3. киелі рухпен қарым-қатынас жасаудың Үш деңгейі



жүктеу 0.64 Mb.

бет4/19
Дата22.05.2017
өлшемі0.64 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

45
КИЕЛІ  РУХ ДЕГЕН КІМ?
шаттыққа  толып,  рахатанып  өмір  сүріп  келе  жатырмын  ба?, 
егер  олай  болмаса,  не  себептен  болмағаны?»  деген  сұрағына 
назар аударып, ойланып, өзіңізге жауап беріңіз.
Содан кейін, Киелі Рухтан көмек сұрап, мен Онымен достық 
қатынас жасау үшін күн сайын, не істеу керектігін, Оның нені 
ашып бергенін жазып алыңыз:
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
Киелі Рухтың алдында тыныштықта отырып, Онымен шынайы 
достық қатынас жасау үшін, көмек сұраңыз. Оның Өз сүйіспеншілігі 
және  тыныштығымен  кенелугедұға  етіңіз.  Асықпай,  сөйлеп 
отырыңыз.  Оның  сізді  қатты  сүйетінін  түсініп,  тынышталыңыз. 
Киелі Рухтың сізге ашып бергенінің барлығын жазып алыңыз.
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
Сіз  өзіңіз  қандай  болсаңыз,  Киелі  Рухқа  сол  бетінше  келуге 
болатынын түсіне біліңіз. Ол сіздің түкпір-түкпіріңіздегініжәне 
көзге көрінетін өміріңіздің бәрін біледі. Егер сіз өзіңізді «өмірімде 
адасып  кеткен  адам  тәріздімін»  деп  сезініп  жүріп  жатқан 
болсаңыз, Киелі Рухтың сізді керек жолмен жетелейтініне сенім 
артыңыз. Оған кез келген уақытта келуіңізге болады. Киелі Рух 
сізден ешқашан шаршамайды. Ол сіздің ең жақын досыңыз!
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
Мінажат
Уа, Киелі Рух, Сен Өзің Кім екеніңді маған ашып берші. 
Өзім ешқашан түсінбеген, Өзіңнің Көмекші болып, 
қандай жоспарыңның бар екендігінен түсінік бере гөр. 
Сенің даусыңды естуге үйретіп, әрі шексіз құдіретіңмен 
толтыруға шек қоймауға көмектесе гөр. Өзім, отбасым 
және бүкіл қауым үшін Саған сиынамын. Иса Мәсіх 
атынан, Аумин.

46
ТАЛҚЫЛАУҒА БЕРІЛГЕН СҰРАҚТАР
Егер сіз «Мессенджер сериес» пен бірге осы кітапты 
оқып жатқан болсаңыз онда бірінші бейне сабақты 
көріп алыңыз
Киелі Рухпен тығыз байланыста тұрмай, біздің рухани 
өміріміз күшсіз, қурап қалған шөпке ұқсайтын болады. 
Ал  Киелі  Рухпен  тығыз  байланыста  болсақ,  біздің 
өміріміз қандай болады? Барлық Киелі Рухпен тығыз 
байланыстағы артықшылықтарын атап шығыңыз.
Иеміз –Рух, Иеміздің Рухы бар жерде азаттық бар. 
– Қор. 2 хат 3:17
Киелі Рух жансыз сиқырлы күш емес. Ол Құдайдың Өзі. 
Әке және Рухани Ұлымен теңдесі бар жеке тұлға. Оның 
бойында барлық Құдайдың қасиеттері бар. Адамдардың 
Киелі Рухтың кім екенін дұрыс түсінбегендігінен оның 
салдарының қандай болатынын атап шығыңыз. Ал егер 
сенуші адам Оның Құдай екенінтүсінетін болса, оның 
өмірінде қандай жемістері болады?
Алғашқы  сенушілердің  өмірлерінде  Киелі  Рухтың 
қатысқаны,  өте  керемет  болғаны  бізге  мәлім  болды. 
Бірақ қазіргі заманда сенушілердің өмірлерінде Киелі 
Рухтың  жұмысының  шамалы  екені  көрініп  тұрады. 
Қазіргі мәсіхшілердің Құдайдың Рухының жетелеуімен 
жүрмей, Оның құдіретіне бөлене алмайтын себептері 
қандай?
Иса  Мәсіх  қазір  қайда?  Ол  сіздің  өміріңізден  орын 
алған  ба?  Сіз  Құдайдың  өміріңізден  орын  алуының  
құпиясы және де құтқарылуыңызды қалай түсінесіз?
1 I
2 I
3 I
4 I

47
КИЕЛІ  РУХ ДЕГЕН КІМ?
Сабақ  жетектейтін  адамдар  үшін:  өз  тобыңызға  осы 
аяттарды келтіріңіз: Марқа 16:19; Елш.іс. 1:9-11, 7:55-56; 
Рим. 8:34; Евр. 10:12-13 бірінші сұрақтарға және Рим. 8:9-
10; Қор. 1 хат. 3:16, 6:19; Жохан 1 хат 3:24
«Иса былай деп жауап берді: -Кім Мені сүйсе, сол айтқан 
сөздерімді берік ұстанады, әрі Әкем оны сүйеді. Біз сондай 
адамдарға келіп, өмірлеріңнен орын аламыз».  
– Жохан 14:23
Құдай  біреу-ақ.  Алайда  Оның  Өзі  үш  тұлғасы  бар-Әке, 
Ұлы, Киелі Рух. Осы үш тұлғаның Құдайдың еркін жүзеге 
асыру үшін қандай әрекет жасайтынын сипаттап беріңіз.
Сабақ  жетектейтін  адамдарға:  Қор.1  хат  12:5-7  және  де  әлемді  жарату  туралы 
аяттарға  қараңыз:  Жарат.баст.1  тарау,  сонымен  бірге  Исаның  сөздерін  оқыңыз 
Жохан 5:17, 19-20.
Құдай Әкенің Рухы=Мәсіхтің Рухы=Киелі Рух
Иса  Киелі  Рух  біздің  көмекшіміз  «параклетос»  деді.  Яғни 
Киелі  Рух  бізбен  бірге  әрқашан  болуға,  Құдаймен  қарым-
қатынас жасауға көмектесуге, бізді жетелеуге және керектінің 
барлығын үйрету үшін, жерге келген. Осы түсінік Құдаймен 
қатынас  жасау  үшін,сізге  қандай  жігер  береді?  Құдаймен 
қарым-қатынасты дамыту үшін, тағы да не істейтін боласыз?
Сіз Киелі Рухтың бұрын ешқашан білмеген қасиеттерінің 
енді  қайсысын  біліп  алдыңыз?  Оның  Кім  екенін  терең 
түсіну үшін сізге не нәрсе терең ашылды?
5 I
6 I
7 I

48
КИЕЛІ РУХ
ЕСТЕЛІК ЖАЗБАЛАР
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________

2
КИЕЛІ РУХТЫҢ МІНЕЗІ 
Лайым Иеміз Иса Мәсіхтің рақымы, Құдайдың 
сүйіспеншілігі және Киелі Рухпен тығыз қарым-
қатынастарың бәрінде бола берсін!
– Қор. 2 хат 13:13
Бірінші күн 
Б
асқа адаммен қарым-қатынаста тұру үшін, біздер ең 
алдымен  оның  қандай  адам  екенін  түсінуіміз  керек. 
Осы  адамның  арманы,  оған  ненің  ұнайтынын,  не 
нәрсенің ұнамайтынын білетін болсақ, онда бізге сол адаммен 
тығыз  қарым-қатынас  жасау  жеңілдеу  болады.  Киелі  Рухпен 
де солай. Егер біз Онымен тығыз байланыста тұратын болсақ, 
онда Оның Өзі қандай екенін білуіміз керек.
Бірінші  тарауда  түсінуге  қиын  болатын  Исаның  айтқан 
сөздерін  қарап  алдық:  «Сендерге  өте  маңызды  шындықты 
айтамын:  Менің  кететінімнің  сендер  үшін  жақсы,  егер  Мен 
кетпесем,  сендерге  Қамқоршыларың  (Құдай  Рухы)  келмейді; 
ал  Мен  барған  соң  Оны  сендерге  жіберемін»  (Жохан  16:7).  
Басқа  жерде  Иса  былай  деді:  «Астарлы  әңгімелерді  айтамын, 
әлем  жаратылғаннан  бері  бар  құпияларды  ашамын»  (Мат. 
13:35).  Иса  Мәсіх  дүние  жүзіндегі  ең  жақсы  ұстаз  болып, 
әлем  жаратылғаннан  бері  бар  құпияларды  ашқан.  Алайда, 
Иса  шәкірттеріне  Өзінен  басқа  ең  жақсы  көмекші  болатыны, 
яғни Киелі Рух туралы шындыққа сенерліктей дәлел келтіріп 
берді. Бұл шындық тек Исаның шәкірттеріне ғана емес, бүкіл 
келешекте сенуші болатын ұрпақтарына да қатысты. Не деген 
керемет! Сіз оған қалай қарайсыз? Мен өзім Киелі Рухты одан 

50
КИЕЛІ РУХ
да жақыннан танып білгім келеді.
Пауылдың айтқан сөздеріне қарайық: 
Лайым  Иеміз  Иса  Мәсіхтің  рақымы,  Құдайдың 
сүйіспеншілігі және Киелі Рухпен қарым-қатынастарың 
бәрінде бола берсін!
–Қор. 2 хат 13:13
Пауыл  елші  осы  аятта  Құдайдың  үш  тұлғасының  жұмысы 
туралы  айтады.  Осы  аят  «Мәсіхтің  рақымынан»  басталады. 
Біз сенуші болып, Құдайдың бізге Өз әділдігін сыйға бергенін 
ешқашан  ұмытпауымыз  керек.  Тек  Иса  Мәсіхтің  құрбандығы 
мен  Оның  рақымының  арқасында  біз  Киелі  Рухпен  қарым-
қатынаста  тұра  аламыз.  Біз  Оның  рақымына  игі  істер  жасау 
арқылы  ие  бола  алмаймыз.  Бұл  Мәсіхтің  біздің  өмірімізді 
рухани  нығайтатын,  кешірім  беретін  және  Оның  құдіретіне 
бөленетін сый екен.
Пауыл  елші  өз  сөзін  жалғастырып:  «Құдайдың 
сүйіспеншілігі»  дейді.  Менің  төрт  ұлым  бар,  оларды  қатты 
жақсы көремін. Менің жанымда тек солардың біреуі ғана болса, 
біртүрлі болады. Мен барлық төрт ұлымның қасымда болғанын 
қалаймын. Егер менде жалғыз бір ұл ғана болып, оның жаны 
жауларым  үшін  құрбандыққа  келтіруім  керек  болса,  бұл 
масқара, ақылға сыймайтын іс болады ғой! Дегенмен біз Құдайға 
мойынсұнбай жауласып жүрген кезімізде, Ол Өз рухани Ұлын 
аямай біз үшін құрбандыққа берді (Рим 5:10). Не деген шексіз 
сүйіспеншілік!  Құдайдың  сізді  қатты  сүйгеніне  қуанасыз  ба? 
Кезінде сіз Оған қас болған едіңіз, ал енді Оның рухани баласы 
болдыңыз. Сол себептен, Құдай Өз сүйіспенішілігін молынан 
төкті. Ол сізді Өзінің сүйікті баласы ретінде қатты сүйеді. 
Мен өз балаларымды қатты жақсы көремін, бірақ Құдайдың 
шексіз сүйіспеншілігі менің сүйіспеншілігіммен ешбір теңдесе 
алмайды.  Киелі  Кітап  бізге  былай  дейді:  «Мен  мынаған  нық 
сенемін: өлім де, өмір де, періштелер де, жын-перілер де, бүгінгі 

51
КИЕЛІ РУХТЫҢ МІНЕЗІ 
күн де, болашақ та, табиғаттан тыс күштер де, бізді Құдайдың 
сүйіспеншілігінен  айыра  алмайды!  Рас,  не  үстіміздегі,  не 
астымыздағы  ешқандай  күш  те,  тіпті  жаратылыстан  басқа 
ешбір  нәрсесі  де,  бізді  Құдайдың  Иеміз  Иса  Мәсіх  арқылы 
көрсетіп  жүрген  сүйіспеншілігінен  айыра  алмайды!»  (Рим. 
8:38-39).  Қандай  керемет  уәде  екен!  Сіз  өзіңізді  Құдайдың 
сүйіспенішілігінен  еш  нәрсе  айырылта  алмайтынына  қуана 
аласыз  ба?  Енді,  осы  аяттың  соңғы  сөздеріне  қарайық.  Бұл 
хат қорынттықтарға арналған ең соңғы хат болғанын есімізде 
сақтайық. Осы хатта ерекше даналық пен рухани түсініктер бар. 
Пауыл Құдайдың Рухының жетелеуінде болып, өз адамдарына 
бұл хатының аяғында не демекші болды? «Киелі Рухпен қарым-
қатынастарың бәрінде бола берсін!» қарым-қатынас деген сөзге 
назар  аударайық.  Ол  не  деген  сөз?  Егер  біз  тұпнұсқа  сөзіне, 
яғни Грек тіліндегі айтылуына қарасақ «қарым-қатынас» деген 
сөз «койнония» деп айтылады. Оның мағынасы өте көп екен: 
байланыста болу, тілдесу, қарым-қатынаста болу, сырласу, бірге 
болу, бірге жүру, әріптестік жасау. Басқа сөзбен айтқанда осы 
сөздің үш негізгі мағынасы бар:
•  Тығыз байланыста болу
•  Әріптес болу
•  Сырластықта болу қарым-қатынасы
ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС БҰЛ ТЫҒЫЗ БАЙЛАНЫСТА 
БОЛЫП ЖҮРУ ДЕГЕНДІ БІЛДІРЕДІ.
Менің  ағылшын  тіліндегі  сөздігімде  қарым-қатынас  деген 
сөз:  достық  қатынас,  әріптестік,  бірге  бөлісуді  білдіреді. 
Мен  гольф  ойынын  ойнауды  жақсы  көргенімді  бағана  айтып 
кеттім.  Гольф  ойнағанда,  жалғыз  өзім  емес,  достарыммен 
бірге ойнаймын. Біз ойнап тұрғанда, бір-бірімізбен сөйлесеміз, 
әңгіме айтамыз. Достарыңмен бірге болу, бұл ең жақсы уақыт. 
Өйткені ешнәрсе кедергі жасамайды. Мен мектепте оқығанда, 

52
КИЕЛІ РУХ
үстел теннисін де ойнауды жақсы көретінімнін, бірақ ойнаған 
кезде  бірге  ойнайтын  адаммен  сөйлесе  алмайтынмын.  Менің 
гольф  ойнауды  жақсы  көретінімнің  себебі,  адамдармен  бірге 
уақыт өткізіп, әңгімелесіп жүргенім. Достық қарым-қатынасты 
дамыту үшін гольф алаңынан басқа жерді таба алмадым. Гольф 
алаңында  менің  достық  қатынасым  «нығайып  келеді».  Енді 
сіз, менің өз жұбайыммен гольф ойнауды неге жақсы көретімді 
түсінген  шығарсыз?  Өйткені  дүние  жүзінде  тығыз  қарым-
қатынас жасау үшін, жұбайымнан басқа керемет адам жоқ.
Дәл  сол  сияқты,  менің  Мессенджер  Интернейшеналдың 
тобының  достар  мен  қызметтестерім  бар.  Біз  алдымызға 
мақсаттар қою, жоспар құру, қиындықтарды шешу үшін бірге 
жиі жиналамыз. Мен олардың тәжірибесіне, әрі қабілеттеріне 
сеніп,  оларға  әр  түрлі  жұмыстарды  орындауды  тапсырамын. 
Егер  олар  менің  жанымда  болмаса,  мен  ешқашан  жеткен 
мақсатыма  жете  алмайтын  едім.  Біз  бірге  болып,  әріптестік 
жасауға  шақырылған  адамбыз,  егер  арамызда  достық  қарым-
қатынас болмаса, онда Мессенджер Интернейшеналдың оқыту, 
сабақ  беру,  адамдарды  Құдай  Патшалығына  әкелу  мақсаты 
жүзеге аспас еді.
Пауыл елшінің Киелі Кітапта Киелі Рухқа сүйеніп, Онымен 
тығыз  байланыста  болғанына  көзіміз  жетіп  отыр.  Елшілердің 
істерінде біз былай оқимыз: «Қазір Киелі Рухтың жетелеуімен 
Иерусалимге бара жатырмын, онда неге душар болатынымды 
білмеймін.  Тек  әрбір  қалада  Киелі  Рух  мені  түрме  мен 
азаптардың  күтіп  тұрғанын  білдіреді»  (Елш.20:22-23).  Пауыл 
Киелі  Рухпен  сөйлесіп,  оны  не  күтіп  тұрғанын  білді.  Киелі 
Рух  оны  түрме  мен  азаптардың  тек,  бір  қалада  ғана  күтіп 
тұрмағандығын  білдіргеніне  назар  аударыңыз.  Пауыл  Киелі 
Рухпен  барлық  кезде  тығыз  байланыста  болғандықтан,  оның 
әрбір қалада азапқа түсетінін білді.
Мен  сіз  туралы  ештеңені  білмеймін,  ал  өзіме  келсек,  егер 
менің  жақын  досым  маған:  «Қай  жерге  барсаң,  сені  азап  пен 
түрме күтіп отыр» дей берсе, онда өзім оған біртүрлі қарап, көп 

53
КИЕЛІ РУХТЫҢ МІНЕЗІ 
сұрақтар  қоятын  едім.  Мен  оған:  «Сен  өз  ойыңды  өзгерткен 
жоқсың  ба?»  немесе  «ал  болатын  азапты  кішкене  өзгертуге 
бола  ма?»  немесе  «азап  шегудің  орнына  сәл  ғана  ыңғайсыз 
жағдайдан өтсем бола ма?» деп айтушы едім. 
Киелі  Рух  Пауылдың  қандай  азапқа  түсетініне  қуанышты 
болған  жоқ  деп  ойлаймын.  Қайта  Пауыл  елші  Киелі  Рухпен 
байланыста  болғандықтан,  Ол  Пауылды  азаппен  кездесуге 
дайындауға көмектесті. 
Менде  Киелі  Рухтың  айтқанын  естігім  келмейтін  кездер 
болды.  Киелі  Рухтан  сұрап,  Одан  құлағыма  жағатын  жауап 
күтіп отырдым, бірақ Ол маған, бағанағы айтқандарын қайталап 
айтатын.  Егер  біз  Киелі  Рухтың  айтқанына  мойынсұнбай 
жүрсек, онда Ол бізге сөйлемейді. Киелі Рухтың айтатыны сол: 
«Мен саған не істеу керектігін таяуда анық айттым, енді өзің 
шешім  қабылдайсың».  Киелі  Рухпен  қарым-қатынаста  тұру, 
бұл Одан құлағымызға жақпайтын сөздерді естумен бірдей.
Елшілердің  істерінің  10-шы  тарауында,  Петір  елші  Киелі 
Рухтан  өзіне  түсінбейтін  аян  алады.  Құдай  Петірге  басқа  ұлт 
адамдарын құтқару үшін, өз жоспарын ашып береді. 19 аятта: 
«Петір  көрген  аяны  туралы  әлі  ойланып  тұрғанда,  Киелі  Рух 
оған:  «Қарашы,  сені  үш  кісі  іздеп  келді»  деп  жазылған.  Осы 
үш  кісі  Петірге  келіп,  оны  Корнел  деген  есімді  жүзбасының 
үйіне ертіп бармақшы болды. Петір яһуди бола тұра, басқа ұлт 
адамының үйіне ешқашан кірмейтін еді. Сондықтан, Киелі Рух 
Петірге: «Мен сенің осы үш кісімен бірге барғаныңды қалаймын, 
өйткені сол жерде бір жұмыс бар» деп анық айтты. Киелі Рух 
Петірдің олармен бірге барғысы келмейтінін білгендіктен, оған 
әрі қарай түсіндірмей, әшейін ғана баруға бұйрық етті.
Басқа  тарауда  біз  Киелі  Рухтың  айтқан  сөздерін  көреміз. 
«Бір  күні  Жаратқан  Иенің  періштесі  Філіпке:  «жиналып, 
оңтүстікке қарай Иерусалимнен Ғазаға елсіз жолға шық!» деп 
тапсырды  (Елш.8:26).  Бұл  аятта  Құдайдың  періштесі  Філіпке 
тапсырма бергенін көреміз. Бұл жерде «періште оған келді» деп 
айтылмаған, қайта «Жаратқан Иенің періштесі оған тапсырма 

54
КИЕЛІ РУХ
берді, яғни сөйледі» деп жазылған. Мен  сізге осыны не үшін 
айтамын? Філіп періштесінің дауысы мен Киелі Рухтың дауысын 
ажырата білетін. Өйткені 29 аятта былай айтылған: «Киелі Рух 
Філіпке:  «Күймеге  жақындап,  қатарласып  жүр!»  -деді»  Філіп 
Киелі Рухтың дауысын жақсы танитын, ол періштесінің дауысы 
мен Құдай Рухының дауысын жақсы ажырата білетін.
Мен өз жұбайымның дауысын жақсы танимын. Егер де мен оны 
көрмесем де, бірақ оның сөйлегенін естісем, жұбайымның дауысын 
бірден танимын. Біз екеуміз адамдарға толы екі басқа бөлмелерде 
болсақ  та,  Лизаның  сөйлеген  дауысын  мыңдаған  адамдардың 
дауысынан ажырата білемін. Дәл сол сияқты алғашқы сенушілер 
Киелі Рухтың дауысын өте жақсы танитын. Мен Філіптің өзінің 
оқиғасы туралы Лұқаға айтып бергенін көзіме елестетіп отырмын. 
Філіп  оған  былай  айтқан  шығар:  «Жоқ,  бауырым,  мен  қалада 
болғанда Киелі Рух емес, Құдайдың періштесі маған сөйледі. Ал 
«күймеге  жақындап,  қатарласып  жүр»  дегені  Киелі  Рухтың  Өзі 
болған. Біз Құдайдың Рухының дауысын сонша жақсы білеміз бе? 
Бізге Киелі Рухпен тығыз қарым-қатынаста болу қажет емес пе? 
Філіп  шөл  далада  болғанда,  Киелі  Рух  оған  күймеге 
жақындауды бұйырды. Неге Філіптің Киелі Рухтың айтқанын 
орындауы  өте  маңызды  болған?  Ефиопиялық  уәзірі  өз  елінде 
беделі зор үшінші басқарушы болған. Әлгі адамның әсері күшті 
болғандықтан,  Ефиопия  еліне  Құдайдың  Ізгі  Хабары  жетті. 
Егер Філіп, Киелі Рухтың жетелеуіне сезімтал болмаса, онда ол 
Ізгі Хабар жеткізуге мүмкіндікті жібермейтін еді.
Елшілер  туралы  кітабын  әрі  қарай  оқысақ,  біз  тағы  Киелі 
Рухтың Тимоте, Пауыл және Силаның жетелегенін көреміз.
Киелі  Рух  Пауылға  және  оның  жолдастарына  Азия 
аймағында  уағыздауға  тыйым  салғандықтан,  олар 
Фрүгия және Ғалатия аймақтарын аралай жүрді. Олар 
Мүзияға жеткеннен кейін, Бітүнияға кіруге ұмтылды, 
бірақ Иса жіберген Киелі Рух оларға рұқсат бермеді.
–Елш.16:6-7

55
КИЕЛІ РУХТЫҢ МІНЕЗІ 
Киелі  Рухтың  оларға  тыйым  салғанына  және  рұқсат 
бермегеніне ерекше зейін қойыңыз. 
Сіз  енді  алғашқы  сенушілер  мен  Киелі  Рухтың  арасында 
ерекше қарым-қатынастың болғанын байқадыңыз ба? Бүгін де 
осылай болу керек емес пе? Біз Киелі Рухпен тығыз байланыста 
болмайынша, Оның колдауынсыз, Құдайға басқаша қызмет етіп, 
жемісті  бола  аламыз  ба?  Алғашқы  қауымның  жетекшілерінің 
жаңа  технологиясының  болмағандығынан,  қарапайым  түрде, 
қарапайым тәсілмен қызмет етуге мәжбүр болған деп көпшілігі 
ойлайтын шығар. Олар Құдайға қызмет көрсету кезінде, жаңа 
технологияның  пайдаланбағандығына  қарамастан,олардың 
жасағаны көпшіліктің таңданысын тудырды. Ешқандай қазіргі 
технология не болмаса заманауи тәсілдер, Киелі Рухтың дауысын 
алмастыра  алмайды.  Қауым  жетекшілері  өз  өмірлеріне  және 
қызметіне Киелі Рухты шақырып, Оған жол беріп, зор құрмет 
көрсететін. Бүгін де солай болуы керек. Киелі Рух бізбен тығыз 
байланыста болғысы келіп, қызметімізге қатысуды қалайды.
Сіз  менің  Лизамен  күні  бойы  бірге  болып,  бір  бөлмеде 
отырып, бірақ бір-бірімізге бір сөз де айтпағандығымызды қалай 
ойлайсыз?  Бұл  бір  түрлі  болады  ғой!  Бір-бірімен  сөйлеспей, 
бірін-бірі білмей, қалай екі жас қосылып, отау құра алады? Мен 
Лизаны қатты сүйемін де, онымен бірге әрқашан болғым келеді. 
Оның дауысы маған қатты ұнайды. Біздің үйленгенімізге отыз 
жылдан  асқан.  Егер  менің  жолдасым  күйеуге  шықпаған  қыз 
болатын  болса  (маған  тұрмысқа  шыққанына  Құдайға  алғыс 
айтамын) онда мен оны бір көргенімнен алып қашар едім. Бүкіл 
дүние жүзінде Лизадан басқа ең сұлу әйел жоқ деуге болады. 
Мен  өмір  бойы  тек  сонымен  бірге  болғым  келеді.  Дәл  сол 
сияқты, Киелі Рух та сізбен бірге болғысы келеді.
Мен сапарға шығып, қонақ үйлерде тұрып жатқанда ешқашан 
ішім пыспайды. Құдаймен әр минут сайын болғанда, қалайша 
ішім пысады? Ол менімен бірге қонақ үйдің бөлмесінде болады. 
Онымен  әрқашан  қарым-қатынас  жасаймын.  Сол  себептен, 
сапарластарыммен бірге сирек боламын,өйткені Киелі Рухпен 

56
КИЕЛІ РУХ
бірге  уақыт  өткізгім  келеді.  Мен  Оның  өзіме  сөйлегенін 
естігенді жақсы көремін. Сіз мені дұрыс түсінуіңізді қалаймын. 
Мен адамдармен бірге болуды ұнатамын. Мен жұрттан безген 
адам емеспін. Адамдарды жақсы көремін, алайда Киелі Рухпен 
оңаша болып уақыт өткізуді одан бетер қатты жақсы көремін.
Екінші күн
ҚАРЫМ- ҚАТЫНАС ЖАСАУ БҰЛ ӘРІПТЕС 
БОЛУДЫ БІЛДІРЕДІ
Ағылшын тіліндегі койнония деген сөз әріптес болу дегенді 
білдіреді.  Әріптестіктің  мысалын  Лұқа  жазған  Ізгі  Хабар 
кітабынан  көреміз:  «Ауларын  салғанда,  олар  өте  көп  балық 
ұстады. Балықтың көптігінен аулары жыртыла бастады. Содан 
олар  екінші  қайықтағы  жолдастарын  (әріптестерін  –ағылшын 
тіліндегі  Киелі  Кітапта)  кол  бұлғап  көмекке  шақырды.  Олар 
келгеннен  кейін  бәрі  бірігіп  екі  қайықты  балыққа  толтырды. 
Тіпті қайықтары суға бата бастады» (Лұқа 5:6-7).
Әріптес деген сөз грекше метохоз болады (бұл койнонияның 
мәндес сөзі). Оның мағынасы: әріптес, бірге жұмыс атқаратын 
адам, жолдас дегенді білдіреді. Осы балықшылардың бизнестегі 
әріптестері болған. Бұл мәтінді оқығанда, әріптестік деген бірге 
болу, бірге қатынас жасау, бірге жұмыс істеу екендігін түсінеміз. 
Балықшылар өз жолдастарын көмекке шақыру үшін қол бұлғап 
еді, көмекшілері қайықпен жүзіп келді де, көмек берді.
Ал  енді,  ең  керемет  әріптестік  туралы  айтылған  аятқа 
қарайық. Пауыл елші былай деп жазады: «сонымен біз Құдаймен 
бірге  еңбектенушіміз»  (Қор.  1  хат  3:9).  Бұл  керемет  емес  пе? 
Маған  Вэймуттың  жазған  Киелі  Кітаптың  аудармасы  көбірек 
ұнайды «Біз Құдай үшін, әрі Онымен бірге жұмыс істеп, Оның 
әріптестеріміз»  Бізге  көк  пен  жерді  жаратқан  Құдай  үшін  әрі 
Онымен бірге еңбек ету үшін керемет мүмкіндік берілген. Басқа 
сөзбен айтқанда, біз Құдаймен бірге әріптестік жұмыс жасауға 


1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал