3. киелі рухпен қарым-қатынас жасаудың Үш деңгейі



жүктеу 0.64 Mb.

бет1/19
Дата22.05.2017
өлшемі0.64 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

The Holy Spirit: An Introduction Kazakh by John Bevere 
© 2014 Messenger International 
www.MessengerInternational.org
Originally published in English as The Holy Spirit: An Introduction 
Additional resources in Kazakh by John & Lisa Bevereare available for free 
download at: www.CloudLibrary.org 
To contact the author: JohnBevere@ymail.com
Қазақ тіліндегі Джон Бивердің  Киелі Рух: Кіріспе деген кітабы
© 2014 Messenger International 
www.MessengerInternational.org
The  Holy  Spirit:  An  Introduction  деген  ағылшын  тіліндегі  тұпнұсқадағы 
басылымы.
Қазақ тілінде қосымша материалдарды мына сайттан тегін алуға болады: 
www.CloudLibrary.org
Кітаптың авторымен осы электрондық пошта арқылы хабарласуға болады: 
JohnBevere@ymail.com

МАЗМҰНЫ
КІТАПТАҒЫ МӘЛІМЕТ..................................................................5
КІРІСПЕ СӨЗ..................................................................................7
1. КИЕЛІ РУХ ДЕГЕН КІМ?..........................................................9
2. КИЕЛІ РУХТЫҢ МІНЕЗІ.......................................................49
3. КИЕЛІ РУХПЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЖАСАУДЫҢ 
     ҮШ  ДЕҢГЕЙІ...........................................................................93
4.  КИЕЛІ  РУХТЫҢ  ҚҰДІРЕТІНЕ  КЕНЕЛУ...........................131
5. КИЕЛІ РУХТЫҢ СӨЙЛЕГЕН ТІЛ.......................................177
Қосымша тарау: Сұрақтарға берілген жауаптар................227

КІТАПТАҒЫ МӘЛІМЕТ
Осы  кітапты  басқа  кітап  сияқты  басынан  бастап  аяғына 
дейін жай оқи салуға болады. Дегенмен, біз сізге кітапты жай 
оқып  ғана  қоймай,  сонымен  бірге  қосымша  материалдарды 
оқып, қабылдаған білімді қолдануға ұсынамыз.
Әрбір тарауды оқу үшін, әр күні бес тараудан оқуға бөлінеді 
және де тараудың аяғында тәжірибелік тапсырмалар
*
 жазылған. 
Сіз бір уақытта бір тарау оқып, бір тәжірибелік тапсырманы* 
орындай аласыз немесе өз мүмкіндігіңізге қарай істей аласыз.
Біз  сізге  аптасына  бір  тарауды  оқып,  зерттеп,  тәжірибелік 
тапсырмаларды*  орындауға  ұсынамыз.  Бұл  тапсырмаларды 
орындау  үшін,  шағын  топтарда  істеуге  болады.  Егер  сіз 
«Мессенджер Сериес оқуына»* қатысушы болып, оcы «Киелі 
Рух: Кіріспе» деген кітапты оқып жатқан болсаңыз онда біз апта 
сайын бейне сабақтарды көруге немесе тыңдауға әрі берілген 
сұрақтарды шағын топтарда талқылауға ұсынамыз. Содан кейін, 
бір  тарауды  оқып  болған  соң,  практикалық  тапсырмаларды 
орындаңыз.  Әр  тарауда  бір  оқу  тақырыбы  бар.  Әр  тарауды 
талқылауға  берілген  сұрақтар  тәжірибелік  тапсырмалардан 
кейін жазылған.
Мен  сіздің  осы  кітапты  рахаттана  отырып  оқитыныңызға 
үміттенемін!
*Тәжірибелік  тапсырмалар  -  Құдаймен  ерекше  уақыт  өткізу, 
cондай-ақ оқып жатқан материалды зерттеп, ойланып талқылау.
*Мессенджер  Сериес  оқу  -  Джон  Бивердің  апта  сайынғы 
бағдарламасының бейне сабақтары.

КІРІСПЕ СӨЗ
Менің әкем осы кітапты жазуға көмектесуді сұраған кезде, 
өзімнің мұны істей алатыныма ешқашан сенген жоқпын. Әкем 
осы  туралы  әлі  мінажат  еткен  жоқ  шығар  деген  ойға  келдім. 
Шындығын  айтқанда,  өзімді  лайықты  емеспін  деп  санадым. 
Сонымен бірге, әкемнің өтініші туралы ойлағанда, өзім қатты 
уайымға салынып, басым да, ішім де ауырып кетті.
Мен әкеме менен басқа лайықты адамдарды тауып алсаңыз 
екен,  тағы  осы  жайында  көбірек  (бір  немесе  екі  жыл  бойы) 
мінәжат  етсеңіз  екен  деп  өтініп,оған  көмектеспеуге  сылтау 
іздей бастадым. Бірақ, әкем бір -ақ күн мінәжат еткеннен кейін, 
тек менің ғана осы жұмысты істей алатыныма кәміл сенді. Неге 
десеңіз, өйткені менің әкем көптеген жастардың Киелі Рухпен 
қатынаста тұрмай, өз беттерімен жүргенін жақсы біледі, сондай-
ақ  Киелі  Рухтың  оларға  бейтаныс  Құдай  болып  қалғанын 
қаламайды. Сол себептен, әкем өзіне көмектесуді сұрады. Біз 
екеуіміз, көптеген адамдардың жас немесе кәрі болса да, Киелі 
Рухты  жақыннан  танып  білмегендіктен,  әрі  Оның  адамның 
өмірінде  қалай  жұмыс  істейтіні  мәлімсіз  болғандықтан,  осы 
маңызды шындықтан аулақ жүргенін білеміз.
Сонымен, өзімнің істей алмайтыныма қарамай, мен әкемнің 
мұқтажынан  бас  тарта  алмадым.  Шындығын  айтқанда,  әкеме 
көмектесу  үшін,  шешім  қабылдауға  мәжбүр  болдым.  Бірақта, 
осындай шешім қабылдағаныма ешқашан өкінбедім. Сонымен 
қоса, өмірімде мен қабылдаған шешімнің жемісін көрдім. Мен 
Құдайдың Сөзіне басқаша, жаңа көзқараспен қарай бастадым, 
сондай-ақ,  Құдай,  маған  Киелі  Рухтың  көп  керемет  істерін 
ашып  көрсетті.  Кейін,  Киелі  Рух  деген  қауымдардың  ішінде 
бейтаныс Құдай болып қалады 
деген 
ащы шындықты түсіндім. 
Біздің  Киелі  Рухқа  деген  көзқарасымыз  өзіміздің,  яғни 
адамның ойынан шығарылған діни рәсімдеріне негізделген. Ал 
шынымен, тек азғантай ғана адамдар, Оны жеке тұлға ретінде 
жақыннан біледі, Онымен тығыз байланыста тұрады.

Осы  кітаптың  мақсаты  сізді  Құдайдың  сөзі  арқылы  Киелі 
Рухпен  таныстыру  және  де  Онымен  тығыз  қарым-қатынаста 
тұруға  шақыру.  Бұл  кітаптағы  кейбір  тапсырмаларды 
орындаудың  киын  болуы  мүмкін,  бірақ  та  егер  сіз  тұрақты 
түрде оны орындай берсеңіз онда өміріңізде лайықты жемісті 
көретін боласыз.
Тараулардың  мәтіндерін  оқығанда,  Киелі  Рух  сізге  рухани 
мағынасын ашып берсін деп мінажат етіңіз. Құдайдың Сөзіне 
негізделмеген  неше  түрлі  бекіністер  немесе  күмәндану, 
сенбеушілік  болатын  болса,  соларды  жойып  алуға  Киелі 
Рухтың құдіреті жетеді. Тек Оған жол берсеңіз екен.Сіз Киелі 
Рухтың  қандай  да  бір  деноминациямен  немесе  тек  ерекше 
рухани өскен сенушілермен қатынаста тұрмайтынын түсінесіз.
Сонымен бірге, сіз Киелі Рухтың Оны іздеген барша халыққа 
ашылып, Өзінің барлық адамның өміріне қатысқысы келетінін 
түсіне бастайсыз. Құдайдың Рухы Иса Мәсіхті бізге көрсетуге, 
әрі  бүкіл  дүние  жүзіндегі  қауымдарын  Құдайдың  құдіретіне 
кенелтуге  жіберілген  болатын.  Ол  біздің  жүрегімізден  орын 
алып,  біздің  өмірімізді  жақсылыққа  өзгертуге  уәде  етті.  Тек 
Оған толықтай бағышталу, Оған мойынсұну, біздің міндетіміз 
болады.Сіз Киелі Рухтан басқа ең жақсы өміріңіздегі серігіңізді 
және ең жақын досыңызды таба алмайтыңыз шындық.
Киелі  Рух  сізбен  бірге  барлық  жағдайларыңыз  және 
қиындықтарыңызда  да,  қуанышты  сәтте  болғаныңызда  да 
бола  береді.  Ол  сізді  қатты  сүйгендіктен  ешқашан  тастап 
кетпейтініне уәде етті. Сонымен, сіз Киелі Рухпен танысуға әрі 
Онымен бірге өмір сүруге дайын болыңыз!
- Әдиссон Бивер, СОО Мессенджер Интернейшенал
Екі жағымызға да Мәсіх арқылы бір Киелі Рухтың арқасында 
Құдай Әкеге синынуға жол ашылды. (Ефес.  2:18)

1
КИЕЛІ  РУХ ДЕГЕН КІМ?
Ал Әкем Менің атымнан Қамқоршыларың-Киелі Рухты 
жібереді. Ол Менің сендерге айтқан сөздерімнің бәрін 
естеріңе салып, рухани өмірлеріңе керектігін бәрін үйретеді.
– Жохан 14:26
Бірінші күн
Б
ұл оқиға Жаңа жылда кешке жақын болған. Мен ораза 
тұтып, ерекше мінажат етумен болдым. Өзім Құдайға 
«Киелі  Жазбадан  қандай  кітап  оқуым  керек»  деген 
сұрақ  қойдым.  Ал  Құдай  маған:  «Елшілердің  істерін  оқы» 
деп таңғалдырып жауап берді. Мен неге таңғалдым? Өйткені, 
соңғы  мәрте  мінажат  етіп,  ұзақ  ораза  тұтқан  уақытта  Құдай 
маған:  «Елшілердің  істерін  оқы»  дегенді  де  естідім.  Себебі, 
осы  кітапта  Пауыл  елшінің  өмірін,  Құдайдың  оған  тапсырып 
берген  мақсатын,  орындап  жүрген  қызметін  әрі  оның  қалай 
азап шеккені маған өте түсініксіз болған. Әсіресе, оның азап-
шеккенін  өзіме  ақылға  сыймайтын,  мәнсіз  болып  көрінген. 
Неге, десеңіз. Қазір мен сізге түсіндірейін.
Құдай  Пауылды,  басқа  ұлттарға  Ізгі  Хабарды  уағыздауға 
таңдап  алған.  Ол:  «Тәңір  мені  осы  Ізгі  Хабарды  халықтарға 
жариялаушы,  елші,  ұстаз  етіп  тағайындады»  (2  Тим.  1:11) 
деп  айтты.  Бұл  оның  ең  маңызды  мақсаты  болған.  Осы  сөзді 
Пауыл  елші  өмір  сүру  барысында  айтатын.  Бірінші  елшілік 
сапарға шыққанда өз қандас Яһуди бауырластарына: «Мен сені 
басқа  ұлттарға  Нұр  болуға  белгіледім»  (Елш.  13:46-47)  деп 
Құдайдың оған тапсырған аманатын батыл қылып жариялады. 

10
КИЕЛІ РУХ
Және екінші елшілік сапар жасаған кезде ол: «Қазірден бастап, 
басқа ұлттардың адамдарына барамын» (Елш. 18:6 ) деп бекітті. 
Ал  Рим  қаласының  мәсіхші  бауырластарына:  «Мен  басқа 
халықтарға  жіберілген  елшісімін  (Рим  11:13)  деп  осындай 
сөздер  жазған.  Барлық  Пауылдың  жазған  хаттарында  біз  осы 
айтылған сөздерді көреміз.
Алайда,  өзінің  яһуди  халқын  қатты  сүйіп,  қандас 
бауырластарымды  құтқарамын  деп  кірген  әрбір  қаласында 
еврейдің  ғибадатханасын  (еврейше-cинагога)  іздеп  жүрген. 
Пауыл, басқа халықтарға Ізгі Хабар уағыздаудың алдында, ең 
алдымен,  синагогаларға  барып  яһудилерге  Құдайдың  Сөзін 
жеткізуге  тырысатын.  Шындығын  айтқанда,  олар  Пауылдың 
сөздерін  қабылдамай,  оның  басқа  халықтарға  бет  бұрып,  Ізгі 
Хабар  жеткізуіне  себепші  болған  екен.  Пауыл  елші  өз  яһуди 
бауырластарынан  талай  рет  азап  шегіп,  солардың  кесірінен 
көп қиындықтар көрген болатын. Олар Пауылдың және басқа 
халықтардың жетекшілерінің арасында арандатушылық жасап, 
біріне  -бірі  қарсы  шықсын  деп  жаулық  әрекет  жасайтын. 
Олар Пауылға қарсы бүлік көтеріп, оны ұрып-сойып, түрмеге 
жапқызып,  басына  көп  қиындық  түсірген  болатын.  Басқа 
сөзбен  айтқанда,  яһудилердің  мақсаты  Пауылды  жер  бетінен 
құрту болған. Бірақ сіз мына шындықты біліп, түсініп алыңыз: 
Құдай  яһуди  халқының  қамын  ойлап,  оларды  құтқарамын 
деген  мақсаты  бар.  Сол  себептен,  Жақып,  Петір  және  Жохан 
елшілері  яһуди  халқына  Ізгі  Хабар  жеткізуге  жіберілген.  Біз 
оны  Киелі  Жазбадан  көреміз:  «Қауымның  тіректері»:  деп  са-
:  «Қауымның  тіректері»:  деп  са-
«Қауымның  тіректері»:  деп  са-
:  деп  са-
налатын  Жақып,  Петір  және  Жохан  Құдайдың  маған  берген 
рухани  дарынын  мойындап,  менімен  және  Барнабамен  қол 
алысып,  қатынасымызды  бекіттік.  Сонымен  біз  Ізгі  Хабар 
басқа халықтарға, ал олар оны яһуди халқына алып барсын деп 
келістік». (Ғал. 2:9)
Мен өткен жолы ораза ұстаған уақытта,Құдай маған : «Балам, 
менің  рақымымнан  құралақан  қалмау  үшін,  өзіңе  Көктен 
ашылған  ерікке  сай  қызмет  ет!  Менің  берген  аманатымды 

11
КИЕЛІ  РУХ ДЕГЕН КІМ?
орындаудан өз жаныңды ұстап қалатын заттардан аулақ жүр» 
деп анық білдірді.  Осы сөздерді естігенде, «Елшілердің істері» 
кітабын неге тағы толық оқуым керектігіне өзім қайран қалдым.
Басқа Киелі Жазбалардың ішінде жазылған алпыс бес кітап бар 
емес пе?
Тәңір  Иемнің  айтқанын  орындап,  елшілер  туралы 
оқып  жатқанда  өзіме  жаңа,  басқаша  рухани  мағынасының 
ашылғанына қуандым. Құдайдың Сөзінің  тірі сөз екені  дәлел 
болды. Осы  жолы  оқығанда,  алғашқы  қауымдағы жетекшілер 
мен  қызметшілері,сондай-ақ  қарапайым  сенушілер  Киелі 
Рухпен бірге қалай жүргенін, Онымен бірге қызмет еткенін, Оған 
сүйеніп жүргенін, әрі Оның жетелеуіне тәуелді болғанын терең 
түсіне  бастадым.  Ол  әлгі  адамдардың  өмірлерінің  жан-серігі 
болып,  өмірлерінің  кез  келген  салаларына  қатысқан  болатын. 
Ол сенушілердің барлық іс-әрекеттеріне ортақ болған. Олар не 
істесе де, бәрін Киелі Рухтың қолдауымен істейтін: адамдарға 
Ізгі  Хабар  уағыздаса  да,  қызмет  етсе  де,  бірге  мінажат  етуге 
жиналса  да,  қызмет  жасау  жоспар  құруға  жиналса  да,  Киелі 
Рухтың арқасында істейтін. Мына Киелі Рух туралы жазылған 
аяттарға назар аударайық:
•  «Анани, неге жүрегіңе шайтанды ұялатып,Киелі Рухты 
алдап,  жеріңнен  түскен  ақшаның  бір  бөлігін  жасырып 
алдың?». (Елш. 5:3)
•  «Сонда Петір: қалайша сендер Киелі Рухты алдауға бола 
ма деп сынауға келістіңдер?». (Елш. 5:9)
•  «Біз де, Киелі Рух та бұл оқиғаларға куәміз». (Елш. 5:32)
•  «Ата-бабаларымызға  ұқсап  Киелі  Рухқа  әлі  де  қарсы 
тұрып келе жатырсыздар». (Елш. 7:51)
•  «Киелі  Рух  маған  ойланбастан  солармен  бірге  кетуім 
керек екенін айтып бұйырды». (Елш. 11:12)
•  «Солардың  ішінен  Агаб  деген  біреуі  орнына  тұрып, 
Киелі Рухтың бүкіл жерді аштық жайлайды деген хабар 
жеткізді». (Елш. 11:28)

12
КИЕЛІ РУХ
•  «Осылайша  Киелі  Рух  жіберген  екі  елші......Кипр 
аралына жүріп кетті». (Елш. 13:4)
•  «Киелі  Рухтың  білдіруімен  біз  сендерге  төмендегі 
қажетті  ережелерден  басқа  салмақ  салмауымыз  керек 
деп шештік». (Елш. 15:28)
•  «Олар  Мүзияға  жеткеннен  кейін,  Бітүнияға  кіруге 
ұмтылды,  бірақ  Иса  жіберген  Киелі  Рух  оларға  рұқсат 
бермеді». (Елш. 16:7)
•  «Пауыл өзін түгелдей уағыз жұмысына арнап, Киелі Рух 
оны Исаның Құтқарушы Мәсіх екеніне куәлік келтіруге 
қыстады». (Елш. 18:5)
•  «Пауыл  олардан:  Сендерсенген  кезде,  Киелі  Рухты 
қабылдадындар ма?». (Елш. 19:2)
•  «Пауыл Киелі Рухтың жетелеумен Македония мен Ахаия 
өлкелері арқылы Иерусалимге баратын шешімге келді». 
(Елш. 19:21)
•  «Тек әрбір қалада Киелі Рух мені түрме мен азаптардың 
күтіп тұрғанын білдіреді». (Елш. 20:23)
•  «Енді  өздеріңе  де,  Киелі  Рух  басқарушы  етіп  қойған 
барлық қауымға да қараңдар». (Елш. 20:28)
Елшілер  туралы  оқығанда,  Киелі  Рух  туралы  ашылған 
аяттар  көзіме  жиі  түсетін.  Өкінішке  орай,  қазіргі  заманда 
дүние  жүзінің  қауымдарында  Киелі  Рухтың  жұмысының 
көріністерінің  азырақ  екендігі  көрініп  тұрады.  Елшілердің 
заманында  болған  кереметтер  қазіргі  сенушілердің  өмірінде 
өте сирек кездеседі. Мен тек сенуші адамдардың өмірі жөнінде 
ғана  емес,  алғашқы  кезекке  өзім  жайлы  да  айтып  отырмын. 
Мен  «Елшілердің  істері»  кітабын  оқығанда,  өзімнің  Киелі 
Рухпен  тығыз  байланыста  тұрмай,  Оның  жетелеуінсіз  жүріп, 
құдіретіне ие болмай, қуанышсыз өмір сүріп келе жатқанымды 
түсіндім. Маған осы шындық ашылғанда, қалайша оны сізден 
жасырып,ешкіммен бөлісе алмаймын?

13
КИЕЛІ  РУХ ДЕГЕН КІМ?
МАҢЫЗДЫ ҚАҒИДАЛАР
Бұл тақырыпты талқылар алдында, сізбен Киелі Рух туралы 
ең маңызды қағидалар туралы бөлісейін:
Біріншіден, сіз Киелі Рухпен тығыз қатынаста тұрмайынша, 
рухани, жеңімпаз өмір сүре алмайсыз.
•  Киелі  Рухсыз  рухани  өміріңіз  жалықтыратын,  өнімсіз, 
қурап қалған шөптей болады. 
•  Киелі Рухпен қатынаста тұрмай, қызмет еткенде шаршап, 
қажып кетесіз.
•  Киелі Рухсыз Құдаймен қатынаста тұра алмайсыз.
Егер қауымда Киелі Рухқа жол бермесек, онда мына екеуінің 
бірінің салдарына ұшыраймыз:
•  Қауым,  қызығушылық  бойынша  жиналатын  қоғамдық 
тобырға айналып кетеді
•  Қауым діншіл болып кетеді.
Мына шындыққа ерекше ден қойыңыз:
•  Киелі  Рухтан  басқа  сізге  рухани  түсінікті  ешкім 
бермейді.  Сонымен  қоса,  Киелі  Рухсыз  Киелі  Жазба 
әр  адамға  «жай  жазылған  заңдар»  ғана  болады,  ал  бір 
аятта мынадай сөздер: «Жазылған заңдар өлім әкеледі, 
Ал  Киелі  Рух  шынайы  өмір  сыйлайды»  деп  бізге  осы 
шындықты растайды. (Қор. 2 хат 3:6)
•  Сіз  Киелі  Рухпен  қарым-қатынаста  тұрмай,  Құдайдың 
сізге  ашқысы  келетін  жоспарын  немесе  еркін  ұға 
алмайсыз.
•  Киелі Рухсыз қуанышты өмір сүре алмайсыз.
•  Киелі Рухсыз жүрегіңізде тыныштық болмайды.
•  Киелі Рухсыз рухани азаттыққа жете алмайсыз.
Иеміз  –  Рух,  Иеміздің  Рухы  бар  жерде  азаттық  бар. 
(Қор. 2 хат 3:17)

14
КИЕЛІ РУХ
Иеміздің  Рухы  бар  жерде  деген  сөздеріне  назар  аударып, 
бірге  ойланайық.  Құдайдың  Рухы  барлық  жерде  бір  уақытта 
бола  алатынын  түсінейік.  Дәуіт  пайғамбар:  «Сенің  Рухыңнан 
мен қайда қашпақпын? Көз алдыңнан қайда жасырынбақпын?» 
дейді (Забур 138:7). Әрине, бұл сұраққа «еш жерде, еш жерге» 
дегеннен басқа жауап бола алмайды. Дәуіт өз сөзін жалғастырып: 
«Көкке көтерілсем, сол орындасың. Таң шапағатына қалықтап 
ұшсам  да,  не  теңіздің  ар  жағына  қонсам  да,  сол  жерде  мені 
қолың жетелеп, құдіретті қолың ұстайды демеп» (Забур 138:8-
10) деп жазған. Құдайдың Рухы барлық жерде екені айдан анық.
Осыдан келіп, біз басқа сұраққа келеміз: Ал рухани азаттық 
барлық жерде болады ма? Енді Пауылдың «Иеміздің Рухы бар 
жерде азаттық бар»деп айтқан сөзіне тағы да карайық. Біз жаңа 
ғана Киелі Рухтың барлық жерде бола алатынын түсіндік, онда 
рухани  азаттық  барлық  жерде  болады  ма?  Жоқ,  мүлдем  олай 
емес. Егер сіз ауруханаға, түрмелерге, ішімдік жасайтын мекеме, 
не болмаса жезөкшелікпен айналысатын орындарға қарасаңыз, 
сол жерлерде Киелі Рухтың азаттығының болмайтынын көресіз. 
Мен мектепте болғанда, адамдардың үйлеріне кіріп шыққанда, 
тіпті  кейбір  қауымдарды  аралап  шыққанда  рухани  азаттықты 
көрмеппін. Онда,Киелі Жазбаның «Киелі Рухтың барлық жерде 
бола  алатыны»  жайлы  сөздерін  қалай  түсінуге  болады?  Мен 
сізге осы аяттың басқа аудармасын келтірейін: 
Киелі Рух қай жерде Тәңір болса, сол жерде азаттық бар. 
(Қор. 2 хат 3:17 автордың жеке аудармасы)
Грек  тілінде  «Тәңір»  деген  сөз  «Кюриос»  деп  айтылады. 
Оның мағынасы: «Жоғарғы билеуші» дегенді білдіреді. Бірақ, 
ішімдік ішетін жерде, түрмелерде, ауруханаларда, адамдардың 
үйлерінде, тіпті көптеген қауымдарда Киелі Рухтың басқаруына, 
ешкім  жол  бермейді.  Қай  жерде  Киелі  Рухтың  «жоғарғы 
билеуші»  болуына  жол  берілсе,  сол  жерде  барлық  адамдарға 
азаттық келеді әрі әділдік басқаратын болады

15
КИЕЛІ  РУХ ДЕГЕН КІМ?
ОСЫ ЖАЗҒАННЫҢ МАҚСАТЫ
Менің жазғанымның мақсаты, сізді Киелі Рухпен таныстыру. 
Ол туралы мыңдаған кітаптар жаза берудің шегі болмайды. Ол 
туралы тоқтамастан әңгіме айтуғада болады.
Менің  өз  жұбайыммен  бірге  өмір  сүріп  қеле  жатқаныма 
отыз  жылдан  асып  кетті.  Мен  онымен  көп  уақыттан  бері 
бірге  тұрғанмен,  оның  ерекшелігін,  қасиеттерінің,  әрі  оның 
жүрегіндегі сырларын әлі де біліп келе жатырмын. Біз жақын 
арада бірге болғанымызға отыз жыл толуына орай той жасап, 
өзіміз оңаша қалып бірге болдық. Сол уақытта, жұбайымның 
армандарын, оған ненің ұнайтынын, өзінің қандай қабілеттерінің 
бар екенін біліп алдым.
Ал  оның  қабілетіне  келетін  болсам,  жұбайымның  гольф 
ойынын  жақсы  ойнай  алатын  табиғи  дарыны  бар  екенін  де 
білмеппін. Менің спортпен айналысуды қалай жақсы көретінімді 
білгендіктен, ол бірге гольф ойынын ойнайық деп маған ұсыныс 
жасады. (Біз бірге уақыт өткізгендіктен, көп ойнағымыз келмей, 
бір раунд ғана ойнадық). Сол гольфтың алаңында он жетінші 
шұнқырда  терең  шыңырау  бар  екен.  Мен  өз  жұбайымды 
гольфтың добын ана жерге лақтыра аласың ба? деп сұрадым, 
өйткені ол ешқашан істемеген нәрседен қашпайды да, барлық 
кезде жаңа нәрсеге үйренгісі келетін адам екен. Ол осы доптың 
60 метрлік үлкен ордан ұшып өтіп кетуі үшін 137 метрге алыс 
лақтыруы керек еді. Егер ол қатты ұрмаса онда доптың теңізге 
құлап кетуі мүмкін. Мен, Лизаға әдейі ескі допты тауып алып 
бердім,  өйткені  оныенді  ешқашан  көрмеймін  деп  ойлап  едім. 
Дегенмен,  Лиза  жақсылап  тұрды  да,  допты  қатты  ұрып,  оны 
160  метрге  алыс  лақтырыпты!  Міне,  отыз  жылдан  бері  бірге 
тұрғанда, мен оның жаңа дарынын бар екендігін білдім. 

16
КИЕЛІ РУХ
Ал, әр кеш сайын, кешкі тамақты бірге ішіп отыалар сізге 
үлкен көмек береді.
Екінші күн 
КИЕЛІ РУХ ТУРАЛЫ ЖИІ КЕЗДЕСЕТІН 
ҚАТЕ ТҮСІНІК
Көптеген  мәсіхшілердің  Киелі  Рух  жөніндегі  түсініктері 
қате  болады.  Біріншіден,  олар  Киелі  Рухпен  тығыз  байланыста 
болу,Оның Өзінің қандай екенін түсінгеннің орнына, Киелі Рухтың 
құдіретіне  қалай  толуға  болатыны  немесе  қалай  Өз  құдіретімен 
ерекше әрекет жасауға болатынын түсінуге ұмтылады.
Біріншіден, біз Киелі Рухтың Өзі жеке тұлға екенін, бізбен 
байланыста  тұрғысы  келетінін  түсіне  білуіміз  өте  маңызды. 
Ол Киелі, даналығы мен құдіретінің шегі жоқ, сонымен бірге 
нәзік,  адамдарға  сезімтал  және  жанашыр.Біз  Оған  қалай 
қараймыз?  Оған  біздің  құрметіміз,  толық  бағышталуымыз 
бен  сүйіспеншілігімізді  қабылдауға  лайықты  Құдай  ретінде 
қараймыз  ба?  Әлде  жай  ғана  Құдайдан  келген  құдіреті  тіпті 
кейде  сиқырлы  күш  ретінде  қараймыз  ба?  Немесе  «бізге 
әрдайым жомарт болып, сыйлық бере салатын Жаратқан Иеге» 
сол үшін ғана үміт артамыз ба?
Бұл өте шектеулі, діншілдік көзқараспен байланысты болатын 
қате түсінік. Егер біз солай ойласақ,онда өркөкіректеніп, біздер, 
ерекше мәсіхшілерміз деп, өзімізді жоғарылатып кетеміз.
Бірақ, егер біз Оған құдіреті шексіз, табынуға лайық, даналық 
пен  ақылға  толы,  қасиетті  Құдай  деп  қарайтын  болсақ,  және 
Оның Құдай Әкемен және Оның Рухани Ұлымен арасындағы 
байланыстырушы қатынас бар екенін түсінетін болсақ және де 
өмірімізді толық Киелі Рухқа арнайтын болсақ, онда біз Оған 
басымызды иіп, Оны терең қастерлейтін боламыз.
Құдайдың  Рухына  табиғаттан  тыс  күш  ретінде  қарайтын 

17
КИЕЛІ  РУХ ДЕГЕН КІМ?
адам, «Өзімде Киелі Рух көбірек болсын» деп жиі айтады. Ал 
Киелі Рухпен жеке тұлға ретінде байланыста тұрғысы келетін 
адам:  «Өз  өмірімді  Оған  толық  арнау  үшін,  тағы  не  істеуім 
керек?» деп сұрақ қойып, сол ойымен жүреді.
БІЗДІҢ КИЕЛІ РУХҚА ДЕГЕН 
КӨЗҚАРАСЫМЫЗ
Көптеген сенушілер Киелі Рухпен жеке тұлға ретінде тығыз 
қарым-қатынаста  тұрғанның  орнына,  Одан  тек  ғана  құдіретін 
қабылдауға  тырысуының  себебі,  олардың  Киелі  Рух  туралы 
қате  түсінікке  ие  болғаны  деуге  болады.  Көптеген  адамдар 
Киелі  Рухқа  «жансыз  табиғат»  ретінде  қарайды.  Ол  туралы 
айтқанда «Ол» деген сөздің орнына «бұл» деп айтады. Менің 
Құдайға  қызмет  етіп  жүргеніме  отыз  жыл  болды;  егер  Киелі 
Рухқа  «бұл»  деген  айтылған  сөзді  естіп  тұрған  сайын,  маған 
біреу бір доллар беріп тұратын болса, онда мен өте бай адам 
болып кетуші едім. Өкінішке орай, біз Киелі Рухты жеке тұлға 
ретінде  қабылдамағандықтан,  Оның  біздің  өмірімізге  толық 
қатысуына жол бермейміз. Құдайдың Рухын сыйламаған, Оған 
құрмет  көрсетпеген  адамның  өмірінде  Киелі  Рухтың  құдіреті 
болмайды. (Мат. 13:54-58; Забур 89:7)
Киелі  Рухты  жеке  тұлға  ретінде  айтатын  болсам,  Оны 
адам ретінде айтып тұрған жоқпын. Жеке тұлға болғандықтан 
Киелі  Рухтың  барлық  қасиеттері  бар  екенін  сізге  айтқым 
келіп отыр. Киелі Рухтың Өзі- Құдай, біз сияқты пенде емес. 
Барлық  адамдардың  рухани  жағынан  Құдайға  ұқсас  етіліп 
жаратылғанын есімізде сақтауымыз керек. Ол бізге ұқсас бола 
алмайды, қайта біз Оған ұқсап келеміз. 
Біз сенушілер бола тұра, Оны Жалғыз Киелі Құдай ретінде 
қабылдамай, Оның Өзіне жай қасиетті «жансыз болмыс» ретінде 
қараймыз.  Киелі  Рухтың  қалауы  бізбен  дос  болу,  дегенмен, 
біз  Оның  өз  өмірімізге  әсер  етуіне  көп  жол  бере  бермейміз. 
Шындығын  айтқанда,  біз  өзіміздің  білместігімізден,  Онымен 


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал