3-бет Тендер. Реклама. Рк №5 (181) 15 наурыз (сейсенбі) 2016 жыл



жүктеу 150.24 Kb.

Дата10.09.2017
өлшемі150.24 Kb.

3-бет

Тендер.

Реклама. РК

№5 (181)  15 наурыз  (сейсенбі)  2016 жыл

 

Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У

Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі 

агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің 

Қызылорда  қалалық  аумақтық    инспекциясы  Қазақстан 

Республикасы аумағын карантинді объектілерден және бөтен текті 

түрлерден  қорғау  тәртібін  сақтау  мақсатында  келесіні 

хабарлайды.Қазақстан  Республикасының  «Өсімдіктер  карантині 

туралы»  №  344-1  Заңының  12-бабына  сәйкес  мемлекеттік 

карантиндік  фитосанитариялық  бақылау  және  қадағалау 

объектілерінің бірі себу мен отырғызылатын материалдары болып 

табылады.  Сондықтан,  1  наурыздан  бастап  «КӨШЕТ»  үш  айлық 

акциясы жарияланды.

Осыған  орай,  маусымдық  кезеңнің  басталуымен  облыс 

аумағына  әкелінетін,  сонымен  қатар  жергілікті  атқарушы  орган 

белгілеген  орындардан  тыс  жерлерде  және  мүдделі  мемлекеттік 

органдардың  келісімінсіз,  заңды  және  жеке  тұлғалардың  сауда-

саттықты жүзеге асыратын орындарда тұқымдық материалдар мен 

отырғызу  материалдарын  карантиндік  объектілермен  және  бөтен 

т е к т і   т ү р л е р м е н   з а л а л д а н у ы н ,   с о н д а й - а қ   о т ы р ғ ы з у  

материалдарына  қойылатын  фитосанитариялық  талаптарға 

сәйкестігін  өсімдіктер  карантині  жөніндегі  мемлекеттік 

инспекторлар тексеріп-қарауға мүдделі. Акцияның мақсаты, басқа 

елді  мекендерден  алып  келінетін    себу  және  отырғызылатын 

материалдар карантиндік тексеруден міндетті түрде өткізілуі тиіс. 

Яғни облыс аралық тасымал кезінде карантиндік сертификат, басқа 

мемлекеттерден  алып  келінетін  себу  және  отырғызылатын 

материалдарға  фитосанитарлық сертификаттың болуын қадағалау.  

.

Жеке  және  заңды  тұлғалар  карантинге  жатқызылған 



өнімді, тұқымдық және көшеттік материалдарды облыс аумағына 

фитосанитариялық  және  карантиндік  сертификаттармен  әкелінуі 

қажет. 

Жеке  және  заңды  тұлғалар  карантинге  жатқызылған 



өнімді, тұқымдық және көшеттік материалдарды облыс аумағына 

карантиндік  құжатсыз  әкелгені  үшін  немесе  өткізгені  үшін  және 

залалданған  өнімді  әкелгені  немесе  өткізгені  үшін  тиісті 

карантиндік  іс-шаралар(алып  қою,  кері  қайтару,  жою)  мен  қатар   

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы  5 шілдедегі  «Әкімшілік 

құқық бұзушылық туралы»  Кодексінің 400 бабына сәйкес айыппұл 

салынатындығын хабарлайды.

ҚР АШМ АӨК МИК-нің 

Қызылорда қалалық аумақтық инспекциясы Өсімдіктер 

карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы

  

Қ.Маратқызы, 

           

Өмірі өлеңмен өрнектелген ақын

 

«Жылайды жапырақ» әні ән сүйер қауымға етене таныс, ал бұл әннің сөзін сырбойылық 



ақын Қатира Жәленова жазғанын көпшілік біле бермейді. Қатира Жәленованың есімі Сыр өңірі 

ақын қыздарының көш басында тұр. Қаламгердің көркем сөзбен кестеленген жырлары сан алуан 

тақырыпты  қамтиды.  Өмірі  өлеңмен  өрнектеліп,  қуаныш-мұңын,  жүректегі  нәзік  сезімін  сол 

өлең  жолдарына  сыйғыза  білген  ақын  поэзиясы  белгілі  бір  дәуір  не  жас  талғамайды.  Сыр 

бойында өзінің өрнекті өлеңдерімен, лирикалық шығармаларымен төл әдебиетімізде лайықты 

орын  алған,  кейінгі  ұрпаққа  сөз  құдіретімен  асыл  мұра  қалдырған  қаламгер  ақын,  Қазақстан 

Жазушылар одағының мүшесі Қатира Жәленоваға арналған «Өмірімнің өрнегі-өлеңдерім» атты 

әдеби  сазды  шығармашылық  кездесу  кеші  Әлия  Молдағұлова  атындағы  №173  орта  мектепте 

болып өтті. Кешке Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Қазақ тілі 

мен  әдебиеті  және  журналистика»  кафедрасының  доценті,  филология  ғылымдарының 

кандидаты «Құс қанаты – Қызылорда» қоғамдық қорының басшысы Бекмағанбетов.Шанжархан, 

қалалық  білім  бөлімінің  әдіскері  Гүлнұр  Жылқайдарова  және  қала  мектептерінің  ұстаздары   

қатысты. Қазақ поэзиясына «Кел, махаббат» атты жыр жинағымен енген лирик ақынның мұнан 

да басқа сезімге толы сыршыл өлеңдері мол.  Оның «Аңсаған менің әнімсің», «Ақ гүлдер» атты 

жинақтарын қолға алсаңыз, Сырды сұлу сөзбен суреттеген саф, мөлдір, кіршіксіз таза сезімді 

аңғаруға болады. Сөз зергерінің бір топ өлеңдері «Разбег» атты ұжымдық басылымына шығып, 

орыс тілді оқырманның сүйікті жырларына айналып та үлгерген. Оқушылармен кездесуде ақын 

алғашқы  еңбектерінің  жазылу  тарихын  кеңінен  баяндап  берді.  Қатира  Жәленова  –  талай 

мүшәйраларда  топ  жарған  ақын.  1979  жылы  Мәскеуде  өткен  бүкілодақтық  жас  ақын-

жазушылардың  кеңесіне  қатысып,  керемет  туындыларын  паш  етті.  Сөз  қадірін  өз  қадіріндей 

ұғынған  сырбойылық  ақын  кезінде  республикалық  «Жігер»,  «Түрік  дүниесі  поэзиясы» 

фестивальдарының лауреаты атанды. Шығармашылығында өсу, ізденіс басым қаламгер шет ел 

поэзиясын қазақ тілінде аударуда да табысты еңбек етіп келеді. Мектеп директоры                         Г. 

Ақназарова      ақынның  шығармалары  оқырманды  сезім  шуағына  бөлеп,  ой  тереңдігімен   

парасатқа  баулитындығын,  көркем  келістілігімен,  өзіндік  нақыш  өрнектерінің  молдығымен 

ерекшеленетінін  атап  айтты.  Ақынның  өлеңдері  жырға  жаны  құмар  жас    ұландардың 

орындауында тыңдалып,  ақынға сұрақтар қойып сұхбаттасты. Шығармашылық кеш барысында 

Қатира Жәленова өзінің  ұстазы,  белгілі қаламгер, Сырдың сыршыл ақыны Әбділда Тәжібаевқа 

арнаған  «Күн  жүрек»  поэмасынан    7-  сынып  оқушылары  Орақова  Эльнара  мен  Құрманғали 

Нариман   үзінді оқыса, ақынның шығармашылығынан өлеңдерін нақышына келтіре орындаған 

Жансұлтанқызы  Аружан  мен  Мәлік  Арайлым      көрермен  көңілінен  шыға  білді.    Шалқар 

шабытты сезініп, өмірге деген айрықша көзқарасы, дара қабілеті бар адам ғана ақын атанары хақ. 

Қалам қуатына бағынып, жыр жақұттарын моншақтай тізген сөз зергерінің жазары көп. Өйткені 

кеудеде жүрек, санада ой барда, ақынның шабытына еш нәрсе тұсау болмайды.



Абдраманова Гүлназ,  Ә. Молдағұлова атындағы   №173 орта мектептің    қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

  «МӘҢГІЛІК ЕЛ» - ҚЫЗЫЛОРДАДА

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында жолға шыққан «Мәңгілік Ел» пойызы 

Қызылорда  қаласында  болды.  Облыс  әкімінің  орынбасары  Ғалымжан  Әмреев  пен  қала  әкімінің 

орынбасары  Айдын  Қайруллаев  бастаған  Сыр  өңірінің  тұрғындары  пойыз  жолаушыларын  сән-

салтанатпен күтіп алды. Теміржол вокзалына 

жиналған  тұрғындарға  пойыз  мүшелері 

шараның маңызын түсіндірді.

        Содан  кейін  делегация  мүшелері  Асқар 

Тоқмағанбетов  атындағы  қалалық  мәдениет 

үйінде  мемлекеттік  қызметкерлердің,  түрлі 

сала  басшылары  мен  қала  тұрғындарының 

қатысуымен  өткен  жиында  болды.  Жиын 

барысында  делегация  жетекшісі,  Л.Гумилев 

а т ы н д а ғ ы   Қ а з а қ   М е м л е к е т т і к  

Ун и в е р с и т е т і н і ң   р е к т о р ы   Ә м і р ж а н  

Әлпейісов,  Астана  қаласының  «Қоғамдық 

келісім  орталығы»  директоры  Талғат 

Жақиянов сөз алып, «Мәңгілік Ел» идеясын, 

Қ Р   П р е з и д е н т і   Н . Ә . Н а з а р б а е в т ы ң  

«Қазақстан  жаңа  жаhандық  ахуалда:  өсім, 

реформалар, даму» атты Қазақстан халқына 

Жолдауын,  «100  нақты  қадам»  Ұлт 

жоспарындағы  Елбасының  алға  қойған 

басты  міндеттер  мен  мақс атт арына 

тоқталды.  Одан  кейін  қонақтар  жоспарға 

сәйкес жұмыстарын жалғастырды.

        Облыстық  диагностикалық  орталықта 

м ед и ц и н а   ма ма н д а р ы   т ұ р ғ ы н д а рд ы  

қабылдап,  тегін  кеңес  беруде.  Ал  Халыққа 

қ ы зм е т   к ө р с е ту   о рт а л ы ғ ы н д а   с а л а  

мамандары  мемлекеттік  қызмет  түрлерін 

тиімді  пайдалану  жолдарымен  бөлісті. 

Сонымен қатар қала тұрғындары орта және 

кіші  кәсіпкерлікті  дамыту  бағдарламалары 

бойынша сұрақтарына жауап алды.

        Қонақтар  №278  орта  мектептің 

түлектерімен  кездесу  өткізіп,  «Мәңгілік  ел 

жастары – индустрияға!» бағдарламасын түсіндірді. Ары қарай «Қыз Жібек» мейрамханасында өткен 

мүгедек балаларға арналған қайырымдылық акциясына қатысты.

 


2

 

№5 (181) 15 наурыз (сейсенбі) 2016 жыл



Бағалы  дақыл –жоңышқа  

және оның зиянкестері 

      Жоңышқа  дақылы  күріштің ауыспалы егіс  

жүйесіндегі       және   белокты мал азығы үшін  

өте  бағалы    дақыл  болып  табылатындығы   

белгілі  .    Ол    топырақ    қабатын  жақсы   

құнарландырып,  жердің  сортаңдануын  тежеп 

отырады  .    Жоңышқаның  қомақты  тамыр 

жүйелері        топырақты    жер    және    су   

эрозиясынан      сақтай    отырып  ,оның   

физиологиялыққ    және    химиялық    құрамын   

жақсартады     және   азотпен   байытады.   Сол   

себепті    де    соңғы    жылдары    аудан   

шаруашылықтарында    жоңышқа    көлемін   

көбейтуге  бетбұрыс  жасалуда .  

       Дегенмен   де   осындай   бағалы   дақылдың   

шығымдылығын    молайтуға      кедергі 

келтіретін    жайттар    бар  .    Соның    бірі  -   

жоңышқа    жапырағының  бізтұмсығы  немесе  

фитономус .   

       Фитономус жоңышқа егісінде кең тараған 

зиянкес  .    Дене    тұрқы    -4,5-5,5мм  –ге  дейін 

жетеді . Мұртшасы   буын   буынға     бөлінген , 

денесінің  түсі    сұр  қоңыр  болып  келеді  . 

Қоңыздардың  алдыңғы  арқасында  3  ақшыл 

ұ з ы н а   б о й л ы   жол а қ т а р   о р н а л а с қ а н   .  

Дернәсілінің  денесінің  ұзындығы  -10мм 

шамасындай  болады,  денесінің  түсі  жасыл, 

басы қара   ,  арқасында  ақшыл  жолағы  бар . 

Қоңыздар   өсімдік   қалдықтарының   астында   

және  топырақтың беткі қабатында  қыстайды  . 

О л а р   ж о ң ы ш қ а н ы ң     ж а п ы р а ғ ы м е н    

қоректенеді,   сабағын   кеміріп   , шұқырайтып   

тастайды.      Жұмыртқаларын      жоңышқа   

сабағының    жоғарғы    бөлігіне    салады.   

Негізінен 1 ұрпақ береді  .

  Қысқы мекендерінен топырақтың  жылылығы  

10-12 0С –қа жеткенше шыға бастайды . 

    Фитономус личинкаларының зиянды әрекеті 

жан  –жақты  ,  біріншіден  ол    жоңышқаның 

жапырағын  жеп  оның  құнарлығын  және 

органикалық    затты  синтездеу  қабілетін   

төмендетеді  ,    екіншіден    келешек    ұрық   

түзетін    бүршігін  жеп  ,  тұқым  өнімін 

төмендетеді, үшіншіден мал үшін улы зиянды 

экскрименттер  (  кантарин  )  бөліп  шығарып     

жоңышқаны   ластайды   . Фитономустың саны 

мен  зақымдану  дәрежесі  жоңышқаның  және  

сыртқы  ортаның  әсеріне  байланысты  . Жаңа 

егілген  егіспен  салыстырғанда    4-5    жылдық   

жоңышқалықта    фитономустың    саны   

әлдеқайда  көп  болады.  

        Күресу  шаралары  :  Фитономустың  санын 

азайту үшін  ерте көктемде  егістікті бірнеше із  

с а л ы п     ,   т ы р м а л а у   ,   а р а м ш ө п т е р  

қалдықтарынан    тазарту      жұмыстары 

жоңышқаның  ерте  көктеуіне  әсерін  тизізеді  . 

Е к і н ш і   ж ы л ғ ы   ж о ң ш қ а н ы   с у а р у   д а    

фитономустың    азаюына    септігін    тигізеді. 

Жоңышқаны  ауыспалы  егіске  пайдаланған 

кезде    көп    жылдық    дақылдарға    шеек  қою 

керек.    Көпжылдық  егістен    жоңышқаның   

тұқымдық    учаскелері    кем    дегенде    500  м   

алыс   болуы   қажает   . Жоңышқаның   тұқымы   

мен   шөбін   кезектестіріп   пайдаланған жөн .   

Энтомолог  иялық    аулағышпен    10    сермеу   

жасағанда  жоңышқаның  көктеу  кезеңінде   -

3-8    қоңыз,    сабақтану    мен    шанақтану   

кезеңінде    -10    дернәсіл    түссе    ,    онда   

инсектицидпен    өңдеу    қажет  .            Қорыта   

келгенде   құнарлы   мал   азығынан   мол   өнім   

алу  үшін  оны агротехникалық  шараларға  сай  

к ү т і м ге     а л ы п ,   ф и то н ом у с     с и я қ т ы  

зиянкестерге    қарсы    күресті    жүйелі   

жүргізудің  маңызы  зор . 



К.Нұрғалиева

ҚР АШМ АӨК МИК Жалағаш аудандық 

аумақтық инспекциясының 

              өсімдіктерді қорғау жөніндегі 

мемлекеттік инспекторы

Алғашқы рет тойланған мереке

Көктемнің  алғашқы  күні  Қызылорда  қыласындағы  А.Тоқмағанбетов  атындағы  мәдениет 

үйінде  «Ықылас,  пейіл  айқұшақ»  атты  алғыс  айту  күніне  арналған  мерекелік  шара 

ұйымдастырылды. Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен қатар келген Алғыс айту күні жақсы 

деңгейде  өтті.  Оны  біз  мерекелік 

шараға  залдың  лық  толуынан 

байқадық. 

Е л б а с ы м ы з д ы ң   б е к і т к е н  

заңымен  1  наурызда  тойланатын 

мейрамды бүкіл Қазақ жұрты тынытық 

пен  бейбітшіліктің,  с енім  мен 

сыйластықтың  алғышарттары  деп 

білуде.  Достығы  жарасқан  қала 

тұрғындары  Алғыс  айту  күнінде 

мәдениет  үйінде  бас  қосып,  алғыс 

білдіріп  ыстық  лебіздерімен  бөлісті. 

Мерекелік  іс-шараны  Қызылорда 

О б л ы с   ә к і м і н і ң   о р ы н б а с а р ы  

Қайруллаев  Айдын  Бөкенбайұлы  сөз 

сөйлеп  алғыс  айтып,  тұрғындарды 

сыйластыққа,  құрмет  пен  кішіпейілділікке  шақырды.  Үлкен  шарада  әншілер  сазды  үнімен  ән  салып, 

бишілер  биімен  барша  көрермен  қауымға  өнерлерін  көрсетті.  Ұлттар  бейбітшілігімен  халықтар 

достастығы арқасында Тәуелсіз еліміз бүгінде өркендеп ілгері басып келеді.

«Ынтымақ  түбі  –  береке!»  демекші  Қазақстанның  қарымды  қадамы  қарыштап,  бедел  абыройы 

шарықтап,  шаңырағы  шайқалмай,  өзгелерден  тайсалмай,  теңдігі  мен  тұрақтылығы  баянды  болуы 

бірлігіміздің арқасы!

Берік АРЫҚБАЙ

.

Сыбайлас жемқорлық қоғамның жегі құрты

Сыбайлас  жемқорлықпен  күресу  және  оны  жеңу  бүгінгі  күні  республикадағы  мемлекеттік  саясаттың 

басты бағыттарының бірі болып табылады.

Сыбайлас-жемқорлық  бірталай  экономикалық  заңдардың  іс-әрекетін  төмендетеді  және  әлемдік 

қауымдастық  алдында  елдің  беделін  түсіреді,  оған  тиімді  шетел  инвестиция  жолында  басты  кедергі 

болып  табылады.  Адал  және  әлеуметтік  бағытталған  бизнес  нарықтан  ысырылады,  себебі  сыбайлас-

жемқорлық  мұндай  бизнесті  тиімсіз  етеді.  Сыбайлас-жемқорлық  әсіресе  мемлекеттік  билік 

органдарында қауіпті. Мұндай жағдайда ол биліктің монополиясын, мемлекеттік қызметшілердің шешім 

қабылдау өкілеттігін күшейтеді және шенеуніктердің қатал құқықтық есеп беруін және бақылауда болуын 

жоюын білдіреді. Практика көрсеткендей, сыбайлас-жемқорлық мемлекеттік жүйенің барлығын бұзады, 

мемлекеттік билік беделінің және мемлекеттік қызмет абыройының құлдырауына ықпал етеді.Сыбайлас-

жемқорлық  экономиканың  дамуына  кедергі  жасайды  және  ұйымдастырылған  қылмыстың,  әсіресе 

экономика саласында, өсуіне ықпал жасайды.

Мемлекет  басшысы  сыбайлас  жемқорлықтың  ауқымы  мен  салдарларын  нақты  бағалап,  осы  қауіпті 

құбылыспен қатаң және шешуші түрде ымырасыз әрі жан-жақты жоспарлы күрес жүргізуді басты мақсат 

етіп  отыр.  Президент  жанынан  құрылған  Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күрес  мәселелері  жөніндегі 

комиссия  -  Елбасының  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  стратегиясын  іске  асырудың  маңызды 

құралдарының  бірі  болып  табылады.    Елбасы  биылда  «Қазақстан  халқының  әл-ауқатын  арттыру  – 

мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты өзінің Қазақстан халқына жолдауында демократиялық қоғам 

жағдайында қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ерекше мәнге ие болады деп атап көрсетті. 

Яғни бұл мемлекеттің осы жағымсыз құбылысты жою бағытындағы кешенді және жүйелі күрес жүргізу 

саясаты  жанданып,  әрі  қарай  жалғасын  табады  деген  сөз.  Сонымен  қатар  сыбайлас  жемқорлықпен 

пәрменді  күресу  үшін  халықтың  құқықтық  сауатсыздығын  жоятын,  құқықты  түсіндіру  жұмысының 

деңгейі  мен  сапасын  арттыру  керектігінің  маңызы  зор.  Халық  өздерінің  құқықтарын,  өздеріне  қарсы 

қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты 

жолдарын толық білулері қажет. Азаматтық қоғамның барлық институттарының күш-жігерін біріктіру, 

осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың халықаралық тәжірибесі мен барлық амалдарын 

қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.

ХҚКО Жалағаш аудандық бөлімі

Электронды  үкімет

 Мінсіз қоғамда  өмір сүргіңіз келе ме?  Ал, мінсіз қоғамды көз алдыңызға қалай елестетер едіңіз? Мінсіз 

қоғам ол жан-жақты қамтылған,  барлық қоғамдық құбылыс, қоғамдық өзгеріс адам баласы үшін қызмет 

ететін қоғам болу керек.Қоғамды  қозғаушы күш  адам болса, оны қорғайтын, қолдайтын- мемлекет.

Әрбір азаматтың әлеуетін мейлінше жүзеге асыруға мүмкіндік тудыратын   да мемлекет. Азаматтардың 

заңды құқығының қорғалуы мен сақталуына кепілдік беретін де мемлекет. Міне дәл осы мінсіз қоғамға 

бізді апарауға Қазақстандағы   қарыштап дамыған ақпараттық-коммуникативтік технологиялар кепілдік 

бере  алады.  Азаматтар  мен  мемлекеттің  өзара  әрекеттестігін  ыңғайлы,  қарапайым,  қолжетімді  және 

түсінікті ету үшін  электронды үкімет тұжырымдамасы әзірленді.

Электронды үкімет құру ісі билік органдарының жұмысын анағұрлым тиімді, азаматтарға қолжетімді 

ету үшін қажет болды. Бұрындары әрбір мемлекеттік орган өз бетінше «оқшау өмір сүріп», басқаларымен  

байланысқа түсе қоймайтын, ал азаматтардың алуан түрлі анықтама, растама секілді өзге де қағаздарды 

жинау үшін толып жатқан инстанциялардан  өтуіне тура келетін. Осының барлығы бір ғана қызмет түрін 

пайдалану үшін толып жатқан мекемелер табалдырығын тоздыруға   мәжбүрлейтін. Бүгінде электронды 

үкімет жобаларының арқасында ол заман келмеске кетті.



Электронды үкімет – ақпараттық технологиялар көмегімен ішінара келісушілікті қамтамасыз ететін, 

мемлекет  пен  азаматтар  арасындағы,  сондай-ақ,  мемлекеттік  органдардың  өзара  әрекеттестігінің 

бірыңғай механизмі. Мемлекеттік органдарға кезекті қысқартып, анықтама, куәлік, рұқсат құжаттарын 

және тағы басқаларын алуды жеңілдетуге әрі жылдамдатуға  мүмкіндік берген де дәл осы механизм.

Басқаша  айтқанда,  электронды  үкімет  деп  лицензияны  рәсімдеу  үшін  ЖСН  ғана  керек  болатын,   

коммуналдық қызмет ақылары мен айыппұлдарды онлайн жүйесінде төлеуге болатын, анықтама алу үшін 

ХҚКО-ға жеке куәлік қана талап етілетін, бизнесіңізді өз бетіңізше тіркеуге, немесе электронды үкімет 

порталында  небәрі  10-15  минут  ішінде  анықтама  алуға,  күн-түн  демей,  кез  келген  уақытта  баланың 

балабақшаға  кезегін  көруге,  мекенжай  анықтамасын  ұялы  телефонға  салдыртуға    берілетін  зор 

мүмкіндік.



ХҚКО Қызылорда қаласының №3 бөлімі

7

ПИОНИНО. Ш. ҚАЛДАЯҚОВ  63 жыл

 

            



Мәнді де мағыналы өмір ағымы!

Өмір, тағдыр…Бұл бір естігенде жай ғана мағынасы жоқ сөздер болып 

көрінгенімен,  осы  екі  сөздің  ішінде  қаншама  қуаныш,  қайғы  қасірет, 

терең астарлы ой жатыр.Адам баласы өз тағдырын қанша қаласа да өзі 

жазбайды,  оның  тағдырын  ана  дүниеде,  басқа  әлемде  құдіретті  Алла 

тағаламыз жазады.

Бұл  өмірде  тағдыр  сынына  ұшыраған  көптеген  адамдар  бар.  Мысалы 

айтқанда  тастанды  жетім  балалар.Бұндай  балалардың  саны 

қаншама.Дүние  есігін  ашпай  жатып  өз  баласын  өлтіріп  түсік 

жасататындарды, әлі көзін аша қоймаған балаларын өмір жолына, өмір 

ағымына қиып тастап кететін адамдарды түсіну мүмкін емес.

Ата  -анасының  қателіктеріне,  араларындағы  түсініспеушіліктеріне, 

ұрыс керістеріне, баланың ешқандай қатысы да күнәсі де жоқ. Жетімдер 

үйінде  ыстық  тамақ,  жылы  киім  бергенімен,  ата  -ананың  жылы 

махаббатымен  ыстық  ықыласының  орнын  толтыра  алмайды.Олар 

терезеге  телміріп,  жүректеріндегі  бос  үмітпен,  қиялмен  күндерін 

өткізеді. Анам мен әкем мені алып кетеді деген сеніммен жүре береді. Ал 

кейбіреулері жүректеріндегі жараны, әке- шешесіне деген реніштерін, 

өшпенділікке айналдырып ыза кекпен жаман жолға түсіп жатады.

Тағдыр  сынына  ұшыраған  ауру  балалардың  да  саны  жеткілікті.Ата  -

анасының  денсаулықтарына  салғырт,  беталды  қарағандықтарынан, 

уақытында тексерілмегендерінің кесірінен, дүние есігін ашар- ашпастан 

жиі  науқас  болып  туылады.Қаншама  адам  емделуге  талпынған  мен, 

қаржысының  аздығынан  балаларының  өмірлеріне  араша  түсе  алмай 

жатады.Осылай  кейбір  балалар  әке  -шешесінің  жылуын  аңсап,  күтіп 

жүргенде,  кейбір  адамдар  құрсағында  9  ай  көтеріп  дүниеге  әкелген 

анасын, тәлім -тәрбие берген әкесін қарттар үйіне өткізіп жатады.

Енді  біз  нестей  аламыз?...  тағдырларына  жазылғаны  осы  ғой  деп 

айтатын  адамдар  өте  көп.Біз  бұл  адамдарға  қаржылай  көмек  беруден 

бөлек  бір  мезгіл  осы  кісілердің  қал-жағдайларын  сұрап,  көңілдерін 

көтеріп  үміт,  қуаныш  сыйлай  білсек,  бұл  ол  балалар  үшін  үлкен  күш 

берер  еді.Бұл  дүниеге  келген  әр  пенденің  парызы,  адамгершіліктерін 

жоғалтпай,  жұртқа  көмек  беріп,  түсіністікпен  қарап,  ал  ең  бастысы 

Құдай алдында жүрегі кең,таза адам болып қалуымыз керек.



№36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейінің 10«А» сынып 

оқушысы Кенжебекова Мейрамкүл

Мобилдік  үкімет

    Электрондық үкімет порталы  өз тұтынушылары үшін бүгінде  қолжетімділік 

пен  оңтайлылығы  жағынан  күн    сайын  жетілдіріліп,  дамып  келеді.  Мәселен, 

Электронды  үкімет  порталының  бүгінгі  таңдағы  басты  жаңалығы  ұялы   

телефондарға    орнатылатын  Мобильдік  косымша  болып  отыр.  Енді  мобильдік 

косымшаға тоқталып өтер болсақ, 

Android

iOS


қазақстандықтар үшін Электрондық үкіметтің 

жаңа мобильдік қосымшасы қолжетімді болды. Енді ұялы телефон арқылы 50-

ден  астам  электрондық  қызмет  пен  сервисті  пайдалануға  болады.  eGov.kz 

мобильдік қосымшасы Қазақстан халқын қол созым жерде электрондық үкімет 

порталының  ең  танымал  қызметтерімен  қамтамасыз  ету  үшін  құрастырылған. 

Қосымша 


  пен 

  операциялық  жүйесіндегі  смартфондар  үшін 

қолжетімді бола алады.

  «Мобильдік  жеке  кабинетте»  азаматтың  орналасқан  жері,  тұрғылықты  және 

тіркелген мекен-жайы, заңды тұлға құрамына кіру, некеге тұру, жол қозғалысы 

ережелерін бұзғаны үшін айыппұлдардың бар-жоқтығы, сонымен қатар қолда бар 

жылжымайтын  мүлік  немесе  көлік  туралы  және  тағы  да  басқа    ақпараттар 

орналасқан.

Егер  телефонда  электрондық  цифрлық  қолтаңба  бар  болса,  азамат  мекен-жай 

анықтамасын, жер учаскесінің тиесілігі туралы ақпаратты, туу және некеге тұру 

туралы,  жылжымайтын  мүліктің  бар  немесе  жоқтығы    туралы  ақпаратты  ала 

алады. 


«Жаңа  қосымша    eGov.kz  қосымшасы  мемлекеттік  органдардың  қызметтерін 

пайдалануды  ыңғайлы  және  жедел    деңгейге  жеткізуге  мүмкіндік  береді. 

Қосымша  арқылы  сіз  өзіңіз  туралы  барлық  ақпаратты  табасыз,  керекті 

анықтамаға тапсырыс бересіз және белгілі бір құжатты ауыстыру қажет болғанда 

PUSH немесе SMS-хабарлама аласыз.

Сонымен қатар жаңа қосымша тұрғын үйге кезек реті мен техникалық қараудан 

өту  мерзімін  қарау,  лицензиялар  мен  чектерді  тексеру,  ХҚКО-на  кезекке  тұру 

және дәріханаларды іздеу сияқты сервистерді қолдануға мүмкіндік береді. Бұдан 

басқа,  қосымша  көмегімен  пайдаланушылар  коммуналдық  қызметтерді, 

салықты, айыппұлдарды, баж салығын, байланыс қызметтерін төлей алады және 

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі шоттарды толтыра алады. 

ХҚКО Қызылорда қаласының №3 бөлімі

Асыл  тұқымды  мал  шаруашылығын  дамытуды  субсидиялау

                                                                                                                                       

Қазақ халқын қашанда  асырап келе жатқан  мал шаруашылығы болған.  Ықылым  заманнан бері мал  бағып күнін 

көрген  қазақ  халқы  бүгінге    дейін  сол  ізбен    мал  шарушылығын  дамытып  келеді.    Еліміздің    экономикасын   

көтеруде   де   мал шаруашылығының алатын орны үлкен. Сондықтан да   елбасы   мал шаруашылығын дамытуға   

баса назар аударып, осы бағыттағы   кәсіпкерлерге   қолдау   көрсетіп, қаражат бөлуге   арнайы тапсырма берді. 

Қазіргі күні мал бағып, оны  жан-жақты дамытамын деген  адамға  мүмкіндік зор, мемлекет тарапынан  бөлінген  

субсидялар арқылы өз кәсібін  жетілдіруге  жол ашық.Енді  осы субсидияларды алу тәртібіне  тоқталайық.

 «Асыл 


тұқымды  мал  шаруашылығын  дамытуды,  мал  шаруашылығы  өнімінің  өнімділігін  және  сапасын  арттыруды 

субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Халыққа қызмет көрсету орталығы»  арқылы жүзеге асырылады. 

Мемлекеттік қызмет құжатты тапсырған күннен бастап тиісті айда квота және қаржы қаражаты болған жағдайда 

жиырма  төрт  жұмыс  күні  ішінде  көрсетіледі.  Мемлекеттік  қызметтің  жауабы  электрондық  (ішінара 

автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде, яғни субсидия алуға өтінімді қарастыру нәтижелері туралы хабарлама 

болып келедіМемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға   тегін көрсетіледі.Ал, енді қажетті   

құжаттарға  келер болсақ,      белгіленген нысан бойынша субсидиялар алуға өтінім мен  жеке куәлік (жеке басын 

сәйкестендіру  үшін)  қана  қажет.Өтінішті  портал  арқылы  жібере  болсаңыз  өз  ЭЦҚ-бен  куәландырылған 

электрондық құжат нысанындағы сұраным ғана толтырып жолдайсыз.Бұл аталған мемлекеттік қызметті ашып 

көрсетер болсақ, осы қызмет аясында   мына төмендігі бағыттарды жүзеге асыруға болады, яғни, асыл тұқымды 

мал  шаруашылығын  дамытуға,  оның  ішінде:  асыл  тұқымды  ірі  қара  малдың,  қойлардың,  маралдардың 

(бұғылардың)  аналық  мал  басымен,  сондай-ақ  бал  араның  ұяларымен  селекциялық  және  асыл  тұқымдық 

жұмыстарды  жүргізуге;  тұқымдық  түрлендірумен  қамтылған  ірі  қара  мал  мен  қойдың  аналық  басымен 

селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізуге;асыл тұқымды және селекциялық ірі қара малды сатып 

алуға; отандық және шетелдік асыл тұқымдық зауыттардан және шаруашылықтардан асыл тұқымды қойларды, 

жылқыларды,  шошқаларды,  түйелерді,  маралдарды  (бұғыларды)  сатып  алуға;  отандық  және  шетелдік  асыл 

тұқымдық репродукторлардан асыл тұқымды тәуліктік балапан мен ата-енелік/ата-тектік нысанды құстардың етті 

және  жұмыртқа  бағытындағы  асыл  тұқымды  инкубациялық  жұмыртқасын  сатып  алуға;  жеке  қосалқы 

шаруашылықтардың мал басынан қалыптастырылған, жалпы табында өсімін молайту үшін пайдаланылатын етті, 

сүтті және қос бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды күтіп-бағуға;   шаруа (фермерлік), жеке қосалқы 

шаруашылықтарда  және  өндірістік  кооперативтерде  ірі  қара  мал  мен  қойлардың  аналық  мал  басын  қолдан 

ұрықтандыру  жөніндегі  шығындарды  100  %-ға  дейін  өтеуге;  асыл  тұқымдық  орталықтар  мен  асыл  тұқымды 

жануарлардың ұрығын өткізу жөніндегі дистрибьютерлік орталықтардың (бұдан әрі - дистрибьютерлік орталық) 

ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басына қолдан ұрықтандыру жүргізу үшін пайдаланылатын арнайы 

техника мен технологиялық жабдықтарды сатып алу жөніндегі шығындарын 50 %-ға дейін өтеуге өтінім беруге 

негіз  пайда  болған  сәттен  бастап  12  айдан  аспаған  кезде;мал  шаруашылығы  өнiмiнiң  өнiмдiлiгi  мен  сапасын 

арттыруға, оның ішінде: бірінші деңгейлі өндірістегі бордақылау алаңдарына бұқашықтарды өткізуге; сиыр етiн, 

жылқы  етiн,  қой  етiн  (қозы  етін),  түйе  етін,  шошқа  етiн,  құс  етi  және  күрке  тауық  етiн  (бұдан  әрi  –  құс  етi), 

жұмыртқалағыш кроссты тауық жұмыртқасын , сүт, қымыз, шұбат, биязы жүнді қойлардың жүнiн өндiру құнын 

арзандатуға;    ірі,  шырынды,  құрама  жемшөп  пен  жемшөптік  қоспаларды  дайындау  және  сатып  алу  жөніндегі 

шығындарды 100 %-ға дейін арзандатуға өтінім беруге негіз пайда болған сәттен бастап үш айдан аспаған кезде 

субсидиялар алуға өтінімдерді қабылдайды.

   Мемлекеттік  қызметті  алу  үшін толтырылатын өтініш нысандары сізге  қызмет түріне қарай құжат тапсырар 

сәтте   ұсынылады.2016 жылдың 1- тоқсанында   3 өтініш түсіп, мемлекеттік қызмет көрсету   нәтижелері   өтініш 

иелеріне табысталды.                                                                                      

ХҚКО Қызылорда қаласының №3 бөлімі

Тілімізді дәріптейік...

Қазақстанның    болашағы-қазақ 

тілінде,-деген  елбасы  Нұрсұлтан 

Назарбаевтың  қанатты  сөздерін  ұран 

етер  болсақ,  қазақ  тілін  дамытуға 

әрбіріміздің құлшына кірісу азаматтық 

міндетіміз  айқын.  Ал,  қазақ  тілін 

дамытудың бірден-бір дамыту жолы ол 

мемлекеттк  тілдің  қолданылу  аясын 

кеңейту.    Тарихтан  белгігі    жайт,   

ұлттың  ауыз  әдебиетін  дамыту  үшін 

оны  жазба  әдебиетіне  ұластыра   

отырып,  ұрпаққа  жеткізгені  біз  үшін   

өмірлік тәжірибе.

Ал,  қазіргі  таңдағы    жазба 

қағаздарына    іс  қағаздарын  жатқызуға 

б ол а д ы .   І с   қ а ғ а зд а р ы н   ж ү р г і зу  

мәніндегі  «  делопроизводство»  сөзін 

орыс  тілінің  әр  жылдарғы  түсіндірме 

сөздіктері  бір  ғана  ұғымда:  «  кеңсе 

і с т е р і н   ж ү р г і зу »   д е п     ұ ғ ы м д ы  

білдіретіні  бізге  дейін    дәлелденіп   

кеткен.   Іс қағаздарын жүргізу қызметі 

арнайы  жүйе  ретінде  мемлекеттік 

басқару аппаратымен бірге қалыптасты 

деуге  болады.  Осымен  бірге  басқару 

жүйесінің әрбір тарихи кезеңіне сәйкес 

іс  қағаздарын  жүргізу  қызметінің 

сипаты  да  өзгеріп  отырады.  Іс 

қағаздарын  жүргізу  қызметі  басқару 

жүйесін  бейнеледі,  оны  орнықтырды 

әрі  сол  жүйемен  бірге  өзгерістерге  де 

түседі.

Енді құжаттардың жазылу тіліне 



келер  болсақ,  соңғы  15    жылдан  бері 

қарай  іс  қағаздар  мемлекеттік  тілге 

көшірілді.

Қазақ  тілін  дамыту,  мемлекетітк 

тіл  мәртебесін  дамыту  бағытындағы 

ө з е к т і   м ә с е л е л е р д і   т а л қ ы л а у  

масқатында    Қазақ  тілі»  қоғамы,  Тіл 

департаменті  өкілдернің  қатысуымен 

семинар-сабақтар  ұйымдастырылып, 

алдағы  міндеттер  белгіленеді.  Мұндай 

шаралар    атқарылатын  жұмыстарға 

нақты  бағыт-бағдар берері сөзсіз.

 Көзбен көріп  көкірекке түйген  қазақ 

тілінің  болашағы  өз қолымызда.

№5 (181) 15 наурыз (сейсенбі) 2016 жыл


Дизайнер-беттеуші

Гулназ Абдраманова

6000

8

Меншік иесі:

“Алтын Бесік

Қызылорда”

жауапкершілігі

шектеулі серіктестігі

Директор-редактор:

Мадина Нұрадинқызы

Тілші 

Сағира Уәлиева

8

       2016    жылға  арналған    ҚР АШМ АӨК МИК  Жалағаш аудандық  аумақтық  

инспекция  басшысының  жеке   тұлғаларды, заңды тұлғалардың  өкілдерін  жеке  қабылдау  

КЕСТЕСІ 

Мемлекеттік 

органның атауы 

 Т.Ә.Ә.

Атқаратын 

қызметі 

Азаматтарды 

қабылдау күні 

мен уақыты 

Мемлекеттік 

органның 

орналасқан жері 

Байланыс 

телефоны 

( сенім 

телефоны)

ҚР АШМ АӨК 

МИК Жалағаш 

аудандық аумақтық 

инспекциясы ММ

Нурмаханов 

Бауыржан 

Жахатович 

Инспекция 

басшысы 


Аптаның 

дүйсенбі-жұма 

күндері 

Сағат 


9.00-13.00

14.30-18.30

Жалағаш кенті 

,Бұқарбай батыр 

көшесі ,228 үй 

8( 72431)

31-8-82

Біліп жүріңіз

             Қазақстан жері кеңбайтақ. Дей тұрғанмен кез келген жерге   

құрылыс  орындарын  тұрғызып,  бей-берекет      орналастыруға   

тағы болмайды. Себебі дәл   сіз құрылыс салған жерде   адамзат 

тұрмысы үшін пайдалы  қазба не болмаса  кен орны жатуы әбден 

мүмкін.          

           Сондықтан, құрылыс салмас бұрын ең алдымен жеріңіздің 

құрылымын анықтап алғаныңыз жөн. Яғни, сіздің меншігіңіздегі 

жер қойнауында пайдалы қазбаның бар-жоғы туралы қорытынды  

алуыңыз  қажет.    Сізге  тиесілі    жер  қойнауында    пайдалы 

қазбаның  бар  екендігі    құрылыс  салып  қойғаннан  кейін 

анықталса  да  ол  жер  мемлекет  меншігіне  қайтарылады, 

сондықтан  шығынға  қалмас  үшін    жер  қойнауында  пайдалы 

қазбаның   жоқ екндігі туралы немесе оның маңызының аздығы 

туралы    қорытынды  тағайындатып  алған  жөн.      Ол 

қорытындыны қайдан алам дейтін боларсыз?  

         Болашақ құрылыс учаскелері астындағы жер қойнауында 

пайдалы  қазбалардың  жоқтығы  немесе  олардың  маңызының 

аздығы  туралы  қорытындыны  Электронды  Үкімет  порталына 

өтініш қалдыра отырып алуыңызға болады.

           Бұл қорытынды   жүргізілген тексеру нәтижесінде өтініш 

иесіне   10 жұмыс күні ішінде   тиеді, яғни қорытынды жауабы 

мемлекеттік  қызметті  көрсету  нәтижесі  көрсетілетін  қызметті 

берушінің  уәкілетті  адамының  электрондық  цифрлық 

қолтаңбасы  қойылған  электрондық  құжат  нысанында  «жеке 

кабинетке» жіберіледі.

 Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға   

тегін негізде көрсетіледі.

Бұл үшін қажеті құжаттар: заңды тұлғаның атауы немесе 

жеке  тұлғаның  тегі,  аты,  әкесінің  аты,  географиялық 

координаталардағы  құрылыс  объектісінің  орналасқан  жері 

көрсетіліп,  көрсетілетін  қызметті  алушының  ЭЦҚ-мен 

куәландырылған  электрондық  құжат  нысанындағы  өтініш 

беріледі.

Мемлекеттік  қызмет  тегін  көрсетіледі  және    порталда 

өтініштер тәулік бойы қабылданады.



ХҚКО Қызылорда қаласының №3 бөлімі

Сыбайлас жемқорлық өзекті мәселе

       Сыбайлас жемқорлық  бүгінде  қоғамның өзекті мәселесіне 

айналды.  Ел  экономикасын  дамытуға  қалай  күш  салсақ.   

Жемқорлықты жою бағытнда да  дәл солай күш жұмсауға тура 

келеді.  Себебі    күн  сайын    өршіп  келе  жатқан  парақорлық, 

сыбайластық  іс-әрекеттер  осыны  талап  етуде.    Жемқорлық 

мемлекеттік орындарда  орын алатын  өкінішті-ақ. Заң аясында  

жұмыс жасап отырып заңға қайшы келу   өрескел әрекет әрине. 

Заңды бұзғандар заңмен қудаланады. Біздің ел - ТМД елдерінің 

і ш і н д е г і  

с ы б а й л а с  

ж е м қ о р л ы қ қ а  

қ а р с ы   к ү р е с  

туралы  арнайы 

заң  қабылдаған 

б і р і н ш і   ж ә н е  

б і р д е н - б і р  

м е м л е к е т .  

М е м л е к е т т і к  

о р г а н д а р д ы ң  

осы  бағыттағы 

жұмыстарының  нысандылығы  мен  тиімділігі,  сыбайлас 

жемқорлыққа  қарсы  күрес  мәселелері  Елбасының  жеке 

бақылауында  тұрғандығына  негізделген.  Сыбайлас 

жемқорлықтың өзекті мәселелері, оның пайда болуы, онымен 

күрес жүргізудің қылмыстық-құқықтық құралдары қызу пікір 

таластарын туғызу үстінде. Ал, іс жүзінде бірқалыпты дұрыс 

қызмет  атқаратын  мемлекеттік  органдардың  қызметі  ғана 

қоғамның  экономикалық  дамуына,  оның  мүшелерінің 

құқықтары  мен  бостандықтарын  қамтамасыз  етуге  қабілетті. 

Осыған  орай  мемлекеттік  басқару  жүйесін  қорғау,  оған 

қылмыстық қол сұғуды болдырмау ең маңызды мәселе болып 

табылады.      Бүгін  жеңілдім  деп  ертеңіміз  үшін  күресті 

тоқтатуға болмайды. Бүгінгі     күрес еліміздің ертеңгі жарқын 

болашағы. 

ХҚКО Қызылорда қаласының №3 бөлімі

Көптілділік – әлемдік білім беру қауымдастығына кірігудің негізгі шарты

Қызылорда  облыстық  білім  беру  басқармасының  оқу  орталығы  №10  дарынды  балаларға  арналған  қазақ-түрік  лицей-

интернатымен  бірлесе  отырып  «Көптілділік  –  әлемдік  білім  беру  қауымдастығына  кірігудің  негізгі  шарты»  тақырыбындағы 

облыстық семинарды   ұйымдастырды.Семинардың басты мақсаты:  «100 нақты қадам» - Ұлт жоспарын жүзеге асыру жұмыстарын 

жоспарлау, жаратылыстану бағытындағы пәндердің ағылшын тілінде 

жүргізудің алғышарттарын қарастыру; Білім беру мазмұнын жаңарту 

жағдайындағы педагог қызметкерлердің кәсіби дамуына ықпал ету; 

Мұғалімдердің  кәсіби  қоғамдастығының  жұмысын  жандандыру; 

Инновациялық  мектептердің  тәжірибесіне  қолдау  көрсету  болып 

табылды.Семинар жұмысына облыстық инновациялық мектептердің 

ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері, әдіскерлер, БАҚ өкілдері қатысты. 

Семинар  барысында  №10  КТЛ-дің  білім  көрмесі  мен  «Macmillan 

Educaton» баспасының, «Oxford Vision» баспасының презентациясы 

назарға  ұсынылды.Семинар  жұмысын  облыстық  оқу  орталығының 

директоры  С.Қ.Асқаров  ашты.  №10  дарынды  балаларға  арналған 

облыстық  қазақ-түрік  лицей-интернатының  директоры  Б.Ш.Омаров 

«100  нақты  қадам»  -  Ұлт  жоспарының  жүзеге  асырылуы» 

тақырыбында  баяндама  жасады.  Мұнан  соң  ашық  сабақтар  шеруі 

басталды.  Ағылшын  тілі  пәнінің  мұғалімдері      Ғ.Ещанов 

«Conditionals:  imaginary  situation»  тақырыбында,  М.Капашев 

«Movies»  тақырыбында  жаңа  инновациялық  әдіс-тәсілдермен  сабақ 

өтіп, ағылшын тілін оқушыларға тиімді үйретудің жолдарын практика 

жүзінде көрсетті. Ал, «Macmillan Educaton» баспасының Қазақстандағы Өкілдігінің әдіскері Нәзира Ардабекқызы Құратованың   

«Inspiring  learners,  enhancing  teaching»  тақырыбындағы,  Астанадағы  «USTAZ»  кәсіби  жетілдіру  орталығының    директоры 

Иманғалиев Нұрлан Қуантайұлы «The New Teachers» атты шеберлік сағаттары қатысушылар үшін құнды білім, білік дағдылары 

болды.Әдістемелік шеберханада лицейдің ағылшын тілі пәндерінің мұғалімдері   А.Орманова мен   Ж.Оңғар   KAHOOT жүйесінің 

тиімділігі  мен    Еdmodo  халықаралық  желілік  қауымдастығы  туралы    тәжірибелерін  ортаға  салды.Семинарға  қатысушылар 

ұйымдастырушыларға ризашылықтарын  білдірсе, облыстық оқу орталығы семинар жұмысын жоғары деңгейде өткізген №10 қазақ-

түрік лицей-интернатының басшылығы мен ұжымына алғыс айтты, сертификаттар табыстады.

Қапашев Медет,  №10 дарынды балаларға арналған облыстық  қазақ-түрік лицей-интернатының ағылшын тілі 

пәнінің мұғалімі

№5 (181) 15 наурыз (сейсенбі) 2016 жыл






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал