3. киелі рухпен қарым-қатынас жасаудың Үш деңгейі

жүктеу 0.64 Mb.

бет19/19
Дата22.05.2017
өлшемі0.64 Mb.
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

243
СҰРАҚТАРҒА БЕРІЛГЕН ЖАУАПТАР
бірге қызмет етіп жүрген бағушылардың бірі, енді осы қауымда 
қызмет етпейді, ол қауымның сыртында, дүние жүзіндегі бүкіл 
Мәсіхтің рухани денесіне қызмет етіп, оларға үлкен жарылқау 
болады»  деп  хабарымен  бөлісті.  Содан,  ол  маған  қарап: 
«Сыртта қызмет ететін адам сен екенсің» деп аяқтады. Құдай 
маған соны сегіз ай бұрын ашып берді, сондықтан бұл сөз Оның 
дәлелдемесі болды.
Ең соңғы Құдайдың бізге сөйлейтін әдісі бұл ерекше күйге 
ену  (трансқа  ену)  арқылы  сөйлейді.  Петір  елші  Елшілердің 
істерінің 10 тарауында, осындай ерекше күйге еніп аян көрді. 
Ерекше  күйге  енгенде,  адамның  сезімдері  бір  сәтке  үнсіз 
қалғандай болады. Бұл аянның басқа түрі, өйткені аянды көрген 
адамның  сезімдері  қызмет  атқара  береді.  Пауыл  мен  Жохан 
көкке  көтерілгенде,  олар  қозғалып,  жүре  ала  алатын.  Ерекше 
күйге  еніп  болғанда,  сіз  Құдайдың  дауысын  естіп,  рухани 
әлемді ғана көре аласыз. Бірақ сезімдер бір сәтке үнсіз қалады.
Кейбіреулер,  Гедеонның  қойдың  жүні  жерге  жайып, 
Құдайдың еркін сұрағанын жайында не болды? Көне Өсиетте 
қырқылған  жүнін  жерге  жаю,  Жаратқан  Иенің  дауысын  есту 
әдістерінің  бірі  болған.  Көне  Өсиетте  адамдардың  кейбір 
істегені  Иса  Мәсіхтің  құрбандығына  бола  қазір  сол  тәсілдің 
қажеті  жоқ.  Біз  Мәсіхтің  құрбандығы  арқылы  адамдардың 
Тауратта  қызмет  атқарғанын  қайтадан  қарап  шығамыз,  не 
оларды қалдырамыз, не алып тастаймыз. Ал қырқылған жүнін 
жерге жаюға келетін болсақ, Исаның құрбандығы оның күшін 
жойып алғанын түсінеміз. Киелі Кітап бізге былай дейді«Ал 
Киелі  Рухтың  жетелеуімен  жүретін(қырқылған  жүнін  жерге 
жаю  арқылы  емес)  адамдар»  (Рим.8:14).  Таурат  заманындағы 
адамдарға Киелі Рух қонбағандықтан, Құдай оларға осы жолмен 
(жерге жайылған жүні арқылы) сөйлейтін секілді. Мен қазіргі 
сенушілердің  жүнді  жерге  жайып,  Құдайдың  еркін  сұрауын 
құптамаймын.  Мен  сенушілердің  Құдайдың  Сөзі  және  ішкі 
куәлігінің жетелеуімен жүру керек екендігіне кәміл сенемін. Біз 
Киелі  Рухтың  арқасында  өмір  сүріп,  және  Оның  жетелеуінде 

244
КИЕЛІ РУХ
жүру үшін шақырылған адамдармыз.
Лиза: Мен айтқаныңызға қосылып, мынаны айтқым келеді. 
Осы  айтылған  сұрақтардың  рухани  тақырыпқа  қатысы  бар. 
Құдай бізге мынадай өсиет берген, егер біз бауырласымыздың 
қиындыққа  түскенін  көрсек,  біздің  оған  көмектесуіміз  керек 
(Жохан  1  хат  3:16-18).  Аспаннан  Құдайдың  дауысын  естудің 
қажеті  жоқ.  Сіз  адамның  мұқтажын  естіп,  соған  қарап, 
сүйіспеншілікті  көрсетуіңіз  керек.  Біз  адамдардың  өзіміздің 
кітаптарымыздың  беттерін  жұлып  алып,  басқаларға  үлестіріп 
бергенін  естіген  кезде,  бірімізге-бірі:  «оларға  тасжүректік 
танытып,  қалайша  көмектесе  алмаймыз?»  дестік.  Біз  соны  өз 
көзімізбен көрмеген болсақ та, естіп, көмектесейік деп бірден 
шешім қабылдадық. 
Джон:  Мен  бір  қыздың  құлдыққа  түсіп,  адамдардың  оны 
сатайын  деп  жатқанын  естігенде,  Лизаға:  «біз  осы  қызды 
құлдықтан алып шығуымыз керек» дедім.
Лиза: Мен осы төтенше жағдай туралы бір журналдан оқып, 
білдім. Мен шетел сапарға барған кезде мұны біліп алдым. Кейбір 
кезде, адамдар көзге көрінетін мұқтаждарына қарамай, түс-аян, 
аспаннан сөйлеген дауысын, не болмаса,қандай да бір керемет 
белгі күтіп жүреді. Киелі Кітап бізге : «егер сен көрсең» дейді.
Джон: «Егер өз бауырласыңның мұқтаждығын көрсең...».
Лиза: Біз бауырластарымыздың мұқтаждығына қарап, оларға 
көмектесуіміз керек. Біз көзге көрінетін мұқтаждықтарға қарап, 
жүрегіміз тастай болмауы керек. Егер біз көзге көрінетін, осы 
дүниеде жүрген бауырластарымызға көмектесетін болсақ, онда 
Құдай  бізге  рухани  көздерін  ашып,  Өз  құпияларын  білдіріп, 
бізді әрі-қарай жетелейтін болады. Себебі Ол бізге: «Мен сені 
шағын істе сенімді болып жүргеніңді көрдім, енді саған рухани 
әлемдегі құпияларын ашатын боламын» дейді.

245
СҰРАҚТАРҒА БЕРІЛГЕН ЖАУАПТАР
Джон Бивердің қосымша жауаптары
Сұрақ: Адамдар Киелі Рухты қалай қорлайды?
Джон:  Иса  Киелі  Рухты  қорлау  жайында  Мат.  12:22-23, 
Марқа  3:22-30,  Лұқа  12:10  аяттарда  айтады.  Маттай  және 
Марқаның  жазған  кітабында  осы  жайында  анық  айтылады.
Парызшылдар  Исаны  жындарды  Беельзебулдың  яғни 
шайтанның  күшімен  қуып  шығарғанына  айып  тақты.  Сонда 
Иса оларға былай деп жауап берді: «Адамдардың жасаған бүкіл 
күнәларын мен Құдайды қорлауларына кешірім беруге болады, 
бірақ  Киелі  Рухын  қорлайтынға  кешірім  болмайды»  (Мат. 
12:31).  Сондықтан,  Киелі  Рухты  қорлау  бұл  Оны  жамандап, 
Оның істегені шайтанның ісі деп ғайбат айту. 
Сұрақ:  Құдай  Әкеге  мен  Иса  Мәсіхке  сиынып,  рухани 
өлендер  айтқанымыздай,  Киелі  Рухқа  да  сиынып,  рухани 
өлендер айту Киелі Жазбаға қарама-қайшы болмай ма?
Джон: Жоқ, болмайды. Киелі Рухтың Өзі-Құдай. Сондықтан, 
біз  Оған  Құдай  ретінде  табынамыз.  Жохан  4:24  аятта  былай 
жазылған: «Құдайдың Өзі-Рух. Сондықтан Оған сиынатындар 
Оның  Рухына  кенеліп,  шындықпен  сиынуға  тиіс».  Біз  Құдай 
Әке мен Иса Мәсіхке сиынып, табынғанымыздай, Киелі Рухқа 
да сиынып, табына алатынымызға кәміл сенемін.
Сұрақ:  Біз  Киелі  Рухқа  сиынып,  Оған  ғана  табына-
тынымызды қайдан білеміз?
Джон: Иса өз шәкірттеріне айтты: 
Менің айтарым әлі де көп, бірақ сендер оның бәрін тыңдауға 
төзімдерін жете қоймас.Алайда шындықты білдіретін Құдай 
Рухы  келгеннен  кейін  сендерді  бар  шындыққа  жеткізеді. 
Себебі  Ол  Өзінен  шыққан  сөзді  емес,  Көктегі  Әкемнен 
естігенін  айтады  және  болашақта  не  болатынын  сендерге 
хабарлайды.  Құдай  Рухы  Менің  ұлылығымды  көрсетеді, 
себебі  Ол  Менен  қабылдаған  хабарларды  сендерге 
жеткізбек... 

246
КИЕЛІ РУХ
Біраз уақыттан кейін Мені көрмейсіңдер, тағы біраздан кейін 
Мені қайта көресіңдер.
...Сол  кезде  Менен  бір  нәрсе  сұрауларыңның  қажеті 
болмайды.  Сендерге  өте  маңызды  шындығын  айтаймын: 
Әкеден  Менің  атымнан  не  сұраңдар  да  алыңдар!  (Жохан 
16:12-14, 16,23).
Біз  Құдай  Әкеден  Исаның  атынан  сұраймыз.  Содан  кейін 
осы  кітапта  жазылғандай,  Киелі  Рухпен  тығыз  байланыста 
тұрып, Онымен сөйлесіп, сұрақ қойып, жауап аламыз. 
Сұрақ: Киелі Рух барлық жерде бір уақытта бола алады, 
сонда  біздің  Оны  бізге  келші  деп  шақыратынымыз  Киелі 
Кітапқа қарама -қайшы болмай ма?
Джон: Жоқ, болмайды. Киелі Кітап бізге Құдайдың Рухының 
барлық жерде бір уақытта бола алатыны сондай-ақ, Өзін анық 
бір  жерде  көрсететінін  айтады.  Біз  сол  жайында  Дәуіттің 
жырында оқимыз:
Сенің  Рухыңнан  мен  қайда  қашпақпын?  Көз 
алдыңнан қайда жасырынбақпын? Көкке көтерілсем, 
сол орындасың, тұңғиыққа түссем де, Сен сондасың. 
Таң шапағына қалықтап ұшсам да, теңіздің ар жағына 
қонсам да, сол жерде де мені қолың жетелеп, құдіретті 
қолын ұстайды демеп. (Забур 138:7-10)
Киелі Кітап бізге Құдай бізді ешқашан тастамайтыны айтады 
(Евр 13:5). Бұл Құдайдың барлық жерде бола алатыны қабілеті 
бар екен.
Басқа  жағынан  қарасақ,  Құдайдың  Өзінің  анық  көрсететін 
кездері де бар. Көрсету дегеніміз бұл көзге көрінбеген нәрселер 
көрініп, естімегенді естіліп, білмеген құпиялары ашылатынын 
білдіреді.  Яғни  бұл  Құдайдың  бізге  Өз  құдіретін  әрекетінде 
көрсетуі  деп  түсінемін.  Бұл  Киелі  Кітапқа  қарама-қайшы 
болмайтынын білемін.

247
СҰРАҚТАРҒА БЕРІЛГЕН ЖАУАПТАР
Сұрақ: Біз неге Құдайдан Киелі Рухтың төгуін сұраймыз? 
Ол Өзінің Рухын әлдеқашан жіберген жоқ па? 
Джон: Зақария 10:1 аят бізге былай дейді: «Жаратқан Иеден 
көктегі  жауын  мерзімінде  жаңбыр  жаудыруын  өтініңдер!».
Киелі  Жазбада  жауын  Киелі  Рухтың  төгілуін  білдіреді.  Біз 
Құдайдан  Киелі  Рухтың  төгуін  сұрағанда,  қалаларымызға, 
қауымдарымызға,  елімізге  Құдайдың  жаңа  құдіретін  келуін 
сұрауымыз  керек  деп  сенемін.  Өйткені  біз  Оның  құдіретіне 
кенелген  кезде,  Құдай  Патшалығы  үшін  көп  адамдарды 
құтқарып, мол өнім бере аламыз. 
Сұрақ:  Мен  Киелі  Рухпен  терең  қатынасымды  қалай 
жетелдіре аламын? Қалайша Оның құдіретіне одан да зор 
кенеле аламын?
Джон: Оған көбірек уақыт бөліп, қатынас жасап, Құдайдың 
Сөзін оқу арқылы. Киелі Рухпен терең қарым-қатынасты қалай 
жетілдіру  керектігі  туралы  осы  кітаптың  екінші  және  үшінші 
тарауында нақты түрде жазылған.
Сұрақ:  Егер  Киелі  Рух  бәрін  білетін  болса,  онда  Киелі 
Кітапты оқудың қажеті не?
Джон: Құдай бізге Киелі Жазба арқылы: «Киелі Жазбалардың 
бәрі Құдай Рухының жетелеуімен жазылған. Олар тәлім беру, 
әшкерелеу, түзету әрі әділдікке тәрбиелеу үшін тиімді. Осылай 
Құдайдың  адамы  барша  игі  іске  дайындалып,  толықтай  даяр 
болмақ»  дейді  (Тим.  2  хат  3:16-17).  Киелі  Рух  осы  жазылған 
сөздерді (грекше логос) пайдаланып, бізге тірі сөздерді (рема)
жеткізеді. Ол логосты алып, бізге ремаға айналдырып жеткізеді. 
Егер біз Киелі Кітапты, яғни жазылған сөздерді оқымасақ әрі 
Киелі Рухқа жүрегімізді ашпасақ, онда тірі сөзді қабылдау қиын 
болады.  Қытайда  қудаланған  сенушілер  Киелі  Рухқа  кенеліп, 
бірақ Киелі Кітап болмағандықтан, олар соны қатты іздеп, оқуға 
құштар болып келеді. Олар Құдайдың Сөзіне шөліркеп, Киелі 
Рухтың оларға сөйлеп, өмірлеріне қуат бергенін аңсайды. Киелі 
Кітапты оқу өте маңызды. Құдайдың Сөзі және Құдайдың Рухы 

248
КИЕЛІ РУХ
бірге жұмыс істейді. Бұл әріптестік секілді.
Киелі Кітапта Құдайдың құпиялары жазылғанын және Киелі 
Рух соларды бізге аша алатыны есіңізде болсын. Егер сіз Киелі 
Рухының  көмегінсіз  оны  оқитын  болсаңыз,  сіз  осы  кітаптың 
адамның тілінде жазылған әріптерін ғана оқитын боласыз. Бірақ, 
Киелі  Рухтың  арқасында  біздің  ақыл-санымызға  түсініксіз, 
Құдайдың Сөзінің рухани мағынасын түсіне бастаймыз, себебі 
Киелі Рухта Мәсіхтің ой-ниеті бар:
Керісінше,  жариялап  жүргеніміз-Құдайдың  құпия 
даналығы,  бұл  адамзаттың  көзінен  таса  болып 
келді. Ал Құдай оны біздің ұлылыққа ие болуымыз 
үшін әлемді жаратпастан бұрын-ақ белгілеп қойған 
болатын.Бұны осы дүниелік билеушілердің біреу де 
ұққан да емес;ұққан болса Ұлылықтың Иесі айқышқа 
шегелетіп өлтіртпес еді. Алайда (Киел Жазбаларда )
алдын ала жазылғандай, көз көріп, құлақ естімеген, 
адам ойына ешқашан келмеген игіліктерді Құдай Өзін 
сүйетіндерге дайындап қойған. Бұны Құдай біздерге 
Өзінің  киелі  рухы  арқылы  анық  білдірді.  Киелі 
Рух  бәрінен  де,  Құдайдың  терең  ой-мақсаттарын 
да  хабардар.  Себебі  адамның  ішкі  құпия-сырларын 
оны  рухынан  басқа  бірде-бір  адам  біле  ме?  Сол 
сияқты,  Құдайдың  терең  ой-мақсаттарын  да  Оның 
Киелі  Рухынан  басқа  ешкім  білмейді.  Ал  біз  осы 
дүниелік рухты емес, Құдайдан келген Киелі Рухты 
қабылдадық.  Соның  көмегімен  Құдайдың  бізге 
сыйлаған игіліктердін біле аламыз. Солар туралыбіз 
адамзаттың даналығынанемес, Киелі Рухтан үйренген 
сөздермен уағыздап, Оған мойынсұнғандарға рухани 
шындықты  түсіндіреміз.  Өз  еркімен  жүретін  адам 
Құдайдың  Рухыннан  келгенді  қабылдамайды,  соны 
түсіне  алмай,  ақымақтық  деп  санайды.  Себебі 
оны  Киелі  Рухтың  тұрғысынан  бағалау  керек.  Ал 
Құдайдың  Рухына  мойынсұнушы  Одан  келгеннің 
бәрін де бағалай алады, бірақ басқалар ондай адамға 

249
СҰРАҚТАРҒА БЕРІЛГЕН ЖАУАПТАР
баға бере алмайды. Өйткені «кім Жаратқанның ақыл-
ойын  ұққан,  кеңесшісі  болып,бағыт  берді  Оған?» 
(деп жазылған) Ал бізде Мәсіхтің ой-ниеті бар. (Қор. 
1 хат 2:7-16) 
Сұрақ: Менің қауым рухани құрғақ болып келеді. Мен 
қауымның  мүшесі  болып,  соған  Киелі  Рухтың  құдіретін 
әкелу үшін не істеуім керек? 
Егер  сіз  қауымның  жетекшісі  болмасаңыз,  онда  мінажат 
етуден басқа ештеңе істей алмайсыз. Біріншіден, Киелі Рухтың 
құдіретін қауымға әкелу үшін, Оны өз өміріңізге шақырыңыз. 
Екіншіден,  Киелі  Рухтың  қауымның  жетекшілеріне  әсер  етіп, 
жүректерін ашуын сұраңыз.

250
КИЕЛІ РУХ
ТАЛҚЫЛАУҒА БЕРІЛГЕН СҰРАҚТАР
Егер сіз «Мессенджер сериес» пен бірге осы кітапты 
оқып жатқан болсаңыз онда  алтыншы бейне сабақты 
көріп алыңыз.
Кез  келген  сенуші  Киелі  Рухтың  дарындарына  ие 
болып, пайдалана алады. Қауымның қызметінің ішінде 
ғана  емес,  сыртта  жүріп  сенушілер  Киелі  Рухтың 
дарындарын пайдалана ала ма екен? Бұл қалай болуы 
мүмкін?
Құдайдың сізге бір шешімді қабылдау үшін жүрегіңізге 
тыныштық  сыйлап,  Одан  анық  ести  алғаныңыздың 
қандай дәлелдемесі бар?
Жаратқан  Иенің  сізге  тура  емес,  жұбайыңыз  арқылы 
сөйлеген  кездері  болды  ма?  Оның  сізге  осындай 
сөйлеуі жайында не дейсіз? Оның өміріңізге арналаған 
ашып берген жоспарын қалай қабылдай аласыз?
Сізге маңызды шешім қабылдау керек уақытта, соның 
әлі ашылмағанда, қандай қадам жасайсыз? 
Нақыл сөз 11:14;15:22;24:6 және Рим. 8:26-27 аяттарға қараңыз
Құдай осы күнге дейін адамдарға сөйлей ме екен? Ол 
адамдарға қандай жолмен сөйлейді?
1 I
2 I
3 I
4 I
5 I

251
ҚОСЫМША ҰСЫНЫС
ИСАНЫ ҚАЛАЙ ҚАБЫЛДАУҒА 
БОЛАДЫ
Өз аузыңмен Исаны Жаратқан Ие деп мойындасаң
жүрегінде Құдайдың Оны өлімнен қайта тірілткеніне 
сенсең, онда құтқарыласың. Себебі Мәсіхке жүрегімен 
сенуі арқылы адам күнәсінен ақталады, Оны аузымен 
мойындау арқылы құтқарылады.
– Рим. 10:9-10
К
иелі  Рух  сізбен  үздіксіз  тығыз  қарым-қатынаста 
тұруға  қатты  аңсайды,  сізді  Құдайды  жақыннан 
танып  біліп,  Оның  Патшалығына  тиімді  еңбек 
етуіңіз үшін жігерілендіріп, қабілетті қылады. Бірақ, Құдайдың 
рухымен  тығыз  қарым-қатынаста  тұру  үшін,  сіздің  Иса 
Мәсіхті Құтқарушы ретінде қабылдап, Оны Жаратқан Ие деп 
мойындауыңыз керек. Құдай, Иса Мәсіхтің құрбандығы арқылы 
сізге  Өзінің  Патшалығына  жол  ашты.  Исаның  айқыштағы 
құрбандығының арқасында сізге мәңгілік әрі шынайы, бақытты 
өмір берілді. Бұл сізге Құдайдан келген сый. Сіз игі істеріңізге 
сүйеніп, соған лайықты бола алмайсыз.
Осы  бағажетпес  сыйды  қабылдау  үшін  сіздің  Құдайға 
мойынсұнбай  өз  бетіңізбен  жүргеніңізді  Оның  алдында 
мойындауыңыз  керек.  Өйткені,  Оған  мойынсұнбаушылық 
адамдардың  күнәларының  түп  тамыры  осы.  Құдайдың 
алдында  осындай  тәубе  ету  құтқарылудың  шарты  болып 
табылады.  Елшілердің  істерінде  Петір  бұл  жайында  бес  мың 
адам  құтқарылған  кезде  анық  айтқан:  «Сондықтан  теріс 
жолдан  қайтыңдар!  Сонда  Құдай  Ие  күнәларыңды  кешіреді» 
(Елш.  3:19).  Киелі  Жазба  әрбіріміздің  күнәнің  құлдығында 
туылатынымызды айтады. Осы күнәнің құлдығы Адам –атадан 
тарап,  біздің  Құдайға  мойынсұнбаушылықтан  көрсетеледі. 

252
КИЕЛІ РУХ
Шынайы  тәубе,  ету  бұл  шайтанның  әрі  өзіміздің  жолынан 
қайтып,  біз  үшін  өмір  берген  Тәңір  Иса  Мәсіхке  бет  бұрып, 
Оның жолымен жүру. 
Сіз  өміріңізді  Исаға  толық  бағыштауыңыз  керек.  Исаны 
«Жаратқан Ие» деп мойындау бұл бар өмірімізді (рух, жан мен 
тәнімізді), өзімізді және барымызды Оған толық арнау. 
Сіз  Исаны  қабылдаған  кезде,  Құдай  сізді  қара  түнектен 
құтқарып  өміріңізге  Өз  Патшалығының  нұрын  төгіп,  толық 
өзгертеді.  Сіз  өлімнен  шынайы  өмірге  өтіп  Оның  рухани 
баласы  боласыз!  Егер  сіз  Иса  арқылы  құтқарылғыңыз  келсе, 
онда осындай мінажат ете аласыз: 
Көктегі  Құдай,  мен  өзім  күнәкар  болып,  Сенің  әділ 
жолыңмен  жүрмегенімді  мойындаймын.  Мен  тозаққа  баруға 
лайықтымын.  Алайда,  мені  осы  қалпында  қалдырмай,Сенің 
сүйкті  рухани  Ұлыңды,  пәк  таза  қыздан  туылған,  мен  үшін 
айқыш-ағашта  өлуге  Иса  Мәсіхті  жібергеніңе  сенемін.  Оның 
үшінші  күні  өлімнен  қайта  тіріліп,  Сенің  оң  жағында  Тәңір 
Ие әрі Құтқарушы ретінде отырғанына сенемін. Бүгін, мен өз 
бетіммен жүруден бас тартып, Саған шынайы тәубе етіп, Иса 
Мәсіхке өмірімнің Тәңір Иесі ретінде мойынсұнамын.
Иса,  мен  сені  Құтқарушы  әрі  Жаратқан  Ие  ретінде 
мойындаймын.  Өзінің  Рухың  арқылы  өміріме  кіріп,  мені 
Құдайдың баласы етіп, өзгертші. Мен барлық қара түнектегі 
қылықтарымнан  бас  тартамын,  өз  бетіммен  жүрмей,  Саған 
бағышталып, өмір сүретін боламын. 
Уа,  Тәңір  Иса,  менің  өмірім  Сенің  қолыңда,  Сенің  Сөзіңде 
жазылғандай, Өзіңе сенім артқандар ешқашан ұятқа қалмайды!!! Аумин.
Құдайдың  рухани  отбасына  қош  келдіңіз!  Мен  сіздің  жаңа, 
жақсы  хабармен  басқа  сенушілермен  бөлісуіңізді  қалаймын. 
Исаға сенушілердің қауымына қосылғаныңыз өте маңызды.Сол 
жерде рухани бауырластарыңыз сізге жігер беріп, әрі қарай рухани 
өсуіңізге  көмектеседі.  Сіздің  осындай  шешім  қабылдағаныңыз 
өте  жақсы  болды.  Енді,  сіз  Құдаймен  күнде  қарым-қатынаста 
тұрып, соны жетілдіріп, керемет өмір сүретін боласыз.

253
Исаны қалай қабылдауға болады
ЕСТЕЛІК ЖАЗБАЛАР
________________________________________________________

254

©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет

загрузить материал