3. киелі рухпен қарым-қатынас жасаудың Үш деңгейі



жүктеу 0.64 Mb.

бет3/19
Дата22.05.2017
өлшемі0.64 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Бесінші күн
БІЗДІҢ ӨМІРІМІЗДІҢ ЖАН-СЕРІГІ
Иса  Жохан  жазған  ізгі  хабардың  14:16 
аятында 
«Көмекші, 
Жәрдем беруші» деген сөзді қолданады. Грек тілінде «Көмекші», 
яғни  «Параклетос»  деп  айтылады.  Жохан  елші  өз  хатында 
Иса  туралы  «Параклетос»  деп  жазады:  «Балаларым  менің....
Әкенің  алдында  әділ  Қорғаушымыз  бар,  Сол  Қорғаушымыз-
Иса Мәсіх» (Жохан 1 хат 2:1). 
Екеуі де Иса Мәсіх және Киелі 

31
КИЕЛІ  РУХ ДЕГЕН КІМ?
Рух  -  Көмекші  (Параклетос)  болып  табылады.  Грек  тілінде 
осы  сөздің  мағынасы  қандай  екен?  Бұл  сөздің  «сот  алдында 
қорғаушы болып, біреу үшін өтініш жасаушы» деген мағынасы 
бар.  Және  екінші  мағынасы:  «жеке  ақыл  кеңес  беруші,  ұстаз 
немесе өмір бойы болатын бапкер (тренер)» болады.
Параклетос  деген  сөз  екі  сөзден  құралады.  «Пара»  және 
«калео» сөз бар. Пара деген сөз «өте жақын, жан досым». Пауыл 
елші Тімоте туралы жазғанда осы сөзді қолданды. Пауылдың 
Тіметеден басқа, ешқандай жақын досы болмады (Фил. 2:20). 
Менің жұбайым Лиза маған 
тең адам
 яғни (пара) ең жақын, жан 
досым болады. Лизадан басқа ешкім де маған жақын дос бола 
алмайды. Егер біздің қарым –қатынасымыздың қандай екенін 
сипаттау  қажет  болса,  онда  мен  мүдірмей  осы  сөзді  қолдана 
алар едім.
Екінші  сөз  «калео»  яғни  «шақырылған,  тағайындалған» 
мағынаны  білдіреді.  Пауыл  елші  өзіннің  қызметі  туралы 
айтқанда осы сөзді жиі қолданатын.Мысалы,Пауыл елші «Мен 
басқа  ұлттарға  Ізгі  Хабарды  уағыздауға  тағайындалғанмын» 
дегенде,  грекше  «калео»  деген  сөз  қолданды.  «Шақырылған 
немесе тағайындалған» деген сөз, «тағдыр және әрекет»деген 
түсінікті білдіреді.
Осы  екі  сөзді  бірге  қосқанда,  Исаның  айтқан  сөзін  терең 
түсінеміз.  Негізі,  Исаның  айтатыны:  Киелі  Рухтың  басты 
мақсаты-бізді  жетелеп,  керектігін  үйретіп,  ақыл-кеңес  беріп, 
бізбен  бірге  өмір  бойы  болу.  Бұл  Оның  басты  қызметі,  бізге 
әрдайым көмектесу, бізбен бірге өмір бойы жүру. Ол ешқашан 
шаршамайды.  Иса  Киелі  Рух  жүрегімізден  орын  алады  деп 
айтқан (Жохан 14:16). Ол бізді ешқашан тастамайды да, жалғыз 
қалдырмайды  да.  Не  деген  керемет  уәде!  Киелі  Рух  Исаның 
жұмысын  жалғастырып,  біздің  өмірімізг
е  қатысатындығына 
Құдай уәде берді.
Мен адамдардан: «Қап! Егер мен Исаның қасында жүрсем, 
Оған  көп  сұрақ  коя  алар  едім»  деген  осындай  сөздерді  жиі 
естимін.  Неге  барлық  сұрақтарды  Киелі  Рухқа  қоймасқа? 

32
КИЕЛІ РУХ
Киелі  Рухқа  дұрыс  көз-қараспен  қарау  өте  маңызды.  Егер  біз 
Оған сене алмай, Киелі Рухтың 
Өзіне 
жансыз табиғат ретінде 
қарайтын болсақ, онда Оның бізді жетелеп, керектіні үйретуіне 
жол бере алмаймыз. Ол жансыз табиғат емес, Ол тірі Құдай!
Ал  егер  біз  Оған,  Құдайдың  Сөзі  Ол  туралы  айтқандай 
сенетін  болсақ,  онда  біз  Оны  құрметтеп,  Оның  бәрі  білетін 
және шексіз құдіретінің бар екенін, бізді жетелеп, көмектесіп, 
үйреткісі келетінін түсінеміз. Оның Өзі бізбен
 сөйлесіп, қарым-
қатынаста тұруды қатты қалайды.
Өкінішке  орай,  көптеген  қауымдарда  адамдар  Киелі  Рухқа 
немқұрайды қарайды. Оған құрмет көрсетпей, не Оны есімізге 
түсірмей, қанша рет бірге жиналатынбыз?
Біз күннің барысында, Онымен қатынаста тұрмай, Оған бір 
сөз де айтпай, өз бетімізбен жүріп кеткен күндердің саны жоқ 
екен. Ал Киелі Рух бізбен жақын 
қарым-қатынаста тұрып, көкке 
барғанымызша, бізбен бірге болуүшін 
шақырылған.
ИСАНЫҢ ТҮСІНІКСІЗ СӨЙЛЕГЕН СӨЗДЕРІ
Иса түсінуі өте қиын сөздерді өз шәкірттеріне айтқан: «Мен 
сендерге өте маңызды шындықты айтайын» (Жохан 16:7). 
Осы  аятты  әрі  қарай  оқымастан  бұрын,  сізге  бір  мысалды 
суреттеп  келтірейін.  Иса  Өз  шәкірттеріне  сөз  сөйледі.  Осы 
шәкірттерімен  бірге  жүргеніне  үш  жыл  болды.  Ол  не  айтса, 
соның барлығы да орындалатын. Ол желге: «тына қал, басыл» 
деген  кезде  жел  басылды.  Шәкірттеріне:  «ешкім  мінбеген 
тайқар  есекті  көресіңдер.  Соны  шешіп  алып,  әкеліңдер»  деп 
айтқанда,  олар  барып  тайқар  есекті  көріп,  соны  шешіп  алып, 
Исаға  әкелді.  Шәкірттердің  арасында  Оған  кімнің  опасыздық 
жасайтыны  ешкімге  мәлім  болмағанда,  Иса  алдын-ала 
опасыздың кім болатынын білді. Інжір ағашына қурап қалсын 
деп бұйырғанда, сол ағаш қурап қалды. Иса не айтса да, бәрі 
орындалатын. Дегенмен, Иса өз шәкірттеріне айтқан сөздерінің 

33
КИЕЛІ  РУХ ДЕГЕН КІМ?
түсіну  қиын  болатынын  білді.  Осы  сөздер  шәкірттерінің 
ақылына сыймайтын қандай сөздер болды екен?
Иса  Өз  сөзін  жалғастырып:  «Сендерге  өте  маңызды 
шындықты айтамын: Менің кететінім сендер үшін жақсы, егер 
Мен  кетпесем,  сендерге  Қамқоршыларың  (яғни  Параклетос) 
келмейді;  ал  Мен  барған  соң  Оны  сендерге  жіберемін»  деді 
(Жохан 16:7). 
Өзіңізді  шәкірттердің  орнына  қойып  көріңіз.  Сіздің 
жетекшіңіз, Құдайдың Ұлы бола тұра, сізге «Менің кететінімнің 
өзіңіз  үшін  жақсы  болады»  дейтіні  қалай?  Маған  осындай 
сөздерді есту бір түрлі болады. Егер Ол Өзі Құдай болса, онда 
сізбен бірге қалғаны дұрыс емес пе еді? Шәкірттері тура осылай 
ойлап қалған деп ойлаймын. Сол себептен, Иса оларға «сендерге 
маңызды шындықты айтамын» деп айтып бекітуі керек еді.
Онда,  неге  Исаның  кетуінің  Өз  шәкірттеріне  және  бүкіл 
Оған сенетін барлығына да, сізге де, маған да жақсы болады? 
Мынаны  ойланып  көріңізші.  Егер  Иса  кетпеген  болса,  онда 
Киелі  Рух  ешқашан  келіп,  бізбен  бірге  болмайтын  еді.  Егер 
өзіме Исадан бір нәрсе керек болса, онда Оны тауып алу үшін 
маған алыс жерге баруым керек еді. Мен Америкадан ұшақпен 
ұшып,  Тель  Авив  қаласының  әуежайына  қонып,  таксиге 
мініп, Ғалилеяға баруым керек еді. Содан соң, бір қонақ үйде 
тоқтап,  жататын  орын  табуым  керек  еді.  Білмейтін  болсаңыз, 
осы аймақтағы барлық қонақ үйлерде бос орын табу өте қиын. 
Сонда ғана, менің Исаны тауып алуым мүмкін. Әрине, егер мен 
жалғыз болсам онда қиын болмайтын еді. Бірақ, қанша миллион 
адамдардың Исамен сөйлескісі келетіні жөнінде ойланайықшы. 
Оны  тауып  алғаннан  кейін,  Өзімен  сөйлесу  үшін,  маған 
дүние жүзінде ешқашан болмаған ұзақ кезекке тұру керек еді. 
Неге десеңіз, өйткені барлық адамдар Оған барып, Одан көмек 
сұрайтын  еді.  Артымда  сансыз  көп  адамдар  тұрғандықтан, 
Исамен сөйлесуге шамалы алпыс секундтай уақыт болатын еді. 
Сондықтан  маған  дайындалып,Оған  айтатынымды  қысқаша 
айту  керек  еді
.
Адам  болғандықтан,  Исаның  тамақ  ішіп, 

34
КИЕЛІ РУХ
демалуы  керектігін  есіңізден  шығармағаныңыз  жөн  болады.
Сондықтан Исаның бір күнде адамдарды қабылдауға небәрі он 
төрт сағат қана мүмкіндігі болатын еді. Егер, күнде әр адамды 
қабылдау үшін Исаның алпыс минут уақыты болса, онда Ол әр 
күнде  840  адамды  қабылдайтын  еді.  Ал  бір  миллион  адамды 
қабылдау  үшін  Оған  1190  күн  немесе  үш  жарым  жылдан 
аса  уақыт  керек  болатын  еді.  Сонымен  қоса,  мен  келгеннен 
кейін  қатты  ауырған,  көп  тоса  алмайтын,  зор  мұқтажы  бар 
адамдарды алдымда өткізуім керек болатыны есіңізде болсын. 
Қорытындылай  келгенде,  менде  Исамен  кездесіп,  сөйлесуге 
ешқандай мүмкіндік болмайтын еді!
Бірақ,  Құдайға  шүкір,  бізде  қазір  Киелі  Рух  бар!  Ол  әр 
уақытта  әркезде  бізді  қабылдауға  дайын.  Оған  демалып, 
тамақтанудың қажеті жоқ. Ол бір уақытта сансыз көп әр түрлі 
адамдармен  сөйлесе  алады  екен.Біздер  ой-пікірімізді  өзгерту 
үшін, Құдайдың Сөзіне жәнеКиелі Рухтың жұмыс істеуіне жол 
беретін болсақ, онда Исаның Өзінің бізден кететінінің жақсы 
болатыны жөнінде айтқан сөздерін терең түсіне бастаймыз.
Киелі  Рухтың  Иса  іспетті  әрекет  жасайтынын  есімізде 
сақтайық.  Ол  Исадай  бізге  керектіні  үйретеді,  Исаның 
жасағанындай  Құдайдың  кереметтерін  жасайды.  Ол  әрқашан 
бізбен  бірге  болады.  Сіз  Киелі  Рухтың  қандай  екенін  түсіне 
бастадыңыз ба? Мен өзім қазір осы кітапты жазып отырғанда, 
Киелі  Рухтың  сөйлейтініне  шеқ  қойып,  Оған  менің  өмірімді 
өзгертуіне  жол  бермегенімді  түсіндім.  Ол  біздің  жетелеуші, 
кеңесші, қорғаушы әрі ұстазымыз. Оның өмірімізге қатысуына 
жол берейік.
Келесі  тарауда,  біз  Киелі  Рухпен  қалай  тығыз  қарым-
қатынаста тұра аламыз деген сауалды тереңірек талқылаймыз.

35
ТӘЖІРИБЕЛІК ТАПСЫРМАЛАР 
БІРІНШІ КҮН
 
ҚҰДАЙДЫҢ РУХЫН ТАНЫП БІЛУ
Мен Көктегі Әкемнің сендермен мәңгі бірге болатын 
Қамқоршыны (Кеңесші, Көмекші, Қорғаушы, құдірет 
сыйлайтын) жіберуін өтінемін.
–Жохан 14:16-17
Киелі Рух керемет Құдай. Құтқарулыдан кейін, Киелі Рухпен 
қарым-қатынаста тұру ең ғажайып нәрсе. Киелі Рух деген кім? Бір 
тәжірибелі, көп қызмет ететін А.В. Тозер атты бағушы Киелі Рух 
туралы былай деп жазады:
«Киелі Рух жай эмоционалдық күш, емес Ол жеке тұлға 
болып  табылады.Осы  шындықты  есіңізде  сақтаңыз; 
Киелі Рух жансыз табиғат емес, қайта Ол мінез-құлқы, 
қасиеттері бар жеке тұлға екен.Оның адамда  болатындай, 
ой ниеті, сезімі, еркі, білімі, жанашырлығы және сүюге, 
естуге, көруге және ойлануға да қабілеті бар».
Сіз әрі қарай оқымастан бұрын, Киелі Рухты кім дейсіз? Осы 
тарауды оқып болған соң, сізге Киелі Рух туралы не ашылды?
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
Киелі  Рухтың  қалай  аталатыны  (27-28  шы  бетін  қараңыз) 
туралы  тағы  оқып  шығып,ойланыңыз.  Оның  аталған  есімдері 
сізге қандай мағынаны ашып береді?
________________________________________________________

36
КИЕЛІ РУХ
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
Киелі  Рухпен  тығыз  қарым-қатынаста  тұру  үшін,  Оның 
Құдай Әке және Рухани Ұлымен тепе-теңдікте тұрғанын білу 
өте маңызды. Тозер бағушы жалғастырып:
«...Киелі  Рух  Ұлымен  және  Әкемен  де  біртұтас, 
сонымен бірге Киелі Рух Оның қауымын басқаруда. 
Киелі  Рух  кімге  ұқсайды  екен?  Ол  Иса  Мәсіхке 
ұқсайды.  Егер  сіз  Інжілді  оқысаңыз,  сіз  Исаның 
қандай  екенін  көресіз,  Киелі  Рух  Исамен  біртұтас, 
Исаның Өзі Құдай және Киелі Рухтың Өзі де Құдай.
Әке  Исамен  біртұтас,  біз  Әкеге  қарағанда,  Исаның 
қандай  екенін  түсінеміз.  Ал  Исаға  қарағанда,  Киелі 
Рухтың қандай екенін де біле бастаймыз.»-деді.
Сіз Киелі Рухқа басқаша, жаңа көзқараспен қарай бастадыңыз 
ба? Сізге Киелі Рухпен терең қарым-қатынасты жетілдіру үшін, 
Ол туралы ашылған жаңа түсініктер қалай әсер етті?
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
Әр қарай оқу үшін, мына қосымша аяттарға 
қараңыз: 
Жохан 12:44-45; Қор. 2 хат 4:4; Қол 1:15-19; Евр.1:3

37
ТӘЖІРИБЕЛІК ТАПСЫРМАЛАР 
ЕКІНШІ КҮН
КИЕЛІ РУХ ЖАНСЫЗ ТАБИҒАТ 
ЕМЕС, ҚҰДАЙДЫҢ ӨЗІ
Иеміз және Рух біртұтас...
– Қор. 2 хат 3:17
Сіз Құдайдың баласы болғандықтан, Құдай сізге ең керемет 
сыйлық берді, бұл Киелі Рухтың Өзі. (Ғал. 4:6 қараңыз) Оның 
Рухы жансыз, сиқыршы бүкіл дүниеде ұшып жүретін күш емес. 
Оның Рухы - Құдайдың Өзі. Бұл шынайы айтылған сөз.
19  ғасырда  қызмет  еткен  мәсіхші,  200  астам  кітап  жазған, 
Эндрю  Мюррей  деген  жазушы  Киелі  Рух  туралы  былай  деп 
айтқан: «Құдай Әке мен Рухани Ұлымен біртұтас»және «Киелі 
Рух  Құдайдың  ұлылығын  бізге  толық  түсінік  жеткізетін  тұлға 
болып табылады» және де ол жалғастырып: 
«Киелі Рухтың арқасында барлық Тауратта Құдайдың 
берген  уәделері  және  Исаның  бізге  көрсеткен 
рақымы мен Оның кереметтері енді біздің өмірімізде 
жүзеге  асқан.  Құдайдың  Рухының  арқасында 
барлық  Құдайдың  айтқандары,  Оның  рақымы 
және  құтқарылуы  Оған  сенген  адамның  өмірінде 
орындалатынын түсінеміз».
Сіз түсіндіңіз бе? Барлық Құдайдың уәделері Киелі Рухтың 
арқасында  енді  біздің  меншігіміз  болады.  Бұл  бір  адамның 
ойынан  шыққан  емес,  Құдайдың  Сөзінде  жазылған  шындық. 
Төмендегі аяттарға зейін қойып, оқып ойланыңыз:
«Иеміз Иса Мәсіхтің Әкесі - Құдай мадақталсын(даңқ 
пен  құрмет)!  Ол  бізді  әр  қилы  рухани  игіліктерді 
сыйлады». 
– (Еф. 1:3)

38
КИЕЛІ РУХ
«Құдай бізді құдіретті күшімен және Оны жақыннан 
танып  білуіміз  арқылы  Өзіне  ұнамды  жаңа  өмір 
сүруімізге  қажеттінің  бәрімен  қамтамасыз  етті.Ол 
бізді Өзінің ұлы да ізгілікті болмысы арқылы меншікті 
халқы болуға шақырды».
– (Петір 2 хат 1:3)
Не деген керемет шақыру!!!
«Алайда  Киелі  Жазбаларда  алдын  ала  жазылғандай,  көз 
көріп,  құлақ  естімеген,  адам  ойына  келмеген  игіліктерді 
Құдай  Өзін  сүйетіндерге  дайындап  қойған.  Бұны  Құдай 
біздерге Өзінің Киелі Рухы арқылы анық білдірді». 
– (Қор. 1 хат 2:9-10)
Осы аяттар арқылы Киелі Рух сізге нені ашты?
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
Cіз  Киелі  Рухтың  қандай  екенін  қате  түсінгендіктен,  Оған 
өз өміріңізге қатысып, әсер етуіңізге жол бермей жүріп келдіңіз 
бе?  Ойланып,  мінажат  етіңіз.  Сіз  қай  жерінде  түсінуде  кеткен 
қателіктерді Киелі Рухтың өзіңізге көрсетуін сұраңыз да, ашып 
бергенін жазып алыңыз.
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
Әрі қарай оқу үшін, мына қосымша аяттарға 
қараңыз:
Қор.1 хат 12:4-11; Ғал. 5:5; Cал.2 хат 2:13

39
ТӘЖІРИБЕЛІК ТАПСЫРМАЛАР
ҮШІНШІ КҮН
ОЛ- ӨМІР СЫЙЛАЙТЫН РУХ
Себебі Иса Мәсіхпен тығыз байланыстырып, жаңа өмір 
сыйлаған Киелі Рух мені күнәлі құмарлық пен рухани 
өлімнің күштерінен азат етті.
– Рим. 8:2
Киелі Рух өмір сыйлатын Рух! Не деген керемет есімі! Бұл 
туралы ойланып көріңіз. Өмір деген бар болғаны. Бұл барлық 
өмірдің  салаларына  қатысты;  денсаулық,  күш-қуат,  өсіп-өніп 
көбею және тағы басқа салалар. Киелі Рухтың Өзінде ешқандай 
ауру  -сырқау,  шаршап-шалдығу,  уайым,  абыржу,  не  болмаса 
өлімнің иісі де жоқ.
Әлем  жаратылған  кезде  Киелі  Рух  барлық  тірі  жандарға, 
демі барлардың бәріне детіршілік пен өмір берген. Бүкіл дүние 
жүзінде  қызмет  еткен,  Лестер  Самралл  деген  Ізгі  Хабарды 
жариялаушы:
«Киелі  Рух  туралы  ең  бірінші  жазылғанын  Киелі 
Кітаптың  бірінші  кітабында  яғни  Жаратылыстың 
басталуында  1  тарауда  2  аяттан  көреміз.  Осы  аятта 
Киелі  Рухтың  істеген  жұмысының  көрсетілгені  өте 
маңызды....  Киелі  Рухтың  ретсіздіктен,  жоқтан  бар 
қылатын,  бүкіл  көзге  көрінетін  әлемді  әдемі  қылып 
жаратып,  ретке  келтірген  деген  түсінікке  келеміз. 
Жер ретсіз, тіршіліксіз бос жатты. Құдай бүкіл әлемді 
жаратуды  жоспарлады,  ал  Киелі  Рух  Құдайдың 
жоспарын орындады. Киелі Рух су бетінде қалықтап 
ұшып жүріп,бүкіл әлемді (аспан, ғарыш, жұлдыздар 
т.б.с  құбылыстарды)  жоқтан,  ретсіздіктен  жаратты». 
-деп жазған

40
КИЕЛІ РУХ
Сіздің  өміріңіздің  қай  салаларында  ретсіздік  немесе 
тәртіпсіздік орын алған? Өміріңіздің қай саласында Киелі Рухтың 
жұмыс  істеп,  бәрін  ретке  келтіргенін  қалайсыз?  Одан  мінажат 
етіп,  сұраңыз.  Оған  толық  бағышталып,  мінажат  етіп,  өзіңізге 
көмектесуін сұраңыз. Киелі Рухтың әлемді жаратып, бәрін ретке 
келтіргеніндей, өз өміріңізді де ретке келтіруін сұраңыз.
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
Філіп.4:6-8; Петір 1 хат. 5:7; Забур 36:4-6  аяттарға қараңыз.
Cіз  күнделікті  жұмыстан  шаршап-шалдығып  жүрсіз  бе? 
Өмір  сыйлайтын  Рух  сізге  жаңа  күш-қуат  бергісі  келеді.  Сіз 
Киелі  Рухпен  сөйлесіп,  Оған  уақыт  арнап,  қарым-қатынас 
жасаған сайын, оның беретін жаңа күшіне ие боласыз. Мына 
ерекше аяттарға назар аударып,ойланыңыз: 
«Сен  мынаны  естіп,  білмеуші  ме  едің:  Мәңгілік 
Құдай-сенің  Жаратқан  Иең,  шексіз  зор  даналығы 
Өзінің, Ол жаратты жердің түкпір-түкпірін! Ешқашан 
Құдай шаршап шалдықпайды, қалжырағанға Ол қуат 
сыйлайды. Қажып шаршағанға қуат табыстайды».
– Ишая 40:28-29
«Өлімнен Иса Мәсіх қайта тірілткен Құдайдың Киелі 
Рухы  өмірлеріңнен  орын  алды.Сондықтан  Құдай 
бойларыңда  тұратын  Өзінің  Киелі  Рухы  арқылы 
сендердің  денелеріңді  де  өлімнен  тірілтіп  алатын 
болады».
– Рим.8:11
«Себебі  маған  күш-қуат  беретін  Мәсіхпен  бірге 
болсам, бәріне де төзе аламын».
– Філіп.4:13

41
КИЕЛІ  РУХ ДЕГЕН КІМ?
Осы аяттар арқылы Киелі Рух сізге нені ашып берді? Киелі 
Рух  сізге  Исаның  осы  жерде  жүріп,  Құдайдың  құдіретіне 
бөленіп қызмет еткендей, өмір сыйлайтын Рух сізге күш -қуат 
берсін деп мінажат етіп, жазыңыз:
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
Әрі қарай оқу үшін мына аяттарға қараңыз:
Жарат.баст.1:2; Нехемия 9:6; Ишая 40:12-15; Забур 8:3-9; 
Забур 103:24-30; Әйүп 33:4

42
ТӘЖІРИБЕЛІК ТАПСЫРМАЛАР 
ТӨРТІНШІ КҮН
БІЗ КИЕЛІ РУХҚА СҮЙЕНІП, ОҒАН 
ТОЛЫҚ БАҒЫШТАЛУЫМЫЗ КЕРЕК
Күш қуатпен емес, билік күшімен де емес, тек Менің 
Рухымен ғана табысқа жетесің.
 – Захария 4:6
Иса  Мәсіх  Құдайдың  рухани  Ұлы  болса  да,  Киелі  Рухқа 
сүйеніп  жүретін.  Ол  Киелі  Рухтың  арқасында  дүниеге  келген 
және  өлімнен  тірілген.  Бәрі  Киелі  Рухтың  жұмысы  болған. 
Киелі Жазба былай дейді:
Ол Киелі Рухтан туған - Матай 1:20; Лұқа 1:31-35
Ол Киелі Рухтың жетелеуімен жүрген - Матай 4:1; Лұқа 4:1
Ол  Киелі  Рухтың  құдіретіне  кенелген  -  Лұқа  4:14,  18-19; 
Жохан 3:34
Ол Киелі Рухтың даусын естіп, Оған мойынсұнып жүрген 
Жохан 5:19-20,30; Жохан 14:10
«Иса оларға былай деп жауап берді: Сендерге өте 
маңызды шындықты айтамын:Әкесінің істегенін 
көрмесе, Оның рухани Ұлы өздігінен ештеңе істей 
алмайды. Өйткені Әкесінің жасап жатқанын Ол да 
дәл солай жасайды. Әкесі Оны сүйеді,сондықтан Өзі 
істегенінің бәрін Оған көрсетеді... Мен өздігімнен 
ештеңе істей алмаймын. Әкемнен естігенім бойынша 
соттаймын. Менің сотым әділ, өйткені өз еркімді емес, 
Мені жіберген Әкемнің еркін орындаймын».
– Жохан 5:19-29, 30
Исаның Киелі Рухқа сүйеніп, мойынсұнғанын мұқият оқып, 

43
КИЕЛІ  РУХ ДЕГЕН КІМ?
зер  салып,  ойланыңыз.  Киелі  Рух  Исаның  Онымен  қандай 
қатынас  жасағаны  туралы  нені  ашып  берді?  Исаның  үлгісіне 
қарап, осындай қатынас жасауға сізде қандайтүрткі қалау пайда 
болды ?
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
Елш. 5:32; Рим 8:16, Ғал. 4:6; Жохан 1 хат 3:24 және де Жохан 1 хат 4:13 оқыңыз.  
Сіз Киелі Рухпен қатынасымыз туралы осы екі қайталанып 
отыратын түсінікке қарап не дей аласыз?
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
Ғалатия аймағында алғашқы сенушілердің Киелі Рухқа өте 
мұқтаж  екендігін  ұмытып  кеткендей,  біз  кейбір  кезде  Киелі 
Рухпен қатынас жасауды ұмытып кетеміз. 
Ғал.  3:2-9  cонымен  қатар,  Лұқа  11:13  аяттарды  мұқият 
оқыңыз.  Киелі  Рухтың  сізге  әрқашан  көмектескісі  келетіні 
туралы  не  түсіндіңіз.  Осы  түсінгеніңізді  өміріңізде  қалай 
орындай аласыз?
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________

44
ТӘЖІРИБЕЛІК ТАПСЫРМАЛАР 
БЕСІНШІ КҮН
ОЛ СІЗДІҢ МӘҢГІ ДОСЫҢЫЗ!
Мен көктегі Әкемнен сендермен мәңгі бірге болатын 
Қамқоршыны жіберуін өтінемін, Ол- шындықты 
білдіретін Киелі Рух.
– Жохан 14:16-17
Киелі  Рух  сіздің  ең  жақын  Досыңыз  болғысы  келеді.  Ол 
әрқашан қасыңызда болып, жиырма төрт сағат бойы көмекші 
болғысы  келеді.  Киелі  Кітап  бізге  былай  дейді:  «Өмірімізден 
орын  алған  Құдайдың  Рухы  басқаларды  қызғаныштан  көре 
алмайды» (Жақып 4:5).
Киелі Рухпен достық қатынас жасау баға жетпес нәрсе екен. 
Киелі  Рухтың  өмірімізден  орын  алғандықтан,  біздің  рухани 
шөлімізді қандырып, жанымызды үздіксіз қанағаттандыратыны 
рас. Иса Мәсіх Киелі Рух туралы: «Ал кімде-кім Мен беретін 
«судан» ішсе, ол мәңгі бақи шөлдемейтін болады.Мен беретін 
«су» оның ішінде мәңгілік өмір сыйлайтын, бұрқылдап жатқан 
«қайнарға» айналады» деді (Жохан 4:14).
Р.А.  Торрей  атты  Ізгі  Хабар  жариялаушы  және  де  дін 
мұғалімі,осы аятты талқылап былай деді: «Су-бұл Киелі Рухтың 
Өзі  білдіреді.  Осы  дүниедегі  сіздің  жаныңызды  ешқашан 
қанағаттандыра  алмайды.  Бұл  жай  ішетін  су  секілді:  «мына 
судан ішкен адам тағы да шөлдейді» Тек Киелі Рух кез келген 
адамның шөлін қандырып, бақытты қыла алады. Киелі Рухтан 
суды ішкен адам, ешқашан шөлдемейтін болады.
Егер  сіз  Киелі  Рухқа  толық  берілсеңіз,  онда  Оның  мәңгі 
бұрқылдап жатқан «қайнарынан» шөліңізді қанып, жаныңыз рахат 
табады. Сіз ешқашан шөлдемейтін боласыз. Киелі Рухтың көптеген 
адамдарды  үлкен  шаттыққа  әрі  айтып  жеткізе  алмайтын  рахатқа 
толтырғаны не деген керемет!!! Сізде осындай қайнар бұлақ бар ма? 
Ол бұрқылдап жатыр ма? Ол сізге шынайы өмірді берді ме?».
Торрейдің:  «сізде  осындай  қайнар  бұлағы  бар  ма?,  үлкен 


1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал