3. киелі рухпен қарым-қатынас жасаудың Үш деңгейі



жүктеу 0.64 Mb.

бет14/19
Дата22.05.2017
өлшемі0.64 Mb.
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

178
КИЕЛІ РУХ
түрде  сөйлей  алмай  тұрғаным  секілді,  өйткені,  адамдардың 
бәрін менің отбасыма айтып тұрғанымды бәрібір түсінбейді де, 
олардың түсінуінің де қажеті жоқ (Қор.1 хат 14:22-25).
Пауылдың Қор.1 хат 14:2 аятта бөтен тілдер туралы «жеке 
мінажат  ететін  бөтен  тіл»  ретінде  айтады.  Өкінішке  орай, 
сенушілердің көпшілігі бөтен тілдерде жеке мінажат етудің не 
екенін  дұрыс  түсінбей,  немесе  соларды  қабылдамай  жүреді.
Себебі,  бөтен  тілдерде  сөйлеу  арқылы  Құдаймен  сырлас 
қатынасты  жасаудың  өз  уақытында  және  өз  орнында  болу 
керектігін түсінген де жоқ.
Мысалы, екі жастың бірге оңаша болып, сырластық қарым- 
қатынас жасауы керек уақытта және керек жерде болуға тиісті. 
Оларға үйленбей жүріп, сырластық қарым- қатынасты жасауға 
бола  ма?  Жоқ,  әрине  болмайды!  Сырластық  қарым-  қатынас 
елдің  көзінше  жасауға  бола  ма?  Құдай  сақтасын!  Әрине 
болмайды.  Жаратқан  Иенің  рұқсат  еткенің,  жөнімен  және 
керек  жерде  жасау  керек  болса  да,  басқа  жерде  адамдардың 
алдында бұл күнә болып табылады.Құдай ерлі-зайыптылардың 
арасындағы  сырластық  қарым-қатынасты  жасауға  тек,  екі 
жастың  біріне-бірі  адал  болуға  ант  беріп,  неке  қиюдан  кейін 
ғана рұқсат етеді. Дәл солай, кейбір бөтен тілдер тек Құдаймен 
сырластық  қарым-қатынасты  жасауға  ғана  берілген.  Екі 
жастың  арасында  сырластық  қарым-қатынас  болғанындай, 
Құдаймен осындай қатынас тек керек уақытында және қажетті 
жерде болуға тиісті. Осы дүниедегі адамдар Құдайдың берген 
сырластық қарым-қатынастың не екенін бұзып, оны бұрмалап 
тастағанының  себебінің  салдарынан,  сенушілердің  бәрі  одан 
бас тартулары керек пе? Әрине, олай етпеулері керек. Дәл солай, 
біз де Құдайдың берген бөтен тілдерде сөйлеу дарындарынан 
бас тартпауымыз керек. 
Мен  қауымдарда  сенушілердің  бөтен  тілдерді  дұрыс 
пайдаланбағанын  немесе  теріс  мақсатта  пайдаланғанын 
жақсы  білемін.  Алайда,  кейбіреулердің  осылай  істегеніне 
бола, біздің бөтен тілдерден бас тартпай, қауымдарда соларды 

179
КИЕЛІ РУХТЫҢ СӨЙЛЕГЕН ТІЛІ
қалай  пайдалану  керектігі  жөнінде  тәлім  беруіміз  керек.  Сол 
себептен,  мен  осы  тарауда  көктегі  тіл  жайында  түсіндіріп, 
соның  мақсатының  және  маңыздылығының  қандай  зор  екені 
туралы сізбен бөліскім келеді. Киелі Рух шындықты білдіретін 
Рух  екені  есіңізде  болсын.  Сіз  Құдай  Сөзінің  даналығына 
мойынсұнғанда, Киелі Рух сізге бар шындықты ашып береді. 
Сіз  тынышталып,  «Құдай  мені  үйретші»-деп  Оны  көмекке 
шакырыңыз.  Тәңірден  Оның  Сөзіне  сәйкес  келмейтін  барлық 
ой-ниеттеріңізден азат етуін сұраңыз. Егер сіз өзіңіздің шектеулі 
ақыл-cанаңызға  сүйеніп,  Құдайдың  ұлы  құдіретін  шектеп 
жүретін болсаңыз, онда Құдайдың толық игіліктерін өміріңізде 
көре алмайсыз.
ПРЕЗИДЕНТ ӘРІ ПАТША
Мен  Американың  Құрамы  Штаты  мемлекетінің  азаматы 
болып,  егер  Президентпен  бірге  дастарқанға  шақырылу 
құрметіне  ие  болсам,  өзіме  сый-құрмет  көрсетілген  адамдай 
сезінемін.  Біздің  президентіміз  дүние  жүзінде  ең  абыройлы, 
әсерлі адам болып саналады. Оның әр мемлекеттің саласында 
қызмет  еткен  уәкілі  болғанда,  президент  мемлекеттің  әрбір 
экономиқалық, қаржылық, ішкі және сыртқы саяси жағдайының 
бәрін  біледі.  Президентің  білімі  менің  білімімнен  әлдеқайда 
жоғары ғой! Ол бас қолбасшы болып, ал мен жай қарапайым 
азаматпын. Сондықтан, мемлекетіміздің жағдайы туралы хабар 
жеткізгенде, елбасымыз соны маған түсінікті түрде, қарапайым 
тілмен  айтып  түсіндіруі  керек.  Егер  олай  етпесе,  онда  мен 
оның  айтқанын  түсінбей,  оған  қатысты  бола  алмаймын, 
себебі  адамдардың  арасындағы  қатынас  болу  үшін  бір-бірін 
біріктіретін нәрсенің болуы тиісті.
Дәл  солай,  мен  Көктегі  Әкемен  сөйлескенде,Оның  тілінде 
сөйлеуім  керек.  АҚШтың  президенті  мемлекеттің  жағдайы 
жайында  көп  білетін  болса  да,  Құдай  барлығын  одан  да  көп 
біледі  екен.  Одан  еш  нәрсе  жасырылмаған.  Мен  Жаратқан 

180
КИЕЛІ РУХ
Иеге түсінікпен мінажат еткенде, көзімнің көріп, құлағымның 
еститініне  бола  шектеуілімін.  Құдай  Әке  өз  балаларымен 
осындай  шектеулі  қарым-қатынаста  тұруына  бола  қанағатта 
алмайды.  Сол  себептен,  Ол  бізді  Өзінің  деңгейінде  яғни, 
Өзінің  тілінде  сөйлеуге  қабілетті  етті.  Ол  мұны  Өзінің  Киелі 
Рухы  арқылы  істеді.  Құдай  бізге:  «Мен  балаларымның  Өз 
даналығымның, білімімнің әрі түсінігімнің деңгейінде қатынас 
жасауларын қалаймын. Оларға менімен терең қатынаста тұруға 
қабілет беремін. Балалырыма көмекшіні, яғни Киелі Рухымды 
жіберемін»  дегендей  болды.  Біз  Киелі  Рухтың  көмегімен 
Жаратқан  Иемізбен  терең,  сырластық  қарым-қатынаста  тұра 
алады екенбіз.
Құдайдың  еркі  мен  Оның  жолдары  біздің  ойымыздан 
мүлде  жоғары  болғандықтан,  соларды  біліп  алып  түсіну  үшін 
біз  санамызбен  емес,  рухымызбен  мінажат  етуіміз  керек.  Біз 
рухымызбен сиынғанда, Құдайдың кемелді еркіне сай сиынамыз.
РУХАНИ СОҒЫС ЖҮРГІЗУ ТІЛІ
Біз адам баласына қарсы емес, қазіргі қара түнектің 
әкімдері  мен  күштілеріне  әрі  дүниені  билеп-
тостеушілеріне:  көзге  көрінбейтін  дүниедегі  зұлым 
рухтарға қарсы күресудеміз. (Еф. 6:12)
Біз кейде шайтанның бүкіл адамзатқа қарсы шығып соғысып 
жүргенін  ұмытып  қаламыз.  Оның  мақсаты,  бізді  өміріміздің 
Бұлағынан,  Жаратқан  Иемізден  тартып  алып,  алшақтату 
болды. Бірақ, Тәңір Иеміз шайтанның зымиян ниеттерін жақсы 
біледі.  Құдай  ерекше  дана  бола  тұра,  шайтанның  жоспарын 
жою  үшін,бізге  құпиялы  қару-жарақ  берді.  Пауыл  Қор.1  хат 
2:7-8 аяттарда былай дейді: «Керісінше, жариялап жүргеніміз-
Құдайдың құпия даналығы, бұл адамзаттың көзінен таса болып 
келді. Ал Құдай оны біздің ұлылыққа ие болуымыз үшін әлемді 
жаратпастан  бұрын-ақ  белгілеп  қойған  болатын.  Бұны  осы 

181
КИЕЛІ РУХТЫҢ СӨЙЛЕГЕН ТІЛІ
дүниелік  билеушілердің  біреуі  де  ұққан  емес,  ұққан  болса, 
олар Ұлылықты Иесін айқышқа шегелеп өлтіртпес еді» Пауыл: 
айқыштағы  құдіреті  елдің  көзінен  тасаланып,  ал  Исаның 
өлімнен  қайта  тірілгеннен  кейін  айқын  көрінгенін  жазған. 
Исаның  құрбандығы  арқылы  бізге  Құдаймен  тығыз  қарым-
қатынаста тұрудың жолы ашылды, сондай-ақ шайтанның көне 
зымиян жоспарын жойылды.
Айқыш  ағашқа  қатысты  Жаратқан  Иенің  жоспары  осы 
әлемдегі  билеушілердің  көзіне  тас  болып  қалатындықтан, 
жалғыз ғана құпия болып табылмайды. Киелі Рухтың арқасында 
ғана  Құдайдың  таса  болған  бізге  ашылатын  құпиялары  көп. 
Сенушілер  бола  тұра  бізге,  Киелі  Рухпен  терең  қатынаста 
тұрып, осы құпиялардың мағынасын түсінуге жол ашылды. Мен 
өткенде  айтқандай,  Құдай  бізді  бостан  босқа  құтқарған  жоқ. 
Бізді  көп  уақыттан  бері  қинап,  азаптаған  шайтанның  үстінен 
билік  пен  құдірет  сыйлап,  Иса  Мәсіхпен  байланыстырып, 
Көктегі  Әкенің  оң  жағына  отырғызды.  Енді  біз  Құдайдың 
Патшалығында еншілес әрі рухани жауынгер болып, Мәсіхтің 
аманатын  орындауға  таңдап  алынған  адамдармыз.  Құдай 
Өзінің Патшалығының пайдасы үшін рухани соғысып жатқан 
қызметшілерге,  Оған  рухани  тілдерде  сөйлеуге  ерекше  құпия 
құрал берді.
Соғыс  кездерінде,  әскері  қолбасшылары,  аса  маңызды 
мәліметті жеткізу үшін және жаулары әдейі адастыру үшін, бір-
біріне сөйлеуге басқа тілді дамытатын. Олар күрделі сөйлетін 
кодтарды  дамытып,  жақсы  қорғалған  радиожиіліктерді 
пайдаланатын.  Неге  олар  солай  істейтін?  Өмірдің  қауы-
псыздығын  сақтау  үшін  әрі  әскері  тапсырмасын  орындап, 
жеңіске  жету  үшін  жасырындылығын  сақтау  аса  маңызды. 
Егер жауы солардың жоспарын біліп алса, онда ол білдіртпей, 
шабуыл  жасап,  жеңе  алатынын  сөзсіз.  Құдайдың  балалары 
бола тұра, біз Киелі Рух арқылы «көктегі радио толқындарды» 
пайдаланып,  Құдайдың  жасырылған  құпия  стратегиясын 
шайтанға білдіртпей түсіне аламыз.

182
КИЕЛІ РУХ
Киелі  Рух  арқылы  әрдайым  Құдайға  сиынып, 
Құдайдың  бүкіл  халқы  үшін  мінажат  ете  беріңдер.
(Еф. 6:18)
Сол  себептен,  Құдай  бізге  мінажат  етуге  бұйрық  берді. 
Біздің осы жерде Оның жауынгері болғандықтан қара түнектегі 
күштеріне  қарсы  шығып,  соғысуымыз  керек.Оның  ең  күшті 
қару-жарағының бірі- Рухта мінажат ету. Сондай мінажат етумен 
Құдайдың  мақсаты  мен  жоспары  әрі  Оның  стратегиялары 
шайтанға беймәлім болып қалады.
Мысал келтірейін: егер Құдай анасының жүрегіне өз баласы 
үшін  өтініш  жасап,  мінажат  етуге  түрті-қалау  салатын  болса, 
оның  баласына  не  болып  жатқанын  білмей  тұрса  да,  Киелі 
Рухтың жетелуімен мінажат ете алады. Сол ана рухани әлемге 
бұйрық  беріп,  өз  баласының  өмірінде Құдайдың  кемелді еркі 
орындалсын деп бөтен тілдерде мінажат етеді. Өйткені, Киелі 
Кітапта  бізге  былай  айтылған:  «Соғысар  алдында  кеңес  құр» 
(Нақыл сөз 20:18).
Көктегі  тіліміз  санамызға  түсініксіз  болып  келеді  және  бұл 
уақытқа  әрі  кеңістігіне  байланысты  емес.  Біз  бөтен  тілдерде 
мінажат  еткенде,  өз  санамызға  емес,  Құдайдың  шексіз  ерекше 
даналығына сүйеніп келеміз. Сол себептен, Пауыл «мен сендердің 
бәріңнің бөтен тілдерде сөйлегендеріңді қалаймын» деді.
Біздің  көктегі  тіліміз  Құдай  және  біздің  арамыздағы  рухани 
қатынасымыздың  бірі  болғандықтан,  шайтан  оны  не  ұқпайды 
да,  не  түсінбейді.  Сондықтан,  бөтен  тілдерде  мінажат  ету  бұл 
шайтанның істеріне қарсы шығып, оның жоспарлаған мақсаттарын 
талқандауға өте тиімді рухани қару-жарақ болып табылады.
«естеріңде  болсын:  Мен  сендерге  жыландар  мен 
шаяндардың  таптап  басып,  жаудың  барлық  женетін 
күшін жеңетін билік бердім». (Лұқа 10:19)
Бізге сенушілер бола тұра, осы жерде Құдайдың Патшалығын 
орнату үшін Оның құдіреті берілген (Мат. 11:12). Қауым-Мәсіхтің 

183
КИЕЛІ РУХТЫҢ СӨЙЛЕГЕН ТІЛІ
рухани денесі болып табылады. Біз өткен тараулардан Исаның 
Өзінің Жерде емес екендігін түсіндік. Біз Құдай Патшалығының 
өкілдері  мен  жауынгерлеріміз  болып,  күнәнің  құлдығында 
жүрген  адамдарға  азаттық  әкеліп,  құтқаруға  әрі  олардың 
өмірлерін жақсы қалпына келтіруге шақырылғанбыз. Бірақ, осы 
күнәнің кесірінен жойылып бара жатқан адамзатты Киелі Рухтың 
құдіретінсіз, Мәсіхтің рухани денесі болып, құтқара алмаймыз. 
Шайтан  мен  оның  жын-перілері  пенделерден  емес,  қайта  Иса 
Мәсіхпен  байланыстағы  әрі  Киелі  Рухтың  құдіретіне  кенелген 
Құдайдың рухани ұл-қыздарынан қатты қорқады.
Екінші күн 
СЫРЛАСТЫҚ ҚАРЫМ- ҚАТЫНАС ЖАСАУҒА 
АРНАЛҒАН ТІЛ
Біз  жұбайым  екеуіміз  көп  уақытта  бірге  өмір  сүріп, 
арамыздағы  ешкім  түсінбейтін  тілді  дамытып,  бір-бірімізбен 
осы  тілде  сөйлейміз.  Егер  мен  «СBOI»десем,  ол  не  екенін 
бірден түсінеді. Біз үйленген кезде, барлық қызметтер «аутрич» 
деп аталған. Сонымен, Лиза екеуміз істейтін бір әрекеттімізді 
«каддл банни аутрич интернейшенал» деп атадық. Сонда мен 
оған  қарап,  «CBOI»  дегенде,  екеуміз  бір-бірімізді  құшақтап, 
сүйісеміз.  Бірақ,  басқа  адамдар  бізге  қарап  олар  не  деп  отыр 
деп  түсінбейді.  Бұл  оларға  бір  түрлі  болса  да,  бізге  түсінікті 
сырластық қарым-қатынасымыздың тілі болды. Бұл арамыздағы 
сырластық  қарым-қатынасымыздың  дамытылған  тілдерінің 
біреуінің мысалы. 
Біз  көктегі  бөтен  тілдерде  мінажат  еткенде,  сол  мінажат 
бізге Құдаймен сырласып сөйлесуге көмектеседі. Біреу: «бірақ, 
егер  мен  не  үшін  мінажат  етіп  тұрғанымды  білмеймін  ғой.
Киелі Кітап бізге: «Егер Оған бөтен тілде сиынсам, онда рухым 
сиынғанмен,  ақыл-санам  бұған  қатыса  алмайды»  демей  ме?» 
деп  келіспеуі  мүмкін  (Қор.  1  хат  14:14).  Иә,  өте  дұрыс.  Сол 

184
КИЕЛІ РУХ
себептен он үшінші аятта былай жазылған: «Сол себепті бөтен 
тілде сөйлейтін адам соны түсіндіретін дарынды да Құдайдан 
сұрасын».
Мен  Көктегі  Әкеме  бөтен  тілде  сөйлесем  немесе  мінажат 
етсем де, Құдайдан соны түсіндіретін дарын сұраймын. Сонда не 
болатынын білесіз бе? Менің рухымда Құдайдан келген түсінік, 
ой  немесе  пікірлер  пайда  болады.  Мен  солардың  шынымен 
Жаратушыдан  келгенін  білемін.Теңіздің  тұңғиығындағы 
көпіршіктің  су  бетіне  қалқып  шыққанындай,  Құдайдың  маға 
берген  түсінігі,  менің  рухымның  түкпірінде  де  солай  пайда 
болады. 
Сізге  бір  мысал  келтірейін,  мен  Киелі  Кітапты  қолыма 
алып,оны  оқығанымды  түсінбегенде,  Киелі  Рухтың  ашып 
көрсетуін сұраймын. Содан соң мен бөтен тілдерде мінажат ете 
бастаймын.  Құдайдың  рухани  түсінігі  бірден  келмеуі  мүмкін. 
Әдетте,  мен  бір  нәрсені  істеп  жүргенде,  мысалы,машинаны 
айдап  отырғанда,  демалғанда,  шомылғанда,  немесе  гольф 
ойынын  ойнаған  кезде,  Құдайдың  рухани  түсінігі  рухыма 
күтпеген  кезде  келеді.  Бұл  рухани  түсініктер-  Киелі  Рухтың 
сырластық  қарым-қатынасының  нәтижесі.  Құдай  кіші-пейілді 
адамдарға  ғана  Өзінің  құпия-сырларын  ашады.  Біз  Оған 
мойынсұнып, Киелі Рухтың жетелеуінде жүргіміз келген кезде
Онымен  терең  қатынаста  тұрғанда,  Одан  рухани  түсініктерді 
қабылдай аламыз.
Киелі  Рухпен  терең  қатынаста  тұру  арқылы  біз  Құдайдың 
құдіретін  қабылдаймыз.  Пауыл  Киелі  Рухтан  қабылдаған 
сөздерін жазып жіберді:
Бірақ  Ол  маған  былай  деді:  Менің  рақымым  саған 
жетер: күшсіз жағдайыңда Менің құдіретім толықтай 
іске асады. (Қор. 2 хат 12:9)
Құдайдың рақымы яғни құдіреті тек Өзіне мойынсұнғандарға, 
(өз  күшіне  сүйенбей  жүргендерге)  төгеді.  Сіз  Құдайдың 

185
КИЕЛІ РУХТЫҢ СӨЙЛЕГЕН ТІЛІ
даналығына  мұқтаж  болып,  Оған  өзіңізді  бағыштаған  кезде, 
Оның шексіз құдіретінің әрекеттерін өміріңізде көретін боласыз. 
Бұл да Киелі Рухпен сырластық қарым-қатынасының нәтижесі. 
Біздің  батыстағы  адамдар  тез  болатын  қорытындыға  назар 
аударады. Егер біз күш салып,істеп жүргеніміздің немесе үлес 
қосқанымыздың нәтижесін бірден көрмесек, онда біз оймызды 
өзгертіп, бастаған ісімізді аяғына дейін жеткізуге бас тартамыз. 
Бірақ, мен сіздің осы шындықты жақсы түсінгеніңізді қалаймын; 
біз  Киелі  Рухта  мінажат  еткенде,  өзіміздің  болашағымызға 
Құдайдың ақ батасының төгілуіне жол ашамыз. Кейде, рухани 
түсініктің «су бетіне қалқып шығуы» үшін уақыт керек. Біздің 
санамыздың  түсінігі  шектеулі  болғандықтан,  Киелі  Рухта 
мінажат  ету  үшін  сенімнің  болуы  қажет.  Бөтен  тілде мінажат 
ету, біздің сенімімізді нығайтып, адамның көзінен таса болған 
Құдайдың даналығын түсіне білуге қабілетті етеді.
АҚЫЛ-САНАМЕН МІНАЖАТ ЕТУ
Осы  тараудың  маңызды  тақырыбы,  Рухта  мінажат  ету 
болған; алайда, санамен дұға ету де тиімді әрі маңызды. Пауыл 
біздің екі түрі мінажат етуіміз керек екендігін жазды: 
Сонда не істеуіміз керек? Мен рухыммен де,санаммен 
де  Құдайға  сиынамын,  рухыммен  де,  санаммен  де 
мадақтау жырларын айтамын. (Қор. 1 хат 14:15)
Мен санаммен дұға еткенде, өзімді рухани нығайтамын. Бұл 
маған  үлкен  жігер  беріп,  көңілімді  көтереді.  Бұл  мені  жақын 
адамдар  үшін;  Лиза,  балаларым,достарым,  қызметтестерім 
жәнғе  тағы  басқа  адамдар  үшін  мінажат  ету  арқылы  рухани 
байланыстырады. Дәл солай, мен Құдайға санаммен дұға етіп, 
Оның ұлылығы туралы жария еткенде, Оған шексіз алғысымды 
білдіріп, істеген істері үшін мадақ айтамын. 
Киелі Рухтың жетелеуінде санаммен дұға ететін кездері де 
болады. Бұл, негізі, тағы бір Рухта мінажат етудің басқа түрі. 

186
КИЕЛІ РУХ
Бірақ  көбінесе,  біріншіден,  мен  Рухта  мінажат  етемін,  сосын 
Құдай  маған  мінажат  етуімнің  түсінікті  мағынасын  ашып 
береді. Менің бөтен тілдерде сөйлеп тұрғанымның мағынасы, 
ауызымнан өзен ағылып жатқандай шығады.
Мен  бөтен  тілдерде  мінажат  етудің  маңызы  зор  екендігі 
жайында жазғанда, санамен мінажат етудің маңызын төмендетіп 
жатқан жоқпын. Қайта, мінажат ететін өмірімізде екеуінің де, 
рухымен де санамен де мінажат етудің өте маңызды екендігіне 
көзіңізді жеткізгім келеді. Осы мінажат етудің екеуіде рухани 
өмірімізде маңызды және өте тиімді.
ӨМІРІМІЗДІҢ ҚАЙНАР-КӨЗІ
«Адамның  рухы-Жаратқаның  шырағы,  жүрек  түкпірлерін 
зерттейті  ол  қырағы»  (Нақыл  сөз  20:27).  Құдай  Рухының 
кереметтері, біздің санамызға емес, рухымызға айқын ашылады. 
Сол  себептен,  біз  бөтен  тілдерде  мінажат  еткенде,  Құдайдан 
соны  түсіндіретін  дарынды  бізге  беретініне  сенуіміз  керек. 
Киелі  Рухтың  рухани  мағынасы  рухымызға  ашылып,  содан 
кейін санамызда түсінікті болады.
Нақыл  сөз  20:5  аяттан  оқитынымыз:  «Адамның  ой-
ниеті(ақыл-кеңесі, даңалығы, бағыты, мақсаты) тұңғиық судай 
болар,  ақылды  адам  олардан  сарқып  алар».  Исаның  айқыш 
ағаштағы  құдіретінің  арқасында  бізге  жаңа  жүрек  берілді 
(Езек.36:26). Енді біз жүрегімізден Киелі Рухтың ашып берген 
ақыл-кеңесін сарқып ала аламыз. Өйткені, Киелі Рух кеңесші 
деп аталған. Иса осы шындықты мына сөздермен растайды:
Кімнің жаны шөлдесе, сол Маған келіп ішсін. Киелі 
Жазбаларда бұл туралы мына тәрізді сөздер айтылған: 
оның жүрегінен өмір беретін «су» тасқындап ағады» 
деді.  Иса  бұларды  Киелі  Рух  туралы  айтты;  Оны 
Исаға  сенетіндер  кейінірек  қабылдады.  Құдайдың 
Исаның  ұлылығын  адамдарға  әлі  білдірмегендіктен, 

187
КИЕЛІ РУХТЫҢ СӨЙЛЕГЕН ТІЛІ
Өзінің Киелі Рухын сенушілерге әлі қондырмаған еді.
(Жохан 7:38-39)
Осы аят Ишая пайғамбардың аятын есімізге түсіреді:
Құтқарылудың  қайнар  көздерінен  су  ала  бересіңдер 
қуанышпен. (Ишая 12:4)
Жохан  бізге  Исаның  өмір  беретін  судың  жүрегімізден 
тасқындап  ағатынын  Киелі  Рухтың  Өзі  білдірген  деп  нақты 
түрде  айтты.  Неге  Иса  Киелі  Рухты  суға  байланыстырды? 
Себебі, су бұл өмір, су болмаса, осы дүниеде бар тіршілік сусыз 
өліп  қалады.  Иса  Киелі  Рухты  сумен  салыстырғанда,  Киелі 
Рухтың  Өзі  біздің  өмірімізге  өте  қажет  екенін  білдірмекші 
болды. 
Құдай:  «Осылай  Менің  халқым  шынайы  білмегендіктен 
құриды» деді (Ошия 4:6). Құдай қандай білім жайында айтады? 
Құдай Өзінің жолдары мен мақсаттарын білу жайында айтады. 
Менің сізге айтатын жақсы хабарым бар; Құдай Өзінің жүрегін 
танып білуіміз арқылы , рухани өмірді толығымен сүру үшін бізге 
Киелі Рухты жіберді. Құдайдың Өзі кім екенін түсінбей, Оған 
қызмет ету мүмкін емес. Дәл солай, егер менің қызметтестерім 
менің  қандай  екенімді  білмейтін  болса,  онда  бірге  жұмыс 
істей  алмайтын  боламыз.  Киелі  Рух  бізге,  Киелі  Кітап  оқып, 
мінажат  еткен  кезде  Құдайдың  жүрегін  ашып  береді.  Осыны 
істеп жатқанда, қуанышты өмір сүре аламыз. Неем. 8:10 аятта: 
«Себебі  Жаратқан  Иеге  деген  қуаныштарың  қуш-қуат  беріп, 
паналарың  болады»  деп  жазылған.  Басқаша  сөзбен  айтқанда, 
біз Оған бола қуанып жүрсек (яғни Оның Рухының жаңа күшіне 
ие  болсақ),  барлық  алдымыздағы  қиыншылықтарды  жеңіп 
шешуге қуш-қуатқа бөленеміз. Мен сіз туралы білмеймін, бірақ 
өзім Киелі Рухтың беретін қуанышы болмаса, тіпті бір күн де 
өмір сүргім келмейді.

188
КИЕЛІ РУХ
ҚҰДАЙДЫҢ ҚҰПИЯ-СЫРЛАРЫ
Нақыл  сөздерден  және  Жохан  жазған  Ізгі  Хабардан 
жүрегімізден өмір беретін су тасқындап ағатынына Құдайдың 
құпия-сырлары  әрі  Оның  адам  көзінен  таса  болған  даналығы 
жататынын  түсінеміз.  Біз  осы  рухани  түсініктер  мен  құпия-
сырларын Киелі Рухтың білдіретінін білеміз. Енді, Пауылдың 
басқа  аятта  не  айтылғанына  қарайық:  «Керісінше,  жариялап 
жүргеніміз –Құдайдың құпия даңалығы» (Қор. 1 хат 2:7).
Грек  тілінде  «құпия»  деген  сөзді  мистикалық  немесе 
бір  мағыналы  емес  дегенді  білдірмейді.  Оның  мағынасы 
«жасырылған немесе толық ашылмағаны»дегенді білдіреді. 
Мынаны  елестетіп  көріңіз;  сіз  өте  қымбат  мейманханада 
отыр  екенсіз.  Аспаз  сізге  жақындап  келіп,  өзіңізге  қандай 
кулинарлық тағамның көбірек ұнайтынын анықтап біліп алады 
және  ол  сіздің  талғамыңызға  қарай  тамақты  пісіреді.  Тағам 
дайындалған  кезде,  даяшы  соны  әкеліп,  сіздің  алдыңызға 
қояды.  Осы  мейманхана  лайықты  болғандықтан,  тағамның 
үстіне ақ матаны жауып әкеледі және соны алып тастағанша 
тамақ осы қалпында тұрады. Сіз сол тағамның қандай екенін 
аңғарып  отырсаңыз  да,  соны  толық  білмей,  бұл  сізге  құпия 
болып  қалады.  Уақыт  келгенде,  даяшы  тағамның  үстіне 
жабылған  матаны  алып  тастайды.  Енді,  сіз  аспаздың  сіздің 
қалауыңызға  сай  қандай  тамақ  пісіргенін  көресіз.  Жабылған 
матаны  алып  тастаудың  алдында,  тағамның  болмағанын 
білдірмейді,  қайта,  тағамның  қандай  екенін  білер  алдында, 
соның  болған  екенін  түсінесіз.  Даяшы  сізге  кешкі  тағамның 
қандай  екенін  құпиясын  ашып  берді.  Аспаз  сіздің  тапсырыс 
берген  тағамыңыздың  қандай  екенін  әрқашан  білді,  бірақ 
жабылған матаны алып тастамағанша ол сізге беймәлім болды.
Құдайдың  Киелі  Рухтың  арқасында  Өзінің  құпия 
жоспарларын  үстінде  «жабылған  матаны»  алып  тастайды. 
Киелі Рухпен әріптес болғанда біз енді: «жариялап жүргеніміз- 
Құдайдың  құпия  даналығы...  Киелі  Рухты  қабылдап,  Соның 

189
КИЕЛІ РУХТЫҢ СӨЙЛЕГЕН ТІЛІ
көмегімен  Құдайдың  бізге  сыйлаған  игіліктерін  біле  аламыз 
солар туралы біз адамзаттың даңалығынан емес, Киелі Рухтан 
үйренген  сөздермен  уағыздап,  рухани  шындықты  рухани 
тілдерімен білдіріп түсіндіреміз» (Қор. 1 хат 2:7; 12-13).
Пауыл  осы  хатта  әрі  қарай  жазып  былай  деді:  «Бөтен 
тілдерде  сөйлейтін  кісі  адамдарға  емес,  Құдайға  арнап, 
сөйлеп,  ешкім  оны  түсінбейді.  Ол  өз  рухымен  құпияларды 
айтады»  (Қор.  1  хат  14:2).  Осы  аяттардың  арасында  өзара 
байланысты көріп тұрсыз ба? Біз бөтен тілдерде сөйлегенде, 
Құдайға  арнап,  құпияларды  айтамыз.  Осы  құпиялар  біздің 
жүргеміздің  түкпірінде  тасаланып  жатқанын  білеміз  (Нақыл 
сөз  20:5)  және  Киелі  Рухтың  берген  даналығы  рухымыздан 
тасқындап аққанда, соларды сарқып аламыз (Жохан 7:38-39).
Сондықтан, бөтен тілдерде мінажат ету арқылы «өмір беретін 
су»  яғни  өміріміздің  қайнар  көзі  тасқындап  ағып,  өзімізді 
рухани  нығайтамыз.  Сөйтіп,  біз  Киелі  Рухтың  даңалығын 
түсіне бастаймыз!
Мен бағана айтып кеткендей, Киелі Кітапты оқығанда,оның 
рухани  мағынасын  түсінбейтін  кездерім  болды.  Мен  оны 
түсінбеген кезде, Киелі Рухта мінажат еткеннен кейін, түсінік 
біраз уақыттан кейін келеді. Кітаптарды жазып отырған кезде, 
талай  рет  әрі  қарай  не  жазуым  керек  деп  білмеген  кездерім 
болды.  Сонда  мен  компьютерді  жауып  алып,  бөтен  тілдерде 
мінажат  етуден  басқа  ештеңе  істей  алмаймын.  Осылай 
істегенде, Киелі Рухтан өз рухыма жаңа түсінік келе бастайды. 
Сонымен, бұл Құдайдың Рухының су беретін өмір жүрегімнен 
тасқындап ағуының нәтижесі!
Егер  сіз  Құдаймен  терең  қатынаста  тұрмай  жүрсеңіз, 
кейбір  Құдайдың  құпиялары  сіздің  көзіңізден  таса  болады. 
Бұл құпиялар сіздің дұрыс шешім қабылдауыңызға; қауымға 
бару  не  бармау,  үйлену  не  үйленбеу,  қай  жұмысқа  орналасу, 
қай  үйді  сатып  алу,  балаларыңызды  қалай  дұрыс  тәрбиелеу, 
жұмыста  көтеріліп  кету  керек  екеніне  қатысты.  Сіздің 
маңызды  шешім  қабылдауыңыз  үшін  Құдайдың  біздерді 


1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал