3. киелі рухпен қарым-қатынас жасаудың Үш деңгейі



жүктеу 0.64 Mb.

бет5/19
Дата22.05.2017
өлшемі0.64 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

57
КИЕЛІ РУХТЫҢ МІНЕЗІ 
шақырылғанбыз. Не деген ерекше шақыру еді!
Жақсы  әріптестер  бірі-біріне  көмек  беріп,  бірін-бірі 
толықтырады. Мен Мичиган көлінің аймағында өстім. Көлдің 
бетінде қайықпен жүзумен көп айналыстым. Өз отбасымдағы 
қайықпен  жүзуді  жақсы  көретінмін.  Мен  қайықпен  жүзуден 
екі  жыл  арнайы  даярлықтан  өтіп,  жарысқа  да  қатыстым. 
Бірінші  рет  жарысқа  қатысқанда,  ең  жақсы  капитанмен  бірге 
қатысуға және ең жақсы топқа қосылуға ұсынылдым. Олар да 
менің  өз  қатарларына  қосылғаныма  мәз  болды.  Бірақ,  жарыс 
басталғанда, өзімді ебедейсіз, жарамсыз бала ретінде сезіндім. 
Капитан бұйрық беріп отырғанда, жолдастарым оның айтқанын 
дереу орындайтын.
Әр жарысқа қатысушы өз міндетін жақсы біліп, бұлжытпай 
атқарып, соның нәтижесінде мәреге жеттік. Бірақ маған келетін 
болсақ, мен шынымен де жарысқа жарамсыз адам едім. Өзіме 
не  істеу  керектігі  айтылғанымен,  өз  міндетімді  жөнді  атқара 
алмадым. Ал жарыс тобының мүшелері бәрін, өз міндеттерін 
бір адамдай орындап, жұмыстарын реттелгендігін көрдім. 
Киелі  Рухпен  әріптестік  қарым-қатынаста  болу,  бұл 
бір  топтың  мүшесі  болумен  бірдей.Сіздің  Онымен  бірге 
еңбектенуіңіз  керек.  Бірінші  рет  уағыздағанымда,  менің 
жұбайым  және  достарым  бірінші  қатарда  отырып,  мені  әрең 
тыңдап,  отырған  күйінде  ұйықтап  қалды.  Өйткені,  мен  Киелі 
Рухпен бірге уағыздаған жоқпын. Біраз уақыттан кейін, Киелі 
Рухпен  бірге  қалай  уағыздау  керектігін  түсіне  бастадым.  Дәл 
солай  кітаптар  жазумен  болдым.  Мен  Киелі  Рухпен  бірге 
жазуды  білмегенше,  бір  жылдың  ішінде  қатты  қиналып,  әрең 
дегенде  бірінші  кітапты  жазып  бітірдім.  Кейін,  кітаптарды 
Киелі Рухпен бірге жеңіл және жылдам жазуды үйрендім. Мен 
екі маңызды ережені ұқтым. Киелі Рухтың Өзінің жұмысы (рөлі) 
бар, өзімнің де атқаратын жұмысым бар. Киелі Рух Өзінің тек 
осындай болғанын қалайды. Әркім өз жұмысын орындағанда, 
керемет нәтижеге жететін боламыз. 
Елшілердің істерінің 15 тарауында, біз тағы да әріптестікті 

58
КИЕЛІ РУХ
көреміз.  Елшілер  басқа  ұлт  адамдарынан  сенушілеріне  хат 
жазып  беріп  жіберді.  Соның  хатында  біз  мынандай  сөздерді 
оқимыз:  «Киелі  Рух  және  біз  сендерге.....дұрыс  деп  таптық» 
(Елш. 15:28).
Міне,  біз  әріптестіктің  жұмысының  нәтижесін  көреміз. 
Қауым жетекшілері мен Киелі Рух бірге басқа ұлт адамдарының 
сенушілерінің жағдайын қарастырып, дұрыс шешім қабылдады. 
Екеуі бірлесіп, Киелі Рух және жетекшілер бірге шешім тапты. 
Екеуінің өз рөлі бар еді. Өйткені, олар Құдай Патшалығының 
игілігі үшін әріптестер болды.
Көңе  өсиетте  де  әріптестік  қарым-қатынаста  болған. 
Құдайдың  Ыбырайым  пайғамбарға  емен  ағашының  қасына 
келіп,  бірге  сөйлесіп,  Соддом  мен  Ғомораны  құртпақшы 
болғаны сіздің есіңізде ме? (Жарат. баст. 18 тарауды қараңыз). 
Құдай  Ыбырайымға  әріптес  ретінде  сөйледі.  Құдай  мен 
Ыбырайым  бірге  бір  төбеге  көтеріліп  жүріп  жатқанда,  оған
«Мен осы күнәға әбден батып кеткен екі қаланы құртсам екен 
оған сен қалай қарайсың?» деп Өз ниетін білдірді (бұл менің 
жеке  аудармам).  Ыбырайым  пайғамбардың  сол  екі  қаланың 
бірінде  Лут  есімді  жиені  тұрғандықтан  уайымға  салына 
бастады.  Ол  Жаратқан  Иемен  ұзақ  сөйлесіп  болған  соң,  егер 
де  сол  қалаларда  он  шақты  әділ  адам  табылатын  болса,  онда 
соларды құртпауға келісті. 
Құдай  Ыбырайымның  екі  қаланы  құртудан  сақтауға  үлес 
қосқанын  ұнатқан  екен.  Ол  Ыбырайым  туралы  былай  деген
«Өзімнің  не  істейтімнің  Ыбырайымнан  қалай  жасырмақпын?» 
(Жарат.  баст.  18:17).  Осы  аяттан  Құдай  Өзінің  жоспарының 
Ыбырайымға  білдіргісі  келгені  анық  көрініп  тұр.  Неге?  Өйткені 
Ыбырайым пайғамбар Құдаймен бірге әріптестік қатынаста болған.
Дәл осындай Құдаймен әріптес болған тағы бір атақты адам 
бар еді. Ол Мұса есімді адам. Жаратқан Ие Мұса пайғамбарға 
былай  деген:  «Енді  мені  тоқтатуға  тырыспа.Қаһарым  лаулап, 
оларды  құртып  жібермекшімін,содан  кейін  өзіңнен  үлкен 
халықты жаратамын» (Мысыр 32:10). Осы сөздерді естігеннен 

59
КИЕЛІ РУХТЫҢ МІНЕЗІ 
кейін  Мұса  пайғамбар  Құдайға  жалынып,  Өз  қаһарын  басып, 
халқын құртам деген ниетінен бас тартсын деп Оны көндірді. 
Біз  осы  аяттарды  оқығанда,  бұл  әншейін  оқиға  болған  деп 
жай  оқи  саламыз.Бірақ,  сіздің  ден  қойып  мұқият  оқуыңызды 
сұраймын.  Мұса  пайғамбар  Құдайдың  «Енді,  Мен  Өзім 
құртамын» (ағылшын тіліндегі Киелі Кітапта «Өзім құртамын» 
деп  жазылған)  деп  айтқанына  қарамастан,  Өзіне  де,  Оның 
халқына да жақсы болатыны жөнінде ұсыныс жасады. 
Енді мен сізге бір шындықты айтайын: Құдай - Ол Құдіретті 
Құдай және де Ол біздің құрмет көрсететінімізге лайықты.Біз 
тек Оның шексіз құдіреті мен рақымының арқасында Онымен 
әріптес  бола  аламыз.  Ол  бізді  Өзінің  еркі  мен  мақсатын 
орындауға  таңдап  алды.  Оның  еркін  орындау  біз  үшін  зор 
құрмет екендігін түсінейік.
Біз Көне Өсиеттегі жазбалардан әріптестіктің екі мысалын 
көреміз.  Бірақ,  біздің  қолымызда  болған  нәрсенің  Ыбырайым 
мен  Мұсада  болмағандығының  бір  айғағын  көреміз.  Осы  екі 
атақты қызметшілерінің өмірінде Құдаймен әріптестік жасаған 
кезде,  керемет  нәтижесін  көрдік.  Алайда,  біздің  өмірімізде 
Киелі  Рух  орын  алғандықтан,  Онымен  бірге  24  сағат  бойы 
әріптес бола аламыз. Бізге Құдаймен әріптес болу үшін, емен 
ағашының көлеңкесінде күту немесе таудың басына көтеріліп 
шығудың қажеті жоқ. Біз кез келген уақытта, Киелі Рухпен тығыз 
байланыста  бола  аламыз.  Ең  кереметі-Киелі  Рухтың  бізбен 
әріптес  болғысы  келіп,  ой-ниетімізді  біліп,  бізді  жетелегісі 
келгені!!! Киелі Рух бізбен бірге 24 сағат бойы болады және Ол 
ешқашан ұйықтамайды да. 
Таяуда,  қызмет  еткенімнің  нәтижесіне  риза  болып,  түнгі 
сағат екі жарымда оянып, ұйқым ашылып кетті де, кейін ешбір 
ұйықтай  алмай  төсегімде  жаттым.  Мен  орнымнан  тұрып, 
өз  Әріптесіммен  сөйлестім.  Сосын  не  болғанын  білесіз  бе? 
Қандай күшті болды! Ол да менімен сөйлесті.Өйткені Киелі Рух 
ешқашан  ұйықтамайды.Ол  маған  наразылық  білдіріп:  «Джон, 
неге сен Менің ұйқымды бұзып, ояттың» деген жоқ. Бірақ,егер 

60
КИЕЛІ РУХ
мен өзімнің сүйікті әйелімді түн ортасында оятсам, ол маған : 
«Джон, неге мені таң атпай оятасың?» деуші еді. Ал егер мен : 
«Жаным, сенімен сөйлескім келіп отыр» деп жауап берсем, онда 
ол мені жастықпен қатты ұратын еді. Ол ұйықтағанды жақсы 
көреді,  сондықтан  менің  оны  оятпауым  керек  екенін  білемін. 
Мен  де  түнде  ұйықтасам,  Лиза  мені  оятудың  қажет  еместігін 
біледі. Бірақ, Киелі Рух кез келген уақытта менімен сөйлесуге 
дайын  тұр.  Ол  менімен  келе  жатқан  күн  туралы  сөйлескенді 
ұнатады және кейбір кезде алдыңда не болатынын хабарлайды. 
Сол  себептен  мен  Киелі  Рухпен  таңертең  сөйлескенді  жақсы 
көремін.  Ол  менің  әріптесім,  Онымен  қарым-қатынаста  тұру 
мен үшін өте маңызды. 
Киелі Рухтың біздің аға әріптесіміз екенін түсінуіміз қажет. 
Пауыл  елші  Ефес  қаласындағы  қауымның  жетекшілеріне 
былай  дейді:  «Енді  өздеріңе  де,  Киелі  Рух  басқарушы  етіп 
қойған  барлық  қауымға  да  қараңдар!  Шопан  қойын  қалай 
бақса,  сендер  де  Құдай  Иеміздің  өз  қанын  төгіп,  иемденген 
қауымына солай қамқор болыңдар» (Елш. 20:28). Пауылдың: 
«Иса басқарушы етіп қойған барлық қауымға караңдар» деп 
айтпағанына назар аударыңыз. Бұл аят Иса мен Киелі Рухтың 
арасындағы  әріптестікті  көрсетеді.  Иеміз  Иса  Өз  қанын 
төгіп,бүкіл  қауымды  иемденген.  Көктен  жерге  түскен  Киелі 
Рух осы адамдарды қауымның жетекшілері етіп тағайындады, 
оларға қауымды басқаруды аманат етіп тапсырды. Сондықтан 
Киелі  Рух  біздің  басты  әріптесіміз  болып  табылады.  Пауыл 
Киелі  Рухтың  біздің  жүрегімізден  орын  алып,  бізбен  бірге 
болғандығын өте жақсы білді.
Тағы  басқа  мысалға  қарайық:  «Олар  Иемізге  ғибадат  етіп, 
ораза  тұтып  отырғанда  Киелі  Рух:  «Мен  арнайы  шақырған 
іске  Барнаба  мен  Саулды  Өзіме  бөліп  шығарып  беріңдер....
Осылайша  Киелі  Рух  жіберген  екі  елші  Селеукия  қаласына 
барып....». Елш.13:2 және 4 аятында міне, біз тағы да Киелі Рух 
пен  елшілердің  арасындағы  әріптестікті  көреміз.  Исаның  Өзі 
және Құдай Әкенің көкте отырғанын есімізде сақтайық. Киелі 

61
КИЕЛІ РУХТЫҢ МІНЕЗІ 
Рух  өмірімізді  ерекше  қылып,  бізбен  бірге  қызмет  етуге,  әрі 
біздің әріптесіміз болуға осы жерге жіберілген. 
Үшінші күн
ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫП БІРГЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУ
Тағы  бір  рет  мына  аятты  оқып  шығайық:  «Лайым  Иеміз 
Иса  Мәсіхтің  рақымы,  Құдайдың  сүйіспеншілігі  және  Киелі 
Рухпен  тығыз  қарым-қатынастарың  бәрінде  бола  берсін!» 
(Қор.  2  хат  13:13).  Енді  біз  «тығыз  қарым-қатынас»  деген 
сөздің  екі  мағынасының  бар  екенін  түсіндік.  Бұл  үздіксіз 
тығыз байланыста болу және әріптестік жасау деген мағынаны 
білдіреді.  Сіз  Пауылдың  сөзінің  терең  мағынасы  бар  екенін 
түсіндіңіз бе? Дегенмен, койнония сөзінің тағы бір мағынасы 
бар. Бұл өзара байланысып, бірге жұмыс атқару.
Мен  «өзара  байланысып,  бірге  жұмыс  атқару»  туралы 
ойлағанда, жас кезімдегі болған Битлз деген атақты музықалық 
топ есіме түседі. Егер біреу маған «Пол Маккартни» десе, менің 
ойыма дереу Джон Леннон, Ринго Стар және Джордж Хариссон 
түсетін, яғни олардың барлығы да мен үшін Битлз болатын. Осы 
төрт  адамның  жеке  тұлға  емес  екендігін,  жай  ғана  бір  Битлз 
екен деп ойлайтынмын.
Мен  Киелі  Рухпен  өзара  байланысып,  әріптес  болған 
осындай  адамдар  туралы  ойлаған  кезде,  менің  ойыма  бірден 
Йонги Чо бағушы түседі. Йонги Чо бағушының қауымы дүние 
жүзіндегі ең үлкен қауым болып саналады. Онымен бірінші рет 
1980 жылдарда кездесіп, танысқанымды ешқашан ұмытпаймын. 
Оның  біздің  қауымға  бірінші  рет  келген  кезі  еді.  Қауымның 
жетекшілері  маған  осы  кісіні  әрі  оның  сапарластарын  қарсы 
алуға  және  конақ  үйіне  орналастыруға  тапсырма  берді. 
Менің  біздің  қауымға  келген  уағыздаушыларға  осындай 
қызмет еткеніме көп болған. Дегенмен, Йонги Чо бағушымен 
кездесу  өзгеше,  айрықша  еді.  Әлгі  кісі,  менің  автокөлігіме 

62
КИЕЛІ РУХ
мініп  отырғанда,  сол  сәтте-ақ  көлігіме  Құдайдың  Өзі  мініп 
отырғандай болды. Киелі Рухтың осы адам арқылы маған әсер 
еткені  соншалықты,  өзім  дереу  жылай  бастап,  көз  жасымды 
ағыза бердім. Мен Йонги Чоның қызмет етуіне кедергі жасағым 
келмей, жылағанымды тоқтатуға тырыстым. Бірақ, оған өзімнің 
қандай  ерекше  күйге  түскенімді  айтуға  мәжбүр  болдым.  Мен 
оған жұқалап: «Чо бағушы, Құдай қазір бізбен бірге машинада 
отыр екен» деп айттым. Ол маған: «Иә, білемін» деп күлімсіреп 
қарап, басын изеді.
Йонги  Чоның  Киелі  Рух  туралы  кітаптар  жазып,  Онымен 
тығыз  байланыста  болғаны  туралы  көп  уағыз  айтқандықтан, 
осы кездесу маған өте маңызды болды. Ол адамның кем дегенде 
екі сағаттан төрт сағатқа дейін, рухта мінажат ететінін өзінен 
естідім. Йонги Чо бағушының ең басты ісі, Киелі Рухпен тығыз 
қарым қатынаста тұру, Онымен бірге оңаша уақыт өткізу. Сол 
себептен, оның өмірінде Құдайдың құдіреті ерекше көрініп тұр.
Бірнеше жыл бұрын, мен бір үлкен қауымда болып, жексенбі 
күні таңғы жиналыста уағыз айттым. Сол күні кешкі уақытта, 
Құдайды  мадақтау  қызметінен  кейін,  мен  қырық  бес  минут 
уақыт бойы сабақ беруім керек еді. Бірақ, Киелі Рух адамдарды 
әр  түрлі  ауру-сырқаудан  сауықтыра  бастады  да,  көптеген 
жаңадан келген адамдарды теріс жолдан қайтарып, құтқарды. 
Мен тіпті екі сағат ішінде қолыма микрофон алмайтын болдым. 
Ақырында,  қызмет  біткен  кезде,  әлгі  қауымның  бағушысы 
маған келіп, көз жасын төгіп, жылап: «Джон бауырым, мен осы 
қауымда сегіз жылдан бері қызмет етіп келе жатырмын, алайда 
Құдайдың  қауымға  әсер  еткенін  бірінші  рет  көріп  тұрмын» 
деді. Мен оған дереу: «Өйткені, біз таңғы кызметте Киелі Рух 
туралы уағыздадық. Ал егер біз Ол туралы айтсақ, Оның бізге 
әсер етуі күшті болады» деп жауап бердім. Егер сіз және мен 
«қарапайым» сенушілер бола тұра, Киелі Рухпен байланысып 
еңбек етсек, ғажайып кереметтерді өмірімізде көретін боламыз.

63
КИЕЛІ РУХТЫҢ МІНЕЗІ 
КИЕЛІ РУХПЕН ТЫҒЫЗ ҚАРЫМ-
ҚАТЫНАСТА БОЛУ, БҰЛ СЫРЛАСТЫҚТА 
БОЛУДЫ БІЛДІРЕДІ
Соңғы  койнония  сөзінің  мағынасы  «сырластық  қарым-
қатынаста болу». 2 Қор. 13:13 аятта Пауылдың қарым-қатынас 
жазған  сөзінің  негізі  сырластық  қатынаста  болу  дегенді 
білдіреді. Осындай қатынастың дәрежесіне тек тығыз байланысу 
арқылы  ғана  жетуге  болады.  Сырластық  қарым-қатынаста 
болу  деген,  бұл  ой-толғаулардың  және  көңілдегі  қалаулардың 
арман  аясынан  тыс  жоғары  не  болмаса  аса  жоғары  тұратын 
қарым-қатынасты  білдіреді.  Осы  аятты  былай  оқуға  болады: 
«Сендердің Киелі Рухпен сырластық қарым- қатынастарың өсе 
берсін» Өзім де сырластық қарым- қатынастың тығыз, достық 
қатынас  екендігін  түсінемін.  Киелі  Рухтың  сізге  ең  жақын 
дос  болғысы  келетінін  ешқашан  ұмытпаңыз.  Ол  сізбен  өзара 
байланыста болуды қатты аңсайды. «....бойымызды мекендейтін 
рух  басқаларды  қызғаныштан  көре  алмайды.  Оған  түгелдей 
бағышталуымызды  аңсайды»  (Жақып  4:5).  Ол  сіздің  Онымен 
бірге уақыт өткізуіңізді қатты аңсап, басқаларды қызғаныштан 
көре алмайды. Ойланып көріңіз: Киелі Рухтың Өзі Құдай, Одан 
ешкім ешнәрсе жасырынып қала алмайды. Оның даналығы әрі 
білім-парасатының  шегі  жоқ,  дегенмен,  Ол  сіздің  өміріңізге 
қатысуды қатты қалайды. Мен бір жақсы хабарды естісем, не 
бір керемет нәрсеге ие болсам, сол сәтте-ақ ең жақындарыммен 
бөліскім  келеді.  Сізде  де  сондай  күйдің  болатынына  сенемін, 
сондай –ақ Киелі Рух та сізбен ең жақсысымен бөліскісі келеді.
Өкінішке орай, көптеген сенушілер Киелі Рухқа немқұрайды 
қарап,  Исамен  бірге  қарым-қатынаста  болғысы  келеді.  Парыз-
шылдар  да  осылай  қателесіп  жүрді.  Олар  Исаға:  «Біз  некесіз 
туғандар емеспіз, біздің бір ғана рухани атамыз бар, Ол-Құдай» 
деді.  Исаның  оларға  берген  жауабы  былай  болды:  «Рухани 
аталарың  Құдай  болса,сендер  Мені  жақсы  көрер  едіңдер.  Мен 
осында Құдайдан келдім» (Жохан 8:41-42). Парызшылдар Исаны 

64
КИЕЛІ РУХ
менсінбей,  Құдай  Әкемен  тығыз  байланыста  болуға  тырысты. 
Олар  Құдайдың  өздеріне  ашып  беретін  ниетін  түсінген  жоқ. 
Иса  оларға  Әкем  екеуіміз  біртұтаспыз  дегенді  білдірді.  Соған 
қоса,  Иса  оларға  былай  деді:  «Мені  жақыннан  танысаңдар, 
Әкемді  білер  едіңдер»  (Жохан  14:7).  Бірақ  олар  Исаның  сөзін 
тындамады. Олар Иса арқылы Құдайға келгесі келмегендіктен, 
Құдай Әкемен тығыз байланыста бола алмады. Сондықтан, Иса 
Өзінің осы жерден көкке кететінін, әрі Киелі Рух Оның орнына 
түсетінін анық білдірді. Киелі Рух Исамен бірдей Қамқоршы мен 
Көмекші екендігі бізге түсінікті болуы керек. 
Исаның  Құдай  Әкені  көрсетуге  келгеніндей,  Киелі  Рух 
та  бүкіл  адамзатты  Исамен  жақын  таныстыру  үшін  осы 
дүниеге келді (Жохан 16:7). Біз Киелі Рухтың Исаның данқын 
арттыруды  жақсы  көретінін  түсінуіміз  керек.  Егер  сіз  Иса 
туралы  көбірек  білгіңіз  келсе,  онда  сіздің  Киелі  Рухпен 
бірге  болып,  Онымен  уақыт  өткізуіңіз  керек.  Киелі  Рух  сізге 
Исаның қандай екенін анық көрсетеді. Киелі Рух Өзіне құрмет 
көрсеткендерге ғана ашылады. Егер біз Оны құрметтесек, онда 
Ол бізге Өзінің қандай екенін ашады. Ал Оның Өзі бізбен тығыз 
байланыста  болғанына,  және  Иса  Мәсіхті  жақыннан  тануға 
көмектескендігінен жанымыз рахат табады.
Менің  Құдайға  қызмет  еткеніме  отыз  жылдан  асқан  болса 
да,  осы  шындыққа  көзім  жетті:  Киелі  Рухпен  тығыз  қарым-
қатынаста тұрған адам, Исаны жақсы біледі. Сол себептен, біздер 
Киелі Рухтың басты мақсаты -Исаны бізге таныстырып, Оның 
қандай екенін ашып көрсету екен деген қорытындыға келдік.
КИЕЛІ РУХТЫҢ МІНЕЗІН ТҮСІНУ
Егер сіз біреумен тығыз қарым-қатынаста болғыңыз келсе, 
онда  сіздің  сол  адамның  мінезінің  қандай  екенін  түсінуге 
талпынуыңыз  қажет.Бізде  осы  түсінік  болатын  болса,  қарым-
қатынасымыздың  құнын  ерекше  қылып,  сырластығымызды 
терең дәрежеге апарады.

65
КИЕЛІ РУХТЫҢ МІНЕЗІ 
Мен өз ұлдарымның төртеуінің де барлығын бірдей қылып 
тәрбиелеуге  тырысқандықтан,  ұлдарым  мен  менің  арамызда 
түсінбеушіліктер көп болды. Неге менің тәрбиемнің нәтижесі 
болмады?  Өйткені,  әр  ұлымның  мінезі  әр  түрлі  екен.  Менің 
зайыбым  баламыздың  әрқайсының  мінезін  біліп  алып,  мені 
олардың  мінездерінің  жеке  айырмашылығын  ажырата  білуге 
үйретіп алды. Олардың әрқайсының жеке мінездерінің қандай 
екенін біліп, түсініп алғаннан кейін, біздің арамыздағы қарым-
қатынасымыз күшті, жаңа дәрежеге жетті. 
Мен өз жұбайыммен тығыз-қарым-қатыныста болғандықтан, 
оның  маған  өз  сезімін  қалай  білдіретінін  жақсы  білемін.  Біз 
отыз жылдан бері бірге тұрғандықтан, біздің сырластық қарым-
қатынасымыз  осындай  дәрежеге  жетті.  Ал  сырлас  қарым-
қатынас бұл бірге уақыт өткізудің нәтижесі. Егер Лиза маған көз 
тастаса, оның не ойлағаны туралы бірнеше бетке жаза аламын. 
Оның  маған  бір  сөз  айтпастан,  нені  білдіргісі  келетін  кездері 
туралы сізге айта алам. Егер сіз таңғы ас пісіріп, маған: «Джон, 
мен жұмыртқа, бекон және сұлу жармасын дайындап қойдым» 
десеңіз,  мен  сол  сәтте:  «Лиза  бекон  және  сұлу  жармасын 
ұнатпайды» деп жауап берер едім. Мен Лизадан сұрамай, оның 
беконмен сұлу жармасын жемейтінін жақсы білемін. Мен сізге 
жай, қарапайым мысал келтірдім, дегенмен, сіз менің не айтып 
отырғанымды  жақсы  түсінгеніңізге  сенемін.  Осы  сырластық 
қарым- қатынас бір күнде болмайды. Оған уақыт пен үздіксіз 
өзара  қатынасу  керек.  Менің  жұбайыма  ненің  ұнайтыны 
және  ненің  ұнамайтыны  жөнінде  өзімнен  басқа  ешкім  жақсы 
білмейді, сондай – ақ өзіме не ұнайтыны, ненің ұнамайтынын 
жұбайымнан  басқа  ешкім  жақсы  білу  мүмкін  де  емес.  Киелі 
Рухпен  де  солай.  Біз  Онымен  тығыз  қарым-қатынас  жасаған 
сайын, Онымен бірге уақыт өткізген сайын, Оның қандай екенін 
жақсы түсіне бастаймыз.

66
КИЕЛІ РУХ
Төртінші күн
ОНЫҢ ҚАСИЕТТЕРІН ТҮСІНІП БІЛУ
Жохан жазған Ізгі Хабарында 14 тараудан бастап 16 тарауға 
дейін Иса Киелі Рух туралы он тоғыз рет айтқан. Ол Киелі Рух 
туралы  жеке  тұлға  ретінде  сөйлейді.  Мен  жеке  тұлға  дегенде 
адам баласы екенін білдірмеймін. Адам баласы Құдайға рухани 
жағынан ұқсап жаратылғанын есімізде сақтайық. Адамның бар 
жақсы қасиеттері Құдайдың Өзінде бар, алайда Құдайдың бізге 
ұқсап жаратылмағандығын түсінуіміз керек. Сондай-ақ Оның, 
жеке тұлғаның кейбір қасиеттерін біздің ақыл-санамыз шектеулі 
болғандықтан  толық  түсіне  алмаймыз.Жаңа  ашылған  түсінік 
маған  Киелі  Рухқа  дұрыс  қарауға,  әрі  Онымен  байланысып, 
біріктіріп  әрекет  жасауға  көмектесті.  Киелі  Рух  туралы  грек 
тілінде оқығанда, Оның үшінші жақ есімдігі ретінде жазылады. 
Яғни  осы  есімдікте  бір  адам  туралы  айтылып,  ер  адамға 
да,  әйелге  де  қатысы  бар.Біздің  ағылшын  тілінде  осындай 
есімдігінің  түрі  жоқ.  Бізде  ол  дегенін  есімдігінің  аталық  пен 
аналық тегі бар, және не дегенін заттарға немесе малға қатысты 
айтылады. Әйел және ер адамды білдіретін үшінші жақ есімдігі 
жоқ.  Бірақ  грек  тілінде  үшінші  жақ  есімі  бар  және  Інжіл 
кітабында, бұл есімдігі Киелі Рухқа жатады. Бұл есімдігі жансыз 
затқа  емес,  жанды  тұлғаға  айтылады.  Көне  Өсиетте  үшінші 
жақ есімдігі де кездеседі. Еврей тілінде, әйел адамға жататын 
әрекеттері  Киелі  Рухтың  жасағаны  да  жиі  кездеседі.  Еврей 
халқы біреудің жасағанын әрекеттеріне сай суреттеп жазатын 
(олардың кім екендеріне емес, қайта, кім немесе не істегеніне 
қарап  суреттейтін).  Киелі  Кітапта  Киелі  Рухтың  аналық  тегі 
ретінде (әйелге ұқсап) еш жерде жазылмаған, бірақ оның кейбір 
жасайтын әрекеттері әйелге жататыны анық. Бұл өте күрделі, 
терең  ойландыратын  тақырыпты  әрі  қарай  талқылауға  уақыт 
жоқ. Бірақ, мен сізге нақты айтайын, өзім Киелі Рухтың әйел 
адам секілді еместігін ойлаймын. Тағы да сізге айтып кетейін, 
Киелі Рух әйел адам емес. Кейбір адамдар осындай оғаш пен 

67
КИЕЛІ РУХТЫҢ МІНЕЗІ 
түсініксіз доктринаны үйретеді. Киелі Рух Әйел Құдай емес!
Менің айтарым осы: Құдай бізге ұқсап жаратылмаған, қайта 
біз  Оған  ұқсап  жаратылғанбыз.  Бұл  тақырыпты  талқылап 
отырғанда,  осы  шындықты  түсіну  өте  маңызды.  Біз  Тауратта 
былай  оқимыз:  «Осылайша,  Құдай  адамды  рухани  жағынан 
Өзіне  ұқсас  әрі  бейнелес  етіп,  бірін  еркек,  бірін  әйел  қылып 
жаратты»  (Жар.  1:27).  Басқа  Киелі  Кітаптың  аудармасында 
«Құдай  адамды  немесе  адамзатты  жаратты»  деп  жазылған. 
Өзім, Құдай адамзатты жаратты деп сол аударманы ең жақсы 
деп ойлаймын. Енді, осы аятқа қарап, Құдайдың Өзіне ұқсас әрі 
бейленес етіп, бірін еркек, бірін әйел қылып жаратқанын білеміз. 
Ол  ерлер  мен  әйелдерді  де  Өзінің  бейнелес  қылып  жаратты 
ма деген сұрақ пайда болады. Осы жағдайда, «әйелдерге» тән 
қасиеттер  Құдайдан  келуге  тиіс  пе  еді?  Онда,  Киелі  Рухтың 
тұлғасының ерлер мен әйелдер жөніндегі біздің түсінігімізден 
асып түсуі мүмкін бе екен? Солай болуға тиісті, өйткені ерлер 
мен әйелдер Жаратқан Иеге бейнелес етіп жаратылу керек. 
Осы  кітапты  оқығаныңызда,  менің  Киелі  Рухқа  ер  адам 
ретінде сөйлегенімді байқаған шығарсыз. Киелі Рухтың кейбір 
қасиеттерінің  әйел  адамдарға  тән  болуын  көптеген  адамдар 
бір түрлі, өте қиын түсінеді. Онда мен не үшін осы тақырыпты 
жаздым? Менің жазғанымның себебі , сізге Киелі Рухтың қандай 
екенін  терең  түсінуге  және  Онымен  қарым  -қатынасыңызды 
арттыруға көмектесу.
ОЛ ЖҰМСАҚ ЖӘНЕ НӘЗІК
Осы  тақырыпты  бұдан  ары  қарай  жалғастырар  алдында, 
өзімнің  өмірбаяным  туралы  айтып  кетейін.  Менің  әкем  Екінші 
Әлем Соғысының ардагері болған. Ол қазір тоқсан үшке келген 
кісі, мен оны қатты сүйемін. Әкем мені өміріме қажеті пайдасы 
тиетін нәрселерді білуге үйретті. Бірақ, мені отбасын құрып, әйелге 
үйленуге дайындаған жоқ. Петір елші былай деді: «Сол себептен, 
күйеулер, әйелдеріңе ілтипат пен қамқорлық көрсетіп бірге өмір 


1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал