3. киелі рухпен қарым-қатынас жасаудың Үш деңгейі



жүктеу 0.64 Mb.

бет2/19
Дата22.05.2017
өлшемі0.64 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

18
КИЕЛІ РУХ
тығыз қарым-қатынаста болу үшін, Оған қарсы тұрамыз.
Киелі  Рухтың  Өзінің  жеке  тұлға  екенін  білдіретін  Киелі 
Жазбаның аяттарына назар аударайық:
•  Киелі Рухтың ой-ниеті бар. (Рим. 8:27 аятқа қараңыз)
•  Киелі  Рухтың  еркі-қалауы  бар.  (Қор.  1  хат  12:17  аятқа 
қараңыз)
•  Киелі  Рухтың  сүйіспеншілік  пен  қуаныш  яғни,  жан-
сезімі бар. (Рим. 15:30 және Гал. 5:22 аятқа қараңыз)
•  Киелі Рух жұбаныш береді. (Елш. 9:31 аятқа қараңыз)
•  Киелі Рух адамдарға анық сөйлейді. (Евр. 3:7; Тим.1 хат 
4:1 аятқа қараңыз)
•  Киелі Рух бізді рухани шындыққа үйретеді. (Қор.1 хат 
2:13 аятқа қараңыз)
•  Біз  Оны  ренжітіп  алуымыз  мүмкін.  (Еф.  4:30  аятқа 
қараңыз)
•  Адамдар Оны қорлауы мүмкін. (Евр. 10:29 аятқа қараңыз)
•  Адамдар  Оған  қарсы  тұруы  мүмкін.  (Елш.  7:51  аятқа 
қараңыз)
•  Адамдар Оған өтірік айтуы мүмкін. (Елш. 5:1-11 аяттарға 
қараңыз)
Егер Оның қасиеттері Киелі Жазбада анық көрініп тұратын 
болса, неге біз Оның қандай екенін түсінбейді екенбіз деп сұрақ 
туындайды.
КӨГЕРШІН 
Көптеген адамдар Киелі Рух туралы ойлағанда, олардың ойына 
көгершіннің бейнесі болып келеді. Неге көгершін бейнесі бірден 
ойына келеді? Киелі Рух көгершін болып жерге түскен бе? Әрине, 
олай емес. Барлық жазылған Ізгі Хабардың төрт кітаптарында, 
Құдайдың Рухы Исаның үстінде қонғанын оқимыз (Матай 3:16, 
Марқа 1:10; Лұқа 3:22; Жохан 1:32 аяттарға қараңыз).

19
КИЕЛІ  РУХ ДЕГЕН КІМ?
Біз мысалы, «анау қыз жел сияқты ұшып жүгіріп жатады» 
немесе  «ол  жігіт  бұқадай  мықты»  деп  астарлап  айтпаймыз 
ба? Егер өз ұлым туралы «бұқадай мықты» деп айтсам, оның 
шынымен  «төрт  аяқты  малға»  теңеп  айтуға  бола  ма?  Әрине 
болмайды  ғой.  Дәл  солай,егер  Киелі  Рух  жерге  көгершін 
бейнесінде  түскен  болса,  біз  Киелі  Рухтың  Өзінің  көгершін 
болып түскенін айта алмаймыз.
Біреу менімен: «Джон, бірақ, Киелі Рух Құдайдың тағының 
алдында жалындап жанып тұрған от іспетті болып айтылмаған 
ба?»  (Аян  4:5)  деп  келіспеуі  мүмкін.  Иә,  олай  деуге  болады, 
бірақ  тағы  бір  аятқа  қарауыңызды  қалаймын:  «Мен  қарасам, 
тақтың  ортасында,  айнала  тұрған  төрт  нөкер  мен  ақсақал 
қоршаған  «Тоқтыны»  көрдім»  (Аян  5:9).  Бұл  Жохан  елшінің 
Исаның сипаттамасы. Сіз және мен Исаның төрт аяғы бар мал 
еместігін  жақсы  түсінеміз  ғой!!!  Дәл  солай,  «Киелі  Рухтың 
Құдайдың тағының алдында жалынып тұрған от» еместігін де 
түсінейік.
ОНДА, КИЕЛІ РУХ ДЕГЕН КІМ?
Киелі  Кітап  бізге  Киелі  Рухтың  үшінші  тұлға  болып 
табылғанын  анық  растайды.  Жаратылыстың  басталуында 
1:26  аятта:  «Құдай  енді:  Біз  (рухани  жағынан)  Өзімізге 
ұқсас  әрі  бейнелеп  етіп  адамды  жаратайық»  деп  жазылған. 
Құдайдың«жаратайық»  деген  сөзіне  назар  аударыңыз.  Ол 
«жаратайын» деп айтпаған. Құдай Өзіне-Өзі Әке, Ұлы, Киелі 
Рух  деп  қарайтын.  Сол  үш  тұлға,  бір-ақ  Құдайдың  Өзі  бүкіл 
әлемді жаратқан.
Тағы  басқа  Құдай  Әке,Ұлы,  Киелі  Рухтың  бірігіп,  әрекет 
жасағынын аятқа қарайық:
Құдайдың  Өзінің,  Киелі  Рухы  мен  құдіретін 
назареттік  Исаға  дарытты.  Ол  игі  істер  жасап, 
шайтанның  құрсауындағы  адамдарды  азат  етіп 

20
КИЕЛІ РУХ
сауықтырып, ел аралап жүрді, өйткені Құдай Оған 
жар болды. (Елш. 10:38)
Осы  аятта,  Құдайдың  Исаға  Киелі  Рухты  дарытқанын 
көреміз,  яғни  үшеу  біріктіріп  бір  мақсатты  көздеп  әрекет 
жасағанын түсінеміз.
Тағы бір мысалға қарайық:
Иса шомылдыру рәсімінен өткеннен кейін дереу судан 
шықты.  Сол  сәтте  көк  ашылып,  «Бұл  -Менің  сүйікті 
рухани Ұлым, Оған толықтай ризамын!» деген дауыс 
естілді. (Матай 3:16-17)
Бұл  мәтінде,  тағы  бір  рет  үш  тұлғаның  Құдайының  бір 
болатынын  көреміз.  Біріншіден,  Иса  Жақия  пайғамбардың 
су  рәсімінен  өтіп,  Құдайдың  Рухы  Оған  қонғанын  және  де 
Құдай  Әкенің  көктен:  «Бұл  Менің  сүйікті  рухани  Ұлым»  деп 
жариялағанын  көреміз.  Міне,  үш  тұлға  бір  мақсат  үшін  бірге 
әрекет жасайды екен.
Сізге  осы  маңызды  шындықты  жеткізу  үшін  қарапайым 
мысалды келтірейін. Судың үш түрі бар. Судың не сұйықтың, не 
мұздатылған
, немесе газдық 
күйіндегі түріболып кетуі 
ауаның 
температурасына  байланысты  болады.  Судың  құрамының 
молекулалық  құрылымы  бар.  Оның  ешқашан  өзгермейтіні 
бізге  анық  белгілі.  Бірақ  судың  түрі  ауаның  температурасына 
қарай өзгереді. Дәл солай, Құдайдың «құрамы» яғни табиғаты 
ешқашан  өзгермейді.  Біз  Құдайдың  рухани  Ұлын  көргенде, 
Құдай Әкені көргеніміз, сонымен бірге Киелі Рух бізге Исаны 
таныстыру  үшін  дүниеге  жіберілген  деген  түсінікке  келеміз.
(Жохан 17:21; Еф. 1:17-18). Құдайдың бір мақсаты бар, алайда 
Ол  Өзін  бізге  үш  тұлға  арқылы  көрсетеді.  Киелі  Кітап  үш 
тұлғаның  әрқайсының  Өздерінің  жұмысы  бар  екенін  нақты 
айтады.  Сонымен,  біз  мынадай  қорытындыға  келеміз:  үш 
тұлғада бір-ақ Құдай бар! Бір Құдайға ғана табынып келеміз. 
Заңды қайталаудың 6:4  аятында «Тыңда, Исраил: Құдайымыз 

21
КИЕЛІ  РУХ ДЕГЕН КІМ?
Жаратқан Ие-жалғыз Құдай!!!» деп жазылған. Жақыптың 2:19 
аятында  «Сен  жалғыз  Құдай  бар  екеніне  сенесің  бе?  Мұның 
дұрыс...» деп жазылған. Мен жазған кітаптың негізгі шындығы 
осы, Өзін бізге үш тұлғада көрсететін бір ғана Құдай бар.
Үшінші күн 
БІРІНШІ ТҰЛҒА
Негізі,  Киелі  Кітапта,  ең  бірінші  тұлға,  Киелі  Рух  болып 
табылады.  Жаратылыстың  басталуының  бірінші  тарауының, 
бірінші  аятында  келесі  сөздер  бар:  «Әуел  баста  Құдай  аспан 
мен жерді жаратты». Әрі қарай 2 аятқа қарайық: «Жер ретсіз, 
тіршіліксіз бос жатты; суға толы тұңғиықтың үстін қара түнек 
жауып тұрды. Ал Құдайдың Рухы су бетінде қалықтап ұшып 
жүрді»  Киелі  Рух  бізге  осы  аятта  көрсетілген  алғашқы  тұлға 
болды. Ол Құдайдың ең алғашқы тұлғасы болып, Киелі Рух деп 
аталған.
Сіздің  менімен:  «Жоқ,  Джон,  бірінші  аятта  «Әуел  баста 
Құдай аспан мен жерді жаратқаны жөнінде жазылған емес пе?» 
деп  келіспеуіңіз  мүмкін.  Егерде,  бірінші  аятта,  Құдай  туралы 
жазылған болса, қалайша сіз Киелі Рух туралы ең бірінші тұлға 
болып табылғанын айтасыз? Бұл өте жақсы сұрақ екен. Алайда, 
Құдайдың:  «Біз  Өзімізге  ұқсас 
әрі  бейнелес  етіп
  адамды 
жаратайық» айтқанын есіңізде болсын. Бірінші аятта «Құдай» 
деп жазылған 
кезде, жалғыз бір Құдайдың Өзін білдіреді. Ал 
екінші аятта Құдайдың үшінші жеке тұлға екені туралы нақты 
айтылады. Сондықтан, өз жұмысын атқарған ең алғашқы тұлға 
Киелі Рух деп аталған. Екінші аятта: «Ал Құдайдың Рухы (яғни 
Киелі Рух) су бетінде қалықтап ұшып жүрді» деп жазылған.
Тағы, ең маңызды сұрақ қояйық: Киелі Рух деген Кім? Мен 
сізге бүкіл дүние жүзінде, Киелі Рухтың Өзі ең керемет, күшті, 
сезімтал,  нәзік,  құдіреті  шексіз  жеке  тұлға  екенін  нақты  айта 

22
КИЕЛІ РУХ
аламын. Ал сіз «шынымен, бүкіл дүние жүзінде Сол ғана ма?» 
деп  күмән  келтіруіңіз  мүмкін.  Иә,  бұл  шындық,  бүкіл  дүние 
жүзінде, Одан басқа ешкімді таба алмайсыз. Құдай Әкенің жерде 
емес, көкте тұрғанын түсінуіміз керек. Оның рухани Ұлы Иса 
Мәсіх  көкке  көтеріліп,  Құдай  Әкенің  оң  жағында  отырғанын 
да түсінейік. Мен:«Иса менің жүрегімде» дегенді жиі естимін. 
Бірақ, Киелі Жазба Исаның көкке көтеріліп, Әкенің оң жағында 
отырғанын бізге нақты айтады (Марқа 16:19).
Елшілердің істерінде 1:9-11 аяттарда:
«Иса  осылай  деді  де,  олардың  көзінше  жоғары 
көтеріліп  кетіп,  бір  бұлт  Оны  көзінен  таса  қылды. 
Олар аспанға қарағанда, қарап тұрған кезде, кенеттен 
ақ киімді екі жігіт қастарында пайда болды да, оларға 
тіл қатып: «Уа, ғалилеялықтар! Неменеге бұл жерде 
аспанға қарап тұрсыңдар? Құдай қабылдаған Иса көз 
алдарыңнан  көкке  қалай  кетсе,  тура  солай  қайтып 
келеді» деп осы шындық деп жазылған.
Негізінде,  осы  екі  жігіт  періштелер  болған.  Олар  Исаның 
шәкірттеріне  Оның  қалай  көкке  кетсе,  тура  солай  қайтып 
келетінін  хабарлады.  Басқа  сөзбен  айтқанда,  Иса  бұлттардың 
үстінде  болған  кейіпінде  ғана  жерге  қайтып  келеді.  Иса 
бұлттардың  үстінде  болған  кейіпінде  ғана  жерге  түсті  ме? 
Әрине, әлі түскен жоқ. Онда Исаның Құдайдың оң жағында әлі 
отырғаны айдан анық.
Степанды  таспен  атқылып,  өлтіргенде  не  болғанын 
қарайық.  Елш.  7:55-56  аяттарға  назар  аударайық:  «Ал  Киелі 
Рухқа  кенелген  Степан  көкке  қадала  қарап,Құдайдың  нұрлы 
салтанатын  және  Исаның  Оның  оң  жағында  тұрғанын  көрді. 
Содан  ол,  міне,  ғажап,  көктің  ашылғанын  және  көктен  келіп, 
сонда  қайта  оралған  Билеушінің  Құдайдың  оң  жағындағы 
құрметті  орнында  тұрғанын  көріп  тұрмын!»-деп  дауыстап 
жіберді.  Исаның  салтанатты  ұлылықпен  көкте  тұрғанын 
елестетіп  көрейік.  Осы  аяттарды  оқығанда,  тағы  да  Исаның 

23
КИЕЛІ  РУХ ДЕГЕН КІМ?
көкте Құдайдың оң жағында тұрғанын түсінеміз.
Мәселе,  Исаның  екі  мың  жылдан  артық  бойы  Әкенің 
данқында орналасуында болып отыр. Оның 
жерде емес екендігі 
де
 бізге түсінікті болды. Біздер, Иса біздің жүрегімізден орын 
алған деп айтқанды жақсы көреміз, бірақ, шындығына келетін 
болсақ, біздің жүрегімізден орын алған Иса Мәсіхтің Рухы өмір 
сүреді . Киелі Рух деген кезде, Оны Құдай Әкенің Рухы немесе 
Иса  Мәсіхтің  Рухы  деуге  де  болады.  Сізге  бірнеше  мысал 
келтірейін.
Філіп  1:9  аят  Пауыл  бізге:  «Өйткені  сендер  сиынып,  Иса 
Мәсіхтің Киелі Рухы көмек көрсеткендіктен, осы жағдайымның 
жақсылықпен  аяқталатынын  білемін»  деп  жазады.  Иса  Киелі 
Рухтың жерге келуі үшін, Өзінің кетуі керектігін нақты айтқан. 
Пауыл  елші  Исаның  Өзі  емес,  Киелі  Рухтың  ғана  осы  жерде 
болып, арамызда әрекет жасайтынын айтады. Өйткені Иса қазір 
жерде емес, Көктегі Әкенің қасында отыр.
Мат.  10:20  аятта  Иса  бізге:  «Осылай  өздерің  емес,  сендер 
арқылы көктегі Әкелеріңнің Киелі Рухы сөйлейтін болады» деп 
айтады. Иса Өзінің шәкірттеріне Ізгі Хабарға бола қуғын-cүргін 
кездері туатынын айтады. Бірақ, Әкенің Рухы оларды жетелеп, 
не айту керектігін түсіндіреді.
Мен,  қазір,  өзімнің  ақылды  болып  немесе  өмірімнің 
тәжірибесі  көп  болғандықтан  осы  кітапты  жазып  отырған 
жоқпын.  Құдай  Әкемнің  Рухы  мен  арқылы  сізді  шындыққа 
үйретіп жатыр. 
Қаншама адамдарды өз күшімен тәлім үйретуге 
тырысқаныммен,  дұрыстап  үйретіп,  жеткізе  алмадым.
  Тек 
қана Құдайдың рақымының және Оның құдіретінің арқасында 
мен  қазір 
қандай  болсам,  сондай  болдым.
Ол  мені  басыма 
қиыншылық  түскен  күндері  де,  сәтті  күндерінде  де  ешқашан 
тастап кеткен жоқ. Мен өз күшіме сүйенбей, әлсіреп, рақымын 
жеткізетін Киелі Рухқа (Евр. 10:29) мойынсұнған кезде, Ол мені 
мықты қылады.

24
КИЕЛІ РУХ
ОСЫ ҮШЕУІ ӘРЕКЕТТІ ҚАЛАЙ ЖАСАЙДЫ?
Үшбірлік  Құдайының  қалай  жұмыс  істейтінін  біздің 
шектеулі ақыл ойымызбен түсіну өте қиын.
Қор. 1 хат 12:5-7 аяттар бізге Үшеуінің біртұтас Құдай болып 
әрекет жасағанын шамалап ашып береді: 
Түрлі  қызметтер  де  бар,  ал  біздің  қызмет  ететін  бір 
Тәңір  Иеміз  Біреу.  Әрекеттер  де  алуан  түрлі,  бірақ 
олар  арқылы  сендердің  барлығыңда  әрекет  ететін 
Құдай біреу. Ол Өз Рухының өмірлеріңде бар екенін 
әрқайсыңа бәрінің игілігі үшін көрсетеді. 
Осы  мәтінді  оқығанда,  Әке,  Ұлы  және  Киелі  Рухтың 
әрқайсысының атқаратын рөлі бар екен деген түсінікке келеміз. 
Әке әрекет жасайды, Ұлы қызмет етеді, ал Киелі Рух адамдардың 
өмірінде Өзінің дарындарының бар екендігін көрсетеді. Үшеуі 
бір мақсатқа жету үшін бірге әрекет жасайды.
Егер біз үй салайық десек, бізге ең алдымен не керек болады? 
Үй салу үшін бізге архитектор, прораб және құрылысшыларды 
жалдау керек. Осы мысалды келтіргенде, Құдай -бас архитектор, 
Иса-  прораб,  ал  Киелі  Рух  құрылысшы  болып  үй  салады.  Ол 
бізге үй салуға, яғни рухани өмірімізді нығайтуға көмектеседі. 
Оның жұмысы өмірімізде анық көрінетін болады. Кез келген үй 
салу үшін осы Үшеудің атқаратын жұмысы өте маңызды.
ҚҰДАЙДЫҢ «САУСАҒЫ»
Киелі  Кітаптың  әр  түрлі  екі  аятында
  Исаның  жын  соққан 
жігітті  сауықтырғаны  туралы 
жазылғанына
қарайық.  Иса  әлгі 
жігіттен  жынды  қуып  шығарған  кезде,  жұрт  таңқалып,  ал 
парызшылдар  іштей:  «Сол  адам  жындарды  тек  шайтанның 
күшімен ғана қуып шығарады» ойлап, жала жапты (Мат. 12:23-
24 аяттарға қараңыз). Ал 28 аятта Иса оларға: «Бірақ шынында 

25
КИЕЛІ  РУХ ДЕГЕН КІМ?
Мен  жындарды  Құдайдың  Киелі  Рухынның  құдіретімен 
қуып  шығарамын.  Демек,  араларыңда  Құдайдың  Патшалығы 
орнаған!» былай деп жауап берді.
Лұқа  жазған  Ізгі  Хабарда  осы  оқиға  кішкене  басқаша 
жазылған:  «Бірақ  шынында  Мен  жындарды,  Құдайдың 
саусағымен  (ағылшын  тіліндегі  Киелі  Кітапта  «саусағы»  деп 
жазыған)  қуып  шығарамын.  Демек  араларыңда  Құдайдың 
Патшалығы арнаған» (Лұқа11:20). Матай және Лұқа жазған Ізгі 
Хабардың  авторларының  екеуі  де,  Киелі  Рух  туралы  айтады.
Киелі Жазбаны зерттеген көпшілік адамдардың ойынша, Лұқа 
Киелі Рухтың жеке тұлғасы емес, Оның әрекеттерін суреттейді 
деп жобалайды.
Сондықтан, біз Киелі Рухқа «Құдайдың саусағы» деуімізге 
болады.  Киелі  Жазбада  Жаратқан  Ие  Өз  халқын  құтқарғанда 
«Өзінің құдіретті қолымен (ағылшын тіліндегі Киелі Кітапта 
«қолымен» деп жазылғанжүзеге асырды» деп айтады. Ал Забур 
жырында  мына  сөздер  жазылған:  «Сенің  қолыңнан  шыққан 
аспаныңа,  Өзің  орнатқан  ай  мен  жұлдыздарға  назар  аударған 
әрбір  уақытымда  мынадай,  сұрақтар  туады  ойымда»  (Забур 
8:4). Көптеген адамдар Киелі Рухтың аспан мен жұлдыздарды 
жаратқанын  білмейді.  Оның  бүкіл  дүниені  жаратқанын  да 
түсінбейді.  Жаратылыстың  басталуының  1  тарауы,  2  аятын 
есімізге салып кетейік: «Ал Құдайдың Рухы су бетінде ұшып 
қалыптап жүрді» Киелі Рух Құдай Әкеден жұмыс 
істеуге рұқсат 
беруін  күтті.
Жарық  пайда  болсын  деп  айтылған  кезде  Ұлы 
Әкесінің еркін орындады, ал Киелі Рух осы айтылғандарды іс 
жүзіне асырды. 
Ишая пайғамбардың жазбасына қарайық:
Кім  теңізді  алақанымен  (Ағылшын  тіліндегі  Киелі 
Кітапта  «саусағымен»  деп  жазылған)  сарқып 
өлшеген,  аспанды  қарысымен  қамтып  белгілеген? 
Кәм  жердің  топырғын  себетке  салған,  тау  төбелерді 
де  таразыға  тартқан?  Кім  Жаратқаның  ақыл  ойын 

26
КИЕЛІ РУХ
ұққан, кенесшісі болып бағыт берді Оған? Жаратқан, 
Ие кіммен ақылдасқан, кім түсінік беріп те еді Оған, 
кім Жаратушы білімге үйреткен, Оған даңалық жолын 
да  нұсқаған?  Қайта,  бар  халықтар  судың  шелектегі 
тамшысындай ғана болып көрінеді, таразыға қонған 
шаң-тозаң іспетті. Олар да салмақсыз деп есептеледі. 
Құдай  араларды  түйіршік  секілді.  Оп-оңай  қолына 
алып көтереді. (Ишая 40:12-15)
Он  екінші  аятта:  «Кім  теңізді  алақанымен  (Ағылшын 
тіліндегі  Киелі  Кітапта  «саусағымен»  деп  жазылған)  сарқып 
өлшеген....» деп жазылған. Сонымен, Киелі Рухтың жұмысына 
қарап, Оның қандай екенін түсінеміз. Құдайдың Рухы барлық 
мұхит  пен  теңіздерді  Өз  құдіретімен  ұстап  отыр  екен.  Бұл 
туралы  ойланып  көріңізші.  Оның  қандай  құдіреті  бар  екенін 
көріп  тұрсыз  ба?  Дегенмен,  Ол  біздің  жүрегімізден  орын  алу 
үшін, кішіпейіл болып, Құдай Әке және Оның Ұлымен келісіп 
алды. 
Киелі Рухтың істеген кереметі не деген ғажайып еді!
Төртінші күн
 
КИЕЛІ РУХТЫҢ ӨЗІ-ҚҰДАЙ
Киелі  Рухтың  адамды  жаратқанына  Өз  үлесін  косқанына 
қарайық:  «Сонда  Құдай  Ие  жердегі  топырақтан  адамды 
қалыптастырып  жасап,  оның  мұрнына  тіршілік  лебін  үрледі. 
Адам осылай тірі жан болып шыға келді» (Жар.баст. 2:7). Киелі 
Рухтың  Өзі  адамды  жаратып,  оның  мұрнына  тіршілік  лебін 
үрледі. Мұны қалай түсінуге болады?
Әүйптің  кітабында
ғы  33:4  аяттан  мына  сөздерді  оқимыз: 
«Құдайдың Рухы мені жаратты, құдіретті шексіз Тәңірдің лебі 
маған өмір берді» Киелі Рух тек Адам атаны ғана емес, бізді де 
жаратып, Өз лебін бізге үрлеп, өмір берді. Забур 138:13 аятында: 
«Сен іш құрылысымды қалыптастырдың, ана құрсағында мені 
жараттың»  деп  жазылған.  Киелі  Рух  көзге  көрінетіндердің 

27
КИЕЛІ  РУХ ДЕГЕН КІМ?
барлығын  жаратқан,  біз  Нақыл  Сөздер  кітабында  26  тарау 
10  аятта  мынаны  көреміз:  «Бүкіл  әлемді  жаратқан  Құдіретті 
Құдай...»  Киелі  Рух  Құдай  Әкенің  жоспарын  орындап,  бүкіл 
көзге көрінетін әрі көзге көрінбейтін әлемді жаратты. 
Мен  сіздің  Киелі  Рух-  Құдайдың  Өзі  екендігіне  көзіңіз 
жетіп  тұрғанына  сенемін.  Киелі  Рухтың  Киелі  Кітапта  қалай 
аталғанын қарайық:
•  Киелі Рух (96 рет аталған)
•  Тәңірдің Рухы (28 рет аталған)
•  Құдайдың Рухы (26 рет аталған)
•  Мәңгілік Құдайдың Рухы (Евр. 9:14)
•  Қамқоршы (Көмекші* ағылшын тіліндегі Киелі Кітабында) 
Иса Мәсіх Жохан жазған Ізгі Хабарында 4 рет айтқан)
•  Жұбатушы
•  Киелі (Забур 77:41)
•  Иеміз (Қор 2 хат. 3:17)
•  Шындықты жеткізетін Рух (4 рет аталған)
•  Мәсіхтің Рухы (Рим 8:9, Петір. 1 хат 1:11)
•  Исаның Рухы (Філіп. 1:19)
•  Ақыл-кеңес дарытатын Рух (Ишая 11:2)
•  Білім дарытатын Рух (Ишая 11:2)
•  Құдірет дарытатын Рух (Ишая 11:2)
•  Даналық пен парасат беретін Рух (Ишая 11:2)
•  Құдайды терең қастерлеуді дарытатын Рух (Ишая 11:2)
•  Көктегі Әкелеріңнің Рухы (Мат. 10:20)
•  Ұлылыққа бөлейтін Кұдайдың Рухы (Петір 1 хат. 4:14)
•  Рақымдылық сыйлайтын Рух (
Зақария 10:9; 
Евр. 10:29)
•  Әділ сотты жүргізетін Рух (Ишая 4:4)
•  Отты Рух (Ишая 4:4)
•  Шынайы өмір сыйлайтын Рух (Рим. 8:2)

28
КИЕЛІ РУХ
•  Сүйіспеншілік сыйлайтын Рух (Тим. 2 хат 1:7)
•  Құдірет сыйлайтын Рух (Тим. 2 хат 1:7)
•  Ұстамдылық сыйлайтын Рух (Тім.арналған 2 хат 1:7)
•  Пайғамбаршылық жеткізетін Рух (Аян 19:10)
•  Рухани түсінік беретін Рух (Еф.арн.хат 1:19)
•  Қасиеттілік Рухы (Рим. 1:14)
•  Киелі Құдайдың Рухы (Даниял пайғамбардың кітабында 
4 рет кездеседі)
Ол құдіретті, ғажайып,құрмет қабылдауға лайықты Құдай!
ИСА МӘСІХ КИЕЛІ РУХҚА СҮЙЕНІП 
ҚЫЗМЕТ ЕТКЕН
Иса  Мәсіх  Киелі  Рухқа  толық  мойынсұнып,  Оның 
жетелеуімен жүретін. Иса Киелі Рухтан туылып, Одан үйреніп, 
Иордан  өзенінде  су  рәсімінен  өткеннен  кейін,  Киелі  Рухтың 
құдіретіне бөленген. Ол Киелі Рухтың құдіретіне толмайынша, 
ешқандай  кереметі 
орындаған  жоқ 
(Бірінші  жасаған  керемет 
туралы  Жохан  1:29-34  және  Жохан  2:1-11  аяттарға  қараңыз). 
Иса Киелі Рухтың жетелеумен жүрген, сондай-ақ, Киелі Рухтың 
сөйлеген сөздерін ғана адамдарға жеткізетін. 
Жохан  жазған  ізгі  хабар14:10  аят  бізге:  «Сендерге  айтып 
жүрген сөздерім Өзімдікі емес, Әкемдікі. Сол Сияқты Менімен 
тығыз  байланыстағы  Әкем,  Өзіңнің  істерін  де  Мен  арқылы 
істеп жатыр» дейді.  
Алайда  сіз  маған: 
Онда  не  болмақ?
  Иса  Киелі  Рухқа  Әке 
деп  айтып  жүрген  бе?  деп  келіспеуіңіз  мүмкін.Иә,  дәл  солай. 
Жәбірейіл періштенің Жүсіпке не айтқанына көңіл аудараңыз: 
«Дәуіттің  ұрпағы  Жүсіп,  қалыңдығың  Мәриямға  үйленуден 
қорықпа!  Себебі,  құрсағындағы  Баласы  Киелі  Рухтан» 
(Мат.1:20). Иса Киелі Рухтан туылғандықтан, Оған «Менімен 
тығыз байланыстағы Әкем» деп айтатынын түсінікке келеміз. 

29
КИЕЛІ  РУХ ДЕГЕН КІМ?
Ол осы жерде өмір сүргенде, Киелі Рухпен бірге ғана қызмет 
еткені
  шындық.
  Соған  қоса,  Исаның  Өзі  «Оның  рухани  Ұлы 
Өздігінен  ештеңе  істей  алмайды»  (Жохан  5:19) 
деп  жүретін. 
Егер Иса Мәсіхке, Құдайдың рухани Ұлы бола тұра, Әкесінің 
еркін жүзеге асыру үшін Киелі Рухқа сүйену керек болса, онда 
қаншама  зор  пендеміз  бола  тұра,  өзіміз  Киелі  Рухпен  тығыз 
байланыста тұрып, Оған сүйеніп жүруіміз керектігін түсінейік. 
Исадан  басқа  ешкім  Киелі  Рухты  жақыннан 
танымайды 
екен.
  Сондықтан,  Киелі  Рухтың  Өзінің  және  Оның  құдіреті, 
мінез-құлқының, 
істеп жатқан жұмысының қандай екенін білу 
үшін Исаның сөздерінен қарайық:
Сендер  Мені  сүйсеңдер,  өсиеттерімді  орындаңдар! 
Мен көктегі Әкемнен сендермен бірге болатын басқа 
Қамқоршыны  жіберуін  өтінемін,  Ол  шындықты 
білдіретін  Киелі  Рух.  Осы  күнәкар  дүние  Киелі 
Рухты  қабылдай  алмайды,  себебі  Оны  көрмейді  әрі 
білмейді.  Ал  сендер  Оны  білесіңдер,  өйткені  Киелі 
Рух сендермен бірге тұрып, жан-дүниелеріңнен орын 
алады.  Мен  сендерді  жетімсіретпей,өздеріңе  қайтып 
келемін. (Жохан 14:15-18)
Осы мәтінде өте көп рухани түсініктер бар екен. Біріншіден, 
Иса «Сендер Мені сүйсеңдер, өсиеттерімді орындаңдар» дейді. 
Иса  біздің  өмірімізде  аға-басқарушы  яғни,  Қожа  болғысы 
келгенін  айтады.  Ол  Өзінің  өсиеттерін  орындауға  қажет 
екенін  бізге  түсіндіреді.  Петір  елші  де:«Біз  де,  Киелі  Рух  та 
бұл  оқиғалараға  куәміз.  Құдай  осы  Киелі  Рухын  Өзіне  бой 
ұсынғандарға сыйға береді» деп бізге шындықты айтады (Елш. 
5:32). Осыдан келіп, біз Құдай тек Өзіне мойынсұнған адамдарға 
ғана Киелі Рухты дарытады екен деген түсінікке келеміз.
Енді,  Исаның  тағы  басқа  сөздеріне  қарайық  (Жохан 
14:16): «Мен көктегі Әкемнен сендермен бірге болатын басқа 
Қамқоршыны жіберуін  өтінемін».  «Басқа»  деген,  грек  тілінде 
жазылған  сөзіне  қарайық.  Біздің  ағылшын  тіліндегі  Киелі 

30
КИЕЛІ РУХ
Кітапта «басқа» деген сөз бір сөзбен жазылған, ал түпнұсқада 
осы  сөздің  екі  түрі
бар. 
Грек  тілінде:  «гетерос»  және  «аллос» 
деген  сөздер  бар.  «Гетерос»  деген  сөз  «басқаға  ұқсамайтын 
түрі» деген мағынаны білдіреді. Ал «аллос» деген сөздің «басқа 
тура  осындай»  деген  мағынасы  бар.  Онда,  Иса  қандай  сөзді 
қолданды деген сұрақ туындайды?
Осы  сұраққа  жауап  берер  алдында,  сізге  бір  мысал  келтіріп 
айтайын.  Осы  мысал  сізге  грекше  екі  сөздің  арасында  қандай 
айырмашылықтың бар екенін түсінуге көмектеседі. Мысалы, сізге 
жеу үшін бір жемісті, алманы беріп тұрмын дейік. Сіз алманы жеп 
болған соң, мен сізге «тағы басқа жейсіз бе?» деп ұсынамын.
Сіз «иә, жеймін» десеңіз, егер мен сізге апельсин берсем, сізге 
«басқа,  алмаға  ұқсамайтын  жемісті»  бергенім.  Апельсин  бұл 
алмадан  ерекшеленетін  жемістің  басқа  түрі  болып  табылады. 
Бұл «гетерос» деген сөз. 
Бірақ егер мен сізге басқа тура осындай алманы берсем, онда 
мен сізге «аллос» дегенді бергенім.
Енді,  Исаның  қолданатын  сөзі  қандай  болған?  Иса  Әкем 
сендерге  басқа  Қамқоршыны  жібереді  деп  айтқан  кезде, 
«аллос» деген сөзді қолданды. Басқа сөзбен айтқанда, «Құдай 
сендерге Өзім сияқты басқа Қамқоршыны жібереді»
демек, Иса 
мен Киелі Рух бірдей Қамқоршылар екен.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал