№3 (657) наурыз



жүктеу 354.52 Kb.

бет1/4
Дата17.04.2017
өлшемі354.52 Kb.
  1   2   3   4

№3 (657)

наурыз,

2016 жыл

 

Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!



Ќўрметті ќызметкерлер мен студенттер! 

Шуақты  көктем  мерекесі  Наурыз  мейрамына  орай  жүрекжарды  құттықтауымды 

қабыл алыңыздар! Наурыз ежелден бақыттың, өмір шаттығының, жаңа жыл басының, 

табиғаттың түлеуі мен жаңаруының символы болып табылады. 

Ұлыстың  ұлы  күні  Наурыз  татулықтың,  мейірімнің,  гүлдену 

мен  мәңгі  жасампаздықтың  айнымас  нышаны.  Наурыз 

мерекесінде  сіздерге  зор  денсаулық,  береке  байлық  және 

жоспарларыңыздың табысты жүзеге асуын тілеймін! 

Дорогие сотрудники и 

студенты!

 Примите мои искренние поздравления с прекрасным светлым 

праздником – Наурыз - Мейрамы! Издревле Наурыз является 

символом счастья, радости жизни, начала нового жизненного 

цикла,  пробуждения  и  возрождения  природы.  Вдохновенный  и  великий,  Наурыз 

олицетворяет  мир,  добро,  процветание  и  вечную  весну.  Желаю  Вам  в  преддверии 

празднования  Наурыз  -  Мейрамы  здоровья,  благополучия  и  успешного  воплощения 

всех планов! 

        Ізгі тілекпен,

       ректор                                             Ескендір Бейсембетов

Наурыз бата

Қарық қып құтты Наурыз, 

Қазанға толсын сары уыз. 

Қайнасын Наурыз көже де, 

Толтырып ішкей кезеңе. 

Ұлыстың ұлы күнінде, 

Көппенен бірге күлімде. 

Көбейсін жаңа достарың, 

Молайсын елге қосқаның. 

Жарасып көңіл хоштығы, 

Бекісін халық достығы. 

Ішінде жүрсе аз ғана, 

Шайылсын өкпе, наз-нала. 

Алдыға сыймай сəбилер, 

Құшағын жайсын жаңа үйлер. 

Жастардың самсап отауы, 

Мейірім төксін Отаны. 

Əспеттеп ата дəстүрін, 

Əсем боп өссін жас буын. 

Кірбің тартпасын кəрілер, 

Барыңның дəмді нəрін бер! 

Дүрлеген Қазақстанға 

Таңғалсын дос та, дұшпан да! 



Мұзафар Əлімбаев,

Қазақстанның халық жазушысы, 

Мемлекеттік сыйлықтың 

лауреаты

Коллажды 

жасаған Г.Абуова

2

Индустриялыќ-инновациялыќ даму баєытында

Аталмыш  шараны  ҚР  Парламенті 

Сенаты,  ҚР  Білім  және  ғылым 

министрлігі,  Алматы  қаласының  Әкімдігі 

және  Қ.И.Сәтбаев  атындағы  ҚазҰТЗУ 

бірлесіп  ұйымдастырды.  Жиын  алдында 

Сенат 


депутаттары 

мен 


ғылыми 

қауымдастық өкілдері университетіміздің 

республикалық 

және 


халықаралық 

деңгейдегі ғылыми жобалары, білім беру 

саласының  технологиялары,  сондай-

ақ,  экономиканың  түрлі  салаларындағы 

жетістіктері 

қойылған 

көрмемен 

танысты. Көрме жұмыстарын тамашалау 

барысында  университетіміздің  түлегі, 

бүгінде  ҚР    Парламенті  Сенатының 

Әлеуметтік-мәдени  даму  және  ғылым 

жөніндегі  комитетінің  төрағасы  Ақан 

Бижанов  және  осы  комитеттің  мүшесі 

Жабал  Ерғалиев  БАҚ  өкілдеріне  сұқбат 

беріп,  өткізіліп  отырған  шараның 

маңыздылығына тоқталып өтті.  

Аталмыш  конференцияны  ҚР    Пар-

ламенті  Сенатының  Әлеуметтік-мәдени 

даму  және  ғылым  жөніндегі  комитетінің 

төрағасы,  модератор  Ақан  Бижанов  сөз 

сөйлеп ашты. Ақан Құсайынұлы өз сөзінде 

еліміздегі білім беру, ғылыми-техникалық 

қызмет  мәселелеріне  және  Елбасы 

Н.Назарбаевтың  бес  институционалдық 

реформасын жүзеге асырудың 100 нақты 

қадамына тоқтала келе, конференцияның 

уақыт  талабына  сай  өтіп  отырғанын 

айтты.  Шарада  Алматы  қаласы  әкімінің 

орынбасары  Ерлан  Әукенов  қала  әкімі 

Бауыржан  Байбектің  еліміздегі  білім, 

ғылым,  инновация  саласында  атқары-

лып  жатқан  істерге  қолдау  білдірген 

құттықтау хатын оқыды.       

Қазіргі  таңда  еліміздегі  жоғары  оқу 

орындарының  ғылыми-зерттеу  қызметін 

күшейту  үшін  барлық  мүмкіндіктер  бар. 

Индустриялық-инновациялық  даму  про-

цесі  экономика  саласымен,  ғылыммен 

тікелей  байланысты.  Оқыту  мен  зерттеу 

ісін  біріктіру,  білікті  инженер  кадрлар 

даярлау,  бәсекелестікті  арттыру  және 

қабілетті  студенттер  мен  тәжірибесі  бай 

ғалымдардың  арасында  шығармашы-

лық  байланыс    орнату  бүгінгі  таңдағы 

маңызды  мәселе.  Өйткені  әлемдегі 

табысқа  жеткен  тәжірибелі  ғалымдар 

студент  кезінен  бастап  ғылыми-зерттеу 

қызметімен  айналыса  жүріп,  өздерінің 

ойда  жүрген  тың  идеяларын  дамыта 

білген.  Жиында  осы  тақырыптарға 

қатысты ҚР Білім және ғылым министрінің 

орынбасары  Т.Балықбаев  баяндама 

жасады.  Ол  өз  сөзінде  Қазақстанда  125 

оқу  орны  бар  екенін  және  бәсекелестік 

көрсеткіші  жөнінен  Қазақстан  әлемнің 

148  елінің  ішінен  50  орында  тұрғанын 

айтты.  Сонымен  қатар  жиында  уни-

верситетіміздің ғылым, халықаралық ын-

тымақтастық  және  жоғары  оқу  орнынан 

кейінгі  білім  беру  жөніндегі  проректоры 

Найман  Қалабаев,  әл-Фараби  атындағы 

Қазақ  ұлттық  университетінің  ректоры 

Ғ.Мұтанов, 

Алматы 


технологиялық 

университетінің  ректоры  Т.Құлажанов, 

А.Байтұрсынов 

атындағы 

Қостанай 

мемлекеттік  университетінің  ректоры 

Х.Валиев, тағы басқалар шығып, сөйлеп, 

өз ойларын ортаға салды. 

Ақан Бижанов шараны қорытындылай 

келе,  білім  беру,  ғылым  мен  өндірісті 

ықпалдастыру  саласында,  оның  ішінде 

нормативтік-құқықтық  базаны  жетілдіру 

арқылы шаралар әзірлеу мен оны жүзеге 

асырудың  тиімділігін  айтты.  Жиын 

соңында тиісті ұсыныстар әзірленді.  

                                       

  

Эльмира ОРАЛБАЕВА

УНИВЕРСИТЕТ ТЫНЫСЫ

Білім мен ғылымды 

дамыту – басты мәселе  

Университетімізде «Ғылымның экономика салалары мен 

интеграциялануы және кадр даярлау процестерінде жоғары 

оқу орындарының рөлін арттыруды Қазақстан Республикасы 

Президентінің Жолдауын іске асыру аясында құқықтық 

қамтамасыз етуді жетілдіру шаралары туралы» атты 

конференция болып өтті.  

Қазақ  халқы  Наурыз  мерекесін  айрықша 

бағалап,  оны  жыл  сайын  тойлап  отыруды 

салт-дәстүрге  айландырған.  Сондықтан  да 

болар,  бұл  күні  шаттанбайтын,  қуанбайтын, 

мейірленбейтін адам болмаған. Бұл күні жақсы 

тілек тілеу, құттықтау, кешірім жасау, табысу 

сияқты адамгершілік қасиеттер көрініс тауып, 

кейінгі ұрпақтар сондай жақсы өнегеден үлгі 

алған.  Қысқы  соғымның  әбден  сүрленген 

мүшелерiн  осы  күнi  қазанға  саламын  деп 

сақтаған. Жас келiндер, бойжеткендер болса, 

кесте, орамал тiгiп, бозбалалар жағы ағаштан 

тұрмыс бұйымдарын жасап, темiрден сәндiк 

бұйымдарын  соққан.  Мұның  бәрi  –  күн 

мен  түн  теңесетiн  шақта  кәдеге  асатын 

“ұйқыашар”, “селт еткiзер” жоралғыларының 

сый-тартулары.  Көктемгi  “өлiара”  өтiсiмен, 

ата-бабамыз үй айналасын тазартып, қалың 

қар тiгiсi сөгiлген жайылымға мал шығарған. 

“Жаңа жыл мұнтаздай таза үйге кiрсе, ол үй 

ауру-сырқаудан, пәле-жаладан аман болады” 

деген сенiм бойынша, үй-iшiн де қағып-сiлкiп, 

отпен аластаған. 

Наурыздың айрықша тәлім-тәрбиелік, үлгі-

өнегелік,  сән-салтанаттық,  мәрт-жомарттық, 

қадір-қасиеттілік нышан белгілері мен таным- 

ұғымдарының  үлгі  түрлері  өте  көп.  Оның 

барлығы  әр  адамды  жоғары  саналылыққа, 

әдептілікке, өнегелікке, бауырмалдыққа, көр-

генділікке,  ізгілік  пен  білімділікке  баурайды. 

Наурыз  мерекесін  асыға  күтетініміз,  ерекше 

даярланатынымыз  содан  болса  керек. 

Наурыз мерекесіне орай – көпшілікке наурыз 

көже даярланады, ол тағам жеті түрлі дәмнен 

даярлануы  шарт.  Халықта  наурыз  көжені 

тойып  ішкен  адам  келесі  жылға  дейін    ішім-

жемнен тарлық көрмейді деген ұғым бар.

Үй иесі үлкен кісілерден наурыз көжеге бата 

сұрайды. Онда:

“Пәле-жала жерге енсін!

Төрт түлік ақты болсын!

Өрісің малға, үйің жанға толсын!

Ақ мол болсын!” – деп бата беріледі.

  

Дайындаған — Бану ШАЛОВА

ЖАҢАРУ, ЖАРАСУ МЕРЕКЕСІ

22 наурыз — Ұлыстың ұлы күнi. Бұл күнi күн мен түн 

теңеледi. Наурыз айында табиғат та, Жер-Ана да, жан-

жануар да түлейдi, жаңарады. Адамзаттың бойында қан 

жүгiрiп, тал-теректер бүршiк жарады. Қазақтың сайын 

даласын Қызыр баба кезiп, адам баласына құт-береке, 

бақ-дәулет сыйлайды. Ұлы даланың төсiнде қызғалдақтар 

құлпыра өсiп, бел-белестерге қызылды-жасылды кiлем 

төселедi. Ұлан-байтақ Қазақстанның халқы жетi түрлi 

дәмнен наурыз көже жасап, ұлттық салт-дәстүр, әдет-

ғұрыптарды сақтап, ай бойы Ұлыстың Ұлы күнiн тойлайды. 

Бүкiл Шығыс халқына ортақ бұл мейрамда араздасқандар 

татуласып, дүйiм халық, ел ауызбiршiлiкте болады. Бұл 

мерекені Шығыс елдері Өзбекстан, Қырғызстан, Ауғанстан, 

Тәжікстан, Пәкстан ерте кезден өткізеді. Қазақстанда 

Наурыз мерекесі ресми түрде 1988 жылдан бері тойланып 

келеді. Бұл мереке табиғат пен адамның үндестігін 

көрсетеді. Көктемгі күн тоғысы наурыз айының 21-нен 22-не 

ауысқан түні болады. Осы уақыттан бастап күн ұзарып, түн 

қысқарады.

НАУРЫЗ НАҚЫШТАРЫ


3

Əлихан Бґкейхановтыѕ 150 жылдыєына орай ґткізілген шара

Баршамызға    белгілі,    ҚР    Президенті  

Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстан  –  2030» 

даму  стратегиясында  отандық  өндіріс-

тердің  мамандарға  деген  сұранысын 

қамтамасыздандыру  бірінші  кезекке 

қойылды.  Осы  бағдарлама  аясында 

жүргізіліп  жатқан  шаралар 

(жаңа 


технологияларды 

әзірлеу  және  меңгеру,  жаңа 

жобаларды  жүзеге  асыру), 

әсіресе, 

соңғы 

кездері, 



техника 

мамандарының 

тапшылығын 

байқатады. 

Қазіргі  кезде  елдің  бола-

шағының 


басым 

бөлігі 


техникалық  мамандар  қо-

лында  болатынына  жас 

буынның  көзі  жеткен  сияқ-

ты,  сондықтан  да  жыл 

сайын  техникалық  білім 

алуға бет бұрған жастардың 

саны  көбеюде.  Әрине,  бұл 

жағдай  қуантады,  сонымен 

қатар,  үлкен  жауапкершілік 

жүктейді.  Өйткені  жоғары 

оқу  орнының  есігін  ашқан  жас  түлекке  

таңдаған  мамандығының  қыр-сырын 

түсіндіру,  сол  бағытта  алған  теориялық 

білімді өндірістік тәжірибемен ұштастыра 

білуін  дамыту  –  басты  мәселе  болып 

қалуда.  Студенттің  білікті  маман  болуы 

жолында жанында қай уақытта да ақыл-

кеңес  беруге  дайын  тәлімгер  болғаны 

жөн.  Қазіргі  кезде  студенттер  үшін  осы 

рөлді  топтың  эдвайзерлері  атқарады. 

Біз  шәкірттері  дегенде  ішкен  асын  жерге 

қояр тәлімгер-эдвайзер туралы айтқымыз 

келеді. 

Университетіміздегі  Ө.А.  Байқоңыров 

атындағы  Тау-кен  металлургия  инсти-

тутының  «Металлургиялық  процестер, 

жылу техникасы және арнайы  материалдар 

технологиялары»  кафедрасында  оқитын 

Млб-13-1  қазақ  тобы  студенттерінің 

эдвайзері  Сәуле  Баймаханова  апайдың  

бастамасымен,  «Біз — металлургтерміз» 

атты  ашық  эдвайзер  сағаты  өткізілді. 

Сабақты  жүргізу  жоспары  ауқымды 

бірнеше бөлімнен тұратынына қарамастан, 

олардың бірізді құрылуы және баяндалуы, 

көрнекі  құралдардың  пайдаланылуы 

әсерлі болды.

Біріншіден, 

тау-кен 

металлургия 

саласындағы  еңбектері  тек  отандық 

өндірістерде  емес,  сонымен  қатар, 

шетелдерде  де  белгілі,  дүниеден  өткен 

және  қазіргі  кенші  және  металлург-

ғалымдардың  образына  кіріп,  сол 

тұлғалардың  білім,  ғылым  және  өндіріс 

саласына қосқан үлестерін қатысушылар 

мен  кеш  қонақтарына  жеткізе  білген 

студенттер  шеберліктерімен  таңғалдыр-

ды.  Олар:  Самат  Ергешбаев  (академик 

Ө.А.Байқоңыров),  Ақжол  Базарқұлов 

(академик 

Е.А.Бөкетов), 

Серікжан 

Сарбағысов  (И.А.Онаев,  профессор), 

Абдукарим 

Абделі 

(профессор 



В.Д.Пономарев),  Нұрхат  Қарымсақов 

(профессор  А.Ж.Жантөреев),  Асылбек 

Жарылқасынов (профессор В.А.Луганов). 

Қазіргі  студенттердің  бірі  білсе, 

бірі  білмейтін  бір  жәйтті  де  осы  ашық 

сабақта  білдік.  Республикамыз  бойынша 

металлургия 

саласында 

техника 

ғылымдарының 

докторы 

ғылыми 


дәрежесіне  екі  қыз  ғана  қол  жеткізген 

екен.  Оның  бірі  –  Тау-кен  металлургия 

институтының 

қазіргі 


директоры 

Зейнеш  Садырқызы  Әбішева  болса, 

екіншісі  –  «Металлургиялық  процестер, 

жылутехникасы және арнайы материалдар 

технологиялары»  кафедрасының  меңге-

рушісі  Әлия  Өмірханқызы  Байқоңырова. 

Қазақтың  мақтанышына  айналған,  за-

манының батыры саналатын қос қыздың 

студенттік,  ғылыммен  айналысу  және 

ғалым  ретінде  қалыптасу  кезеңдерін 

Гүлдана  Қалмағамбетова  мен  Гүлнәр 

Шамшатова тамаша бейнелей білді. 

Тағы  бір  көңіл  аударатын  жағдай  –  ол 

эдвайзер С.Б. Баймаханованың пікірінше, 

барлық салалардағы сияқты, мамандық-

ты  игеруде  өзара  сабақтастық  болуы 

қажет.  Ол  төменгі  курс  студенттері  мен 

жоғары  курс  студенттерінің  арасында 

тығыз  байланыстың  болуына  (универ-

ситет  қабырғасында  да,  кейін  өндірісте 

де)  мүмкіндік  береді.  Осы  ұстаныммен 

эдвайзер  ашық  сабаққа  1  және  2-курс 

студенттерін  де  қатыстырды.  Мысалы, 

2-курс  студенттері  Тілек  Жұмабек 

домбырадан күй төгілтсе, Нұрзат Рахатов 

өзінің  мамандығына  арнап  шығарған 

«Металлургтар – инженерия төресі» атты 

өлеңін  оқыды.  «Алып  та  анадан  туады» 

деген  нақылды  негізге  алып,  аталған 

ғалымдардың, 

кеш 

қонақтырының, 



студенттердің  аналарына  арнап,  3-курс 

студенті  Бохитжон  Собирханов  өзінің 

төл  шығармасы  «Мейірімді  анам  менің» 

өлеңін оқып берді.

Жүргізушілер мен аудитория арасында 

орындалған  «сұрақ-жауап»  диалогі  ме-

таллургияны  ғылым  және  өнеркәсіптік 

өндіріс  ретінде  тануға  қатысты  көптеген 

жәйттерді  білуге,  түсінуге  мүмкіндік 

берді.    Жылдам  және  ұтымды  жауап 

берген 

көрермендерге 



университет 

эмблемасы 

салынған  төсбелгілер  мен 

бейсболкалар  сыйға  тартыл-

ды.  Студенттердің  өндірістік 

практика  кезінде,  шетелдік 

инвесторлар  қолындағы  өн-

дірістерде  практикада  болуы 

және емтихан тапсыру кезіндегі 

бастарынан  өтетін  әртүрлі 

оқиғалар  бойынша  көрсеткен 

көріністері күлкілі де тартымды 

әрі 

қызықты 


бейнеленді. 

Дегенмен, осындай қойылымдар 

астарында  шешімін  таппаған 

мәселелердің  жатқаны  көрініп 

тұрды.

Ашық 


сабақтың 

келесі 


сатысында  «Қазақстанда  ме-

таллургияның даму  жағдайы» тақырыбына 

студентаралық  пікірталас  өткізілді.  Екі 

командадан  құрылған  студенттік  топтар 

тақырыпқа  байланысты  ойларын  ортаға 

салса,  олардың  кейбір  таласты  пікірлері 

бүкіл  аудиторияны  қамтыды  десе 

болады. Сөйтіп тыңдармандар арасынан 

да жарыссөзге шығушылар болды.  

Ашық  сабақтың  қорытындысында 

топтың  эдвайзері    кафедра  жанынан 

«Жас  металлург»    атты  студенттердің 

ғылыми  клубы  ашылғанын  және  оның 

мақсаты  мен  міндеттері  туралы  айтты. 

Студенттердің «Жас металлург»  ғылыми 

клубының төрайымы болып металлургия 

мамандығының  1-курс  студенті  Айнұр 

Марен тағайындалды. 

Ашық  сабақтың  өту  барысы,  мазмұны 

мен  маңызы  бойынша  ҚазҰТЗУ  Тәрбие 

департаментінің  маманы  С.Жақанова, 

кафедра  меңгерушісі  Ә.Байқоңырова, 

институт  директорының  орынбасары 

К.Айтенов сөз сөйлеп, өздерінің пікірлерін 

айтты.

Досқан БАЗАРБАЙ,

Мереке ЫРҒАБАЙ,

Ө.Байқоңыров атындағы Тау-кен 

металлургия институты,  

Млб-13-1 қазақ тобының студенттері

АШЫҚ ЭДВАЙЗЕРЛІК САҒАТ

Білікті маман болудың 

қыр-сыры көп

Қалай бәсекеге қабілетті маман болуға болады? ЖОО қабырғасында алған білім мен шеберлікті, 

тәжірибені замануи өндірісте қалай пайдалануға болады? Осындай сұрақтар әрбір түлекті, 

сондай-ақ, маман даярлаушы әрбір жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық 

құрамын да толғандыратыны сөзсіз.

По решению 

Международной 

организации ЮНЕСКО 

в 2016 г. отмечается 

150-летие видного 

государственного деятеля 

Алихана Букейханова. 

В связи с этим институт 

Базового образования

секция истории 

Казахстана КазНИТУ им. 

К.И. Сатпаева провели 

встречу со студентами, 

основной целью которой 

было развитие чувства 

патриотизма среди 

молодежи.

На встречу был приглашен 

академик НАН РК, директор 

института Истории и этнологии 

имени Ч.Валиханова Х.М. 

Абжанов, выступивший с 

докладом «Алихан Букейханов 

и национальная история». Он 

очень содержательно рассказал 

о личности и определил 

историческое значение 

деятельности А. Букейханова. 

Заведующий секцией истории 

Казахстана к.и.н., доцент 

Салкынбек Д.И. говоря о 

важности мероприятия, рассказал 

студентам о том, что нужно брать 

пример с жизнедеятельности 

видного общественного деятеля 

А. Букейханова. В заключении 

выступил заместитель директора 

ИБО Нургалым К.С. подчеркнув 

воспитательное значение 

мероприятия.

На встрече приняли участие 

студенты университета и 

преподаватели института 

Базового образования имени А. 

Машани.

Соб.корр

 В рамках 

ЮНЕСКО

ЛИЧНОСТЬ


4

Ќазан толы ас болсын, аєайын!



БІЛГЕННІҢ АРТЫҒЫ ЖОҚ

Қара ұннан 

қашпаңыз

Дастарханынан бауырсақ 

үзілмейтін қазақтың ас мәзірін 

ұннан жасалатын тағамдарсыз 

елестету қиын. Бірақ ұн таңдай 

білеміз бе? Дүкеннен алғанда 

нені ескерген жөн? Мұны 

білгіңіз келсе, мына кеңестерге 

назар аударыңыз.

Ұнның  негізгі  үш  түрі  бар.  Олар  –  жоғары 

сұрыпты, бірінші сұрыпты және екінші сұрыпты 

ұн. Жұрттың көп алатыны – жоғары сұрыпты 

ұн. Мұндай ұн тоқаш, торт, тәтті нан пісіруге 

пайдаланылады.  Басқа  сұрыпты  ұндардан 

мұндай  кондитерлік  өнімдер  жасалмайды. 

Бірақ  бір  кемшілігі  бар:  сапасына  және 

дайындалған  өнімдердің  әдемі  болып 

шығатынына  қарамастан,  жоғары  сұрыпты 

ұнның құрамында пайдалы микроэлементтер 

мүлде  кездеспейді.  Бұл  –  кілең  «көмірсу». 

Сондықтан да ол адамның қарнын шығарып, 

салмағын арттырады. 

  Анағұрлым  пайдалы  ұн  –  бірінші  сұрыпты 

ұн. Бірінші сұрыпты ұн белоктық ұлпалар мен 

крахмалдарға  бай,  сол  себепті  де  созылғыш 

болып келеді. Құрамында фосфор мен кальций 

көп болғандықтан бірінші сұрыпты ұн өнімдері 

тез  кеуіп,  тез  қатады.  Бірінші  сұрыпты  ұннан 

жасалған қамыр жоғары сұрыптыға қарағанда 

анағұрлым  созылмалы,  оралымды  болып 

келеді.  Екінші  сұрыпты  ұн  қабығымен  бірге 

алынған бүтін дәннен жасалады. Сол себепті 

де,  жоғары  және  бірінші  сұрыпты  ұндарға 

қарағанда, оның түсі күңгірттеу болып келеді. 

Бірақ  екінші  сұрыпты  ұн  –  ең  пайдалы  ұн, 

өйткені онда дәрумендер мен минералдардың 

барлығы  сақталған,  белок  көп.  Еуропа  мен 

Италия  өзінің  ұннан  жасалатын  тағамдарын 

екінші  сұрыпты  ұннан  жасайды.  Олардың 

әйгілі макарондары, равиоли – бәрі осы ұннан 

дайындалған.  Одан  қамыры  тығыз,  қатты 

болуға  тиісті  өнімдердің  барлығын  жасай 

беруге болады. 

Ұнның сұрыптық сапасын 

айттық. Ал оны сатып алған кезде 

не нәрсеге назар аударған жөн? 

Ең бастысы, полиэтилен пакетке 

салынған ұнды алуға болмайды. 

Ұн – жанды өнім. Былайша 

айтқанда, ол үнемі «тыныстап» 

тұрады. Ал полиэтиленде бұл 

процесс тежеледі. Полиэтиленнің 

іші ылғалданады, сөйтіп ұн көгеруі 

мүмкін. Демек, дүкеннен ұн алғанда, 

қағаз орамдағысын алу қажет. 

Наурыз көже неге жеті түрлі дәмнен 

жасалған? Жеті – киелі сан.

Қазақ киелілікке, ырымшылдыққа аса 

мән берген. Наурыз көжеге су қосқаны 

- өмір өзен, ұрпақ-өріс судай асып-тасысын 

дегені болса керек. Абайша айтсақ:

Дүние – үлкен көл,

Заман - соққан жел.

«Сылдырап өңкей келісім, тас бұлақтың 

суындай болайық» дегені.

Тұз қосқаны: Қазақтың мәдениеті – сөз. 

Қашаннан сөзді қадірлеген қазақ ешқашан 

дәмсіз сөз сөйлемеген. Сондықтан да 

«Тұз – астың дәмін келтірер, мақал 

– сөздің мәнін келтірер» деп мағыналы 

мақал айтқан. «Құр бос жүре бермей 

нәтиженің дәмін білейік, бір-бірімізге дәмді 

сөздер айтып жүрейік» деген мағынада 

ырымдалған болса керек-ті.



  1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал