңені 
түсіне алмайсыз. Ол біздің Ұстазымыз. Оның алдында 
келіп  отырып,  өзіңізді  Құдайдың  Сөзінің  шындығын 
үйреткенде  үндемей  қалмай,  Онымен  сөйлесіңіз. 

76
КИЕЛІ РУХ
Мінажат еткенде, Оның Құдайдың Сөзін пайдаланып, 
сіздің  жүрегіңізге  Құдайдың  айтқанын  жеткізіп, 
рухыңызды бекіткеніне көңіл бөліңіз. Мінажат еткенде, 
Киелі Кітап оқығанда, Құдай сізге сөйлеп, жүрегіңізді 
өзгертеді. Құдай Киелі Рухтың арқасында Киелі Кітап 
оқу  арқылы,  мінажат  ету  арқылы,  әр  түрлі  жағдай 
арқылы, қауым арқылы бізге сөйлеп, Өзін де, Өз еркі 
мен жолдарын да анық ашып көрсеткісі келеді».
Киелі  Рухтың  өзіңізге  маңызды  болатын  қай  нәрселерді 
ашып  көрсетуін  күтесіз?  Жохан  14:26,15:26,  және  16:12-15 
аяттарды  мұқият  оқып,  Киелі  Рухтың  бес  нәрсеге  үйреткенін 
жазып алыңыз:
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
Құдайдың  дауысын  ести  алудың  ең  маңыздысы  неде? 
Блэкаби және Кинг жалғастырып, былай дейді:
«Құдайдың  дауысын  ести  алатынның  маңыздысы, 
ешқандай  формула  болмағанын  түсініп  алу.  Бұның 
ешқандай  бір  ғана  тәсілі  жоқ.  Құдайдың  дауысын 
тану, Онымен тығыз қарым-қатынаста тұрудан келеді.
Құдай сізге сөйлеп, Оның айтқанына сай әрекет еткен 
сайын,  Оның  дауысын  одан  да  жақсы  ажырата  біле 
бересіз».
Құдайдың дауысын танып білу үшін, сіздің Онымен тығыз 
қарым-қатынаста  тұруыңыз  керек.  Енох,  Нұх,  Ыбырайым 
пайғамбарлар  және  тағы  басқа  Құдайдың  қызметшілер  Киелі 
Рухтың  дауысын  анық  еститін,  сіз  де  Оның  дауысын  ести 
аласыз.  Тауратта  Амос  3:7;  Даниял  2:22  және  Забур  24:14 
жазылған аяттарының және Інжіл Кітабында Жохан 15:15; Қор 
1 хат. 2:9-10 және Ефес.1:9 аяттарынның арасында қандай өзара 

77
КИЕЛІ РУХТЫҢ МІНЕЗІ 
байланыстар бар? Сіз «Ақыр заманындағы сенуші» бола тұра, 
осы аяттар өзіңізге қандай жігер береді?
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
Енохтың (Жар. 5:21-24), Нұхтың (Жар. 6:9-18), Ыбырайымның (Жар. 18:16-22) және 
Петір елшінің өмірлеріне қарап (Елш. 10:9-23) тексеріп көріңіз.

78
ТӘЖІРИБЕЛІК ТАПСЫРМАЛАР
ЕКІНШІ КҮН
 
ОНЫМЕН ТЫҒЫЗ БАЙЛАНЫСТА БОЛУ 
СІЗГЕ АУАДАЙ ҚАЖЕТ
Сен «алдыма келіп, сиыныңдар» дедің, Саған шын жүректен 
жауап беремін: «Уа, Ием, сиынып алдыңа келемін.
– Забур 26:8
Дәуіт пайғамбар кәдімгі жай адам болған жоқ. Оның ең басты 
қалауы Құдаймен тығыз байланыста тұру болған. Ол Құдайдың 
Өзін  қатты  аңсайтын.  «Иемнен  бір-ақ  нәрсені  сұрадым,  тек 
мынау ғана менің аңсағаным: Өмір бойы Оның үйінде болсам, 
Жаратқан Иенің көркіне қарасам, ғибадатханасында ойланып-
толғансам» (Забур 26:4).
Құдаймен тығыз байланыста болу әрі Онымен бірге еңбек 
етуден басқа жоғары тұратын нәрсе жоқ. Құдай Әке мен Оның 
рухани  Ұлы  көкте  болғандықтан,  Киелі  Рух  біздің  өмірімізде 
Құдайды анық көрсетіп, бізбен бірге болып, біз арқылы әрекет 
ету  үшін  осы  дүниеге  келді.  Николас  Херман  есімді  сенуші, 
оны  қасиетті  Лаврентий  бауырымыз  деп  атаған,  Құдаймен 
тығыз қарым-қатынаста тұруға үйреніп, басқа сенушілерге де 
соны үйретуге өмірін арнады. Он жетінші ғасырда өмір сүрген 
сенушінің түсінігін бізге жазып қалдырды:
«Ең  қажеті,  ең  басты  рухани  өміріміздің  мақсаты, 
Құдаймен бірге болу, Оның жанында жүру.Бұл Онымен 
тығыз  қарым-қатынаста  тұрудан  рахат  алып,  барлық 
уақытта Онымен сөйлесіп, үзбей байланыста болу».
Енді,  сіз  тоқталып,  келесідегідей  ойланып  көріңіз:  менде 
Құдайдың Өзін аңсау деген мұқтаждық бар ма? Ол болмаса, өмір 
қандай болатын еді? Сіз таңертен тұрып, Киелі Рухтың жаныңызда 
болмағанын елестетіп көріңіз. 27 бетте Киелі Рухтың есімдері мен 

79
КИЕЛІ РУХТЫҢ МІНЕЗІ 
оның  рольдеріне  тағы  да  қарап  шығып,  Оған  жаңа  көзқараспен 
қарап, Онымен бірге болудың қажеттілігін жазып алыңыз:
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
Киелі  Рухтың  бізге  қатысқаны,  яғни  біздің  жанымызда 
болғаны  қай  жерде  және  қай  уақытта  болады?  Лаврентий 
бауырымыз былай жалғастырып жазады:
«Құдаймен  тығыз  байланысымызды  үзбей,  бірге 
болғанымыздың  орнына  қауымда  тұрып  қалудың 
қажеттілігі бар ма? Онымен бетпе-бет сөйлесу үшін, 
Оған өз жүрегіңізді «тірі ғибадатханаға» айналдырып 
алуыңыз керек. Осындай Жаратқан Иемен аса жақсы, 
тамаша сөйлесе аласыз. Неге Құдаймен тығыз байла-
ныста тұруды бастамасқа?».
Киелі  Рухқа  назар  аударып,  Онымен  үзілместей  қарым-
қатынаста болу үшін сіздің Оған оңаша уақыт бөлуіңіз керектігі 
сөзсіз. Киелі Рухқа уақыт арнауға Құдайдың Сөзі оқу, Онымен 
сөйлесу,  Оған  алғыс  білдіру  мен  ән-жыр  айтып  мадақтау 
және  Оның  алдында  тынышталып,  үндемей  отыру  жатады. 
Сіз тоқталып, мінажат етіп сұраңыз: «Киелі Рух, Өзіңе қазіргі 
кезде уақыт бөлуімнің себебі қандай болған?» Оның сізге ашып 
берген аянын жазып алыңыз:
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________

80
КИЕЛІ РУХ
Cіздің  Құдаймен  қарым-қатынасыңызды  қалай  жетіл-
діруге болады?
Лаврентий  бауырымыз:  «Құдайға  келіп,  ешнәрсенің  сіздің 
Құдайға деген назарыңызды алаңдатуына жол бермеуіңіз керек. 
Егер ойыңызда уайым не абыржу болса, Құдайға тапсырыңыз, 
өйткені  олай  етпесеңіз,  ол  сізге  Құдаймен  сөйлесуге  кедергі 
жасайтын болады. Өз жан-дүние, ой-сана мен ерігіңізді Құдайға 
бағыштауға  талпыныс  жасаңыз.  Құдай  туралы  ойлануды 
қасиетті әдетке айналдырыңыз». дейді. Енді, «Киелі Рух Өзіңе 
назарымды одан да жақсы аудару үшін, не істеуім керек?» деп 
мінажат етіңіз. Оның сізге не айтатынын тыңдап, ашып бергенін 
өміріңізде жүзеге асырыңыз.
Осы тақырыпты әрі-қарай оқу үшін мына 
аяттарды қараңыз: 
Шеж. 1 жазба 9-11; Забур 21:26; Забур 104:3-4; Нақыл 
сөздер 8:17-18; 
Ишая 55:1-3; Иер. 29:11-13; Мат. 6:33; Евр. 12:1-2

81
ТӘЖІРИБЕЛІК ТАПСЫРМАЛАР
ҮШІНШІ КҮН
ОНЫҢ СІЗДІҢ ЖАНЫҢЫЗДА БОЛҒЫСЫ КЕЛЕДІ
Міне, Мен есік алдында келіп, қағып тұрмын. Кімде-
кім менің даусымды естіп, есік ашса, Мен оның жан 
дүниелесіне еніп, онымен бірге «дастарқандас» боламын; ол 
да рухани нәр алып, Менімен тығыз байланыста болады.
– Аян 3:20
Құдай, басқа адамдардан гөрі, Киелі Рух арқылы сіздің жаны-
ңызда болғысы келеді. Ол сізбен сырластық қарым-қатынаста 
болуды қалайды.
Киелі Рух, адам баласы кіре алмайтын, біздің рух пен жан-дүниемізге 
кіріп,  орын  алады.  Ол  уақытқа  немесе  кеңістікке  байланысты  емес. 
Киелі Рух тек адамның жүрегін ғана емес, Ол Құдайдың жүрегіндегі 
құпия сырларын, ой-ниеті мен арманын да біледі.
Иеміз Өзін қастерлейтіндерге сырын (яғни сырластық 
қатынасты) ашады және білдіреді келісімін (яғни оның 
терең мағынасын).
– Забур 26:14
Тек  қана  Киелі  Рух,  «шындықты  білдіретін  Рух»,  бізді 
бар  шындыққа  жеткізеді.  Сіз  Құдайдың  немесе  Исаның  бір 
ерекшелігін не болса Киелі Кітаптың жазғанының мағынасын 
түсінгіңіз  келе  ме?  Киелі  Рух  сізге  ашып  берсін  деп  мінажат 
етіңіз. Оның сізге ашып бергенін жазып алыңыз.
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________


1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал